Сатып алу - сату шарты мүлікті беру бойынша негізгі шарт ретінде түсінігі, оның мәні және элементтері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Сатып алу . сату шарты мүлікті беру бойынша негізгі
шарт ретінде түсінігі, мәні және элементтері
1.1. Сатып алу . сату шартының ұғымы, мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2. Сатып алу . сату шарттық міндеттеменің негізгі элементтері ... ... ... 7
2. Сатып алу . сату шартының мазмұны және
тараптарының құқықтық мәртебесі
2.1. Сатып алу . сату шартының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері ... 16
2.3. Сатып алу . сату шарттары бойынша жауапкершілік ... ... ... ... ... .. 26
3. Мүлікті беру бойынша шарттардың түрлері және
оларды құқықтық талдау мәселелері
3.1. Бөлшек сауда саттық шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
3.2. Тауар жеткізілімі шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
3.3. Энергиямен жабдықтау шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46
3.4. Кәсіпорынды сатып алу . сату шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 63
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін мүліктік қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде қарастыру қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт сынынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері енген. Бұны оңды құбылыс ретінде бағалауға болады, дегенмен азаматтық кодексті тым толықтықта айыптайтын көзқарастар да кездеседі. Себебі, онда сатып алу-сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттар көптеген түр-түрлерімен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату шарты жеке көрсетілген, онда тұтынушылар құқығын бекітуге артықшылықтар берілген. Кәсіпкерлік шарттың ерекше сипаттары тауар жеткізілімі шартына арналған нормаларда көрініс тапқан. Кез келген қазіргі заманғы мемлекет жағдайы үшін сатып алу-сату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрі маңызды мәнді иемденеді, бұл да азаматтық кодексте және соған сәйкес қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерде ескерілген.
Сатып алу-сату шарты мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әркайсысында ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған. Жекешелендірілген, мемлекеттік, сонымен бірге жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына кәсіпорындарды сатып алу-сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді. Сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған.
1. Басин Ю.Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, 2007г.
2. Басин Ю.Г. Гражданское право. Учебник Алматы,2006г.
3. Гражданский кодекс Республики Казахстан - толкование и
комментирование. Общая частъ. Вып.1-10. Алматы, 1996-2006 г.
4. Гражданское законодательство Республики Казахстан - толкование и комментирование. Выпуск 5 /под ред. Диденко А.Г./ Алматы, 2006г.
5. Ғ. Төлеуғалиев ҚР Азаматтық құқығы. А., «Жеті жарғы» 2007ж.
6. Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. Гражданское право. Оку құралы. Алматы, «КазГЮУ» 2008.
7. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық /Ерекше бөлім/ 1 том А., 2007ж.
8. Идрышева С. Энергия жабдықтау шартының құқықтық сұрақтары. Заң газеті 19 шілде 2006.
9. ҚР азаматтық құқығы. Оқу құралы Алматы, «Жеті жарғы» 2007ж.
10. Марш П.Д. В Англия, Франция және Германияның салыстырмалы келісім шарт құқығы -Алматы: Дәнекер, 2006г.
11. Мауленов К.С., Сарсембаев М.А. Гражданское право.Учебное пособие (часть общая). Издание второе, дополненное и измененное Алматы, 2006г.
12. Осакве К. Сравнительный анализ Гражданских кодексов России и Казахстана 1994 г. : Биопсия экономических конституции двух постсоветских республик: Учеб. пособие. Алматы, 2003г.
13. Садиков О.Н. Гражданское право. /Особенная часть/ М., 2008г.
14. Сарсембаев М.А. Халықаралық сауда құқығы. Алматы, 2004г.
15. Сергеев А.П., Толстого Ю.К. Гражданское право т. 2 и 3. М.,1997-2007гг.
16. Суханов Е.А. Гражданское право в 2-х томах М., 2006г.
17. Сулейменов М.К. Гражданское право РК. Алматы, 2006г.
18. Т.И. Михайлов. Гражданское право. Учебник для вузов. Часть вторая М., 2005.
19. Фемида журналы А., 2004, 2006гг № 2,11,17.
20. Цибуленко З.И. Гражданское право России. ч.2 2006г.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Сатып алу - сату шарты мүлікті беру бойынша негізгі
шарт ретінде түсінігі, мәні және элементтері
1.1. Сатып алу - сату шартының ұғымы,
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2. Сатып алу - сату шарттық міндеттеменің негізгі
элементтері ... ... ... 7
2. Сатып алу - сату шартының мазмұны және
тараптарының құқықтық мәртебесі
2.1. Сатып алу - сату шартының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері ... 16
2.3. Сатып алу - сату шарттары бойынша
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. 26
3. Мүлікті беру бойынша шарттардың түрлері және
оларды құқықтық талдау мәселелері
3.1. Бөлшек сауда саттық
шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
3.2. Тауар жеткізілімі
шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
36
3.3. Энергиямен жабдықтау
шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.4. Кәсіпорынды сатып алу - сату
шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 54
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
63

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін мүліктік
қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде қарастыру қажет. Оның
нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт сынынан өткен
көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері
енген. Бұны оңды құбылыс ретінде бағалауға болады, дегенмен азаматтық
кодексті тым толықтықта айыптайтын көзқарастар да кездеседі. Себебі, онда
сатып алу-сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттар көптеген түр-
түрлерімен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату шарты
жеке көрсетілген, онда тұтынушылар құқығын бекітуге артықшылықтар берілген.
Кәсіпкерлік шарттың ерекше сипаттары тауар жеткізілімі шартына арналған
нормаларда көрініс тапқан. Кез келген қазіргі заманғы мемлекет жағдайы үшін
сатып алу-сату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрі маңызды мәнді
иемденеді, бұл да азаматтық кодексте және соған сәйкес қабылданған заңға
тәуелді нормативтік актілерде ескерілген.
Сатып алу-сату шарты мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың
бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін
реттейді, олардың әркайсысында ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың
ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта
кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы
дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар
сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны
жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі
шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды
сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер
байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-
құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың
жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес
келетіндері ғана сұрыпталған. Жекешелендірілген, мемлекеттік, сонымен бірге
жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына
кәсіпорындарды сатып алу-сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді. Сатып алу-
сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе
бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары
қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа,
бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған.
Дипломдық жұмысымды жазу барысында сатып алу - сату шартының мазмұнын
түсіндіретін мынадай негізгі жолдарды көрсетуге тырысамыз:
1) Мүлікті беру бойынша құқықтық қатынас ұғымы;
2) Сатып алу - сату шартының жалпы сипаттамасы;
3) Сатып алу - сату шартының заңи мазмұны;
4) Сатып алу - сату шартының түрлері және тараптары.

Менің диплом жұмысының мақсаты сатып алу - сату шарт түсінігін және
мәнін нақты ашып зерттеу үшін азаматтық құқық теориясында кездесетін
бірнеше түсінікті пайдалану қажет, дәлірек айтқанда бұлар: мүлікті беру
негіздері, шарт ұғымы, міндеттемелердің мәні, шарттың пайда болу
алғышарттары, оның тараптары мен мерзімі, шарт заты және мазмұны.

Диплом жұмысының қойылған мақсатына сәйкес бірнеше міндеттерді шешу
жүктеледі:
- сатып алу - сату шартының ұғымы, мәнін ашу;
- сатып алу - сату шарттық міндеттеменің негізгі элементтерін сипаттау;
- сатып алу - сату шартының мазмұны және тараптарының құқықтық мәртебесін
анықтау;сатып алу - сату шартының мазмұны ашу;
- сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттерін көрсету;
- сатып алу - сату шарттары бойынша жауапкершілікті көрсету;
- мүлікті беру бойынша шарттардың түрлері және оларды құқықтық талдау
мәселелерін талқылау;
- бөлшек сауда саттық шартын талдау мәселелері атап өту;
- тауар жеткізілімі шарты талқылау;
- энергиямен жабдықтау шарты ұғымын анықтау;
- кәсіпорынды сатып алу - сату шарты түсінігін ашу.
Диплом жұмысында жалпы және арнайы, сонымен қатар логикалық - заңды,
тарихи - құқықтық, салыстырмалы талдау, ғылымы танымдық әдіс-тәсілдер
қолданылады.
Зерттеу материалдары ретінде Қазақстан Республикасы, Ресей
Федерациясы және басқа шет елдердің азаматтық құқық (жалпы және ерекше
бөлім) теориясы саласында жазылған Ғ.А. Жайлиннің Азаматтық құқық, А. Т.
Жүсіповтің Мүлікті беру шарттары, К.С. Мауленовтың Гражданское право
Республики Казахстан, М.К. Сулейменовтың Қазақстан Республикасының
азаматтық кодексіне түсіндірме, А.Г. Диденконың Гражданское
законодательство Республики Казахстан- толкование и комментирование т.б.
Сонымен қатар, Скрябин С. В., Баянов Е., Толстой Ю.К., Сергеев А.П.,
Цибуленко З.И., Осакве К., Калпина А.Г., Михайлов М., Морозова Л. А.,
Садиков О.Н. сияқты заңгер цивилист ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

1 . Сатып алу - сату шарты мүлікті беру бойынша негізгі
шарт ретінде түсінігі, оның мәні және элементтері
1.1. Сатып алу - сату шартының ұғымы, мәні
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа
сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексіне сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа
шығарылмайды[1].
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және
республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне
енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының
меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып
қарастырылады[2]. Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату
шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға
келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет
аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп
табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке
негізделетін занды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы
үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты
қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық
құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола
алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне
қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды
тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге
мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес: Сатып алу шарты
бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып
алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге
міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін
белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті[3]. Мұндай анықтама
қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және
заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық
бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып
алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел
басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық
немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе
әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік
нысанына негізделген занды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген
пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (занды тұлға құру) мүлікті бірнеше
мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген занды
тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса,
онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық
қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі,
келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының
түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты,
кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының
Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып
алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар
айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай
нормалар, қажет болады.[4] Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату
шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды
беретін шарт ретінде бағалау мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді
талап етеді[5].
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер
заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы
ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар
жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен
біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен
көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен
міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік
береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы
болады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу
болуы да мүмкін. Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің)
өзгеруіне (ауысуына) әкеледі[6]. Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл
шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік,
сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы
қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы
нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік катынастарды
реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын
мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар
шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар
болуы мүмкін.

1.2. Сатып алу - сату шарттық міндеттеменің негізгі элементтері

Басқа да құқықтық қатынастардағы сияқты, сатып алу-сату шартының
элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша субъект, объект және мазмұн
болып табылады. Шарттар элементінде оның тараптары, нысанасы, бағасы
өтеуді шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі тараптың құқықтары
мен міндеттері жатады[7] деген И.В. Елисеевтің пікіріне өзіміздің
келіспеушілігімізді білдіреміз. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым
тұрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін
жоғалтуға әкеледі.
Сатып алу-сату қатынасын үш мәнде белгілеуге болады.
Біріншіден, бұл - сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы.
Екіншіден, бұл - адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен
бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Сонымен, сатып алу-сату шарты
бұл - азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тәуелсіз
тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық
реттеудің арқасында (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан
құқықтық қатынас нысаны[8].
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-
құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге
мүмкіндік беретін заң техниканың тәсілдері болып келеді.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және
зандық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны
туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге
кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған
кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан
Республикасы Президентінің Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен
жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы заң күші бар Жарлығына
сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге
жатады. Азаматтық кодексте кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір
құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған:
инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы
туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады.[9]
Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік
тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық
субъектілері, яғни жеке тұлға, занды тұлға, әкімшілік аумақтық
бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты
жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-
сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың
қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының
ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша
қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды
атап өтеміз. Арнайы құқықтық кабілетті иемденетін занды тұлғалар сатып алу-
сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік
шеңберінде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы
шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген
құқықтық қатынаста нақтылануы кажет. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында
мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті,
сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. Заңды түрде мемлекеттің құқық
қабілеттілігі шектелмеген, бірақ, олармен жасалатын шарттардың мінезі,
мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен
(қызметтермен) анықталады.[10]
Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне
олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет
қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай
алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі
болғанда ғана құқылы[11]. Егер жүйелі түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық
қызметі туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер
мәртебесіне иемденген соң ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе
бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргізілуі мүмкін. Негізінен:
құқықтық қатынас субъектілері болып, жеке басымен және мүлкімен
оқшауланған, құқықтарға ие болатын және міндеттерді көтеретін тұлғалар
табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің
азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке түлғалар
қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің) қатысуын да қарастырады,
дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына әсерін тигізбейді.
Құқықтық қатынастың объектісін материалдық (заттық), заңды,
идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де
жарамды болып табылады.
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына заңды және идеологиялық
объектілеріне иемденеді.
Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі
өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану
мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына
талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше
мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық
бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі
мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын
өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы
жағдайын барынша күшейтуге әрекет етеді.
Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып
табылады. Кез келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған,
жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.
Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет
екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға
теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола
алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда
сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді.
Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы болашақ заттар болып
келгенде де орын алады.
Тауар әлі өндірілмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа
елдерінің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарас бар:
біріншіден, кез-келген жағдайда сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс
етуді қамтамасыз етуге міндетті (ол табиғатта бар болғанмен теңестіріледі),
егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса,
ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар
сатушынын әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына
иемденбесе, шарт нысананың болмауы салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер
сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да
жеткізілгеніне үміттенетін болса, онда шарт нысанасы тауар емес сатып
алушының үміті болып табылады[12].
Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуінің негізгі мәнін көрсету үшін
келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт
орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі
үйлесуіне, екі жақтың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Нысана
ерекшелігі сонымен бірге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер
етеді, мысалы, шетелдік сатып алу-сату Қазақстан Республикасының Валюталық
реттеу туралы Заңына және оның орындалуы үшін қабылданған заңға тәуелді
нормативтік актгілерге сәйкес жүргізілетін болады.
Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
рыногы туралы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді
тіркеу туралы Зандармен, сонымен бірге, заңға тәуелді нормативтік
актілермен реттеледі. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату
жекелеген заң актілері бекіткен ережелерді сақтаумен жүргізіледі, мысалы,
Қазақстан Республикасының Қарудың жекелеген түрлерінің айналымы үшін
мемлекеттік бақылау туралы Заңымен т.б.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 406-бабының 4 тармағында
мүліктік құқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуіне қатысты
жалпы мәндегі норма бекітілген. Мүліктік құқықтарды беруге қатысты
мәмілелер кең таралуды иемденеді, оларға тауар биржаларында жасалған,
жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткізілімі шартына немесе
биржалық тауарлар қатынасындағы міндеттер мен құқықтарды болашақта өткізу,
құқықтарды сату шарттары жатады.[13] Патенттік құқықтарды беруде нысанасы
мүліктік құқық болып келетін сатып алу-сату шарттары жасалуына әкеледі.
Шарт заты (нысанасы) туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғана
елеулі жағдайы болып табылады.
Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкіндік берсе,
нысанаға қатысты жағдай келісілген деп есептеледі[14]. Сатып алу-сату
шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен
көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі
қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 383-
бабының 1-ші тармағында бекітілген шарт бойынша бағаны қалыптастыру
бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және т.б.
зандық актілерде қарастырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен
орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу,
тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағаны,
тарифтерін ажырату қажет.
Монополистік қызмет субъектілерімен өткізілетін тауарларға баға
орталықтандырылған тәртіппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының
аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттік
төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекітілген Мемлекеттік
кәсіпорындармен монопольді қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесі
сонымен бірге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан
Республикасының бәсекені қорғау және табиғи монополия субъектілерінің
қызметтері мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгізу, бекіту, қарастыру, ұсыну
тәртібі туралы нұсқау колданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң күші бар Заңына сәйкес қазыналық
кәсіпорыңдар мен өткізілетін тауар бағалары өкілетті органмен қойылатынын
қарастырады[15].
Жарлықтың аталған бабының екінші бөлігі 1999 жылдың 4 қазанындағы
Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң
күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
заңының редакциясында қазыналық кәсіпорындар мен монополиялық өндірілетін
тауарларға бағаны мемлекеттік реттеуді қарастырады.
1999 жылдың 23 қазанындағы Алкогольді өнімдерге минимальді бағаны
қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен алкогольді
өнімге ең төменгі шектегі баға қойылған.
Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың
бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағдайларымен анықталмаса, онда
бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда тауар бағасы
бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда,
негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына
байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ
бойынша анықталады.
Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже, әсіресе ыдыстың салмағы үлкен
немесе тауар қымбат болса және салмақтың кішігірім өзгеруі (көбеюі)
тауардың елеулі қымбаттауына әкелсе.
Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты
өзгертілуге жататынын қарастырса, бірақ бағаны қайта карау тәсілі
анықталмаса, баға шарпы жасасу кезеніндегі және тауарды беру бойынша
міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады.
Яғни тауарды оны өткізу кезеңінде өз құны көтерілуі немесе төмендеуіне
қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі
қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстің 438-бабының 3-
тармағында бекітілген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты
жасасқан кездегі көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылатын тауарларды
сақтандыру, тиеу, буып-тыю, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың
өзіндік құны (шығындар) қатысуының негізінде анықталуы керек. Осымен бірге
Азаматтық кодексі сатушының мерзімді өткізіп алуынан сатып алушының
мүдделерін қорғауға арналған норма да жетік емес деп табуға болады. Ол тек
тауар құнын (бағасын) төмендетуді қарастыруы қажет, бірақ 438-баптың 3-ші
тармағымен мәселе былайша шешілмеген. Сатып алу бағасын төлеудің мерзімін
сатып алушы өткізіп алса, онда ол үшін баға тек көтерілу бағытында өзгеруі
қажет. Өкінішке орай бұл да Азаматгық кодексте көрініс таппаған. Құқықтық
қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндірілетінін айтқан
жөн. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл - құқықтық реттелетін
қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұн деп екі жақтың құқықтары мен
міндеттерін (занды мазмұнды) қарастырады.
В. А. Тархов мынадай мысал келтіреді: бір субъект екіншісіне қандай да
бір затты сатады және олардың арасында материалды экономикалық қатынас
қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажетті затты алады, баламалы айырбас
жүреді. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен міндеттер
шығатынын ойламауына болады.[16] Біз осымен келісе алмаймыз. Ақырында
зандық мазмұн меншік құқығына иемденудің жалпы заңдық мақсатымен
анықталады. Шартқа қатысушылардың түсінігі меншікті иемденудің экономикалық
мақсатымен ғана шектеледі деп болжау артық болар еді, мұндайға қазіргі
өмірдің өзі де мүмкіндік бермейді. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алу-
сату шартының экономикалық және зандық мазмұндарын ажыратуға талпыну
мүмкін. Біріншісі-заңдық мазмұн, ол құқықтар мен міндеттердің жеткілікті
үлкен жиынтық элементтерінен құралады. Кейбір құқықтар шарт негізін
қалайды, ал өзгелері қосымша (көмектесу) мәнге ие бола алады. Құқықтық
қатынастар мазмұнын оның қатысушыларының жүріс-тұрысы құрайды дегенді
толығымен дұрыс деп тануға болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен
оның мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар түсінігін араластырып алу орын
алады. Нысан (құқықтық қатынас) өзінің мазмұнына тараптардың құқықтары мен
міндеттерінен, ал мазмұн (реттелетін қатынас) өз қатысушыларының
әрекеттерінен, олардың қызметтерінен қалыптасатын өз мазмұнын иемденеді.
Дегенмен, сатып алу-сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама
байланысты иемденетін қатысушылардың айырықша занды жүріс-тұрысы
(әрекеттері) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен
акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және басқа да
әрекеттерді жатқызуға болады.
Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай.
Осыдан әрі, біз оны сатып алушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері
күйінде жекелеп талдауға көшеміз.

2. Сатып алу - сату шартының мазмұны және
тараптарының құқықтық мәртебесі
2.1. Сатып алу - сату шартының мазмұны

Сатып алу-сату шарттын сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды
шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге
келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып
табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі
(жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын
алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың
экономикалық тепе-тең болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған
мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі
міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас
ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың
құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік
мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да
болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар).
Аталған мәмілелер өзінің зандық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола
алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік
жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса) [17].
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін
көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы
дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін
реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты (контрактум) рим құқығы үш түрлі мағынада: кұқық қатынастарының
туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті
құкықтық қатынасының нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мұндай көзкарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде тәртіптелген.
Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында
өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің
орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордын орнын
кейінгісі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде
жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен
ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы
тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да
сондай құкықтарының біріне нақты міндеттемесі де кіреді.
Ақылы шарт бойынша өз міндетін аткарған жақ ақысын алуға, не қарсы
талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа, атқарылған жұмысқа, істелген
кызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің құнын алады). Бір тарап екінші
тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған шарт
акысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабынын 2-тармағы). Шарт бойынша
тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне
бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Консенсуалды
шарт әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге
келген бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды
(мысалы, сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.) [18].
Сатып алу- сату шартының мазмұны - жасалған шарт жағдайларының
жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған
жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша
белгіленеді[19].
Шарттың ережесі зандарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген
реттерде, егер тараптардын келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма)
белгіленбесе, тараптар өздерінін келісімдерімен норманың қолданылуын жоя
алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген
болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік
қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді[20].
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында
шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін
нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
шарттың мәні туралы ережелер;
заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
бір тараптын мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық
ережелер (АК-тің 393-бабы)[21].
Кәдімгі (дағдылы) жағдайлар заңның диспозитивтік нормаларында
қарастырылған, яғни шартқа енгізу міндетті болып саналмайтын шарттарды
айтады, өйткені, бұлардың шартқа ену өз өзінен белгілі. Егер нақ сол
шартқа дағдылы жағдайлар жөнінде айрықша ескертіліп айтылмаса, онда жалпы
белгіленген тәртіп қолданылады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 223-бабына
сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік
ерлі-зайыптылардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе, олардың ортақ
меншігі болып табылады.
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-
тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған
жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе
диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік
кызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады[22].
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат
нысанында жазылуы мүмкін.

2.2. Сатушының және сатып алушының құқықтары
мен міндеттері

Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті.
Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны
(көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың
елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-
сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда
тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп
тұрады[23]. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей
заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем
бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды
анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың
саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі
мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып
алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе.
Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге
міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын
заттардың сапасына койылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді.
Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау
(оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшінші
амалы-сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып
алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарга беруге
міндетті.
Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама
нормаларының тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар,
осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық
қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие
болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ
сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті
сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы
сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды
беруге міндетті.
Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тәжірибесі осындай
жағдайларда сатушының жеке басына және сатып алушының жеке басына назар
аударады. Егер сатушы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (белгілі бір
саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етілетін мақсатқа
сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті, Егер де сатып алушының
біліктілігінің дәрежесі әлдеқайда жоғары болса, онда осы мәселе басқаша
шешіледі. Мысалы: өндірістік кәсіпорын (казіргі заманның ұйымдастыру-
құқықтық нысанында мұрагер өндірістік тағайындалуы бар мұрагерден сатып
алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерін мүлдем білмейді.
Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешім қабылдайтын
болса, онда тауардың тиісті сапасы бар деп есептелуі керек, бірақ тауарды
мақсатына сәйкес пайдалануға мүмкіншілік бермейтін жасырын кемістіктерге
қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.
Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан
жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін
тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері)
бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушынын міндеті жоғары көрсетілген
тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша,
бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы
бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзін тиісті сапалы тауар беру
бойынша міндетінен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке
сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге
міндетті. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған).
Тауардың саласына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасының
Сертификациялау туралы Заңымен және Қазақстан Республикасы Стандарттау
туралы Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.
Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы
сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды
айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға
беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың біріне
сәйкес болуы керек.
Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланылатын мақсаттарда
пайдалануға жарамды болуы керек.
Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін
болатындай қылып беруі керек. Жарамдылық мерзімдері зандармен, мемлекеттік
стандарттардың міндетті талаптарымсн немесе өзге міндетті тәртіптермен,
өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар
мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету
мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды мақсаты
бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым
тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.
Шартпен гарантиялық мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды
әдеттегі немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін
белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген
мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ кепілдік мерзімдер оларға толығынан тепе-
тең болып келмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кепілдік мерзімдерге
бұрынғы зандардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстің 425-бабына
сәйкес, қазір кепілдік мерзім шарттың өзімен анықталуы керек. Ал, егер де
ол шартпен қарастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының 2-ші
тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен бекітілмесе,
тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екі жыл көлемінде ұсынылуы
мүмкін.
Қазіргі заманда сатып алушының мүддесін корғайтын бірінші кезекте осы
норма, ал шартпен белгіленген кепілдік мерзім емес.
Тауар сапасына кепілдік, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның барлық
құрамдас бөліктерінде де (жинақтаушы бұйымдарына) колданылады. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, жинақтаушы бұйымға берілген кепілдік мерзімі негізгі
бұйымға берілген кепілдік мерзімге тең болып есептеледі.
Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде
шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген
кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер
бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда
мерзімі сатушы аталған себептерді жайғағанға дейін өз ағымын бастамайды.
Мысалы, сатушы шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ,
сатып алу-сату қатынастарына бұл жағдайда мердігерлік туралы нормалар да
қолданымды болып келеді). Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепілдік
мерзімі өз ағымын жаңадан бастайды.
Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен,
жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс
тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті
болып табылады.
Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі,
келісімшарт жасасу шарттарында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да
теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкіншілігі туралы айтуға
болады).
Тауардың түр-түрі дегеніміз (ассортимент)-бір түрлі тауардың
жиынтығының ішіндегі белгілеріне және бір түрлі тауардың үлгісіне,
мөлшеріне, сортына, түсіне, электр қуатының тиісті өлшемдеріне байланысты
бөлінуі. Егер тұлға бір сатушыдан тұрмыстық химия затын және тағы бір
электр құралын сатып алса, онда тауардың түр-түрі деген сөйлем
қолданылмайды.
Тауардың түр-түріне қойылатын талаптарды күрделі затты беруге қатысты
міндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата білу керек.
Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына
сәйкес тауар беруге міндетті. Жиынтылықтық дегеніміз -шартта көзделген
немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама
бөліктердің затта болуы. Шартпен бұйымдардың стандарттық және қосымша
жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан кейбір жиынтықтаушы бөліктер
алынып тасталады.
Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға
жиынтықтылығы іскерлік айналым әдет ғұрыптарымен немесе әдетте қойылатын
өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті.
Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығын айыру қажет. Азаматтық кодектің
432-бабының мағынасына сәйкес жиынтық дегеніміз бірнеше сатып алу-сату
шартының пәні кейбір кездерде күрделі болып келетінін анықтай аламыз.
Осымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша жиынтық АҚ 121-бабымен анықталатын
күрделі зат ұғымына тең болып келмейді. Заттардың жиынтығына қатысты
біртұтас құқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиісті міндеті өз
көрінісін табады.
Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық
айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті
болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға қажетті, оны
қамтамасыз ететін заттар сатып алады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа
талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа
кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары
төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен
туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір
мезгілде беруге міндетті.
Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға
келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген
құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті.[24] Бұл норма
дәстүрлі сатып алушы оларда меншік иесі болып келгісі келетін, шарттарға
көбірек қолданымды. Ал мүліктік құқықтарды сату кезінде өз өзгешеліктері
орын ала алады.
Кейбір жағдайларда аталған талап орындалымсыз болуы мүмкін. Мысалы,
сатып алушы үлестік құқықта болған мүлікті сатып алады және оңашаланған
үлеске өзіндік пайдалану, иелену, билік ету құқығын алады, алайда ортақ
меншігінің тәртібіне байланысты, мүлік құрамына жүктемелер кіреді. Егер
сатудың пәні мүліктік құқық болса, (сонымен қатар меншік құқығынан өзге
заттық құқық) жүктемелер вариациясы сансыз болады. Айтылғанды қорытатын
болсақ, шарт пәнінің ерекшеліктері кейбір ауыртпалықтарды болжауга
мүмкіншілік берді дей аламыз. Уақыт өтісімен бұл сұрақ соттық тәжірибе және
азаматтық құқықтың жүйесі (доктрина) үшін маңызды мәселе болып табылар
демекпіз.
Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді
талап ету құқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы құқық бар.
Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы
барын ескереді.
Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі
болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды беру
және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы
тауарды қабылдап алу үшін алдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар
тасымалдануға тиісті болса, сатып алушы жүкті тиеп жіберу үшін қажетті
мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін
болса). Ал, кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының
қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет. Бұл шара сатып алушы сатушының
тауарды сақтайтын жерін білген кезде қолданылуы керек. Осы ереже
халықаралық сауда саттықта кең қолданылады және Біріккен Ұлттар Ұйымының
1980 жылғы Тауарды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы
Конвенциясының 31-бабы б тармағымен қарастырылған. Ол қазіргі жағдайда
біздің кәсіпкерлердің ішкі қатынастарында да жиі қолданылып жүр. Сауда
терминдерін талқылаудың халықаралық ережелерінде (Инкотермс) бекітілген
іскерлік айналым әдет ғұрыптары осыған Е байланысты ЕХ тобын ұсынған,
мысалы, works (зауыттан), бұл ретте сатушы тауарды сатып алушыға өзінің
қоймасынан табыс етеді. Егер Ғ жағдайлары қарастырылса (олардың қатарына
ҒSА, ҒАS және ҒОВ жағдайлары кіреді), онда сатушы өнімді сатып алушы
ұсынған тасымалдаушыға өзі әкеліп беруге міндетті.[25]
Егер шарттағы тауарды беру жағдайлары оның жеткізіліп берілуін
қарастырса, сатып алушы өз қоймасын жұмысқа дайындап қоюға, өнімді
келісілген жерде күтуге міндетті. Бұдан басқа, сатып алушы өзіне ұсынылған
тауарды уақытында қабылдап алуға, жүк тасымалдау көлігінен жүкті түсіруге,
сатушының көлігін ұстамауға, өзінің тым баяу әрекеттерімен тауардың
бұзылуына жол бермеуге міндетті. Сонымен катар, ол өнімді тексеріп алуы,
өнім құжатын қабылдауы және өнімді қабылдап алғаны жөнінде сатушыға куәлік
беруі қажет.
Өнімді қабылдап алу шарттары заңнама бекіткен нормалармен анықталуы
мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен
1994 жылы 9 қарашада бекітілген Өнімді саны мен сапасына қарай қабылдап
алу Нұсқауы. Ол тауар жеткізілімі және тасымалдау шарттарын орындау
кезінде қолданылады. Заңнамамен қатар қабылдау тәртібі тікелей шарттың
өзімен де бекітілуі мүмкін. Ал егер де соған қатысты не заңнамалық не
шарттық талаптар болмаса, сатушы тауарды беру және алу үшін әдетте керек
болатын әрекеттерді жасауға тиіс.
Сатып алушы шартты бұзып затты қабылдамаса, сатушыға оның затты
қабылдауын талап етуге, болмаса шартты орындаудан бас тартуына болады.
Сатушы сатып алушының іс-әрекеті нәтижесінде болған шығынын Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 349-бабы 2-тармағы, 350-бабы бойынша
өндіріп алуға құқылы.
Сатып алушы алынған өнім (тауар) үшін ақы төлеуге міндетті. Қазақстан
Республикасының Антидемпингтік іс-шаралар туралы 1999 жылдың 13 шілдеде
шыққан Заңына сәйкес демпингке қарсы шаралар заңда демпингтік тауардың
импортына қолданылатын уақытша демпингке қарсы атаралар, демпингке қарсы
баж немесе баға бойынша міндеттемелер нысанындағы әкімшілік экономикалық
әсер етудің шараларының беріктігі болып қаралады. Шаралар ұқсас тауарларды
шығаратын отандық өндірушілерге келтірілген немесе келтірілу қаупі болып
тұрған зиянды жою үшін қолданылады[26]. Шаралар (олардың арасында баға
бойынша міндеттемелер) қолданылғаны туралы уәкілді орган барлық мүдделі
тұлғаларға хабарланады. Бағаға міндеттемені қабылдап сатушы оны бөлек сатып
алу-сату шарттарында қарастырылған жағдайлар арқылы жүзеге асырады.
Жоғарыда айтылғаннан түсінуге болатын нәрсе аталмыш міндеттің
мазмұнына бағаны анықтау тәртібі тікелей әсер етеді. Олар көбінесе тұрақты
болады, бірақ шаруашылық тәжірибеде өзгертілуге жол беретін бағалар да
қолданылады. Өз кезегінде соңғылар ығыстырылатын (жылжитын шартты тұрақты)
және ағымды өзгеретін болып жіктеледі (ажыратылады).
Шартты тұрақты баға шартта бекітіледі және шартты орындау сәтіне
тауарға қалыптасқан орта нарықтық бағалардан елеулі ауытқыса (ерекшеленсе),
онда ол қайта қаралуға жатады. Ағымды өзгеретін бағалар негізінен, ең
алдымен дайындалуы ұзақ мерзімді тауарларға немесе тауарлардың дайындалған
топтарына қолданылады. Мысалы, шикізатқа деген әлемдік баға тез өзгереді,
жабдықтаушымен тұрақты байланыс болмайды, осының әсерінен шикізат әртүрлі
жағдайда сатып алынады., т.б.
Нақты тауар үшін ақы төлеу міндетіне көшейік. Ол өзі екіге бөлінеді.
Біріншіден, сатып алушы өз есебінен төлемді жүргізуі үшін дайындық әрекетін
жасауы керек. Әдетте олардың қатарына сатып алушының есеп шотты,
аккредитивті ашуы, шарт сомасына, чек беру кіреді. Қандай әрекеттер
жасалатыны шарттың өзінің жағдайларымен, сол сияқты заңнама нормаларымен
анықталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу - сату шарты жайлы ақпарат
Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы
Рента шартының басқа шарттардан айырмашылығы
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Сатып алу-сатудың шартының элементтері
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Айырбас шартының түсінігі
Сатып алу - сату шарты туралы
ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУЫ
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Пәндер