Талантты шыңдау жолдары



Шығармашылық еңбектің басты әрі тікелей шарты ретінде талант мәселесі ғылымда бүгін немесе кеше пайда болған жоқ. Cонау Көне грекия дәуірінен бері философтар таланттың маңызы неде , ол неден келіп туындайды деген мәселеде дауласып келеді. Атап айтар болсақ сол кезеңнің өзінде –ақ осы мәселенің негізгі екі тұжырымдамасы қалыптасты. Олардың алғашқысы Аристотельдің шығармаларынан негіз алды. Ол былай деп есептеді, талант дегеніміз –бұл табиғаттың берген сыйы ,адамның әлдебір істі сәтті орындауға деген табиғи қабілеті. Бір азамат көбіне әскери іске, келесісі –ғылымға , үшіншісі –қол өнерге , төртіншісі –сөз өнеріне бейім келеді. Талантсыз шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкін емес , бірақ таланттың өзі толық табыспен қамтамасыз етпейді де. Бұл үшін табиғи қабілеттерді дамыту , ұштау қажет. Аристотельдің тұжырымдамасын «дұрыс пікір» деп санауға болады .Оладам тіршілігіндегі таланттың маңызы туралы қарапайым әрі дұрыс түсініктер берді.Рас Аристотель талант пен шығармашылық процестің өзгешеліктерін ,қиындықтарын өз алдына қалдырды. Мәселен , ол шабыт туралы мәселені айналып өтеді. Есесіне таланттың бұл өзгешеліктері толық әрі көлемді түрде Плотонның философиялықой толғамдарында жан-жақты қамтылды.Олшығармашылық қызметтің түсіндірілуі қиын сәттеріне көңіл бөліп қарады. Атап айтсақ , Плотон алғаш рет шабыт мәселесіне назар аударды , дұрыс ойлай білетін адамның көзқарасы тұрғысынан оның ерекшелігін көрсетті. Платон сондай-ақ, көкем шығармашылықтағы ішкі түйсіктің ролін айқындады , мистикалық идеализм рухындағы оның ролін түсіндірді. Түйсік ,шабыт, талант-барлығы Плотон бойынша ,-Эрос құдайдың берген сыйы.Ақындар ұйықтап жатып түсінде өздері не істеп жатқанын білмей-ақ шығарма тудырады. Міне , осылай антикалық ойшыл көркем шығармашылықтың субъективті тұжырымдамасының негізін қалаушы болып шығады.
Жазушы шеберлігі әдебиеттану ғылымында қай уақытта да маңызды, теориялық мәні мол мәселе екені белгілі. «Ал, шеберлік шексіз, оның ұшы тек шеберлік жолына талантыңды сарп еткенде ғана ұстатады.» /1.359/.------------------ Сондықтан да осы күрделі де маңызды мәселені көрнекті жазушы Әкім Тарази шығармашылығы негізінде зерттеудің ғылыми маңызы зор.
«Жазушы дегеніміз, ең алдымен суреткер, яғни өмірдегі көркемдікті сезе, қабылдай білетін көркемдік сезімнің иесі.
Екіншіден, жазушы – философ, өлім мен өмірдің ғылыми емес себептерін түсіндіретін, түсінетін адам, философия докторы емес, өмір заңдылығын игерген дана адам.
Үшіншіден, жазушы көреген, яғни психолог, адам жанының қыр-сырын түсінген, меңгерген жан.
Төртіншіден, жазушы геометрияны меңгерген адам, геометрия кітабын қолына алып оқыған емес, «геометрично мыслить» дегенді іске асыра алған адам.
Жазушы биолог емес, бірақ өзінше жазушы биолог.
Жазушы саясаткер емес, бірақ саясаткердің көкесі. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайынның Аристотелі, Абылайханның Бұқар жырауы болған» /2,9/.
Мұнда біздер суреткердің адамзат мәдениеті тәжірибесін үйлесімді меңгерудің тағы бір аспектісін көреміз. Оның маңызы мынада, қалай болмасын, эстетикалық білімнің маңызы зор. Әрбір нағыз суретшінің басты ұстазы өнер емес, шанайы өмір және оның мәңгі қозғалысы болып табылады. Өмір білімі деп аталатын жайт күрделі әрі ұзақ күш-жігер жұмсаудың нәтижесінде келеді. Баршамызға белгілі болғандай әрбір суреткер дүниені кітаптан қабылдау кезеңінен өтеді. Ол шындық өмірге әдеби – эстетикалық реминисценциялардың және образдардың призмасы арқылы қарайды. Осы кезеңде ол ерікті, еріксіз күйде өз жұмысында әлдебір ескі немесе жаңа шеберлерге еліктейді. Тіпті, кейде өзгенің емес, өзінің бақылауларына сүйенеді. Туындыларында дүниені өзгелердің көзімен көргені байқалады. Яғни, жас автор кенеттен өмірден өнерге қарай емес, өнерден өмірге қарай бет түзейді. Өмірді қалыптасқан эстетикалық дәстүрлер рухында ұғынады. Осыған байланысты А.С.Пушкинді еске алған жөн.
1. Л.Толстой. Собрание сочинений, т. Х, стр. 717.
2. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1997, 164 б.
3. Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы . А., 2000,240 б Мағауин М. Мен. А., 1999, 102 б.
4. Жұмаділов Қ. Таңғажайып дүние. А., 1999, 601 б.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Талантты шыңдау жолдары
Шығармашылық еңбектің басты әрі тікелей шарты ретінде талант мәселесі
ғылымда бүгін немесе кеше пайда болған жоқ. Cонау Көне грекия дәуірінен
бері философтар таланттың маңызы неде , ол неден келіп туындайды деген
мәселеде дауласып келеді. Атап айтар болсақ сол кезеңнің өзінде –ақ осы
мәселенің негізгі екі тұжырымдамасы қалыптасты. Олардың алғашқысы
Аристотельдің шығармаларынан негіз алды. Ол былай деп есептеді, талант
дегеніміз –бұл табиғаттың берген сыйы ,адамның әлдебір істі сәтті
орындауға деген табиғи қабілеті. Бір азамат көбіне әскери іске, келесісі
–ғылымға , үшіншісі –қол өнерге , төртіншісі –сөз өнеріне бейім келеді.
Талантсыз шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкін емес , бірақ таланттың өзі
толық табыспен қамтамасыз етпейді де. Бұл үшін табиғи қабілеттерді дамыту ,
ұштау қажет. Аристотельдің тұжырымдамасын дұрыс пікір деп санауға болады
.Оладам тіршілігіндегі таланттың маңызы туралы қарапайым әрі дұрыс
түсініктер берді.Рас Аристотель талант пен шығармашылық процестің
өзгешеліктерін ,қиындықтарын өз алдына қалдырды. Мәселен , ол шабыт туралы
мәселені айналып өтеді. Есесіне таланттың бұл өзгешеліктері толық әрі
көлемді түрде Плотонның философиялықой толғамдарында жан-жақты
қамтылды.Олшығармашылық қызметтің түсіндірілуі қиын сәттеріне көңіл бөліп
қарады. Атап айтсақ , Плотон алғаш рет шабыт мәселесіне назар аударды ,
дұрыс ойлай білетін адамның көзқарасы тұрғысынан оның ерекшелігін көрсетті.
Платон сондай-ақ, көкем шығармашылықтағы ішкі түйсіктің ролін айқындады ,
мистикалық идеализм рухындағы оның ролін түсіндірді. Түйсік ,шабыт, талант-
барлығы Плотон бойынша ,-Эрос құдайдың берген сыйы.Ақындар ұйықтап жатып
түсінде өздері не істеп жатқанын білмей-ақ шығарма тудырады. Міне , осылай
антикалық ойшыл көркем шығармашылықтың субъективті тұжырымдамасының негізін
қалаушы болып шығады.
Жазушы шеберлігі әдебиеттану ғылымында қай уақытта да маңызды,
теориялық мәні мол мәселе екені белгілі. Ал, шеберлік шексіз, оның ұшы тек
шеберлік жолына талантыңды сарп еткенде ғана ұстатады. 1.359.------------
------ Сондықтан да осы күрделі де маңызды мәселені көрнекті жазушы Әкім
Тарази шығармашылығы негізінде зерттеудің ғылыми маңызы зор.
Жазушы дегеніміз, ең алдымен суреткер, яғни өмірдегі көркемдікті
сезе, қабылдай білетін көркемдік сезімнің иесі.
Екіншіден, жазушы – философ, өлім мен өмірдің ғылыми емес себептерін
түсіндіретін, түсінетін адам, философия докторы емес, өмір заңдылығын
игерген дана адам.
Үшіншіден, жазушы көреген, яғни психолог, адам жанының қыр-сырын
түсінген, меңгерген жан.
Төртіншіден, жазушы геометрияны меңгерген адам, геометрия кітабын қолына
алып оқыған емес, геометрично мыслить дегенді іске асыра алған адам.
Жазушы биолог емес, бірақ өзінше жазушы биолог.
Жазушы саясаткер емес, бірақ саясаткердің көкесі. Мысалы, Ескендір
Зұлқарнайынның Аристотелі, Абылайханның Бұқар жырауы болған 2,9.
Мұнда біздер суреткердің адамзат мәдениеті тәжірибесін үйлесімді
меңгерудің тағы бір аспектісін көреміз. Оның маңызы мынада, қалай болмасын,
эстетикалық білімнің маңызы зор. Әрбір нағыз суретшінің басты ұстазы өнер
емес, шанайы өмір және оның мәңгі қозғалысы болып табылады. Өмір білімі деп
аталатын жайт күрделі әрі ұзақ күш-жігер жұмсаудың нәтижесінде келеді.
Баршамызға белгілі болғандай әрбір суреткер дүниені кітаптан қабылдау
кезеңінен өтеді. Ол шындық өмірге әдеби – эстетикалық реминисценциялардың
және образдардың призмасы арқылы қарайды. Осы кезеңде ол ерікті, еріксіз
күйде өз жұмысында әлдебір ескі немесе жаңа шеберлерге еліктейді. Тіпті,
кейде өзгенің емес, өзінің бақылауларына сүйенеді. Туындыларында дүниені
өзгелердің көзімен көргені байқалады. Яғни, жас автор кенеттен өмірден
өнерге қарай емес, өнерден өмірге қарай бет түзейді. Өмірді қалыптасқан
эстетикалық дәстүрлер рухында ұғынады. Осыған байланысты А.С.Пушкинді еске
алған жөн. Барлық мемуарлары оның терең әрі энциклопедиялық білімдарлығын
көрсетеді. Сондай-ақ Пушкиннің Петербургтық танысы О.С.Смирноваға айтып
өткендей ақын өзгенің ақылы өзін ұялытады деп таныған. Пушкин бәрінен
бұрын адамдармен жанда қарым-қатынас жасауды жоғары бағалайды, кітаби
ілімнің оң және теріс жақтары бар деп түсінді. Осы жағдай туралы жазушы
Иван Ефремов былай деп айтады: Әлемдік әдебиет мұраларын білмейтін жазушы
өз ісінің нағыз шебері бола алмайды. Бұл түсінікті жағдай. Бірақ, осы
мұраға сүңгіп кетуге де болмайды. Қайсыбір жазушының шығармашылығы күшті
әсер еткеніне қарамай, мынаны есте тұту қажет: жазушы ғана емес, әрбір адам
өз дәуірінің, өз елі мен халқының баласы. Сондықтан жазушы өз дауысымен
ғана емес, дәуір даусымен де сөйлей алады. Бұл тұрғыда ол өз дәуірі үшін
өткен дәуірдің алыптарынан да ғаламат болып көрінеді. Меніңше, біздің
әдебиетімізде кең тараған кемшілік – өткен дәуір жазушыларына шектен тыс
бас ұру. Шындығында да, олар ұлы шеберлер болды. Алайды, осы тағзым
жазушының даусынан көрініс тапса, онда ол эпигондық (өзге біреуге еліктеу)
жағдайға өтеді. Бұл эпигондық сөз шеберлігінде ғана емес, сондай-ақ
дүниетанымында, сезім тәрбиесінде де орын алады. Бұл кемшілікке кез-келген
адам ұрынады, бірақ әркім де осы алыптардың гипнозымен күресуге, олардан
үйрене отырып өзімен-өзі болуға тиіс. Ефремовтың осы көзқарасының кейбір
тұстарын қазақ сөз зергерлерінің өмірлік тәжірибеден алған ой түйіндерінен
де анық көруімізге болады. Бұл турасында Халық жазушысы М.Мағауин былайша
сыр шертеді. Ол жас жазушының таланты мен шеберлігін шыңдау жолында көп
ізденіп, көп оқудың керек екенін айта келіп, Үлкен жазушы болуды өмірлік
мұрат санаған талапкерге ең алдымен ұсынарым: Абайдың Ғақылиясы, Мұхтар
Әуезовтың алғашқы әңгімелері , Қараш-Қараш оқиғасы мен Қилы заман және
Абай жолы, Сәбит Мұқановтың Өмір мектебінің бірінші кітабы, Гоголь –
Миргород пен Петербург повесттері, Стендаль – Қызыл мен Қара, Парм
монастірі, Бальзак – Адамзат комедиясы, уақыт жеткенше, Тургенев –
түгел, Толстой – Қапқаз әңгімелері, Казактар, Крейцер сонатасы, Иван
Ильичтің өлімі, Хажы-Мұрат, Соғыс және бейбітшілік, Достоевкий – Өлі
үйден шыққан жазбалар, Құмарпаз тағы екі-үш романы, Постернак – Доктор
Живаго, Кобо Абэ – Құмдағы әйел, Бөтеннің түрі және бұрынғы-соңғы
жапон әдебиетінен көзге ілінгеннің бәрін, Мериме, Эдгар По, Мопассан, Мамин-
Сибиряк, Чехов, Киплинг, Джек Лондон, Кнут Гамсун, Бунин, Акутагава, Моэм,
Набоков, Иво Андрич, Колдуэлл, Хемингуэй, Шаламов әңгімелері, немесе қолға
түскен кез келген шығармасы, содан соң... Стефан Цвейг жазған Бальзак.
Тіпті, ең әуелі осы кітапты оқыған жөн болар. Одан ары қарай жазушы
суреткерлік таланттың тек оқу, іздену мен ғана жетілмейтіндігін ол үшін
адамға ең әуелі табиғи дарынның қажет екенін айтады. Әрбір шығарма
үлкен болсын, кіші болсын сөз өнеріне өзіндік бір көркемдік танымымен
келетінін ескерсек,шын әдебиеттің еш уақытта арзан кәсіп болмағанын
көреміз. Жазушының шын мәнінде қалыптасуы үшін бір ғана тума талант
мүмкіндігі жеткіліксіз фактор, ең бастылары уақыт, еңбек, ізденіс, мәдениет
және білім болса керек. Бұл жерде ізденіс дегенде оқу мен біліктілікті,
көру мен терең тануды, философиялық, социологиялық, этикалық білімін
жетілдірудің қажеттілігі туралы айтып отырмыз. Дүниедегі талантты адамның
этолоны Л.Н.Толстойдың өзі өмірінің соңғы сәтіне дейін құныға оқып өткені,
білімге деген құштарлығын ешқандай ортайтпағандығы, төрт-бес тіл білгені,
жиырма екі мың кітап жинағандығы уақыт өткізе алмағандықтың әрекеті болмаса
керек. Әр суреткердің болмыс бітімі өзіне тән ерекшелігімен айқындалатыны
сияқты, оның талантының болмысы да әр түрлі болып келеді. Мәселен, орыстың
ұлы жазушысы Ф.Достоевский жазу техникасы мен стилінде орасан олқылық бола
тұра , ұлы жазушы Э.Хемингуэйдің өзін таң қалдырған Қалайша осындай нашар
жазумен адамға сұмдық әсер етуге болады, - деп таң қалуы данышпан
жазушының творчествасындағы ерекшеліктерді дәл танығанының белгісі болар.
Талантты тағылымды етіп шыңдау – үздіксіз үйреніп, тынымсыз іздену, тер
төге еңбектену арқылы келеді. Ұлы жазушылардың өзі де өздеріне дейінгі
шығармаларды оқып, үйреніп тәжірибесін шыңдау арқылы шын шеберлікке жеткен.

Дегенмен, шығармашылық өнердің негізгі тетігі болып табылатын талантты
шыңдау мен жетілдірудің жолын әр жазушы, ғалым, сыншылар көзқарасында
түрліше болып келетініне көз жеткізу қиын емес.
Барлық айтылғандарды түйіндей отырып, біздер былай деп атап
өтуге құқылымыз:--------- Тән да, дене сырқаты да шығармашылық
процесстің нағыз меңызын құрамайды. Таланттың мұндай оғаштылықтары
оның қоғамдық- психологиялық маңызын емес, оның сыртқы көріністерін
ғана сипаттап көрсетеді. Шабыт дегеніміз- өте күрделі психологиялық
акт, ол біздің саламыздың түкпірінде әрекет ететін заңдарға
бағынады. Шабытпен бірге бүкіл шығармашылық процесс сарқылмайды да.
Ол эвристикалық қызмет барысындағы суретшінің жағдайларының бірі
ғана. Шабыт суретшінің бүкіл алдынғы жұмысымен, бүкіл оның өмірімен
дайындалады.
Шабытты дайындай дегенді екі мағынада түсінуге болады. Тар
мағынада- жұмыстың орны, жағдайы, оған дене психологиялық дайындық
(міне, осы жерде талантты адамның оғаштықтары мен кереметтері
білінеді); кең мағынада - суретшінің кәсіби бейнесі.
Осы кәсибиліктің алғашқы және маңызды шарты – қозғалыспен
жұмыс істеу икемділігі мен ниеті. Әрбір ұлы шебердің өмірі алып,
ауқымды жұмыстан құралады. Осы тезисті дәлелдеу үшін кез – келген
суретшінің өмірбаянын ашып қарауға болады.
Олай, боса неліктен өнермен айналысатын адамдардың
көпшілігінде және айналысуға тырысып жүргендердің кейбіреулерге
көркем еңбек оңай, жеңіл, маңызы жоқ деген пікір туындайды. Ұлы
шеберлердің, әсіресе, Шиллердің Эстетикалық қызмет дегеніміз – бұл
ойын деген сөзі де шығармадағы пікірдің пайдасына шешіліп отыр.
Ойын кезеңі актердың ғана емес, сондай-ақ жазушының да,
реинессердің де, кескімдеменің де жұмысында бар жағдай. Суретші
ойымен әлдебір жағдайларды, оқиғаларды ойнатып, өз кейіпкерлерін
тудырады. Мұның барлығын авторға (Театр романындағы Максудовты еске
түсірейік) рухани жан ләззатын береді. Осы тұрғыдан алғанда, кез
–келген шығармашылық еңбек сияқты көркем еңбекте өте тартымды
болып келеді. Хэмиуәйдің тарихы туралы белгілі сөздерін қайталай
отырып, шығармашылық туралы былай деуге болады: шығармашылық ол
әрқашан сенімен бірге болатын мереке. Бірақ бұл мереке күнделікті
қарқында еңбекті қажет етеді. Суретші өз туындысын жасағанда,
түсінде санасында жасырып жұмыс жүріп жатады. Сырттай қараған
адамға ол ешнәрсе істеп жатқанға ұқсайды – көше кезіп жүреді,
бөлменің ішінде ерсілі – қарсылы адымдайда, жазу столының алдында
қозғалмай отырады. Эвристикалық қызметтің осы бір уәдіксіздігі
(дәлірегі уәдіксіздік дерлік) суретші әбден шаршатады. Зерттеушінің
пікірінше, шығармашылық процесс қан құрамындағы өзгерістермен, қан
қасиетімен көтерілумен, асқа деген тәбетінің төмендеуімен,
парасимпатикалық қызметтің төмендеуімен және симпатикалық жүйенің
белсендеуімен, қабылдауымен апараттың уақытымен істен шығуымен
(айнала қоршаған дүниеніұмытумен), жеңілдену және өзіндік
қанағаттанудың аяқтаушы сезімін сүйемелденеді.
Кейде ағзада әлдебір шектік қысымға қарсы наразылық
туындайтын таңқаларлық жайт емес. Шығармашылыққа қарсы өзіндік бір
иммунитет туындайды: ми жұмысқа қосылғысы келмейді, суретшінің көз
алдында әрекетсіздіктің жүздеген себептері табылады.
Таланттың күші:, - Лев Толстойдың сөзімен айтқанда, - өнер
үшін өзінің сабырлығы қолайлы жағдайын құрбан етуге қаншалақты
қабілетті болуымен танылады. Өмірде үстірт дилетантизмнен ары бара
алмайтын дарынды адамдар көп кездеседі. Бұл дилегантизм – шалалық
тәңірі көптеген қабілетті адамдарды құртты. Өкінішке орай, өнер
саласында нағыз кәсіпқой болу үшін, өз дарынының қуат көздерін
дамыту үшін көпшілік адамдарға сабыр, шыдам, табандылық, төзім
жетпей жатады.
Жігер мен мақсатқа талпыну суретіне ішкі түсініктің таным
қабілеті мен тең дәрежеде қажет. Жұмысқа келу кету табелі
болмайтын өнерді өзіндік тәртіппен бақылау сезімі ешнәрсемен
ауыстырылмайды әрі толықтырылмайды.
Осы тұрғыдан алғанда, М.Нестровтың көркем академиядағы
өз ұстазы Евграф Сорокин туралы әңгімесі қызығушылық туғызады. Сол
дәуірде ол суретті баспаға адамдардың бәрінен жақсы білетін,
студенттер арасында зор беделге ие болатын. Сорокиннің бір затын
(Жулаки испан қызы) тіпті Третьяков өз палериеясы үшін сатып
та алды. Бірақ бұл дарынды суретші басқа ешбір маңызды нәрсе
жасамады. Байлап алған жалқаулық оны, Несьеровтың сөзі бойынша,
Обломовтың академигіне айналдырды.
Алайда, жігердің болуы, еңбек сүйгіштік, ауыр жұмысқа
дайындық (А.Чеховтың) деген әлі де болса ешнәрсе емес. Маңыздысы
–шығармашылық еңбекті дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, мұндай жеке
іске қатаң тұжырымдар айтуға болмайды, бірақ шығармашылықтың
эстетикалық теориясы жағынан кейбір ортақ заңдылықтарда айтуға
болады.
Сонау ежелгі заманан – ақ бір күн жазусыз, бір күн
сызусыз өтпеу бқажет деген тезис жариланған болатын. Кез келген
шығармашылық кәсіп жұмысында жүйеліліктей, реттіліктің маңыызы осылай
атап өтілген болатын.
Әрине, кез келген шебердің қызметінде психологиялық ауа
райы өзіндік мәнге ие. Б.И.Чайковскидің мына пікірлерімен келісуге
болмайды: Барлық кезде жұмыс істеу керек. Нағыз әртіс екі қолын
бос қойып, бүгін еңбекке зауқым жоқ деген сылтаумен жұмыссыз
отыруына болмайды. Шабыт дегеніміздің өзі – жалқаулықты жеңе білу.
Кәсіпқой осынысымен делеганттан еркшеленеді.
Таланты өрлеген шақта Врузбель туралы әңгімелей отырып,
мемуаршылардың бірі оның 12с. бастап 4с. дейін күнделікті жұмыс
істегенін айтады. Келген уақытының көп бөзлігін ол ішкі
шығармашылық процеске арнады. Тіпті кешкі серуендеу кезінде де
белгілі бір мақсатта күн батқан шақтарда бояувларды бақылайтын.
А.Пушкиннің де осындай негізде жүйелі әрі өнімді жұмыс
істеді. Мәселен, И.Бунин жазушы Валентин Катаевтың еске алуы
бойынша, күнде бірнеше сағат өз аспабында ойнайтын скрипкашы ие
келсе пианист сияқты.. Күнде өлең жазу керек. Кері жағдайда сіздің
талантымыз әлсірейді, құдық сияқты кеуіп қалады. Не туралы жазу
керек. Егер судың өсы уақытта ешбір тақырыбының, идеяңыз болмаса,
нені көрсеңіз соны жазыңыз. Тілі салақтап бара жатқан итті
көрсеңіз, соны суреттеңіз. Бір –екі шумақ өлең жазыңыз, басқа ит
болып жүрмесін. Ағашты суреттеңіз. Теңізді, орындықты су реттеңіз.
Оларға бірде –бір дұрыс анықтама берпірңіз. Иығына сүлгі асып,
қолына суда жүзетін көпіршік ұстай алып, теңізге қарай шұбырып
бара жатқан қыздың жеңіл аяқ киімі астындағы қиыршықтастың
ды быстарын суреттеіңіз. Бұл қандай сықыр – сықыр, шылдыр – шылдыр,
сақыр –сұқыр да емес. Өзге бір қажетті сөзді қажет ететін дыбыс
Бұның, сонымен жазушылық тілдің дәлдігі мен
мәнерлілігіне арналған тұрақты жаттығулар жасау қажет деп тапты.
бұл жаттғуларды ол таммалармен салыстырады. Осы арқылы әлдебір
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақта оқытуды ұйымдастыру формалары
Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп
Математиканы оқыту әдістемесі оқу пәні
Дарынды балаларды даярлау арқылы дарындылықты дамыту
Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны
Мектеп ұйымдарында дарынды балалармен жұмыс жүргізу
Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі
Б.Кенжебаевтың «Шындық пен шеберлік» атты сын мақалалар жинағы
Музыкалық драма және қуыршақ театры өнері факультеті
Дарынды баланың психикасын қалыптастыру жолдары
Пәндер