Өмір сүру деңгейі мен сапалы өмір сүру әлеуметтік – экономикалық талдаудың негізгі категориялары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономиканы мемлекеттік реттеу КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Өмір сүру деңгейі мен сапалы өмір сүру әлеуметтік - экономикалық талдаудың негізгі категориялары

Оқытушы: Примжарова К. К

Орындаған: Айтбузинова И. Г

Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс

Тобы : 312

Алматы 2008

Жоспары

1. Әлеуметтік- экономикалық категориялар: өмір сүру деңгейі мен өмір сүру сапасы

2. Тұрақты дамудың қажеттілігі мен маңыздылығы

  1. Экономикалық дағдарыстың халыққа тигізер зардабы

4. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартудағы шаралар мен бағыттар

1. Әлеуметтік- экономикалық категориялар: өмір сүру деңгейі мен өмір сүру сапасы

Өмір сүру деңгейі - елде тұтынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің орташа саны мен сапасын сипаттайтын көрсеткіш

Өмір сүру сапасы - өмір сүру деңгейіне қарағандағы аса кең ұғым. Мұнда жағдайларды қамту сипаты мен еңбек шарты, білім деңгейі; тұрғын үймен қамтылу, әлеуметтік қорғау жүйесі және тағы да басқаларда кіреді.

Өмір сапасының деңгейін өлшеу көрсеткіштердің толық жүйесі негізінде жүргізіледі. 20 ғасырдың 70 жылдарында Дж. Форрестер өмір сапасын 5 глобальды параметрлермен сипаттауды ұсынған: халық саны, жинақталған капитал, ауыл шаруашылығының капитал үлесі, табиғи ресурстардың мөлшері, қоршаған ортаның ластануы.

Адам дамуы туралы 1-халықаралық баяндама адам дамуын «Адам таңдауының кеңеюі мен халықтың қол жеткізген тұрмыс деңгейі» деп анықтаған. Баяндамаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық программа өлшеудің жаңа құралы енгізілді: Адам дамуының индексі(ИЧР), ол-өмір сүру ұзақтығын, білім деңгейін және кірісті қамтитын интегралды көрсеткіш.

Әртүрлі әлеуметтік топтардағы тұрмыс деңгейін талдауды статистикалық зерттеу институты жүргізді: «Халықтың белгілі топтарының өмір құндылықтарын таңдамалы бақылау әдістемесі», 1994 жыл; «Әртүрлі әлеуметтік топтар бойынша өмір құнының өзгеру есептерін жүргізу үшін тауарлар, қызметтердің құрылымы мен жиынын анықтау және нұсқаулар әдістемесі», 1996 жыл. Экономикалық зерттеу институтында 1995-2001 жылдар аралығында халықтың тұрмыс деңгейін, кедейшілік мәселелерін зерттеулер жүргізіліп, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасын, стратегиясын, болжамдарын, концепцияларын жасау жүзеге асырылады.

Тұрмыс деңгейін талдаудың Ресейлік тәжірибесін зерттеу Қазақстан және Ресей халықтарының тұрмыс жағдайы мәселелерінің біртектілігін көрсетті:

-күнелту минимумының нақты көрсеткішінің болмауы.

-минималды жалақыны арттыру жолымен халықтың негізгі бөлігінің кірісін жоғарылату қажеттігі.

-бюджеттік сферада жалақыны арттыру қажеттілігі.

-жалақыны ашық төлеу қажеттілігі (эксперттердің бағалаулары бойынша коммерциялық секторда 30-50% жалақы жасырын төленеді) .

Қазақстанда өтпелі кезеңде тұрмыс деңгейін талдаудың ақпараттық базасы және әдістері өзгеріске ұшыраған. Оның төмендегідей себептері бар:

-нарықтық экономикаға көшу және тұрмыс деңгейін сәйкес «координаттық жүйеде» көрсету қажеттігінің болуы.

-Қазақстанның халықаралық ақпараттық кеңістікке енуі және тұрмыс деңгейін мемлекетаралық салыстыруды қамтамасыз ету қажеттігі.

-сәйкес ақпараттық қамтамасыздықты қажет ететін әлеуметтік мәселелер мен міндеттердің пайда болуы.

Тұрмыс деңгейін талдауды жетілдірудегі негізгі міндет- статистикалық мәліметтерді өңдеу және шынайылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, алынатын мәліметтерді толықтыру қажет.

Тұрмыс деңгейінің қазіргі халықаралық сипаттамалары жаңа аспектілерді де қамтиды: салауатты өмір сүру, аймақтық және әлеуметтік қозғалысты қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және қоғам өміріне араласу т. б.

Бірақ, мұндай факторларды есепке алу туралы ақпарат жоқ немесе жеткіліксіз, сол себепті зерттеудің бұл аспектісі кең таралмаған.

Үй шаруашылықтарын таңдамалы зерттеу тұрмыс деңгейінің негізгі ақпараты болып табылады. Қазақстандағы 2001 жылы жетілдірілген үй шаруашылықтарын зерттеу шет ел тәжірибелеріне сүйену нәтижесінде жақсы негізделген.

Қазақстанда барлық жүргізілген зерттеулерді байланыстырып, белгілі бір жүйеге келтіріп отыратын талдау орталығы қажет және оның аймақтық бөлімшелері болуы тиіс.

Өмiр сүру сапасын анықтайтын көрсеткіштер :

Тұрмыс деңгей түсінігі адам қажеттіліктерінің құрылымына сәйкес оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктерін сипаттайды. Мұнда материалды қажеттіліктермен қатар рухани және әлеуметтік қажеттіліктер ескеріледі, яғни тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейін ғана көрсетіп қоймай, орташа өмір сүру ұзақтығын, сырқаттану деңгейін, еңбек ету жағдайын, ақпараттық қамтамасыздық, адам хұқығын қорғауды да қамтиды. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейі, адамның таңдау еркіндігі, мәдени, ұлттық, діни қатынастар да маңызды роль атқарады.

Өмiр сапасы көрсеткіштерін төмендегідей жүйеге келтіруге болады:

1) Өмiр сапасының интегралды индикаторлары:

1. 1) Макроэкономикалық көрсеткіштер:

- адам дамуының индексі;

- халықтың кедейшілік индексі;

- өмір сүру ұзақтығының индексі;

- нақты кіріс индексі (жан басына шаққандағы және барлық халықты ескергендегі өсу қарқыны) ;

- нақты жалақы индексі;

- жалпы аралас кіріс;

- жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы;

- меншіктен түскен түсім;

- ағымдағы трансферттер;

- үй шаруашылықтарының түпкілікті түтынулары;

- әлеуметтік-мәдени шараларға бюджеттік шығындар.

1. 2) Демографиялық көрсеткіштер:

- туу деңгейі;

- сәбилердің, балалардың, ананың өлім коэффициенті;

- жалпы өлім коэффициенті.

1. 3) Денсаулық және білім көрсеткіштері:

- халықтың білімділік индексі;

- сырқаттану деңгейі;

- жұқпалы аурулардың жеке түрлерімен сырқаттану деңгейі;

- 10 мың тұрғынға шаққандағы дәрігер саны немесе 1 дәрігерге келетін халық саны.

1. 4) Халықгың экономикалық іскерлік көрсеткіші:

- барлық халық пен жұмыспен қамтылғандардың ара қатынасы, жұмыссыздар үлесі;

- тұрақты кірісі жоқ, баска тұлғаның асырауындағы экономикалық іскерлі тұлғалардың үлесі;

- асыраушылық коэффициенті (мемлекет және жеке тұлғалардың асырауындағы тұлғалардың жұмысбасты халыққа қатынасы) ;

- жұмыс аптасының, еңбек демалысының ұзақтығы;

- еңбекке қабілетті жас шекарасы.

2) Халықтың экономикалық іскерлік көрсеткіші:

2. 1) Материалдық қамтамасыздықтың минималды әлеуметтік нормасының деңгейі:

- күнелту минимумы және минималды тұтыну жиынының (корзина) кұны;

- белгіленген минималды жалақы, зейнетақы, стипендия жәрдемақы мөлшері.

2. 2) Үй шаруашылықтарының кірісі:

- жиынтық және ақшалай номиналды, нақты кіріс;

- кіріс кұрамы (жалақы, басқа да еңбекақы төлемдері, кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс, жеке үй шаруашылықтарының кірісі, меншіктен алынған кіріс, әлеуметтік трансферттер, әлеуметтік зейнетақылары, жәрдемақылар т. б) ;

- тұтыну бағаларының индексі;

- халықтың акшалай кірісінің сатып алу кұны.

2. 3) Халықтың жеке топтарының кірісін бөлудегі теңсіздік:

- децильдік коэффициент. Ол аз қамтылған тұлғалардың 10%-нің арасындағы максималды кірістің жоғарғы кірісті тұлғалардың 10%-нің арасындағы минималды кірісіне қатынасы арқылы анықталады;

- халық кірісін бөлудегі теңсіздік коэффициенті;

- кедейшілік көрсеткіштері (кедейшіліктің деңегейінен төмен кірісі бар халық саны, кедейшілік коэффициенті) .

3) Жеке тұтынулар (деңгейі және кұрылымы) :

3. 1) Ағымдағы және келтірілген бағаға сәйкес нақты тұтыну шығындарының кұрылымы мен динамикасы.

3. 2) Тұтыну шығындарының ішіндегі тамақтануға жұмсалатын шығындардың үлесі.

3. 3) Тұтыну шығындары ішіндегі білім алуға, емделуге және демалуға жұмсалатын шығындар үлесі.

3. 4) Жан басына шакқандағы негізгі тамақ өнімдерін орташа тұтыну мөлшері.

3. 5) Тұтынылған тамақ өнімдерінің химиялық кұрамы мен калориялылығы.

3. 6) Химиялық кұрамы жағынан кұнды тағамдарды минималды дәрежеде тұтынушы тұлғалардың үлесі.

3. 7) Халықтың мәдени-тұрмыстық, ұзақ мерзімді қолданыстағы заттармен қамтамасыздығы.

4) Халықтың тұрғын үй жағдайы:

4. 1) Халықтың тұрғын үймен қамтамасыздығы (1 тұрғынға шаққандағы жалпы және тұрғылықты аудан) .

4. 2) Бір тұрғын бөлмесіне шаққандағы адам саны.

4. 3) Тұрғын үйге меншік формасы.

4. 4) Тұрғын үйдің сапалық сипаттамасы және тұрмыстық жағдай деңгейі

4. 5) Халықтың тұтыну шығындарының ішіндегі тұрғын үйге төлем жасау шығындары.

5) Үй шаруашылығының мүліктік меншік жағдайы:

- пәтерлер, үйлер (олардың сапалық сипаттамасы) ;

- бау-бақшалық жер учаскелері;

- мал және ауыл шаруашылық техникалары;

- автомобиль және басқа да қозғалмайтын мүлік;

- басқа кұндылыктар.

6) Кылмыстылық деңгейі.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау үшін қазір жағдайды нақты сипаттайтын қандай да бір кешенді түсінік жоқ.

Тұрмыс деңгейі түсінігінің анықтамасындағы қажеттіліктердің сипаты даулы болып табылады.

Материалды қажеттіліктер физикалық қажеттіліктерді, интеллектуалды, рухани және әлеуметтік қажеттіліктердің бір бөлігін қамтиды.

2. Тұрақты даму қажеттілігі мен маңыздылығы

Елдің тұрақты дамуы дегеніміз қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қатер төндірмейтін даму болып табылады.

Қазақстан Республикасы үшін тұрақты дамуға көшу аса қажеттілік болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканың өсуі тек белгілі бір кезеңде ғана болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда өсім мен даму неғұрлым озық тетіктерді талап етеді.

Тұрақты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған.

Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшуінің осы тұжырымдамасы ел өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайды. Ол үшін дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет.

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшуінің өзектілігі мен алғышарттары

Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретінде ХХІ ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Тұрақты даму жөніндегі әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылдады.

Қазақстан Республикасы тұрақты дамуға қол жеткізу бағытында бірқатар шаралар қабылдады.

Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі комиссиясының, “Еуропа үшін қоршаған орта” және “Азия үшін қоршаған орта мен орнықты даму” процестерінің, тұрақты даму үшін Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады.

  • Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы,
  • Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары,
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы,
  • Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздігі тұжырым­дамасы,
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды,
  • Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі және “Қазына” орнықты даму қоры” АҚ құрылды.

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отырып, Қазақстан құрлықта ландшафтар мен экологиялық жүйелердің дамуында осы тектес байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан аумағының көлемі, климат жағдайларының әр түрлілігі, өңірдің су теңгерімінің ерекшеліктері Еуразияның күллі аумағындағы экологиялық жағдайды оның Қазақстандағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы экологиялық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған. Шөлейттену проблемасы өткір қойылып отыр. “Тарихи ластанулар”, қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығына қатер төндіреді.

Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер шикізат секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың өсуі, “көлеңке экономика” проблемалары болып табылады.

Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық, экономикалық, экологиялық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын алуда. Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болуға тиіс.

Тұрақты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау

Қазақстан Республикасының көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларының негізінде елдің ресурстарды өндірумен салыстырғанда оларды тепе-тең тұтынбау жағдайындағы тарихи қалыптасқан теңгерімсіздік жатыр. Егер елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін энергетикалық пайдалы құндылық - гигаватпен (ГВт) өлшенетін қуатты өлшеу негізінде жалпы өлшем бірлігіне негіздесе, онда қазіргі ысырапты бағалау мүмкін болады. Сонымен, 2005 жылы 29, 4 ГВт мөлшерінде өндірілген жиынтық өнімді алу үшін елімізде тұтастай алғанда 94, 85 ГВт мөлшерінде ресурстар тұтынылды. Бұл - жыл бойы еліміздің 65, 45 ГВт қуатының резерві ысырап болды немесе жеткіліксіз пайдаланылды деген сөз. Бұл Қазақстан Республикасында ресурстарды пайдалану тиімділігі көрсеткіші (РПТ) салыстырмалы түрде төмен екендігін көрсетеді, ол қазіргі кезде 31 пайызға тең (1-сурет) . Бұл орташа әлемдік деңгейден артық, ол 24 пайызға тең, бірақ әлемнің технологиялық жағынан неғұрлым дамыған елдерінен: Жапониядан - 36%, АҚШ-тан - 34%, Германиядан - 33 % кем. (Бұрынғы КСРО-да РПТ көрсеткіші 36%-ға жетті, ол әлемдік аренада бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етті) .

Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың негізгі өлшемі болып табылатын өмір сүру сапасы деңгейі бойынша да әлемнің неғұрлым дамыған елдерінен артта қалып келеді.

Қазіргі әлемде өмір сүру сапасы негізгі құрамдас бөліктермен:

  • өмір сүрудің ұзақтығымен;
  • әл-ауқатының деңгейімен;
  • қоршаған ортаның жай-күйімен айқын­далады.

Қоғам, табиғат және адам халықаралық университетінің (Дубна, Ресей) өмір сүру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияның коэффициенті - 3, 83, Ресей - 1, 57, Қытай - 0, 34-ке тең болғанда, Қазақстан 1, 17 коэффициентпен 78-орында тұр,

Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайы мен адамдардың өмір сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда елеулі түрде артта қалып отыр. Осылайша, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 2005 жылы 65, 9 жасты құраса, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 80 жасқа жақындайды. Мемлекеттің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен халықаралық белсенділігін, халық денсаулығының экологиялық аспектілерін, экологиялық күйзелістерді, экожүйенің жай-күйінің көрсеткіштерін қоса алғанда, 76 параметр есебіне негізделген Йель экологиялық заңнама және саясат жөніндегі орталық (Йель университеті, АҚШ) пен Жер туралы ғылымдар халықаралық ақпараттық желісінің колумбиялық орталығының (Колумбия университеті, АҚШ) экологиялық орнықтылық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 63, 8 индексімен 70-орында тұр, ал көшбасшы елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндияда бұл көрсеткіш 87-88 балға жеткен.

Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, табиғи капиталдың тозуы мен жойылуын ескеретін шынайы жинақтау индексі (ШЖИ) Қазақстан Республикасы үшін - 25, 5-ті құрайды, ал Ресей Федерациясы үшін - 4, 4, Норвегия +14, 8, АҚШ +4, 4.

Қазақстан адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) бойынша елдер рейтингінде 80-орынға ие. Алдағы салауатты өмірдің орташа ұзақтығы мен жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің шамасы ретіндегі бұл индекстің осындай құрамдас бөліктері бойынша әлемнің негізгі елдері арасындағы Қазақстан Республикасының жағдайы бейнеленген.

Сонымен, 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті және дамыған елдердің қатарында орнығу үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, өмір сүру жасын ұзарту, экологиялық орнықтылық индексінің өсуін қамтамасыз ету қажет.

Жүргізілген есептеулер әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан тұрақты орын алу үшін Қазақстан 2013 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде мынадай параметрлерге сәйкес келуге тиіс екенін көрсетеді:

РПТ - кемінде 43 %,

ресурстарды пайдалану жиынтығы - кемінде 246, 86 ГВт,

өндірілген жылдық жиынтық өнім - кемінде 113, 1 ГВт.

Болжамға сәйкес, осы кезеңде дәл осындай өлшемдерге әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті елу ел сәйкес келетін болады.

53%-ға тең РПТ кезінде “ тұрақты даму” траекториясына шығу және жаңартуға келмейтін табиғат байлықтары есебінен емес, неғұрлым тиімді, “озыңқы” технол­огиялар есебінен экономиканың өсуі қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасы халқының саны орнықты дамудың маңызды өлшемі болып табылады. Халықтың тығыздығының төмен болуы (шекара айтарлықтай созылған жағдайда) әрдайым мемлекеттің дамуындағы тұрақсыздық факторы болып табылады. Ел аумағының елеулі бөлігі шаруашылыққа игеру үшін қиын және халық­ты Қазақстанның барлық өңірлеріне бірдей орналастыру міндетін қою мүмкін еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет, сонымен бірге экономикалық мүмкіндіктерді өрістету (ең алдымен, еңбек нарығы проблемасын шеше отырып), қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасында генетикалық және мәдени әлеуетін сақтау, өңірлер арасындағы атап айтқанда, инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық теңсіздікке байланысты жағымсыз саралануды еңсеру қажет.

Халық санының неғұрлым оңтайлы мақсатты деңгейі 2024 жылға қарай 18 миллион тұрғынға қол жеткізу болып табылады. Ол үшін табиғи өсім көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 12, 68-ге (қазіргі кездегі 8, 0-ге қарағанда), өмір сүрудің орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда өмірге келетін кемінде 22 адам деңгейінде ұстап тұру талап етіледі. Ерлердің және әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығындағы алшақтық қазіргі 11 жылдан 7, 5 жылға азаюға тиіс.

Экономикалық өсім процесінде экологиялық талаптарды арттыру, қоршаған ортаға антропогендік қысымды азайту қажет. Ол үшін 2024 жылға қарай экологиялық орнықтылық индексін ең кем дегенде, қазіргі ең жақсы көрсеткіш - 88 балға дейін жеткізу қажет.

Сол арқылы өмір сүру сапасының көрсеткіштерін ең жоғары әлемдік көрсеткіштерге жақындатып, айтарлықтай жақсарту қамтамасыз етілетін болады.

Тұрақты даму кезеңдері

2007- 2009 жылдар - орнықты даму қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

2010 - 2012 жылдар - Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету.

2013 - 2018 жылдар - өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

2019 - 2024 жылдар - орнықты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.

1-кесте. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін белгіленген өлшемдерде бағалау

(2005 - 2024 жж. )

№ рс
Интегралды өлшеуіштер
2005 ж
2009 ж
2012ж
2018ж
2024ж
№ рс: 1
Интегралды өлшеуіштер: Халық саны, млн. адам
2005 ж: 15, 05
2009 ж: 15, 66
2012ж: 16, 13
2018ж: 17, 13
2024ж: 18, 18
№ рс: 2
Интегралды өлшеуіштер:

Өмір сүрудің орташа

Ұзақтығы, жыл

2005 ж: 65, 91
2009 ж: 67, 87
2012ж: 68, 89
2018ж: 70, 99
2024ж: 73, 14
№ рс: 3
Интегралды өлшеуіштер: Өмір сүрудің орташа нормаланған ұзақтығы
2005 ж: 0, 66
2009 ж: 0, 68
2012ж: 0, 68
2018ж: 0, 70
2024ж: 0, 73
№ рс: 4
Интегралды өлшеуіштер:

Әйел адамның орташа

Өмір сүру ұзақтығының ер

2005 ж: 11, 47
2009 ж: 10, 00
2012ж: 9, 3
2018ж: 8, 5
2024ж: 7, 5
№ рс: 5
Интегралды өлшеуіштер:

Қуатты тұтыну

(былтырғы жылы), ГВт

2005 ж: 94, 85
2009 ж: 130, 45
2012ж: 154, 86
2018ж: 268, 86
2024ж: 468, 38
№ рс: 6
Интегралды өлшеуіштер:

Қуатты өндіру

(ағымдағы жылы), ГВт

2005 ж: 29, 40
2009 ж: 43, 05
2012ж: 57, 30
2018ж: 113, 10
2024ж: 248, 24
№ рс: 7
Интегралды өлшеуіштер: . Қуаттың ысырабы, ГВт
2005 ж: 65, 45
2009 ж: 87, 40
2012ж: 97, 56
2018ж: 151, 77
2024ж: 220, 14
№ рс: 8
Интегралды өлшеуіштер:

Ресурстарды пайдалану

тиімділігі, РПТ

2005 ж: 0, 31
2009 ж: 0, 33
2012ж: 0, 37
2018ж: 0, 43
2024ж: 0, 53
№ рс: 9
Интегралды өлшеуіштер:

Қоршаған табиғи

ортаның сапасы

2005 ж: 0, 91
2009 ж: 0, 95
2012ж: 0, 99
2018ж: 0, 93
2024ж: 0, 95
№ рс: 10
Интегралды өлшеуіштер: Өмір деңгейі, КВт/адам
2005 ж: 1, 95
2009 ж: 2, 75
2012ж: 3, 55
2018ж: 6, 6
2024ж: 13, 65
№ рс: 11
Интегралды өлшеуіштер: Өмір сапасы, КВт x сағат 1, 17 1, 78 2, 43 4, 35 9, 49
2005 ж: 1, 17
2009 ж: 1, 78
2012ж: 2, 43
2018ж: 4, 35
2024ж: 9, 49
№ рс: 12
Интегралды өлшеуіштер:

Экологиялық орнықтылық

индексі, балл

2005 ж: 63
2009 ж: 68
2012ж: 73
2018ж: 75
2024ж: 88

Қазақстан Республикасында тұрақты дамудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

  • бүкіл қоғамды орнықты дамуға қол жеткізу процесіне тарту;
  • орнықты даму үшін саяси негіз жасау;
  • ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу тиімділігін арттыру;
  • ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;
  • ғылым мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
  • салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту;
  • қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру;
  • трансөңірлік экожүйелік көзқарас негізіндегі аумақтық даму.

Тұрақты дамуға көшудің басымдықтары мыналар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның үшінші жаңғыруындағы цифрлық технология
Инновациялы инвестициялық жобалар және оларды бағалауға арналған программалық пакеттер
Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері туралы
Әлеуметтану
Қазіргі Қазақстандағы байлық пен кедейшілі
Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Болжамдау мен жоспарлауды ақпаратпен қамтамасыз ету
Қоғамдық жүйе ретінде әлеуметтік талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz