Өндірісте жарақат алу мен ауруға шалдығу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

№2 Алматы Мемлекеттік Гуманитарлы-педагогтік колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: « Өндірісте жарақат алу мен ауруға шалдығу. Жарақат алу себептері»

Орындаған: ПД-215 тобы

Қыдыржанова Н.

Қонысова А.

Тексерген: Еңбекті қорғау

пәнінің мұғалімі

Айнабекова А. Б.

Алматы 2010жыл

Жоспар:

І. Кіріспе бөлім

Өндірісте жарақат алу

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сәтсіз жағдай туралы актілер
  2. Өндірістегі сәтсіз оқиғалар кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері
  3. Кәсіби уланулардың алдын-алу шаралары

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сәтсіз оқиғалардың түрлері

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. П. В. Долгов, С. Т. Қалдыбаева, Т. К. Ахмадиева. Студенттер оқитын пәннің оқу-әдістемелік кешені. «Еңбекті қорғау» пәні бойынша. Алматы, 2006.
  2. www. google. kz.
  3. Горная энциклопедия. М., «Соетская энциклопедия», 1984. Том 1-3

Зиянды өндірістік факторлардың әсері жұмысшыны ауруға немесе жарақаттауға алып келуі мүмкін.

Сәтсіз оқиға - бұл өндірістік қауіпті факторлардың адамға әсер етуімен байланысты, жұмыс орнындағы жағдай, ал кейде зиянды өндірістік қауіпті факторлардың әсері. Мысалы, токарь жұмыс кезінде газбен уланып қалды. Токарь есінен танып қалуы мүмкін, осының нәтижесінде, оның құлауы немесе токарь станоктың қозғалғыш бөлігіндегі (айналып тұрған) киім- кешегінің түсіп кетуі салдарынан, өндірістік жарақат алуы мүмкін.

Сәтсіз оқиғалардың нәтижесінде, адам денсаулығының зақымдалуын, әдетте жарақат немесе травма деп атайды. Ол әртүрлі факторлардың әсерінен болуы мүмкін: механикалық (кесілуі, сынуы, сіңірінің тартылуы, денесінің көгеріп қалуы, терінің аршылуы, жара, контузия), химиялық (улану, көңіл күйінің нашарлауы, күйік), термиялық (үсік, күйік) . Өндірістік жарақаттар жиынтығын өндірістік жарақаттар деп атайды.

Зиянды еңбек жағдайының жұмысшыға әсерін кәсіби аурулар деп атайды. Жеке алып қарағанда кәсіби улану деп аталады. Сәтсіз оқиғалар дегеніміз қысқа уақытта аралығында жұмысшы денсаулығының зақымдалуы және сыртқы факторлардың бірнеше рет әсер етуі. Осы себептен өте қатты уланулар, жылулық соққылар, күйік заң бойынша сәтсіз оқиғалар ретінде қарастырылады. Сыртқы факторлардың кенеттен әсер етуі мен адам ағзасының зақымдалуы қысқа уақыт аралығында болады. Осыдан сәтсіз жағдайлар ауру мен созылмалы уланудан ерекшеленеді. Созылмалы улану және аурулар адам ағзасына өндірістік зияндықтардың, улы заттардың, күшті шудың, ұзақ уақыт салқындату мен қыздырудың, радиоактивті сәулеленудің ұзақ уақыт бойы, бірнеше рет әсер етуі салдарынан болады.

Еңбек әрекетімен байланысты жұмысшылар денсаулығының әр түрлі жарақаттар алу және уақытша бір күндік және одан да көп мерзімде зақымдалуы және қаза болуы сәтсіз жағдай деп қарастырылады және Н-1 форма бойынша актімен тіркеледі.

Акт 3 данамен тіркеледі және архивте 45 жыл аралығында сақталынады. Бір данасын жарақат алушыға, екіншісін жұмыс берушіге, үшіншісін инспекторға береді.

Барлық сәтсіз оқиғалар және оның жай-күйі, «Сәтсіз оқиғалардың тіркелуі мен зерттелуі және жұмысшының денсаулығының зақымдалуын тіркеу ережелерімен» сәйкес себептері тексеріліп зерттеледі.

Сәтсіз оқиғалар келесі түрлерге бөлінеді: жеке, топтық, ауыр және өлімге алып келетін. Сәтсіз оқиғаларды тексеру тәртібі:

  1. әрбір сәтсіз оқиғаларды зардап шегуші немесе көрген адам міндетті түрде жұмыс беруші мен жұмыс ұйымдастырушыға хабарлау керек;
  2. зақымдалушыға алғашқы медициналық көмек көрсету және оны ұйымдық денсаулық сақтау орындарына жеткізу;
  3. сәтсіз оқиғалар орындарында текеру жұмыстары басталғанға дейін, өзгеріссіз сақтау, сонымен бірге құрал жабдықтарды сәтсіз оқиғалар болған кездегідей тура сол қалпында сақтау және сәтсіз оқиға болған орынды суретке түсіріп алу (егер бұл адам өміріне және жұмысшының денсаулығына қауіп төндірмесе, онда өндірістегі үдірістің үздіксіздігі апатқа алып келмейді) ;
  4. денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты қызметкерлері, өндірістегі жұмыскердің жарақаты туралы және денсаулығының зақымдалуы туралы оқиғаларды жұмыс берушіге хабарлап отыру керек, сонымен бірге күшті кәсіби ауруға шалдықса, мемлекеттік санитарлы эпидемологиялық органдарына хабарлау керек.

Өндірістегі сәтсіз оқиғалар және жұмыскердің зақымдалуы туралы жұмыс беруші арнайы формада міндетті түрде хабарлау керек:

  1. еңбек бойынша мемлекеттік органдардың территориялды бөлімшелеріне, сонымен бірге қауіпті өндірістік объектілердегі болған сәтсіз жағдайлар кезінде, төтенше жағдайлар бойынша жергілікті органдарға;
  2. ұйым жұмыскерлерінің басқарушыларына;
  3. сақтандыру ұйымдарымен келісім шарт бар болса, сақтандыру ұйымдарына;
  4. кәсіби аурулар мен уланулар туралы Мемсанэпидқызметтің жергілікті ұйымдарына.

Сәтсіз оқиға пайда болған кезде 17 бөлімде көрсетілген ережеге сәйкес жұмыс беруші келесілерге хабарлау керек:

  1. сәтсіз оқиға болған жердегі орны бойынша құқық сақтау органдарына;
  2. ведомствалық және өндірістік бақылау мен қадағалаудың компетентті органдарына.

Кәсіби немесе өте күшті кәсіби аурулар кезінде тексеруге Мемсанэпидқызметі немесе кәсіби политология Орталығының басшылары қатысады.

Күшті кәсіби ауруларды жеке тексеруді Мемсанэпидемқызметі немесе кәсіби политология Орталығының басшылары жиырма төрт сағат аралығында жүргізеді, ал созылмалы кәсіби ауруды хабар алған кезден бастап жеті күн аралығында жүргізеді.

Комиссияның жұмысына сақтандыру органдарының мүшелері қатыса алады, егер оларда сәйкес келісім шарт бар болса.

Басқа ұйымда өндірістік тапсырманы орындауы кезіндегі сәтсіз оқиғаны (қызметтік және келісім шарттық міндеттері), сонымен бірге жалпы білім беру, кәсіби мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқушылардың өндірістік тәжірибеден өту кезінде сәтсіз оқиғалар болса, оны қандай ұйымның территориясында оқиға болды, сол ұйымның жқмыс берушісінің басшысымен құрылған комиссия тексеру жүргізеді.

Көліктік құралдар апатының салдарының нәтижесінде болған сәтсіз оқиғалар, көліктік инспекция мүшелерінің материалдарды зерттеу негізінде жүргізіледі.

Көліктік инспекция мүшелері көліктік оқиға болған бес күндік мерзімде, сәтсіз оқиғаларды тексеру комиссияларының талап етуі бойынша, қажетті құралдардың көшірмесін ұсыну керек.

Сәтсіз оқиғаны өз уақытында жұмыс берушіге немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабарламаса немесе аурудың белгісі бірден белгі бермесе (мерзіміне байланысты емес), зардап шегушінің өтңнңшң бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының бұйрығы бойынша, өтінішті он күн аралығында тіркеуіне байланысты тексеріледі.

Сәтсіз оқиғаларды арнайы тексеру сәтсіз оқиғаның пайда болған сәтіне байланысты ұйым басшысымен жиырма төрт сағат аралығында жүредң, оның құрамында:

Ұйым басшысының төрағасы (өндірістік қызметте) немесе оның орынбасарлары;

Ұйымның еңбекті қорғау қызметінің басшысы, мүшелері, жұмысшылар немесе зардап шегушінің сенімді адамының өкілдері (келісім бойынша) .

Арнайы тексеруге жататындары:

  1. ауыр және өлімге алып келетін сәтсіз оқиғалар;
  2. зардап шегушінің жарақатының ауырлық дәрежесіне тәуелсіз екі және одан көп жұмысшылардың бір уақытта болған, топталған сәтсіз оқиғалары;
  3. өте күшті кәсіби аурулар кезіндегі топталған сәтсіз оқиғалар (улану) .

Сәтсіз оқиғалардың ауырлығы мен салдарына байланысты арнайы тексерулер, еңбек бойынша мемлекеттік территориалды органдардан құрылған комиссия он күн ішінде тексеріледі, олардың құрамында:

Мемлекеттік еңбек инспекторы төрағасы;

Жұмысшылар мен зардап шегушінің сенімді өкілі, жұмыс берушілер мүшелері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бактероидтармен қоздырылған анаэробты инфекциялар
Өнеркәсіптік құрылыс саласындағы еңбек гигиенасының қазіргі үрдістері
Ботулизмді балау, сақтандыру шаралары
Еңбек қауіпсіздігінің психологиясы
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Домбығу және сіреспе аурулары
Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауыттың өндірістік құрылым схемасын сызу
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Вирустық диарея ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz