Конфуций діні



Кіріспе

1. Қытайдың мемлекеттік діні . конфуцийшілдіктің негізін салушы
2. Конфуций діні

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауылшаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметгік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті — шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы — әрі монарх, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік кызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда — рубасылары, отбасы (семья) басылары тұрды. Ал кұлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында әртүрлі әлеуметгік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарымқатынас күрделі, шымшытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни кезқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар, жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың ара қатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлықтардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары "Бес кітап" (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы: математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі кұбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь), уақыт есептеу т.б. тәсілін ойлап, табуға мүмкіндік туды. Бірақ, ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялык ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге белінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі. Біз бұл аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері — конфуцийшылдық, даосизм және легистерге ғана қысқаша тоқталамыз.
1. Попов П.С. Изречения Конфуция, учеников его и других лиц. СПб, 1910 Древнекитайская философия, тт. 1–2. М., 1972–1973 Конфуцианство в Китае: проблемы теории и практики. М., 1982
2. Кобзев А.И. «Великое учение» – конфуцианский катехизис. – В кн.: Историко-философский ежегодник, 1986, М., 1986
3. Семененко И.И. Афоризмы Конфуция. М., 1987
4. Малявин В.В. Конфуций. М., 1987
5. Китайская философия. Энциклопедический словарь. М., 1994
6. Переломов Л.С. Конфуций. Я верю в древность. М., 1995
7. Фэн Юлань. Краткая история китайской философии. СПб, 1998
8. Переломов Л.С. Конфуций: «Лунь юй». М., 1998
9. Великие мыслители Востока. М., 1998.
10. Переломов Л. С. Конфуций: жизнь, учение, судьба. М., 1993.
11. Демененко И. И. Конфуций. М., 1995.
12. Сым Цянь "Старинный род Конфуция", М. 1994
13. Вольтер "О Конфуции", М. 1994
14. Толстой Л.Н. "Изложение китайского учения". М. 1995

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы
2. Конфуций діні

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ежелгі Қытайдың қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты
ауылшаруашылығы мен қала тұрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай
тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне,
әртүрлі сатыдағы әлеуметгік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті — шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын.
Мемлекет басшысы — әрі монарх, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды.
Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік кызметте болды. Олардан кейін
әлеуметтік сатыда — рубасылары, отбасы (семья) басылары тұрды. Ал кұлдар
болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың
өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдында
әртүрлі әлеуметгік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарымқатынас
күрделі, шымшытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына,
жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни кезқарас,
әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар, жоғары әлеуметтік
сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың ара қатынасын нақтылап,
айқындайды, т.б.
Қытайлықтардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары "Бес кітап" (У
цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді
санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы:
математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер
негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар
мен жердегі кұбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе (календарь),
уақыт есептеу т.б. тәсілін ойлап, табуға мүмкіндік туды. Бірақ, ғылым әлі
де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялык ілімдердің деңгейіне
әсер етпей қойған жоқ.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі
Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа — мектептерге
белінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм,
тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі. Біз бұл аталған
философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері — конфуцийшылдық,
даосизм және легистерге ғана қысқаша тоқталамыз.

1. Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы

Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы –
Конфуций. Оны Кун-цзы, Құнфу-цзы, Цзоу деп атайды. Ол қазіргі Қытайдың
Шандунь провинциясындағы Цюйф қаласында туып, сонда қайтыс болған. Халық
арасында ұстаз Кун деген есіммен кеңге танылған. Ол – Қытай ойшылы,
философ, тарихшы, мемлекет қайраткері. Өмірге келген ортасы – кедейленген
ақсүйектер отбасы. Осы данагөй негізін қалаған ілім (Конфуций идеясы) кейін
жапон қоғамының ұлттық жалпы психологиялық, мінез-құлықтық және иде-
ологиялық қондырғысы бо- лып қалыптасты.
Конфуций ілімін уағыздау-шы Хаттари Унакитидің пайымдауынша: Конфуций
– шы- ғыс данышпаны. Деген- мен, қазіргі күні ол бүкіл әлем танитын философ-
қа айналды. Оның ілімі – өмірді танытатын оқу-лық, таптырмас тәжіри-бе
мектебі. Ұстаз Кун осындай атақ-даңққа қалай жетті, балалық шағы қалай
өтті, одан кейінгі өмір жолы қалай болды? Оған жауап іздеп, көптеген
басылымдармен танысқанымызда біл- геніміз: жас шағында тө-менгі буындағы
шенеунік қызметін атқарып, 22 жасында бала оқыта бастаған. Сөйтіп,
Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнын ашып, ұстаз ретінде үлкен абыройға
бөленген. Конфуцийдің мектебінде оқытылған төрт пән – ақлақ (адамгершілік),
тіл, саясат, әдебиет.
Қызыл көзді қызғаныш, кө- реалмаушылық – барлық ха-лықта бар қасірет қой.
Елу жасқа жетіп, Лу патшалығында жоғары дәрежелі мемлекет қызметшісі болып
жұмыс іс- теп жүрген Конфуций қас-көйлік интригалар салдарынан қызметінен
кетіп, он үш жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін
аралауға кірісті. Алайда сол кездері билік құрып тұрған синто, буддизм
діндері Конфуций идеясына қарсы шықты. Өз идеясын еш жерде орнықтыра
алмаған ұстаз Кун 484 жылы еліне қайтып келуге мәжбүр болды. Конфуцийдің ең
басты 72 шә- кірті болса, солардың 12-сі қандай жағдайда да қасы-нан
шықпай, даналық ойларымен сусындаған көрінеді. Ол елге оралғаннан кейін де
ұстаздықпен айналысып, көне даналық кітаптарын жинап, өңдеп, мазмұнын
байытыпты. Әрі оларды таратыпты. Қолда барда алтынның қаді- рі жоқ, -
деген ғой. Қайтыс болып, тұрған үйі ғибадат-ханаға айналып, рухына тағ- зым
етушілер зиярат жасайтын орын болысымен-ақ оның есімі, идеясы басшылық-қа
алатын ақыл-кеңес бола бастайды. Және де б.з.б. 136 жылы Конфуций ілімі
мемлекеттік идеология болған кез- де ол Он мың ұрпақтың ұс- тазы, - деп
жарияланып, 1503 жылы мемлекет оны қасиеттілер, әулиелер қата-рына қосады,
1911 жылы болған ұлттық-буржуазиялық революциядан кейін ол ресми түрде
ардақталады. Ілімдегі теориялар Конфуций ілімінде қоғам – қайырымды
мырзалар мен қауқарсыз адамдар бо- лып екіге бөлінеді, кішілер- дің
үлкендерге құрметі – тә-рбиенің ең басты іргетасы, басқару - түзету деген
сөз. Конфуции ілімі бойынша қо-ғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға
тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь), парызды өтеу (и), әдептілік пен сыпайылық
(ли), зейінділік пен білімділік (чжи), берілгендік (синь). Данышпанның
атақты теориясының бірі – мемлекетті адамгершілікпен басқару. Осы орайда
ол: Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке-әке, ал ұл-ұл болу
керек, деген. Және де ол Билікке қалай жетуге болады?, - деген сұраққа:
Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткізу, - деп жауап қайтарған.
Ежелгі Қытайдың бес клас-сикалық шығармасын Шуцзин (тарих кітабы),
Шицзин (әндер мен гимндер кітабы), Лицзин (рәсімдер туралы жазбалар),
Юэцзин (музыка туралы кітап), Ицзин (өзгерістердің канондық кітабы)
жинастырып, қайта әңгімелеп, оларға түсіндірмелер берген де Кон-фуций.
Зерттеушілердің пайымдауынша, Көктем мен Күз-дің, Лу мемлекетінің тарихы
кітабына түсіндірмелері оның жеке басына тиесілі. Ең бастысы, Конфуций
ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни, адамды ға-ламдық
ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен ай-
қындалады. Конфуцийдің ой- пікірінің негізгі мазмұны та-биғат заңдарына
сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті,
тәртіпті қамтамасыз ету- дің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым
да ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған. ... Конфуцийдің саяси-
этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұл-
дың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы, үлкен кісілерді сыйлап жүруін
анықтайтын сяотұжырымдамасы да осы қатарда. Ол текті ерлерді (цзюнь
цзы) шешімді түрде ұсақ пенделерге (сяо жэнь) қарсы қойып отырған.
Ең ғажабы, Конфуций ілімі (трактаттар мен канондар) – жасырын дәстүр,
белді әулеттердің меншігі болды да. Ол атадан балаға мирас болып
қалдырылып келді. Әулет ақсақалы оны үлкен ұлына аманат ретінде тапсырып
кететін болған. Сон- да Конфуций ілімі Жапония- ға қалай тараған? Қытай
философтарының еңбектері жапон тіліне қалай аударылды, солай Конфуций ілімі
бұл елге де тараған (ХVI-XVII ғасырлар). Жапондарда отбасы – мемлекеттің
бір бөлшегі, қоғамдық ұя болып саналатындықтан, отбасы отағасын (үкімет
басы деп бағаланады) балаларының сыйлап, құрметтеуі бірінші орынға
қойылатындықтан Конфуций ілімі кең қолдау тапқаны мәлім. Иә, Жапонияда
перзенттік құрметтеу (сяо) өте жоғары. Мұнда ба-ла тәрбиесінде, перзенттік
парыз бойынша, балалар ата-анасын құрметтеп қана қоймай, оларды сүюге тиіс,
бұл қағиданы орындамау – үлкен абыройсыздық, өлімге пара-пар.

2. Конфуции діні
Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы, осы ағымның
негізін қалаушы Кунфуц-зы, оның ізбасарлары Мэнцзы және Сюньцзының
есімдерімен тығыз байланысты.
Кунфуцзы (б.д.д. 551479 жж.) кедейленген ақсүйек әскербасының
отбасында өмірге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол, тек 15 жасында
ғана білімге құштарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады.
Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-
пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жиынтықтап, "Әңгімелер мен
пікірлер" ("Лунь юй") деген конфуцийшылдық ілімнің негізгі шығармасын
дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып,
басшылыққа алған.
Кунфуцзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — аспан. Ол жерде
әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі
сатыдағы топтардың болуы ол — әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы
теңсіздікті қорғайды. Кунфуцзы өзінің ілімін аспан денелерінің
зандылықтарын немесе, бабалар рухын зерттеуге арнамайды. "Өмірдің не екенін
білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін кайдан білеміз", — деуінін, өзі
осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі — адамдар арасындағы
қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек
кеңіл бөледі. Олар: "тең орта", "адамгершілік" және "өзара сүйіспеншілік".
Осы үш ұғым бірігіп, "дао" ("дұрыс жол") құрайды. Әр адам осы даоның,
жолымен өмір сүруі қажет.
"Тең орта" — адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы
ісәрекеті. Өмірде мұндай "ортаны" ұстап, ісәрекет жасау оңай емес, себебі,
адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізі — "жэнь" —'"ата-анасын құрметтеу және үлкен
ағаларын сыйлау", жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен
адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал "өзара
сүйіспеншілік" арқылы қарымқатынас, конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің
негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда: "Өзің
қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама", — дегенге сайып келеді. Аталған
әдешілік қағидаларын "текті адамдар" (цзюньцзы") ғана басшылыққа алып,
ісәрекет жасайды.
Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы "текті адамдарға"
қарапайым адамдарды қарсы қояды. "Текті адам" — заң мен парызды басшылыққа
алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайдатапсамдеп ойлайды; "текті
адамға" үлкен, маңызды шаруалар тапсыруға болса, карапайым адамға ондай
тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақтүйек тапсыруға болады; "текті
адам" басқалармен келісімді жағдайда емір сүрсе де, олардың артынан
ермейді, езінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір
сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады т.б.
"Текті адам" тек қана этикалық ұғым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты
басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі — басшының өз басының
әдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер
басшылар "дао" жолымен жүрсе, онда халык оларға қарсы келмейді.
Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыттоқтамай етіп жатады
десе де, қоғамдық емірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қазқалпында
дамуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші — билеуші, шенеунік —
шенеунік, әке — әке, ал бала — бала болып, аттарына байланысты емес, шын
мәнісінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола
қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші — әке, халқы — оның
балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, "Білу дегеніміз —
табиғатты емес, адамдарды танып білу",—деп есептейді. Кейбір адамдарға "туа
біткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дана философ Конфуций туралы
Конфуций ілімінің бастауы
Дана философ Конфуций
Конфуцийлік-даосистік мәдениет
Конфуцизмнің өмірі
Конфуцийлiк - даосистiк мәдениет туралы
Конфуцийлік-Даостық мәдениет
Әйгілі философтардың адам туралы ілімдері
Ежелгі Рим діні
Ежелгі үнді философиясы туралы
Пәндер