Өндіріс факторларының нарығы


Жоспар
Кіріспе
Өндіріс факторларының нарығы
Еңбек деген Сұраныс
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталган жабдықтар қоры. Жер туралы әңгімелегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т. б. игіліктер туралы сөз болуы керек. Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған енімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы емір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге, мемлеқет құрылысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар еқенін қөрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деғен піқір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің элсіз дамуымен, өндірілген өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады.
ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ
Өндіріс факторларының рыногы: еңбек рыногы, капитал рыногы, жер рыногы және ақпарат рыногы. Адамның көп қырлы қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын әр түрлі игіліктерді жасау өндірістік іс-әрекеттерді білдіреді, ол үшін табиғат өнімдері қайта өңделеді. Өндіріс процесіне қатынасатын және соңғы өнімді (қызметті) жасауға ықпал ететін нәрсе өндіріс факторы немесе экономикалық ресурс деп аталады.
Өндіріс факторы ретінде жер, трактор, эксковатор, шеге, кен, жіп, мақта, электр энергиясы, фабрика ғимараттары, домна пештері және т. б. көптеген нәрселер болады. Өндіріс процесі адам еңбегі сынды маңызды факторсыз іске аспайтыны белгілі.
Ең қарапайымы және қолайлысы марксизм теориясындағыдай өндіріс факторларын адамдық және материалдық-заттай факторларға бөлу болып табылады. Адам факторына әрине, адамдар жатады, олардың білімі, тәжірибесі, өндірістік дағдылары. Адам бірден-бір өндірістік процестің ықпалшысы, ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы болып табылады. Қалғандары, атап айтқанда материалдық-заттай ресурстар көбінде, өндіріс құралдары деп аталынады, өйткені олардың көмегімен адамдар өзіне қажетті игіліктерді өндіреді. Адамдардың білімі, тәжірибесі және оларды өндірісте іске асыратын өндіріс құралдарының жиынтығы қоғамның өндіргіш күштерін құрайды.
Еңбек заты - ол адамның еңбегінің бағдарлануы, ол өз кезегінде соңғы өнім болып табылады. Ал еңбек құралдары адамның табиғи мүмкіндіктерінің жалғасы болады және де адам мен еңбек заты арасындағы жалғастырушы ретінде көрінеді.
Еңбек рыногы осы еңбек заттары мен еңбек құралдарын қолдана алатын адамдардың білімі мен біліктілігі арқылы сипатталады. Адам еңбегі мақсатты, қоғамды жасаушы болып табылады.
Еңбек рыногы - бұл бір-біріне тәуелсіз көптеген адамдардың білікті еңбектік қызметтерін ұсынуы
Капитал бұрын өндірілген игіліктер болып келеді. Физиократтар капиталды шикізат пен құралдар, А. Смит жинақталған еңбек және т. с. с. анықтаған. Капитал физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық капитал өндірістік және өндірістік емес құрылымдар, машиналар және құрал-жабдықтар, шикізат және материалдар жатады. Физикалық емес капитал - адам капиталы : адамның білімі, тәрбиесі, мамандығы, еңбекке деген қабілеттілігі, дағдысы, шеберлігі, денсаулығы және т. б.
Капитал дегеніміз - бұл жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн әкелетін авансыланған құн. Капиталдың натуралдық нысандары: ақшалай, тауарлық, өндіргіш. Капитал рыногын өнеркәсіптік, сауда, қарыз капиталдары құрайды.
Өнеркәсіптік капитал - өнеркәсіп саласына және ауыл шаруашылығына, құрылысқа, көлікке бағдарланған капитал
Сауда капиталы - саудалық пайданы алу мақсатында сауданы ұйымдастырумен айналысу.
Қарыз капиталы - қайтарымдық және пайызды төлеу шарттарында қарызға берілетін капиталдың ерекше ақшалай нысанын көрсетеді.
Жердің мәні қазіргі кезде қолдан жасалынатын топырақты құнарландыру, синтетикалық материалдар, бұрын адамның қолы жетпеген жаңа энергия түрлерін алумен байланысты төмендеген. Бірақ өндірістік қызметтің экосфераны қатты ластауына байланысты адамның табиғат күшіне тікелей тәуелді болуы себебінен жердің мәні арта түсуде. Пайдалы қазбаларға қол жеткізу де үлкен мәнге ие. Сондай-ақ адамның өмір сүру ортасы мен өндірістік объектілерді орналастыру жағдайлары да маңызды.
Ал осы еңбек ұсынысын, сипатын және капитал түрлерін, пайыздық деңгейлерді, жер бағаларын анықтау кезінде ақпараттар рыногының орнын көруге болады.
Қоғамдық өндірістегі табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін рыноктық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек. Мұнда екі мәселе маңызды: біріншіден, өндірістің бүкіл факторлары механикалық және технологиялық жағынан өзара байланысты, оларды жеке дара пайдалануға болмайды. Тауар өндірісі үшін осы үш фактор өзара белгілі бір қатынаста болуы шарт. Әрбір факторға деген сұраныс көлемі басқа факторлардың баға дәрежесіне тәуелді. Мысалы, жұмыс күшіне деген сұраныс жалақы дәрежесіне ғана емес, қанша машина, шикізат сатып алынады және оларға деген баға қалай қойылады, міне, осыларға да тәуелді. Екіншіден, өндіріс факторларына сұраныс пен олардың баға дәрежесі тұтыну сұранысынан туындайды, түптеп келгенде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші адамға қажетті тауар өндіру үшін керек. Өндіріс факторларына сұраныс осы факторлар арқылы өндірілетін тауарларға деген сұранысқа тәуелді. Мысалы, астық өсетін жерге сұраныс сол астыққа деген сұранысқа байланысты, белгілі мамандықтағы жұмысшылар еңбегіне деген сұраныс, осы жұмысшылар өндіретін өнімге деген сұраныспен байланысты.
Өндіріс факторларының бағасы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына тәуелді. Өз кезегінде баға дәрежесі мен оның өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының динамикасына ықпал етеді. Бәсеке күресі барысында сұраныс пен ұсыныстың, тауарлар бағасының ауытқуымен байланысты өндіріс факторларының иелері арасында табыстарды бөлу орын алады.
Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныс және ұсыныспен анықталады. 2. Жалақы жұмыс күші- тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар- сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А. Смит пен Д. Рикардоның теорияларына негізделген. А. Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе "табиғи жалақы") "тауар" деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А. Смит "табиғи жалақы" деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осымен байланысты Смит жалақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсінді. А. Смит жалақы дәрежесінің төмен және оның тіршілік минимумына өте жақын болуы жұмысшы табының ұйымшылдығының жоқтығымен байланысты дейді. Жалақы динамикасын (қозғалысын) экономика жағдайымен байланыстырды. Экономикалық өрлеу жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де, рыноктық жалақы "табиғи жалақыдан" жоғары болады. Д. Рикардо да, А. Смит сияқты жалақыны еңбек бағасы деп ұғынды. Рикардо жалақы теориясын Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды. Жалақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу заңына сәйкес күн көріс заттарының минимумына ұмтылады. Осыған орай жалақының тұрақтылық заңы орын алады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі жұмысшының отбасында табиғи өсімді (тууды) көтермелейді де, еңбекке деген ұсыныстың өсуі жалақының төмендеуіне әсер етеді; керісінше, жалақының темендеуі жұмысшылар саны мен еңбекке ұсыныстың қысқаруына, тиісінше жалақының өсуіне әсер етеді. Сонымен, еңбекке деген ұсыныстың ауытқу ықпалымен жалақы тұрақтылық мөлшеріне күн көріс заттарының физикалық минимумына ұмтылады.
Жалақының негізгі екі типі бар: номиналды және нақты. Номиналды жалақы ақшаға шағып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына тәуелді.
Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол күндік апталық және айлық ақы болып бөлінеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы мен енбек қарқындылығы әр қилы болғанда, нақты еңбек ақы төлеу де әр қилы болады. Бірдей мерзім үшін жалақы алатын жұмысшылардың еңбек ақы дәрежесін салыстыру үшін "еңбек бағасын", яғни бір сағаттық еңбек ақысын анықтау қажет. Жалақының мерзімдік, нысаны кәсіпкерге жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқыңдылығын белгілеу мүмкіндігіне ие болады. Кесімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына тәуелді. Жалақының бұл нысаны мерзімді жалақымен байланысты, өйткені бір өлшем өнімнің бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген, өнім санына бөлу арқылы анықталады. Кесімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Кесімді жалақының ерекшелігі, еңбектің саны мен сапасы өндірілген өнім арқылы бақыланып, өлшенеді. Ол еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүдделендіреді, жұмысшылар арасындағы жалақы мөлшерінің жекелей айырмашылығының маңыздылығын күшейтіп, жұмысшылар арасындағы бәсекені ұлғайтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz