Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы



І. Кіріспе
1.1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қиялдың физиологиялық негізі.
2.2. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял.

ІІІ. Қорытынды
3.1. Қиялдың даралық айырмашылықтары және балалардың
ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы.
3.2. Қиялдың түрлері.
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял —тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял — адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Ондай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырып көрсетуге болады:
а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат-мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттің іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға болады.
1. Жарықбаев «Жантану негіздері»
2. Тәжібаев «Жалпы психология»
3. С.Мұқанов «Жас ерекшелік педагогикасы»
4. Бабаев «Жантану негіздері»
5. Ж.Аймауытов «Жалпы психология»

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе
1.1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қиялдың физиологиялық негізі.
2.2. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял.

ІІІ. Қорытынды

3.1. Қиялдың даралық айырмашылықтары және балалардың
ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы.
3.2. Қиялдың түрлері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жарықбаев Жантану негіздері
2. Тәжібаев Жалпы психология
3. С.Мұқанов Жас ерекшелік педагогикасы
4. Бабаев Жантану негіздері
5. Ж.Аймауытов Жалпы психология

Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына
елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған
бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар
тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял
—тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар
дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял — адамның еңбек
әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің
түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда
болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім
қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы
психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін
емес. Ондай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады.
Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады.
Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен
құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек
адамға ғана тән психикалық процесс.
Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп
топтастырып көрсетуге болады:
а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне,
алдына қойған мақсат-мүддесіне байланысты болып отырады. Мысалы, жаңадан
машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілдіру
үшін оларды жасап шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын
деп жүрген студенттің іс-әрекетін, шөл далада сусап келе жатқан жолаушының
қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға
болады.
ә) Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім
дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, өмір-тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар
адамның қиялы мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға
болмайды.
б) Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады.
Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі
жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері,
қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді. Қиялда
ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кеңес психологі А. В.
Брушлинский қиялды ойлаудың ерекше бір түрі деп санайды. Бұл пікірді
қостаушылар қазіргі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені, ойлау белсенділігі
адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттерге жетелейді.
Физиолог И. М. Сеченевтың қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның
басына оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың
келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың
өзін бұл ережеден шығарып тастауға болмайды деген пікір айтқан еді.
в) Адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде дамып отырады.
Мұндағы шарттар: саналы мақсат, болашақты болжай білу, оны өңдеп елестете
алу. Адам қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар
психикасынан өзгешелеп тұрады.

Қиялдың физиологиялық негізі

Қиялдың жаратылыстық-физиологиялық негізі — мидағы оңашаланған
орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарларының қабығы. Адамның қиялдау
әрекетіне қозу мен тежелудің іздік процестері, иррадиация мен концентрация,
оң және теріс индукциялар, талдағыштардың ми бөлігіндегі талдау мен
біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп, көптеген жүйке процестерінің түйісуі
нәтижесінде адамның нақты қабылдауында бұрын болмаған жаңа образдар мен
елестер туады.
Мұндай жүйкелік байланыстар екі түрлі: 1) сананың қатысуынсыз-ақ,
кездейсоқ тітіркендіргіштердің әсерінен ми қабының жоғарғы бөліктерінің
бақылауы бәсеңдеп, әлсірегенде туатын жүйкелік байланыстар. Мысалы, түс
көру, галлюцинациялар. 2) Адамның өз алдына саналы түрде мақсат қоюы мен ми
қабығының тиісті орталықтарындағы қозудың басқа орталықтар қызметімен
үйлесуі нәтижесінде туатын жүйкелік байланыстар. Бұл — ырықты қиял. Осы
саладағы қиялға жетекші болатын нәрсе — екінші сигнал жүйесі. Ол — сөз.
Сөз бұрынғы байланыссыз, уақытша жүйкелік байланыстарды жаңғыртып, заттың
сипатын айқын ажыратуға, жаңадан байланыстар тудыруға, қиялды дамытып,
өрістетуге жәрдемдеседі. Қиялдың бұл түрінің физиологиялық негізі доминанта
принципіне бағынады.

Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял

Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял
ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз
қиялды пассив қиял, ырықты қиялды актив қиял деп те атай береді.
Ырықсыз қиял адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің
ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі
төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ояу кезде де ырықсыз
қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс
көруден байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым-шытырық болатыны да — осы
ырықсыздықтан. Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін
босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр
нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан
кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы. Осы екі мысалдың
бірінші жағдайында — қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда
сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес— қиялдың пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі — ырықты қиял. Бұл — адамның алдына
саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер
тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады.
Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, мұғалім т. б. болып ойнауларына қарап, олардың
ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені, ырықты қиял еңбектену процесінде
дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын-ала көз
алдарына елестетеді. Оларды орындауға, қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде
жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары
бар. Олар — қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.
Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын
болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіштерге
байланысты туындайды. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркендіргіш
қызметін әр түрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар
атқарады. Ал бұл қиялдың психологиялық құрылысын іздестіріп көретін болсақ,
ол — екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші снгналдық бейнелерге
айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам басқа біреудің сол мұхитты
суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды.
Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы
заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету
болып табылады.
Қайта жасау қиялы — адамның ой-өрісін дамытып отыратын психикалық
процесс. Қиялдың бұл түрінің тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Мысалы,
оқырмандар Мұхтар Әуезовтың Абай жолы эпопеясындағы Дәркембайдың бейнесі
арқылы кедей шаруалар мен жатақтардың тұрмыс халін көз алдарына елестетіп,
пайымы кең, ақыл-парасаты терең кісілердің оқымаған адамдардың арасынан да
жиі кездескендігіне көз жеткізеді. Мектепте оқытылатын жеке пәндердің де
қайта жасау қиялын дамытуда мәні зор. Геометрия, сызу сабақтарында сызба
суреттердің мәнісі әрбір машина тетіктері, олардың қызметі, жұмыс принципі
арқылы түсіндіріледі. Қайта жасау қиялы адамның барлық қызметі мен іс-
әрекетіне қатысты. Өйткені, әрбір адам өзі істеген жұмысының нәтижесі мен
пайдасын күнілгері көз алдына келтіріп, қиялы арқылы оларға шолу жасайды.
Қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиял – психикалық процесс ретінде
Қиял процесі
Адамның даралық психологиялық сипаттары туралы
Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял
Таным процестер және олардың инженерлік ерекшеліктері
Сана философиялық мәселе ретінде
Эмоция туралы
Баланың ойыны мен ересек адамдардың әрекеттерінде қиялдың дамуы
Сезім және эмоция
Балалардың ерік жігерін тәрбиелеу
Пәндер