«Ойын-сауық объектілері атауларының ерекшеліктері»


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Ойын-сауық объектілері

атауларының ерекшеліктері

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: «Ойын-сауық объектілері атауларының ерекшеліктері».

Жұмыстың көлемі - 50

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Диплом жұмысының мақсаты. Қазақстандағы ойын-сауық отауларының аталу себебін, этимологиясын, семантикалық қырын анықтау болып табылады.

Диплом жұмысының міндеті:

- қазақ тіліндегі атау мағынасында жұмсалатын сөздердің мағынасын, қызметін анықтау;

  • Ойын-сауық атауларының пайда болу себептерін айқындау.

Диплом жұмысының нысаны. Ойын-сауық атаулары.

Диплом жұмысының материалдары мен дереккөздері. Диплом жұмысында «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Ойын-сауық отауларына ат қоюдың, сол арқылы басқа да атаулардың номинациялық амал-тәсілдерін айқындайды. Ойын-сауық отауларына ат қоюдың қыр-сыры белгілі болады.

Диплом жұмысының әдістері мен тәсілдері. Диплом жұмысын жазу барысында материалдарды талдау әдісі, салғастырмалы әдіс, сипаттамалы әдіс қолданылды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

  1. ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫ
  1. Онамастика ғылымының зерттелу жайы . . . 7
  2. Онамастика - ғылыми бағыт . . . 20

2 ҚАЛА ОНОМАСТИКАСЫ

2. 1 Ойын-сауық кешендерінің атаулары . . . 33

2. 2 Кинотеатр, театр, парк, стадион, цирк атаулары . . . 37

2. 3 Ойынхана атаулары . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 49

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі тіл білімі ғылымының дамуы антропоцентристік бағытта жургізіліп жатқан зерттеулермен сипатталады. Антропоцентристік парадигма тілді санамен байланысты қарастырады; тілдік таным процестеріне, тілдік тұлғаға, яғни тілді адам арқылы анықтауға осы бағыт басты назар аударады.

Этностың ұлттық таным әлемін өз бойына сіңірген қазақ тіліндегі жалқы есімдерді жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес зерттеу қазақ ономастикасының алдына соны мақсаттар, міндеттер, маңызды ұғымдар мен тәсілдер қойып, онамастиканың бұрын - сонды болмаған метатілдік теориялық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әлемді тіл арқылы танудағы жалқы есімдердің орны мен маңызын ескерсек, онамастикалық тілдік бірліктерінің ментальді-когнитивтік сипаттарын айқындау қазақ тіл білімінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақ онамастикасының алғашқы даму кезеңінде қазақ тілінддегі жалқы есімдер тілдік тұрғыдан зерттеліп, қазақ онимдерінің этималогиясы, лексика-семантикалық топтары, мағынасы, топонимикалық жүйелердің регионалдық ерекшеліктері айқындалды.

Қазақ ономастикасы тарихындағы екінші кезеңде жалқы есімдердің этнолингвистикалық, лингвомәдени сипаттары, көркем мәтіндердегі қызметі, кумулятивтік функциялары зерделене бастады. Бүгінгі таңда қарқындап дамып келе жатқан когнитивтік лингвистика тұрғысынан қазақ онимиясын бағамдай келсек, жалқы есімдердің тек тілдік сипаттарын қарастыру жеткіліксіз болып көрінеді. Жалқы есімдердің бойындағы рухани және материялдық мәдениетті ұлттың танымдық тәжірбиесімен сабақтастыра отырып, ментальды-когнитивтік түрде таңбаланғанын қарастырумен ерекшеленеді.

«Қырғыздың жалқы есімдер сөздігінде жалқы есімге мынадай анықтама берілген». Бір түрге жататын басқа объектіні ажырататын, жекелейтін сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем» [1, 116] .

Белгілі ғалым-топонимист Э. М. Мурзаев: «Қазіргі әлемде географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Почта, телеграф, теміржолдар өз қызыметтерін тоқтатады. Ұшақтар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме тоқтайтын жерлерде тұрып қалған болар еді. Ал газеттер жер шарының әр жерінде болып жатқан оқиғаларды қалай жеткізген болар еді» - дейді [2, 16] .

Жалқы есімдер адамның барлық тұрмысына қатысты, сондықтан онамастиканың теориясы мен практикасын білу лингвистер мен әдебиетшілерге, журналистер мен тарихшыларға, басқа да филолог-мамандарға қажет. Жеткілікті онамастикалық білім тіл игеруде, мәдени-аралық қатынас пен аударма техникасын меңгеруге, шығарма мазмұнын ашуда, оны түсіну үшін аса көмегін тигізеді. Кейінгі жылдарда жалқы есімдерді басқа ғылым салаларын, олардың табиғатын ашу үшін қолданатын арнайы ғылым онамастикада зерттеле бастады.

Ғылыми жаңалықтардың ашылуына, қалыптасуына орай оларды зерттеудің жаңа бағыттары мен атаулары да туындайды. Болашақ филолог ретінде тіл лексикасын зерттеуге қажетті жалқы есімдер туралы білімі жеткіліксіз екендігі студенттермен жұмыс барысында анықталды» [3, 4] .

Бүгінгі таңда онамастиканың сан қырлы, бүге-шігісі жазылмаған, әлі толық зерттеліп-зерделене қоймаған, қыр-сыры ашылмаған мәселелері көп. Атап айтқанда, жалқы есімдердің мотивациясы, қостілділік жағдайындағы атаулардың көрінісі, теориялық оқулықтар дайындау т. б. Сондай-ақ Л. Төрешова: «Онамастика мәселесі-саяси идеологиялық жұмыстардың сан тараулы саласының бір бөлігіне айналып отырған мәселелердің бірі.

Қазіргі кезде объектілерге ат беру мәселесінде қандай көзқарас танытып, қандай бағыт ұстанып отырмыз? Сұралған есімдердің бәрі лайықтыма, оны болашақ ұрпақ өкілдері қабылдайма деген сұраулар онамастика мәселесінде маңызды дейді [4, 107] .

Қазақстан Республикасыны өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін жер-су аттары өзгертіліп, кеңес дәуірінде қолданылған атаулар ежелгі тарихи атауларға ауыстырылып, көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, тарихи тұлғалардың есімдері түрлі объектілерге беріле бастады. Мұндай қарқын ауылдан бастап, облыс қала, республика деңгейінде жүріп жатыр [5, 17] .

Қазақстан Республикасы президентінің 1992 жылғы 8 ақпанындағы #616» Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік ауылшаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындарының мүлкін жекшелендіру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» жарлығының 16-тармағына сәйкес 1993 жылғы 26 қарашада халық депутаттарының облыстық кеңесі «Облыстағы кейбір ауылдық кеңестердің атын өзгерту және реформаланған ұжымдық шаруашылыққа есім беру туралы» қаулы қабылданған. Осы қаулының негізінде кейін ұжымдық шаруашылықтар, өндірістік кооперативтер тарап, жеке-жеке бөлінген кезде өз атауларын сақтап, ауылдардың аты болып қалды.

Кеңес дәуіріндегі 70 жылдардағы бодандық кезең бүкіл еліміздегідей біздің қасиетті өлкемізде жер-су аттары мен ауыл - аймақ атауларына, сонымен қатар қала онамастикасына салқынын тигізбей қойған жоқ.

Яғни осы кезеңде тұнып тұрған тарихы бар өлкемізде жаңбырдан кейінгі саңырау құлақтай болып «Кременевка», «казанка», «Луначарка», «Анатольевка», «Моловодное», «Кузьмина», «Комсомол» және т. б. Осы сияқты жүздеген, мыңдаған елді мекендер мен ауыл-аймақ атаулары қаулап шыға келді. Егеменді ел болып, тәуелсіз мемлекеттке айналғаннан кейін ғана осы орны толмас олқылықты түзетуге, мүмкіндік алдық.

Атылған ойларды жинақтай келе, мынадай қорытынды жасаймыз:

  • Тарихи атаулардың қаншама ғасырдан бері ел жадында сақталып, ұмытылмай келе жатқандығын ескеріп, қайта қалпына келтіру, облыс, қала, халқының байырғы халлықтық және тарихи атауларға құрметпен қарауын және рухани құндылықтарымызды бағалай білуін қалыптастыру мақсатында белсенді жұмыстар жүргізуі;
  • Тарихи маңыздылығына қарап, бұрынғы атаулардың өзгертілуін болдырмау;
  • Белгілі бір нысанға аты берілген қайраткерді, тұлғаны халыққа таныту, жастарға үлгі ету, келешек ұрпақтың жадында сақтау мақсатында баспасөз беттерінде насихаттап отыру т. б. [6, 110] .

Уақыт өте келе тіл білімінің салаланып, жаңа ғылымдардың пайда болуына байланысты жалқы есімдер жаңа қырынан танылып, жаңа сырлары ашылып жатыр. Жаңа есімдер сол ғылымдардың зерттеу объектісі болуы, зерттеу жайы мен үрдісі, бағыт-бағдары да жұмыс бойында назардан тыс қалмай айтылып өтті.

Жоғарыда айтылған мәселелерді қарастыра отырып, өз тұжырымымызды шығарып, ойымызды айтттық.

Біздің осы еңбегімезднгі пікірлер: осындай мақсат-мүдделерге өз үнімізді қосу, осы мәселелердің маңыздылығын тереңдете түсу болып табылады.

Диплом жұмысының нысаны. Ойын-сауық объектілері атауларының ерекшеліктері.

Диплом жұмысының мақсаты. Жалқы есімдер жайындағы шешілмей жүрген мәселелерді анықтап, сипаттау оларға қатысты зерттеу жұмыстарына үлес қосу.

Диплом жұмысының әдістемелік негізі. Диплом жұмысын жазу барысында сипаттамалы әдіс, салыстырмалы әдіс, сараптау әдісі, эксперименттік бақылау-талдау әдісі, жаппай іріктеу тәсілі қолданылды.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері:

  • Ойын-сауық объектілер атауларының лексика-семанттикалық, құрылымдық типтерін шығару.
  • Оын-сауық объектілер атауларының уәжін анықтап көрсету.

Диплом жұмысының жаңашылдығы. Жалқы есімдердің, соның ішінде қала онамастикасының табығатын тереңірек қарап, ғылыми жетістіктер аясында сипаттау.

Диплом жұмысынан күтілетін нәтиже: Онамастика, оның ішінде қала онамастикасы қазақ тілі білімінде көп зерттеле қоймаған тақырыптардың бірі.

Бұл еңбекте жалқы есімдер жайындағы бұрын-сонды айтылған пікірлерді салыстырып, өз тұжырымымызды шығардық. Теориялық және практикалық мәселелерді талқылап, олардың мәнін ашуға тырысамыз.

1 ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫ

  1. Ономастика ғылымының зерттелу жайы

Ономастика - заттарды жекелеп атайтын жалқы есімді зерттейтін тіл білімі саласы. Онамастика термині сонымен бірге жалқы есім жиынтығын - қазіргі ғылымда « онимия » ретінде белгілі онимдерді (гр. unoma, unuma «есім, атау») атау үшін қолданады. Жеке ел, аймақ немесе мәтіндегі жалқы есімдердің тізбегі « ономастикон » ( лексикон сөзіне сай) деп аталады. 20-шы ғ. 60-шы жылдарындағы жеке ономастикалық енбектерде ономастика термині онтропонимика, яғни аданың есімдер жиынтығы мағынасында қолданылған.

Қазақ тіл білімінің саласы болып табылатын ономастика соңғы жылдары қауырт зерттеліп, жеке-жеке монографиялық еңбектер, жүздеген ғылыми мақалалар мен ономастикалық сөздіктер жарық көрді. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институтының ономастика бөлімінде істейтін қызметкерлердің біразы ономастика саласы бойынша біраз кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалып жатыр. Қазір де бұл салада еңбек етіп, ізденіп жүргендер де аз емес.

Ономастика бөлімі республикамыздың кең-байтақ ұлан-ғайыр жеріндегі жер-су аттарын мұқият жинап, ономастикалық бай картотека қорын жасауға да кірісіп кетті. 1980 жылдары ұйымдастырылған экспедиция нәтижесінде Орталық Қазақстанның Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Ақмола, Торғай облыстарынан қыруар материалдар жиналды. Бөлімнің он бірінші бесжылдық жоспары бойынша «Орталық Қазақстан топонимдері» жұмысы да жазылды.

Ономастика тек қана лингвистикалық тұрғыдан ғана емес, тарих, этнография, география сияқты ғылымның басқа салаларымен де тығыз бірлікте зерттеледі. Сондықтан да оның ғылыми өресі кең. Оның қоғамдық мәні мен қызметі зор. Осы себептен де бұл күнгі ономастиканы зерттеу халықаралық мәнге ие болып отыр.

Әрбір халықтың болмысы мен дүние танымы, этникалық мәдениеті мен рухани өмірі қай кезде, қандай жағдайда болмасын, белгілі бір географиялық кеңістікте көрініс табады, нақтылы тарихи дәуірлердің жемісі болып саналады. Ал халықтың барлық өмір-тіршілігі, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени, рухани байлығы болса, ең алдымен сол халықтың ана тілінен өз өрнегін табады да ол асыл қазына болып қалыптасып, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Бұл тіл атаулының бәріне тән объективті заңдылық, ортақ қасиет.

Кез келген, жеке алғанда ономастиканың зерттейтін нысаны болу керек.

Пәндік модельдің ғылым ретіндегі жалпы парадигмасына ғылымның субъектілері мен танымдық болмыста әрекеттесетін нысан, құбылыс, шындық болмыстың үрдісі жатады.

Осы ережеге сай, тілдің жалпы өзіндік лексикалық қорын құрайтын өзге тілдерден енген және төл тілдің барлық разрядтарындағы жалқы есім ономастикасының нысаны болып табылады. Жалқы есім қатарына объектілерден бір объектіні жекелеп атау қызметін атқаратын барлық сөздер, тіркестер мен сөйлемдер енеді. Жалқы есімсіз бірде-бір тіл болмайтындықтан, олар ономастикалық универсалий болып табылады. Атау үрдісінде ақиқат және қияли болмыстың нышандарын жекелеу мен оларды қатыстыруына байланысты болатын көлемі бар жалқы есімдер жиынтығы әр халықта өзіндік ерекшеліктерге ие.

Аталушы объектіге қарай жалқы есім бірнеше түрлерге бөлінеді, ал олар өз ішінде текті-түрлік қатынаста бірнеше класстарға бөлініп кетеді. Мәселен, антропоним адамды немесе бірнеше адамдарды атайтын есімдер жиынтығынан, соның ішінде жеке есім , әкесінің аты, тегі, лақап аты жасырын аты, андроним (әйелін күйеуінің аты, лақап аты немесе фамилиясымен атау), гинеконим (еркекті кейін фамилиясы болып қалған шешесінің не әйелінің атымен немесе лақап атымен атау), патроним (әкесінің не әкесінің тегіндегі атпен немесе лақап атпен атау) онимдердің бір түрі.

Текті-түрлік гиперо-гипонимдік қатынасты жер кеңістігінің атаулары - топонимдерді нақты жүйе түрінде төмендегідей көрсетуге болады [7] . (қара. Кесте - 1) .

Жалпы мағынада алғанда ғылым нысаны болып субъекттің зерттеу нысаны, әрекеттесу үрдісі, құбылысы, нәтижесі, байланысы, табиғи мен жасандының қатынасы болып табылады.

Жасанды және табиғи жалқы есімдерді жасауда қолданылатын тілдік құралдар жүйесі, олардың құрылымы, семантикалық және сөз жасамдық модельдері, жалқы есімдерді өзара қатыстылығы, септелі ерекшеліктері, жалқы есмідердің синтаксисі, атқаратын қызметі тағы да басқа ономастиканың нысаны болып табылады.

Өзіндік нысаны, зерттеу объектісі бар басқа ғылымдар сияқты ономастика да өз мақсатын көздейді. Ономастикалық зерттеудің мақсаты - лексиканың басқа салаларымен салыстырғандағы жалқы есім ерекшеліктеріне ықпал етуші өзіндік ономастикалық белгілерін анықтау, онымдердің әр түрлә топтарын зерттеу, ономастикалық атаулар мен жалқы есім қызмет ерекшеліктерін алып талдау.

Кесте - 1

т о п о н и м:

т о п о н и м

Ороним(жер үсті қабатындағы нысандар атауы): Ороним (жер үсті қабатындағы нысандар атауы)
:
т о п о н и м: Спелеоним (жер асты қабатының нысандарының атауы)
т о п о н и м: Хороним (аймақ атауы)
т о п о н и м: Агроним (жер бөлімшелерінің атауы)
т о п о н и м: Гидроним (су нысандарының атауы)
Ороним(жер үсті қабатындағы нысандар атауы):
  1. Потамоним(өзен атауы)
  2. лимноним(көл, көлшік атауы)
  3. гелоним(саз, батпақ атауы)
  4. океаноним(мұқит не оның бөліктерінің атауы)
  5. пелагоним(теңіз не оның бөліктерінің атауы)
  6. пегоним(бұлақ атауы)
т о п о н и м: Экклезеоним (ғибадатхана, шіркеу атауы)
Ороним(жер үсті қабатындағы нысандар атауы):
т о п о н и м: Ойконим ( елді мекен атауы )
Ороним(жер үсті қабатындағы нысандар атауы):
  1. астионим(қала атауы)
  2. урбаноним(қала атауы)
  3. комоним(ауыл атауы)
т о п о н и м: Дромоним (кез келген байланыс жолдары атауы)
Ороним(жер үсті қабатындағы нысандар атауы):
т о п о н и м: Некроним (жерлеу орындарының атауы)
т о п о н и м: Дримоним (орман, алқап, тоғай атауы)

Бұдан басқа ономастика мақсатына тілден тыс жатқан факторлардың онимдер қалыптасуына ықпалын анықтау, жалқы есімдердің шығу тегін ашу, жалқы есім кодтау және нөмірлеу, жалқы есімдер сөздігін жасау т. б.

Нақты мақсаттан ономастикалық зерттеудің міндеттері шығады:

  • зерттеуге қажетті (онимдердің бөліну критерийлеріне сәйкес) жалқы есімдер жиынтығын бөлу және анықтау;
  • мүмкіндігінше қажетті материалдарды толығымен жинау;
  • жалқы есімдерді этимологиялық тұрғыдан талдау;
  • жалқы есімдердің әр түріне тән құрамдық және сөз жасамдық ерекшеліктерін анықтау;
  • жалқы есімдердің семантикасын анықтау;
  • ономастикалық атлас және карта жасау;
  • әр түрлі арнайы ономастикалық сөздіктер жасау;
  • арнайы ономастикалық шығу көздерін зерттеу.

Арнай ономастикалық шығу көздеріне географиялық карталар мен атластар, жеке жазылған естеліктер, публицистика, бұқаралық ақпарат құралдары, георгафиялық және тарихи очерктер, жазба ескерткіштері, мұрағат құжаттары, анықтамалық көрсеткіштері, телефондық және адрестік кітаптар, тіркеу кітаптары, актілік құжаттар т. б. жалқы есімдер туралы пайдалы ақпарат беретіндердің барлығы жатады. Зерттеудің жеке шығу көзі ретінде әр түрлі ономастикалық сөздер (топонимдік, антропонимдік, зоонимдік, терминологиялық т. б. ) қызмет атқарады.

Жалқы есім - тілдік бірлік (жер-су, әртүрлі зат (құбылыс) атауы, жан-жануар аты, адамның аты-жөні, ныспы, лақап ат т. б), тіл білімінің ерекше саласы.

«Жалқы есім-тіл мен білімінің ара-қатынасынан туындаған атау, тұжырым сөз. Оны ғалымдар адам білімінің санада жалқы есім түрінде пәнденуі деп түсінеді» [8, 31],

Ежелгі дәуірден жалқы есімдердің ерекше орны мен олардың мәніне назар аудпрылған көне дәуір ойшылдары жалпы есімдер мен жалқы есімдерді бөліп қарастырып, атаулардың ақиқаттығымен қажеттігі, зат пен атаудың тығыз байланысы, атаулардың мағынысы, атаулардың жеке тұлғалығы т. б жөнінде ережелер жасады. Бірақ атаулар әр разрядтарға бөлініп алынбаған. Жалқы есім мен жалпы есімге нақты бөлінбеген, олар біртұтас категория ретінде зерттелген, яғни жалқы есімдерді қарастырған көне дәуір ойшылдарынан Хрисипп, Дионисий Фракийский, Апполоний Дискон, Диамед, Донат, Консентий, Демокрит, Платон, Аммоний Диодор Крон, Секст Эмперик тағыда басқаларды атауға болады [9] .

Олардың ой тұжырымдары, өткен дәуірлерде өмір сүрген ойшылдар, философтар және лингвистер ізденістерінің негізіне сүйенген. Алайда, олардың ізденістері бойынша, жалқы есімдер жүйе ретінде емес, жеке сөздер ретінде қарастырылған. Кейбір ғалымдар өздігінше талпынып, біраз жалқы есімдерді сөздіктерге енгізген.

Ономастиканың қазіргі теориялық жағдайы ХIII-ХVIII ғғ ғалымдардың атаулар жөніндегі философияның ой толғамдарына негізделеді. (Фома Аквинский, Томас Гоббс, Дж. Локк, Г. Лейбниц т. б. ) Кейінірек ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында Еуропада жалқы есімдер туралы, жеке тұлғаларға тағылған белгі, таңба ретінде ерекшелігін зерттеу дамыған, лексиканың басқа қабаттарымен салыстырмалы түрде жалқы есімдердің ерекшеліктері анықталған, жеке алғанда терминдер мен жалқы есімдердің мағынасы мен мазмұны қаралған. (Дж. Стюарт Милл, Х. Джозеф, Б. Рассел, Л. Сьюсан Стеббинг, А. Нурен, М. Бриаль т. б. ) [10] .

Ономастика ғылым ретінде тек ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ғана таныла бастады. 1930-шы жылы Альберт Дозаның нұсқауы бойынша, әр елде жыл сайын 2 рет өтетін I Халықаралық ономастикалық конгресс Францияда шақырылды. 1949 жылы Бельгияда 1950-ші жылдан ономастика бойынша библиография жасайтын «Онома» журналын шығарушы ЮНЕСКО щеңберіндегі халықаралық ономастикалық комитет құрылды.

Ғылыми пән ретінде құрылғанға дейін ономастика үш кезеңнен өтті:

  1. Ғылымға дейінгі (ХIХ ғ. дейін) ;
  2. Ономастиканың ғылым ретінде қалыптасуындағы алдынғы кезең (ХIХ -ХХ ғғ басы) ;
  3. Ғылыми кезең (20ғасырдың 30-шы жылдарынан қазірге дейін) [11, 17] .

Тілдің күрделі жеке жүйесі ретінде ономастикалық лексика кеңестік дәуірдегі ғылымда 50-60жж қарастырыла бастады. (А. А. Камалов, А. К. Матвеев, Е. В. Корпенко, К. Конкабаев, Э. Б. Магазаник, В. А. Никонов, А. В. Суперанская, В. Э. Сталтмане, В. Н. Топоров, О. Н. Трубачев, Н. И. Толстой т. б) . Орыс (славян) ономастикасы В. Н. Татищев, Д. И. Иловайский, А. Х. Востоков, А. А. Шахматов, П. Л. Маштаков, Н. П. Барсов, М. Морошкин, Н. И. Надеждин т. б. бастаған өзінің қалыптасу жолын өтті [12] .

Бірнеше арнаулы зерттеулердің пайда болуы 1963-ші жылы ономастикалық енбектерді жеке том ретінде библиографиялық көрсеткіш - «Ономастика. Указатель литературы, изданный в СССР». М. : АН СССР, Институт научной информации по общим наукам. 1963 (1918-1962), 1978 (1971-1975), 1984 (1976-1980) шығарылуына себеп болды.

Осы жылдары түркі ономастикасы да дами бастады. Түркі жалқы есімдері туралы алғашқы мәліметті белгілі орыс ғалымдары В. В. Радлов, П. Мелиоранский, В. В. Бартольд, Г. Е. Грум-Грижимайло, Г. А. Левшин, Н. А. Аристов, С. М. Тянь-Шанский, Г. Н. Потанин, П. Паллас, А. Н. Харузин т. б. түркі жерлерін зерттеумен байланысты ғылыми қызығушылық тудыратын еңбектерінен табуға болады [13; 14; 15] .

Түркі жалқы есімдерін зерттеуде В. А. Баскаков, Б. Я. Владимирцов, С. Г. Кляшторный, А. Н. Кононов, Е. Д. Поливанов, А. М. Щербак, т. б. ғалым-тюркологтар үлкен үлес қосты.

Түркі ономастикасын зерттеуде үлкен рөлді ең бірінші болып ғылымда белгілі тюрколог-лингвист, этнограф, тарихшы, фольклоршы Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ит-түрк» (Түркі тілдерінің сөздігі) еңбегін негізге алуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөзжасам ұғымы және оның құралдары туралы
Алматы көшелері
Толықтырылған шынайылық технологияларын қолдану
Көркем мәтіндердегі диалектизмдердің этномәдени мәні
Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және оның даму жолдары
Ғимараттар мен құрылыстар техникасы
Қазақ ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту
Мейрамхана қызметі
Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz