Мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . . 7-11

  1. Мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу

жолдары . . . 12-28

  1. Мектеп оқушыларын дамытуға жаңаша көзқарас . . . 29-40
  2. Жетілген тұлғаның сипаты . . . 41-52

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53-56

IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57-58

КІРІСПЕ

Бүгінгі танда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындауда. Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттігі пайда болды. Оның үстіне, өтпелі кезеңдегі нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаңшылыққа ұшыраған әрбір отбасының экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесіне кері әсерін тигізіп отырғанын да ескермеуге болмайды. Ата-аналар күн көріс қамымен базар жағалап немесе жұмыс іздеп, бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуде, ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызды. Бұл 10-13 жасар жеткіншектерді шылым шегуге, ішімдікпен, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысуға, ұрлық істеуге, т. б. қылмыстық әрекеттерге топтасуға, қатігездікке итермелеуде.

Сонымен бірге мектепте қоғамға пайдалы істердің бәсеңдеуі оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығын төмендетті, сондай-ақ мектептердегі оқу-тәрбие ісінде етек алған формалистік көзқарас, тәрбие жұмысын бір мерзімде жүргізілетін науқанға айналдыру, оқу бағдарламасының, жоспарының және оқулықтардың бір сарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербестік ерекшеліктерге көңіл аудармау, балаларға тек бедел арқылы ықпал етуге негізделген әкімшілік, әмір етушілік сияқты келеңсіз жағдайлар тұлғаны еркіндігінен айырды. Ол оқушылардың бойында тәрбие мәселесіне кері көзқарас туғызды. Сондықтан оқушылардың көпшілігі жеке басының ерекшеліктері мен икемділіктерін дамытуға мектеп мүмкіндік бермейді деп санайды.

Әр оқушының қызығушылығын білмегендіктен және олардың психологиялық ерекшелігін ескеріп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдер арасында түсініспеушілік жағдайлар жиі кездеседі. Осының бәрі тәрбие жұмысының үстірт жүргізілуіне әкеліп соқтыруда. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшеліктеріне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеудегі ішкі мүмкіндіктерін ескермеуден, олардың қабілеттерін әлеуметтік жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр.

Соңғы жылдары оқыту мен тәрбие мәселесіне қатар жарыспалы үрдіс немесе тәрбиені оқытуға қосымша деп қарау, олардың өзара байланысын ескермеу, жалпы білімнің базалық сыңарларын дұрыс таңдай білмеу, білімді ізгілендіруде тәрбиелік мүмкіндіктің толық ескерілмеуі, этникалық мәдени білімнің дүниежүзілік мәдениетпен байланыста қарастырылмауы сияқты теріс көзқарастар байқалуда. Тәрбие ісінде отбасымен, балабақшамен, бастауыш және орта мектептермен, кәсіптік-техникалық училищелермен тұрақты сабақтастық байланыс сақталынбай қалды. Оқу орындарындағы, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердегі, баспасөздегі, теле-радио хабарлардағы және қоғамдық ұйымдардағы тәрбие жұмысын орталықтандырудың жеткіліксіз екені байқалады. Тәрбие жұмысының сапасыздығының тағы бір себебі - олардың ғылыми негіздері дәрежесінің төмендігінен болып отыр. Педагогика ғылымы көп ретте жеке тұлғаның дамуын өмірге сәйкессіз тұрғыда қарастырып келді. Кейде ол өлшемдік ұсыныстар мен нұсқаулар шығарумен ғана айналысты. Ғылыми зерттеу жұмысындағы өмірден алшақтық, адам туралы басқа ғылымдардың, әсіресе, биологияның, медицинаның, психологияның жетістіктерін ескермеудің салдарынан тәрбиеге бір жақты қараушылық мектеп тәжірибесінен орын алып келді.

Осыған орай, өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер
тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін қайта қарайтын,
оның орнын айқындайтын уақыт келді. Бүгінде
стратегиялық бағдарлы тұлғалық ойлардың шығармашылық түрлерін қалыптастыратын, Қазақстан Рсспубликасы халықтары арасында бейбітшілік пен татулықты орнатуға қабілетті, қоғамды ізгілікті адамгершілік тұрғыдан жаңартудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін жүзеге асыруга жәрдемін тигізетін жаңа тұрпатты азамат тәрбиелеудің ғылыми әдістемесін жаңа тұжырымды ғылыми негізде жасаудың қажеттігі алға қойылып отыр.

Осындай мақсаттағы стратегиялық бағыттарға байланысты Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясынын этнопедагогика және тәрбие лабораториясында соңғы жылдары пайда болған «Қазақстан Республикасы азаматынының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасына» (1995), «Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасына» (1996), «Қазақстан Республикасындағы этникалық мәдени білім тұжырымдамасына» (1996), «Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасының» жобасына (1997), Қазақстан Республикасының «Білім» заңына (1999), «Ресей Федерациясында оқушы жастарды тәрбиелеу тұжырымдамасына» (1991), «Қазақстан Рсспубликасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі кешенді тәрбие бағдарламасы» (2000), сондай-ақ зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне, әсіресе Н. Козлованың «Тәрбие теориясына кіріспе» (М., 1990), В. М. Гинецинскийдің «Педагогика теориясының негіздері» (М., 1994), Е. Бондаревскаяның «Воспитание - как возрождение гражданина, человека культуры и нравственности» (1993), Гончаровтың «Ұлттық мектептің моделі» (1994), Л. М. Фридман мен Г. А. Пушкинаның «Оқушылар ұжымында олардың жеке басын зерттеу» (М., 1988), Б. С. Герушинскийдің «Философия образования XXI века» (1998), Г. К. Нұрғалиеваның «Тұлғаның кұндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, теориясы, практикасы» (Алматы, 1994), П. И. Пидкасистыйдын редакциясымен шыққан «Педагогика» (М., 1996), И. П. Подласыйдың «Педагогикасы», Б. Лихачевтың «Педагогика» курсы лекциясына (1998), А. М. Қасабеков пен Ж. Алтаевтын «Қазақ философиясының тарихына кіріспе» (Алматы, 1995), А. С. Арсеньсвтің «Жасөспірімдер философтар көзқарасымен» (М., 1996), К. Ж. Қожахметованың «Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері»(А. РБК. 1993. / Ә. Нысанбаев пен М. С. Орынбековтің «Абайдын дүниетанымы мен философиясы» (Алматы, 1995) сияқты оқулықтары мсн оқу құралдарына сүйеніп, басқа да материалдарды басшылыққа ала отырып, оқушыларды тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі жасалды.

Жоғарыда аталған еңбектердің бәрінде қазіргі білім мен тәрбие берудің даму әсеріне қойылатын негізгі талаптар төмендегідей үш түрлі бағытта қарастырылған. Олар: 1) Еркін тұлғаны тәрбиелеу; 2) Рухани тұлғаны тәрбиелеу; 3) Ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеу.

XXI ғасырда бүкіл адамзат ғылыми-техникалық жетістіктерді өз игілігіне пайдалануда бұрын-сонды болмаған биіктерге көтеріле бастады. Алайда, бұл осы жетістіктерімен қоса, табиғат заңдылықтарының тепе-теңдігінің сақталуына нұқсан келтіріп, айналадағы ортаға, адам өмірі мен тіршілігіне қыруар қауіп-қатер төндіруде. Оған қоса белең алған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар мен содан туындаған қыспақтың салдарынан адамдардың бір-біріне деген көзқарасы шиеленісе түсуде, атап айтқанда келеңсіз жағдайлардың өрбуі, рухани құндылықтардың төмендеуі жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізу мен ізгідендіру мәселесін күн тәртібіне қоюда. Осыған орай, оқушылардың тұлғалық, рухани қасиеттерін қалыптастыруды әлеуметтендіруге сәйкес, өз өмірінің құндылығын дұрыс түсіне алатын ерікті тұлға тәрбиелеу көзделуде. Қазіргі кезеңде рухани танымның тоқырауы, ізгілік пен адамгершіліктің төмендеуі қара бастың қамын ойлауға, тек материалдық құндыдықтарға ие болу шырмауында қалуға ықпалын тигізуде. Олай болса, бүгінгі әлеуметтік-нарықтық қыспақ кезінде мектеп оқушыларын рухани тұрғыда дамыту болашақ ұрпақ тәрбиесінің өзекті мәселесіне айналды, оны тәрбие ісінде басшылыққа алу көзделді.

- Осы уақытқа дейін бала тәрбиесіне негізінен алғанда материалистік көзқарас тұрғысынан қарап келдік, Рухани таным мәселесі күн тәртібіне қойылған емес. Ғасырлар тоғысында әлемде, қоғамда, жеке тұлғалар бойында күрделі өзгерістер жүріп жатқаны, жаңа сананың қалыптаса бастағаны ғылыми-танымдық, философиялық, парапсихологиялық әдебиеттерде көрініс табуда. Өз арамыздағы адамдардың рухани жетілуі, жаратылыс сырын түсінуі, Жаратқанды тануы, жасөспірімдердің ақыл-ойының, көңіл-күйінің, сезімінің дамуы осының айғағы десек, бұл ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аударып, ойлануын қажет етеді. Осыған орай, "Адамның жан дүниесі деген не?", "Рухты қалай тануға болады?", "Адамдардың рухани тоқырауға ұшырау себебі неде?" деген сұрақтар төңірегінде толғаныс қажеттілігі туындайды.

"Қазақстан - 2030" бағдарламасы мен ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерскше мән берілген еді. Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттілігі туындауда. Осыған орай мектеп оқушыларын рухани дамытудың педагогикалык қырлары, оған жаңаша көзқарас, оқушылардын өзін-өзі тануы, дүниені танудың философиялық, ғылыми және діни қырларын біртұтас қарастыру жолдары этномәдениет және жалпы адамзаттық мәдениет аясында өрбиді. Осы диплом жұмысында мектеп оқушыларын рухани дамытудың жолдары көрсетіледі. Сонымсн бірге рухани танымның тәрбиедегі маңызы қарастырылады. Оқушылармен жүргізілетін жаттығулар, сұрау-тапсырмалар, сұхбаттасу олардың пікірлерін түйіндеуге ықпал етеді, өздерін өздері тексеру тәрізді тәсілдер қолданылады.

2. 1. Мектеп оқушыларын рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу жолдары.

Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты білім беру жүйесінде де әр кезеңде жаңа, күрделі өзгерістердің туындайтыны белгілі. Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің басты мақсаты - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта дамыту. Гуманизм (адамшылық) жалпы алғанда дүниетаным принципі десек, адам мүмкіншілігінің шексіз екендігін мойындау, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету - қоғамның түпкілікті мақсаты.

Педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі, олардың ар-намысын, абыройын, ұжданын құрметтеу, адамгершілік, парасаттылық тұрғыда қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу де гуманизмге жатады.

Сонымен, гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылықтың және ой-шабыттың ерекше жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың, адамшылықтың шынайы иесі деп қабылдауға болады.

Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру. Адамның тәндік, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік дамуын рухани дамудың өлшемі ретінде алуға болады. Рухани даму тұлғаны қалыптастырудың өзегі болып табылады. Даму дегеніміз - адамның тәндік, жандық және рухтық сипатының біртұтас үйлесімділікте өрбуі, яғни дүниедегі адам болмысының көздеген басты мақсаты. Егер әр түрлі ғылым салалары, мәселен, тәнтану, физиология, психология, әлеуметтану адам дамуының мүмкіндігін, оның тетігін анықтаса, педагогика дамудың қалай, қандай жағдайда, не арқылы жүзеге асырылатынын сипаттап, көрсетеді. Даму күрделі, қозғалмалы үрдіс болғандықтан, тәрбие арқылы ұрпақты жетілдіру тәжірибесі өзара сабақтасады.

Тәрбие бір ұрпақтың тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс, осы арқылы адамды дамытады. Тәрбие барысында адамның дамуына басшылық жасалады, оны тәрбие арқылы жеделдетуге немесе өзгертуге болады. Нәтижелі тәрбие тұлғаны дамытады.

Білім беру - қоғамда адамды дамыту жағдайын арнайы ұйымдастыратын жүйе.

Оқыту - мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас арқылы ұрпақтар тәжірибесін тарататын және қабылдайтын үрдіс.

Сонымен "тәрбие", "білім беру" "оқыту" адамға сырттан ықпал ететін жағдайлар, олар тұлғаның өзіне ғана байланысты емес. Дегенмен де, адам жаратылысынан дамуға қабілетті болады. Оның бойында дамуға ықпал ететін құдыретті күш бар, оны рух деп атайды. Рух дамудың қозғаушы күші. Адамды дамытудағы оған ықпал ететін сыртқы жағдайлардың нәтижелі болуы үшін, ол оның жан дүниесімен, рухымен сәйкес келуі тиіс. Жан - субстанция (ақыл-ой, сезім, ерік), ол - адамға тән құбылыс, ол -адамды өткенімен және болашақпен сабақтастырушы. Адамның жаны - оның қозғаушы күші, ол оның дамуын бағыттап, тәндік мәнінен жоғары тұрады. Адамның жан дүниесінің тетігінде сыртқы ықпалды қабылдай алатын қабілет бар. Осыған сәйкес адам өзін дамытатын сыртқы жағдай арқылы ішкі жан дүниесін бейнелейді. Адам өзін дамыту үшін сыртқы жағдайларды жасап қалыптастырған. Соңғы жылдары педагогакада адамның ішкі жандүниесі мен іс-әрекетін білдіретін атаулар жиі қолданылуда, мәселен, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігінен қалыптасу, өздігінен реттелу. Дамудың жандық негізін сипаттайтын жағдайларды: өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігінен оқу деген атаулар арқылы білдіреді. Осы ұғымдарды педагогикада адамның ішкі дүниесін бейнелеу үшін колданады .

Тәрбие, білім беру, оқыту - ішкі жандүниеге түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы жағдайлар. Сондықтан да философтар, психологтар адамның жан-дүниесінде дамудың қозғаушы күші бар екенін көрсетеді. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу ара қатынасынан "тәрбиелік қарым-қатынас" өрбиді. Тәрбиелік қатынас өзара қарым-қатынастың бір түрі, ол адамды тәрбие, білім беру, оқыту арқылы дамытуға бағыттайды.

Тәрбиелік қатынас арқылы тәжірибе алмасу, оны үйрену, үйрету, пайдалана білу жүзеге асады. Осының барысында түрлі құралдар қолданылады. Тәрбиелік қатынас "субьект-субьектілік", субьект-обьектілік" болып жіктеледі. Тәрбиелік қатынаста сыртқы жағдай (тәрбие, білім беру, оқыту) ішкі дүниемен (өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігінен оқу) сәйкестенеді. Осындай әрекеттесуден адам дамиды, яғни тұлға жетіледі.

Тұлғаның руханилығы - оның гуманистік бағыттағы дүниелік катынастарға енуі. Рухани дамыған тұлға - адамзат санасынан туындаған дүниелік құндылықтарды бойына жинақтап, сол аркылы дүниеге тұлғалық мәндегі объект деп қарайды. Өмірге осындай дүниелік қатынастан, өмірге қанағаттанбаудан тұлға ізденіске түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі канағаттанбаушылық тұлғаның рухани қалыптасуының белгісі, руханилықтың өлшемі болып табылады.

Рухани дамыған тұлғаның көрсеткіштері мыналар: басқаларға жанашырлық білдіру; өзге адамға жақсылық тілеу; адамдарға көмек көрсету; айналадағы өмірді жақсартуға ұмтылу, оны жүзеге асыру; өмір туралы мәселелер жайында толғану; өмірдің мәнін іздеу; өзін-өзі дамыту, жетілу арқылы бүкіл дүниені жетілдіру.

Айналадағы құбылыстарға адами сипат беру, оларды "жандандыру" арқылы қабылдау тұлғаны рухани дамытудың психологиялық тетігіне жатады. Адам өміріне лайықты қатынас құру үшін оны Рахымдылық, Сұлулық, Ақиқатқа негіздей білу керек. Өмір туралы, өмірлік құндылықтар жүйесі жайында толғануды кейде рухани кызмет деп атасақ, педагогикада оны құндылық - бағдарлы қызмет деп белгілейді, ол тұлғаны қалыптастыру жүйесінің ең маңызды кұрылсшысы болып саналады.

Гуманитарлық танымға бағытталған тәрбиеде баланың жас ерекшелігіне, оның рухани дүниесіне, оқушының құндылық бағдарына, оның мәніне көңіл бөле отырып, тәрбиені "субьектілік" қатынасқа негіздеу қажет.

Гуманитарлық білімнің негізі - адам болмысын кұндылық-мәндік тұрғыдан игеріп, оның өзгеруге бейім екенін түсініп, ескеру.

Гуманитарлық танымдық жүйедегі білімдік бағдар төмендегідей болады:

  • адамның өзін-өзі тануы, өз мүмкіндіктерін іске асыруы, өздігінен даму құқығын ең жоғары құндылық деп тануы;
  • өзін-өзі басқаруға, өзінің ішкі мүмкіндікгерін, "Мен"-ін табуға бағыттау;
  • өмірлік философияның мәнін іздеудің жағдайын жасау .

Соңғы кезде гуманистік педагогикада тұлғалық бағдарлы тәрбиеге ерекше көңіл бөлінуде. Қоғамдағы өзінің орны мен міндетін саналы сезінетін, өзінің даралық сипатына сай іс-әрекет ететін тұлғаны әдетте Адам дейміз. Тұлғаның психологиялық ерекшелігіне өзіндік сана, жеке бастық сипат, түрлі сапаларының даму деңгейі, қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі және өзін-өзі реттеуі жатады.

Б. Г. Ананьевтің пікірінше тұлға үш бағытта қарастырылады:

  • тұлға тарихи дамудың нәтижесі;
  • тұлға қоғамдық-экономикалық қатынастың нәтижесі;
  • тұлғаның даралық сипатының қалыптасуы (4. 52) . Тұлғалық-бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын басты

кұрылымдар мыналар:

-тәрбие мазмұнының құндылық, дүниетанымдық бағыты немесе кұндылықтар жүйесі, яғни өмірдің мәні;

  • жалпы адамзаттық және халықтық мәдениетті игеру;
  • әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірибені жинақтап, тұлғаныңазаматтық іс-әрекет тәжірибесін дамыту;
  • тұлғалық бағдарын (тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін) дамыту;

- тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.

Сонымен, тұлғалық-бағдарлы педагогикада тұлғаны мәдениетке ендіріп, жеке басқа тән қасиеттерін дамыту, адамның ішкі жан-дүниесіне назар аударып, өз мақсатын іске асыруы, өзін-өзі ізгілендіруі, "жеке тұлғаның даралық даму бағытын анықтауды" ұстануы қажет. Сөйтіп тұлға білім беру жүйесіндегі маңызды орында болуы тиіс.

Тұлғалық-бағдарлы тәрбиені іс-жүзінде тәжірибеге енгізген ғалымдардың бірі Н. Е. Щуркова . Оның бағдарламасындағы басты талаптар мыналар:

  • тәрбиеге жалпы адамзаттық мәдениет тұрғысынан көзқарас;
  • педагогикалық үрдіс барысында жалпы адамзаттық мәдениетке енуді педагогикалық түсінік негізінде игеріп, қолдану;
  • тәрбие үрдісінің мазмұнын анықтауда адамдық, кісілік өмірге лайықты құндылықтар жүйесін белгілеу, ал білім мен біліктілікті адамның дүниеге қатынасын анықтайтын құрал деп қарау;
  • баланың күнделікті өмірін тәрбиелік үрдіске айналдыру;
  • баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде анықтап, баланы өз өмірінің субьектісіне айналдыру;
  • өмір сүрудің философиялық және педагогикалық мазмұнынүздіксіз шешуге, сонымен қатар оны іске асыру барысындатуындайтын мәселелермен бірге, әркімнің лайықты өмір менсоған жету жолындағы жауапкершілікті, өмір жолын өз еркіментандай білуге тәрбиелеу. (33. 86-87)

Дүниетанымдық қатынас бағдарламаның негізгі желісі етіліп алынған: онда оқушы мұғаліммен бірге айналадан ортаны таниды, онымен қарым-қатынас орнатады, сол дүниені сүюге ұмтылыс жасайды, күрделі өмірде мәдени жетістіктердің негізінде шешім қабылдауға үйренеді, өмірлік мәселелермен қатынасқа түсу барысында оқушы өз өмірін саналы құра алады. Адамға лайықты өмір сүруді тек осылай ғана тәрбиелеуге болады.

Қазақстан Республикасында A. M. Қыраубайқызы гуманитарлык қазақ, мектебінің "Әлем және Мен" атты бағдарламасын жасап, культурология бағытындағы пәндерді тереңдете оқытуды белгіледі. Ол қазақ және әлем мәдениетін қалыптастыру мақсатында шәкірттің жеке басына қатысты қасиетін дамытуға жағдай жасау, ойлай білу мен өзіндік пікір айту қабілетін және белсенді қызығушылығын дамытуды көздеді. Жан тәрбиесінде баланың өзіндік "Мен"-ін анықтауына көмектесу, қарым-қатынас мәдениетін үйрету, кісілікке, парасаттылыққа, жан-жақтылыққа, салауатгы өмірге, имандылыққа тәрбиелеумен бірге, дене мәдениеті жан тәрбиесімен бірлікте қарастырылды. Рухани өсудің жолы ретінде ұлт мектебінің өзіндік философиясы мен менталитетін айқындау, яғни дәстүрлі түркілік өркениет пен қазақ әлемі қалыптастырылып, әлемдік өркениетпен сұхбаттасу, қарым-қатынаста болу мәселесін көтерді. Қазақ дүниетанымның өзегі - адамшылдықты, халықтық тәрбиені, дәстүрді дінмен тұжырымдай отырып, адамды қалыптастырудың қайталанбас мектебінің рухани көздерін ашу мәселесіне тоқталды. Бала тілінің қалыптасуы үшін ана тілінің мәйек болып табылатынын, рухани жан-дүние мәйегі қай тіл болса, бала соныкі екенін ескеру тәрізді түйінді пікірлерді өз бағдарламасына тұғыр етіп алып, ежелгі түркілік мәдениет негіздерін мектептерге енгізді. (26)

Қорыта келе айтар болсақ, тұлғалық-бағдарлы педагогиканың тұжырымдамасы, тәрбие мақсаты, мазмұны, принциптері, педагогикалық іс-әрекет мәселелері гуманистік және гуманитарлық танымға бағытталған. Тұлғалық-бағдарлы педагогика тұлғаның өзіндік ұстанымын, өмірлік көзқарасын, іскерлік дағдыларын анықтап, оны өмірде қолдана білуге, адамгершілік касиеттерін ақтаута, нарықтық қатынастың жаңа нысандарында өзін жоғалтып алмау мақсатында оның ішкі "Мен"-ін әлеуметтік ортамен

сәйкестеңдіре алуын негізгі нысана етеді. Сонымен бірге гуманды-тұлғалық қатынас немесе Ш. Амоношвилидің "Өмір мектебі" атты трактатта педагогикада ерекше мәнге ие болады. (2. 34-40)

Онда ол бастауыш сынып оқушыларын рухани дамытуды басты мәселелеріне тоқталады. Бұл мектептің басты мақсаты:

  • білім үрдісінің барлық құрамында гуманды-педагогика принциптерін қолдану;
  • мұғалімдерге және педагогикалық ұжымға гуманды-тұлғалықпедагогиканы шығармашылықпен қоса игеруге мүмкіндіктер беру

- гуманды-тұлғалық педагогика идеясын кеңінен таратып, бедел арқылы тәрбиелеуді мектеп өмірінен бірте-бірте ығыстыру.

Осы мақсатты іске асыру міндеттері мыналар:

  • гуманды-тұлғалық қатынасты бастауыш сынып оқушыларыарасында қалай жүзеге асыруға болатынын көрсету;
  • осы жүйенің түсініктеме ақпаратын айқындап, баланың табиғатына лайықты оның тұжырымдамасын ұсыну;
  • білімнің базалық деңгейін суреттеп, оны ұйымдастыру принциптерінде білмдік-танымдық бірлік негізін ұстану;

-мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында оқушы өмірінің
мәнін ашуға сипаттама беру;

  • гуманды-тұлғалык, педагогикамен айналысатын мұғалімгеқойылатын талаптарды белгілеу;

- мектеп пен отбасы байланыстарының нысандарын анықтау;

- гуманды-тұлғалық білім үрдісіндегі оқушыны дамытатын нәтижелерді анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні
Дене шынықтыру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz