Аурулар туралы


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Паразитарлы аурулар
- Күрделі респиратолы вирусты инфекция
- Дифтерия
- Менингококк инфекциясы
- Полиомиелитті жұқпалы ауру
- Вирусты гепатит
- Қызылшадан, көк жөтелден, паротиттен сақтану жолдары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Паразитарлы аурулар
Паразитарлы аурулар (жұқпалы аурулар) адамзатқа ежелгі заманнан-ақ белгілі. Олардың біразы өткен заманда-ақ жойылып кеткен. Әйтседе, бүгінгі күнде де олардың біразын әлі де кездестіруге болады. Алғашында ол ауруларды ауаның улы булануларымен, миазмаларымен байланыстырған. Ал ХVI ғасырдан бастап аурудын себебі - тірі қоздырғыштар екендігі анықталды. XVIII-XIX ғасырда микробиология ғылымының дамуы жұқпалы ауруларды арнайы бір салаға бөліп, оларды медицинада тиімді зерттеуге мүмкіндіктер туғызды.
Бұл аурулардың басты ерекшелігі, микроорганизмдердің: вирустар, бактериялар, қарапайымдылардың қоздыруынан туындайды. Оның жұғу жолдары әр түрлі : жақын қарым-қатынас кезінде адамнан-адамға, лас азық -түліктен, су және кір қолы арқылы болуы мүмкін.
Ағзаға микробтың түсуі міндетті түрде сырқаттанумен аяқталмайды. Егерде балаға белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы вакцина егілген болса, онда иммунитет пайда болады да бала ауырмайды. Ағзасы әлсіз бала егілген балаға қарағанда жұқпалы ауруларға оңай шалдығады, тіпті әлсіз микроорганизмдерге де қарсы тұра алмай ауырады.
Сондықтан баланы дүние алғаш күннен бастап-ақ денсаулығын нығайту керек. Емізіп жүрген ананың дұрыс өмір салтын құра білуі, үйдегі жағдайы, шынығуы, серуендеуі, тазалығы - осының барлығы көптеген аурулардан аман болып, оның ішінде жұқпалы аурулардан сақтануға бірден-бір себеп. Профилактикалық мақсатта егілген егулер баланы бірқатар аурулардан сақтайды.
Күрделі респираторлы вирусты инфекция
Күрделі респираторлы вирусты инфекция (КРВИ) - тыныс жолының қабынуын тудыратын вирусты инфекциялар балалар арасында өте жиі кездеседі. Әр бала жылына орта есеппен 2-3 ретке дейін КРВИ-мен ауырады. Бұл жұқпалы аурулар әр түрлі тип инфекцияларынан туындайды. Олардың түрі көп, оның ішінде ең көп танымал түрі тұмау, парагрипп және аденовирустары. Бұл аурулардың сипаттары да бір-біріне өте ұқсас. Кей балалар КРВИ-дан оңай айығады: ыстығы тым қатты көтерілмейді, аздап әлсіреп, тұмауратып жөтеледі. Ал кейбір балаларда ауыр формада өтеді: ыстығы қатты көтеріліп, ағза интоксикацияға ұшырайды да тыныс тарылады. Әсіресе жас балаларда жиі ауыр формада өтеді де кейін отит, пневмония сияқты ауруларға ұласады.
Балаларда аурудың туындап, оның ауыр өтуіне себептер көп. Олардың ішінде ағзаның қорғаныс күйі ерекше орын алады. Жас балалардың қарсы тұру мүмкіндігіне жиі күн тәртібін сақтамау, ерте қолдан тамақтандыру мен аралас тамақ беру, шынықтырмау, таза ауада серуендетпеу себеп болады. Емшек сүті - ол тек тиімді әрі оңай сіңірілетін ас емес, ол сонымен қатар иммуноглобулиндер - балаларды түрлі инфекциялардан сақтайды.
Ересек балалардың тамақтануына да ерекше көңіл бөлу керек. Олардың тағамында жеткілікті мөлшерде дәрумендер болғаны дұрыс. Үнемі ағзада кездесетін майда жұқпалы инфекциялар - балалардың қарсы тұру мүмкіндігін төмендетіп созылмалы тонзилит, гайморит, тіс кариесі сияқты ауруларды жиі тудырады.
Күн салқындай бере КРВИ-мен ауыратын адамдардың саны күрт өседі. КРВИ ауруының тым көбейіп кетуі адамдар арасында жиі әрі тығыз байланыстардың көп болуына байланысты. Балалар көбіне ауасы аз желдететін жерлерде отырады. Суық тиген кезде ғана әлсіриді. Тұмау мен өзге де КРВИ-лардың алдын алудың түрлері көп. Бұл аурулар көбейіп кеткен кезде бөлменің ауасын жиі желдетіп тұру қажет. Үш жасқа толмаған балалармен дүкенге, қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын жерлерге баруға болмайды. Емізулі балалары бар аналарға да сақ болуы керек.
Жыл сайын тұмауға қарсы егу жұмыстары жасалады. Олардан бас тартудың қажеті жоқ. Оксолин майы тез көмектесе алады, ол тек 2-3 сағат әсер етеді, сондықтан, әсіресе, қоғамдық көлікке мінер алдында оны күніне мұрынға 2-3 рет жағу керек. Лейкоцитарлы интерферонды көбіне аурумен енді ғана ауыра бастағанда немесе әлсіз балалар ауырып қалмау үшін алдын ала қолданады.
Отбасында ересек адам ауырған кезде, оны бөлек бөлмеге оқшаулап, балалардан аулақ ұстау керек.
Егер балаңыз КРВИ-мен ауырса, оны әрі тиімді емдеу дәрігермен кеңескеніңіз дұрыс.
Жас балалар арасында ең көп тараған ауру - ол күрделі ішек инфекциясынан туындайтын аурулар. Халық оны әдетте балалардың іш өту ауруы дейді, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны диарея деп атайды.
Күрделі ішек инфекциялар немесе диарея бір үлкен жұқпалы аурулар тобын құрайды. Ең көп тараған ішек инфекциялары - шигеллезалар (дизентерия), сальмонеллездер, эшерихиоздар, иерсиноздар және ауыз қуысының инфекциясы мен белгілі патогенді микробтан туындайтын аурулар.
Біздің республикамызда диарея ауруы бір жасқа дейінгі нәресте балаларда жиі кездесетін сырқат және ол өте қиын формада өтіп, кейде өлімге әкеп соғып жатады.
Диареяға шалдығудың кез-келген түрі инфекцияланған (ластанған) азық-түлік, су арқылы жұғады. Инфекция ыдыс-аяқ, киім-кешек, жаялық, емізік, ойыншықтар арқылы оңай таралады. Көбіне бұл ауруды шыбындар тартады.
Дифтерия
Соңғы кезде жаппай ақпараттандыру құралдарында біздің республикамызда дифтерияның қайта шығып жатқандығы белгілі. Бұл аурумен адамдар саны бүкіл ТМД елдерінде көбеюде. Ауруға шалдығумен қатар ҚР бойынша осы ауруды қоздыратын инфекциясы бар сау адамдар, яғни ауруды тарататындардың да саны өсуде.
Дифтерия - күрделі жұқпалы ауру. Ол жүрек-қантамыр, жүйке жұмыстарын ауыртып, кейде өлімге де әкеп соғуы мүмкін. Дифтерияны микробтар (таяқшалар) қоздырады. Микробтар ауаға ауру адам немесе дені сау, бірақ бойында осы дифтерия таяқшасы бар адам арқылы, қоршаған ортаға бөлініп шыққан әңгімелесу кезіндегі түкірік, жөтел, түшкіру арқылы шығады. Дифтерия таяқшалары көбіне тамақ таңдай сілемейлі қабаттарына түсіп, кейде жұтқыншақ, көз, мұрын, сілемейлі қабатына еңуі мүмкін. Аурудың ең көп тараған түрі - тамақ дифтериясы.
Қазір дифтериямен көбіне оған қарсы егілмеген адамдар ауырады. Кейде оған қарсы егілген адамдар да ауырып жататын кездер де болып жатады, бірақ ондай жағдай өте сирек кездеседі. Бұрын егілген адамдар ауырса, оларда бұл ауру ондай қатты күйде өтпейді және асқынбайды. Ал дифтерияға қарсы егілмеген адамдарда ауру ауыр формада өтеді, кейде өлімге әкеп соғуы да мүмкін. Дифтерия ауруына шалдыққандар, ауру басталған сәттен-ақ қатты ауырады, дене қызуы 37-38 градусқа дейін көтеріледі. Егер тамақ дифтериясына шалдыққан болса, аурудың шоғырланған кезінде сырқаттар тамағының қатты ауыратындығына шағым айтады. Тамақ бадамшаларында (миндаль) жабындар пайда болады. Ауру ангинаға өте ұқсас болып келеді, бірақ ол ангина кезіндегідей тез, жиі әрі қатты ауырмай, жәй, ұзақ сыздап қана ауырып тұрады. Аурудың ауыр формасы болған кезде дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі, қайта-қайта құсып тамақ қатты ауырады, әлсіреп, мойын бөлігі іседі.
Менингококк инфекциясы
Халық менингококк жұқпалы ауруының күрделі ауру екендігін жақсы біледі. 1994, 1995 жылдан қысы мен көктемі Алматы қаласының тұрғындары үшін менингококк жұқпалы ауруына байланысты өте қауіпті болды. Балалар арасында өлім көп кездесті. Менингококк жұқпалы ауру кезінде ауырған адамның аурудан айығуы оның антибиотиктерапияны бастау уақытына байланысты. Бұл жұқпалы ауруды емдеу үшін дәрігерлерде тиімділігі жоғары антибиотиктер бар. Олар оны ерте ағзаға енгізген кезде ғана көмектеседі. Егер антибиотиктер аурудың алғашқы 6-10 сағатында енгізілсе, онда адам ауруынан 100% айығады.
Менингококк жұқпалы ауру неден басталады? Аурудың көптеген клиникалық формалары белгілі: бойында ұстау және назофарингитке дейін - ол өте күрделі түрі. Бұл жұқпалы аурулардың ішінде ең жиі кездесетіні - менингит пен менингококкцемия. Екі ауру да аяқ астынан қатты аурудан басталады. Әдетте аурулар да, ата-аналар да ауырған кезді оңай атап бере алады. Дене қызуы 39-40 градусқа тіпті одан да жоғары көтеріледі, бас қатты ауырып, құсып, ұйқы қашады, балалар ашушаң болып, тамақтан бас тартады, жарық, айқай, қатты тітіркенуі мен ашу пайда болады. Аурулар әдетте бір бүйірге, аяқты бүгіп, басты шалқайтып жатқанды қалайды. Менингококкцемия кезінде қарынды, аяқ-қолды геморрагиалық жұлдызшалар қаптайды. Дақтар тез үлкейеді. Тамырдың соғу жиілігі артып, артериялық қысым төмендеп есеңгірей бастайды.
Менингококк жұқпалы ауруы әдетте өте ауыр өтеді, сондықтан балағаерекше назар аударып, қажет кезде жедел дәрігер көмегін шақырту керек.
Неғұрлым ертерек дәрігерге көріңсеңіз соғұрлым аурудан тезірек айығуға болады. Ең ерте медициналық көмек көрсетуді қажет ететін мезгіл ол аурудың алғашқы 6-8 сағаты.
Ата-аналар «менингит» деген аурудың атынан-ақ шошиды. Көбі менингитпен ауырған баланың ойлау қабілеті төмендеп, санасы кемиді деп ойлайды. Баланың санасы мен есіне ұстау қабілеті тек аздаған уақытқа төмендейді. Менингитпен ауырған бала жазылған соң эмоционалды ізденісті қажет етеді. Оған қатты таңғалуға, қуануға, ренжуге болмайды. Отбасында жағдай дұрыс әрі тыныш болуы керек, балаға теледидар алдында 30 минуттан артық отыруға болмайды. Күннің астында көп жүріп, шаршауға да болмайды. Невропотолог дәрігерінің бақылауы мен кеңесі баланың тезірек айығып, психоэмоционалды статусын орнына келтіруіліне мүмкіндік береді.
Полиомиелитті жұқпалы ауру
Елуінші жылдардың соңына қарай бүкіл СССР-де, оның ішінде Қазақстанда да полиомиелит ауруына шалдыққан адамдардың саны күрт өсіп кетті. Өлім әрине ондай жоғары болған жоқ, дегенмен де жүздеген балалар кемтар болып қалды.
Вирус бала ағзасына ауыз қуысы арқылы еніп, бүкіл ағза мен ұлпаларды, жүйке жүйесінің белгілі бір аймақтарын зақымдайды. Ауруға шалдыққан баланың дене қызуы көтеріліп, аяқ-қол мен омыртқа жотасы шаншып ауырады да, 2-3 күннен соң аяқ-қол, іш бұлшық еттері, кейбір балаларда бет бұлшық еттері тырысып қалады. Тіпті қазіргі заманның дұрыс емінің өзі үнемі оң әсер бермейді, жүйке ұлпалары бұзылғандықтан аяқ қолы семіп қалады. Бала ортопедиялық аяқ киім, көрсет киюге операция жасауға мәжбүр болады. Ал егер балаға уақытылы полиомиелитке қарсы профилактикалық егулер жасап отырса, оны әрине болдырмауға болады. Ол егу жұмыстардың ешқандай қорқыныш жоқ, себебі егу ауызға тамызу арқылы орындалады. Бала неғұрлым егуді ертерек алған сайын, соғұрлым осы ауруға қарсы тұру мүмкіндігі артады. Егер балалардың 95% полиомиелитке қарсы иммунизация алса, бұл инфекция адамзатқа деген қауіпін жояды.
Вирусты гепатит
Адамдардың көбі «Боткин ауруы» жайлы хабардар. Бұл аурудың бұлай аталуы себебі 100 жыл бұрын әйгілі орыс дәрігері С. П. Боткин кейбір аурулар адамды сарғайтып, адамнан адамға оңай жұғып, қатты асқынып өлімге әкеп соғуы мүмкін деген.
Соңғы онжылдықта ғана вирусологтар бұл аурудың құпиясын ашқан. Барлық өркениетті елдерде оны вирусты гепатит, яғни вирустың әсерінен туындаған бауырдың асқынуы деп атайды. Қазіргі кезде вирустардың 5 түрі белгілі. А және В гепатит вирустары ағзаға ауыз арқылы енсе, В, С, Д гепатит вирустары зақымдалған тері арқылы, сілемейлі қабат, қанмен ластанған инелер, шприцтер, стоматологиялық және гинекологиялық құрал-саймандар арқылы, қан құю, қан плазмасыарқылы ауру адамнан сау адамға оңай енеді. Сонымен қатар бұл ауру жыныстық қарым-қатынас арқылы оңай жұғады.
Бұл аурудың көп тараған түрі А гепатит вирусы арқылы туындайтын аурулар. Бұл «кір қол» ауруы. Жалпы А гепатит вирусына шалдыққан адамдардың 80% балалар. Аурудың иммунитеті тұрақты болып, ересек жастағы адамдар өте сирек ауырады. Жаз бен күзде осы аурумен ауыратын адамдардың саны күрт өседі. Жеке бас гигиенасын сақтамауы, үнемі күнделікті ұнамайтын, тамақтың алдында қолдың жуылмауы балаларды осы аурумен ауруға мәжбүр етеді.
Гепатит аурулары көбіне ауылдық жерлерде, шағын аудандарда, жиі кездеседі, себебі ол мекен жайларда ауыз су тапшылығы бар, яғни орталық су құбыры жоқ, ал адамдар ашық су беттерінен құдық, өзен, көлдерден ішеді. Ашық сулар әдетте ағын сулармен оңай ластанады. Мұндай жағдайларда Е вирусы гепатиті асқынады. Бұл гепатиттердің жасырын яғни инкубациялық кезеңі 7-35 күн, көбіне ауру жұқтырғаннан кейін 2-3 аптадан соң басталады. В және С вирустарының негүізінде пайда болған гепатит аурулары да өте қауіпті.
Соңғы жылдары бұл вирустарды қан арқылы жұқтыру өте сирек жағдай, себебі донорлар тексерістен өтеді. Донордың қанында осы гепатитті қоздыратын вирустардың бар, жоқтығы анықталады. Бұл вирустар сыртқы ортаға тұрақты, дезинфекациялаушы ерітінділерге залалсызданбайды және өлмейді, ұзақ қайнатуды оңай көтереді. Сол себепті бір рет қолданылған шприцтерді және инелерді, автоклавтарда арнайы залалсызданған құрал-саймандарды қолданған дұрыс.
Қазір жұқпалы ауруларды емдеумен айналысатын дәрігерлерді В және С гепатиті вирусының үй жағдайында оңай жұғатындығы қиналтып отыр. Қазақстан аймағында В вирусты гепатиті бар адамдар саны көп.
Егер де отбасында бір адамның бойында осы вирус болса немесе созылмалы гепатитпен, бауыр церрозымен ауыратын болса, 5-8 жылдан соң бұл отбасының барлық адамдары гепатитке шалдығады. Гепатиттің тағы бір қиындығы күнделікті тіршілікте жұқса ұзақ уақыттар бойы анықталмайды. Ерлі-зайыптылар бұл ауруды жыныстық қарым-қатынас кезінде бір-біріне оңай жұқтырады және балаларын сүйген кезде сілекей арқылы беріледі.
Д (дельта) гепатит ауруы да өте қауіпті, ол В вирусты гепатитімен ауырып жүрген адам ағзасына Д вирусты гепатиттің вирусы түскен кезде ғана болады.
В және С гепатитінің жасырын уақыты жұқтырған соң 6 айға созылады. Гепатиттің бар түрлеріне ортақ бір белгілері бар. Инкубациялық кезеңнен соң барлығында да сарғаю алды кезеңі болады, ол кезде адам әлсіреп, дене қызуы көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, құсқысы келіп, оң жақ жауырынның асты шаншып, іші ауырады. 2-3 күннен соң несептің түсі қызыл қоңыр болып, 4-6 күннен өткен соң тері мен көздің ақ бөліктері сарғая түседі. Дене түсінің сарғаю бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін сақталады.
Қанға зертханалық зерттеу жүргізу арқылы, сары түстің шығуын күтпей -ақ ауруды дәл анықтауға болады. Гепатит ауруына шалдыққан кез-келген адамды аурудың ауырлық деңгейін, емдеу мерзімі мен жазылу уақытын анықтау үшін ауруханаға жатқызу керек. Уақытылы қабылданған ем тез айығуға мүмкіндік береді.
Вирусты гепатиттер үнемі сарғаюмен өтпейді, кейде сол себепті ауруларды уақытысында анықтау қиын болады. Ауру адамдар аруханадан тыс серуендеп айналасындағы адамдарға жұқтырады, кейін оның өз ауруы асқынып ол бауыр церрозына айналады.
Бірнеше жылдар бойы педиатр-инфекционистер балаларға бақылау жүргізу кезінде бірнеше рет әуелгі созылмалы вирусты гепатитті кездестіруде.
Егер әйел адамның бойында В вирусты гепатиті болса, ол оны құрсақтағы балаға кейде босану кезінде, емізу арқылы оңай жұқтырады. Ал емізулі баланың гепатиттің кез-келген түрімен ауруы көбіне өлімге әкеп соғуы мүмкін.
Қызылшадан, көк жөтелден, паротиттен сақтану жолдары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz