ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығы



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 . 4

ІІ. Негізгі бөлім
ХІҮ.ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығының түсіндірме сөздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 . 27

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28 . 29


Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30 . 31
ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығының әдебиет тарихынан алатын орны ерекше. Өйткені осы кезде белгілі болған жеке жыраулар мен қазақ ақындарының көркем туындылары арқылы халық әдебиетінің жетістіктерін жете аңғарамыз. Әлеуметтік өмірге араласқан жыраулық әдебиеттің асыл мұрасы бізге толық жетпесе де,астарлы, мәнерлі, терең ойлы туындылары оны қазақ әдебиетінің іргетасы деп қарауымызға мүмкіндік берді. Ал осы шығармалардың авторлары қазақ әдебиетінің көне өкілдері ретінде танылды.
Аталмыш ғасырларда өмір сүрген жыраулардың сөзі сақталғандары санаулы-ақ. Олар: ХІҮ ғасырда жасаған Сыпыра, ХҮ ғасырда жасаған Асан қайғы мен Қазтуған, ХҮІ ғасырда өмір сүрген Шалкиіз, Доспамбет, ХҮІІ ғасырда жасаған Жиембет пен Марғасқа жыраулар. Бұлардың шығармалары белгілі бір кезең поэзиясына тән әдебиетті танытып тұрады.
Тақырыптың өзектілігі. Жыраулар шығармашылығы қазіргі таңда филология факультетінде жеке пән ретінде қалыптасып, 9-сыныптың оқу бағдарламасына енгізіліп, дәстүрлі өнер саласындағыларға арнайы оқытылып жүргенмен, олардың мазмұнын толық ұғынып, терең түсіну қиынға соғып отыр. Өйткені олардың шығармаларында ертеде кеңінен қолданылып, уақыт өте келе ұмыт қалған және қолданыстан шыққан көнерген сөздер немесе бастапқы мағынасынан айрылып, басқа мағынада қолданылып жүрген, фонетикалық, лексикалық өзгерістерге ұшырап,сөздердің диалектілік ерекшеліктері ретінде жұмсалып жүрген сөздер өте көп. Мәселен, арабы, балаңқы, шапшақ, кәуір, көбе, күпшек, нараду, қом, мүрит т.б. сөздердің қазіргі кезде қолданылмайтыны белгілі, соған байланысты оларды көпшілігі түсіне бермейді. Осының салдарынан жырау толғауларына деген қызығушылық төмендеп, оларды оқушылар да, насихаттап, елге жеткізуші дәстүрлі өнер адамдары да азайып барады. Мәнін, түпкі мағынасын түсінбегендіктен, тек жаттап алып, айту кезінде қателік жіберетіндер де аз емес. Ал қос, қары, жекен, ерен, ала, шәр, аға, кілең т.с.с. сөздердің мағынасы тарылған, тек бір ғана мәнде жұмсалады және көпшілігі белгілі бір аймақтың ғана сөйленісіне тән болып келеді, яғни диалект ретінде кездеседі.
1.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы,1974 – І том.
2.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-том. Б-Г. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1976. -695 бет.
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-том. Ғ-Ж. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1978, -735 б.
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-том. Ж-К. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1979, -672 б.
5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-том. К-Қ. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1980, -640 б.
6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-том. Қ. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1982, -624 б.
7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7-том. Қ-П. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1983, -672 б.
8. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-том. П-Т. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1985, -591 б.
9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-том. Т-Ү. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1986, -560 б.
10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-том. Ү-Я. –Алматы, Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1986, -512 б.
11. Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Мектеп, 2007. - 680 б.
12.Диалектологиялық сөздік. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. -800 бет.
13.Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді... – Алматы: Мектеп, 1980.- 125 б.
14. Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық. / Құрастыр. М.Мағауин, М.Байділдаев. –Алматы: «Жазушы», 1989. –Т.1. -384 бет.
15.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы: Санат, 1997. -928 бет.
16.Мағауин М. Қобыз сарыны.XV-XVIII ғасырларда жасаған қазақ ақын,жыраулары.Монография. –Алматы: Атамұра,2006 .- 264б

- 30 -
17.Сыздықова Р.Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі баспасы, 1993. – 320 б.
18.Нурдәулетова Б. Көне күннің жыр күмбезі. ‒ Алматы: Жазушы,2007. – 496 б.
19.Мағауин М. Алдаспан.Көне қазақ поэзиясының антологиясы. XV- XVIII ғасырлар. – Алматы: Атамұра, 2006. – 312б
20.Ақылдың көзі.-Алматы, «Жазушы», 1990. – 153 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .2 - 4

ІІ. Негізгі бөлім
ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығының түсіндірме
сөздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 - 27

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 28 - 29

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
- 31

Кіріспе

ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығының әдебиет тарихынан
алатын орны ерекше. Өйткені осы кезде белгілі болған жеке жыраулар мен
қазақ ақындарының көркем туындылары арқылы халық әдебиетінің жетістіктерін
жете аңғарамыз. Әлеуметтік өмірге араласқан жыраулық әдебиеттің асыл мұрасы
бізге толық жетпесе де,астарлы, мәнерлі, терең ойлы туындылары оны қазақ
әдебиетінің іргетасы деп қарауымызға мүмкіндік берді. Ал осы шығармалардың
авторлары қазақ әдебиетінің көне өкілдері ретінде танылды.
Аталмыш ғасырларда өмір сүрген жыраулардың сөзі сақталғандары
санаулы-ақ. Олар: ХІҮ ғасырда жасаған Сыпыра, ХҮ ғасырда жасаған Асан қайғы
мен Қазтуған, ХҮІ ғасырда өмір сүрген Шалкиіз, Доспамбет, ХҮІІ ғасырда
жасаған Жиембет пен Марғасқа жыраулар. Бұлардың шығармалары белгілі бір
кезең поэзиясына тән әдебиетті танытып тұрады.
Тақырыптың өзектілігі. Жыраулар шығармашылығы қазіргі таңда
филология факультетінде жеке пән ретінде қалыптасып, 9-сыныптың оқу
бағдарламасына енгізіліп, дәстүрлі өнер саласындағыларға арнайы оқытылып
жүргенмен, олардың мазмұнын толық ұғынып, терең түсіну қиынға соғып отыр.
Өйткені олардың шығармаларында ертеде кеңінен қолданылып, уақыт өте келе
ұмыт қалған және қолданыстан шыққан көнерген сөздер немесе бастапқы
мағынасынан айрылып, басқа мағынада қолданылып жүрген, фонетикалық,
лексикалық өзгерістерге ұшырап,сөздердің диалектілік ерекшеліктері ретінде
жұмсалып жүрген сөздер өте көп. Мәселен, арабы, балаңқы, шапшақ, кәуір,
көбе, күпшек, нараду, қом, мүрит т.б. сөздердің қазіргі кезде
қолданылмайтыны белгілі, соған байланысты оларды көпшілігі түсіне бермейді.
Осының салдарынан жырау толғауларына деген қызығушылық төмендеп, оларды
оқушылар да, насихаттап, елге жеткізуші дәстүрлі өнер адамдары да азайып
барады. Мәнін, түпкі мағынасын түсінбегендіктен, тек жаттап алып, айту
кезінде қателік жіберетіндер де аз емес. Ал қос, қары, жекен, ерен, ала,
шәр, аға, кілең т.с.с. сөздердің мағынасы тарылған, тек бір ғана мәнде
жұмсалады және көпшілігі белгілі бір аймақтың ғана сөйленісіне тән болып
келеді, яғни диалект ретінде кездеседі. Сонымен қатар қазіргі қолданыстағы

- 2 -
мағыналардың көбі жыраулар толғауының мағынасына сәйкес келе бермейді.
Әрине, бұл қазақ тілінде түсіндірме сөздік жоқ деген ой тудырмауы тиіс.
Түсіндірме сөздік бар, алайда онда жыраулық поэзиямен байланыстырылып
қарастырылмаған. Сол себепті ондағы сөздер толғау мағынасын толық түсінуге
септігін тигізе алмай келеді. Мұның өзі жыраулар шығармашылығын оқытуға
кері әсер етуде. Міне, осындай мәселені анықтай отырып, жыраулық поэзияның
мазмұнын түсіну үшін осы тақырып алынып отыр.

Жұмыстың мақсат-міндеттері:
- жыраулар поэзиясындағы қазіргі кезде қолданыстан қалған көнерген
сөздердің мағынасын анқтау;
- түсіндірме сөздіктегі көрсетілген мағынасын ала отырып толғаудың
жалпы мазмұнына сәйкестендіру арқылы талдау;
- аталмыш сөздердің қазіргі кезде диалектілік ерекшелік ретінде
қолданылтын мағынасымен байланыстылығын көрсете отырып, толғаудағы
мағынасымен салыстыра қарастыру;
- осы аталған сөздердің толғаудағы нұсқасын қазіргі қазақ тіліндегі
немесе мақал-мәтелдердегі қолданысына негіздей отырып түсіндіру.
Осы зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері ретіндегі
Х.Сүйіншәлиевтің [15], М.Мағауиннің [16], Б.Нұрдаулетованың [18],
Р.Сыздықованың [13], т.б. еңбектерді айтуға болады. Бұл жұмыс қазақ
тіліндегі түсіндірме сөздікке негізделе отырып жасалды. Осы зерттеу
жұмысының түсіндірме сөздіктен ең басты айырмашылығы мынада: түсіндірме
сөздікте сөздердің жалпылай мағынасы қарастырылса, бұл жұмыс жыраулар
шығармашылығынан келтірілген мысалдар арқылы сөз мағынасының толғауға
байланыстылығын ескере отырып, оларды қазіргі қазақ тіліндегі қолданысымен
байланыстыру арқылы сәйкестігін көрсетіп, сөз мағынасын анықтау болып
табылады.
Дерек көздері. Осы зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері ретінде
он томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігі [1-10], М.Бұралқыұлының
түсіндірме сөздігі [11], диалектологиялық сөздік [12] пен М.Мағауин,
М.Байділдаев құрастырған екі томдық Бес ғасыр жырлайды[14] т.б. кітаптар
танылады. Түсіндірілетін әрбір сөзге жыраулар
- 3 -
шығармасынан келтірілген мысалдардың дені Бес ғасыр жырлайды еңбегінен,
ал кейбіреуі Х.Сүйіншәлиевтің туындысында келтірілген үзіндіден алынды.
Түсіндірме сөздіктерде көрсетілген сөздердің мағынасы толғаудағы мәнімен
сәйкестіріле отырып, толғаудағы жалпы мазмұны анықталды. Диалектологиялық
сөздікке келер болсақ, бұл еңбектен аталған сөздердің қазіргі таңда қай
жерде қолданылатындығы, қандай мағына беретіндігі туралы мағлұматтар
алынып, толғаудағы мағынасымен салыстырылды.
Теориялық-практикалық маңызы. Бұл жұмыстың нәтижелері жыраулық
поэзия жеке пән ретінде оқытылатын жоғарғы оқу орындарындағы филология
факультетінің студенттеріне, жыраулар шығармашылығы оқу бағдарламасына
енгізілген 9-сынып оқушыларына, сондай-ақ дәстүрлі өнер саласында жүрген
адамдар мен өнер институтының
студенттеріне қатысты болып табылады. Филология факультетінің қазақ тобына
оқытылатын Хандық дәуір әдебиеті мен ХІХ ғасыр әдебиеті пәндеріне
қолданылып, толғаудың толық мазмұнын түсінуде студенттерге көмек беретін
құралдардың бірі болмақ.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе
бөлімінде жұмыстың өзектілігі, маңызы, мақсат-міндеті, теориялық негізі,
дерек көздері т.б. айтылса, негізгі бөлімінде сөздер алфавит ретімен
беріліп, ХІҮ-ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар шығармаларынан мысал келтіріліп,
олардың мағыналары түсіндірілген, қорытындыда жыраулар поэзиясының маңызы
мен әр жыраудың шығармашылығынан алынған сөздерге кесте жасалып,
түсіндірілген сөздердің жалпы саны көрсетілсе, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі осы зерттеу жұмысына негіз болған еңбектердің қатарынан құралған.

- 4 -
- А –
Аға.
Азаудың Ер Доспамбет ағасы...
(Азау, Азау
дегенің...)
Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағадан...
(Айнала бұлақ басы
тең...)[19;61,62]
- ханға жақын феодалдардың титулы [16;45].
- осы күнгі мағынасы: жасы үлкен ер адам.
- Бұрын Түркияда аға титулы әскери адамға, комендантқа,
янычарлардың бастығына берілетін болған. XV-XVI ғасырлардағы қазақ
қауымында да аға сөзі басшыға, оның ішінде әскери басшыға да айтылатын атақ-
дәреже мағынасын бергенге ұқсайды.
Аға сөзінің бір кездердегі басшы деген ауыспалы мағынасы ертеректе
қалыптасқан ел ағасы, отағасы деген тіркестердің бар екендігі дәлелдене
түседі. Қазіргі кезде бұл сөздердің мағынасы жалпыланып, ересек, сыйлы
адам дегенді білдіреді [17; 85].
- Сонымен қатар аға сөзі тілімізде оқытушы, лейтенант
сөздерімен тіркесіп, тұрақты түрде қолданылады. Бұл тіркестерде аға сөзі
тікелей тұлғаның ғылыми дәрежесін (мысалы, аға оқытушы) немесе әскери шенін
(аға лейтенант) білдіру үшін жұмсалады. Яғни, аға сөзінің түп-тамырында
басшылық ұғымды беретін мағына бар.
Доспамбет жырау қолданысындағы аға сөзі ханға жақын адамдардың
титулы мәнінде қолданылса керек.

Адырна. XV-XVIII ғғ. жыраулар поэзиясынан адырна сөзін көп
кездестіреміз. Мысалы, Қазтуғанның Мадақ жырында:
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті [14; 28] делінген. Бұл
жердегі адырна сөзі түсіндірме сөздікте садақтың кермесі, иіп тартқан
қайыс [1;70] деп берілген. Ал диалектологиялық сөздікте уықтың аяқ бауы
[12;25] деп көрсетілген. Бұдан байқайтынымыз, адырна – бір нәрсені бекітуге
немесе ұстатуға арналған жіп яки жіптен жасалған құрал.
- 5 -

Азбан. Ақтамберді жырауда:
Салпаң да салпаң жортармын
Сары азбанға қосымды артармын [14;59] – деген жолдар бар.
Бұл жердегі азбан сөзі түсіндірме сөздікте кестірілген, тарттырылған еркек
мал деп көрсетілген [1;80]. Азбан сөзінің қазіргі кезде диалект ретінде
қолданылып жүргенін байқау да қиын емес. Мәселен, Ресейдің Саратов
қаласында тұратын кейбір қазақтар азбандық сөзін бұқалық дегеннің орнына
қолданады екен [12;26]. Толғаудағы азбан сөзінің де түпкі мағынасы
сөздіктегімен сәйкес келеді, яғни өгіз, жегуге арналған еркек мал орнына
жұмсалып тұр.

Айыл.
Асау тулап жықпасқа,
Артқы айылдың беркі игі.
Жағаға құшпан қолы тимеске,
Артыңда туысқанның көбі игі [14;42] – деген өлең жолдарда
Шалкиіз жырау айыл сөзін қолданады. Түсіндірме сөздікте ер тоқымды бекіту
үшін атты бауырлай тартатын тартпа, ер-тұрман жабдығы [1;113] деп
көрсетілсе, диалектілік мағынасы мүлде басқа. Мәселен, Жабыл жақтарында
ауыл сөзінің орнына жұмсалады екен [12;35]. Сонымен қатар айыл сөзінен
тараған айылбас, айылжуа, айылчы т.б. сөздер де кездеседі. Моңғол
халқының ауызекі сөйлеу тілінде қолданып жүрген айылбас сөзінің мағынасы
айыл сөзінің түсіндірме сөздіктегі мағынасына жақындайды, ол жүгеннің
жақтауын бекітетін темір болып табылады [12;35].
Әдеби шығармада кездесетін айыл сөзіне мысал келтірер болсақ,
Шерхан Мұртаза туындысында Көрші айылдағы қызы Сусар апамды қолына алыпты
(Мұртаза Ш. Интернат наны. 30) деген сөйлем кездеседі. Бұл жерде ауыл
сөзінің орнына жұмсалып тұрғаны айдан анық. Ал халық мақалында:
Төске айылдың батқанын иесі емес, ат білер,
Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, жат, білер, - делінген. Мұндағы
айыл сөзі ер-тұрман жабдығы деген мағынада беріліп тұр.

- 6 -
Жыраулар поэзиясындағы айыл сөзі де ат әбзелі, ер-тұрман
жабдығы, ер тоқымды бекітуге арналған тартпа мағынасында жұмсалған.

Айыр. Ауызекі сөйлеу тілінде аша, бақан сөзінің синонимі ретінде
танылып жүрген айырдың түсіндірме сөздіктегі мағынасы қос өркешті түйе
деп көрсетілген [1;117]. Түрікменстан қазақтары құдықтан су тартуүшін
қадалған қос ағаш десе, Балқаш тұрғындары бір орыннан екінші орынға
бөрегенді жылжытып тыратын құрал [12;35] орнына жұмсайды екен.
Шалкиіз жыраудың:
Айырдан туған жампоз бар
Жүгін нарға салғысыз,
Арғымақтан туған будан бар
Түбінде көрінім жерді алғысыз [14;44] - деген жолдарында
айыр сөзі қос өркешті түйе дегеннің орнына қолданған.
Жыраудың бұдан жаманнан жақсы, ал жақсыдан жаман туады деген ойды
айтқысы келгендігі анық көріеді.

Ала балта - арнайы жасалған соғыс құралы, ал сөзі оғыз тілдер
тобындағы қол мағынасын береді. Мысалы: қол балта, қолға ұстайтын сапты
балта өйткені ал сөзі кейбір түркі тілдерінде құралдың сабы дегенді
білдіреді.
Жыраулар поэзиясында бұл сөз көп кездеседі. Мысалы, Доспамбет
жырауда:
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен (Тоғай, тоғай, тоғай су) [14;34]
немесе Шалкиіз жыраудың Би Темірге бірінші толғауында:
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып
Тепсініп келгенде
Тең атаның ұлы едің [14 ; 38] делінген.
Бұл тіркес жыраудың қолбасшы немесе жорық жырауы болғандығын
дәлелдейді.
- 7 -
Сонымен, ала балта – ертедегі бір ұрыс қаруының аты. Бұл атау XVIII-
XIX ғғ айбалта болып өзгерген.

Алаң. Түсіндірме сөздікте көңілі бөлінушілік, көңілі
орнықпаушылық, ала көңіл болушылық, енжар, селқос [1;193] деп көрсетсе,
диалектологиялық сөздік бұл сөздің Семейде балалар бақшасы дегенге
синоним ретінде қолданылатынын атап айтқан.
XV ғасыр қазақ әдебиетінің төлбасыларының бірі Қазтуған жыраудың
Алаң да алаң, алаң жұрт шығармасында:
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақала ордам қонған жұрт
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт... [14;27] алаң сөзі үш рет
қайталанып, жұрт сөзімен тіркесіп берілген. Мұндағы алаң жұрт тіркесі ел
көңілінің орнықпаушылығын, алаңдаушылығын білдіреді.
Алаң сөзі қазіргі таңда да осы мағынасында қолданылады.

Аламан. Жыраулар поэзиясынан көптеп кездестіретін көнерген
сөздердің бірі – аламан сөзі. XV ғасырда аты аңызға айналған қазақ жырауы
Қазтуғанның Қырында киік жайлаған атты толғауында:
Ал қолыңдаы малдырдың
Алтын мене күміске
Арқада жатқан ақырған
Аламанды шақырған... [15;258] немесе ХІХ ғасырдағы ірі
қоғам қайраткері, езілген елдің жоғын жоқтаған күрескер ақын, жалынды жырау
Махамбет Өтемісұлының Баймағамбет сұлтанға айтқанында:
...Аламанға жел бердік
Аса жұртты меңгердік... [14;187] аламан сөзі қолданылған.
Түсіндірме сөздікте көпшілік, бұқара; әскер, қарулы топ; бәйге деп
[1;191] көрсетілсе, диалектологиялық сөздіктегі мағынасы осыған сәйкес
келеді, яғни Қарақалпақ, Моңғол жерінде халық, көпшілік, тобыр, ал
Маңғыстау жұртында сарбаз, шапқыншы қол [12;50]
- 8 -
мағынасында қолданылады екен. Сонымен қатар, дық жұрнағының жалғануы
арқылы басқа мағынаға ойысады. Орал, Жамбыл қазақтарының ауызекі сөйлеу
тілінде аламандық сөзі тәртіпсіздік, опасыздық сөздерімен синонимдес,
яғни тең қолданылады.
Жыраулар шығармашылығындағы аламан сөзінің негізгі мағынасы халық,
көпшілік, тобыр дегенге жуықтайды.

Алдаспан – көне, зат. (шешек) имек қылыш [1;215] .
Мысалы:
Алп-алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің
Жүзі алтын, мол кескен
Алдаспаным өзіңсің (“Би Темірге бірінші толғау”. [14;37]
немесе:
Ақ табан ару торы ат жайлаған,
Алдаспаным ауыр қылыш байлаған (Шалкиіз жырау “Ер Шобан”).
Арғымақ атың аласы,
Қас игінің баласы,
Алдаспан ауыр қылыш суырған [14;49] .

Алаш – зат есім:
1. Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы,
қазақ деуден бұрынғы елдің жалпы аты.
2. Қазақ руларының ерте замандағы ұраны.
3. Жау дұшпан, жат, бөтен.
4. Ел, халық, жұрт.
Алаш деген сөзді ұран қылып алған ел біраздан соң ел атының өзін
алаш деп айтатын болған. Ноғай, қазақ - бәріміз бір алаштың баласымыз
деген сөз содан шыққан (Сейфуллин С. Шығармалар).
5. Ұлтшыл, алашордашыл, алаш партиясы [1;203] .
Мысалы:

- 9 -
Аштық келіп алашқа,
Бір түйір етке зар болар.

Алашың түгел ашықса,
Ақыл кетер басыңнан (Асан қайғы “Түйе бойы қары бар”)[15;
254].
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін... (Жиембет “Еңсегей бойлы ер
Есім”)[14;53] .

Айдындықтай (айдын) сөзінің үш түрлі анықтамасы көрсетіледі:
1. теңіз, көл сияқтыкөлемді су беті
2. даңғыл, анық, айқын
3. айбат, айбын, айбар [1;93].
-дықтай (діктей) зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ. Бұл жұрнақ
өлең жолдарында кездесетін теңеулерде молынан қолданылады. Қазіргі
өлеңдерде көбінесе -тай жұрнағы теңеу тудырудың ең қнімді тәсілі.
- Ал, Р.Сыздықова бұл сөзді тіркесімен алып қарайды да (айдындықтай
ақ білек), бұл тіркес бүгінгі күні образ ретінде де, нақты бір мағына
беретін қызметте де келмейді. Сондықтан біз бұл сөздің мағынасын айқындай
алмаймыз дейді [13;17,18].
- Біздіңше бұл сөздің мағынасы оны тіркесімен қосып қарастырғанда
біршама айқындала түсетін сияқты. Себебі, сөз тіркесін синтаксистік
тұрғыдан талдайтын болсақ, айдындықтай сөзі бағыныңқы ретінде басыңқының
сапасын анықтап тұр. Бұл тіркес бүкіл өлең бойында тамаша теңеуге айналған.
Сонымен бұл сөз мынадай мағыналарда қолданылуы мүмкін:
1. Сөздегі түбірдің бірінші- көлемді білдіретін мағынасынан
туындайтын білектің үлкен не кішілігі. Егер нақтылайтын болсақ, кішілігі.
Мысалы: Хан қызындай сұлтанның
Айдындықтай ақ білегін жастанып...
Ерең үйін тіктіріп
Омыраудағы он түймесін ағытып

- 10 -
Кейінгі қалған көпекке
Қалай да белін шешті екен!...
Бұл шумақтың ішінде жырау өзін көпекке (яғни ұсқынсыз, тапал)
теңеп, өзін төмендетіп жырлайды, яғни көпектің кішкене алақанын жастану;
2. түбірдің ауыспалы мағынасынан туындауы мүмкін; айбатты, айбарлы,
айбынды ақ білегінжастану.

Аймәдет (Аймадет)
Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағаның...
(Айнала бұлақ
басы тең...)[19;62]
Бұл Доспамбет жыраудың руының немесе тайпасының аты болса керек.
(Беріне Қаратоқай Мұрат ақын, Алаша Байтоқ жырау деген сияқты). Алайда біз
ноғайлыларға қатысты әдебиеттердің ешқайсысында Аймадет деген ру аты жоқ.
Ноғай тайпалары кейде өздерінің немесе мекен еткен жерлерінің атымен атала
береді. Әрине, ондай тайпаларға уақыт өте келе өз есімін өзгертуіне тура
келедің Аймадет те сондай атаулардың бірі болуға тиіс.
(Мағауин М. Қобыз сарыны.-А., 1968. -33-37 беттер).

Арабыараби. XV-XVI ғғ өмір сүрген қазақ жыраулық поэзиясының
атасы саналатын Шалкиіз Тіленшіұлының Алаштан байтақ озбаса атты
толғауында:
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді [14;36] делінген. Мұндағы
арабы сөзі түсіндірме сөздікте араб тұқымдас жылқы [1;304] деп
көрсетілген. Ал диалектологиялық сөздікте арабы қой, арабы кілем
тіркестері кездеседі, мұндағы арабы қой – құйрығы ұзын қой, ал арабы кілем
- түксіз кілем [12;66] деп түсіндірілген. Соған арағада, арабы сөзі өзі
тіркескен сөздің, яғи белгілі бір заттың немесе жануардың ерекше қасиетіне
байланысты қолданылады деп топшылаймыз.
Мысалыға алғанда үзіндіде аттың ерекше бір түрі, яғни араб тұқымдас
жылқы деген мағынада жұмсалып тұр.

- 11-
Асылдан – мал тұқымының жақсаруы, таза тұқымға айналуы.
Асыл:
1. Қымбат, бағалы, таза, құнды.
2. Майырылмайтын құрыш, болат.
3. Жер астынан алынатын қазына, байлық, бағалы кен.
4. Шұрайлы, ұнамды, жұғымды, күшті.
5. Бір нәрсенің ең керектісі, таңдулысы, жақсысы.
6. Асыл бейне [1;398-399].
Мысалы:
Асылдан саба тoлтырып,
Әзелде қымыз іше алман. (Сыпыра жырау “Отырушы едік
жайласып”).

Арғымақ – зат есім. Сымбатты да жүрдек, асыл тұқымды жылқы.
Шаттықтың сусылдаған бұлағына [1;320-321]
Ғасырдың даусын қосқан ұранына
Қазақтың ат үстінде аударысып,
Ойнаған Арымақтың құлағында (Жұмалиев А. “Өшпеген жалын”).
Қараса арғымақ тұр алтын ерлі,
Байлаулы қанжығаға басты көрді. (Ізтілеуов Т. “Рүстем”).

Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа. (Асан қайғы “Есті көрсең, кем деме”).

Аша тұяқ. Бұл тіркеске тоқталмас бұрын аша сөзіне мән бергеніміз
жөн. Түсіндірме сөздікте аша сөзі екі немесе одан да көп тармаққаайрылып
шыққан ағаш деп көрсетілген. Диалектологиялық сөздікте берілгеніндеі,
Талдықоған, Семей, Шығыс Қазақстан өңірлерінде айыр сөзінің, Таулы
Қошағашта аяқ сөзінің, Қарағанды облысында бақан сөзінің, Көкшетау мен
Жезқазғанда бағананың орнына қолданылса, Маңғыстауға қарасты аймақтарда
екі таудың жігі, арасы (ДС. 96-97) деген мағынаны білдіреді екен.
- 12-
ХV ғасырда өмір сүрген жыр атасы Асан қайғы:
Түйе бойы қары бар
Аша тұяқ қырылып,
Қардың беті қан блар (Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің
тарихы. 254) деген жолдарда аша тұяқ тіркесін қолданған. Ол екі түрлі
мағынаны береді: біріншісі – сиыр, қой, ешкі сияқты малдардың жалпы атауы;
екіншісі – айыр тұяқты [1;512] .

Атайы. Р. Сыздықова бұл сөзді батыр, жұрт деген сөздермен
қатарластыра қарайды. Сырт қарағанда бұл сөз атаулы, атақты, айтулы
сөздерінің бір варианты тәрізді болып көрінеді, өйткені бұларды бірінің
орнына екіншісіне алмастырушылық бар. Бірақ мұның түбірі де, мағынасы да
өзгеше, мәні мықты, күшті, берік деген мағынада қолданылады. [13;22,23]
Арқаның құба жанында
Арыстан ойнар шарқ ұрып,
Атайы ердің тұсында.
Тұлпары тұрар тарп ұрып...
(Шалкиіз жырау)

- Ә -

Әзіз. Шалкиіздің:
Алтынды Бақшасарай, Қырымға
Әзізленген сұлтан жаның шалт етер! (Арық хан Бес ғасыр
жырлайды, 37)
немесе:
Адам әзіз айтар деп
Көңіліңді салмағыл (Асан қайғы.
) – дегеніндегі әзіз сөзі сын есім тұлғасындағы сөз болып
табылады, түсіндірме сөздікте ғазиз, қымбатты, ардақты (ҚТТС І том, 585-
бет) деп түсіндірілген. Жырау толғауындағы әзізленген сөзі осы мағынада
жұмсалса керек.
-13-
- Б –

Балаңқы. ХV-ХVІ ғасырларда өмір сүрген қазақ жыраулық
поэзиясының атасы Шалкиіз жыраудa:

... Балаңқылар батпаған
Байсалы тудай Мәмбет бар (“Ер Шобан”)[14;48] – деген
жолдар бар. Мұндағы балаңқы сөзі түсіндірме сөздікте балалау, жастау
және ысылмағандау, тәжірибесіздеу деген екі мағынада көрсетілген [2;74] .

Берен.
Жауға келсең берен ки
Елеулеген болат өте алмас
Есендікте малыңды бер де батыр жый
Басыңа қыстау іс түссе
Дұспанның қолы жете алмас (Шалкиіз жырау “Би Темірге
бірінші толғау”)[14;38] – дегендегі берен сөзінің түсіндірме сөздікте
бірнеше мағынасы көрсетілген. Мәселен,
1. болаттан жасалған батырлар киетін сауыт;
2. қымбат, асыл мата;
3. ұңғысы ұзын шиті мылтық;
4. өжет, өткір;
5. беріктік, тұрақтылық [2;269] деп берілсе, диалекто– логиялық
сөздікте Көкшетау мен Маңғыстаудың кейбір аудандарында мықты,
қайратты сөздерінің орнына қолданылатындығын көрсеткен, сонымен
қатар Қостанай қазақтары бұл сөзді асыл мата дегеннің орнына
жұмсайды деп түсіндірме сөздіктегі мағынасын растайды [12;164].
Поэтикалық тіл зерттеушісі Рабиға Сыздық бұл сөздің бес түрлі
мағынасын атап көрсетеді:
1. ең мықты болат;
2. болаттан немесе металдан жасалған қылыш, семсер, кездік, қанжар,
пышақ;
3. сауыт, көбе;
-14-
4.батыр, күшті, асыл адам;
4. ең жақсы барқыт [13;47] .
Бұған қосымша, ақын-жыраулардың мұраларын зерттеуші Б.Нұрдаулетова
берен сөзінің жүйрік атқа, оның шабысына байланысты да айтылатындығын
жазған. Себебі, тілімізде көкберен жылқы, құйын перен тіркестері бар. Берен
мылтық деген қолданыс мылтықтың мықты болаттан жасалғандығын білдіріп
қоймай, оның атқанда тигірлігіне де орай айтылуы мүмкін. Берен сөзінің
мағынасындағы жүйріктік реңкі Маңғыстау ақын-жырауларында қолданылған,
―дейді ол [18;432] .
Ал толғаудағы берен сөзі болат өтпейтін батырлар киімі, яғни
болаттан жасалған батырлар киетін сауыт деген мағынада жұмсалып тұр.

Будан. Шалкиіздің:
Арғымақтан туған будан бар
Күнінде көрінім жерді алғысыз (“Айырдан туған жампоз
бар”)[14;44] – дегеніндегі будан сөзі түсіндірме сөздікте әр түрлі
тұқымды біріне-бірін телуден шыққан жаңа тұқым, дүбара [2;448] деп
көрсетілген. Сірә, бұл жолдарда будан сөзі жақсыдан да туған жаманның
болатынын көрсетсе керек.

Бидайық. Қазтуғанның:
Буыршынның бұта шайнар азуы
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы (“Мадақ жыры”) [14;28] –
дегеніндегі бидайық сөзі екі түрлі мағынада жұмсалады: бірі – көп жылдық
астық тұқымдас жабайы өсімдік болса, екіншісі – тұрымтай, қаршыға тұқымдас
жыртқыш құс [2;303] .

Ботташық.
Ботташығы бұзаудай
Боз сазаны тоқтыдай (Қазтуған “Қырында киік
жайлаған”)[14;29] .
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде өсімдік ретінде яғни шатыраш
гүлділер тұқымдасына жататын тамыры сәбізге ұқсас көп жылдық шөптесін
өсімдік [2;389] деп көсетілген. Ал кейбір жерлерде
- 15 -
“картоп” сөзінің диалектісі ретінде де қолданылады екен. Жырау
шығармасындағы ботташық сөзі де өсімдік мәнінде жұмсалса керек.

Буыршын. Түсіндірме сөздікте буыршын аруана мен үлектен туған
төрт жасар жас бура, інген бұзар [2;471] деп түсіндірілген. Бұл сөзді біз
Қазтуғанның Мадақ жырынан кездестіре аламыз:
Буыршынның бұта шайнар азуы
Бидайықтың көл жайқаған жалғыз [14;28]
Мұнда жырау өзін жас бураның қатты азуына теңеуде “жас бураның”
орнына буыршын баламасын қолданған.

Бұлан. Ақтамберді жыраудың:
Бұлан да бұлан, бұлан сан
Бұланның санын оқ тесер (“Түйе мойнын тұз кесер”) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Доспамбет жыраудың толғаулары
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Асанқайғы поэиясындағы Жәнібек бейнесін ашу
Пәндер