Қазақстан Республикасының аймақтарындағы жұмысбастылық жағдайы


ЖОСПАР
КIРIСПЕ
I Қазақстан Республикасының аймақтарындағы жұмысбастылық жағдайын талдау
- Еңбек рыногы экономикасының жалпы сипаттамасы
- Жұмысбастылықтың деңгейi және оның Қазақстандағы жағдайын талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КIРIСПЕ
Әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылар арасындағы қатынпастардың әр түрлi факторлардың әсет етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк-еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ңылыми сала.
Бәрiмiзге белгiлi, елiмiз экономикасының егемендiк алғаннан берi жекешелендiру саясатының жаппай жүруi, яғни еңбек рыногында еңбек сұранысын мемлекеттiк салалармен қатар, рыноктың қызмет етуiнiң басты көрiнiсi болып табылатын жек кәсiпорындар мен фирмалар қалыптастыратын болады.
Кәсiпорын пайда табу мақсатында әр түрлi өндiрiс факторларын қолданады. Солардың iшiнде еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң көп бөлiгiн құрайды. Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты болғандықтан, еңбек рыногы күрделi әлеуметтiк-экономикалық рынок деп аталады. Өйткенi қазiргi заманда адмзат өзiнiң өмiр сүруi үшiн белгiлi бiр қызметтер iстейдi. Бiреулерiнiң жалақысы көп болса, бiреулерiнiкi аз. Ал кейбiреулерi мүлдем жұмыссыз.
Осындай жағдайларды реттеп, әлеуметтiк мәселелердi шешiп отыратын еңбек рыногы болып табылады. Еңбек рыногы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдiк бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бiр-бiрiне әсер етуiмен сипатталады. Кәсiпкерлер мен еңбекке қабiлеттi адамдар рыноктың агенттерi, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Яғни, шешудi қажет ететiн әлеуметтiк мәселе болып табылатын халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуi, жұмысбастылық, жалақы, жұмыссыздық, еңбек ұйымдары осы еңбек рыногының құрылымары болып табылады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi бүгiнде елдiң халқының тұрмыс деңгейi сол елдiң даму нәтижесiнiң көрсеткiшi болып табылады. Ал халықтың тұрмыс жағдайы тiкелей елдегi еңбекке қабiлеттi адамдар санына, олардың жұмыспен қамтамасыз етiлу деңгейiне, сонымен қатар жалақы және осыларды реттеп отыратын еңбек одақтары мен ұйымдарына, жұмыс берушiлерге байланысты.
I Қазақстан Республикасының аймақтарындағы жұмысбастылық жағдайын талдау
- Еңбек рыногы экономикасының жалпы сипаттамасы
Еңбек рыногы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдiк бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бiр-бiрiне әсер етуiмен сипатталады. Кәсiпкерлер мен еңбекке қабiлеттi адамдар рыноктың агенттерi, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек рыногы сұраныс пен ұсыныс механизмi арқылы экономикалық агенттердiң арасындағы бәсекелестiктiң нәтижесiнде жұмыспен қамтудың белгiлi көлемi және еңбек төлемi дәрежесi орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылардың арасындағы қатынастардың, әр түрлi факторлардың әсер етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала. Мұнда еңбек ұсынысы жалпы еңбекке қабiлеттi адамдар болса, ал еңбек сұранысын нарықтық экономикада фирмалар мен кәсiпорындар қалыптастырады. Осы фирмалардың қызмет етуi негiзiнен микроэкономика деңгейiнде болғандықтан жалпы фирма теориясы ұғымына тоқталып өтуге тура келдi.
Еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң көп бөлiгiн алады. Еңбек рыногында жұмыс күшi бiр жағынан сатылады, ал екiншi жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күшi деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күшi дегенiмiз адамның физикалық және ой қабiлетi, осы қабiлетiн ол материалды қжәне рухани игiлiктердi өндiруге пайдаланады. “Жұмыс күшi” деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс iстеп жүргендердiң нақтылы еңбекте пайдаланатын қабiлеттерi. Жұмыс күшiнiң еңбекке деген қабiлетi әр түрлi болады, алайда еңбк кезiнде оның барлығы бiрдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшiнiң нақтылы еңбекке қажет қабiлеттерi бағаланады, белгiлi кәсiп жасауға жұмсалынған жұмыс iстеу қабiлеттерi өмiрге, тiршiлiкке қажет заттарға айырбсталады. Демек, еңбек рыногы дегенiмiз “жұмыс iстеп жүрген” жұмыс күшi рыногы / 2, 5 бет /.
Еңбек рыногы пайда болуы және iск кiрiсуi үшiн ең кем дегенде оның құрылымында мына бөлiктер болуы қажет:
- Еңбек рыногының субъектiлерi (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсiподағы, жұмыс берушiлер, яғни фирмалар; мемлекет және оның органдары) ;
- Рынок механизмi (жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы, бәсекелестiк) ;
- Субъектiлер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешiмдер мен заң нормалары;
- Жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтiк төлемдер;
- Рынок инфрақұрылымы.
Еңбек рыногының жоғарыда аталған бөлiктерi бiрлесiп жұмыс күшiне деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестiруге, адамдардың еңбекке және қызмет түрiн еркiн таңдау құқығын iс жүзiнде асыруға, белгiлi әлеуметтiк қорғау жүйесiн құруға бағытталады.
Еңбек рыногының екi түрiн көрсетуге болады:
- Бiрiншiсi жұмыс күшiнiң территория жүзiнде жылжуға бейiмделген, яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Мұндай рыноктысыртқы рынокдеп атайды.
- Екiншiсi еңбеккерлердiң фирма iшiнде жылжуына бейiмделген. Бұл рынокты кейдеiшкi рынокдеп атайды.
Еңбек рыногының қызметтерi қоғам өмiрiндегi еңбектiң ролiмен белгiленедi, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды көзi. Экономикалық бағыттан еңбек дегенiмiз өте маңызды өндiрiстiк ресурс болып табылады. Сонымен қатар еңбек төрт негiзгi өндiрiстiк факторлардың бiрi және ол адаммен байланысты болғандықтан күрделi және көптеген ерекшелiктерiмен сипатталады. Осыған сәйкес еңбек рыногы басты екi қызмет атқарады.
Еңбек рыногы өндiрiстiң тиiмдiлiгiнiң артуына, ғылыми-техникалық прогрестi жетiлдiруде және осының негiзiнде еңбек етушiлердiң тұрмыс дәрежесiн елеулi көтеруге көмектеседi. Еңбек рыногы жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға, өмiр салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек рыногы асқан жауапкершiлiктi, тәртiптi, жинақылықты қажет етедi.
Оның әлеуметтiк қызметiне адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегiдей дәрежесiнiң қамтамасыз етiлуi және жұмыскерлердiң өндiрiстiк қабiлетiнiң тиiстi дәрежеде ұдайы өндiруiнiң қамтамасыз етiлуi жатады. Еңбек рыногының экономикалық қызметiне еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек рыногы көптеген ынталандыру функцияларын атқарады. Олар бәсекелестiк қабiлеттiң күшеюiне, тиiмдiлiгi жоғары еңбектiң өсуiне, маманданудың жоғарлауына себеп болады.
Әдетте, еңбек рыногының үш моделiн атайды: американдық, жапондық және шведтiк.
Американдық моделiне экономиканың бәсекелестiк жағдайы қолдау саясаты, оның аса орталықтануына жол бермеу, кәсiпкерлер белсендiлiкке және қызметкерлердi жеке табысқа, ақша табуды мақсат етуге итеру тән. Қызметкерлер кәсiпорындар арасында жиi алмасады, оқу орындарында кәсiптiк даяорлау толық болады, кәсiпорындар өндiрiстiк оқуға кететiн шығынды азайтуға тырысады. Осындай саясаттың нәтижесiнде қызметкерлердiң территориялық және кәсiптiк жылжымалдылығы, жұмыссыздық деңгейi басқа елдермен салыстырып қарағанда жоғары болады. Мұның барлығы бұл елде сыртқы рынок басым екенiн көрсетедi.
Шведтiк моделдiң ерекшелiгi мемлекеттiң белсендi түрде жұмыспен қамтамасыз ету саясаты жүргiзуi. Мемлекет органдары қызметкерлердi кәсiптiк дайындау, жұмыс орнын жасау, жұмыс iздеп жүргендердi бос жұмыс орнын табу үшiн кәсiптiк бейiмдеу және мәлiмет беру, жаңа жқмыс орнына жету үшiн жәрдем ақша беру арқылы жұмыс күшiнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға көп көңiл бөледi. Мемлекет әлеуметтiк қызметтердi қажет ететiн секторларда жұмыспен қамту мәселесiне етекше көңiл бөлiнедi. Сондықтан елде жұмыс күшiне деген сұраныс және жұмыспен қамту мәслелерiнiң шешiлуi жоғары деңгейде болып отыр.
Жапондық моделдiң ерекше бiр сипаты - “өмiр бойына жалдану жүйесiнiң” орын тебуi, яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекпен қамтамасыз етiлуiне кепiлдеме алады. Мұндай жүйенi кәсiподақтар қолдап, фирмаға түзу ниетпен қарайды. Жапонияда кәсiподақтар кәсiпорындар iшiнде құрылады және қызмет iстейдi. Фирма қызметкерлердiң кәсiптiк дайындау мен бiлiктiлiгiн жоғарлатумен шұғылданады, олардың еңбекке, жұмыс сапасына дұрыс көзқарасын тәрбиелейдi. Өз ойымен қызметкердi бiр жұмыс орнынан екiншiсiне, бiр бөлiмнен басқасына ауыстырып тұрады. Мұндай еңбек рыногын жабық iшкi рынок деп сипаттайды. Жапондық моделде фирма басшыларының қызметкерлерге жақсы қамқорлықпен қарауы, олардың өндiрiстен тыс өмiрiне көңiл бөлуi және де фирманың жан-жақты қызметiне еңбеккерлердiң құштарлығы сипаттайды. Бiрақ бұл модел кейiнгi кездерде экономикалық дағдарыстар болуына байланысты өзгертiлiп жатыр, тұрақты жұмыспен қамтылатын адамда рсаны азаюда.
1. 2 Жалақы мен жұмысбастылықтың деңгейi және оның Қазақстандағы жағдайын талдау
Қазақстандағы еңбек рыногы жағдайына келетiн болсақ, әрине бұл әлеуметтiк-экономикалық сала болғандықтан, елiмiздiң экономикалық дағдарысты басынан кешiрген жылдары бұл еңбек рыногы да күрт нашарлап кеттi. Оның келесiдей себептерiн атап өтуге болады:
- Елiмiз егемендiгiн алғаннан кейiн Қазақстаннның еңбек рыногына жұмыс күшi ұсынысының имиграциясы мен эмиграциясы ең күштi әсер бердi. Яғни, елге келушiлерге қарағанда, елден кетушiлер саны көп болды. Сондай-ақ елден кетiп жатқандардың көпшiлiгi бiлiктi, бiлiмдi және бәсекелестiк қабiлетi жоғары, еңбекке қабiлеттi жастағы азаматтар екенiн ескерсек, бiздiң қоғамымыздың еңбек потенциялына орны толмайтын шығын әкелгенiн айтуымыз керек.
- Елдегi экономиканың дағдарысқа ұшырауы, өндiрiс орындарыныңқысқарып, халықтың жұмыссыз қалуына әкелiп соқтырды;
- Елiмiздiң экономикасы құдарауымен байланысты әлеуметтiк сала да нашарлап, халқымыздың өсiмi кемуде, оған бiр жағынан өтпелi кезеңде басты әсер етiп отыр;
- Фирма мен кәсiпорындар өнiмiнiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң нашар болуына байланысты, олардың сатуға шығарған өнiмдерiне сұраныстың аз болуы жалақыны ңтөмендеуiне әкелдi. Осының салдары экономикалық активтi халықтың санының азаюына әкелдi немесе көлеңкелi экономикада қызмет етушiлер саны артты;
Алайда осындай келеңсiз жағдайлар орын алғанымен, елiмiз экономикасының соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамуы, стратегиялар мен реформалардың оң нәтижесiн беруi, жекешелендiрудiң толық қанды жүруi, шағын бизнес саласының дамуы, бiлiм саласына реформаның жасауы еңбек рыногында келесiдей оң нәтижелер көрiне бастады:
- Елiмiздегi жұмыс күшiнiң жылдамдылығы жоғары, Ресеймен салыстырғанда еңбек рыногын қалыптастыру алда. Кадрлар дайындауда жеке меншiктi оқу орындары кәдiмгiдей үлкен роль атқарады.
- Соңғы бiрнеше жыл iшiнде экономиканың тұрақты дамуымен байланысты, фирма мен кәсiпорындардың санының өсуi, ауыл шаруашылығында реформалардың жүргiзiлуi, өндiрiс немесе қызмет көрсету салаларының дамуына байланысты жұмыссыздық азайып, экономикалық активтi халықтың саны өсуде;
- Бәсеке қабiлеттi экономика құру және рыноктық қатынастарды дамыту адамдардың бiлiмiн жетiлдiруге, еңбек қабiлеттiлiгiн арттыруға ынталандырады. Бұл дегенiмiз жалпы жалақының өсуiне әкеледi. Елiмiздегi жалақының нақты өсiмi 2004 жылдың алғашқы алты айында 13, 2% құрап отыр, сондай-ақ зейнетақының өсуi де көрiнiс табуда;
- Елде жалпы экономиканың тұрақты өсуi, несие және лизингтiк қатынастардың дамуына байланысты жеке меншiк кәсiпорындар мен фирмалардың еңбекке сұранысы өсiп, онда жалпы жұмыс iстейтiн адамдар үлесi 70-80% болып отыр.
Сонымен экономикамыздың өсуiмен қатар, еңбек рыногының да дамитындығын көрiп отырмыз. Алайда туындап отырған келеңсiз мәселелердi шешу үшiн келесi мәселелердi шешуi керек:
- Жекешелендiрудi одан әрi дамытып, жеке меншiк кәсiпорындарын және шағын бизнестi дамыту, оларға қолдау көрсету;
- Елдегi еңбек күшi эмиграциясы мен имиграциясын реттеу, оралман қандастарымыздың келуiне жағдай жасау, бәсекеқабiлетi жоғары мамандардың сыртқа кетуiн азайту, олардың отандық өндiрiсте қалуына ынтасын арттыру;
- Өндiрiс және қызмет көрсету салаларының дамуы үшiн инвестиция тарту және ғылыми-техникалық бағдарлаималарды iске асыру;
- Демографиялық ахуалды түзеу, әлеуметтiк саланы жақсарту шараларын iске асыру;
- Бiлiм беру саласын реформалау, мамандардың бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, отандық өндiрiстi қолдау.
Осыларды қорытындылай келе, елiмiздiң еңбек рыногы соңғы бiрнеше жыл iшiнде оң бетбұрыс алды. Рыноктық экономикалық қатынастардың дамуы экономикада еңбек ұсынысы мен еңбек сұранысын өз күшiмен реттеуге бет алды. Ендiгi жерде еңбек рыногындағы басты мәселе елiмiздiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшiн жоғары сапалы бәсекеқабiлеттi мамандар дайындап, бәсекеқабiлеттi өнiмдер өндiру.
Еңбек рыногындағы басты статистикалық көрсеткiштерге келесi көрсеткiштердi жатқызамыз: жұмысбасты халық , экономикалық активтi немесе активтi емес халық , жұмыссыздық , жалдамалы және жеке меншiк секторында қызмет ететiн жұмысшылар. Олардың елiмiздегi соңғы бiрнее жылдағы мәлiметтерi бойынша көрiнiсiн келесi суреттерден көре аламыз.
Қазақстандағы жалақы жағдайын талдасақ, салалар бойынша орташа жалақының айырмашылығын 2-шi кестеден көруге болады.
Кесте 2 Қазақстандағы сала бойынша номиналды жалақы, теңгемен
Бұл кестеден көретiнiмiз елiмiз экономикасында жалпы жалақының өсуi көрiнгенiмен, оның сала бойынша бөлiнуiнiң арасындағы айырмашылық алшақ болып отыр. Мысалы, бүгiнде жалақының ең көп мөлшерiн қаржы саласында қызмет ететiндер, құрылыс салаларынның қызметкерлерi алуда. Ал ауыл шаруашылығындағы жалақының мөлшерi әлi күнге дейiн өте төмен болып отыр. Кестеден көргенiмiздей 2002 жылы қаржы қызметiнде орташа жалақы ауыл шаруашылығындағымен салыстырсақ 6-7 есе артық болып табылады.
Жалақының айырмашылығы болуы себептерi келесiлерге байланысты:
- Қызметкерлер бiртектi емес: олардың бiлiмi, шеберлiгi, тәжiрибесi, адам капиталына иелiгi әр түрлi, осыған орай өнiмдiлiгi бiрдей болмайды;
- Жұмыс орындары бiртектi болмайды;
- Жетiлген бәсекелестiк шарттары орындалмайды: жұмыс күшiнiң жылжымалы болуына шектеулер болады, еңбек рыногында дискриминация эффектi орын тебуi мүмкiн.
Адамдар қабiлеттерi мен алған бiлiмi және тәжiрибесi әр түрлi болады. Осы себептi әр уақытта жұмыс күшi бiрнеше белгiлi мамандық пен бiлiктiлiкке ие қызметкерлер топтарынан тұрады. Еңбек рыногында бұл топтар арасыда тиiмдi бәсекелестiк болмайды, өйткенi олар бiр-бiрiнiн орнын толық баса алмайды.
Сондай-ақ экономиканың еңбек рыногында экономикалық активтi халық деген негiзi ұғым қолданылады. Ол дегенiмiз еңбек рыногында еңбек жасына келген және еңбекке қабiлеттi, жұмыс iстегiсi келетiн адамдар саны.
Мысалы, елiмiзде 2000 жылдан бастап экоонмикалық активтi халықтың саны күннен-күнге өсуде, оған себепшi болып отырған экономиканың тұрақтануы, өндiрiс орындарының ашылуы, жалақының жоғарлап, оның тұрақты болуы, халықтың бiлiм және мамандану деңгейiнiң өсуi, демографиялық өсуге бет алғанымыз және т. б. жағдайлар себеп болып отыр.
Экономикалық активтi халықтың өсу динамикасын келесi 2-шi суреттен көруге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгене, бүгiнгi таңда әлемнiң дамыған елдерiнiң қай-қайсысын алып қарасақта олардың экономикасының негiзгi бағытының бiрi әлеуметтiк салаға бағытталған болып келедi. Өйткенi әлеуметтiк сала сол елдегi халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың өмiр сүру деңгейiн және сол елдiң жалпы экономикасының жағдайын көрсетедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz