Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін - өзі басқарудың әлемдік тәжрибесі



Жоспар

Кіріспе

1. Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін.өзі басқару тұжырымдамасы.
1.2. Республикалық және жергілікті басқарудың әдістемелік құқықтық негіздері.

2. Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін.өзі басқарудың әлемдік тәжрибесі
2.1.Ұлыбританияның мемлекеттік және жергілікті басқару құрылымы
2.2.Жапонияның мемлекеттік жергілікті басқару жүйесі
2.2.1. Жапониядағы жергілікті өзін .өзі басқару

3..Жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Басқару-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару – процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1993 жылы Республиканың Ата Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт Республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқаруды барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінң негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан жануарлар әлеміне, тарихи , мәдени құндылықтарына, өндірістік және өндірістік емес обьектілігіне деген төтенше меншігі.
Қолданылған әдебиеттер
1. ҚАЗАҚСТАН Республикас Президентінің Қазақстан халқына жолдауы-Казақстан – 2030// Егемен Қазақстан 1997г. 11 қараша.
2. Қазақстан республикасының “ҚР мемлекеттік жергілікті басқару туралы” заңы”. Егемен Қазақстан 23.01.2001ж.
3. 2002-2006 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасының аймақтық саясат қағидалары. Астана қаласы, 2001 ж.
4. Махмутова М.”Системы местного самоуправления в Казахстане”. М: 2001г.
5. Арбатов А.”Механизм регулирования развития регионов.” Экономист, N12,2001г.
6. Анимица Е.Г. ”Основы местного самоуправления” Учебник: М. Финансы и статистика. 2001.
7. Концепция интеграции научных учереждений и ВУЗов с наукоемкими производствами // Наука Казахстана. 1999г. 1-15 января.
8. Указ президента Республики Казахстан от 11.03.1996г. О мерах по совершенствованию системы государственного управления наукой в Республике Казахстан // Казахстанская правда. 1996г. 13 марта.
9. Баймуратов У.Б. Эффективность технического прогресса в промышленности Казахстана – Алматы.1973г. – 200с.
10. Герчикова И.Н. Менеджмент – М. Банки и биржи, изд Объединение ЮНТИТ. 1995г.-480с.
11. Дедов А.Г., Сафанова И.А. Основные направления химизации экономики капиталистических стран – М.: Химия. 1988г.-250с.
12. Завин П.Н., Казанцев А.К. Инновационный менеджмент (справочное пособие).- М.:Центр исследований статистики и науки. 1998г. -495с.
13. Сатубалдин С.С. “Драконы” и “тигры” Азии: сможет ли казахстанский “барс” пройти по их стопам – Алматы: ғылым. 1998г. – 600с.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
1. Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы.
1.2. Республикалық және жергілікті басқарудың әдістемелік құқықтық
негіздері.

2. Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқарудың әлемдік
тәжрибесі
2.1.Ұлыбританияның мемлекеттік және жергілікті басқару құрылымы
2.2.Жапонияның мемлекеттік жергілікті басқару жүйесі
2.2.1. Жапониядағы жергілікті өзін -өзі басқару

3..Жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы
дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың
екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай ақ Қазақстан
қоғамдық саяси ахуал қарама қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық
тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының
мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын
алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама қайшылығын
үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей берекет пайдалануына мүмкіндік береді,
мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырады.
Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында
болды. Кеңестік жүйенің күйреуі алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру,
талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993
жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен
көптеген мемлекеттердің айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу
жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол
еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық
дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді
және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Басқару-мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың
барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол
жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық
деңгейлерге тән. Басқару – процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып,
табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және
қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған
байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік
экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы
алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан
мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1993 жылы Республиканың Ата
Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында
қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында
қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын
алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси экономикалық
процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің
негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың
маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт Республика дербестігінің экономикалық
алғышарты мен өмір тіршілігін басқаруды барлық сферасын анықтайды. Атап
айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінң негізі: жерге, оның
қойма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен
жан жануарлар әлеміне, тарихи , мәдени құндылықтарына, өндірістік және
өндірістік емес обьектілігіне деген төтенше меншігі.

1. Мемлекеттік жергілікті басқарудың теориялық негіздері
1.1. Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы.
Республика экономикасын басқару жүйесінің әдістемелік негіздерінің
бірі болып- осы тұжырымдамасы берілген, өзін-өзі басқаруға көшудің
теориялық алғы шарттарының жүйесі саналады. Құрылымы бойынша ол он бес
бөлімнен тұрады, оларды стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық
база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде
жоспарлау, ғылыми техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты
пайдалану және басқалары кіреді. Жергілікті ресурстарды пайдалануда
аймақтардың құқығын кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру
сапасы қамтамасыз ете отырып, көздеген мақсаттарға жетуге рұқсат етілген.
Тұжырымдаманың теориялық қана емес , сондай-ақ тәжрибелік мәні бар.
Тұжырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі басқару қағидасына
өтудің басты мақсаты ретінде экономикалық дамуды жеделдету және
аймақтардың ресурстарды қолданудағы құқықтарын дамыту болып табылады.
Сондай-ақ тұжырымдамада басқарудың стратегиялық мақсаты, халықтың өмірлік
деңгейін қамтамасыз етуді анықтаған.
Аталмыш тұжырымдаманы нақтылы іске асыру басқару саласында өзекті
мәселе екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі заң жобалары ұсынылды:
біріншісі- “Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы”, екіншісі- “Қазақстан Республикасы ндағы өзін-өзі басқару туралы”.
Бұл құжаттар көптен күткен, әлеуметтік-экономикалық басқаруды одан әрі
қарай жетілдіретін әдістемелік негіздердің бірі деп ұғынғаны дұрыс.
Бірінші заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жергілікті
мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті
өкілді және атқарушы органдардың құзретін, қызметтің ұйымдастырылуын,
тәртібін, сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгіледі.
Заңда бірқатар анықтамалар берген. Мысалы: жергілікті мемлекеттік басқару
–жергілікті өкілді және атқарушы органдар осы заңмен және басқа да заң
актілерімен белгіленген құзірет шегінде тиімті аймақта мемлекеттік саясатты
жүргізу және оны дамыту мақсатында жүзеге асырылатын әрі тиісті аймақтағы
істің жай күйіне жауапты қызмет. Сонымен бірге өзін-өзі қаржыландыру
мәселесі де қарастырылған. Заңның үшінші бабында деп жазылған: жергілікті
мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін:
жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, Қазақстан
Республикасы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік
құрайды.
Басқару тұрғысынан алғанда маслихаттардың құзыреттері орынды көрсетілген.
Оған дәлел: заңда жазылғандай мәслихаттардың құзыретіне тиісті аймақты
дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаоарын,
жергілікті бюджетті және олардың атқарылуын бақылануы.
Ұғыну барысында екі заңның айырмашылығын білу өте қажет. Біріншісі, Заң
жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-өзі
басқару туралы. Соңғысы, жергілікті басқару органдарына емін-еркін
бостандық беру негізі. Әрине заңдылық шеңберінде.
Қазақстан Республикасы “Жергілікті өзін-өзі басқару” заңында мынадай
анықтама берілген: “Жергілікті өзін -өзі басқару деп - Қазақстан
Республикасының коститутциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар
мәселеелрді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда
жүзеге асыратын халық билігін жүзеге асырудң нысаны ұғынылады”. Заңның
ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселеелрдің
жергілікті қаржыландыру туралы. Жергілікті қауымдастықтың кірістері
келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан; жергілікті
қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті
жалға тапсырудан алынған жергілікті қауымдастық кірістерінен; жергілікті
халықтың өз еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістердіен; заңды
және жеке тұлғалардың ерікті қайырылымдық қорларынан; заңмен тиым
салынбаған өзге де көздерден. н экономикасы мемлекеттік реттеудің
субьектісі болып табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік
реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет
қалыптасуы, салық және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің
негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік
бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл
қағидалар тек саяси әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы
менеджметтің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей қатысты.
Басқару обьектілерінде жүргізіліп жатқан терең де сапалы өзгерістер
ұйымдастырушылық құрылымдар мен басқару органдарын қайта құруға әкеп
соғады. Әрдайым даму мен жетілу үстінде болатын басқару обьектісін бұрынғы
қалыптағы әдіске салуға болмайды. Керісінше, әдістер өзгертіліп отырған
экономикалық міндеттерге сәйкестендірілуі тиіс. Ол бір жағынан нарыққа
өтпелі кезеңде аймақ басқару субьектісі ретінде, екінші жағынан нақтылы
елдегі әлеуметтік экономикалық процестер әсерінен біріккен жергілікті
қызығушылығы бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.
Бұрынғы орын алған мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарының бірқатар
кемшіліктері болған. Олардың қатары төмендегідей:
• Қоғамдық дағдарыс жағдайынан шығуы, қолда бар өндірістік, экономикалық
және интелектуалдық әлеуеттің тиімді пайдалануын қамтамасыз етпеді;
• Нарықтық қатынастарды ендіру мен дамытуға жағдай тудыруды, жоғары өнімді
ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуді, кәсіпкерлік пен бәсекені
жетілдіруді мүмкін етпеді;
• Басқару органдарының әдістері мен нысандары ескіше болды;
• Салалық басқару органдарында қайта бөлу қызметі басым болып, кәсіпорындар
әрекетіне себепсіз араласу мен олардың экономикалық дербестігін шектеу
орын алды;
• Елеулі кемшілік болып қабылданған басқарушылық шешімдерге
жауапкершіліктік орын алмауы табылды;
• Келісімсіз әрекет жасау, қызметті пайдалану, атқарушы органдарда кең етек
алды;
Экономиканы тұрақтандыру шаралары мен нарықты қалыптастыру мәселелері
мемлекеттік билік пен халық шаруашылығын басқару органдарының құрылымын
қайта құрудың обьективтілігі қажеттілігін тудырады.
Қазіргі кезедегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен қызметі
1999 жылғы 13 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау
жөніндегішаралар туралы Президент жарлығына сәйкес жүргізіледі. Аталған
құжат мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі өзгеріс әкелген 1997 жылдың 4
наурызында жарық көрген, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар
жүйесін реформалаудың кезекті шаралары атты Президент жарлығының жалғасы
болып табылады. 1999 жылғы жарлыққа сәйкес мемлекеттік органдар құрылымы
келесідей:
• Қазақстан Республикасы экономика министрлігі;
• ҚР-ның көлік және коммуникация министрлігі;
• ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі
• ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігі;
• ҚР білім және ғылым министрлігі;
• ҚР табиғи ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрлігі;
• ҚР стратегия жөніндегі агенттігі;
• ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестіктіқорғау және шағын бизнесті
қолдау жөніндегі агенттік;
• Үкімет құрамына кірмейтін бірқатар басқа да комитеттер мен комиссиялар.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын әрі қарай жетілдіру экономика мен
шаруашылық тетіктерін нақтылы мақсатты дамуымен тығыз байланысты. Басқару
құрылымы әрі қарай жетілдірудегі негізгі талаптар болып мыналар табылады:
• ұйымдастырушылық құрылым басқарудың негізгі заңдылықтарына, дәл кезіндегі
мақсаттарға сәйкес болуы керек;
• ұйымдастырушылық құрылымның жақсаруы, шаруашылықтың экономикалық
тетігінің өзгеруімен қатар іске асырылуы керек;
• Бұрын өзін өзі ақтаған басқарудың ұймдастыру нысанындағы , қағидаларды
және әдістерді жалғастырып пайдалану.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы серпіндікпен сипатталатын және
обьектінің жағдайымен байланысты болған соң, ұйымдастырушылық мәселелері
өтпелі кезеңнің әр сатысында зерттеліп отыруы қажет. Ол мәселелер мынандай
топтарға жинақталады:
• Басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандырудың арақатысын
оңтайландыру, яғни басқарудың иерархиясының барлық сатысында оның
функцияларын, құқықтарын және жауапкершілік қызметтерін анықтап
айыру.Сонымен қатар негізгі топтағы кәсіпорындар, фирмалардың шаруашылық
дербестігін елеулі көтеру;
• Республикалық , аймақтық және бағдарламалық деңгейде жалпы міндеттерді
шешуде басқару органдарының үйлестігі мен әрекеттестігі;
• Еңбекті ұйымдастырудың пайдалы нысандарын , шешім қабылдаудың әдістерін
және басқару құрылымдарды пайдалана отырып, басқару аппаратының жұмысын
тиімді етіп құру.
Осы аталған мәселелер кешені аппаратты құруды жан жақты қамтиды. Осының өзі
ұйымдастырушылық жүйелердің талдау обьектісі болып табылады.

1.2. Республикалық және жергілікті басқарудың әдістемелік құқықтық
негіздері.
Республикалық және жергілікті басқарудың әдістемелік құқықтық
негіздері туралы заң барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылады, бұған
қазақстан Республикасыынң конститутциялық заңдарында немесе өзге де заң
актілерінде олар үшін өзгедей құқықтық мәртебе белгіленген жағдайлар
қосылмайды.
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеег асыратын және мемлекеттік
органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге
жатпайды. Мұндай адамдардың тізбесін ҚР үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган мен оның аумақтық
бөлімшелері:
1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган бұдан ірі өкілетті
орган ҚР президентіне тікелей бағыыншты және есеп беретін, мемлекеттік
қызмет саласында біріңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге
асыратын мемлекеттік орган, оған мынандай өкілеттіктер жүктеледі:
1. мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны
жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай ақ өз құзіреті шеңберінде
заңдарда белгіленген тәртіппен нормативті –құқықтық актілер қабылдау;
2. мемлекеттік қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру саласында
мемлекеттік бағдарламаалрды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3. мемлекеттік әкімшілік лауазым санаттарына біліктілік талаптарын
әзірлеу және іске асыруға қатысу;
4. мемлекеттік қызметшілер жөніндегі Республикалық деректер базасын
қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттік қызмет кадрлардың жай күйі
мен мониторингін жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет кадрлар
резервін қалыптастыру;
5. мемлекеттік қызметкерлер еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру, оларды
әлеуметтік –құқықтық қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6. мемлекет әкімшілік қызметкерлер лауазымдарыынң тізбесін және осы заңға
сәйкес өзге де актілерді әзірлеу және оларды ҚР Президентінің
бекітуіне ұсыну;
7. мемлекет органдардың мемлекеттік қызметкерлерді дайындау , қайта
даярлау және біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелдерде де әсерлері
жөніндегі қызметін үйлестіру,
8. мемлекеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік тапсыырсты қалыптастыру
мен орналастыруды және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыруды үйлестіру;
9. мемлекет органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды сақтауын
бақылауды жүзеге асыру;
10. мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткізу
тәртібін белгілеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткізілу тәртібін
белгілеу, сондай –ақ бақылауды жүзеге асыру;
11. мемлекеттік органдардың осы заңды және өзге де нормативтік құқықтық
актілерді бұза отырып қабылдаған шешімдерінің күшін жою туралы
ұсыныстар енгізу;
12. мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік қызмет туралы заңдардың
қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды
адамдардың іс-әрекеті мен шешіміне шағымдарын қаару;
13. осы заң бұзылған жағдайда сотқа жүгіну ;
14. мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың
жобаларын дайындауға қатысу;
15. ҚР заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
жүктеледі.
2. мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың біріңғай жүйесін
өкілетті орган мен оған бағынысты аумақтық бөлімшелер құрады.
Аумақтық бөлімшелер өз қызметін өкілетті орган белгілеген құзірет
шегінде жүзеег асырады.
3.Өкілетті органмен оның аумақтық бөлімшелерінің шешімдері бұйрықтар
нысанында рәсімделеді.
Мемлекеттік органдардың кадр қызметі.
Мемлекеттік органдардың кадр қызметі өз құзыретінде:
1. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлердің мемлекет қызмет
өтуіне байланысты шешімдерді рәсімдейді, қызметкерлердің жеке істерін
жүргізеді, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек кітапшаларында қызмет
етуі тізімдеріне қажетті жазбалар енгізеді;
2. Мемлекеттік қызметкерлердің заңға белгілеген шектеулерді қабылдауы
туралы келісім жазбаша нысанда белгілейді өзіне қабылдаған бұзған
жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етеді.
3. мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайының әсерлері жөнінде
ақыл – кеңес береді, мемлекеттік қызметті болуымен байланысты
шектеулердің сақталуын бақылайды.
4. өкілетті органға ұсыну үшін бос лауазымдар тізімін, бос лауазымдарды
толтыру жөнінде өтінімдер және өзге де қажетті ақпараттар дайындайды.
5. мемлекеттік қызметшілерді оқытуды, қайта даярлауды, қайта
мамандандыруды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады,
6. заңдарда белгіленген өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.
Осы заңның екінші тарауында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық
жағдайы қарастырылған:
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін саралау.
1. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік
қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдарды қіргізеді.
2. саяси лауазымдарға:
• ҚР президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың
орынбасарлары,
• ҚР парламентінің палаталары және парламент палаталарынығң
төрағалары тағайындыйтын және сайлайтын мемлекеттік саяси
қызметшілер, олардың орынбасарлары;
• Конституцияға сайкес өкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік
саяси қызметшілер;
• Орталық атқару органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік
саяси қызметшілер басшылар олардың орынбасарлары атқаратын
лауазымдар жатады.
3. мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді.
Лауазымдардың санаттары мен әкімшілік лауазымдарды санаттарға жатқызу
тәртібін өкілетті органдардың ұсынуы бойынша республиканың президенті
бекітіледі.
4. мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары
Мемлекеттік қызметшінің:
1 Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен
және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды
пайдалануға,
2 өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер
қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымдар аламдардың оларды
орындауын талап етуге,
3 белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті
ақпарат пен материалдар алуға,
4 лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік
нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға,
5 басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік
өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуде талап етеді,
6 жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де
лауазымды адамдар және азаматтар тарыпынан өзіне әділ және құрметпен
көзқарас жасалуына,
7 өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және осы Заңда
белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандыруда және еңбекақы
төленуіне,
8 тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға, қайта мамандануға
және біліктілігін арттыруға,
9 өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз
танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге,
10 біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы
ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға,
11 қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік
тексеру жүргізілуін талап етуге,
12 еңбекінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғарғы
өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына,
13 мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өкілеттілігінен түйісетін
немесе қайшы келетін жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар
лауазымды адамды дереу хабардар етуге.
14 қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен
біліктілігін арттыруға міндеті.
1. мемлекеттік қызметшілердің осы Заңда белгіленген негізгі міндеттерінен
туындайтын нақты міндеттері үлгі біліктілік талаптар негізінде
айқындалады және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекітетін
қызметтік нұсқаулықтарда көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мыналар:
1. мемлекеттік қызметшінің:
1 өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының мүшесі болуға,
2 педагогтік, ғылыми және орта өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда,
басқа да ақылы қызметпен айналысуға,
3 кәсіпкерлік қызметпен айналысуға соның ішінде, егер коммерциялық ұйымды
басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның
қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан,
коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға,
4 үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей
бағынысты немесе бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға,
5 өзінің қызметтік іс-әрекет материалдық-техникалық, қаржылық және
ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен
қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатқа пайдалануға,
6 ереулерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне
және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге
қатысуға,
7 лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар
көрсететін қызметті жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.
1. мемлекеттік қызметші белгіленген тәртіпке және заңдарға сәйкес
қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызмет өткеру
уақытына өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық
капиталындағы үлесті акциялар пакеттерін және осы адамдарға заңды
тиесілі ақшаны сондай-ақ мүлікті жалға берілген өзге де мүлікті
қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім
білдіретін басқаруға беруге міндетті.

2. Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқарудың әлемдік
тәжрибесі
2.1.Ұлыбританияның мемлекеттік және жергілікті басқару құрылымы

Британия конституциясы негізгі заң деп арнайы жарияланған акт болып
есептелінеді. Ұлыбриятанияның жазылмаған конституциясы 3 санаттан тұрады:
1. Құқықтық норма статусы.
2. (Президенттік құқық) – case lave нормасы.
3. Норма, конституциялық салты болып табылады.
Британия мемлекеті, Ұлыбритания құрама патшалығымен солтүстік Ирландиря
арнайы атауы – унитарлық мемлекет. Бұл мемлекеттің құрамына 4
географиялық тарихи басқару жүйесінде маңызы бар аудандар-олар Англия,
Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия.
Ұлыбритания-конституциялық дара билеуші, мемлекет басшысы патша
(патшайым) болып табылады. Патша тағы Ұлыбританияда әкеден үлкен ұлына,
егерде ұлдары болмаса, тақ патшаның үлкен қызына мұра болып қалады.
Патшайымның күйеуі патшаның билігін ала алмайды, ол ханзада лауазымын-
консарт болады. Қазіргі кезде британия тағын ll-Елизавета, 1952 жылы тәжі
берілген.
Дара билеуші (монарх) құзыры көлемі жағынан үлкен болып көрінгенімен,
оның жеке билігі шектеулі, және де тек заңды актілермен ғана емес,
сонымен қатар президенттік құқық және конституциялық салты нормалармен
шектеулі.
Әрбір заң парламент палатасында қаралып біткесін, дара билеушіге
(монарх) қол қоюға беріледі. Бірақ, корольдік санкцияда заңды қайтарудың
соңғы жағдайы 1707 жылы болған. Сол кезеңнен бастап, келіп түскен
заңдардың барлығына дара билеушінің қолы қойылуы қажеттілік салты
қалыптасқан.
Патша (патшайым) парламентті шақырады және таратады, министлерді және
басқа жоғары лауазым иелерін қызметінен босатады, атқарушы өкіметтің
басшысы, қарулы күштері жоғарғы бас қол басшысы, Оғылшые шіркеуінің
басшысы болып табылады, халықаралық шарттарды жасайды және реттейді
(ратифицирует), рақымшылық құқығын жүзеге асырады, т.б. Дара бір бөлігі
дербес құқықтың нормасымен негізделеді, сонымен қатар басқа бөлігі
парламент билігінен аспайтын болып есептелінеді, және патшалық
прерогативасын құрайды (прерогативтік құзыр, мысалы, соғыс ашу және
парламентті тарату құқығы болып табылады, т.б.) сонымен қатар патша
бұрынғы британия доминиондары мемлекеттігінің - Канада, Австралия, Жаңа
Зеландияның басшысы болып табылады.
Бірақ, дара билеуші өз бетінше не дербес, не прерогативтік құзырды
жүзеге асыра алмайды. Қазір мемлекетті басқаруды ұлы мәртебелі
патшайымның атынан үкімет жүзеге асырады. Ұлыбританияның ерекше құқықтық
нормасы бар, оған сәйкес патшаның дегені ешқашан теріс бола алмайды.
Мұның мәнісі: оның атынан жарияланғанактілерге дара билеуші жауап
бермейді, олардың жауапгершілігі қол қойған министлердің мойнында.
Патшайым өз өклеттігін тиісті министрлердің ''кеңесі'' бойынша жүзеге
асырады. Ол тіпті министрлер кабинетінің мәжілістеріне қатыса да алмайды,
онда қабылданған шешімдер туралы дер кезінде ақпарат алмайды. Оның
құрамына барлық кабинет министрлері, кейбір кабинеттен тыс министрлер,
арнайы кеңесшілер кіреді.
Бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыруда патшайымның ешқандай ролі жоқ
деген сөз емес. Оның өзі ешқандай мемлекеттік істерді шешпегенмен, британ
мемлекетінің тиісті тұлғалары қабылданған шешімдерге өзінің ықпалын
тигізе алады.
Ұлыбританиядағы орталық атқарушы билік министрлерден құралатын
орган-премьер-министр басқарған Ұлы Мәртебелінің үкіметі арқылы
атқарылады. Шын мәнінде мемлекетті басқаруда басты ролді үкімет пен
премьер–министр атқарады.
Үкіметтің құрамын жасақтауда Конституциялық келісімді негізге алады.
Жаңа үкімет әрбір парламент сайлауынан соң жасақталады. Патшайым община
палатасында мандаттың қомақты көпшілігін иемденген партия қолбасшысын
премьер-министр етіп тағайындайды. Әрбір партияның алдын-ала сайлап
қойған көш басшысы болғандықтан, бұл орын таққа патшайым басқа біреуді
тағайындай алмайды. Егер партиялардың ешқайсысы көпшілік орынға ие бола
алмаса, патшайым партия көш басшыларымен кеңес өткізеді де, олардың
кеңестері мен ұсыныстарын таңдап, өзі шешім қабылдайды. Премьер-министр
тағайындалғаннан соң патшайым оның ұсынысы бойынша кабинеттің қалған
мүшелерін және үкіметті түгел құрамында тағайындайды.
Егер премьер-министр парламент сайлауының арасындағы кезеңде
отставкаға кетсе, община палатасында, көпшілік дауысты иеленген партия
өзінің жаңа көш басшысын ресми түрде сайлағаннан кейін патшайым оның
ізбасарын тағайындайды. Жаңа премьер-министр өзінің алдындағы әріптесімен
бір партияның өкілі болса да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматты қоғамды қалыптастырудың негізгі іргетасы
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Басқару ғылымының пәні мен әдістері
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Шетел инвестицияларын басқарудың шетел тәжрибесі
Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары
ТРАНЗИТТІК (ӨТПЕЛІ) ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Муниципалдық менеджмент
Туризмдегі қызмет көрсету мәдениеті ( тур. фирма мысалында)
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Пәндер