ХІV-XVIIғғ Қазақ хандығы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І бөлім: Кіріспе

ХІV-XVIIғғ Қазақ хандығы

ІІ бөлім: Негізгі

Қасым, Хақназар, Есім хандарының саяси қызметтері

ІІІ бөлім:қортынды

Хандардың басым көпшілігі жеке жүздерге ғана хан

Болды.

Қазақ хандығының нығаюы

(ХІV-XVIIғғ)

Қазақ хандығының бірінші жылдары (1465-1466жж) Алғашқы жүз жыл ішінде Қазақ хандығының жер көлемі едәуір кеңейіп, хандығы да өсті. Мәселен, XVI - ғасырдың аяғына таман оның жерінде бір милион екі жүз мың адам болды. Ұлыстарды басқаратын сұлтандар саны 18-24-ке жетті. Ханмен бірлесе отырып, бүкіл хандықты осылар басқарды.

Қазақ хандары Сырдария қалалары және бүкіл Түркістан үшін күресті. Парсы деректері бойынша (ХІV-XVIIғғ) бүкіл Түркістан дегеніміз, ол-Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу оңтүстік қазақстан болатын. Осы жерге сұлтандар бірінші кезекте құқықтарын орнатуға тырысты, өйткені бұл орындарды мұралық жерлеріміз деп есептеді және сырдария бойындағы қалалардың экономикалық, әскери стратегиялық рөлі өте биік болды.

Мемлекетіміздің қалыптасу және орнығу уақытында елді Бұрындық (1480-1511) басқарды. XVI-XVII ғ-да хандар бір ғана әлеуметтік топтан - сұлтандардан сайланатын.

XVI-XVII ғ-ң межесінде Қазақ хандығына мынадай қалалардың аймақтары кірді, олар: Созақ, Сығанақ, Сауран.

Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған әйгілі Қасым хан (1511-1523) тарихта «Қасым ханның қасқа жолы» деген ат қалдырды. Ол ақсүйектердің қарсылығын әлсіретті, әскерді күшейтті, хандықтың жер көлемін кеңейтті. Оның шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік - батыста Сырдарияның оң жағалауына дейін жетіп, Сыр бойындағы қалаларды қосып алды. Солтүстікте Қасым ханға бағынышты қазақтардың жайлаулары Ұлытау мен Балқаштан әрі асып кетті. Оңтүстік - шығыста Жетісу жерінің көбі - Шу, Талас, Іле, Қаратал өзендерінің алабы Қасым хандығына қарады.

Сырдария бойындағы қалалар үшін ол сұлтан кезінде күрескен. Мысалы, 1510ж Мұхамед Шайбани Сығанақты жаңадан жаулап алғысы келгенде, Қасым оған тойтарыс берді, өзбектер самарқандқа қашып кетті. XVI ғ-ң бірінші ширегінде Қазақ хандығы нағыз құдреттілікке жетті.

Қасым хан хан өзінің үстемдігін өте үлкен далалық кеңістікке, әсіресе Жетісуда орнатты. Батыста оның қарамағында дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасынан ру және тайпалар көшіп келді. Хандықтың шекарасы Жайыққа, ал оңтүстік Сырдарияға дейін кеңейді. Солтүстік және Солтүстік Шығыста қазақтардың иелігі Ұлытаудың және Балқаш көлінің арғы жағына созылды.

Ең маңызды жағдай: бірінші рет қазақ териториясын моңғолдың жаулап алудан кейін көптеген қазақ рулары мен тайпалары оның санында Жетісуда бар, бірігіп өзінің автохтондық, титулдық мемлекетін дүниеге келтірді.

Қасым хан кезінде қазақ хандығын Батыс елдері таныды, Мәскеу мемлекеті елшілік арасында қарым - қатынас басталды.

Қасым ханы Турция сұлтанына жазған хатында қазақтар батысқа қарай иелігін соза ма деп қорыққанын білдірді.

Қасым хан Мұхамед Хайдардың деректеріне қарағанда, 1518 жылы қайтыс болған. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белілі болған. ХІV ғасыр Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды, жер көлемі ұлғайды, халқының саны артты, халықаралық беделі өсті, хандықтағы талас тартыстар біршама азайды.

Қасым ханнан кейін ыдырай бастаған қазақ мемлекетін кайта қалпына келтірген Хақназар (1538-1580) . Ол хандықты нығайтты. Жайықтың сол жағалаундағы толып жатқан көшпелі ұлыстарды бағындырды. Жетісу мен Тян-Шаньға көз тіккен монғол ханына қарсы батыл күресті. Жетісудың шығысындағы ойраттардың (қалмақтардың) қысымына мықтап тойтарыс берді. Сыртқы қауіпке тойтарыс беру, ел ішіндегіалауыздықты бәсеңдету мал және егін шаруашылығының, сауданың дамуына жағдай жасады. Орыс мемлекетімен, Орта Азия халықтарымен байланыс, әсіресе сауда қатынасы жақсара түсті. Сауран, Түркістан қалаларын өзіне қаратты.

Хақназар батыстағы Ноғай ордасымен, оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен, Солтүстігінде Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулиетімен сенімге негізделген қарым қатынас орнатуға қол жеткізді. Қазақ хандығына қарайтын ру - тайпалардың Еділ мен Жайықты жағалай жайлап, Қызылқұм мен Сыр бойына жайыла қыстауы да осы кезде басталды.

Хақназар хан тұсында Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болды. Ресей мемлекеті шығысқа қарай іргесін кеңейтті. Ресей патшасы 1512 жылы Қазақ хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын, Қырым хандығын өзіне бағындырды. Бұл тарихи саяси оқиғы Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасын ыдырата бастады.

1579 жылы өзбек ханы Абдаллах хан көп әскер жинап, Баба сұлтанға қарсы екінші жорығын бастады. Қазақ ханы Хақназар Абдаллах ханның Баба сұлтанға қарсы бағытталған күресін қолдады. Қолдау жасап, көмек бергені үшін Абдаллах хан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы Қазақ ханына сыйға берді. Бұдан кейінгі шайқастарда Баба сұлтан да қазақ хандығына Түркістан, Сауран қалаларын сыйға беріп, қазақ сұлтандарының бетін өзіне қаратқандай болды. Алайда 1579 жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекетін Баба сұлтан сезіп қалып, қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Ал, 1580 жылы оның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханның аулына келіп, Хақназар ханды, оның туыстарын тегіс өлтірді.

Қазақ халқы тарихында «Еңсегей байлы Ер Есім», « Есім салған ескі жол» аты қалған Есім хан Қазақ хандығының жерін кеңейту үшін үздіксіз күресті. Шайқастарда жеке өзі асқан ерліктің үлгісін көрсетті. Сондықтанда халық оны «Еңсегей байлы Ер Есім» деп атады. Оның тұсында Түркістаннан Самарқанға дейін жер Қазақ хандығына қарады. Бұқарамен жасасқан (1599ж) шарт негізінде Ташкент қаласы атырабымен екі жүз жыл бойы қазақ хандарының билігінде болды. Есім хан қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Ойрат-қалмақтарға қарсы күрес жүргізді. Есім хан ел билегенде бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрыптарды қолданды. Сондықтан ол « Есім салған ескі жол» деп аталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы 15-18ғғ
ХVI - XVII iғғ. Қазақтардың жоңғаралармен қарым-қатынасы
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Астанасы Алмалық қаласы
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Хан жоғарғы билік иесі
ХV – ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІСТАН
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
Қазақ мемлекеттігінің құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz