Ұлттық суретшілердің рухани әлемі



Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұғырнамасында Республикада тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың өзін дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған. Сонымен қатар, бұрынғы өткен өзіндік мәденидәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін тыныту үшін оған басқа мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен өз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп, Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп, мемлекет барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап, қорғайтыны, мәдениеттердің теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және дамыту құқығынқамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған.
Әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен ғылымның белгілі қайраткерлеріне музей ашу біздің республикамыздың мәдени-әлеуметтік өмірінде орныққан дәстүрге айналды. Атын атап, түсін түстеп, санамалап жатпай-ақ қояйық, музейлердің қарасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі онжылдықта біршама өсті. Мұның сыры неде? Әрине, экономикалық дағдарыстар, жұмыссыздық, мәдени ошақтардың басына бұлт үйірілуі – мүның бәрі де нарықтық экономиканы нақты даму жолы ретінде таңдаған елдердің әуелде тұмсық соққан тығырықты өткелдері екені анық. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы жылдарда қаншама қиындықпен ашылған ауылдағы қазақ мектептері қайта жабылып, кітапханалар, мәдениет үйлері мен клубтар жұмысын тоқтатып жатқан кездерде экономикалық дағдарыстар енді рухани дағдарыстарға ұшыратын болды ғой деп уайым шеккенбіз. Мәдениет ошақтарының басындағы мүшкіл хал музейлерді де айналып өткен. Театрлар мен музейлер көрермендері мен келушілердің қатары күрт сиреп, қалт-құлт күй кешті. Дегенмен, музейлер

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық суретшілердің рухани әлемі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы
жөніндегі тұғырнамасында Республикада тұратын барлық халықтар мәдениетінің
өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген мәдениет
қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың
өзін дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған. Сонымен қатар,
бұрынғы өткен өзіндік мәденидәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан
рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін тыныту үшін оған басқа
мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен өз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні
көрсетілген. Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп,
Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп,
мемлекет барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап, қорғайтыны,
мәдениеттердің теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін
орнықтыру, сақтау және дамыту құқығынқамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған.
Әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен ғылымның белгілі қайраткерлеріне
музей ашу біздің республикамыздың мәдени-әлеуметтік өмірінде орныққан
дәстүрге айналды. Атын атап, түсін түстеп, санамалап жатпай-ақ қояйық,
музейлердің қарасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі онжылдықта біршама
өсті. Мұның сыры неде? Әрине, экономикалық дағдарыстар, жұмыссыздық, мәдени
ошақтардың басына бұлт үйірілуі – мүның бәрі де нарықтық экономиканы нақты
даму жолы ретінде таңдаған елдердің әуелде тұмсық соққан тығырықты
өткелдері екені анық. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы жылдарда қаншама
қиындықпен ашылған ауылдағы қазақ мектептері қайта жабылып, кітапханалар,
мәдениет үйлері мен клубтар жұмысын тоқтатып жатқан кездерде экономикалық
дағдарыстар енді рухани дағдарыстарға ұшыратын болды ғой деп уайым
шеккенбіз. Мәдениет ошақтарының басындағы мүшкіл хал музейлерді де айналып
өткен. Театрлар мен музейлер көрермендері мен келушілердің қатары күрт
сиреп, қалт-құлт күй кешті. Дегенмен, музейлер мүлде жабылып қалмады. Қайта
ұлттық сананың, тарихи жадымыздың оянуы, тірілуі өткенімізге, ата-
бабаларымыздың азаттық пен тәуелсіздікке жету жолындағы арпалысты күресіне
қайта үңілуге, тарихымыздағы ақтаңдақтар мен иқаратаңдақтарды танып білуге,
жекелеген тарихи тұлғалардың, ұлттық рухани ұстаздардың өмір жолын,
шығармашылық мұраларын қайта зерделеуге жетеледі.
Музейлерден тоқтап тұрған сағаттарды талай көрдік. Қабырға сағаты
ма, қол сағаты ма – мейлі, бәрібір, әйтеуір бір жылы, бір күні тоқтаған.
Кейбір сол музей иесінің жүрегінің тоқтаған сәтін көрсетіп тұруы да мүмкін.
Тек сағат емес, сол музейдегі әрбір зат, әрбір экспонат осындай бір уақыт
бөлшегінде қозғалыссыз, қимылсыз тұрып қалғандай әсер қалдырады 5. Ал осы
қимыл-қозғалыссыз қалған заттарға тіл бітіру, тарих мінбесінен сөйлету,
шежіре шерткізу, бұл экспонаттарды бүлінуден, қолды болудан қорғау, сақтау,
келер ұрпақ тәрбиесіне қызмет еткізу – оңай шаруа емес. Музей қызметкерлері
әрбір экспонатқа жай бір көненің көзі, ескінің ескерткіш-белгісі деп қана
қарамай, оның өне-бойындағы құпияға қанығып, тылсымды түсініп, тереңнен сыр
тарта алса ғана мақсат орындалмақ.
Музейдің мәдени, ғылыми-ағарту мекемесі ретіндегі қызметі де әлгі
қас қағым сәтті қаншалықты сәтімен аялдатып, ұстап тұра алғандығына
байланысты. Кеше ғана ғасыр ауысты, мыңжылдықтар шекарасынан өттік, оны
айтасыз, заман өзгерді, қоғам өзгерді. Ой санамызда күрделі сілкіністер
өтті, ұлттық мәдениетіміздің құндылықтарына көзқарастар өзгерді. Жоғарыда
айтқанымыздай, ұлттық тәрбие құралының бірі болып саналатын біздің
мәдениетіміз.
Осыған орай, біздің мәдениетімізді, өркениетімізді бір сәтте биік
шыңға көтерген бейнелеу өнеріндегі көрме еді. Қазақстанның ХХ ғасырдағы
бейнелеу өнеріндегі портреттер көрмесі өткен жүзжылдықтағы біздің
замандастарымыздың келбетіне тура қарауға мүмкіндік бкрді. Олар, яғни
біздер, қандай болдық? Өз модельдерінің бейнелерін, сипаттарын бір ғасыр
бойы бақылаған кескіндемешілер, графикшілер мен мүсіншілер бізге қалай
қарады екен? Бәрінен бұрын олар біздің қандай қасиеттерімізді бағалады?
Олар шеберхана мен уақыт, мольберт пен орындық аралығындағы кеңістікке,
сыртқы әлеммен батыл, не имене ұн қатысып немесе өзімен-өзі сырласып
тұрған, суретшінің жеке не типтік бейнедегі моделіне үңіле қараған адамда
бәрінен бұрын ненімаңызды деп санады екен?
Георг Вильгельм Фридрих Гегель ...кескіндеме прогресі жетілмеген
тәжірибелерден бастай отырып, портретке жетумен аяқталады деп есептейді
6. Неге? Себебі, тегінде, өнер ерекше жәйттерге тоқталғанды сүйеді.
Адамдардың ерекше бейнесі мен әрқайсымыздың тағдырымыз не болуы мүмкін?
Мұнда тек саясаткерлер мен статистіктер ғана жалпы мен жалқыны, сан мен
салмақты көре алады. Суретшілер мен біздер өзімізді-өзіміз анықтаймыз.
Шығармалар Қазақстанда туып-өскендердің ғана емес, сонымен бірге тағдырдың
айдауымен қысқа не ұзақ уақытқа немесе біздің жерімізге біржола келген
суретшілер тарапынан да жасалынған. Экспозицияға қойылған жұмыстардың
арасында өзара дос суретшілердің портреттері мен автопортреттері де бар.
Бұл, әрине, түсінікті: әріптестермен тұрақты байланыс адам болмысының
маңызынадәл әрі терең бойлануына, мінезіне, көңіл-күйіне және болмыс-
бітіміне ептеп жақындай түсуіне, ақыр-аяғы өзіңе Өзге секілді қарауға
үйретеді.
Көрмеде 150-дей портрет болды. Оның біраз бөлігі өткен жүзжылдықта
жасалған. Көрмені ұйымдастырушылар экспозицияны мұражай қоймасыныңбір
бөлігі болмауы үшін және көрермен портреттік ақпарат ағынының астында қалып
қоймауы үшін өздерін өте қатты тежеуіне тура келген. Бұл альбомды құрастыру
барысыеда портреттерді тағы да шектеу қажеттігі туды. Олар ғасыр сырын
айқын да нанымды етіп көрсету үшін, уақыт пен өзіңді түсінуге үмітпен қарау
үшін ерекше айна жасау ниетімен жұмыс істеген.
Портрет деген не? Адамның адамға қызығушылығы. Тең дәрежедегі
әңгіме. Портрет дегеніміз – модельдің суретшіге сенуі, ал суретшінің
модельден жеке адамды, тұлғаны көруі. Осылайша ерекше жағдай тумақ: екі
тұлға шынайы қарым-қатынас жасайды. Бұл идеалда ғана. Алайда, ұқсастық
проблемасы да бар 7. Портрет – ерте пайда болған жанр. Бұл адам баласының
өзін көруге құмартқандығынан шығар. Әр түрлі ұғымдар да болды. Египттіктер
адам жаны бейнеленген портретке ауысады деп ұққан. Суретші шеберлігінің
нәтижесінде кейде салынған портреттен сол адамның өмірден көрген азабын,
қайғы қасіреті мен бүкіл жүріп өткен өмірін көруге болады.
Портреттің ерекше басты сипаты оның түпнұсқамен ұқсастығы.
Адамның сырт бейнесімен қатар, оның ішкі жан дүниесін де сезе
білуіміз керек. Адамның сартқы болмыс-бейнесіне қоса, ішкі жан сарайын,
мінез-құлқын аша білгенде ғана көрермен шығарманың алдында ұзақ тұрып,
сүйсіне қызықтайды. Әсерлі сезімге бөленіп, қиялға беріледі.
Портреттер өзінің сипаты жағынан әр түрлі болады. Сәндік портреттер
– адамның сұлулығын, әдемілігін, дәріптеу, оны әсемдік пен сәндікке
көрсету. Адамдарды күнделікті өмірде көрсету. Ол интимдік, психологиялық
портреттер деп аталады.
Ұқсастықты суретші неден іздеуі қажет? Тек табиғат берген дене
пішініне ғана ма? Немесе бізді қоғамнан, мәдениет пен уақыттан бөліп
тұратын адам баласының мәнінен бе? Адам қашан шынайы, өзіне-өзі тең
болады? Ең жақсы портреттер ұшқыр көңіл-күймен, ондағы кескіннің игілігімен
және ақылдың ұлылығымен ғана емес, натураның, табиғаттың көп қырлылығымен
және тағдырдың құбылмалығымен тамсандырады. Суретші астан-кестең әсерден
көркемсурет ғарышын, өмір ырғағын бейнелеуге тырысады. Бірақ, суретші
салған образ іштей өзіңді түсінетін бейнемен сәйкес келе ме? Осы
сәйкессіздіктен сомдалған сурет қуандырып немесе ренжіте ме? Әрқашан Адам
бейнесі – ол әрдайым әлем метафорасы және менің бір нәрсеге ықтимал
ұмтылысым деп есептеу қажет 8.
Суретшінің негізгі және басты міндеті – бояуды, қалам ізін, мәрмәр
мен қоланы жанды бейнеге айналдыра білу. Кез-келген картина, оның ішінде
портрет те бар, суретшінің жанында көптеген әсерлердің қосылуындағы
образдардан туындайды, бояуға да, не мәрмәрға да еш ұқсамайды. Әрбір
суретші ішкі сырын сыртқы ортақ тілге аударумен айналысады. Интуицияны
қосқанда барлық бес сезімге әсер ететін мөлдір де, езгелек образды түс
немесе қола тілімен қабылдап, түсіну қажет. Әр дәуірде бейнелеу өнерінің әр
түрлі жүйесі жасалынды. Әлемдік бейнелеу өнері процесіне кіретін біздің
суретшілер оларды ХХ ғасырда ғана дайын күйінде пайдаланды. Алайда,
өзіңдікі туралы айтуға тура келгенімен бұл олардың қызметтерін
төмендетпейді. Әрбір тіл оны жақсы сөйлеу үшін қызмет етеді. Ол үшін дарын
мен мектеп қажет. Халық айтқандай: Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі
алтын.
Экспозицияны Николай Хлудов 1901 жылы салған Жас қазақ әйелінің
портреті ашты. Хлудовтың Қазақстанға ХІХ ғасырдың 70 жылдарының соңында
келген, этнографикалық экспедицияға қатысқаны, осы жердің табиғатын,
жанрлық сахналар мен жергілікті адамдар бейнеленген суреттер мен
полотнолардың үлкен бөлігін қалдырғаны белгілі. 1921 жылдан бастап
Алматыдағы бірінші көркемсурет студиясын басқарды. Оның барлық жұмысын
модельге деген ізгі қарым-қатынасымен ерекшеленбек. Бұл портретте жас та,
тартымды әйел мұңая қарап отыр. Суретші оның жүзінеғанғ зер салып қоймай,
айналадағы бүкіл әлемді де зор ықыласпен суреттейді, оның өмірімен сабақтас
бұйымдарға көңіл аударады. Бұдан суретшінің шүбәсіз көркем де эстетикалық
талғамға ие екендігін көресің. Классика мәдениеті мен суретшінің
шеберлігінен жасалған түрлі-түсті гамма модельдің жастығы мен әсемдігін жан-
тәнімен суреттейді. Хлудов әсерлі сәтті бергісі келгендігін байқау қиын
емес. Сол иығынан желбіреп ұшқындай түңліктің шеті, алды мен жеңдері көп
бүрмелі көйлегі бұл – қозғалыстың белгілі: модель бұрылып, суретшіге имене
қарағандай.
Кескіндеме – бейнелеу өнерінің ең толысқан түрі. Онда көптеген
құралдар қолданылады. Әр суретшінің өзіндік бейімі таңдаған жолы бар.
Біреулері натюрморт жазуға, екіншісі портрет, үшіншісі пейзаж жазуға,
төртіншісі әр түрлі тарихи тақырыпты, тұрмыстық көріністерді, т.б. жазуға
құмар. Суретші өзі қалаған, сүйген тақырыптарды қалап алады. Бейнелеу
өнерінде бұлай бөліну жанр деп аталады. Жанрлар: натюрморт, пейзаж,
портрет, жанрлық кертиналар болып бөлінеді 9.
Натюрморт ХVІІ ғасырда Голландияда пайда болды. Натюрморт,
суретшінің көзқарасын ашып береді. Суретші әр түрлі тақырыпта жұмыс істеуі
мүмкін. Натюрмортта сан түрлі тағамдар: нан, жеміс, т.б. бейнеленуі мүмкін.
Болмаса тұрмыстық жағдайда пайдаланылатын заттар қойылып, салынады.
Кейде бір затты салу арқылы, белгілі бір ойды, мағынаны ашуға
болады. Суретшінің қиялынан туған, табиғаттың әр түрлі образдары берілуі
мүмкін.
Пейзаж – табиғатқа қарап отырып, айнытпай сурет салу емес, оның
мағынасын ашу, шебердің ойын, сезімдерін, көңіл күйін беру. Табиғат еш
уақытта өзгерген емес. Мыңдаған жылдар бойы сол бейнесінде қалып отырады.
Тек суретші оны уақытына қарай бейнелеуі мүмкін. Әр ғасырда әр суретші оны
өзінше түсініп, өмір сүрген уақытына қарай, сол уақыттың қоғамдық
құрылысына байланысты бейнелеген 10.
Көрмеде жасалу жолдары жақын және Хлудов портреттерінен барлық
параметрлерімен ерекше айырмашылығы бар Михаил Гайдукевичтің (1928)
Дунганин деген графикалық туындысы болды. Жұмыс аралас техникамен әртүрлі
фактураларға әуестікпен орындалғандықтан бір ғана мағыналы образды беруге
тиіс емес. Кинодағыдай ірі план, сопақша жүз, шығыңқы жақ сүйектері, үлкен
ауыздағы қалың еріндері, қиғаш көздері мен қою қара көлеңкесін айқын
бейнелеген неандерталецтің( қабырғадағы суреті пұттың маскасын бейнелеп
қойғандай. Бірақ, адамның жалт қараған көзқарасы мен нәзік сұлбасы, стол
төрінде шәй ішетін шынысымен отырған ұстамды тұлғасы шығыс адамын
көрсетеді. Дегенмен, мұндай кескін орыс суретшілерінің ориенталистік
қиялында сомдалған.
Гайдукевич Мәскеуде Вхутеиннің студенті болды. Өнердің ашық та,
қарқынды дамыған тіршілігі бар қалада ол жастық дәуірінде көркемсурет тілін
жақсы меңгерді. Гайдукевичтің әлем мен өнердегі міндетке деген көзқарасы
Қазақстанға ертеректе келген, ХХ ғасырдың алғашқы он жылында Ресейдің өнер
жайлы ілімінен шет қалған Хлудовқа қарағанда сөзсіз мүлде басқа еді. 1928
жылы Гайдукевич Алматыдағы университетке суреттен, сызудан және эстетикадан
сабақ беруге шақыру алады. Мәскеуге қайта кеткенше, 1931 жылдың соңына
дейін, ол жергілікті халықтың өмірі мен табиғатына арналған жұмыстардың
сериясы жасап қалдырды 11.
Қазақтың алғашқы суретшісі Әбілхан Қастеев Алматыдағы 1929 жылдың
ақпанында келеді де Н.Г.Хлудовтың студиясына түседі 12. Тарих шарты райды
білмейтін ақиқат. Дегенмен, Қастеев Гайдукевичте оқи алуымүмкін бе? Бұл
сұраққа жауап бермес бұрын сауал қою керек: Хлудов Қазақстанға ертелеу
келгенімен одан бұрын Шоқан Уәлиханов (1835-1865) сурет салумен де
айналысқан еді ғой, неге кәсіби суретшілер тек ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдар
межесінде пайда болды. Ресей империясының құрамында болған қазақтардың өмір
сүру салты негізінен сақталды және сөз, музыка, қолданбалы өнерге
қажеттілік болды. Кеңестік дәуірдің орнауымен бәрі өзгеріп сала берді:
көшпелі тірлікті жаңа өкімет ескіліктің сарқыншағы деп күштеп басып
тоқтатты. Бірден отырықшылық салты енгізілді. Қайғылы, күреңсіз сәттер
басталды. Халық бытырай қоныс теуіп жатты. Кімде-кім аман қалса, тек өзіне
ғана сенуіне, үміт артуына тура келді. Дәстүрдің тұнығы лайланды,
бұрынғыдай салт-дәстүр халықтың жұбанышы бола алмады. Дәстүрдің жақын даусы
– ою-өрнектер, өкінішке орай, жаңаша серпін ала алмады. Өз экзистенциясында
күрделі жағдайды басынан өткізді. Сондықтан да болар, кескіндеме өнері
қажет болды. Оның мүмкіндігімен махаббатты да, қуаныш пен қайғыны да –
туысқандарың мен достарының бет-әлпетін, балалық шақтан таныс көріністер
мен заттарды жүрегіңде сақтауға болады. Тағы бір сұрақ: бізге Казимир
Малевич келсе не болар еді? Мүмкін, станокты өнерге араласу біраз уақытқа
жылжуы ықтимал еді. Дана Малевичтің супрематикалық компазициялары ою-
өрнектегі абстракция тілін түсінетін жергілікті таланттарға тек түсініксіз
әуесқойлық ғана болып көрінер еді. Кескіндемені таңдаған қазақтар үшін,
онда менің ойымша, геометриялық фигуралар ою-өрнектің бір бөлігі
болғанымен, қара шаршы қызықтырмаған болар еді. Кейбір геометриялық
символдарды үзіп-жұлып алғандай, оларға өзінше мазмұн берудің қаншалықты
маңызы бар. Көне тұрғындарды фигуралық кескіндемелермен қызықтыру деген аса
жаңалық емес деп те айтуға болады. Және мифологиялық, діни немесе тарихи
емес, керісінше тұрмыстық: ауыл өмірінің келбеті, пейзаждар мен сүікті
адамдар туралы дүниелер. Ал Гайдукевич қалай еді? Оның әлемді батыл
суреттеген субъективті картиналары уақытқа сәйкес келмейтін. Бірінші планға
объективті шындық шығарылатын және ол кез-келген уақытта жоғалып кете
алатын. Сөзсіз басымдықтар Хлудовтың жағында еді. Оған сыртқы әлемге
абайлап қарау сипаты жақын болды.
1930 жылы Қастеев салған шағын көлемді Құсықбаев портреті акварелі
өзінің терең образдылығымен таң қалдырады. Суретші сараң да, нақты
құралдармен модельдің сипаты мен тағдырын анықтайды 13. Ересек тартқан ер
адамның кеудесіне дейін салынған қырын қараған бейнесі сурет бетін толтырып
тұр. Профиль – толыққанды тұлғаның және суретшінің сезімі мен санасына әсер
ететін магияның белгісі. Басын сәл иіп, иығын аз ғана бүкшите отырған,
қабағы салбыраңқы және көтеріңкі қасы еркін адамның өмір қиындықтарын көп
көрген, ауыр ойға шомғандығын көрсетеді. Кескіндемешінің шеберлігі мен
нәзік сезімталдығы сол – бірнеше түстегі дақтарды түсіндірудің шексіз
алаңына айналдырады. Ашық және күрең түсті нәзік белгілер бас сүйегінің
конструкциясы мен жүзінде өмірдің айшықты ізі қалған бейнесі өте ұтымды
кескінделген. Ашық түстегі үлкен басы қара киімі мен көгілдір фонда айшық
тапқан. Сондықтан да, оның терісінің түсі бозғылт және ашықтау сияқты
көрінеді. Бет–жүзі мен киімі бірігіп біріңғай мәдени кеңістікті құраған. Ақ
көйлегіндегі білінер-білінбес жолағы мен камзолындағы ашық әдіптер әсерлі
көрінеді. Қалпағындағы қара жолақ пен қара шапан қырын қараған жүзін
кеңейте түскендей. Жүзі жарық әлемді қарсы алғандай болғанымен, көңілдір
түстің жақындай түсуі бұл қозғалысты тоқтата түседі. Тығыз кеңістіктегі
адам энергиясы өмір үшін дайындалған секілді. Биография мен тағдыр өткен
өмір іздері.
Автопортрет те (1931) тартымды: иығын ала бейнеленген мұңды да
аурушаң жүзді ер адам. Суретші жалпақтау ат жақты кескінге назар аудара
қарайды: өтініп тұрғандай екі қастың астындағы жарқыраған көздер, үлкен де
жапырайған мұрын, тарс жабылған еріндер, мұрын мен ауыз арасындағы суағар,
қос танаудың жанындағы қыртыстар, маңдайдағы әжімдер. Міне, табиғат
тартуына суретшінің жүргізетін бухгалтериясы осы. Енді мұның артында не
тұрғанын және қалай атау керектігін түсінуге тырысады.Басында құлақшын,
иығында бірінің үстіне бірінжапқан пальто. Мойны-жағы ақ-қара жолақтағы
жібек шарфпен оралған. Киіммен көмкерілген адам образында бұл әсем шарф
ұқыптылықпен әдемі оралған, кербездіктен айрылмаған көркем натура қасиетіне
ие. Бір жағына қисайта, сол жағына қарағанда оң самайы ашықтау киілген
қаракөл тарлау құлақшыны оғаштау көрінеді. Суретші де ақ көңіл, икемсіз түр
көрсетіп тұрған модельдегі қиғаштықты әрең байқағандай. Тым қарапаым қалпақ
пен сәнді шарф арасындағы бет-жүз шындығында сезімталдылыққа берілмей, дәл,
нақты, тіпті аямай суреттелген. Онда сол жақ иығында жыирма жеті деп
жазылған. Егер суретші жылды және салынған күнін көрсетпесе бұл күн несімен
ерекшеленбек? Оны 1931 жылдың 6сәуірінде осылай жылы киінуіне не
итермеледі? Ауру ма, күннің күтпеген жерден суытуы ма, әлдегі өмірдегі
қиыншылықтар ма? Өзін-өзі зерттеуден жалықпайтын оның көзқарасы неліктен
мұңды? Және не себепті бір деген санның орнына басқа сан шығады? Сурет
сопақша рамкаға салынған. Ол адамның жүзіне көп мән береді және сырттан
басып алудан сақтайтын өмірдің жергілікті кеңістігін жасайды. Картинаның
бос орындары қоршаған әлемнен модельді қайта бөліп тұратын бейтарап жерге
айналады. Шарфы мен бас киімі интуицияны, мүмкін саналы образ екендігін
білдірсе, ал рамка суретшінің композициялық аңғарттығын білдіреді. Мұнымен
қоса рамка Құсықбаевтың портретінде де қолданылған. Бұл әшекейленген
бұрыштары бар тікбұрыш бейнеленген әдемі сурет сызғыштың көмегімен
жасалғаны байқалады. Автопортретте овал қолмен салынған. Мүмкін ол
магиялық шебер шығар. Салынған суреттің әлеуметтік мәртебесіне және
сипатына сәйкес бейнедегі бұл рамкалардың болуы стол үстіндегі фотосуреттің
әсерін, екінші жағынан сырмақтар мен текеметтердегі ою-өрнектер дәстүрлі
рамкалар мен жиектерді білдіреді. Сонымен қатар Құсықбаевтың үстіндегі
ұлттық киім екендігін ажырату қиын емес. Тек шарфты ғана басқа әлемдік
штрих сияқты.
1920-1944 жылдар аралығында Алматыда Валерий Каптерев жұмыс істейді.
Ол А.Шевченконың Мәскеудегі Вхутемасында оқитын жерінен осында келеді. Оның
Құсы бар қыз деген ерекше жазылған еңбегі бар. Суретші майлардың және
қылқаламның көмегімен графикалық бейнені тудырады. Алдымен кенептің бетін
қағаздай ақтайды. Содан соң қысқа қара сызықтармен қолында құс бар қыздың
кескінін келтіреді. Мұнда кез-келген түстегі дақтар ерекше байқалады:
көйлегіндегі сары нәзік бояулар, алқызыл еріндер мен құстың тұмсығы, қара
шашы мен құс қауырсыны. Бұл қыз да шынайы өмірден алынған сияқты. Бұл
образды поэзия рухы байқалады. Суреттегі қыз бейнесі байқаған, таныған және
оған атау берген осы әлемнің және суретшінің еркімен жасалынған.
Каптеревтің Шал (1937) деген де портреті бар. Мұнда суретті мүлде басқа
құралдармен сөйлетеді. Біз тек бейнелеу тәсілі қалай өзгергендігін ғана
шеше аламыз: ауладағы уақыт немесе модельдің биографиясы 14.
Бейсенбай Сәрсенбаевтің Абай (1934) еңбегі өзінің шынайлығымен
қызықты. Ұлы ақынның бейнесін жасауға деген шын көңілі портретте көрініс
берген, нанымды суреттелген. Бұл ақын әрі ойшылдың ең алғашқы типтік
портреттерінің бірі болуы мүмкін.
Мәскеу сезаннизмі 15 стилінде жазылған Сергей Богдановтың
Ұлттық киімдегі қазақ әйелінің портреті (1935) картинасы да тартымды. Бұл
бағыттағы суретшілер өнердің міндеті табиғатқа еліктемеу керек, керісінше
бояулар шынайы өмірден гөрі өзгеше сөйлеуі, ерекше кескіндеме әлемін
жасауы, предметтер арасындағы түрлер мен қатынастарға көңіл бөлуі тиіс деп
есептейді. Бұл жұмысында Богданов ақ және қызыл түсті контраспен береді.
Жалпы жүзді әйелдің үлкен көздері мен жұқа мұрны, аппақ кимешекпен
қоршалған және әсем орлған түңлігі әдемі берілген. Мұнда ақ түс көгілдір
және көк көлеңкелермен күшейтілген. Әйелдің арт жағында алаша ілулі тұр.
Алаша қара көлеңкелі қыртыстары бар қызыл перде сияқты жарқырай көрінеді.
Әйелдер үшін суретшінің алдында отырып өзінің бейнесін салғызуға әдетке
айналмаған. Басқа да қайшылықтары бар: жүзінің табиғи нәзік кескіні,
айтылмаған уайм-қайғы, сонымен қатар – қарапайымдылық, қатайып кеткен
қолдар, бекзаттық, ұстамдылық сезімдерімен қатар қарапайым түрде бір қолына
салып отырған түрі. Көріксіз қолдар бұл әйелдің күнделікті тіршілігінің
ауыр екенін көрсетеді.
Богдановтың, сол сияқты Гайдукевич, Каптерев және Лидия
Литвиненконың да (Рудник жұмысшысының портреті, 1937) жұмысы – бұл
Ресейдегі, Мәскеу мен Ленинградтағы көркемсурет формасы саласындағы
шығармашылық ізденістер жаңғырығы еді. Олар Вхутемас жанындағы рабфакта екі
жыл оқығанда Қожа-Ахмет Ходжиков шығармашылығында да көрінеді. Оның
акварельмен жазылған Ер адамның портреті (1937) Қастеевке қарағанда
адамның өзгеше сипатын және мазмұндаудың өзге стилін береді.
Құсықбаевтағы секілді мұнда профиль пайдаланылған, бірақ адамның сипаты
мен оның әлеммен байланысында айтарлықтай өзгешелік бар. Бейнелегіш
тәсілдер анық көрінеді. Бояуды ашық түрде ойната білген Ходжиков өзінің
зерттеп жүрген формасындағы әдіс туралы хабарлауды білдірген бояудың
әртүрлі мағынада қолдануы, заттың түсі, маңызы мен қылқалам қозғалысының
ізі өмір процесінің қуатын және суретші сезімінің динамикасын береді.
Қастеев портретіндегі адам бар болса, Ходжиковта уақыттың әр сәті өтуде
болған. Оған өмір жағдайының күштеп енбеуі үшін өз маңызын жоғалтпауға
тұрақты күш-жігер қажет. Ходжиков сөзсіз бейнелеудің субъективті еркіндігі
жағына алғашқы қадам жасайды. Алайда оның адамы өздігінше тұйықталған жүйе
сияқты.
Соғысқа дейінгі жұмыстардан екі бастауды көруге болады: біріншіден,
портреттерде адам туралы айтқанда оған экзотикалық, этнографиялық заттар
(кілемдер, кимешектер, түңліктер) қатысады, екіншіден, тек модельдің өзі
бейнеленеді. Дегенмен, қарапайым тұрмыс белгілері (бас киім, шарф) бәрібір
модельді белгілі уақытқа және кеңістікке орналастырады. Хлудов пен Богданов
адам бейнесін ашық белгіленген мәдени ортаның ішінен іздейді. Қастеев пен
Ходжиков адамның әлдебір дауысын естиді.
Қырқыншы жылдардың басында соғыс жүріп жатқан жерлерден Қазақстанға
біршама суретшілер келді. Олар жергілікті өнерді кескіндеме мен графика
құралдарынан алған өзгеше мазмұнмен байытты. Осы орайда Татьяне Глебованың
Қымыз сатушы (1942-1945) суретін ерекше атауға болады. Ондағы сызықтар
предметтік формаларды білдіреді, сонымен қатар субъективті бағаның ойын
кеңістігін құрады. Суретші әйел үшін қыз қылығы ерекше. Оның мүсін мен
шығыс аруының бет-жүзінің әсемдігі орта ғасырдағы Иранның
кітаптарындағыдай, мысалы, тізесіне дейінгі жалаңаш аяғы мен түбінде
шайқалған қымызы бар ауыр ыдысы шынайы бейнеленген. Өз Мәжнүнің күтіп
отырған жалаңаяқ Ләйлі өтіп бара жатқандарға шипалы сусынды ұсынуда. Мұнда,
әрине, нақты адам қатыспаған, бірақ, шығыстың құпия әйелін суреттеу үшін
көрші елдердің бейнелеу өнеріндегі стилистика қажет болған.
Павел Зальцманның Сақшы (1932-1971) аквареліндегі формальді шешімі
де жергілікті өнер үшін мүлде жаңа құбылыс. Зальцман Алматыдағы 1943 жылы
ЦОКС-та (елдің орталық бірлескен киностудиясында) жұмыс істеу үшін
Ленинградтан келген. Ол талдаушылық өнер шеберінің (МАИ) тобының негізін
қалаушы Павел Филоновтың мектебінен өткен. Оның басты талаптарының бірі
жасалынғанды, кез-келген жылдам салуды еңсеру. Жасап бітіруге дәлме-дәл
техниканың арқасында қол жеткізді. Бұл принципке ірі заттық түрдің жолын
ұстаушылық логикалық жағынан байланысты. Шағын көлемде оны мазмұнды
құрылымын құруға емес, тек оны бейнелеуге болады 16. Сақшы мүсінінің
арқасында тығыз кеңістік біргесалынған. Бұл адамның тағдырын әлемнен сыртқа
бөліп қарауға болмайды. Аса мән беріп қарағанда адамның жүзінің киімі мен
фонының кескінделу әдісінің біртектілігі алғашқы көзқарасқа қарамастан,
әрбір құрам жеткілікті дәрежеде нақты кескінделген. Фонының кристалдың
тізілуі түсті бояулардың ірі түрлерінен алынған. Майда нүктелерден
жасалған тұтасқан гимнастерка төменгі қабаттағы штрихтарды ұқыпсыз
пайдаланғандай. Бұл – гимнастеркада қаттылық пен жұмсақтықтың үйлесім тауып
тұрғанын білдіреді. Өте майда бірліктердің қимылынан салынған бет-әлпет
анық кескінделген бет сүйектерімен нәзік сезімтал терімен бір уақытта
берілген ерекше субстанцияда жапсырылған болып көрінеді. Беттің мұндай
құрылымыбейненің тұтастығын сақтауға сезімнің өзгеруін бақылауға мүмкіндік
береді. Берілген сюжетке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суретшілердің жанр саласындағы туындыларының көркемдік бейнелеу тілі мен мазмұндық ерекшеліктері
Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры туралы
Қазақстанда көркемөнердің дамуы
Ұлттық суретшілердің рухани үйлесімділігі
Қазақстанның ххғ-дағы бейнелеу өнеріндегі портреттер көрмесі
Тау бөктерінде
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Бейнелеу өнері және сызу
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер