Польшадағы постсоциалистік кезеңдегі демократиялық өзгерістер


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

Дүние жүзі тарих кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ПОЛЬШАДАҒЫ ПОСТСОЦИАЛИСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Орындаған: «» 2009ж.

Ғылыми жетекші: «» 2009ж.

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі: т. ғ. д., профессоры:

«» 2009ж.

Алматы 2009

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Польшаың тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтуінің алғы шарттары

1. 1 1980 жылдарындағы І жартысындағы Польшадағы саяси экономикалық дағдарыс және «Ынтымақ» ұйымының қоғамды демократияландырудағы орны . . . 6

1. 2. 1989 жылғы парламенттік сайлау және демократиялық күштердің жеңісі . . . 28

2 Постсоциалистік Польшадағы реформалар

және демократиялық қоғамның қалыптасуы.

2. 1. Польшадағы 90-жылдардың басындағы саяси реформалар . . . 43

2. 2. Польшадағы экономикалық реформалар және нарықтық негіздердің қалыптасуы . . . 58

Қорытынды . . . 70

Пайдаланылған деректер . . . 73

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: 1970 жылдардың ІІ жартысы мен 1980 жылдардың басындағы Польшадағы Үкімет саясатына қарсы назарылық шерулері және «Ынтымақ» Ұйымының құрылу тарихы мен дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру негізгі өзекті мәселе болып, табылады. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» 1996 ж. шыққан еңбегінде: «1980 жылғы КОКП ОК Бас Хатшысы Л. И. Брежневтің соңғы сапарын еске алып, ол бір мазасыз кезең еді. Л. И. Брежнев әлденеше рет арнайы байланыс бойынша Поляк Басшылығының хабарласты. Ондағы ахуал тым қауіпті еді. Социализмнің басына түсер зобалаң сол Польшадан басталғандай еді», - деп жазды. /1, 52/

Социализмнің терең дағдарысы азаматтар өмірін үлкен күйзеліске салды. Рим Папасы Иоан Павл ІІ үнемі өзінің ұстанымында отаны Польшаның дербестігін армандап, соған жетуге АҚШ бастаған Батыс елдерімен үнемі үлкен қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде 1989-1990 жылдары Польшада және социализм құрсауындағы Шығыс және орталық Еуропада «Мақпал Революциялар жүзеге» асырылып, 2000 жылға дейін Польша әлемдік қауымдастыққа кіріккен, Еуродағы терезесі тең мемлекетке айналды.

Диссертация жұмысының деректік негізі: Диссертацияның алға қойған мақсаты мен міндетін орындауда негіз болған деректердің айнар көздеріне орай біз оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырып отырмыз. Ең алғашқылардың қатарында тұрғаны бұл заң актілері мен қаулылары.

Деректің келесі бір тобы бұл Мемлекеттік қайраткерлердің сұхбаттары мен еңбектері нақтылы айтқанда ҚР тәуелсіздік алғанан кейінгі кезеңде халықаралық құқықтық субъект ретінде халықаралық ұйымға мүше болу осы ұйым шеңберінде қабылданған адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғауға және сақтауға аралған құжатта Қазақстанда қосылып, ел қатарлы алға қарай дамуы қажет екендігі жайлы жазған ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері басшылыққа алынды.

Тақырыптың негізгі дерек көздерінен: Советский Союз - Народная Польша 1974-1987 жылдар аралығын қамтитын (Құжаттар мен матриалдар жинағы) . Бұл еңбекте Кеңес Одағының Польшаға жасаған туысқандық көмегі деп бағалады. Польша Президенті А. Квасневскийдің Қазақстанға жасаған ресми сапарында бүгінгі Польшаның өзідік даму жолына берген бағасы бағалық құжат болып саналады. Сонымен қатар, Информационнная бюллетень журналында Польшаның жоғарғы палатасы туралы егжей-тегжейлі мағлұматтар берілген. Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі М. Гавенскийдің «Польша Европаға оралуда» атты «Жас алаш» газетіне берген сұхбатында бүгінгі Польшаның жай-жапсары даму барысы туралы мәліметтер берілген.

Мәселенің зерттелу деңгейі: 1980 жылдардағы Польшадағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, Ынтымақ Ұйымының құрылу тарихы бойынша Я. Я. Гришин «Поиск контрреволюций и защита революционных завоевания» еңбегі Поляк революциясының жай жапсары, «Ынтымақ» ұйымының құрылу тарихы және оның атқарған қызметінің кейбір тұстарына үңіле қараған. «Краткая история Польшы (с древнейших времен до наших дней) » еңбегі Польшадағы осы кезеңдегі жағдайды еш бүркемелеусіз рет-ретімен баяндап, 1990 ж. желтоқсандағы Л. Валенсаның Президент қызметіне кірісуіне дейін әкеле аламыз, «Политичесий портрет Леха Валенсы» М. 1993 еңбегі осы уақыттардағы Польша қоғамындағы саяси іс әрекеттерді қоғамдық сананың ояну мен процесстердің дамуындағы өзіндік жолын қалдырған болатын белгілі қоғам қайраткері саясаткер Л. Валенсамен тығыз байланыстырды. /7, 15/

Айтқандай, мұнда біз Л. Валенсаның еңбегінің мол екеніне көз жеткіземіз.

«Свободная мысль» №12-18 (1994 жылғы) В. Виятрдің «Польша пять лет, после перелома» атты мақаласында 1989 жылғы «Дөңгелек үстел» келісімі оның тарихи маңызы және Парламенттік сайлау және 1993 жылғы Парламенттік сайлау және оның қортындылау, Польша мемлекетінің демократияландырудағы ролін жан-жақты көрсеткен болатын. /10; 8/

Польша (қоғамдық дамудың өзекті мәслелері) деген еңбектің бір тарауында 1990 жылдардан бастап, Президент А. Квасневскийдің саясаты және сол дәуіріндегі Польшадағы демократияландыру үрдістері 1999 ж. НАТО-ға мүше болуы егжей-тегжейлі баяндалған. Сонымен қатар, «Банковское Дело» журналының 2004 жылғы №4 санында «Опыт Польши» тақырыбындағы мақалада осы уақыттағы Польшадағы қабылданған экономикалық заңдар олардың Нарықтық экономика жүйесін қалыптастырудағы ролін жеткен жетістіктері баяндалған.

Диссертацияның мақсаты: Мен бұл тақырыпты жазуда Шет елдік және Отандық зерттеушілердің еңбектерімен шығармаларын пайдалана отырып, «Польшадағы Постсоциалистік кезеңдегі демократиялық өзгерістерді өзімдік тұрғыдан баға беріп, тарихи бағасын беру болып табылады. 1970-1980 жылдардағы Поляк Халық Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық олқылықтар, наразылық шерулері, «Қарсыласу» қозғалыстары және оның нәтижесіне ғылыми талдауларға сүйеніп өзімдік тұрғыдан көз жеткізу болып саналады.

Қаншама ондаған жылдар Ресейдің, КСРО-ның 5 жыл Фашистердің бұғауында болған Поляк Халқының ұлт-азаттық, бостандық үшін ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қазіргі заманғы өркениеті өмір үшін күресін, жемістігін өзімізге сабақ алып пайдалану болып табылады.

Г. К. Көкебаеваның «Общественно-политические перемены в странах Восточный Европы в освещении журналы «Osteuropa» деген еңбегінде Шығыс Еуропадағы, соның ішінде Польшадағы 90-шы жылдардың басындағы қоғамды саяси өзгерістер, алғашқы сайлаулар, саяси партиялардың қызметі. Мақалада Польшада 1989 жылғы ақпанда басталып екі айға созылған «дөңгелек үстелге» талдау жасалған». /8, 10/.

Профессор С. М. Мәшімбаевтың «Социальные экономическое реформе Польша» еңбегінде 1989-2000 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық реформалар жан-жақты қарастырылып баға берілген.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері: «Постсоциалистік Польшадағы демократиялық өзгерістер» ауқымы 1976-2008 жылдар аралығын қамтыған хронологиялық құрлымын жасай аламыз. Оның ішіне Кеңестік кезеңдегі материалдар, 1991 жылдан бергі материалдар және бүгінгі күнгі материалдар негізін құрайды.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық маңызы: Постсоциалистік Польшадағы демократиялық өзгерістер тақырыбы 1989-2007 жылдар аралығындағы аз уақытта Польша Республикасындағы шапшаң Демократиялық өзгерістер мен Экономикалық реформалар тарихта өзіндік маңыздылығымен ерекшеленеді. 1990-2008 жылдардың аралығындағы «Польшадағы постсоциалистік кезеңдегі демократиялық өзгерістер» Елде Азаматтаық-либералды қоғам мен еркін экономикалық жүйені қалыптастырылды. Саяси аренада мемлекет негізін құрайтын жергілікті халықтың мақсат-мұратын іске асыратын саяси қозғалыстар мен Партиялар өкілдері мемлекеттік Басқарушы, Заң шығарушы және Үкіметтен орын алды.

Поляк қоғамының құрлымымен экономикалық жүйесінің еуропалық стандартқа сәйкестендірілу үрдісі Польша Республикасы Әлемдік Қауымдастық алдында Өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде мойындатты. Осыдан біз өзіміздің Қазақстан Республикасына да үлгі алуымызға болатын тұстар жетерлі. к Аталмыш уақыт ішінде Польша Республикасы өз саясатын түбегейлі өзгертіп Ресейден іргесін аулақ ұстап, АҚШ-пен Батыс Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтасты оған дәлел ретінде Польша Республикасының НАТО-ға және Еуропалық Одаққа мүше болуын айта аламыз.

Диссертацияның құрлымы: Жұмыстың мазмұны негізінен кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған деректер тізімінен тұрады.

1 Польшаның тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтуінің алғы шарттары

1. 1 1980 жылдарындағы І жартысындағы Польшадағы саяси экономикалық дағдарыс және «Ынтымақ» ұйымының қоғамды демократияландырудағы орны

1980 жылдары Польшада үкіметтің теріс саясатына қарсы күрескен «Ынтымақ» қозғалысының құрылу себептері тым әріде жатыр. II дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО-ның ықпалына түскен Польша коммунистерінің Орталықтан жоспарлау шаруашылығы ел экономикасын дамыта алмады. Әлуметтік жағдайдың нашарлығы және қоғамдық- саяси өмірдегі шектеулер мен озбырлықтарға қарсы халық наразылығы болып тұрды. Бұл жағдайлар 1960 жылдардың соңында саяси дағдарысқа әкеліп ел жетекшілерінің ауысуына себепші болды. 1980 жылдары Польшада Демократияшыл күштер мен ресми тотариталдық билік арасында саяси текетірестер орын алды. Билікке қарсы күштердің негізгі талабы Мемлекеттік саясаттың халықтың мүддесінен алмақтығы, мемлекеттік және қоғамдық деңгейдегі істердің дұрыс шешім таппауы. /6/

Үшінші бөліністен кейін Польша жерлері Ресей, Германия, Австро-Венгрия империяларының құрамына кіргізілген еді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Үштік (Төрттік) одақтың жеңілуі, көпұлтты империялардың ыдырай бастауы Польшаның дербес мемлекеттілігінің қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

1970 жылы Поляк Біріккен Жұмысшы партиясының (ПБЖП) жетекшілігін қолына алған Э. Герек ел экономикасын шет ел кредиттеріне сүйене отырып жақсарту бағдарламасын жариялады. Бұл алғашқыда экономикаға серпіліс бергендей болды. Алайда бір жақты ауыр өнеркәсіпке көңіл бөлініп, алып және экономикалық тұрғыдан қажет емес кәсіпорындар салынды, ал ауыл шаруашылығы мен халық тұтынатын заттарды өндіруге назар аударылмады. Жалақының көбеюі тұтыну заттарына сұранысты арттырып, дефицит пен инфляцияның пайда болуына әкелді. Батыс елдерінен инвестиция тарту өте үлкен сыртқы қарыздарға әкеліп, оның көлемі 1980 жылы 20 млрд. АҚШ долларына жетті. Халықтың әлуметтік жағдайның қиындауына байланысты ел ішінде наразылықтар өсіп қоғамда ауыр жағдай қалыптасты.

Париж бітім конференциясы ыдыраған Габсбургтер империясының иеліктерінде пайда болған жаңа мемлекеттерді мойындады. Конференцияда Поляк мәселесі талқылау барысында Польша делегациясы Польшаға екіші және үшінші бөліністер кезінде Германия, Австро-Венгрия және Ресей тартып алға жерлерді қайтаруды талап етеді.

Польша Халық Республикасында саяси оппозиция бұрыннан бар болатын. 1976 жылы Радом, Плоцк қалаларындағы жұмысшылар толқуынан соң, батыраңқы саяси оппозициялық күштер белгілі дәрежеде ұйымдасқан сипат ала бастады. Олар өз насихат жұмыстарын ғылыми-техникалық және шығармашылық зиялылар, студент жастар, әсіресе жұмысшылар арасында таратуды күшейтті. Белсенділік танытқан оппозицияны АҚШ әкімшілігі тарапынан дереу қолдау тапты. /6/

1980 жылдардағы Халық аралық саяси аренада 1979 жылы желтоқсанда КСРО тарапынан Ауғаныстанға «туысқандық көмек көрсету үшін» әскер енгізуінде жергілікті халықтың жеке мүдессімен санаспау, шекеден қарау ниеті басым екендігін көрсетті. Басқыншыларға қарсы күресте жергілікті Ауған партизандарын АҚШ Армиясы қару-жарақпен қамтамасыз етіп, барынша қолдауға тырысты. АҚШ-тын негізгі мақсаты - КСРО-дағы және Дүние жүзіндегі социалистік құрлысты құлату болды. Осы кезеңдегі орын алған жағдайлар АҚШ-тағы Жаңа Президент Рональд Рейганның билікке келуімен тұспа-тұс келді. Осы кезеңнен бастап АҚШ өзінің дүние жүзіндегі байырғы бақталасы КСРО-ны бірнеше тараптан қысымға алды. Рейган Әкімшілігі АҚШ Қорғаныс жүйесіне қатты көңіл бөліп КСРО-дан асу үшін жанталасып қарулануға көп қаржы бөлді. КСРО-ға қарсы жұмыс істейтін компаниялардың жұмысын күшейтіп «Жұлдызды соғыс» саясаты осы кезеңде орын салған еді. Бұл АҚШ-тың «империялдық зымяндағы» болды. Оның орталық және шығыс Еуропаға жүргізген саясатындағы жетекші роль атқарған «Ынтымақ» ұйымын АҚШ Президенті Рейган өзінің басты одақтасы ретінде санады. /14, 55/

Поляк оппозициясының идеологиялық жабдықтаушысы ролін эмирация өз мойынына алды. Ең алдымен Париждегі Әдебиет институты және оның журналы «Культура» сонымен қатар Мюньхендегі «Азат Еуропа» радио станциясының редакциясы «Культура» беттерінде 1970-ші жылдарды ұйымдасқан саяси оппозицияның негізгі идеялық принциптері, мақсаты, әдісі және күресу құралдарымен жасалды. 1970-ші жылдардың орта шенінде коммунистер үшін сәтсіздіктер туғызған оппозициялық құрлымның алғашқы нышандары байқалған еді. Билікке қарсы топтардың ашық қарсы шығуына 1976 жылы Ел Конституциясына енгізілген түзетулер мен өзгертулер себепші болды. Онда оппозициялық күштер демократиялық реформаларды талап етті. Ақпарат құралдарына еркіндік беру мен цензураға тиым салу және т. б . болды. /7, 62/

Осы кезеңде орын алған Ресми билік пен Оппозиция арасындағы шиеленісте оппозиция жағында католик шіркеуі үлкен роль атқарды. Оппозицияның ұсынған либерализация саясаты коммунистік режим қарамағындағы миллиондаған поляк азаматтарының пікірін өзгертіп, оппозиция ықпалына тартып, Батыс елдерімен жақындастырды, қоғамдағы «Салауаттық өмір салтын» насихаттаған батыстық фильмдер мен кітаптар айрықша қызмет атқарды.

Елдегі ұйымдасқан оппазициялық қозғалыстың басын Жұмысшыларды Қорғау Комитеті (Комитет оборну работнику в КОР) бастады. Ол 1976 жылы қыркүйек Я. Курон, А. Михник және профессор Я. Ю. Линьскийдің Радом мен Плоцкідегі толқуларға қатысып күйзелген көмек беруі үшін құрылған болатын. Комитет мүшелері арасында поляк мәдениеті мен ғылымның белгілі қайраткерілері қарсыласу және социалистік қозғалыстың ардагерлері, сонымен бірге партиядан «социал-демократиялық және ревозонистік көзқарасы үшін» шығарылған. Поляк Біріккен Жұмысшы Партиясының бұрынғы мүшелері болды. Кейінірек жұмысшылар көшіріліп жұмыс орындарына оралған соң Комитет деген жаңға ат алды. Әлеуметтік өзін-өзі қорғау комитеті (Комитет Социальной Самозащиты - КСС - КОР) - ол бірден елдегі оппозициялық істердің координаторына айналды. Кейін оған көптеген басқа топтар қосылды. 1977 жылы қазанда Комитеттің заңсыз полиграфиялық базасы («Нова» баспасы) құрылып баспасөз арқылы кеңінен қамтыған насихат жұмыстары жүргізілді. («Работник» газеті, «Запись», «Крытка» журналдары) Я. Куронь мен А. Михниктің саяси концепцияларының негізгі елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені тұрақсыздандыру Поляк Біріккен Жұмысшы Партиясын саяси аренадан кетіру жатты.

Егер КСС-КОР жұмысшалар жағдайына көбірек көңіл бөлсе (ең болмағанда басында), ал 1977 жылы наурызда құрылған Адам құқықтарын қорғау қозғалысы ең басында-ақ билеуші режимге қарсылардың бәріне сүйенеді. Қозғалыс инициаторлары ұлтшыл патриот Харистан демократиялық және пильсудтық дәстүрлерді ұстанатындықтарын жасырмады. Бірақ 1978 жылы қозғалыстан тарихшы және журналист А. Мочульский бастаған топ, гданскілік және лозиндік топтардың шығуымен әлсіреп кетті. Ғылыми күрестер қоғамы «ұшқыш университтер» атты ағарту жұмысымен айналысты. Онда Польша тарихы мен мәдениеті орыс, поляк және кеңес поляк қатынастары туралы ойлар официалды концепциялардан өзгеше болды.

Шығыс Еуропа елдерінде сталиндік диктаттың орнауы, ком-мунистік партиялардың жеке әкімшілік-тоталитарлық билігінің орнауы Сталиннің билігін күшейтіп, халықаралық үйым қүру арқылы халықаралық коммунистік қозғалысқа басшылық етуіне жағдай жасады. Сөйтіп, бүрынғы комитеттердегі троцкистер мен бухариншілерге қарсы күресін жалғастырды. 1947 жылы Сталин халықаралық оппортунизмге қарсы күресіп, оларды идея жағынан талқандау үшін, Шығыс Еуропа елдерінде коммунистер мен оппозициялар ашық күресу үшін халықаралық трибуна жүмыс органы ретінде ақпараттық мерзімді баспасөз шығару керектігін Польша басшысы Гомулкаға тапсырады. Бүл орталық "социализмге бейбіт жолмен өту" идеясына қарсы маркстық емес идеяға, "парламентизм" мен "ревизинаизмге" баспасөз арқылы қарсы түру үшін қажетті халықаралық жүмысшы қозғалысы мен коммунистік қозғалыстың орталығы болу керек. Сонымен, Сталиннің диктаттық саясатының мәні халықаралық жүмысшы партиялары және коммунистік партиялардағы жауларын талқандау болды.

1947 жылы қыркүйек айында Польшаның Шклярска-Поремба қаласында КСРО, Италия, Франция және Шығыс Еуропа елдерінің коммунистік партияларының өкілдерінің қатысуымен конференция өтті. Оған КОКП (Кеңес Одағының Коммунистік Партиясы) елшілері А. Жүбанов және Г. Маленков-тар қатысты. Конференцияда қаралған мәселелердің бірі капита-листік елдердегі тап күресінің тактикасы мен стратегиясын анықтау болды. Бүл мәселе барысында Польша делегаты Гомулка сөз сөйлеп, халықаралық коммунистік қозғалысқа басшылық жасау үшін ақпараттық (информациялық) үйым қүру керек екенін айтты. Болгария және Венгрия басшылары В. Червенков, И. Ревай, Чехославакиядан Р. Сланский, Румыния мен Югославиядан Г. Георгиу-Деж, М. Джилас және Кардель сөз сөйлеп, қазіргі кезеңде жүмысшы қозғалысы мен коммунистік

қозғалыста "америкалық империализма" қарсы біртүтас майдан қүру керек екенін атап өтті. Бүл үсыныстар КОКП елшілігі тарапынан қолдау таппады.

Шклярска-Поремба қаласындағы халықаралық коммунистік партиялардың кеңесі коммунистік ақпарат үйымын қүрумен аяқталды. И. В. Сталин бүл үйымды Шығыс Еуропа елдеріндегі коммунистік партиялардың қызметін бақылау үшін пайдаланды. Сталиндік диктат халықтық-демократиялық елдердің саяси қүрылымына да жүре бастады. Сталиндік әміршіл тоталитарлық билікке қарсы компартия басшылары қуғын-сүргінге үшырап отырды. 1948 жылы коммунистік ақпарат үйымын қүруға үсыныс жасағаны үшін Польша компартиясының басшысы Гомулка орнынан түсіп, оның орнына Кремльдің айтқанын орындайтын Б. Берут тағайындалды. Сталиндік диктат саясатына

I социалистік елдер басшыларының арасында оппозиция

I қалыптасып, қарсы күрес басталды. /

"КСРО-ның әкімшілік озбырлық саясатына қарсы болған Югославия коммунистер одағының (ЮКО) басшысы Иосиф Броз Тито болды. Югославия халқының фашистік оккупация жылдарында антифашистік күресіне басшылық жасаған И. Б. Титоның беделі айтарлықтай болды. И. Б. Тито Югославия халқының көсеміне айналды. Югославия коммунистік партиясының беделі өсті. Социалистік қоғам қүруға бағыт алып, бір партиялық саяси жүйе орнады. Алғашқы халықтық-демократиялық революция жылдарында Югославия мен КСРО елдері арасында соғыс жылдарында қалыптасқан достық қарым-қатынастар дамыды. Кеңестік үлгідегі социализм қүруға бағыт алды.

1946 жылдан бастап Кеңестер Одағы және Югославия елдерінің басшылары И. В. Сталин мен И. Б. Тито арасында бір-біріне қарама-қайшылық басталды. Югославия басшысы И. Б. Тито Балқан түбегіндегі елдерді біріктіріп, Югославия ықпалын нығайтуға кірісті. 1947 жылы Югославия мен Болгария мемлекеттері достық және өзара көмек туралы келісімге қол қояды. Югославия басшысы Албания үкіметінің кеңестік ықпалының күшеюіне қарсы шығып, Албанияның экономика министрі Н. Спирдің саясатын сынап, арандатушылық жасап,

КОР ұйымдастырушылары бүкіл елдегі демократиялық бағытты жоқтаған іс шаралардығң барлығына қатысты. Өзін-өзі басқаратын ұйымның негізгі мақсаты елді тығырықтан шығару болды. Алғашында студент жастар мен зиялы қауымды маңына топтастырған ұйым аз ғана уақытта қоғам мүшелерінің көп бөлігінің қолдауына ие болды. 1980 жылы бірғана дәлел Е. Хользера маңына 33 азамат жақтасты. КОР қоғамдық пікірде жұмысшылардың мүддесін қорғап, зиялы қауымның позициясын жақтады. 1977 жылы қыркүйектк КОР Қоғамдық өзін-өзі қорғау комитеті болып қайта құрылды. Комитет әрқашанда поляк азаматтарының құқығын қорғап, коммунистік режимнің заңсыз әрекеттерінің барлығына қарсы шықты.

70-ші жылдардың ортасында КОР саяси аренада жалғыз өзі алысқа бара алмады. Дәл осы уақытта «Тәжірибе және Болашақ Конверсаториясы», «Жолдастық Ғылыми курсы», «Азаматтардың құқығын қорғау қозғалысы», Тәуелсіз Польша үшін Конфедерациясы және тағы басқа ұйымдар жұмыс жасады. Оппозиция құрамында болған өнер қайраткері Е. Эйслер мемлекеттік емес баспада қызмет жасаған еді. Жолдастық Ғылыми Курсы (ТНК) қоғамда интелектуалды бостандықты, партиялық әкімшілік үкіметтен тәуелсіз Кәсіподақ қозғалысын құруды талап етті. 70жылдардың соңындағы қоғамыдық өмірде жұмысшылар, шаруалар және студенттер қозғалысының көздеген мүддесі де мақсаты да бір жерден шыққан еді.

Оппозоциялық қозғалыстардың жаңа элементіне «Тәуелсіз Польша үшін» конфедерациясы жатады. Оған бірнеше заңсыз топтар енді. Өзінің бағдарламасы бойынша Конфедерация ашық антикоммуниятік және антисоциалистік сипатта болды. Оның лидері және идеологы Л. Мочульский ұйымының басты мақсаты ПХР-дің саяси құрлымын күштеп жою, Поляк Біріккен Жұмысшы Партиясын саяси аренада ығыстыру, КСРОдан іргені ажырату және Шығыс Еуропа елдері достығынан шығу деп жариялады.

1980 жылдардың басында партия жетекшілерінің экономикалық саясаты тығырыққа тіреліп, дағдарыс белгілері айқын сезіліп тұрды. Әлеуметтік мәселелердің өткірлігі, жастардың социализмге сенімнің жоғалуы ереуілдердің және қарсылықтың басқа түрлерінен көрінді. Қоғамдық жарылысқа тек ұшқын ғана жеткілікті еді. /6, 65/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау
Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы
Үш держава қолбасшыларының конференциясы
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі және оның постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
ХХ ғ. ІІ-ші жартысы мен ХХІ ғ. басындағы Орталық Шығыс (ОШЕ) елдері экономикалық және әлеуметтік реформалар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz