Аз қабатты ғимараттар


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Қаңқасыз жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қаңқалы жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
Ғимараттардың орнықтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Өртке қарсы шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Электрмен қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Сыртқы қабырғаның жылутехникалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Сәулет деп қоғамның әлеуметтік-тұрмыстық және рухани-эстетикалық тұтынушылығын қанағаттандыратын ғимараттар мен имараттарды және олардың кешенін тұрғызуға бағытталған адам қызметінің шеңберін айтады. Сәулет өнері ғимараттарды жобалау және тұрғызу өнерімен анықталынады. Сонымен қатар сәулет өнері қоғамның материалдық мәдениетін құрай отырып өнер туындысы ретінде де көріне алады. Сол себепті сәулет түсінігін құрылыс салу түсінігімен толықтай сәйкестендіруге де болмайды. Бірақ құрылыс тұрғызу жұмыстары сәулетті барынша ашып көрсетуде маңызды орын алатындықтан сәулет өнерін тек өнер туындысы ретінде жалаң қарауға тағы да болмайды. Бұдан шығатын қорытынды, сәулет және құрылыс тұрғызу өнері бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын, бір-бірімен өте тығыз өрілген екі сала.
Жалпы «архитектура» деген сөздің өзі ежелгі грек сөзі, тікелей аудармасы «бас құрылысшы» деген мағынаны береді. Бұрын сәулетші өзі жобалаған ғимараттар мен имараттардың құрылысын тұрғызу жұмыстарына тікелей араласқан. Қазіргі заман талаптарына сай, сәулетші ғимараттарды жобалау ісінде жетекші міндет атқарады және жобалауға басқа да сала мамандары тікелей ат салысып, өздеріне тиісті мәселелерді шешіп отырады. Осылай сәулетшінің басқаруымен әр сала мамандары қатыса отырып құрылған ғимарат жоспары өзінің атқару қызметіне барлық жағынан сәйкесті болады және техникалық, экономикалық талаптарға сай орындалады. Қазіргі заман талабындағы ғимарат бет-бейнесі жағынан да жанға жайлы әсер қалдыратындай сұлу, басқа ғимараттарды қайталамайтындай өзгеше болуға тиісті.
қабатты ғимараттар

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 16 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Сәулеттік конструкция пәні бойынша аз қабатты ғимараттар тақырыбына
арналған курстық жұмыстың

Мазмұндама

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Қаңқасыз
жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .9
Қаңқалы
жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
Ғимараттардың
орнықтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 11
Өртке қарсы
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...22
Электрмен қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..22
Сыртқы қабырғаның жылутехникалық
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
Сәулет деп қоғамның әлеуметтік-тұрмыстық және рухани-эстетикалық
тұтынушылығын қанағаттандыратын ғимараттар мен имараттарды және олардың
кешенін тұрғызуға бағытталған адам қызметінің шеңберін айтады. Сәулет өнері
ғимараттарды жобалау және тұрғызу өнерімен анықталынады. Сонымен қатар
сәулет өнері қоғамның материалдық мәдениетін құрай отырып өнер туындысы
ретінде де көріне алады. Сол себепті сәулет түсінігін құрылыс салу
түсінігімен толықтай сәйкестендіруге де болмайды. Бірақ құрылыс тұрғызу
жұмыстары сәулетті барынша ашып көрсетуде маңызды орын алатындықтан сәулет
өнерін тек өнер туындысы ретінде жалаң қарауға тағы да болмайды. Бұдан
шығатын қорытынды, сәулет және құрылыс тұрғызу өнері бір-бірінен бөліп
қарауға болмайтын, бір-бірімен өте тығыз өрілген екі сала.
Жалпы архитектура деген сөздің өзі ежелгі грек сөзі, тікелей
аудармасы бас құрылысшы деген мағынаны береді. Бұрын сәулетші өзі
жобалаған ғимараттар мен имараттардың құрылысын тұрғызу жұмыстарына тікелей
араласқан. Қазіргі заман талаптарына сай, сәулетші ғимараттарды жобалау
ісінде жетекші міндет атқарады және жобалауға басқа да сала мамандары
тікелей ат салысып, өздеріне тиісті мәселелерді шешіп отырады. Осылай
сәулетшінің басқаруымен әр сала мамандары қатыса отырып құрылған ғимарат
жоспары өзінің атқару қызметіне барлық жағынан сәйкесті болады және
техникалық, экономикалық талаптарға сай орындалады. Қазіргі заман
талабындағы ғимарат бет-бейнесі жағынан да жанға жайлы әсер қалдыратындай
сұлу, басқа ғимараттарды қайталамайтындай өзгеше болуға тиісті.
Сәулет өнерінің даму тарихы қашанда қоғам дамуымен, өндірістік
күштердің деңгейімен, өнеркәсіп сипатымен, сол уақыттағы қоғамның
тұтынушылық дәрежесімен тығыз байланысты болды және оған
қоғамның
әлеуметтік-саяси құрылымы, ғылымның дамуы мен мәдениеті зор
ықпалын
тигізіп отырды. Сол себепті де сәулеттік өнер туындыларында белгілі бір
тарихи

кезеңді сипаттайтын, белгілі бір халыққа тән ұлттық нақыштар басым болады.
Осы айтылғандардың бәрі топтаса келе сәулет мазмұны мен стилін анықтайтын
негізгі факторға айналады.
Туған еліміз Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына көп болмаса
да өзінің сәулет және құрылыс салу өнерін әлем мойындайтындай дәрежеге
көтеруге талпынып келеді, бұған еліміздің жаңа ордасы –Астана қаласының
ұлттық нақышта басым жобаланған сәулеті мен құрылысы дәлел бола алады.
Сәулет және құрылыс бөлімінде маманданып жүрген әрбір жастың болашақта
осындай үлкен ғасыр құрылыстарын жобалауға және тұрғызуға өз үлесін
білімдарлықпен қосуы қазіргі студенттік кезден басталады деп есептеймін.
Қазіргі заманғы сәулеттік-құрылыстық жоба ғылым мен техника
жетістіктері мен отандық және шетелдік озат тәжірибелерді ескере отырып
жүргізілуі қажет. Сондай-ақ қаралған жоба - жоғары өнімділіктегі
қондырғыларды, өндірістік процесстердің механизациялануы және
автоматтандырылуы, құрылыстың индустриялы әдісін қолдану, ғимараттар мен
имараттардың көлемдік-жобалау және конструктивтік шешімдерін жетілдіруді
ескеру есебіне бағытталған күрделі қаржыны игеру тиімділігін қамтамасыз
ететіндей болуы керек.
1. Әртүрлі көлемдерді біріктіру;
2. Ашық және жабық жазықтардың алмасуы;
Сәулет композициясының бір әдісі – масштаб.
Масштаб – бұл ғимараттардың өлшемдері емес, ол бізге ғимараттардың
формасының шамасы жайлы және ортада тұрысын айтады. Аз қабатты ғимараттарда
масштаб сызығы былай болады:
1. Бір және екінші қабаттардың жоспарлары М1:100
2. Көлденең қима М1:50
3. Құрылымдық бөлшектері, түйіндері М1:20

Бұл талаптар негізінен бес топқа бөлінеді:
1. Тағайындалу талаптары, яғни кез-келген ғимарат өзінің тағайындалу
мақсатына толық сәйкес болуға тиісті, яғни адам тұрмысы мен еңбегіне
және өндірістік процестерді жүргізуге қажетті пайдалану сапасы болуы;
2. Техникалық талаптар, яғни ғимарат берік, қатаң және тұрақты, ұзақ
мерзімді болуы керек және адамдар мен құрылғыларды зиянды атмосфералық
әсерлерден қорғап, өрт-қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыруы тиіс;
3. Сәулет-көркемдік талаптарға сәйкес ғимарат сырт келбеті эстетикалық
талапқа сай болуы, яғни адамдардың психологиялық жағдайына жақсы
әсерін тигізетіндей болуы тиіс. Ол айналадағы құрылыстар мен
органикалық байланыста болуы керек.
4. Экономикалық талаптар – бұл ғимаратты салу кезіндегі экономикалық
мақсатымен аз шығын жұмсай отырып барынша пайдалы аудан алуға ұмтылу.
5. Табиғатты қорғау талаптары – бұл өндірістік аудандардағы жобаланатын
және қайта құрылатын ғимараттар адамдардың еңбек ету және өмір
сүруінің санитарлы-гигиеналық талаптарына жауап беруі тиіс. Ауа және
су бассейндерін ластамау керек және мүмкіндігі бойынша табиғи
ландшафты сақтауы тиіс.
Ғимараттардың төзімділігінің 3 түрі бар:
1-дәреже: 100 жылдан артық
2-дәреже: 50 жылдан кем емес
3-дәреже: 20 жылдан кем емес
Ағаштан, металдан, металл-болаттан, темір-бетон, цементтен, плита,
блок. Құрылыс материалдары және конструкциялары тұтану дәрежесі бойынша 3
топқа бөлінеді: а) жанбайтындар – от немесе жоғары температура әсерінен
тұтанбайтындар, бықсымайды және қараймайды; б) қиын жанатындар - от немесе
жоғары температура әсерінен қиындықпен тұтанады, бықсиды және қараяды,
бірақ от көзін аластаса бұл процестер тоқтайды; жанатындар - от немесе
жоғары температура әсерінен тез тұтанады және бықсып жана бастайды, от
көзін аластағаннан кейін де бұл процестер жалғаса береді. Конструкция
сонымен қатар отқа төзімділік шегімен де (сағат өлшемінде) сипатталады.
Отқа төзімділік деп конструкцияның беріктігін немесе орнықтылығын
жоғалтқанға
және қима бойымен өтпелі жарықшақ пайда болғанға дейінгі немесе
конструкцияның от әсеріне қарсы жақ бетінің қызуы 2000С –дан асқанға
дейінгі
от әсерәне қарсыласуын атайды. Отқа төзімділік дәрежесі бойынша ғимарат
беске бөлінеді:
І дәрежелі отқа төзімділікке ең үлкен отқа төзімділік сәйкес келеді;
V дәрежелі отқа төзімділікке ең кіші отқа төзімділік сәйкес келеді;
І, ІІ және ІІІ дәрежелі отқа төзімділікке кірпіш ғимараттар жатады,
оның ішінде І және ІІ дәрежелі отқа төзімді ғимараттардың қабырғасы,
тіреулері, аралық қабат жабындары мен таса қабырғалары – жанбайтын, ал ІІІ
дәрежелі отқа төзімді ғимараттардың қабырғасы мен тіреулері – жанбайтын
болса, аралық қабат жабындары мен таса қабырғалары – қиын жанатын болып
келеді;
ІV дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға ағаштан салынып, сырты
сыланған, ал V дәрежелі отқа төзімді ғимараттарға ағаштан салынып, сырты
сыланбаған ғимараттар жатады. Сол себепті отқа төзімділігі ІV және V
дәрежелі ғимараттардың қабат саны өртке қарсы талаптарға сай, 2 қатардан
аспауға тиісті.
Ғимараттың негізгі өлшемдері:
А) ені (қалыңдығы);
Б) ұзындығы (аралығы, қадамы);
В) биіктігі;
ҒКА - ғимараттың конструктивтік элементтерінің біріккен жүйесі болып
табылады. Көтергіш конструкциялар беріктік, қатаңдық және орнықтылық
талаптарына сәйкесті болуымен қатар, оларға өртке қарсы және қызмет көрсету
мерзімінің ұзақтылығы да керек. Азаматтық ғимараттардың конструктивтік
жүйесін ҒКА-ның тік және көлденең элементтерінің орналасу сипаты анықтайды.
ҒКА-ның 2 типі болады: көтергіш қабырғалы (қаңқасыз жүйелер) және көтергіш
қаңқалы (қаңқалы жүйелер).
Қаңқасыз жүйелер
1. Жүк көтергіш қабырғалары бойлық орналасқан жүйелер;
2. Жүк көтергіш қабырғалары көлденең орналасқан жүйелер
3. Жүк көтергіш қабырғалары бойлық және көлденең орналасқан аралас
жүйелер.
Қаңқалы жүйелер
1. бойлық ригелді толық қаңқалы;
2. көлденең ригелді толық қаңқалы;
3. ригелі бір жағынан көтерме қабырғаға, екінші жағынан ұстынға
сүйенген толық емес қаңқалы;
4. қаңқасы ригелсіз;
5. ригелсіз толық емес қаңқалы.
Қаңқасыз – ғимараттар тұрғын, бала-бақша т.б. үйлерде қолданылады.
Қаңқалы - өндірістік ғимараттарда қолданылады.
Ригелді айқас орналасқан қаңқалар – құрылыс сейсмикалық аудандарда
қолданылады.
Ригелсіз қаңқа – көп қабатты өндірістік ғимараттарда және азаматтық
ғимараттарда қолданылады.
ҒКА мақсаты
1) Әсер ету уақытының мерзімі бойынша барлық жүктемелер 2 топқа
бөлінеді:
а) тұрақты;
б) уақытша.
2) Жүктемелер сипаттамасы бойынша бөлінеді:
а) статикалық;
б) динамикалық.
3) Берілу түрі бойынша:
а) шоғырланған, біркелкі;
б) тік бағытталған;
в) көлденең бағытталған.

Ғимараттардың орнықтылығы
Оның әсер етуші құбылыстарға кедергі жасау қабілеттілігі және
статикалық динамикалық тепе-теңдігінің сақталуы. Ғимараттың кеңістікті
қатаңдылығы. Ғимараттың геометриялық өзгермейтін пішінінің сақталу
қабілеттілігі.
Қоғамдық құрылымның қайта құру ерекшеліктеріне байланысты және
қоғамның кейбір жақтарының өмір сүру жағдайының өсуіне байланысты, жеке
тұрғын үйдің, баспананың ең көркейген түрі қаланың ішінде күннен-күнге кең
тарауда.
Солардың бірі ғимараттар. Олар өзара байланысты конструктивті
элементтерден тұратын, жер бетіне салынған құрылыс. Ғимараттар өзінің
функционалдық тағайындалуына байланысты екі негізгі топқа бөлінеді:
а) азаматтық ғимарат;
б) өндірістік ғимарат.
Азаматтық ғимараттардың өзі екі топқа бөлінеді:
а) тұрғын үйлер;
б) қоғамдық ғимараттар.
Тұрғын үйлер құрылысы - адамдардың тұрақты немесе белгілі бір уақытқа өмір
сүруіне арналған құрылыс. Тұрғын үй құрылысы бірнеше түрге бөлінеді:
а) пәтерлік тұрғын үй;
ә) қонақ үй;
б) жатақхана және тағы басқалар.
Барлық ғимараттар бір-бірінен көлемдік-жобалау өзгешеліктеріне
қарамастан санаулы элементтерден тұрады. Ғимараттардың негізгі
конструктивтік элементтеріне іргетас, қаңқа, қабырға, жабын, таса, жамылғы,
баспалдақтар, есіктер, терезелер, т.б. тұрады
Іргетастар – барлық көтергіш конструкциялардан келетін
жүктемелерді өзі арқылы өткізіп негіздікке жіберетін конструктивтік
элемент.

Таса қабырғалар дегеніміз – бөлмелерді бөліп тұратын және қабат
кеңістігін бөлу үшін қолданылатын жұқа ішкі қабырғаларды айтамыз.
Аралық жабын (перекрытие) дегеніміз – ғимараттардың тік
конструкциясында қабаттарға ішкі кеңістікті бөліп тұратын және өзінің
салмағымен қатар уақытша жүктемелерді (адамдар салмағы, керекті заттардың
орналасуы кезінде және тағы басқалар).
Жамылғы (кровля) – ең жоғарғы су өткізбейтін қабықша.
Ғимарат элементтерін екі негізгі топқа бөлуге болады:
- көтерме конструкциялар: үй жабдықтарынан, қар, жел, ғимарат ішіндегі
адамдардың салмағынан болатын жүктемелерді қабылдайды;
- қоршаушы конструкциялар: бөлмелерді сыртқы атмосфералық жағдайдан қорғау
үшін, сонымен қатар бөлмелерді бір-бірінен бөліп тұру қызметін атқарады.
Сонымен қатар көтерме және қоршама конструкциялардың функциясын бір өзі
атқаратын біріктірілген (совмещенный) конструкциялар да (мысалы, төбе
жабыны немесе аралық жабындар секілді) кездеседі.
Ғимараттардың беріктігі және орнықтылығы негіздікті дұрыс жабумен және
іргетасты дұрыс шешумен тығыз байланысты. Негіздік пен іргетастың жобасы
үшін – топырақтың геологиялық құрылымын және тасу қасиеттерін білу керек,
сонымен қатар топырақтың қатуының тереңдігін, топырақ суының сипаты мен
тәртібін зерттеп алу керек. Негіздік – іргетастың астында орналасатын,
кернеу мен деформацияға ұшырайтын, ғимараттың бар жүктемесін өзіне
қабылдайтын бөлік. Ғимараттарды табиғи және жасанды негіздікке орнатады.
Негіздеу келесі мақсат-талаптарды орындау керек: көтерме қабілеті, топырақ
суларына төзімді болу керек, су қатқан кезде ісінбеу керек, су көп кезде
топырақ өзінің көтерме қабілетін төмендтеді. Төтенше жағдайлар болмас үшін
ҚМжЕ-дегі нормативті қысым 1-6 (0,1-6 МПа) 1-2,5м тереңдікте
орнатылған.
Іргетас – құрылыстың негізгі жүк көтергіш арқауы болып табылады және
де берік, тұрақты, ұзақ мерзімді, аязға төзімді, топырақты жерасты
суларының
әрекетіне төзімді, үнемді, индустриалды болу керек. Іргетастың төменгі
жазықтығын –табан дейміз. Табандардың деңгей тереңдігі топырақтың түріне,
жерасты суының деңгейіне, жердің тоңазуы деңгейіне байланысты. Норма
бойынша іргетас табанының деңгейі жердің тоңазу деңгейінен 20см төмен
алынады. Қатты іргетасты табиғи тастан немесе шойтасты бетоннан, бетоннан
жасайды. Иілгіш іргетасты темірбетоннан жасайды. Конструктивті типтерге
байланысты көптеген, бірнеше түрі бар. Соның бірі, яғни менің жұмысымдағы
тізбекті құйылған түрі. Ғимараттың қабырғасының астына немесе бөлек тұрған
тіреудің астына орналастырады. Топырақ өзінің түрлеріне, олардың жүктеме
әсеріне сәйкес жұмыс атқарады.
Топырақ – түйіршіктерден және қуыстардан құралған жердің жоғарғы
қалыңдығында жатқан геологиялық жынысы. Ол табиғи және жасанды болып
бөлінеді. Ғимараттардың конструкциясында шөгу әсерлері қалыпсыз жағдай
тудырмау үшін, іргетас табанының топырақтағы кернеу және деформация
өлшемдері шектеледі. Жалпы топырақтар тасты, балшықты, ұсақ құмды, қиыршық
тасты, сазды, сынық тасты, жерасты кеуекті болады.
Түйіршіктерінің ірілігі 0,5мм-ден асса, яғни 50% болса – ірі құмды.
Қабырғалар – ғимараттың тік конструкциялары.
Қабырғалар ғимаратта әр түрлі функцияларды атқарады. Көтерме қабырғалар
белгілі бір орнықтылық пен беріктікке ие болу керек. Қабырғалар сонымен
қатар қоршаушы конструкция болғандықтан бөлмеде температура және
ылғалдылықтың тұрақтылығын сақтау үшін жылу сақтағыш қасиеті және дыбыс
өткізбейтін қасиеті болу керек. Ғимараттың қолданылуына байланысты
қабырғалар арнайы талаптарды: ұзақ мерзімді, отқа төзімділік сияқты
талаптарды қанағаттандыру керек. Қабырғаның құны түгел ғимараттың құнынан
14-18%-ын
құрайтын экономды болу керек. Қабырғаларды сыртқы және ішкі қабырғаларға
бөлуге болады. Сыртқы қабырғаның төменгі жердің үстіндегі бөлігін, яғни
қабырғаны ылғалдан және әр түрлі қолайсыз механикалық бұзылудан сақтайтын
бөлігін – цоколь деп атайды. Ол ғимарат негізін құрай отырып, үлкен
конструктивті орнықтылық береді. Шатырдан ағатын судан және еріген судан
қабырғаларды қорғау үшін бойлық профильді шығыңқы бөлігі – карниз орнатады.
Сыртқы қабырғалар парапетпен бітуі мүмкін, парапет сыртқы қабырғаның
жалғасы бола алады. Бірақ ол еңісті жабындарда судың ағысын қиындатады,
сондықтан оларды қарапайым және жеңіл металл қоршаулармен алмастырады.
Сыртқы қабырғаның ең жоғарғы бөлігі – парапет. Ол желдету шахталарын,
трубаларды көрсетпеу үшін қолданылады. Парапет қалыңдығы қабырға
қалыңдығынан кіші, кейде бірдей болады. Қабырғалар кейбір құрылыста
жүккөтергіш конструкция ролін атқарса кей жағдайда жүк көтермейді. Жүк
көтермейтін қабырғалар қаңқалы ғимараттарда кездесуі мүмкін. Олар кірпіш
ретінде орындалады. Қаланған кірпіш жабынның ригеліне немесе жабынның
кернеулеріне сүйенеді. Ірі аралықты бір қабатты ғимараттарда қорғауыш
қабырғалар жүк көтергіш, яғни өз салмағын көтергіш, қаңқалы болады. Олардың
өзі жылытылатын және жылытылмайтын болып бөлінеді. Жүк көтергіш қабырғалар
қаңқасыз ғимараттарда қолданылады және бұл материалдар кірпіш, ірі блоктар,
табиғи тастардан болады. Көтергіш қабырғалар өз салмағын іргетас аралығына
береді және байланыстырғыш арқылы ұстындарға бекітіледі.
Жаппалы қабырғалар көлденең және тік элементтерде болады. Көлденең
қабырғалар ұстындарға бекітіледі, ал тік қабырғалар алдымен ригельдерге,
ригельдер ұстындарға бекітіледі.
Аралық қабырға – ғимараттың есік немесе терезе ойықтарының арасында
орналасатын бөлігі.
Маңдайша (перемычка) – арқалық немесе арка түрінде келетін
конструктивті элемент. Ол өзінен жоғары жатқан қабырға салмағын қабылдап,
оны аралық қабырғаға жіберіп отырады.
Пилястр – қабырғаның тік жағынан жуандау келетін көлденең элементтер
молынан сүйену үшін ішкі қабырғада қолданады.
Уақ элементтерден тұратын қабырғалар. Мұндай қабырғаларға керамикалық
және силикаттық кірпіштер немесе тастар қолданылады. Қаланған кірпіштің
өзара байланыстырылуы – тізбекті немесе көпқатарлы және құдық тәріздес
болады.
Уақ блоктардан салынған қабырғалар. Бұндай қабырғалар орташа қабатты
үйлер салуға қолданады. Оның еңбек өнімділігі уақ элементтерге қарағанда
әлдеқайда жоғары, себебі блоктар көлемді болып келеді. Көбінесе 390х190х190
немесе 250х250х140 қолданылады.
Блоктардың материалы табиғи тастар, әктас, ұлутас т.б. болуы мүмкін.
Егер де блоктар кірпіш материалынан ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Аз қабатты тұрғын үй
Аз қабатты тұрғын үйді жобалау
Зәулім ғимараттар
Өндірістік ғимараттар
Ғимараттар және оларға қойылатын талаптар
Үйлер мен ғимараттар конструкциясы
Қосалқы ғимараттар және жайлардың жобасын сараптау (әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар)
Бір қабатты ғимарат
«Ғимараттар мен құрылымдардың инженерлік жүйелері»
12-қабатты және екі қабатты авто паркингті тұрғын үй комплексі
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь