Оңтүстік Қазақстан аймағы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1 Аймақтың сипаттамасы

2 Өнеркәсібі

3 Көлік және коммуникациясы

4 Ауыл шаруашылығы

5 Мақта-мата өнеркәсібінің саласы

6 Инвестиция

1 Инвестиция саласы

2 Мемлекеттік инвестиция

7 Демография және миграция

8 Жұмыспен қамту.

9 Еңбек қатынастары.

10 Халықтың табысы.

Қорытынды:

« Оңтүстік Қазақстан аймағы - Еліміздің маңызды аймағының бірегейі»

Аймақтың сипаттамасы

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 2005 жылдың І жарты жылдығындағы шетел инвестициясының көлемі шамамен 16, 5 млн. долларды құрады. Бұл өткен жылғы дәл осындай көрсеткіштен 3, 2 есе асады. 2004 жылы ОҚО бойынша шетел инвестициясы 20 млн. доллардан астам болды (2003 жылдың дәрежесіне қарағанда 102%) .

Талдаудың көрсетуі бойынша, соңғы үш жылда ОҚО-ның жалпы аймақтық өнімінің көлемі 25 пайызда астам өскен, шағын және орта бизнес өкілдерінің саны бір жарым еседен астам өскен. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлік саласында 113 мыңға жуық кәсіпорындар жұмыс істеуде. Облыс бюджетіне түскен салық салымы үш жыл ішінде 5, 6 пайыздан 13 пайызға дейін өскен. Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында 450 біріккен кәсіпорын (БК) мен 67 шетел компанияларының филиалдары жұмыс атқарады. Оңтүстік Қазақстан облысында БК-дарды құру бойынша негізгі әріптестер Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Түркия, Ресей, Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және БіріккенАраб Эмираттары.

Оңтүстік Қазақстан облысы үшін мақта-тоқыма саласынының дамуы өте маңызды болып табылады, және облыс басшылығы осы бағытта өте белсенді жұмыс жүргізуде. Мақта өндірісінің көлемі өсіп, егін алқаптары кеңеюде. Мақта шикізатының түсімін 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып, мақта егу жерлерінің мелиорациясын жақсарту бойынша, шағын шаруа қожалықтарын ірілету бойынша облыста үлкен жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, тағыда бір қолайлы фактор, ол тоқыма компанияларына қажетті энергетикалық базаның дамуы. Тоқыма өнімдерін өндіретін басқа мемлекеттермен салыстырғанда аймақтағы энергия құны айтарлықтай төмен.

2004 жылы ОҚО-да мақта шикізатының жалпы терімі 402 мың тоннаны құрап, ол 2003 жылға қарағанда 22 мың тоннаға артық. Мақта талшықтарын өндірумен облыста 19 кәсіпорын айналысады. Қазірше Қазақстанда өндірілетін барлық мақта талшықтары (98%) экспортқа бағытталған. Тек қана 2% мақтаны жергілікті компаниялар өндірісте қолданады. Бірақта облыс басшылары мақтаның негізгі бөлігін жергілікті орындарда жіп қылып өңдеуге деген талпынысын жариялады. Мақта шикізатын терең өңдейтін кәсіпорындарды құру Қазақстандық өндірушілерді Ресей мен Қытайдан тәуелсіз қылады. Біздің мақта қазір осы елдерде қайта өңделуде. Сонымен қоса, жергілікті орындарда мақта өңдеуді дамыту аймақта 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашады.

Өнеркәсібі

Есепті кезеңде облыста өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің арту тенденциясы сақталды. 2007 жылы облыста 169, 3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 5, 0 пайызға артты.
Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 10, 4% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өнім өндіру көлемі - 22, 7% артып, 17, 5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 78, 8%) өнімінің нақты көлем индексі - 103, 4%, немесе өнім көлемі 133, 4 млрд. теңгені құрады.
Өндіріс көлемінің резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде - 50, 4%, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісінде - 41%, отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінде - 25, 4%-ға едәуір артуы орын алды.
Аса маңызды өнімдердің ішінде мырыш концентраттарын өндіру - 40, 4% (27, 7 мың тонна өндірілген), қорғасын концентраты - 22, 4% (7, 1 мың тонна), цемент - 36, 9% (1241, 4 мың тонна), трансформаторлар - 20, 5% (1566, 2 мың кВа), электр қуаты - 13, 9% (1143, 6 млн. кВт/сағ), асбоцемент бұйымдары - 3, 4 есе (1781, 5 мың шаршы м. ), қорғасын - 8, 2% (19 мың тонна), мақта маталары - 9, 7% (42, 1 млн. шаршы метр), тазартылмаған күнбағыс майы - 4, 8 есеге (12, 6 мың тонна), ірімшік және сүзбе - 23% (246 тонна), макарон өнімдері - 29, 8% (өндірілгені - 16, 7 мың тонна) және тағы басқа өнімдерді өндіру артқан.
Солай болғанымен де, мақта талшығын өндіру - 23, 6% (өндірілгені 110, 8 мың тонна), шұжық өнімдері - 23, 3% (613 тонна), төмен вольтті аппаратуралар шығару - 48, 7% (920 дана) кеміген.
Өнеркәсіп өнімі көлемінің 10, 8% құрайтын электр қуатын, газ бен суды өндіру және бөлу саласында өнім көлемі 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 9, 4%-ға артып, 18, 4 млрд. теңгені құрады. Өнім көлемі газ тектес отынды өндіру мен бөлуде - 20, 2%, электр қуатын бөлуде - 10, 6% өсуінің есебінен артты.
Облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінің жартысынан көбін (51, 9%) облыс орталығының, 10, 1 пайызын - Созақ ауданының, 6, 4% - Кентау қаласының, 6, 1% - Мақтаарал, 5, 7 пайызын Сарыағаш ауданының кәсіпорындары өндіреді.
2007 жылы өндіріс көлемінің едәуір өсуі облыс аймақтарының басым бөлігінде байқалды. Жоғарғы өсімге Отырар (нақты көлем индексі - 2, 1 есе), Түлкібас (124, 9%) ауданының және Кентау қаласының (123, 5%) өнеркәсіп кәсіпорындары қол жеткізді. Алайда, өндіріс көлемінің Мақтаарал ауданында - 10, 2% кемуі орын алды.
2007 жылдың желтоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыстың 39 өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім өндіру көлемінің кемуі орын алды. Оның негізгі себебі - тапсырыстың, өткізу нарығының шектеулілігі және шикізаттың жетіспеушілігі.
2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, сапаның басқару жүйесі 52 кәсіпорында және 10 мекемеде енгізілген.
2007 жылы облыс өнеркәсібінде 6 инвестициялық жоба іске асырылды:
«Азық-түлік корпорациясы» АҚ жалпы жобаның құны - 1500 млн. теңге құрайтын «Мақта өңдеу зауытының құрылысы», қуаты жылына - 60 мың тонна, «Айко и К» ЖШС құны 70, 0 млн. теңгені құрайтын сүт өнімдерін өңдеу жобасы, «НИМЕКС» корпорациясы» ЖШС құны 770 млн. теңгені құрайтын күйдірілген қыш және черепица өндіру жобасы, «Арай астық» ЖШС құны 162, 7 млн. теңгені құрайтын макарон өндіру жобасы, «Адина и К» ЖШС құны 15 млн. теңгені құрайтын «Сарыағаш» минералды суын құю және құны 250 млн. теңгені құрайтын жылына 1800 тоннаға дейін «Кондитер өнімдеріншығару»жобалары.
2007 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында 1721 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Көлік және коммуникациясы

2007 жылы, жедел деректер бойынша, темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 66, 7 млн. тонна - жүк және 1037, 5 млн. - жолаушы тасымалданған, немесе 2006 жылдың деңгейіне - тиісінше, 102, 2% және 101, 9%.
Облыстың жүк және жолаушылар айналымының барлығы дерлік автомобиль көлігіне тиесілі.
2007 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау 2006 жылмен салыстырғанда - 10, 4%-ға, жолаушылар тасымалдау - 29, 7%-ға артып, тиісінше, 340 тонна - жүк және 297, 2 мың - жолаушы тасымалданды.
Байланыс қызметін көрсету көлемі артуда. 2007 жылы байланыс кәсіпорындары 5844, 4 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 21, 7% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 69, 2%-ды құрады.
Соңғы уақытта Интернет желісіне шығу мүмкіндігін ұсыну қызметінен түсетін табыс көлемі артуда (7, 6%) . Алайда, бұрынғысынша жалпы табыс көлемінде басым үлес - халықаралық және қалааралық телефон байланысына (51, 1%), жергілікті телефон байланысына (25, 2%), пошта қызметіне (5, 5%) тиеселі.

Ауыл шаруашылығы

2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 113, 7 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3, 4%-ға артық.
Ауылшаруашылық өнімінің облыс бойынша жалпы көлемінің - 18%, немесе 20423 млн. теңгесі - Сарыағаш ауданының тауар өндірушілеріне, Мақтаарал ауданының - 17, 8%, немесе 20195 млн. теңге, Сайрам ауданының тауар өндірушілеріне - 12%, немесе 13679, 1 млн. теңгесі тиесілі.
Бәйдібек ауданында ауылшаруашылық өнімі көлемінің өсімі - 14, 2%, Сайрам ауданында - 12, 4% құрағанын атап кету қажет. Алайда, өнім көлемінің Кентау қаласында - 32, 8%-ға, Шымкент қаласында - 26, 9%-ға, Қазығұрт ауданында - 4, 6%, Арыс қаласында - 2, 1%-ға кемуі орын алды.
2007 жылы 367, 8 мың тонна дәнді дақылдар жиналған, немесе 2006 жылдың деңгейіне - 101, 9%, майлы дақылдар - 37, 2 мың тонна, немесе 91, 2%, мақта - 438, 7 мың тонна, немесе 100, 8%, картоп - 150, 8 мың тонна, немесе 122, 9%, көкөністер - 494 мың тонна, немесе 103, 6%, бақша өнімдері - 276, 9 мың тонна, немесе 84, 4%, жеміс-жидектер - 48, 4 мың тонна, немесе 81, 2%, жүзім - 30 мың тонна немесе 100, 3% жиналған.
2007 жылы облыстың барлық шаруашылық санаттарында 145, 6 мың тонна - ет (тірідей салмақта), 566, 6 мың тонна - сүт, 238, 8 млн. дана - жұмыртқа өндірілді.
Облыстың барлық аймақтарында ет және сүт өндірудің артқаны байқалады. Жұмыртқа өндіру Төлеби ауданында - 12, 2%, Ордабасы - 29, 5%, Бәйдібек - 8, 1%, Мақтаалар ауданында - 7, 1%-ға кеміді.
2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны -689, 5 мың басты, немесе 2007 жылдың сәйкес кезеңіне - 107, 4%, қой мен ешкі - 3305, 3 мың бас, немесе 105, 9%, жылқы - 133, 9 мың бас, немесе 104, 2%, түйе - 15, 6 мың бас немесе 101, 2%, шошқа - 34, 7 мың бас, немесе 112, 4%, құс - 2193, 7 мың бас, немесе 102, 9% құрады

Мақта-тоқыма саласының өнеркәсібі

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше жаңа кәсіпорын жұмыс істейді. Олар қазіргі мақта өңдеу зауыттарын жаңарту және жаңаларын соғу үшін өз қаржыларын салды. Олардың кейбірлері: «Нимэкс» Корпорациясы - бұл мақта холдингінің мақта өңдеу зауыты қазірдің өзінде-ақ жұмыс істеуде, оның қуаты жылына 60 мың тонна мақта шикізатын құрайды.

«Казақ-Орыс тоқыма Альянсы» ЖШС - біріккен кәсіпорын болып, құрамына Қазақстандық «Мырзакент» мақта компаниясы мен «Русский Текстиль» Ресей корпорациясы (ең ірі орыс тоқыма холдинг) кіреді. Бұл жаңа өндірістің жобалық қуаты жылына 15 млн. шаршы метр мата деңгейінде жоспарланып отыр.

«Ютэкс» акционерлік қоғамы - мақта өңдеу кәсіпорыны. Жобаның жалпы құны 19, 3 млн. АҚШ долларын құрап, "ЮТЕКС" АҚ-ның жоспарлық қуаты жылына 6 мың тонна мақта-қағаз иірілген жібі.

«Меланж» АҚ - мақта иіру фабрикасы. Жергілікті шикізатты қолдана отырып мақта-қағаз иірім жіптерін өндіреді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты орта есеппен жылына 2, 5 мың тонна иірілген жіп деп бағалануда. Жұмысшылар саны 234 адамды құрайды. Өнімдері Қазақстанда, Ресей мен Түркияда сатылады.

2007 жылдың 1 желтоқсанына облыс бюджетінің табыстары 133868, 3 млн. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 67, 4% жоғары. Шығындар 123388, 2 млн. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2006 жылдың сәйкес кезеңінен 63, 0% артық. Операциялық сальдо 10480, 0 млн. теңгені құрады. Бюджет профициті 9300, 6 млн. теңге деңгейінде анықталды.
2007 жылдың 1 желтоқсанына 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджетке түскен салықтық түсімдер 31, 9% артты (2006ж. 1 желтоқсанына - 24559, 8 млн. теңгені құрады) . Салықтық емес түсімдер 356, 8 млн. теңгені (2006ж. 1 желтоқсанына - 197, 2 млн. теңгені) құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 80, 9% жоғары.
Жергілікті бюджетке түскен
2007 жылдың 1 желтоқсанына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар және басқа төлемдер түсімдері 95564, 8 млн. теңгені (2006ж. 1 желтоқсанына - 73179, 6 млн. теңгені), республикалық бюджетке - 53183, 1 млн. теңгені (44088, 7 млн. теңгені) құрады. Мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдер құрылымында ең жоғары үлесі ҚҚС (қосымша құн салығына) - 29, 2%, әлеуметтік салыққа - 15, 3%, республикалық бюджеттің - ҚҚС (қосымша құн салығына) - 47, 5% және корпоративтік табыс салығына 23, 5% тиесілі.
Әлеуметтік қызмет көрсету облыстық бюджеттің барлық шығындар көлемінің негізгі үлесін құрады. Төменде 2007 жылдың 1 желтоқсанына облыстың бюджет шығындарының құрылымы келтірілген:

2007 жылы мемлекеттік бюджет кірістері 108, 3 млрд. теңгені немесе жоспардың 91, 6 пайызын құрап, 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға өсті.
Жергілікті бюджетке жоспарланған 58, 8 млрд. теңгенің орнына 47, 3 млрд. теңге түсіп.
Жергілікті бюджет түсімдерінің едәуір үлес салмағын (46, 9%) төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен еңбек ақы қорынан есептелінетін әлеуметтік салық құрайды.

Инвестиция саласы

2007 жылы облыс экономикасын дамытуға, жасырылған және формальді емес қызметті қоса есептегенде, негізгі қорға 110, 6 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2006 жылға - 125, 5% құрады.
Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемінің Ордабасы (2, 0 есеге), Сайрам (65, 5%-ға), Сарыағаш (56, 7%-ға), Түлкібас (53, 6%-ға) аудандарында және Кентау (2, 5 есеге), Арыс (2, 2 есеге) қалаларында айрықша өсімі орын алды.

Мақтаарал (15, 1%-ға) және Отырар (52%-ға) аудандарында инвестиция көлемінің кемуі байқалады. Негізгі қорға бағытталған инвестицияның негізгі қаржы көздері бұрынғысынша кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржылары болып табылады, оның үлесіне жалпы игерілген инвестиция көлемінің - 58, 7%, немесе 65, 0 млрд. теңгесі тиесілі. Бюджеттен бөлінген қаржылардың үлесі артуда. 2007 жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен 25, 1 млрд. теңге игерілді, немесе 22, 7%, жергілікті бюджет қаржысы - 7, 7 млрд. теңге, немесе 6, 9%, және шетел инвестициясы - 12, 9 млрд. теңге, немесе 11, 7%.
2006 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет қаржысы есебінен тартылған инвестиция көлемі 53, 7%-ға, жергілікті бюджет есебінен - 66%-ға, кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржылары есебінен тартылған инвестиция көлемі - 19, 3%-ға, шетел инвестициялары - 0, 9%-ға артты.
Инвестиция салымының басымды салалары жылжымайтын мүлікпен операция жасау, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсету саласы (жалпы инвестиция көлемінің - 24, 6%), тау-кен өндіру өнеркәсібі (21, 9%), өңдеу өнеркәсібі (11, 7%) болып табылады.

Мемлекеттік инвестициялар.

2007 жылы кешендердің құрылысы мен қайта құрылысына қаралған бюджет қаржысының жалпы көлемі 28901 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен, ипотекалық тұрғын үй құрылысына бөлінген несиелерді қосқанда - 20876, 1 млн. теңге;
жергілікті бюджет қаржысы есебінен - 8024, 9 млн. теңге.
Жалпы қаралған қаржының негізгі бөлігі (25, 7%) «Денсаулық сақтау» саласына тиесілі. Аталған салаға 2007 жылға 7440, 9 млн. теңге бөлініп, оның 7344, 5 млн. теңгесі, немесе 98, 7% игерілді.
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» саласына - 7246, 4 млн. теңге, немесе 25, 1% бөлініп, оның 5614, 2 млн. теңгесі, немесе 77, 5% игерілді. Оның ішінде кредиттік тұрғын үй құрылысына - 1565, 0 млн. теңге бөлінген.
«Білім беру» саласының үлесі - 16, 7%, немесе 2007 жылы бұл саланы дамытуға 4837, 3 млн. теңге бөлінген, оның 4575, 9 млн. теңгесі, немесе 94, 6% игерілген.
Жалпы қаралған қаржының 9, 2% «Ауыз сумен жабдықтау» саласына тиесілі. Аталған саланың кешендерінің құрылысына 2007 жылға 2647, 9 млн. теңге қаралып, оның 2356, 1 млн. теңгесі, немесе 89% игерілген.
«Оңтүстік» Арнайы Экономикалық Аймақтың инфрақұрылымының құрылысына республикалық бюджеттен 2897, 9 млн. теңге (2840, 6 млн. теңгесі, немесе 98% игерілді) бөлінді.
Бұдан басқа, жергілікті бюджет есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға - 2013, 3 млн. теңге (1902, 7 млн. теңгесі, немесе 94, 5% игерілді) бөлінген.

Халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсетудің 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асырылуда. 2008 жылдың 1-қаңтарында 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 44, 7%-ға кеміп, 17604 адамды құрады, немесе облыс халқының - 0, 8%. Жыл басынан бері кедейшілік деңгейі 0, 6 пайыздық бірлікке төмендеген.
Қазіргі уақытта Семей ядролық полигонында зардап шеккендерге бірыңғай қаржылық көмек алатын азаматтардың саны анықталып, 2368 адамды құрады. 2008 жылдың 1-қаңтарына 1752 азаматқа 11, 2 млн. теңге өтемақы төленді.
2007 жылы 29585 адамға 193, 8 млн. теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 41862 отбасының 18 жасқа дейінгі 148913 балаларына 1344, 2 млн. теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленді.
Облыста 39 мыңнан астам соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде 2166 - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері тұрады. Ардагерлер үйіне жеке санаттағы 5173 адам емделуге жіберілді.

Демография және миграция.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАҢА ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақстан таулары
Алтай таулы аймағы
Талдар тұқымдасы
Қарлы-боранның пайда болуынның метеорологиялық және аэрологиялық жағдайлары
Наурызым қорығының экологиялық- географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі
Қорықтар. Қазақстанның қызыл кітабы
Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды дамыту
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz