Экологиялық проблемалар туралы мәлімет



І Кіріспе. Экологиялық проблемалар . қазіргі таңдағы өзекті мәселе.
ІІ Негізгі бөлім:
1. Экологиялық ахуал нашарлауының антропогендiк факторлары 2.Капустин Яр 3.Жайықтың жайын айтсақ ...
ІІІ Қорытынды. Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешу жолдары
Күрделі мәселенің түп тамырларының бірі экологияда жатырғаны ешкімге жасырын емес, себебі өмірге қажетті басқа қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік ахуал бізде басқа өңірлермен салыстырғанда артық болмаса кем емес.
Елімізде жұмыс жасап жатырған үкіметтік емес ПРООН деп аталатын мекеменің қызметкері Гордон Джонсонның деректері бойынша тек соңғы он жыл көлемінде еліміздегі киіктер саны 40 есеге, Каспий теңізіндегі қызыл балықтар саны 8 есеге дейін азайып кеткен. Жыл сайын өте үлкен көлемде итбалықтар қырылуда. Мұның басты себептерінің бірі мұнай мен газды өндіру барысында табиғатымызға жыл сайын келетін орасан зор зиян мен табиғат байлығына деген тойымсыздық. Біздің еліміздегі жан - жануарлар әлемінің төрттен бірі Қызыл кітапта тіркелгендігін ескерер болсақ, осы бір адам психологиясына ғана емес, табиғат экологиясына да жат қылықтарды уақытылы “құрықтаған” абзал.
Қатты алаңдататын нәрселердің бірі - Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Теңіз жағалауындағы мемлекеттердің өз беттерінше қолға алып жатқан іс-шараларының жеткіліксіздігі, теңіздегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйелі іс-әрекеттердің жоқтығы, Каспийдің экологиясы бүгінгі күні дағдарыс деңгейіне жақындығы, теңіздің, теңіз жанындағы жердің, ауаның ластануы, тірі ағзалардың, жәндіктердің, өсімдіктердің азаюы, аурудың көбеюі айтылып жүрген мәселелер болғанман, әлі шешуін тапқан жоқ. Өкінішке орай осы бір Каспий теңізі аймағына қарайтын бес мемлекет тарапынан теңіздің проблемасымен айналысатын халықаралық қозғалыс құру мәселесі де күн тәртібінде тұрғандығымен әлі күнге дейін шешілер емес. Осы проблемаларды бірігіп шешу мақсатында сот, құқық және табиғат қорғау органдарымен бірлесіп мемлекетаралық ұйым құратын мезгіл жеткен секілді. Осы ұйымды құру жөнінде біздің ел бастама көтерсе құба құп. Елбасы Н.Назарбаевтың жалпы дүние жүзіндегі беделін ескере отырып, қазіргі уақытта ауадай қажет осы мәселені алғашқы болып көтерер болсақ, ол іс біздерге тек қана оң ұпай әкелетіні сөзсіз. Әрі Каспий өңіріндегі бекіре балығының 90 пайызы осы теңіздің Қазақстан бөлігінде жатқандығы да ескеруге тұрарлық жағдай. Еліміздің табиғатына жанашырлық ахуал - күйді көтеру - бәсекеге бет алған қабілетті 50 ел қатарынан нық орын алу үшін керек фактор екендігі сөзсіз.
Ғалымдарымыз қазіргі таңда экология мәселесі атом қаруынан да қауіпті екендігін айтып жатыр. Бүкіл жер бетінде миллиардтаған органикалық заттар атмосфералық ауаға көмірсутегі газы арқылы таралады. Бұған жершарында күн жылынуы мәселесін де қосуға болады. Тіпті Д. Менделеевтің өзі де біз мұнайды жағу арқылы өз ассигнациямызды жағамыз деген екен.
1. Қуатбаев. Жалпы Экология
2. «Экология және тұрақты даму» ақпараттық журналы, № 5 (мамыр), 2003ж.,
18-28б.
3. Ж.Аланов, «Егемен Қазақстан», 12.05.2007
4. «Экология және тұрақты даму» ақпараттық журналы, № 6 (маусым),
2003ж., 48-49б.
5. «Саясат Policy» ақпараттық журнал, №7 (шілде) 2002ж., 51-53б.

Жоспар:

І Кіріспе. Экологиялық проблемалар – қазіргі таңдағы өзекті мәселе.
ІІ Негізгі бөлім:
1. Экологиялық ахуал нашарлауының антропогендiк факторлары
2.Капустин Яр

3.Жайықтың жайын айтсақ ...
ІІІ Қорытынды. Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешу жолдары

Қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Күрделі мәселенің түп тамырларының бірі экологияда жатырғаны ешкімге
жасырын емес, себебі өмірге қажетті басқа қоғамдық, экономикалық,
әлеуметтік ахуал бізде басқа өңірлермен салыстырғанда артық болмаса кем
емес.
Елімізде жұмыс жасап жатырған үкіметтік емес ПРООН деп аталатын
мекеменің қызметкері Гордон Джонсонның деректері бойынша тек соңғы он жыл
көлемінде еліміздегі киіктер саны 40 есеге, Каспий теңізіндегі қызыл
балықтар саны 8 есеге дейін азайып кеткен. Жыл сайын өте үлкен көлемде
итбалықтар қырылуда. Мұның басты себептерінің бірі мұнай мен газды өндіру
барысында табиғатымызға жыл сайын келетін орасан зор зиян мен табиғат
байлығына деген тойымсыздық. Біздің еліміздегі жан - жануарлар әлемінің
төрттен бірі Қызыл кітапта тіркелгендігін ескерер болсақ, осы бір адам
психологиясына ғана емес, табиғат экологиясына да жат қылықтарды уақытылы
“құрықтаған” абзал.
Қатты алаңдататын нәрселердің бірі - Каспий аймағының экологиялық
жағдайы. Теңіз жағалауындағы мемлекеттердің өз беттерінше қолға алып жатқан
іс-шараларының жеткіліксіздігі, теңіздегі экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін жүйелі іс-әрекеттердің жоқтығы, Каспийдің экологиясы
бүгінгі күні дағдарыс деңгейіне жақындығы, теңіздің, теңіз жанындағы
жердің, ауаның ластануы, тірі ағзалардың, жәндіктердің, өсімдіктердің
азаюы, аурудың көбеюі айтылып жүрген мәселелер болғанман, әлі шешуін тапқан
жоқ. Өкінішке орай осы бір Каспий теңізі аймағына қарайтын бес мемлекет
тарапынан теңіздің проблемасымен айналысатын халықаралық қозғалыс құру
мәселесі де күн тәртібінде тұрғандығымен әлі күнге дейін шешілер емес. Осы
проблемаларды бірігіп шешу мақсатында сот, құқық және табиғат қорғау
органдарымен бірлесіп мемлекетаралық ұйым құратын мезгіл жеткен секілді.
Осы ұйымды құру жөнінде біздің ел бастама көтерсе құба құп. Елбасы
Н.Назарбаевтың жалпы дүние жүзіндегі беделін ескере отырып, қазіргі уақытта
ауадай қажет осы мәселені алғашқы болып көтерер болсақ, ол іс біздерге тек
қана оң ұпай әкелетіні сөзсіз. Әрі Каспий өңіріндегі бекіре балығының 90
пайызы осы теңіздің Қазақстан бөлігінде жатқандығы да ескеруге тұрарлық
жағдай. Еліміздің табиғатына жанашырлық ахуал - күйді көтеру - бәсекеге бет
алған қабілетті 50 ел қатарынан нық орын алу үшін керек фактор екендігі
сөзсіз.
Ғалымдарымыз қазіргі таңда экология мәселесі атом қаруынан да қауіпті
екендігін айтып жатыр. Бүкіл жер бетінде миллиардтаған органикалық заттар
атмосфералық ауаға көмірсутегі газы арқылы таралады. Бұған жершарында күн
жылынуы мәселесін де қосуға болады. Тіпті Д. Менделеевтің өзі де біз
мұнайды жағу арқылы өз ассигнациямызды жағамыз деген екен.
Кез келген ел өзінің экологиялық мәселесін шешуде ең қауіпті деген
экологиялық апатты аймақтарын Бүкілдүниежүзілік Ұлттар Ұйымы алдына мәселе
етіп қояды. Біздің Елбасымыз Н. Назарбаев осы ұйым алдына Арал мәселесін
қойып отыр. Еліміздегі экологиялық жағдайлары тәуір емес жерлерге Семей,
Балқаш, Арал, Байқоңыр жатқызылып келсе, соңғы кездері олардың құрамында
облысымызға қарайтын Тайсойған, Каспий аймақтары да айтылып жүр. Бірақ
елдің экологиясын жақсарту мақсатында Елбасы қол қойған Экологиялық
қауіпсіздік тұжырымдамасы жергілікті жерлерде жүзеге аспай отырғандығы
жасырын емес. 90-шы жылдардың басында Санкт-Петербург мемлекеттік
универститетінің мамандары Химия институты мен Приморский реабилитациялық
орталығының ғалымдары тексеру жүргізе отырып, тек Тайсойған құмдарының
айналасындағы су көздерінен талий, кадмий, никель, ал топырақта алюминий,
магний, кальций, хром сияқты элементтердің нормадан тыс көптігі туралы
ақпараттар берген болатын. Сол уақыттардан бері қанша жыл өткеніне
қарамастан, зерттеу жұмыстарын жалғастыру туралы ешбір жан ауыз ашпай отыр.
Осы сұрақтарды Парламент пен Үкімет алдында көтеретін уақыт жеткен секілді.
Атырау өңірінен сайланған депутат ағаларымыздың осы тұрғысында дауыстарын
естігіміз келеді. Тіпті басқасын айтпағанда, Атырау облысында ірі – ірі
мемлекеттік мұнай мен газ өндірушілер, өңдеушілер мен тасымалдаушылар жұмыс
жасап жатырса да, олардың өздеріне арнайы салдырған емханалары мен
ауруханалары әлі жоқтың қасы.
Қоршаған ортаны қорғау ісінде адам денсаулығының экологиясы табиғат
экологиясымен бір қатарда тұрғаны белгілі екендігін ескерсек, бұл істе
құқық қорғау органдары секілді сот органдарының да алдында үлкен келелі
істер тұр.
Табиғат қорғау заңдылығын сақтамай қоршаған орта байлығын үдемелі
түрде игеру Атырау өңірінің экологиялық жағдайының нашарлауына әкеліп
соқтырып отыр.
Сот тәжірибесінен көрінгендей, кейбір жағдайларда Атырау облысы
аумағында жұмыс істеуші мұнай компаниялары Қазақстан Республикасының
табиғат қорғау заңдылығын бұзуға жол береді. Осының нәтижесінде табиғатқа
келтірілген зиян мөлшері орасан зор. Ол зиян мемлекет кірісіне қаржы
түрінде өндірілуде, бірақ ол теңіздің тамшысындай. Қазірдің өзінде Атырау
облысының соттарында көп мөлшерде осындай азаматтық істер қаралуда жатыр.
Атырау облысы аумағында жұмыс істеуші мұнай компанияларының бүгінгі
күнгі ең басты міндеті - қоршаған ортаны рұқсат етілмеген жолмен ластауды
болдырмауға бағытталған нәтижелі шараларды жетілдіру. Осы бағытта олар
мұнай-газ игеру жұмыстарын жүргізу барысында халықаралық тәжірибеде
қабылданған стандартқа сәйкес барынша тиімді тәсіл мен технологияны таңдауы
қажет.
Аталған мәселенің маңыздылығы Каспий шельфінің жеделтетілген түрде
игерілуі мен осының салдарынан Каспий теңізінің ластанғандығы жөніндегі
орын алған фактілерге де байланысты. Бұдан басқа, ұзақ уақытқа сақтауға
бекітіліп қойылған (законсервированные) су астындағы ескі скважиналардан
кез-келген уақытта төнген мұнай ағып кету қаупін де естен шығармауымыз
керек.
Жер қойнауы байлықтары мен инвестиция, сонымен қоса қоршаған ортаны
қорғауға бағытталған заңнамаларды жетілдіруде өз ойларын ортаға салу және
аталмыш тақырып бойынша сот тәжірибесінде кездесетін проблемаларды талдау
мүмкіндігі соттар, өкілетті органдар мен жер қойнауы байлықтарын игерушілер
бас қосқан 2007 жылдың 27-30 сәуірі аралығында “Жер қойнауы және
инвестиция” тақырыбында өткен Батыс өңірлік республикалық семинарда туды.
Семинар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Неміс техникалық
ынтымақтастығы қоғамының ұйымдастыруымен мұнайлы астана – Атырауда өтті.
Аталған семинарда “Орталық Азия мемлекеттерінде құқықтық және сот
реформасына қолдау көрсету” жобасының директоры Иенс Деппе мырза Германияда
мұнай-газ және басқа да өндіріс саласында қоршаған ортаны ластау
проблемасының жоқтығын атап өтті.
2007 жылдың 9 қаңтардында “Қазақстан Республикасының Экологиялық
Кодексі” жарық көрді. Заңның Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі туралы 321
бабында экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың
денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың мемлекет
мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі, деп
көрсетілген. Тек соңғы жылдардың өзінде біздің облыс бойынша осындай заң
бұзушылыққа жол берген біраз адамдар мен тұлғалар тиісті жазаларын сот
органдары арқылы алды. Еліміз бойынша 2006 жылы табиғат қорғау заңдарының
сақталуы бойынша 15 мыңнан астам тексерулер жүргізіліп, 13 мыңнан астам
заңбұзушылық фактілері тіркеліп, 4,3 миллиард теңге қаржы мемлекет
қоржынына түссе, оның көбшілігі әртүрлі деңгейдегі соттардың шешімімен
мемлекет бюджетіне түсті.
Мысалы, Атырау облысының тек қана ауданаралық экономикалық
соттың шешімдерімен өңір экологиясына өрескел залал келтіргендері үшін
шетел мұнай компанияларынан 2005 жылы 740 миллиондай теңге мемлекет
пайдасына өндірілсе, 2006 жылы 1 миллиардтай теңге, ал 2007 жылдың 4
географиялық және биохимиялық параметрлерiмен айқындалады.
      Каспийдiң солтүстiк және солтүстiк-шығысындағы суы таяз қайраңды
аймағы негiзiн бентостық организмдердiң жүздеген түрiнен және планктондар
мен су түбi балдырларының ондаған түрлерiнен тұратын азықтық қор құрайтын
балықтар мен құстардың табиғи өсiп-өнуiнiң бай ареалы болып табылады.
Сондықтан Каспий теңiзi балықтарының барлық түрлерi, соның iшiнде
бекiрелер, Каспийдiң қазақстандық суларында және Едiл мен Жайық өзендерiнiң
атырауларында мекендейдi.
      Каспийдiң солтүстiк-шығыс бөлiгiндегi аралдарда каспий тюленi
мекендейтiн негiзгi орындар бар. Сулы-сазды алқаптарда құстар мекендейдi,
ал келуi-кету кезiнде миллиондаған су құстары уақытша тұрақтайды, олардың
үштен бiрi қыстауға қалады.
      Алайда, қазiргi уақытта аймақ теңiз деңгейi көтерiлуi, қоршаған
ортаны ластаудың өткен жылдардағы және қазiргi ластанудың шешiлмеген
проблемалары, жалғасып отырған экожүйе тозуы мен биологиялық
алуантүрлiлiктiң қысқаруы салдарын қоса алғанда, экологиялық проблемалардың
терiс әсерiмен байланысты бiрқатар қиындықтарды бастан кешiп отыр.
      Солтүстiк Каспий бiрегей экожүйесiнiң биоресурстарын, әсiресе, бекiре
балықтарының түрлерiн сақтау мақсатында Едiл мен Жайық өзендерi атырауларын
қоса алғанда, Солтүстiк Каспийдiң шығыс бөлiгiнiң акваториясы ҚP Үкiметiнiң
қаулысымен 1974 жылы ерекше мәртебесi мен қорғау режимi бар қорық аймағы
болып жарияланды. Ресей жақпен iргелес қорық аймақтарын есепке алғанда
Солтүстiк Каспийдiң барлық акваториясы қорық аймағы болып табылады.
      Шетелдiк және ұлттық сарапшылардың бағалауы бойынша Каспий теңiзi
қазiргi уақытта биологиялық өнiмдiлiктi айқындайтын бiрқатар параметрлер
бойынша сыни жағдайда тұр. Қалыптасқан экологиялық проблемалардың бiрқатары
трансшекаралық сипатқа ие.
      Экологиялық проблемаларды бүкiл Каспий өңiрi елдерi мен халықаралық
ұйымдарының бiрлескен күш-әрекеттерiмен шешу мақсатында Қазақстан
Республикасы соңғы бiрнеше жылдар бойы аймақтық Каспий экологиялық
бағдарламасын (КЭБ) iске асыруға қатысып келедi. КЭБ мақсаты экологиялық
ахуалды тұрақтандыру және Каспий теңiзiнiң қоршаған ортасын, сондай-ақ
жағалаудағы аймақты халықтың тұрақты өмiр сүруi және теңiз экожүйесiн
сақтау үшiн сауықтыру болып табылады.
      КЭБ бiрiншi фазасын iске асыру шеңберiнде Каспий теңiзi мен оның
жағалауындағы аймақтың проблемасын трансшекаралық диагностикалық талдау
жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлдi. КЭБ халықаралық және ұлттық сарапшыларының
қатысуымен трансшекаралық диагностикалық талдауды әзiрлеу процесiнде
аймақтың мынадай экологиялық проблемалары анықталды:
      жағалау аймағы мен теңiз суының ластануы, қоршаған орта жай-күйiнiң
жалпы нашарлауы;
      жағалау ландшафтарының шөлейттенуi және көрiксiзденуi, жағалау
ареалдары мен инфрақұрылымдарының бүлiнуi;
      биоресурс қорларының, соның iшiнде бекiрелердi қоса алғанда,
балықтардың кәсіптік түрлерінің азаюы;
      халық денсаулығының нашарлауы;
      мұнай-газ өндiрушi өнеркәсiп қызметiнiң нәтижесiнде техногендiк
апаттар ықтималының артуы, жағалау аймағы мен теңiз суының ластануы.
      Каспий теңiзi экологиялық жүйесiнiң жай-күйi көбiне құрлық пен
жағалау сулары акваториясын қамтитын жағалау аймағындағы экологиялық
жағдайға, сондай-ақ теңiзге құятын өзендер ағыстарының экологиялық
жағдайына байланысты.
      КТҚС-ның жағалау аймағындағы қазiргi экологиялық жағдай тұрақсыздық,
оның iшiнде табиғи және антропогендiк факторлар жиынтығынан туындаған
табиғи ортаның азып-тозуының үдей түсуiмен сипатталады.
      Су басу және су астында қалу салдарынан, түрлi тасымал және желiлiк
құрылыстарды, өнеркәсiп объектiлерiн, мұнай кәсiпшiлiктерiн (40 мұнай
ұңғымасы), елдi мекендердi, геологиялық ресурстар мекендейтiн ареалды,
рекреациялық және басқа да объектiлердi қоса алғанда, жағалаулық
инфрақұрылым бүлiнiп, пайдаланудан шықты.
      Сондай-ақ жағалау аймағы экожүйесiнiң бұзылуы, жерасты сулары
деңгейiнiң көтерiлуi, жағалаулық аймақ топырағының сортаңдануы, жануарлар
мен балықтардың мекендеу ортасының нашарлауы, ареалдың өзгеруi, азықтық
қордың қысқаруы орын алды. Өзендер арналары мен түбiнiң тайыздауы
кәсiпшiлiк балықтарының табиғи өсiп-өну мекенiне өтуiне кедергi туғызды.
      Каспийдiң солтүстiк-шығыс бөлiгiне тән апатты тасу-қайту
құбылыстардың салдарынан орасан зор жағалаулық аумақтардың оқтын-оқтын су
астында қалады, тасқын құрлыққа ондаған километр дендеп кетедi. Бұл
құбылыстар балықтардың, бинтос және су өсiмдiктерiнiң құрлыққа шығып
қалуымен, биоресурстардың жойылуымен қатар жүредi, ал су қайтқанда
(шегiнгенде) теңiзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселелер
Қазақстан туралы жалпы мәлімет
Қазақстан табиғатының экологиясы және тұрақты дамуы
Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі
Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Экология ғылымының зерттеу объектісі - адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сарқылуын, олардың себеп-салдарын анықтау
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РОЛІ
Ауа райы және климат
Трансшекаралық аумақ шеңберіндегі Сырдария мен Амудария өзендерінің мәселесі
Пәндер