Түркі жазба ескерткіштері



Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
1. Түркі жазба ескерткіштері, адамзат қоғамындағы күрделі жұмбақ.
2. Түркі жазба ескерткішіндегі жоғарғы рух пен мемлекеттілік идеясы.
Қорытынды бөлім
Әдебиеттер тізімі
Қазақстан тарихының қандай-да кезеңі болмасын өзіндік ерекшеліктерімен өзекті болып табылады. Осындай үлкен кезеңді алып жатқан тарих ол, көне түркі дүниесінің тарихы. Түркі дүниесі деп біз олардың бізге қалдырған мол мұраларының куәсі болғандықтан айтамыз. Яғни тастағы жазба ескерткіштері. Бұл тақырып қазірде өте өзекті мәселелердің біріне айналып отыр, оның өзектілігі зерттеген сайын көбеюде, яғни зерттеген сайын өзіне құпия немесе жұмбақ жасыруда. Осындай ескерткіштер көптеген жылдардан бері өзінің түпнұсқалығын жоймауда Қ.Атабаев бұл мәселеге былайша тоқталып өтеді. “Орхон-Енисей жазбаларының өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, басқа көне жазулармен салыстырғанда бұлардың деректану ғылымының аса бір маңызды проблемаларының бірі түпнұсқалық жағынан артықшылыққа ие болуында.(1)
6-8 ғасырдағы ескерткіштердің тарихи, теориялық мәні түркологияда /90жылға таяу/ айтылып келеді; зерттеудің ұшар қырқасы мен күні бүгінгі қонар биігі аралығында құнды пікірлер айтылады. Түркі тілдес руникалық мұраның табыла бастаған, ғылым дүниесінің есігін аша бастаған мерзімін еске алсақ, оның үш жүз жылға барары белгілі. Ұзақ уақыт зерттеу майданыңда өркен жайған ғылымымыздың жемісті нәтижесіне кейбір шетел ғалымдары да ортақ. Олардың есімдері түркологтарға әбден аян. Алайда бұл салада ең биік шыңға шықтық деп ешкім де айта алмайды. (2) деп ғалымдардың өздері мойындайды. Әрине осындай көлемді тақырыпта зерттеу жүргізу аса мұқияттылық пен жан-жақтылықты талап етеді. Қазірде бізде көптеген ғалымдар осы мәселе төңірегінде зерттеу жүргізуде, өкінішке орай олар тек оның мәтініне көп мән беріп жүр, бұл да дұрыс, алайда бізге қалдырған мұрадан оның рухын сөйлету кенже қалуда. Яғни сол замандағы Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағандардың философиялық, этикалық ілімін көре күн тәртібіндегі мәселе болуы қажет.
1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері:А., “Қазақ университеті” 2002. 186-бет.
2. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. Ред.кол. С.Кеңесбаев, А.Курысжанов, А.Ибатов.А., “Ғылым”1993. 8-бет.
3. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) Төрт томдық. 1-том. А., “Атамұра” 1996. 386-бет.
4. Гумилев Л. Көне түріктер. А., “Білім” 1994. 5-бет.
5. Мұқтархан Оразбай. Орхон-Енисей мұралары жөнінде. Қазақ батырлары. №4(93) сәуір. 2006ж
6. Махаева А.Ш. Көне түріктердің рухани-мәдениеті. А., “Қазақ университеті” 2002ж 5-бет.
7. Бартольд В.В. Обзор истории тюркских народов//Соч., Том-5 М., 1986. с.430.
8. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., “Мектеп” 1986. 5-12беттер.
9. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. А., “Санат” 1996. 39-бет.
10. Бұл да сонда 40-42 беттер.
11. Сартқожаұлы Қ.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
1. Түркі жазба ескерткіштері, адамзат қоғамындағы күрделі жұмбақ.
2. Түркі жазба ескерткішіндегі жоғарғы рух пен мемлекеттілік идеясы.
Қорытынды бөлім
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ.
Қазақстан тарихының қандай-да кезеңі болмасын өзіндік
ерекшеліктерімен өзекті болып табылады. Осындай үлкен кезеңді алып жатқан
тарих ол, көне түркі дүниесінің тарихы. Түркі дүниесі деп біз олардың бізге
қалдырған мол мұраларының куәсі болғандықтан айтамыз. Яғни тастағы жазба
ескерткіштері. Бұл тақырып қазірде өте өзекті мәселелердің біріне айналып
отыр, оның өзектілігі зерттеген сайын көбеюде, яғни зерттеген сайын өзіне
құпия немесе жұмбақ жасыруда. Осындай ескерткіштер көптеген жылдардан бері
өзінің түпнұсқалығын жоймауда Қ.Атабаев бұл мәселеге былайша тоқталып
өтеді. “Орхон-Енисей жазбаларының өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, басқа
көне жазулармен салыстырғанда бұлардың деректану ғылымының аса бір маңызды
проблемаларының бірі түпнұсқалық жағынан артықшылыққа ие болуында.(1)
6-8 ғасырдағы ескерткіштердің тарихи, теориялық мәні түркологияда
90жылға таяу айтылып келеді; зерттеудің ұшар қырқасы мен күні бүгінгі
қонар биігі аралығында құнды пікірлер айтылады. Түркі тілдес руникалық
мұраның табыла бастаған, ғылым дүниесінің есігін аша бастаған мерзімін еске
алсақ, оның үш жүз жылға барары белгілі. Ұзақ уақыт зерттеу майданыңда
өркен жайған ғылымымыздың жемісті нәтижесіне кейбір шетел ғалымдары да
ортақ. Олардың есімдері түркологтарға әбден аян. Алайда бұл салада ең биік
шыңға шықтық деп ешкім де айта алмайды. (2) деп ғалымдардың өздері
мойындайды. Әрине осындай көлемді тақырыпта зерттеу жүргізу аса мұқияттылық
пен жан-жақтылықты талап етеді. Қазірде бізде көптеген ғалымдар осы мәселе
төңірегінде зерттеу жүргізуде, өкінішке орай олар тек оның мәтініне көп мән
беріп жүр, бұл да дұрыс, алайда бізге қалдырған мұрадан оның рухын сөйлету
кенже қалуда. Яғни сол замандағы Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағандардың
философиялық, этикалық ілімін көре күн тәртібіндегі мәселе болуы қажет.
Түркі жазба ескерткіштерін В.Радлов, Ядринцев, В.Томсен, П.М.
Мелиокронский, С.Е Малов, Х.Н. Оркун, В.Н Котвич және т.б шетел ғалымдары
зерттеді. Қазірде қзақ ғалымдарынан А.Аманжолав, М. Жолдасбеков, Ғ.Айдаров,
О.Сүлейменов, С. Қаржаубайұлы, Келімбетов сияқты көптеген ғалымдар зерттеп
жүр.
Тақрыптың хронологиясы негізінен 5-8ғғ қамтиды. Ал оның маңыздылығы
ғасырлар бойы түркі еліне нұрын шаша берері күмәнсіз.
Жұмыс реферат түрінде. 1 Кіріспе бөлім, Негізгі бөлім, 2-тараудан,
Қорытынды және Әдебеттер тізімінен тұрады.
Мақсатым түркі жазба ескерткіштерінің қалайша бізге түсініксіз
болуына мән беру, сонымен қатар осы Күлтегін жазуынан тың қосалқы тарихи
пән ретінде немесе этнографиялық маңызы бар деректік мәліметтердің бар
екенің көрсетіп беру.

1.ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ, АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ ЖҰМБАҚ.
Адамзат заман озған сайын кездейсоқ жағдайларға толы өмір кешеді.
Өмір өте әр заманның тұлғалары мен даналары дүниеге келеді. Бұл заманда әр
халық жоғары адамзаттық құндылығымен ерекшелене түседі. Оның басты
факторлары ел билеген қаған немесе билеушінің санасы жоғары кеңістіктен
орын алуымен халқының тамыры терең жоғары дәрежедегі рухы.
Міне осындай халықтардын тарихы сақ, ғұн, түрік заманында керемет
өркениеттік күш бола білді. Олардың бізге қалдырған мұрасы сол замандағы
Ұлы даланы қамтып жатыр. Осындай бізге жеткен асыл мұралар жүздеген
жылдардан бері көптеген шетелдік ғалымдарға жұмбақ болып келді. Ал егерде
шетел ғалымдарына жұмбақ болып келген далада тұрған тастардағы жазуды
неліктен сол түріктердің ұрпақтары оқи алмады десек, оның бірден-бір себебі
түркі халықтарының сол замандағы біртұтас иелікте болмауы. Олардың біртұтас
иеліктен кетуіне замана көшімен келген әр түрлі факторлар, алып қарасақ ат
тұяғы жеткен жерге дейінгі территорияны иемденіп алып, кейіннен ана басынан
мына басына жетудің өзі сол замандағы глобальді проблемаға айналды. Яғни
информацияның бір жерден, екінші шетіне кешеуілдеп жетуі.Екіншіден Көк
тәңірге табынған түркі дүниесі Жібек жолы бойымен діндер фильтріне айналған
болатын. Бұнда будда дінімен қатар Жібек жолымен батыстан шығысқа жылжи
отырып христиан діні де таралған.(3) Үшіншіден түрік қағанатынан кейін
жалпы “түрік” атауы жер бетінде әр түрлі басқа тайпаларға яғни түрік емес
тайпалар “түрік” атын жамылып өмір кешті. Оған Лев Гумилевтің нақты
ұсынамыз: “Дегенмен “Түрік” аты өшпеді. Қайта ол өршіп, Азияның жартысына
тарады. Араптар, Согдиананың теріскейінен әрі қарай жатқан халық жауынгер
көшпелілерді түріктер деп атап кетті.
Олар осынау атты шың көңілден қабылдап алды, өйткені әуелгі иелері
жер бетінен құрып кеткеннен кейін, дала тұрғындары үшін ержүректік пен
батырлықтын өшпес үлгісіне айналды. Сөйтіп 6-7ғғ ұлы қағанат құрамына
ешқашан кірмеген көптеген халықтар “түрік” болып кетті.”(4) деп Л.Гумилев
тұжырым жасайды, жалпы бұл тұжырым сол замандағы тарихи шындықтын бір
көрінісін бере алады. Сонымен қатар араптардың 705ж бастап “дін үшін
соғыс” деген желеумен келуі, түркі алфавитінің араб алфавитіне орын беруге
алғышарттар қалыптасты. Міне осы жағдайлар төртінші себеп болды. Міне
осындай басты негізгі себептердің нәтижесінде түркі жазба ескерткіштері
түрік ұрпақтарының санасында тылсым дүние болып қалыптасты.
Алайда түріктердің ұрпақтары сол замандағы алфавитін ұмытқанымен,
олардың тілінде түркі заманынан қалған сарқыншақтар қалды, әрине өзгеріске
түсті, бірақ айтарлықтай яғни сол ескерткіштер біздікі екеніне дәлел
келтіретіндей әлі де маңыздылығын жоймаған, әлде де жоймақ емес тіліміз
бар. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына салыстыруды ұсынамыз:
Көне түркі тілі. Қазіргі қазақ тілі.
Ашу Асу (таудан)
Баш Бас
Қош Қас (көздің)
Кіші Кісі
Құмыс Күміс
Ұрыш Ұрыс
Пунша Монша
Иер Жер
Иел Жел
Тіріг Тірі
Ядағ Жаяу
Адақ Аяқ (5)

Міне көріп отырғанымыздай түркі жазу ескерткіштері қазақ тілімен
ұқсастықтары бар.
Ал шетелдіктерге мүлдем сыр ашпаған тылсым дүние руна яғни құпия
жазу болып қала берді. Алайда осы батыс елдерінің ғалымдары көпжылдық
ғылыми ізденістің нәтижесінде түркі жазба ескерткіштерін сөйлете білді.
Түркі жазбалары тарихындағы ең алғашқы жазу сыртқы нұсқасына қарай
“руникалық” немесе табылған жеріне қарай “Орхон-Енисей жазуы” деп аталды.
Бұдан өзге көне түрік тайпалары соғды, ұйғыр, манихей, брахми, эстрангэло,
татар жазуларында білген. (6) деп түйіндейді Махаева А. Ал енді сол батыс
елдердің руна жазуына келсек, ол дыбыстық жазу, анық курсиві жоқ, жеке
таңбалар бір-бірімен байланыспай жазылады. Әр бір дыбыс бірнеше таңбалар
арқылы беріледі, руна жазуының кейбір таңбалары пиктографиялық сипатқа ие.
Руна алфавитінде 40-тан астам таңба бар. Оқылуы оңнан солға қарай.
Бартольдтын тұжырымы бойынша “фонетикалық жағынан алғанда руна жазуы түркі
тайпаларының тіліне барынша бейімделген, әрі дыбыстық ерекшелігін бере
алады.(7) дейді.
Осындай құпия жазу деп алдарына үлкен проблема қойған батыс
ғалымдары түрік жазуын алғаш құпиясын аша білді. Неліктен сол ғалымдар яғни
жат жерлік ғалымдар біздің төл мұрамызды бізден бұрын сырын аша білді
десек, біріншіден батыс ғалымдарының жан-жақты ғылыми базасының сол 17-18ғғ
қалыптасып қойғандығы. Екіншіден осы уақытта батыста шығыс халықтарының
мәдениетіне ерекше қызығушылық қалыптасты. Үшіншіден жеке ғалымдардың түркі
жазба ескерткішін оқымастан бұрын үлкен дайындықпен келуі яғни түркі жазба
ескерткіштерін оқыған ғалымдар үлкен ғұлама ғалым, әрі керемет полиглоттар
еді. Міне осындай батыс ғалымдарында қалыптасқан жағдай, оларға сыр ашпаған
жұмбақты шешуге жол ашып, әлемдік ғылымда бақтарын жандырды. Әрине түркі
дүниесі бұл уақытта өткенің ойлау түгілі, жекелеген ұлт болып қалуы үлкен
проблемаға айналған еді. Сол кездегі түркі дүниесіндегі жағдай осылай
қалыптасқан кездегі шетел
ғалымдарының зерттеу тарихына азырақ тоқталуды жөн көріп отырмын. Негізінен
түркі жазба ескерткіштері географиялық, тілдік және графикалық
ерекшеліктеріне қарай төмендегідей үш үлкен топқа бөлінеді:
1. Енисей ескерткіштері.
2. Талас ескерткіштері.
3. Орхон ескерткіштері. (8)
Енді осыларға қысқаша тоқталсақ, Енисей ескерткіштеріне Енисей өзені
бойындағы, Тува, Алтай, Хакас автономиялы облысымен Кроснояр өлкесі
территориясынан табылған бірсыпыра ірілі ұсақты ескерткіштер жатады.Қазір
Енисей ескерткіштерінің жалпы саны 145 ке жетіп отыр. Оларды әр уақытта
әркім әр жоғарыда көрсетілген территориялардан тауып алып отырған. Атап
айтқанда мұндай есерткіштерді алғаш тапқандардың ішінде Ошурков т.б
Мессершмидт (1721жылы) Кастрен (1847 жылы) Костров (1757жылы) Корчаков
(1878 жылы) Кузнецов (1885 жылы) Клеменц (1886 жылы) Савенков,
Прескуряков, Рамстедт (1900 жылы) Андрианов (1915 жылы) сияқты ғалымдар
зерттеді. Енисей көлемі жағынан өте шағын, олардың ең үлкені 10-15 жолдан
тұрады, кішілері бір екі үш жолдан тұрады. Олардың бір қатары Хакас
автономиялық облысында Минусинск қаласында (Мертлянов атындағы музейде)
Туваның Қызыл қаласында өлкетану музейінде, Санк-Петербургте яғни
анропология және этнография музейінде, Финляндияның Хельсинки музейінде
сақтаулы және т.б жерлерде. 1887-1888жж Ж.Аспелин бастаған фин ғалымдары
Енисей өзені аңғарына барып, ескерткіштерді өз жерінде зерттеп қайтты. Ол
екі экспедиция материалдарын 1889ж “Енисей жазбалары” деген атпен жеке
еңбек болып шықты. 1890ж Г.Гейкель және 1891ж Радлов басқарған экспедицияда
Енисей өзендері бойларына барып ескерткіштерді өз көздерімен көріп, зерттеп
біліп қайты.
Енисей ескерткіштері материалдарын оқып, транцкрипциясын жасап,
оларды жариялауда В.Радлов, В.Томсен, П.М. Мелиокронский, С.Е.Малов,
Х.Н.Оркун, В.Л.Котвич және т.б зерттеген болатын. Жалпы міне осылай көне
түркі ескерткіштерін көптеген шетелдік ғалымдар зерттеп біліп құнды ғылыми
жаңалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Ескі қыпшақ тілі
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Көне түркі жазуы туралы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Көне түркі тілі
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Орхон - Енисей ескерткіштері
Пәндер