Ч. Дарвин теориясы



1. Ч.Дарвин теориясына алғы шарт болған жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктер.
2. Геологиялық алғы шарттар.
3. Цитология мен эмбриология салаларындағы жетістіктер.
4. Ч.Дарвиннің экспедициялық материалы.
5. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы.
6. Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімі.
7. Ч.Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі.
1.Ч.Дарвиннің биология ғылымында жасаған төңкерісінің маңызын толық бағалау үшін табиғи сұрыптау теориясы жасалған уақыттағы, яғни XIX-ғасырдың бірінші жартысындағы ғылымның дамуы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайға назар аударайық.
2.Ч.Дарвин теориясына алғы шарт болған жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктер
XIX-ғасыр әлемнің басты заңдарының ашылу кезеңі болды. Ғасырдың ортасына дейін жаратылыстануда көптеген ірі жаңалықтар ашылды. Франзус ғалымы П.Лаплас математикалық жолмен И.Канттың Күн жүйесінің дамуы туралы теориясын дәлелдеді. Г.Гегель философияға даму туралы идеяны енгізеді. А.И.Герцен 1845-1846 жылдары жарық көрген "Табиғатты зерттеу туралы хаттар" атты еңбегінде табиғаттың бейорганикалық заттардан бастап адамға дейінгі тарихи дамуы туралы идеяны баяндайды. Ол жаратылыстануда тарихи даму принципіне негізделген қорытындылар ғана дұрыс бола алады деп пайымдады. Энергияның сақталу заңдары ашылды, химиялық элементтердің атомдық құрылысының болу принципі орнықты. 1861 жылы А.М.Бутлеров "Органикалық қосылыстардың құрылысы" атты теориясын шығарады. Біраз уақыттан кейін Д.И.Менделеев өзінің атақты химиялық элементтердің периодтық жүйесін жарыққа шығарды.
Міне, Ч.Дарвин жұмыс істеген уақыттағы ғылымның дамуы осылай жалғасты. Енді оның ілімінің нақты алғы шарттарын қарастырайық.
3.Геологиялық алғы шарттар. Ағылшын геологы Ч.Лайель Жер бетін өзгертетін, кенет болатын апаттар туралы Кювье көзқарастарын негізсіз деп атап, қарама-қайшы көзқарасты дәлелдеді: планетаның беті қандай да бір ерекше күштердің әсерінен емес, күнделікті әдеттегі факторлардың – температураның ауытқуынан, желден жаңбырдан, толқынның жағаны шарпуынан, өсімдік пен жануар организмдерінің тіршілік әрекеттерінен – үздіксіз өзгереді. Тұрақты әсер ететін табиғи факторларға Лайель жер сілкінуін, жанартаудың атқылауын жатқызады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1.Ч.Дарвиннің биология ғылымында жасаған төңкерісінің маңызын толық
бағалау үшін табиғи сұрыптау теориясы жасалған уақыттағы, яғни XIX-ғасырдың
бірінші жартысындағы ғылымның дамуы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайға
назар аударайық.
2.Ч.Дарвин теориясына алғы шарт болған жаратылыстану ғылымдарындағы
жетістіктер
XIX-ғасыр әлемнің басты заңдарының ашылу кезеңі болды. Ғасырдың ортасына
дейін жаратылыстануда көптеген ірі жаңалықтар ашылды. Франзус ғалымы
П.Лаплас математикалық жолмен И.Канттың Күн жүйесінің дамуы туралы
теориясын дәлелдеді. Г.Гегель философияға даму туралы идеяны енгізеді.
А.И.Герцен 1845-1846 жылдары жарық көрген "Табиғатты зерттеу туралы хаттар"
атты еңбегінде табиғаттың бейорганикалық заттардан бастап адамға дейінгі
тарихи дамуы туралы идеяны баяндайды. Ол жаратылыстануда тарихи даму
принципіне негізделген қорытындылар ғана дұрыс бола алады деп пайымдады.
Энергияның сақталу заңдары ашылды, химиялық элементтердің атомдық
құрылысының болу принципі орнықты. 1861 жылы А.М.Бутлеров "Органикалық
қосылыстардың құрылысы" атты теориясын шығарады. Біраз уақыттан кейін
Д.И.Менделеев өзінің атақты химиялық элементтердің периодтық жүйесін
жарыққа шығарды.
Міне, Ч.Дарвин жұмыс істеген уақыттағы ғылымның дамуы осылай жалғасты.
Енді оның ілімінің нақты алғы шарттарын қарастырайық.
3.Геологиялық алғы шарттар. Ағылшын геологы Ч.Лайель Жер бетін
өзгертетін, кенет болатын апаттар туралы Кювье көзқарастарын негізсіз деп
атап, қарама-қайшы көзқарасты дәлелдеді: планетаның беті қандай да бір
ерекше күштердің әсерінен емес, күнделікті әдеттегі факторлардың –
температураның ауытқуынан, желден жаңбырдан, толқынның жағаны шарпуынан,
өсімдік пен жануар организмдерінің тіршілік әрекеттерінен – үздіксіз
өзгереді. Тұрақты әсер ететін табиғи факторларға Лайель жер сілкінуін,
жанартаудың атқылауын жатқызады.
Осыған ұқсас ойларды Лайелге дейін көп уақыт бұрын Ламарк, сондай-ақ
М.В.Ломоносов өзінің "Жер қыртыстары туралы" еңбегінде айтқан болатын.
Бірақ Лайель өзінің көзқарастарын көптеген және нақты мысалдармен
дәлелдеді. Лайель теориясы Ч.Дарвиннің дүниетанымдық көзқарасының
қалыптасуына үлкен әсерін тигізді.
4.Цитология мен эмбриология салаларындағы жетістіктер. Биологияда
табиғаттың өзгермейтіндігі және түрлердің арасындағы туыстықтың жоқтығы
туралы көзқарастарға қарама-қайшы келген бірқатар ірі жаңалықтар жасалды.
Т.Шванның клеткалық теориясы барлық тірі организмдер құрылысының негізіне
біркелкі құрылымдық элемент – клемент жататындығын көрсетті.
Омыртқалылар ұрықтарының дамуын зерттеу құстардың және сүтқоректілердің
эмбриондарында желбезек доғалары мен желбезек қан айналымының бар екенін
анықтауға мүмкіндік берді, мұнын өзі балықтардың, құстардың және
сүтқоректілердің арасында туыстықтың бар екендігі туралы және құрлықта
тіршілік ететін омыртқалылардың суда тіршілік еткен ата-тектерінен
шыққандығы туралы ой қорытуға итермеледі. Орыс академигі К.Бэр барлық тірі
организмдердің дамуы жұмыртқа клеткасынан басталатынын және дамудың ерте
сатыларында әр түрлі класқа жататын жануарлардың ұрықтарының құрылысы таң
қаларлықтай ұқсас болатындығын көрсетті.
Биологияның дамуында Ж.Кювье жасаған типтер теориясы үлкен роль атқарды.
Ж.Кювье түрлер өзгермейтіндігін жақтаушы болғанымен, оның өзі анықтаған тип
шеңберіндегі жануарлар құрылысының ұқсастығы объективті түрде олардың
арасында туыстықтың болуы және тамырының бір болуы мүмкін екендігін
көрсетті.
Сонымен, жаратылыстанудың алуан түрін салаларында ғалымдармен жиналған
материалдар табиғаттың құдай жаратқандығы және оның өзгеріссіз қалатындығы
туралы көзқарастарға қарама-қайшы болды. Бұл фактілердің барлығын
түсіндіріп, жалпылап, эволюция теориясын жасай алған ұлы ағылшын ғалымы
Ч.Дарвин болды.
5.Ч.Дарвиннің экспедициялық материалы
Ч.Дарвин өмір жолын, оның дүниетанымдық көзқарасының қалай қалыптасқанын
және оның дәлелдемелер жүйесін бақылап көрейік.
Чарлз Роберт Дарвин 1809 жылдың 12 ақпанында дәрігер отбасында дүниеге
келген. Университетте ол алғашқы кезде медициналық факульттетте, одан кейін
дін факультетінде оқып, дін қызметшісі болуға дайындалды. Дегенмен, ол
жаратылыстану ғылымдарына деген үлкен бейімділік танытқан, оны геология,
ботаника және зоология қызықтырды. Университетті бітіргеннен кейін Дарвинге
(1831) картографиялық суреттерді түсіру үшін жер шарын айналатын саяхатқа
шығуға дайындалған "Бигль" кемесінде табиғат зерттеушісінің орны ұсынылды.
Дарвин ұсынысты қабылдап, экспедицияда өткізген бес жылы (1831 – 1836)
оның ғылыми тағдырында және биология тарихында жаңа кезең болды.
Саяхат кезінде өте тура және сауатты жасалған бақылаулар Дарвинді түрлер
арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары туралы қатты ойланды. Оның
Оңтүстік Америкада геологиялық шөгінділер арасында тапқан басты жаңалығы
қазіргі заманғы сауыттылар мен жалқау аңдарға өте ұқсас өліп біткен тісі
толық емес алып жануарлар қаңқалары болды. Дарвинді көбірек қызықтырған
Галапагосс аралдарындағы жануарлардың түрлер құрамын зерттеу жұмысы болды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Эволюциялық идеяның туылуы
Дарвиннің эволюциясы
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық – экологиялық адаптациялары
Эволюциялық биология
Ч. Дарвин
Дарвинизм және эволюциялық биологияның қалыптасуы
Прогресшіл биологтардың дарвинизмді қорғауы және насихаттауы
Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясы
Пәндер