Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
әл-Фараби атындағы ҚҰУ
География факультеті
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының су ресурс
проблемалары.
Орындаған: Мукалиев
Жандос. гк 81к
Тексерген: Сабырбаева Х.
Алматы 2009 жыл
Жоспар
![]()
Кіріспе Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары.
Негізгі бөлім 1. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
2. Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 3. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
4. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының су проблемасын шешу шаралары.
Қазақстанның су ресурстары
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланыстс болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазастанның басты су артериясы - Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар - мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстсрына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 жылы шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстары (1, 8 мың тоннаға жуық), фосфор қосылыстары (1994 жылы 1, 3 мың тоннадан астам, 1995 жылы 800 тонна), цинк (42, 6 және 24, 9 тонна 1995 жылы) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша тнңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400 - 2700км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1, 2 - 2, 2 миллион га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астынды қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарынның 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәріздібалықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспий биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің -өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару консепциясын жасу болып табылыды. Біріқ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіріледі.
Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын ссуару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 206 млн. Га-ға кеміп, өзінің 60%көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астсм артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін блмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақтыболашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.
Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км 3 судан айырылды, судың тұздылығы 26-27 г/литрге (бұрын 11-12) жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.
Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған.
Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды Оңтүстік және Шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі - шамамен 1000 км 3 . Тереңдігі 20-25 м., ең үлкен тереңдігі - 67м. Жаздағы орташа температура 24-26ºС, қыста - 7-13, 5ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 100мм.
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын - шашынмен - 5, 9 км³, өзен ағысымен - 54, 8 км³ қамтамассыз етіліп отырды. Орташа булану - 60, 7 км³. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы - 25см, ал ғасырлық - 3 метірден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері - Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35, 2 км³, ал 1980 жылы - 10 км³. 1986 жылы амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер етіп отырды. Теңіздің қолайлы әсері 300-400 км ара қашықтықта байқалды. Бұл Хорезм обылысында мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Қазір ауа райының континенталдылығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1, 5-2°С-ға төмендесе, маусымда 2°С-ға артқан. Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Аязсыз кезеңнің 170-180 күнге қысқаруы мақта өсіруді қиындатады (мақтаның өсуіне 200-220 күн оң температура қажет) . Бұрын өзен суының минералдығы 0, 3-0, 5 г/л болса, қазір ол 2, 5 г/л жеткен.
Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) обылыстарымен шектесіп жатыр. 70-жылдарда көлдің ауданы жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты 17-ден 22 мың км² дейін ауытқып отырған. Көлдің ұзындығы 605км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш, Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Сонымен қатар, Балқаш бассейніне Жоңғар және Күнгей Алатауы, Қалықтау, Нарат, Боро-Хоро да кіреді. Балқаштың суының көлемі - 112 км³, ең үлкен тереңдігі - 6м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне - шағын өзендер Қаратал, Ақсу, лепсі келіп құяды.
Балқаш - жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған. Ол көлге жылдыұ су мөлшерінің 78, 2% береді. Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың еруі кезінде ғана осы судың бір бөлігі өзендермен Балқашқа келіп түседі.
Географтар бұл жерді Балқашқа келіп құятын Іле, Шу, Ақсу, Қаратал, Лепсі, Тентек, Көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4, 8-ден 5, 6 км³/жылына артық. Смоңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі екі метрден астам төмендеп, су бетінің ауданы 4, 7 мың км² кеміген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz