Сайлау жүйесі жайлы



КІРІСПЕ

1.Сайлау жүйесі туралы түсінік
1.1. Сайлау жүйесінің ұғымы
1.2. Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері
1.3 . Сайлау органдары

2.Сайлау үрдісі және референдумның конституциялық негіздері
2.1 Сайлау алдындағы үгіт

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің - тепе-тең және мажорлық екі жүйесі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алынған мандаттар арасындағы тепе-теңдік принципіне құрылады. Тепе-тең жүйенің жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың болуы қажет. Бірінші — үлкен аумақтық сайлау округтерін қүру қажет. Әлбетте, аумақтық сайлау округтерін тепе-тең жүйенің ерекшеліктеріне лайық өзгертуге болады. Екінші — тепе-тең жүйенің тиімді жүмыс істеуі үшін кемінде калыптаскдн екі партияның болуы қажет. Осыған орай, Қазақстанда әлі де саяси партиялар әлсіз және азаматтардың елеулі бөлігі саяси партиялардан тыс тұруына байланысты, тепе-тең сайлау жүйесі қабылданған жоқ.
Мажорлық сайлау жүйесінің: абсолюттік көпшілік және біршама көпшілік деген екі жүйесі бар. Бұл орайда мажорлық жүйеде, 1) егер оларға сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші тур сияқты, екінші турда да азаматтардың 50 проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі; 2) егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге катысқан сайлаушылар санының 50 процентінен асса, ол сайланған болып есептеледі.
Мажорлық жүйе кезінде біршама көпшілік сайлау дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санына карамастан өткен болып есептеледі, ал егер оған сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25 проценттен астамы дауыс берген жағдайда басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.
1. Конституция РК от 30 августа 1995 года
2. Всеобщая декларация прав человека от 10 декабря 1948 года
3. Богданова Н.А. «Конституционное право общая часть» уч. Пособие
4. А.H. Сагиндыкова «Конституционное право РК» изд. Бiлим» 1999 г.
5. Г. Сапаргалиева «Конституционное право РК» учебник.
6. «КПРК» «Определение и схемы» уч. Пособие
7. Выступление Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. на Совещании по вопросам внешней политики 15 февраля 1995 года // Внешняя политика Казахстана. - Алматы-Москва. - 1995. - С.5-17 (208 с.).
8. Дугин А.Г. Четвертая зона // Вторжение. - http://www.chat.ru/ barron_reeck/dugin/dugin054.htm.
9. Ибрагимбейли Х.М. Крушение планов гитлеровской Германии на Кавказе // Вопросы истории. - 1983. - №7. - С.52.
10. Ә. Нысанбаев. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. — Казахстан. Демократия. Духовное обновление. Алматы, 1999.
11. Қазақстан Республикасынын Конституциясы. Алматы: Жеті жарғы, 2000.
12. Общая и прикладная политология./Под общей редакцией Жукова В И , Краснова Б И М , 1997
13. Основы политической науки: Учебное пособие/ Под ред проф В П Пугачева М , 1994

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1.Сайлау жүйесі туралы түсінік
1.1. Сайлау жүйесінің ұғымы
1.2. Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері
1.3 . Сайлау органдары

2.Сайлау үрдісі және референдумның конституциялық негіздері
2.1 Сайлау алдындағы үгіт

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің - тепе-тең және мажорлық
екі жүйесі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алынған
мандаттар арасындағы тепе-теңдік принципіне құрылады. Тепе-тең жүйенің
жұмыс істеуі үшін бірқатар ерекше шарттардың болуы қажет. Бірінші — үлкен
аумақтық сайлау округтерін қүру қажет. Әлбетте, аумақтық сайлау округтерін
тепе-тең жүйенің ерекшеліктеріне лайық өзгертуге болады. Екінші — тепе-тең
жүйенің тиімді жүмыс істеуі үшін кемінде калыптаскдн екі партияның болуы
қажет. Осыған орай, Қазақстанда әлі де саяси партиялар әлсіз және
азаматтардың елеулі бөлігі саяси партиялардан тыс тұруына байланысты, тепе-
тең сайлау жүйесі қабылданған жоқ.
Мажорлық сайлау жүйесінің: абсолюттік көпшілік және біршама көпшілік
деген екі жүйесі бар. Бұл орайда мажорлық жүйеде, 1) егер оларға
сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші тур сияқты, екінші турда да
азаматтардың 50 проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі;
2) егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге катысқан сайлаушылар
санының 50 процентінен асса, ол сайланған болып есептеледі.
Мажорлық жүйе кезінде біршама көпшілік сайлау дауыс беруге қатысқан
сайлаушылар санына карамастан өткен болып есептеледі, ал егер оған
сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтар санының 25 проценттен астамы
дауыс берген жағдайда басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс жинаған
кандидат сайланған болып есептеледі.

1. САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1. Сайлау жүйесінің ұғымы

Қазақстан Республикасында абсолюттік көпшіліктің мажорлық сайлау
жүйесі қабылданған. Қазақстан Республикасынын сайлау жүйесі деп Қазақстан
Республикасы Конституциясынын және Президенттің "Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығында
көзделгендей Қазакстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын, Мәслихат депутаттарын
Қазақстан Республикасының азаматтары тікелей де, сондай-ақ жанама да
сайлайтын сайлау тәртібі түсініледі.
Президентті, Парламент депутаттарын және жергілікті өкілді органдарды
сайлаудың аталған тәртібі конституциялык-құқықтық нормалармен белгіленеді,
олар өз жиынтығында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін құрайды.
Сайлау жүйесін қүрайтын конституциялық-құқықтық нормалар Қазақстан
Республикасы конституциялық қүқығының бір бөлігі болып табылады. Олар
Қазақстан Республикасының Президентін, Мәжіліс депутаттары мен Сенат
депутаттарының бір бөлігін, жергілікті өкілді органдар депутаттарын
сайлауға байланысты қоғамдық катынастарды реттейді. Аталған қырдағы "сайлау
құқығы" ұғымы конституциялыққұқыкгың аса маңызды инсти-туты ретінде
пайдаланылады. Сонымен қатар "сайлау құқығы" ұғымы кәмелетке жеткен
Қазақстан Республикасы азаматтарының субъективтік сайлау құқығы мағынасында
қолданылады.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық
егемендіктің бір көрінісі болып табылады, өйткені оларды пайдалана отырып,
азаматтар мемлекеттің жоға-ры өкідці органдарын қалыптастырады [2].
Президент пен Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруді
есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:
1) егер дауыс беруге сайлаушылардың не Парламент Сенатының
депутаттарын сайлаған кезде тандаушылардың елу проценттен астамы қатысса,
сайлау өткен болып есептеледі;
2) дауыс берудің бірінші турында дауыс беруге қатысқан сай-лаушылардың
(тандаушылардың) елу проценттен астам дауысын жинаған;
басқа кандңцатпен салыстырғанда қайтадан түскен кезде сай-лаушылардың
(тандаушьшардың) елу проценттен астамы болуға тиіс дауыс беруге қатысқан
сайлаушылардың (тандаушылардың) көп санын алған;
бір ғана кандидат дауысқа түскенде қайтадан дауыс беру кезінде дауыс
беруге қатыскдн сайлаушылар (тандаушылар) санының елу проценттен астам
дауысын жинаса ол кандидат сайланған болып есептеледі.
Мәслихат депутаттарын сайлаған кезде дауыстарды есептеудің мынадай
жүйесі колданылады:
1) егер дауыс беруге сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысса
сайлау өткен болып есептеледі;
2) егер оның кандидатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушьшардың елу
проценттен астамы қатысса, ал қайтадан дауыс берген кезде - басқа
кандидатпен салыстырғанда сайлаушьшардың елу проценттен астамы болуға
тиісті сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып
есептеледі;
3) егер сайлауға бір кандидат дауыска түссе, егер оның кан-
дидатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде елу проценті
қатысса, ол сайланған болып есептеледі. Қазак-стан Республикасы сайлау
құқығының көздері нормативтік кұқықтық актілер болып табылады, оларда
Қазақстан Респуб-ликасының сайлау органдарын қалыптастыруға бағытталған
қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық-құқықтық актілер болады. Бұл
көздерге:
— 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
— Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 кыркүйектегі
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар
Жарлығы1.
— Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан
Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы оргавдары туралы" Заңы;
— Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік
құқықтық актілері жатады [3].
Қазақстан Республикасының сайлау құқығының бастауы болып табылатын
нормативтік құқықтық актілер Президент, Парламенттің Мәжіліс пен Сенатының,
мәслихаттардың депутаттарын және жергілікті сайлау органдары мүшелерін
сайлауға әзірлік және сайлау өткізу кезінде туындайтын қатынастарды реттей
отырып, азаматтардың еркін ерікті түрде бідціруін қам-тамасыз ететін
кепілдіктерді белгілейді.

1.2. Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері

Қазакстан Республикасындағы сайлау азаматтардың мемле-кеттік және
жергілікті басқарудың органдарына сайлау және сайлану кұқығын еркін жүзеге
асыруға негізделеді.
Сайлау кұқығы принциптері Қазақстан Республикасының Конституциясымен,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 кыркүйектегі
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күші бар
Жарлығымен бекітілген. Ол мынадай принциптер.
Жалпыға бірдей сайлау құқығы принципі жынысына, ұлтына, нәсіліне,
дінге көзқарасына, әлеуметтік шығу тегіне және тағы басқаларына қарамастан
Қазакстан Республикасының белгілі бір жасқа толған барлық азаматы
мемлекеттік биліктің сайлау органдарына сайлауға және сайлануға қүқығын
білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқыш белсенді сайлау құқығына және бәсең
сайлау құқығына бөлінеді.
Белсенді сайлау құқығы — ол Республиканың 18 жасқа толған азаматының
сайлауда дауыс беруге қатысу құкығы.
Бәсен сайлау құқығы — ол Республика азаматтарының Конституцияда
белгіленген шектеулермен Президент, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттың
депутаты больт сайлану құқығы. Әлбетте, бәсең сайлау құқығы белсенді сайлау
кұкығынан ерекшеленеді. Бәсең сайлау құқығы кезінде азамат сайлануға
жататын субъект болып табылады. Бәсендіктің мәні мынада, ол сайламайды
(дауыс беру құқығынан айырылмаса да), оны сайлайды.
Мемлекет мемлекеттік органдарға сайланатын азаматтарға бірқатар
талаптар қояды. Бұл талап сайлау органдарының мем-лекеттік механизмдегі
сипатына, ерекшеліктеріне, айрықша жағ-дайына орай қойылады. Мысалы,
Президент орнына сайлану үшін жасына, біліміне, мемлекетке қатысына және
басқаларына байланысты талаптар қойылады. Осы ерекше талаптар Пре-зидент
орнының халық пен мемдекет аддындағы айрықша зор жауапкершілігіне орай
қойьшады. Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған
кандидатураларға да бірқатар талаптар қойылады. Аталған конституциялық
талаптар сайлаушылардың сайлау құқығын шектеушілік болып табылмайды [4].
Жалпыға бірдей сайлау құқығы сайлау құқығының шектелуін белгілеу
мүмкіндігін теріске шығармаңцы. Қазақстан Рес-публикасының Конституциясы
сотпен қабілетсіз деп танылған азаматтардың сайлауға және сайлануға,
республикалық референдумға катысуға құқығы болмайтынын белгілеген.
Бүл жүйкесі (ақыл-есі) кемістігіне байланысты өзінің азаматтық құқығын
толық пайдалануға және азаматтық міндеттерін орындауға қабілетсіз
азаматтардың сайлау кұқығының шектелетіндігін біддіреді. Бірақ мұндай
шектеу тек сот тәртібімен белгі-ленеді. Егер сот азаматты қабілетсіз деп
таныса, тек сонда ғана азаматтың сайлау күқығы шектеледі. Басқа ешбір
мемлекеттік органның қандай себептермен болсын азаматтың сайлау күқығын
шектеуіне құкығы жоқ.
Зандық күшіне енген сот үкімімен еркінен айырылу орындарындағы
адамдардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ. Тиісінше, қамауда отырған
адамға ол туралы айыптау үкімі шықпаған болса, оның сайлау құқығы
шектелмейді. Президенттің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"
Жарлығында тергеу изоляторлары мен уакытша ұстау изоляторларында сайлау
учаскелері құрылатыны және ондағы адамдардын сайлаушылар тізіміне
енгізілетіні белгіленген.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау кұқығындағы тепе-тендік
принципі сайлаушылардың Президент, Республика Парламентінің Мәжілісі мен
мәслихаттары депутаттары сайлауына тепе-тендік негізде және әр сайлаушының
бір дауысты ғана иеленіп қатысу құқығын біддіреді. Әр сайлаушы тек бір
тізімге ғана енгізіледі және осы сайлауца (Президент, Парламент депутаттары
жәнет.б.) бір-ақретдауыс бере алады. Сайлау бюллетені жеке басты
куәландыратын қүжаттар бойынша беріледі. Кандидаттардың (Президенттікке,
депутаттыққа) да сайлауға қатысуға тең құқығы болады. Сайлауға тепе-тендік
негізде қатысу, сондай-ақ бір де бір сайлаушының басқа сайлаушыға қарағанда
ешқандай жеңілдігі болмауын қамтамасыз етеді. Мысалы, өкідцік нормаларына
сәйкес халықтың саны бойынша тепе-тең сайлау округтері құрьшады.
Барлықазаматтардыңсай-лау қүқығы заңмен бірдей деңгейде қорғалады.
Қазақстан Рес-публикасының Қылмыстық кодексі республика азаматтарының
сайлау құқығын жүзеге асыруына кедергі келтірушілікке қыл-мыстық жауаптылық
белгілеген.
Қазақстан Республикасында Парламентке депутаттарды төте және жанама
сайлау құқығы белгіленген. Төте сайлау қүқығы принципі Республика
Презвдентін, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарьш,
жергілікті өзін-өзі басқару ор-гандарының мүшелерін азаматтардың тікелей
сайлауынан көрінеді. Жанама сайлау қүқығы Парламент Сенатының депутаттарын
сайлауға тандаушылардың, яғни мәслихаттардың депутаты болып табылатын
республика азаматтарының қатысатындығынан көрінеді. Тандаушьшар Сенат
депутаттары сайлауына тепе-тендік негізде катысады жөне Сенат депутатын
сайлау кезінде әр тандаушы бір дауысқа ие болады. Сенат депутатын сайлау
кезінде бәсең сайлау құқығы мәслихат сессияларында Қазакстан Республикасы
Конституциясында белгіленген шектеулермен жүзеге асырылады [5].
Дауыс берудіңмұндай принципі болуының мәні мынада, республиканың
Президентін, Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын, мәслихат
депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жабық
өткізіледі. Жабық дауыс беру сайлаушылардың еркін білдіруге бақылау жасау,
сондай-ақ сайлаушылардың еркіне кдсым жасау мүмкіндігін жоқка шығарады.
Дауыс берілетін орындарда сайлаушылардың өз еріктерін еркін білдіруі үшін
арнайы кабинеттер жабдықталады. Жабық дауыс беруде сайлау бюллетеньдері
нөмірленбейді және ешкандай белгі соғылмайды, сөйтіп дауыс берушінің жеке
бас-тарын анықтауға жол берілмейді. Дауыс берудің бұзылуына кінәлі
лауазымды адамдарға заңи жауапкершілік белгілеген.
Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға ерікті түрде қатысу
принципі сайлауға қатысуға немесе қатыспауға күштеу мақсатында
сайлаушыларға ықпал етуге ешкімнің құқығы жоқтығын бідціреді. Сайлау
кезінде ерік білдірудің еркіндігі сайлау күні үгіт жүргізуге жол
берілмейтіндігімен де қамтамасыз етіледі.
Шет жерде тұратын немесе шет жерде болған Қазақстан Рес-публикасының
азаматы сайлау құқығьша толық иелі болады. Бұл, атап айтқанда, Қазақстан
Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы, Қазақстан
Республикасына қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелердегі сайлау
учаскелері бойынша сайлаушьшар тізімі аталған өкілдіктердің басшылары мен
кеме капитандары берген деректер негізінде құрылуы қамтамасыз етіледі.

1.3 . Сайлау органдары

Қазақстан Республикасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді
мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бүл ор-гандар бірыңғай жүйе
құрады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне:
республиканың орталық сайлау комиссиясы;
аумақтық сайлау комиссиясы;
округтік сайлау комиссиясы;
учаскелік сайлау комиссиясы кіреді.
Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жыл.
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) республиканың сайлау комиссиясының
бірыңғай жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып
табылады. ОСК Республика Президентінің үсынысымен Парламент Мәжілісі
қызметке сайлайтын және қызметтен босататын төрағадан, төраға
орынбасарларынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. ОСК
төрағасының және хатшысының жоғары заң білімі болуы тиіс. Тұрақты жүмыс
істейтін мемлекеттік орган ретінде ОСК-ның өз аппараты болады. ОСК-на кең
өкілеттіктер берілген [6].
ОСК-на мынадай өкілеттіктер берілген:
Республика аумағыцда сайлау туралы зандардың орындалуын бақылауды
жүзеге асырады; осы заңның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;
Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға әзірлік пен
оның өткізілуін ұйымдастырады; Парламент Мәжілісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтың негіздері
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Сайлау науқанында саяси маркетинг пен PR-тің қолдану тәжірибесі
Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер
Шет елдердің конституциялық құқығы
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Саяси партиялар жайлы
Қазақстанның саяси жүйесі
Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Пәндер