Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы



§1. Кіріспе
§2. Жерге меншік құқығының түсінігі.
1. Ресейдің жерге меншік құқығы.
2. Жерге меншік құқығының түрлері мен субъектілері.
3. Жер . меншік құқығының объектісі ретінде.
4. Жерге меншік құқығының мазмұны.
5. Жерге меншік құқығын қорғау.
§3. Жерге мемлекеттік және муниципалдық меншік құқығы.
1. Жіктелуі, жалпы сипаттама.
2. Федералды жерлер.
3. РФ жерлері.
4. Жерге муниципалдық меншік құқығы.
§4. Жерге жеке меншік құқығы.
1. Жерге жеке меншік құқығының субъектісі.
2. Жерге жеке меншік құқығының объектісі.
3. Жерге жеке меншіктің түрлері.
4. Жерге жеке меншік құқығының туындау негіздері.
5. Жерге жеке меншік құқығының тоқтатылу негіздері.
§5. Жерге басқа да құқық түрлері.
1. Жер пайдалану құқығының түсінігі.
2. Жер учаскелерін жалдау.
3. Жер учаскесіне өмір бойы мұралық етіп иелену құқығы.
4. Жер учаскелерін тұрақты пайдалану құқығы.
5. Жер учаскелерін уақытша пайдалану құқығы.
6. Жер сервитуттары.
§6. Қорытынды.
§7. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан мен Ресей ғалымдарының бірігіп ғылыми еңбектер жазуының негізі сонау Кеңес үкіметі кезінен қаланған. Соңғы он, он бес жыл бедерінде екі мемлекеттің ғалымдары бұл үрдісті жоғалтып қана қоймай, тіпті бір-бірімізден алшақтап та кеттік. Ғасырларға созылып жатқан ортақ тарихымызды таразылай келсек, біздің әлі де бірлесе еңбек етуіміз қажеттігін мойындауымыз керек.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы да салиқалы саясатының нәтижесінде, Ресей мемлекетінің басшылығы көп салада бізбен тізе қоса жұмыс істеуге мүдделі болып отырғаны тарихи шындық. Екі мемлекет басшыларының бірлесе қызмет істеуінен көп жайтты үйреніп отыру керектігі уақыт талабы.
Жуырда ғана өз оқырмандарының назарына ұсынылған Ресей және Қазақстандағы жерге иелік құқығына арналған ортақ ғылыми жұмыстың ресейлік ғалым С.А.Боголюбовпен бірлесе жазылғанынан екі жақ та ұтты деп ойлаймын.
С.А. Боголюбов – Ресейдегі экологиялық-құқықты зерттеу ғылымының биігінде тұрған өз еліне өте белгілі ғалым. Мемлекеттік Думадағы парламенттік тыңдауларда баяндамалар жасап, көптеген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеп, алыс-жақын шетелдерге де өзін танытқан, мойындатқан тұлға. Осындай ғалыммен қаламдас болу маған да мақтаныш екенін жасыра алмаймын.
Жүзден астам ғылыми еңбек жазып, прокуратура және әділет саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған С.А.Боголюбов қазіргі уақытта Ресей үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының аграрлық, экологиялық және табиғи байлықтарды пайдалану заңдылықтары бөлімін басқарады.
Жалпы, Ресей мен Қазақстанда жер мәселелеріне арналған материалдардың жариялануы жаман емес. Өкініштісі, соңғы кездері жерге қатысты ғылыми еңбектер мен публицистикалық мақалалар айналасында эмоция мен саяси астар белең алуда. Жерге иелік ету мәселелерінің үлкен әлеуметтік толқулар туғызатыны да ақиқат. Мысалы, кезінде ауылшаруашылығына пайдалану мақсатындағы жерді жеке иелікке беру төңірегіндегі жер дауына байланысты Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отставкаға кетуі туралы мәселе қойған.
1. РФ Конституциясы 12.12.1993 ж
2. РФ Жер кодексі 25.10.2001 ж
3. РФ Азаматтық кодексі
І бөлім – 30.11.1994 ж
ІІ бөлім – 26.01.1996 ж
ІІІ бөлім – 26.11.2001 ж
4. РСФСР Жер кодексі. 1991ж
5. Закон РСФСР «О земельной реформе» 1990 г. 23 ноябрь
6. Указ Президента РФ «О регулировании земельных отношений и
развития аграрной реформы в России»
7. «Земля и право» Под ред. С.А.Боголюбова. М., 1997.
8. Горемыкин В.А. «Росийский земельный рынок» М., 1996.
9. Иконицкая И.А. «Основы земельного права РФ». М., 1997.
10. Коростелев С.В. «Земельное и лесное право». 1998.
11.С.А.Боголюбов «Земельное право». М., 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ресей Федерациясындағы жерге
меншік және жер пайдалану құқығы

Дайындаған: Даулетова Г.
Тексерген: Шуланбекова Г.К.
Факультет: Заң
Тобы: 306

Алматы – 2008 ж

ЖОСПАРЫ

§1. Кіріспе
§2. Жерге меншік құқығының түсінігі.
1. Ресейдің жерге меншік құқығы.
2. Жерге меншік құқығының түрлері мен субъектілері.
3. Жер - меншік құқығының объектісі ретінде.
4. Жерге меншік құқығының мазмұны.
5. Жерге меншік құқығын қорғау.
§3. Жерге мемлекеттік және муниципалдық меншік құқығы.
1. Жіктелуі, жалпы сипаттама.
2. Федералды жерлер.
3. РФ жерлері.
4. Жерге муниципалдық меншік құқығы.
§4. Жерге жеке меншік құқығы.
1. Жерге жеке меншік құқығының субъектісі.
2. Жерге жеке меншік құқығының объектісі.
3. Жерге жеке меншіктің түрлері.
4. Жерге жеке меншік құқығының туындау негіздері.
5. Жерге жеке меншік құқығының тоқтатылу негіздері.
§5. Жерге басқа да құқық түрлері.
1. Жер пайдалану құқығының түсінігі.
2. Жер учаскелерін жалдау.
3. Жер учаскесіне өмір бойы мұралық етіп иелену құқығы.
4. Жер учаскелерін тұрақты пайдалану құқығы.
5. Жер учаскелерін уақытша пайдалану құқығы.
6. Жер сервитуттары.
§6. Қорытынды.
§7. Пайдаланылған әдебиеттер.

§1. Кіріспе

Қазақстан мен Ресей ғалымдарының бірігіп ғылыми еңбектер жазуының
негізі сонау Кеңес үкіметі кезінен қаланған. Соңғы он, он бес жыл бедерінде
екі мемлекеттің ғалымдары бұл үрдісті жоғалтып қана қоймай, тіпті бір-
бірімізден алшақтап та кеттік. Ғасырларға созылып жатқан ортақ тарихымызды
таразылай келсек, біздің әлі де бірлесе еңбек етуіміз қажеттігін
мойындауымыз керек.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы да салиқалы саясатының
нәтижесінде, Ресей мемлекетінің басшылығы көп салада бізбен тізе қоса жұмыс
істеуге мүдделі болып отырғаны тарихи шындық. Екі мемлекет басшыларының
бірлесе қызмет істеуінен көп жайтты үйреніп отыру керектігі уақыт талабы.
Жуырда ғана өз оқырмандарының назарына ұсынылған Ресей және Қазақстандағы
жерге иелік құқығына арналған ортақ ғылыми жұмыстың ресейлік ғалым
С.А.Боголюбовпен бірлесе жазылғанынан екі жақ та ұтты деп ойлаймын.
С.А. Боголюбов – Ресейдегі экологиялық-құқықты зерттеу ғылымының
биігінде тұрған өз еліне өте белгілі ғалым. Мемлекеттік Думадағы
парламенттік тыңдауларда баяндамалар жасап, көптеген халықаралық ғылыми-
практикалық конференцияларда сөз сөйлеп, алыс-жақын шетелдерге де өзін
танытқан, мойындатқан тұлға. Осындай ғалыммен қаламдас болу маған да
мақтаныш екенін жасыра алмаймын.
Жүзден астам ғылыми еңбек жазып, прокуратура және әділет саласында ұзақ
жылдар қызмет атқарған С.А.Боголюбов қазіргі уақытта Ресей үкіметінің
жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының аграрлық,
экологиялық және табиғи байлықтарды пайдалану заңдылықтары бөлімін
басқарады.
Жалпы, Ресей мен Қазақстанда жер мәселелеріне арналған материалдардың
жариялануы жаман емес. Өкініштісі, соңғы кездері жерге қатысты ғылыми
еңбектер мен публицистикалық мақалалар айналасында эмоция мен саяси астар
белең алуда. Жерге иелік ету мәселелерінің үлкен әлеуметтік толқулар
туғызатыны да ақиқат. Мысалы, кезінде ауылшаруашылығына пайдалану
мақсатындағы жерді жеке иелікке беру төңірегіндегі жер дауына байланысты
Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
отставкаға кетуі туралы мәселе қойған.
Сол сияқты Ресейде де Балтық жағалауы мемлекеттеріне қатысты жер дауларының
төңірегіндегі мәселелердің шешімін табу оңайға соқпағаны бәріңізге белгілі.

Қазақ халқының салқынқандылығы мен шыдамдылығының арқасында біздің
еліміздегі жер реформаларының бастапқы кезеңіндегі құқықтық базасын әзірлеу
мен қабылдау саяси сүреңсіз шешіліп жатыр. Оның басты себептерінің бірі,
заң тілімен айтқанда жерге иелік құқықтары ретімен жүйелене бастады.
Былайша айтқанда, жер, сату-сатып алу, айырбастау немесе сыйға беру сияқты
азаматтық айналымдағы объект болып қалды.
Бүгінгі таңдағы ең даулы мәселелердің бірі мемлекеттік мұқтаждықтар
үшін жерді мемлекет меншігіне алуда болып отыр. Бұл ретте, Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесінің табандылығын атап кеткен жөн. Өйткені
қандай жағдайда болса да, жерді мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алуға, тек
өте қажет болғанда, жекелеген жағдайларда ғана жол беріледі. Жер Кодексін
жазған заң шығарушылар, енді бұл мәселенің маңыздылығын Қазақстан
Республикасының Конституциясының мазмұнына сай етіп, Конституциялық Кеңес
шешімдерінің негізінде ғана жүзеге асыруды ойластырулары қажет деп
санаймын.
Осындай жағдайларға байланысты объективті түрде сараланған, ғылыми
негізделген ақпараттардың жетіспеушілігі байқалады. Бұл тұрғыдан алып
қарағанда, еліміздегі жерге қатысты заңнаманың нарықтық экономикаға
бейімделе отырып жасалғаны белгілі. Мұнымен қатар онда әлеуметтік
артықшылқтар, ең бастысы, жерге жеке иелік жасау құқығына қатысты мәселелер
реттелмеген.
Ресейде және Қазақстанда жер дауларына байланысты сот органдарына
шағымдану жөніндегі азаматтардың құқы заңмен бекітілген. Сот практикасы осы
теориялық есептеулерді реттеу үшін қажет. Ол азаматтардың жерге қатысты
құқықтарын біліктілікпен қорғауға көмектеседі. Ал екі мемлекеттің сот
практикасын біріктіру, соттардың жер туралы заңнамаларын бір жүйеде
қамтамасыз ету мақсатында қызмет етіп, оның ағат тұстарын ашып отыруға
мүмкіндік береді.
Ресей мен Қазақстандағы Жер реформасын елдегі меншік нысандарының сан
алуандығына, жерге иелік нысандарын құқықтық-ұйымдастыру, аграрлық
сектордың көпсалалы экономикасын жасауға бағытталған екі мемлекеттің
заңнамалық даму тұжырымдарының қалыптасу заңдылықтарының ортақтығымен
түсіндіруге болады. Оған қоса, әр мемлекеттің Жер туралы заңдарының
өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, ұжымшарлар мен кеңшарларды тарату
тұрғысында, Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы заңдылықтарда ортақ сипат
бар. Бұл екі мемлекеттің де нарықтық экономика қатынастарына көшіп,
мемлекет иелігіндегі жерді ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілердің
пайдалануына берумен байланысты. Ресейде жер қатынасының ерекшеліктері
Федералдық орталықтың және федералдық субъектілердің құзыретін шектеу
проблемалары жерге мемлекеттің иелік етуінің нақты заңнамалық нормаларымен
бекітілуіне байланысты. Ресейде жекешеленетін жер жекеменшікке көшірілетін
еңбек ұжымның иелігінде болса, Қазақстанда ол жағдай өзгешелеу. Біздің
елімізде еңбек ұжымының әрбір мүшесіне азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау
арқылы жер үлесі берілді. Әрине, жерге қатысты мәселелерді шешудің көптеген
ерекшеліктері тәуелсіз Қазақстанның құқықтық мәртебесімен байланысты.

§2. Жерге меншік құқығының түсінігі.

1. Ресей Федерациясының жерге меншік құқығы.

Жерге меншік құқығы мазмұны жағынан ең толық мүліктік құқық болып
табылады. Өзінің құқықтық мәні жағынан – бұл негізгі заттық құқық болып
табылады. Меншік құқығының объектісі ретінде жер ерекше құқықтық белгілерге
ие: бұрын азаматтық құқықтың пәні болған – зат немесе мүлік, қазір жер
құқығының пәні болып табылады.
Жерге меншік құқығы институты жер құқығының өте өзекті саласы. Ресей
Федерациясы меншіктің түрлерін заңдастыра отырып, олардың заң алдында
теңдігіне кепілдік береді.
Ресей Федерациясы Конституциясының 36 б. сәйкес азаматтар жерге еркін
иеленеді, пайдаланады және билік етеді, егер ол қоршаған ортаға және өзге
адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмесе делінген.
Жерді пайдаланумен байланысты қатынастар азаматтық нормалармен де
реттелуі мүмкін.

2. Жерге меншік құқығының түрлері және оның субьектілері.

РФ Конституциясының 9 б. Жер және оның қойнауы жеке, мемлекет,
муниципалдық және де басқа меншік нысандарында болуы мүмкін - делінген.
Жерге меншік құқығының субьектісі дегеніміз – заңда белгіленген тәртіппен
жер учаскесін иеленетін, пайдаланатын және билік ететін тұлға. Барлық
субьектілердің құқықтары тең және бірдей қорғалады. Жерге жеке меншік
құқығының субьектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар табылады.
Мемлекеттік және муниципалдық меншік құқығының субьектілеріне мемлекеттік
және муниципалдық құрылымдар жатады. Олар: Ресей Федерациясы, Ресей
Федерациясының субьектілері, муниципалдық құрылымдар.
Жеке меншік құқығы меншік иелерінің – азаматтар мен заңды тұлғалардың -
мүдделерін қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Ал мемлекеттік және
муниципалдық меншік құқығы үлкен топтардың мүдделерін қамтамасыз етеді –
жалпы Ресей Федерациясының халқының: Ресей Федерациясы субьектілерінің
аумағында тұратын халық; муниципалдық құрылымдардың аумағында тұратын
тұлғалар.
Жерге құқықтың туындау және тоқталу негіздерінің ерекшеліктері жер
азаматтардың, заңды тұлғаның, мемлекеттің немесе муниципалдық аумақтық
құрылымдардың меншігінде болуына байланысты.

3. Жер – жерге меншіктің объектісі ретінде.

Меншік құқығы объектісі ретінде жер учаскесіне азаматтық құқықпен
белгіленген белгілер тән:
1) айналмалылығы, яғни жер учаскесі еркін бір тұлғадан екінші тұлғаға
әмбебап құқықмирасқорлығы ( мұрагерлік, заңды тұғаның қайта құрылуы) арқылы
ауысуы немесе басқа әдіспен, егер ол айнылымнан алынбаса немесе шектелмесе.
2) жер учаскесі азаматтық құқықтың объектісі ретінде жылжымайтын мүлік
болып табылады. Осыған байланысты жер учаскесіне меншік құқығы, сонымен
қатар оны шектеу, ауысу және тоқтату әділет мекемелерінде бірыңғай
мемлекеттік реестрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Жер учаскелері Жер
ресурстары және жержайландыру жөніндегі мемлекеттік комитет органдарынан
арнайы тіркеуден өтуі қажет.
3) жер учаскесі шаруашылық мақсатына байланысты бөлінетін және бөлінбейтін
зат болып табылады. Бұл белгі жер учаскесі ортақ меншікте болып, оны меншік
иелерінінің біреуіне бөлу туралы сұрақ туындағанда пайда болады. Егер жер
учаскесі бөлінбейтін болса, онда меншік иесіне ақшалай жәрдемақысы
төленеді. Жер учаскесінің бөлінбейтіндігі туралы шешімді, заңда өзгеше
көзделмесе, сот шығарады.
4) азаматтық құқықтың объектісі ретінде жер учаскесінің келесі белгісі (
дегенмен, жер құқығының да, егер жер учаскесін азаматтар мен заңды
тұлғалар пайдаланса) – жер учаскесін пайдаланудың нәтижесінде алынған
жемісі, өнімі, пайдасы тиісті жер учаскесін заң жүзінде пайдаланушыға
тиесілі.
Тағы бір белгісі ретінде жер учаскесінің шекарасы бар жердің бір бөлігі
болып табылады.
Көрсетілген белгілер жердің мемлекеттік, экономикалық және экологиялық
маңызын көрсетеді.

4. Жерге жеке меншік құқығының мазмұны.

РФ АК сәйкес меншік иесіне иелену, пайдалану және билік ету құқықтар
тиесілі. Сондықтан, иелену, пайдалану және билік ету – меншік құқығының
ажырамас бөліктері.
Иелену құқығы жерді заң жүзінде иелену: яғни, жер учаскесін өз
шаруашылығының бөлігі ретінде қарастыру, қолда бары.
Сонымен қатар, меншік иесі осы құқыққа сай жерді заңсыз иеліктен шығаруға
талап ете алады. Мысалы, жалға алушы жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға
берушіге жер учаскесін қайтармауы. Иелену құқығымен пайдалану құқығы тығыз
байланысты.
Пайдалану жерден оның пайдалы қасиеттерін алуға мүмкіндік береді.
Меншік иелері пайдаланудың түрлерін өздері анықтайтын мүлік түрлеріне
қарағанда, жер учаскесін пайдаланудың түрлері жер заңдарында көрсетілген.
Жер учаскесін пайдаланудың бір шарты – меншік иесі оны тек нысаналы
мақсатта пайдалану керек. Меншік иесі өз бетімен оның нысаналы мақсатын
өзгерте алмайды. Мысалы: РФ Президентінің Жер қатынастарын құқықтық реттеу
және Ресейдегі аграрлық реформаның дамуы туралы Қаулыға сай ауылшаруашылық
жерлерді сату кезінде нысаналы мақсатын өзгертуге болады, бірақ ол тек
атқарушы билік органдарының шешімімен ғана рұқсат етілген деген.
Билік ету құқығына сай меншік иесі заңда көзделген тәртіппен жер
учаскесін сатуға, сыйлауға, ауыстыруға, мұра етуге, жалға беруге, кепілге
беруге, яғни оның тағдырын шешуге құқылы.

5. Жерге меншік құқығын қорғау.

Жерге меншік құқығы РФ Конституциясымен кепілдірілген және заңда
көзделген тәртіппен қорғалады. Бұзылған жерге меншік құқығын қорғауды
процессуалдық заңда көзделгендей сот немесе төрелік сот жүзеге асырады.
Меншік құқығын аралық сотпен қорғау жер заңдарында тікелей белгіленбеген.
Заңмен ( РФ АК 12 бабы) меншік құқығын қорғаудың келесідей әдістері
көзделген: құқықты тану; мәмілені және оның қолданған салдарын жарамсыз деп
тану; жалған мәмілені жарамсыз деп тану; мемлекеттік немесе жергілікті өзін-
өзі басқару органдарының актілерін жарамсыз деп тану; өзін-өзі қорғау;
шығындарды өтеттіру; моральдық шығынды өтеу; құқықтық қатынастарды тоқтату
немесе өзгерту; сот заңға қайшы келген мемлекеттік органның немесе
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актісін қолданбау.

§2. Жерге мемлекеттік және муниципалдық меншік құқығы.

Тиісті тақырып ғылымда да, тәжірибеде де өте маңызды сұрақтардың бірі.
Бұрын, бүкіл жер тек қана мемлекеттік меншік құқығында болғанда, ол
кеңестік республикалар арасында бөлінбегенде, бұл сұрақтың еш маңызы болған
жоқ. Ол кезде жерге муниципалдық меншік атауы да болмаған.

1. Жіктелуі, жалпы сипаттама.

Ресей (1990ж) егеменді болғаннан бастап, 1992 жылы Ресей
Федерациясының субъектілері белгіленіп және Федеративтік келісім
бекітілгеннен кейін кейбір мәселелер туындады. Ресей Федерциясында 89
субъекті бар. Осы субъектілерге өз аумақтарындағы жерге мемлекеттік меншік
құқығы бекітілген болатын. Сонымен қатар, Ресей Федерафиясында 29 аз
қоныстанған халық тұрады, оларда жерге меншік құқығын білдіре бастады. Осы
тығыз қоныстанған аз халық жергілікті әкімшілік құрылымдарға бірігіп, ал
тығыз қоныстанбаған халық осы құрылымдарға олардың ұлттық ерекшеліктерін
сақтай отырып кірді.
Осылай, Ресейде жерге федералды мемлекеттік меншік құқығы және жерге
Ресей Федерациясы субъектілерінің меншік құқығы, сонымен қатар жерге
муниципалдық меншік қалыптасты.
Жерге муниципалдық меншік алғаш рет нақты Жергілікті өзін-өзі басқару
туралы Заңда көрсетілген болатын. Заңның 2 б. жергілікті, яғни муниципалды
құрылымдар аталды: қалалар, аудандар, поселкелер, ауылдар. 36-78 баптарда
Жергілікті кеңестердің құзыреті және муниципалдық жерлерді басқару мен
билеу әкімшіліктері толық жазылды. 36-78 баптар Ресей Федерацияы
субъектілері өздерінің Жарлықтарын қабылдағанша қолданылды.
1995 жылы 28 тамызда Ресей Федерациясында жергілікті өзін-өзі басқару
ұйымдарының жалпы қағидалары туралы РФ Заңы қабылданды. РФ
Конституциясына, Ресей Федерациясы субъектілерінің конституцияларына,
жарлықтары мен заңдарына негізделе муниципалдық органдар жер қатынастары
жөнінде өздері жарлықтар мен басқа да актілер қабылдай алды.
Облыстар мен өлке жерлеріне меншік 1992 жылғы 5 наурыздағы Өлкелік,
облыстық халықтық депутаттар Кеңесі және өлкелік,облыстық әкімшілік туралы
РСФСР Заңымен қаралды (заң 1995 жылы күшін жойды). Заңның 3-4 баптарында
олардың құзыреті, жарлықтардың және басқа да актілердің қабылдануы; 11 б.
жерге өлкенің, облыстың меншігін орнықтырды; 44,51 б. – жер қатынастарын
реттеуде олардың өкілді органдарының және әкімшіліктерінің құзыреті
көрсетілді. Ақыры, РФ Констициясының 9 бабында жерге муниципалдық меншік
түбегейлі бекітілді.
Осыған байланысты, заңнамаларға сәйкес Ресей Федерациясында: жерге РФ
мемлекеттік меншігі және оның субъектілерінің жерге меншігі және
муниципалдық меншік біріктірілді.
РФ мемлекеттік және оның субъектілерінің және муниципалдық меншік
бірінші рет 1991 жылғы 29 желтоқсанындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік
меншігін республикалардың федералдық меншігіне РФ есебінде, өлке, облыс,
автономды облыс, автономды өлке, Москва және Санкт-Петербург қалаларының
және муниципалдық меншіктеріне жіктеу туралы Жоғарғы Кеңестің Қаулысымен
жіктелді. Қаулыға 3 қосымша берілген:
- біріншісінде Ресей Федерациясының меншігіндегі объектілер
( елдің негізгі ұлттық байлықтарын құрайтын, жалпымемлекеттік мәселелерді
шешетін, халық шаруашылығының қызметін қамтамасыз ететін, қорғаныс және
ғарыш объектілері, теміржол және басқа да транспорттар, ірі кәсіпорындар
және т.б.) туралы айталады;
- екіншісінде Ресей Федерациясының субъектілерінің меншігіне берілетін
мүлік объектілері (транспорт, байланыс, энергетика, денсаулық сақтау,
мәдениет және т.б. объектілер) туралы айтылады;
- үшіншісінде муниципалдық меншіктегі объектілер (өндірістік және
өндірістік емес жергілікті мақсаттағы объектілер, мәдениет, денсаулық
сақтау, қоғамдық тамақтандыру және т.б.) туралы айтылады.
Объектілердің Ресей Федерациясының меншігінен РФ субъектілерінің
меншігіне берілуі осы субъектілердің өтініштері бойынша және РФ Үкіметінің
шешімімен жүзеге асырылады.
Объектілердің РФ немесе оның субъектілерінің меншігінен муниципалдық
меншікке берілуі – олардың өтініштері бойынша және РФ Үкіметінің және РФ
субъектілерінің әкімшіліктерінің шешімімен жүзеге асырылады. Бұндай
объектілерді муниципалдық меншікке беру туралы шешімдер өте көп.
Объектілерді беру процесі үздіксіз, ол жүріп жатыр және қажетіне
қарай жүріп тұратын болар.

2. Федералды жерлер.

Жерлерді жіктеген кезде федералды жерлер РФ субъектілерінің аумағында
(шекарасында) жатқандығын ескеру керек. РФ субъектілерінің аумағындағы
федералды объектілер (ғимараттар, кәсіпорындар, құрылыстар және т.б.
объектілер) орналасқан жер учаскелері федералды меншікте болады. Бұл РФ мен
оның субъектілері арасындағы келісіммен бекітіледі.
Федералды жерлерге сонымен қатар – федералды қажеттіліктер және
нысаналы бағдарламалар үшін берілген, басқа жалпыфедералды мақсаттағы
жерлер жатады (су және орман қорынан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан
және т.б.).
Федералды жерлерді беру бірінші рет 1993 жылы 16 желтоқсандағы Федералды
табиғи ресурстар туралы РФ Президентінің Жарлығымен берілген болатын.
Федералды жерлер деп жерлерді бөлу туралы федералды заңдармен немесе
келісімшарттармен анықталған жер учаскелері.
Федералды меншіктегі жерлер әдетте федералды ұйымдар мен кәсіпорындарға
жалға немесе пайдалануға беріледі.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға немесе пайдалануға берілген
федералды меншігіндегі жер учаскелері РФ АК 131 б сәйкес мемлекеттік
тіркеуден өтуі қажет. Олар Бірыңғай мемлекеттік реестрде әділет
органдарымен тіркеледі.

3. Ресей Федерациясының субъектілерінің жерлері.
РФ субъектілері өздерінің аумағындағы жерлердің меншік иесі ретінде
азаматтық және жер қатынастарының тең құқылы субъектісі болып табылады.
РФ субъектілері РФ Конституциясы мен федералды заңдарға сәйкес өз аумағында
жер қатынастарын реттейтін өздерінің заңдары мен басқа құқықтық актілерін
қабылдайды, Ресей Федерациясымен, муниципалды құрылымдармен келісімшарттар
жасасады.
Бірақ, РФ субъектісінің меншігіне барлық жерлер кірмейді. Оның
меншігінде тек өнеркәсіп, транспорт, мәдениет, ғылым және басқа объектілер
орналасқан жерлер болады. Сонымен қатар, оның меншігіне федералды меншіктен
берілген жер учаскелері кіреді. РФ меншігіне жеке меншіктен мемлекеттік
және муниципалдық қажеттіліктер үшін алынған жер учаскелері өтеді.
РФ субъектілерінің жерлері азаматтар мен заңды тұлғаларға де пайдалануға
немесе жалға беріледі. Бүкіл жерлер белгіленген тәртіппен мемлекеттік
тіркеуден өтеді.
РФ субъектілері азаматтық және жер қатынастары субъектісі бола отырып
өз аумағында жерге меншік иелері болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясындағы жерге жеке меншік пен жер пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы
Мемлекеттік жер кадастры туралы
Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру ережесi
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Федерациясының бірінші президенті Борис Николаевич Ельциннің саяси жеңістері дәлел
Қазакстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару
Неке шартының мазмұны мен түсінігі
Жер кадастрының мемлекеттік жүйесі
Ресей Федерациясындағы муниципалды баскарудың дамуы
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мүмкіндіктері
Пәндер