Экономикалық мақала


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тақырыбы: Экономикалық мақала
Тексерген: Жұмабекұлы С.
Орындаған: Құтымова Г
403«2»-топ
Алматы 2011ж.
Қазақстан банктерінің жағдайы
Ұлттық теңгенiң құнсыздануына қатысты мәселе соңы “девальвацияның инфляцияға ықпалы қалай болмақ?” дегенге ұласты. Үкiмет қымбатшылықты қолдан жасайтындарды қатаң жазаға тарту арқылы iшкi нарықты реттеудi көздейдi. Бiрақ халықтың көңiлiндегi алаң “жауырды жаба тоқуға тырысатын” билiктiң “әдемi” баяндамаларынан сейiлер емес. Өйткенi, базардағы баға үкiметтiк меморандумдар мен келiсiмдерге көнбейдi.
ҚР Ұлттық банкi үстiмiздегi жылдың 4 ақпанында ұлттық валютаны 25 пайызға девальвациялады. Теңгенi құнсыздандыруға қатысты екiге жарылған қоғамдық пiкiр бүгiнде девальвацияның инфляцияға әсерi мен Қазақстанның 2009 жылға арналған төлемдiк қабiлетiн ойлап алаңдайды. Халықаралық S&P рейтингiлiк агенттiгi теңгенiң девальвациясынан ел экономикасына төнетiн бiрнеше қатердi атап көрсеттi. Бiрiншiден, сыртқы қарыздары тым көп (41 млрд. доллардан астам) қазақстандық банк саласына девальвация керi әсер етедi. Бұл Үкiметтi қаржы алаңына қатысты қосымша шартты жауапкершiлiктi мойнына алуына мәжбүрлейдi. Теңгенiң бағамын өзгерту ең алдымен, банктерге тиесiлi активтер сапасының нашарлауына себеп болмақ. Өйткенi, қарыздардың басым бөлiгi дағдарыс жағдайында валюталық қауiп-қатерлерден сақтану шараларын қарастырмаған компаниялар мен жалақыны ұлттық валютамен алатын азаматтарға шетелдiк валюта күйiнде берiлгендiктен, банктердiң ұтылатыны сөзсiз. Сонымен қатар девальвация қазақстандық қаржы жүйесiнiң жалпы сыртқы қарызын 2009 жылға жоспарланған деңгейден 6 пайызға дейiн өсiрiп жiбередi. Екiншiден, несиелiк-қаржылық жүйе тұрақтылығына деген сенiмдiлiктiң төмендеу қаупi бар. Бұл салымшылардың банк жүйесiне деген сенiмiне сызат түсiрiп, банк қорының күрт азаюына әкеп соғуы мүмкiн.
ҚР Ұлттық банкiнiң болжамы бойынша, Қазақстандағы инфляция деңгейi үстiмiздегi жылы 11 пайыздың төңiрегiнде болмақ. Отандық сарапшылардың басым бөлiгi ұлттық валютаның девальвациялануына дұрыс қадам ретiнде баға бердi: “теңгенiң бағамын күштеп ұстау Ұлттық банктегi мемлекеттiк қорға айтарлықтай шығын келтiрер едi”.
Әлемдiк нарықтағы “қара алтын” құнының арзандауы экономикалық тұрғыда бiзге керi әсер етедi. Кейбiр сарапшылар пiкiрiнше, Brent маркалы мұнайдың баррелi 40 долларға бағаланса, Қазақстанның төлемдiк балансының ағымдық есебiне тиесiлi дефицитi ЖIӨ көлемiнiң 6, 6 пайызына тең болмақ. Елiмiздiң көмiрсутегiлерден түсетiн пайдаға көбiрек иек артатынын ескерсек, халықаралық нарықтағы мұнай бағасының арзандауы ЖIӨ бiрнеше есеге төмендеуiне себеп болмақ.
Ұлттық банк өкiлдерi 1 АҚШ долларының бағамының 150 теңгеге теңгерiлуi импорт, экспорт пен шетелдiк инвесторлардың қолма-қол ақшасынан құрылатын қаржылық ағынның тепе-теңдiгiн сақтауға жағдай жасайтынын көлденең тартады. Яғни, девальвация теңгеге көрсетiлетiн теңгерiлуi импорт, экспорт пен шетелдiк инвесторлардың қолма-қол ақшасынан құрылатын қаржылық ағынның тепе-теңдiгiн сақтауға жағдай жасайтынын көлденең тартады. Яғни, девальвация теңгеге көрсетiлетiн ағымдық есептегi жалпы қысымды бейтараптандыруға мүмкiндiк бередi. Алайда, мамандар “сыртқы қарызды өтеуге арналған қаржы ағыны қысымды күшейтуi мүмкiн. Осы себептi, қысымды бейтараптандыру не бәсеңдету үшiн бiрнеше шара қолдануы керек” дейдi. Ондай қаржы ағымының қатарына сыртқы қарызды қайтарушы тараптар қолындағы теңгеге шаққандағы қор көлемi, шетелдiк инвесторлар ие қаражат көлемi т. б. жатады.
Девальвацияның ықпалымен көтерiлген инфляция деңгейi бүгiнде 12 пайыздың төңiрегiнде. Бұл - ресми мәлiметтерге негiзделген дерек. Алайда, тәуелсiз сарапшылар қымбатшылық деңгейi үкiметтiк баяндамалардан әлдеқайда жоғары екендiгiн айтады. Доллардың қымбаттауын сылтауратқан алыпсатарлар мен инфляцияны ауыздықтауға қатысты түзiлген үкiметтiк және жергiлiктi әкiмдiктердiң жоспарлары түрлi келiсiмдер мен меморандумдарға негiзделген. Алайда, кейбiр сарапшылар мұндай келiсiмдердiң көмектеспейтiнiн айтады. Үкiмет қымбатшылықтың қолдан жасалмайтынын, елiмiздегi ең маңызды тұтынушылық тауарлар бағасының өспейтiнiн айтып, қанша сендiруге тырысқанмен, базардағы баға керiсiнше сөйлейдi. Апта басында Алматы қаласын нанмен қамтамасыз ететiн ең басты зауыттардың бiрi - “Ақсай нанның” қаржылық директоры нан өнiмдерiн дайындауға қажеттi тауарлар бағасының бiрнеше есеге өскенiн, мұның нан бағасына керi әсер ететiнiн айта келе, егер ұн бағасы қымбаттайтын болса, “Ақсай нан” өнiмдерiнiң де құны артатынын ескерттi. Бұл - республикамыздың барлық аймақтарына тән құбылыс. Сонда жұртты “әдемi” баяндамалармен жұбатуға тырысқан Үкiметке сенемiз бе, әлде нарықтағы ахуалға ма?
Көктем мен күзде “аяқ астынан” шарықтап шыға келетiн жанар-жағар майдың “жыры” ауылдағы ағайынды мезi етедi. Қари бастаған кезде жүргiзiлген девальвация жанар-жағар май бағасын шығандатпай ма деп алаңдаған ауылдағы ағайынды ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттiгiндегiлер “жуық арада Қазақстандағы жанар-жағар май өнiмдерi қымбаттамайды” деп сендiрдi. Агенттiк таратқан деректерге сүйенсек, “ПетроҚазақстан” Сауда Үйi” ЖШС 2009 жылдың 13 наурызынан бастап, ал “Гелиос” ЖШС 2009 жылдың 12 наурызынан бастап мұнай өнiмдерiнiң бағасын көтеруге қатысты өтiнiш бiлдiрген. Алайда монополистермен күресетiн мекеме аталған компаниялар тарапынан келтiрiлген деректердiң негiзсiз болуы себептi, олардың өтiнiштерi айтады. Елiмiздегi жанар-жағар май нарығында да қымбатшылықтың бұған дейiн бiрнеше рет қолдан жасалғанын, заңның бiрнеше рет бұзылғанын ескерсек, көпшiлiк көңiлiндегi алаңды түсiнуге болады. Ол үшiн Үкiмет iшкi нарықтағы ахуалды назардан тыс қалдырмай, жiтi бақылап отыруы тиiс. Сонымен қатар iшкi нарықтағы өнiм тапшылығын қолдан ұйымдастырып, бағаны өсiру арқылы пайдаға шаш-етектен кенелудi әдетке айналдырғандарды қатаң жазаға тарту мәселесi де күн тәртiбiнде. Римдегi басқосуда да “Үлкен жетiлiктiң” өкiлдерi құрғақ уәдемен және керексiз кеңестермен шектелдi. Ал қаржылық дағдарыс болса, әлемдiк экономиканы қос бүйiрден қысып барады.
Жұмыссыздық, кедейшiлiк, рецессиядан тығырыққа тiрелген әлем үшiн не маңызды? Қаржылық дағдарыстан құтылудың төте жолын табу, әрине. Не iстеу керек? Тосыннан тап берген дағдарыстың басты себебi белгiлi, бiрақ оның бетiн қайтаратын шаралардың қауқарсыз болуы нелiктен? Халықаралық нарықтағы ахуалды жақсартудың жолы қайсы? Мерзiмдiк межеге қатысты айтылған сарапшылар пiкiрi саналуан. Бiрақ дағдарыстың ерте ме, кеш пе аяқталатыны айқын. Ендеше, әлемдiк экономиканың қай бағытта дамығаны дұрыс? Дүние жүзiнiң шенеунiктерi жиi бас қосуды әдетке айналдырса да, әлемде неге береке мен бiрлiк жоқ? Әлдеқашан алдын алуы тиiс болған дағдарыстың уақыт өткен сайын шиеленiсе түскенi несi? Өкiнiшке қарай, “күлтөбелердiң” басына күнде жиылуды әдетке айналдыра бастаған халықаралық шенеунiктер осы қарапайым сауалдарға назар аудара алмай жүр. Халықаралық нарықтағы сәуiрге арналған мұнай бағасы тағы төмендедi. Мысалы, Нью-Йорктегi биржада WTI маркасы - 36 долларға, Brent - 42, 05 долларға, арзандады. Бағаға халықаралық нарықтағы тұтынушылық сұраныстың төмендеуi әсер еткенi анық. Сарапшылар қауымдастығы мұнай шикiзатының құнсыздануы Құрама Штаттардағы рецессияны одан ары ушықтырып, Еуропа мен Азия мемлекеттерiндегi энергетикалық қорларға деген сұраныс көлемi төмендетедi деп алаңдауда. Әлемдi әбiгерге салған қаржылық дағдарыстан келетiн шығындар көлемiн азайтуды, тығырықтан шығар жолды табуға тырысқан “Үлкен жетiлiктiң” (G7) қаржы министрлерi Римде бас қосты. Бұған дейiн әлемнiң бетке ұстар барлық көсемi Давостағы экономикалық форумда кеңескенi белгiлi. Жыл сайын өткiзудi үрдiске айналдырған давостық саммитте түйiндi мәселелер шешiмiн тапқан жоқ. “Әдеттегiдей” қағаз жүзiндегi келiсiмдермен шектелген. Римдегi министрлер кездесуi де Давостағы басқосудың кебiн кидi.
ДОТАЦИЯҒА СҮЙЕНГЕН БАНКТЕР
Алайда Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сипаттауынша елдің экономикалық ахуалын айна-қатесіз дәл көрсетіп тұратын Қазақстандағы банк жүйесі әлі де өте шатқалақ және болашақта сырттан жететін қаржылық соққыларға өте төзімсіз.
Financial Times («Файнэншл таймз») басылымының жазуынша, өткен апта Алматы мен Астананы аралап қайтқан ХВҚ мамандары тиімді мұнай бағасы мен былтырғы қуаңшылықтан соң қалпына келген ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін ескере отырып Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2011 жылы 6, 5 пайызға дейін артады деп болжаған. Елдің 72, 5 миллиард АҚШ долларына тең алтын-валюталық қоры мен шапшаң өсіп бара жатқан ұлттық мұнай қорында сақталып тұрған 40 миллиард долларын қосып есептегенде Қазақстанның қаржылық жағдайы жап-жақсы болып көрінеді.
«Бірақ қазақ банктері мұндай көз қуантатын макро-экономикалық нәтижеге ешқандай үлес
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz