Цин империясы



XIXғ. басында маньчжурлар билігіндегі Қытайда ортағасырлық феодалдық қатынастар үстемдік етті.Ел өмірінде ілгерілеушілік байқалмады.Ауыл шаруашылығы,қолөнер өндірісі,армия мен флот,жалпы қоғам өмірі көнеден келе жатқан конфуцийлік дәстүрлер деңгейінде қалды.
Басқыншылық соғыс арқылы маньчжурлар құрған Цин империясының құрамына манчжурлардың өз атамекені Манчжурия,18 провинциядан тұратын бүкіл Қытай жері және Монғолия,Шыңжаң,Тибет аумақтары кірді.
1840-1842ж. болған бірінші апиын соғысында ағылшындар жеңіске жетіп,Цин империясын тізе бүктірді.Қытай жеңілгенін мойындап,еуропалықтар алдында тізе бүгіп,әділетсіз Нанкин келісімшартына қол қойды.Бұл келісімшарт бойынша Қытай ағылшындар үшін тағы да бес порт ашық деп жариялауға,орасан зор мөлшерде өтемақы төлеуге мәжбүр болды. «Гунхан» сауда монополиясын жойды.Нанкин келісімінен кейін Цин империясы жартылай отар елге айналып,шетелдіктерге тәуелділікке түсті.Осыдан кейін Англия мен Франция бірлесіп,Қытайды отарлауды кеңейту үшін екінші апиын соғысын бастады.1856-1860ж.болған екінші апиын соғысы кезінде Қытайдың ішкі жағдайы да өте ауыр халде болатын.1850ж.елдің оңтүстігіндегі Гуандунь,Гуанси провинцияларында шаруалар көтерілісі басталған еді.Оның көсемі Хунь Сюцюань болды.Ол маньчжурларды қуып шығу,барлық шаруаларға жерді тең бөліп беру талаптарын ұсынды.Ол Тайпинь тянго-ұлы игілікті аспан мемлекетін құруға ұмтылды.Сондықтан көтерілісшілерді тайпиндер деп атады.1851ж.көтерілісшілер Қытайдың оңтүстігін жаулап алып,жаңа мемлекеттіңқұрылғаны туралы жариялады.Хунь Сюцюань император болып жарияланып,ал оның жақтастары князь титулын алды.14жылға созылған Тайпиндер көтерілісі жеңіліспен аяқталды.1864 ж.күшпен басылды.Қытайда Цин билігі сақталып қалды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Цин империясы.
XIXғ. басында маньчжурлар билігіндегі Қытайда ортағасырлық феодалдық
қатынастар үстемдік етті.Ел өмірінде ілгерілеушілік байқалмады.Ауыл
шаруашылығы,қолөнер өндірісі,армия мен флот,жалпы қоғам өмірі көнеден келе
жатқан конфуцийлік дәстүрлер деңгейінде қалды.
Басқыншылық соғыс арқылы маньчжурлар құрған Цин империясының құрамына
манчжурлардың өз атамекені Манчжурия,18 провинциядан тұратын бүкіл Қытай
жері және Монғолия,Шыңжаң,Тибет аумақтары кірді.
1840-1842ж. болған бірінші апиын соғысында ағылшындар жеңіске жетіп,Цин
империясын тізе бүктірді.Қытай жеңілгенін мойындап,еуропалықтар алдында
тізе бүгіп,әділетсіз Нанкин келісімшартына қол қойды.Бұл келісімшарт
бойынша Қытай ағылшындар үшін тағы да бес порт ашық деп жариялауға,орасан
зор мөлшерде өтемақы төлеуге мәжбүр болды. Гунхан сауда монополиясын
жойды.Нанкин келісімінен кейін Цин империясы жартылай отар елге
айналып,шетелдіктерге тәуелділікке түсті.Осыдан кейін Англия мен Франция
бірлесіп,Қытайды отарлауды кеңейту үшін екінші апиын соғысын бастады.1856-
1860ж.болған екінші апиын соғысы кезінде Қытайдың ішкі жағдайы да өте ауыр
халде болатын.1850ж.елдің оңтүстігіндегі Гуандунь,Гуанси провинцияларында
шаруалар көтерілісі басталған еді.Оның көсемі Хунь Сюцюань болды.Ол
маньчжурларды қуып шығу,барлық шаруаларға жерді тең бөліп беру талаптарын
ұсынды.Ол Тайпинь тянго-ұлы игілікті аспан мемлекетін құруға
ұмтылды.Сондықтан көтерілісшілерді тайпиндер деп атады.1851ж.көтерілісшілер
Қытайдың оңтүстігін жаулап алып,жаңа мемлекеттіңқұрылғаны туралы
жариялады.Хунь Сюцюань император болып жарияланып,ал оның жақтастары князь
титулын алды.14жылға созылған Тайпиндер көтерілісі жеңіліспен аяқталды.1864
ж.күшпен басылды.Қытайда Цин билігі сақталып қалды.
Апиын соғыстары мен тайпиндер көтерілісінен кейін Цин империясында
басталған дағдарыс ұзаққа созылды.Цин империясы Батыс мемлекеттеріне
тәуелді жартылай отар елге айналды.Енді қытай халқы мен мемлекеті көне
дәстүрлерін сақтай отырып,жаңа еуропалық өзгерістер енгізу арқылы еуропалық
варварлардың әскердегі,флоттағы,білім беру салаларындағы жаңалықтарды
үйреніп,Қытай өзін-өзі күшейтусаясатын жүргізуі керек деп есептеді.Бұл
саясат XIXғ. Соңына дейін жүргізілді.Бірақ ол Қытайды дағдарыстан шығара
алған жоқ.
Батыс капиталистері Цин империясын түпкілікті әлсіретіп,Қытайды толық
өз ықпалдарына айналдыру саясатын жүргізді. Апиын соғыстарынан кейін
Англия 1875-1876ж. Пекинге тағы да соғыс қаупін төндіріп,Чифу конвенциясы
бойынша тағы да жаңа төрт портты ағылшын саудасына ашып берді.
1884-1885ж.Франция Қытайға соғыс ашты.Вьетнамды Қытайдан тартып
алып,өз билігін орнатты.1894-1895ж. Жапония соғыс ашып ,Қытайдан
тайвань,Пянху аралдарын тартып алды.Осыдан бастап бүкіл Қытай жері
еуропалық державалардың өзара ықпал ету аймақтарына айналды.Франция
оңтүстік Қытайда үстемдік етті.Ресей Маньчжурияда ,Германия Шаньдунь
түбегінде,Жапония Фуцзянда билік жүргізді.Ал АҚШ болса Қытайда ашық есік
саясатын жүргізуді көздеді.
1894-1895ж. Жапон-қытай соғысы өзін-өзі күшейту саясатының
күйрегенін,Қытайда аумақтық бөлшектену кезеңінің басталғанын көрсетті.Қытай
қоғамы әсіресе көзі ашық,білімді шеньши топтары бұл масқара жағдайдан
құтылудың жолын қарастыра бастады.Әсіресе қытай халқын елдің Жапонияның
алдында тізе бүгуі ызаландырды.
XIXғ. Соңғы ширегінде Қытайды сақтап қалу,масқара жағдайдан құтқару
жолын іздеген шэнши тобы Қытайда күрделі реформа жүргізуді ойлады.1898ж.
жас император Гуансюй және Кан Ювей мен Лян Цичао бастаған реформаторлар
реформаның жүз күні ішінде Қытай қоғамына үлкен өзгерістер әкелуге тиіс
жарлықтар шығарды.Бірақ билік тізгіні қолында тұрған Цин өкіметінің
императордан басқа топтары бұған қарсы шықты.Реакциялық топтар бұл
реформалық әрекеттерді жоюға кіріседі де,1898ж. 21-қыркүйегінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың шет елдермен қарым-қатынасы
Қытай тарихы туралы
Кяхтинск, Айгун келiсiм шарттары
ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
Сауда - экономикалық қатынастар
Цинь Шихуанди (б.д.д. 259-210 жылдар)
Абылай ханның тарих сахнасына шығуы
Б.з.д. iii ғасыр мен б.з. iii ғасырындағы Хань империясы және оның саясаты
Цинь Шихуанди - Қытай империя жүйесінің негізін қалаушы
“xvii-xix ғ.ғ. орыс-қытай қатынастары”
Пәндер