Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар туралы ақпарат



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт.бағдарлар
б) ХХ ғасырдың 20.30 жлдарындағы психология дағдарысы
в) Батыстың психологияның бүгінгі даму бағыты
г) Казакстандагы психологияның қазіргі бағыттары

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы тыным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызығушылық уақыт озуымен бірге өрістей түскен, Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жаөты зерттелетін объекті, ал ғылымдардың әрбірі өзіне тән ерекше көкейкесті мәселелермен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуі тіпті м.мкін емес... Л.С.Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» атты еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықылас-ниеттеріміз бен тілектеріміз, т.б. яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны», - деген. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі әр тұлғаның өз меншік толғанысының болуы, ол түйсік сезімінен ғана көрінеді де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ, Мысалы, қаншалықты әдемі, нәрлі суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезінуі қиын; керең тікелей қабылдамаған соң, ән-күй әуенін танымайды; махаббат ләззатына өзі бөленбеген адамға ол жөніндегі әңгіме-дастан да түкке де тұрмайды.
1. «Жалпы психология» Алматы – 1970 ж
2. Тәжібаев Т. «Жалпы психология» Алматы. Қазақ университеті – 1993 ж
3. Аймаутов Ж. «психология» Алматы – Рауан – 1995 ж.
4. Жарықбаев «Психология» Алматы – 1982 ж
5. Сәбит Бап-Баба «Жалпы психология» оқулық
6. И.А.Зимняя «Педагогикалық психология» оқулық
7. Жанкиеев С.К. «Психология» Астана – Елорда – 2001 ж
8. Выготский Л.С. Психология (1,2,3,4,5, том)
9. Зародин Н.М. «Психология личности и управление человеческими ресурсами» Л., 2002 ж
10. Сәбит Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы заң әдебиеті 2004 ж
11. Елеусізова С.М. «Қарым-қатынас психологиясы» Алматы, Рауан – 1995
12. Жарықбаев., Бозайұл Қ «Жантану негіздері» Алматы, 2002 ж
13. Жолтаев К.Ж. «Тұлғаның дамуындағы жалпы заңдылықтар»
Алматы. Қазақ университеті -2003 ж
14. Елікбаев Нәби. «Ұлттық психология» Алматы қазақ университеті
15. Сәбит Бап-Баба «Жалпы психология» Алматы 2004
16. Гонобулин Ф.М. «Психология» Алматы 1976 ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар
б) ХХ ғасырдың 20-30 жлдарындағы психология дағдарысы
в) Батыстың психологияның бүгінгі даму бағыты
г) Казакстандагы психологияның қазіргі бағыттары

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу
объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық
табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі
болған емес. Ал осы тыным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше.
Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен
қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының
ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызығушылық
уақыт озуымен бірге өрістей түскен, Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым,
медицина, өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет
психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін
емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері
жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр
түрлі ғылым тұрғысынан жан-жаөты зерттелетін объекті, ал ғылымдардың әрбірі
өзіне тән ерекше көкейкесті мәселелермен айналысады. Солардың ішінде
қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық
факторларды айналып өтуі тіпті м.мкін емес... Л.С.Рубинштейн Жалпы
психология негіздері атты еңбегінде Психология зерттеуіндегі ерекше
құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: олар біздің қабылдауымыз, сезіміміз,
ойларымыз, ықылас-ниеттеріміз бен тілектеріміз, т.б. яғни біздің
өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан толғаныстарымыз үшін денімізге
ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны, - деген. Психологиялық дүниенің
бірінші ерекшелігі әр тұлғаның өз меншік толғанысының болуы, ол түйсік
сезімінен ғана көрінеді де, оның басқаша пайда болу жолы жоқ, Мысалы,
қаншалықты әдемі, нәрлі суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын сезінуі
қиын; керең тікелей қабылдамаған соң, ән-күй әуенін танымайды; махаббат
ләззатына өзі бөленбеген адамға ол жөніндегі әңгіме-дастан да түкке де
тұрмайды.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына
сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылысм құбылыс болуында. Себебі, әрқандай
нақты заттық өзі мен оның қабылданған кейпі бір-бірімен ажыратылып тұратыны
даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға
терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен
жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай
адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жаннан бірінен-бірі
бөлінбейтін дербес екі бөліктен тұрады деген сенім туындады; яғни адам
өлмейінше, жан оның тәнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетеді-мыс. Ал
адам ұйқыдағы кезде, жан оның тәнінен уақытша ажырап, қандай да бір басқа
жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар
ғылыми талдауға түсіп, зерттелгенге дейін адамдардың бірінін екіншісі
жөніндегі қарапайым тұрмыстық психологияға тән пайымдаулары жинақтала
берді. Адам психика жөніндегі кейбір түсініктерді өз өмір тәжірибесі
негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінісуге,
бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан
жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі
білімдер ауқымын құрады. Осы біршама біліктер әр адамға қоршаған ортада жол
тауып, өзге тұлғалармен қылық-әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін
тигізді. Бірақ мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған,
дәлелсіз. Оларды біз күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен,
көркем әдебиеттен, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен ұғып, түсініп келді.
Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары
нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп
шығады.
Психологияның жантану ғылыми ретінде мәні неде? Оның ғылыми пәні
не?
Бұл сұраққа жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп,
психологияның әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген
көзқарасының өзгеріп бара жатқанын байқаған жөн. Психология өте ежелгі де,
өте жас та ғылым. Мың жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы
әлі алда. Психологияның дербес ғылыми сала болып танылғанына енді ғана жүз
жылдан асып барады, ал ол шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих
тұңғыиғында бастау алған пәлсапамен бірге келе жатыр.
ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз психология
жөнінде қысқа да дәл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал
тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерінің тарихы деп отырғанымыз
психологияның фәлсападан бөлініп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып,
өзінің эксперименттік зерттеулерін ұйымдастыра бастаған дәуірі. Бұл ХІХ ғ.
кейінгі ширегі болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар
тереңінде өріс алды. Осыған орай психология адамы туралы ғылыми
түсініктердің жалпы контекстінде дамиды. Олар әрбір нақты тарихи кезеңдерде
психологиялық ағымдарда жазылып көрсетілген. Бұл – оқу процесінің
психология теориялары үшін қашанда табиғи зерттеу полигоны ретінде
болуымен байланысты. Психологиялық процесті ұғынуға ықпалын тигізе алатын
психологиялық бағыттар мен теорияларды нақтырақ қарастырайық.
Ассоциативтік психология (XVIII ғасырдың ортасынан бастап
Д.Гартли және ХІХ ғасырдың аяғына дейін – В.Вунт), түп тамырында психикалық
процестердің байланысты ретіндегі ассоциация механизмдері мен психика
негіхдері ретіндегі ассоциациялардың белгілі бір түрлері анықталған
Ассоциацияларды зерттеу материалдарында еске сақтау мен үйренудің
ерекшеліктері зерттеліп қарастырылған. Осы жерде, психиканың ассоциативті
баяндауының негізін Аристотель (384-322 ж. біздің эрамызға дейін салғанын
айта кету қажет, оған ассоциация түсінігін, оның түрлерін енгізу, ақыл-
парасатын екі түрін теориялық және практикалық деп ажырату, қанағаттану
сезімін үйрену факторы ретінде еңбектері тиесілі.
Ассациативті психология – негізгі түсіндіруші принцип ретінде
ассоциация ұғымын қолданатын психологиялық бағыттар; алғаш негізін салған –
Аристотель.
Ассоциационизм – дүниежүзілік психологиялық ойдың негізгі
бағыттарының бірі. Психикалық процестердің динамикасын ассоциация
принципімен түсіндіріледі.
Ассоцияция - 1) неғұрлым жалпы мағынасы – екі не одан да көп
элементтердің арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс; 2)
бихевиоризмдегі үйрену теориясында стимулдар мен реакциялар арасындағы
байланыстар немесе бірігу. Бихевиористер сол байланыстың табиғатын ұғуға
тырысты: 3) қайсыбір стимул немесе оқиға әсерінен алынған нақты
психологиялық тәжірибе: мысалы, ауыл деген сөзді естігенде, бірнеше
ассоциация пайда болады; 4) статисткада – бір айнымалыдағы өзгеріс
дәрежесінің екінші айнымалыдағы өзгерістері; 5) психологияда сыртқы және
ішкі тітіркендіргіштердің әсер етуінен туатын адамның психикалық процестері
мен қимыл-әрекеттерінің байланысы. Ассоцияция адамның бұрыңғы тәжірибесі
негізінде пайда болып, заттар мен құбылыстардың кеңістік-уақыт қатынастары
мен (кеңістік пен уақыт ішіндегі іргелестік ассоциациясы, мысалы, көктем
мен жасыл шөптің шығуы, олардың ұқсастығын (ұқсастық ассоциацмясы, мыс.
Жапырақ сылбыры мен сыбырласуы немесе қарама-қарсылығын бейнелеуі мүмкін
(қарама-қарсылық ассоциациясы, мыс. Күн мен түн, кәрілік пен жастық).
Ассоциация туралы ұғым XVIII-XIX ғасырлардың философиялық жүйелері үшін
басты ұғым
Дж. Уотсонның (1912-1920 және Э.Толмен, К.Халл, А.Газри және
Б.Скиннердің (ХХ ғ. бірінші жартысы необихевиоризмі. ХХ ғасырдың ортасында-
ақ Б.Скиннер опепантты мінез-құлық тұжырымдамасы мен бағдарламаланған оқыту
тәжірибесін жетілдірген. Э.Торндайктің жұмыстарының бихевиоризмінің алдын
алуы, Дж.Уотсонның ортодоксалды бихевиоризмі және бүкіл необихевиористік
бағыттардың еңбегі үйренудің тұтас тұжырымдамасын жетілдіру болып табылды,
бұл тұжырымдама оның заңдылықтарын, фактілерін, механизмдерін қамтиды.
ХХ ғ. екінші он жылдығында психологияның және бір бағыты пайда
болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да
емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам козғалысының
жиынтығы - әрекет-қылық еді. Бұл бағыт (ағылшын. Behaviour – қылық аталып,
психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады.
Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндетін қоршаған
ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп білді. Тек
бір онжылдықтың өзінде-ақ бихевиоризм бүкіл дүниеге тарап, психология
ғылымының ықпалды бағыттарының біріне айналды.
Бихевиоризм – ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасқан, сырттай
бақыланатын мінез-құлықты психологияның пәні ретінде түсінетін механикалық
түсініктегі психологияның калссикалық бағыттарының бірі. Бұл бағыт
психикалық құбылыстардың бәрі организмнің сыртқы және ішкі
тітіркендіргіштерге әсерленуіне орай дамиды, белгілі себепке, ынталандыру
мен жағдайға байланысты болады деп санайды.
Бихевиоризм – жиырмасыншы ғасырдағы психологиядағы басты бағыттың
бірі. Бихевиоризм негізінде адам мен жануарлардың мінез-құлқын сыртқы
ортаның әсер етуіне организмнің беретін жауабының жиынтығы деп түсіну
жатыр. Бихевиоризмнің негізін американдық психолог Дж.Уотсон (1878-1958)
қалады.
Сонымен, психоллгия өз даму жолында бастапқыда – жан туралы
ғылым, кейін жансыз ғылым, ақырында санасыз ғылымға айналды. Әрине, қылық-
әрекетті бақылаумен объективтік деректерді зерттей аламыз, бірақ мұндай
объективтік жалған, себебі біздің әрқандай әрекет-қылығымыздың астарында
өзіміздің ой, сезім ниеттеріміз жатыр. Сондықтан осы ой, сезім, ынта-
ықыласты білмейінше, әрекет-қылықты тану мүмкін емес.
Диалектикалық материализм тұрғысынан материя алғашқы, ал сана
екінші, одан туындаушы, яғни объектив дүниенің мидағы бейнесі. Осы
түсінікке орай материалдық болмыс (заттар, дүние құбылыстары пен идеалдық
(заттық дүниенің сезім, ой т.б. түрінде бейнеленуі бір-біріне тікелей
қарама-қарсы. Бірақ бұл қайшылық салыстырмалы сипатта, себебі түйсік, ой,
сезімдер т.б. материалдық органның мидың әрекеті, сыртқы тітіркендіру
энергияларының сана өміріне айналуының нәтижесі. Психика, сана ми
қызметінен ажырауы мүмкін емес, олардың басқа жасау тәсілі жоқ. Материя,
психика және сананы бұлайша түсіну диалектикалық матерриализмнің дүние
заттығы жөніндегі ережесімен түбегейлі сай болып тұр. Әлемде әр түрле
қасиеттерге ие, мәңгі қозғалыста болып, мәңгі жасаушы материядан басқа
ешқандай бастау болуы мүмкін емес. Материяның қозғалысы бұл тек орын
ауыстыру емес, оның қалаған өзгерімі, құбылуы, бір күйден екінші күйге
түсуі.
Материяның дамуы – бұл оның қарапайым формадан жоғары формаға
жетілуі, қарапайым қозғалыстан жоғары қозғалысқа өтуі. Алғашқыда тек
органикалық емес материя, өлі табиғат болды. Дамудың белгілі бір сатысында,
өзінің ұзаққа созылған эволюциясының нәтижесінде материя органикалық
қасиеттерге ие болды, материя қозғалысының жаңа формасы мен жаңа қасиеті
өмір, табиғат жиынтығына енді. Табиғаттың даму процесінде
өсімдіктер,жануарлар, келе-келе материяның ең жоғары туындасы санаға ие
адам пайда болды. Ғылыми психология тірек еткен диалектикалық материализм
категориялары жүйесінде бейнелеу теориясы басты маңызға и,. Себебі осы
категорияға орай психиканың жалпылама және мәнді сипаты ашылады; әрқандай
психикалық құбылыстар объектив шындықтың субъектив бейнеленуінің түрлі
формалары мен деңгейлерін көрсетеді. Бейнелеу теориясы психология ғылымының
мәнін анықтауда, оның әдістерін таңдауда, деректер, түсініктер, тұжырымдар
тобынан қажеттісін ажыратуда жалпы әдіснамалық бағдар рөлін атқарады.
Психикалық құбылыстың органикалық материя қасиеті ретінде сапалық
ерекшелігі неде?
Барша материя бейнелеу қасиеттіне ие. Психика-материя қасиеті,
мидың қызметі болумен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше
формасы. Психика материяның даму желісінде, оның бір қозғалыс формасынан
екіншісіне өзгеріп барады. Биологиялық эволюция барысында заңдылықты пайда
болып, психика сол эволюцяның маңызды фактор бірлігіне айналады. Бейнелеу
қасиеті негізде организмнің қоршаған ортамен кең салалы және сан алуан
байланыстары түзіледі.
Сыртқы, заттасқан дүние болмайынша, тіршілік иесінің ішкі
психикалық өмірі болуы мүмкін емес, яғни сана, психика өзінен тыс және
тәуелсіз жасайтын танымды болмыстың бейнесі. Егер де осы жөнінде әңгіме
қозғау қажетсіз. Әрқандай психикалық акт нақты болмыстың бір бөлшегі әрі
оның бецнесі болып табылады.
Соынмен, психиканың қызметі, біріншіден қоршаған дүние заттары мен
құбылыстарының қасиеттерін, байланыстыратын бейнелеу, екіншіден осының
негізінде адам қылығы мен қызмет әрекетін реттестіру. Психиканы диалектика-
материалистік тұрғыдан қарастыру әрқандай ішкі жан-күйлік құбылыстардың
өзімен өзі шектелмегенін, шындықтан бөлінбей, онымен түбегейлі, әрі тығыз
байланыста екенін танытады.
Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми
білімдердің құрамы неден тұрады, яғни пәні не? Бұл-ең алдымен психикалық
өмір деректері. Мысалы, психикалық дүние дерегі ретінде адамның тәжірибе
топтау қабілеті-жад, есті қарастырайық. Есте болсын, ғылыми жантану
психологиялық құбылысты тек суреттеп баяндаумен шектеле алмайды, оның
міндеті түсіндіру, яғни осы деректер мен құбылыстарды басқаратын заңдарды
ашып, олардың мәнін айқындап бері. Әрқандай ғылым мақсаты зерттелетін
процестер мен құбылыстар бағынатын объектив заңдарды белгілеу. Теориялық
және эксперименталды зерттеулердің бәрі нақ осы мақсатқа бағдарланған.
Ғылыми танымның өзі құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті, тұрақты,
қайталанып жүретін байланыс, қатынастарды білуден келіп шығады. Мысалы, ес
өзінің қызметтік заңдылықтарына бағынады. Естің түрлері, болатына белгілі.
Жақсы есте қалдыру тәуелді екенін білеміз, байланыссыз материалға
қарағанда, жоспарланғаны жеңіл әрі тез еске түсетіні мәлім.
Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие
байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап объективтік
заңдарды ашып қаға қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану
жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да, психология зерттеулерерінің
объектісі психологиялық деректермен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.
Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен
заңдалықтарды іске асыратын нақты тетіктерді ашып бере алмайды. Осыдан
психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық іс-
әректтті қозғаушы механизмдерді деанықтап білу. Ал енді сол механизмнің
қандай да психологиялық процесті орындайтын нақты анатомия-физиологиялық
аппаратты іске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнің табиғаты мен
әрекетін психология басқа ғылымдармен бірлікте зерттейді.
Іс-әрекет пен қылықты бағыттап, реттеуде бірінші сигналдық жүйе адам
өмірінде де үлкен маңызға ие. Бірақ адамның жануарлардан ерекшелігі, онда
бірінші сигналдық жүйе мен қатар екінші сигналдық жүйе болады. Екінші
сигналдық жүйенің болмысы, яғни сигналдар сигналы, - деген сөз.
Сонымен, психика – ми қасиеті. Түйсік, ой, сана-ерекше тәсілмен
ұйымдасқан материяның ең жоғары өнім туындысы. Организмнің психикалық
әрекеті көптеген дене мүшелерінің қызметі арқасында жүзеге келеді. Олардың
бірі әсерлерді қабылдайды, екіншілері оларды сигналға айналдырып, іс-
әрекетті жоспарлап қадағалап отырады, ал үшіншілері – бұлшық еттерді,
әрекетке келтіреді. Осы күрделі жұмыстардың бәрі қосылып, қоршаған ортада
адамның жол тауып жүруінің белсенді құралы болмақ.
ХХ ғ. Басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс-экономикалық
талаптарына орай сана психологиясының дағдырысы қылаң берді. Интроспекттік
психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік
өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив
әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы
жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа, объектив әдістер тұғырына
орнықтыру жолдары іздестіріле бастады.
Сана психологиясының дағдрысы, сонымен, бірге, ағыср аяғында
Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағ
зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам
психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрініс беретінін
дәлелдеді. Мұндай бейсанаға тәуелді әрекет-қылықтар эксперименталды және
клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі
ғылым емес деген пікір пайда болды.
Бұл дәуірдегі психологияның қарқыны дамуына Ч.Дарвиннің
эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл ілімге орай барша
психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен
ажырауы мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында
интроспекция әдісін қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын
зерттеу етек алды.
Осылайша әртүрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа
психологиялық теориялардың туындауына себепші болды.
Олар тұтастықты (гештальт) элементтерден тіпті өзгеше жаңа,
өзінің ішкі заңдылығының туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек
баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды.
Гештальт психология (М.Вертгеймер, В.Келер, К.Коффка – ХІХ ғ.
басы), К.Левиннің мінез-құлықтың динамикалық жүйесі тұжырымдамасы немесе
алаң теориясы, Ж.Пиаженің генетикалық эпистемиологиясы немесе интеллектің
кезеңдеп дамуы тұжырымдамасы, ол инсайт, мотивация, интеллектуалды даму
сатылары, интериозация, түсініктерінің қалыптасуына үлес қосқан (оларды
сондай-ақ, әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін француз психологтары А.Валлон,
П.Жане қарастырған).
Гештальтпсихология – 1912 жылы Германияда пайда болған шетелдік
психологияның идеалистік сенсуалистік бағыты. Басты өкілдері М.Вертхеймер
(1880-1944), В.Келер (1887-1967) және К.Коффка (1886-1941). Гештальт
теориясы.
Гештальтпсихология – ХХ ғ. Бас жағнда Германияда пайда болған
психологияның бір бағыты; психологияның негізін түсіндіруші принципі
ретінде психикалық элементтердің біртұтас бірлігі – гештальтті ұсынады.
Гештальтизм. Гештальтпсихология (немістің – gestalt – бейне,
кескін үйлесімі деген сөзінен алынған) Германияда бихевиоризммен бір
мезгілде пайда болды. Бұл бағыттың негізіне М.Вертгеймердің (1880-1944).
В.Келердің (1887-1967), К.Коффканың (1886-1941) еңбектері алынды. Бұл
мектеп көп жағдайда бихевиоризмге және бұрыннан өмір сүріп келген
психологиялық бағыттарға қарсы шықты. Гештальтпсихология бихевиоризмді
мінез-құлықтың оқшау сегменттерін зерттегені үшін сынады.
Гештальтпсихология бойынша, мінез-құлық тек рефлекстер шоғыры емес,
күрделірек құбылыс. Ол тұтас нәрсе. Сөйтіп психикаға тұтас нәрсе ретінде
қарауды гештальтистер басқа барлық бағыттырдағы атомизмге қарсы қойды.
Тұтас құрылым сапасы бүтінді құрайтын элементтер жиынтығына айнала алмайтын
және олардан шығарылмайды да. Керісінше, бүтін элементтердің сапалық
ерекшеліктерін белгілеп берді.
Гештальтпсихологияны жақтаушылар қабылдау саласында да
көптеген зерттеулер жүргізді. Қабылдаудың түйсіктен сапалық айырмашылығы
бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті. Қабылдау
актісіндегі фигура мен фон қатысының мәні ашылды және бейненің
қалыптасуындағы контурдың ролі аталып көрсетілді. Гештальтпсихологияның
эксперименттік зерттеулерінің негізгі кемшілігі – түйсіктер комплекстері
ретіндегі заттар туралы махистік идея болды. Мұның өзі қабылдаудың шынайы
мазмұнын, оның сыртқы ортамен байланысын теріске шығарды.
Гештальпсихологтар өздерінің интеллект туралы теориясын
бихевиоризм теориясына қарсы қойды, олар интеллекті стимул-реакция схемас
бойынша түсіндіру соқыр практикалық соқыр әрекетке әкеліп ұрындырады деп
санады. Келер интеллекті зерттеу объектісі етіп шимпанзені таңдап алды.
Оларды жабық орындарда, Торндайк мысықтарының жағдайларына ұқсас күйде
ұстады. Мәселен, тордың ішінде таяқ, сыртында банан жатты. Маймыл бананды
бірнеше рет ұмтылып, ала алмағаннан кейін бос әурешелікті қояды, бір сәт
ойланып қалғандай болады, содан соң таяқты алып, соның көмегімен жемісті
алып жейді.
Келер жануарлар мәселені жағдайды сәтінде өзгерту арқылы
шешеді деп санады. Соның нәтижесінде жағдай элементтері басқа, жаңа өзара
байланысқа түседі, жаңа мағынаға ие болады (тақтайша мақсатқа жету құралы
ретінде қызмет атқара бастайды). Бұл құбылыс инсайт (инсайт – ұстау,
түсіну, ә, солай екен-ау деген шешім) деп аталды және байқап көру-
қателесу әдісіне қарсы қойылды. Келер, инсайттық мінез-құлықтың көріп
қабылдаумен тығыз байланыстылығын және көп ретте жағдайды оптикалық
түсінумен анықталатындығын атап көрсетті. Инсайт терминінің мазмұны
толық нақтыланбағанымен ол ойлау қабілетінің творчестволық сипатын, яғни
оның байқап көру-қателесу әдісінде қарастырылмаған маңызды жағын баса
көрсетуге мүмкіндік туғызды.
Психологияны дамытуға гештальтизмнің қосқан үлесін бағалай
келіп, төмендегілерді атап өтелік. Гештальтистер психологиядағы ассоциация
принципіне күдікпен қарады. Олар күрделі психологиялық күрделі
құрылымдардың өзіндік сапалық өзгешеліктерін атап көрсетті, оларды
тұтастыра зерттеу бұл құбылыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді.
Бірақ талдау мен жинақтауды бөліп қарағандықтан олар жай нәрсені күрделі
нәрседен бөліп тастады. Қайсыбір ғалымдар соның салдарынан тіпті түйсікті
құбылыс ретінде сойындамады. Гештальтпсихология зерттелуі ғылымның негізгі
міндеттерінің бірі болып табылатын қабылдау және жемісті де
творчестволықпен ойлау мәселелеріне назар аударды.
Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа
тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етіп қойды.
Бихевиоризм – ХХ ғ. Американ психологиясының басты бағыты; ол
психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді.
Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет-қылығы сыртқы
орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы)
жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр. ХІХ-ХХ ғ. Тоғысында бихевиоризм
психологиясы жануарлар психикасын эксперименттік талдауға салу нәтижесінде
пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзін-өзі бақылау
тәсілін пайдалану мүмкін болмағандықтан, эксперимент жасау әдісі іске
қосылды. Бұл әдісті бихевиористер адам психикасын зерттеуге де қолданды.
Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты позитивизмнің философиялық
принциптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргізіп
отырған затын баяндауы тиіс, ал бақылауға тікелей берілмеген мәліметтермен
ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм
психологиясы сананы емес, әрекет-қлықты зерттеуі керек деген негізгі тезис
тұжырымдады. Бихевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективті
мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты
қызметі екенін олар мойындамайды, сөйтеді де психиканң материалдық
субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихевиоризм теориясын
қалаушы – Э.Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, бихевиоризм терминін
енгізген Дж.Уотсон. Бихевиоризм тағлиматының кризистік халге жетуі – сана,
ойлау, ерік сияқты негізгі ұғымдарды психологиядан шығарып тастап,
психиканың әлеуметтік жағн ескермеуінде.
Гештальтпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық ситуация мен оның
формальды құрылымының бір бүтіндігі негізінде іс жүзіне асырылды.
Гештальт ұғымын алғашқы ендірген Эренфельд. Оның айтуынша, бұл ұғым
мынадай мазмұнды қамтиды: айлатық, бірнеше дыбыс тітіркендіргіштері іркес-
тіркес берілді дейік. Сонда, бұл дыбыстар бір-бірімен байланыссыз әсерлер
ретінде қабылданбай, белгілі құрылымы бар, сол дыбыстардың гештальты
болып табылатын әуен ретінде қабылданады.
Гештальтпсилохогия бағытының осал тарапы психологиялық құбылыс
бейне мен оны туындататын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа
шығарғандығы. Гештальттылар ұғымы бойынша бейне тек өз заңдылықтарына
бағынатын ерекше мәнді құбылыс саналды, оның нақты заттық дүниемен
байланысы сыр күйінде қала берді. Осы екі маңызды категориялардың (бейне
мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты талдаудың ортақ
жүйесін бере алмағандықтан, гештальтпсихология ғылыми мектебі соғыс алды
жылдарында тарады.
Генетикалық психология. Швейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық
психология теориясы психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі.
Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті
психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне
көтерді.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-есінің қалыптасуына назар
аудара оытырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын
байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интелллект табиғаты мен
қызметін білуге болады деп пайымдады.
Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымын зерттеу.
Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эколюциялық даму
барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни интеллекттік күрделі ақыл-естің
жай психикалық элементтерден құралатына дәлелдемекші болды.
Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың біртұтас дамуын
ескерместен, ақыл-естің өрістеу тұғырын инетеллекттің өзінен іздеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері
Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар. Генетикалық психология
Қазіргі жастардың құндылықтары
Тұлғаның мансаптық бағдарларын анықтау
Жасөспірімдер тұлғасының құндылық бағдары және өзін - өзі бағалауы
Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
Жоғары психикалық функциялар
Социология және әлеуметтік психология: жалпы және ерекше
Жеке адам және қарым қатынас психологиясы
Пәндер