Халықаралық валютаның жүйесінің және бағамының іс-әрекет механизмдерін зерттеп талқылау



I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

II.Негізгі бөлім:

1.Халықаралық валюта жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2.Халықаралық валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3Халықаралық валюта қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2.Валюта бағамының (курсының) мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1.Валюта бағамы, оның экономикаға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2.Валюта бағамының қалыптасуына әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... ..21

3.Қазақстан Республикасының валюталық жүйесінің түсінігі мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.1.Қазақстанда валюталық операцияларды жүргізетін ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.2.Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
IV.Пайдаланған әбебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы егеменді ел атанып, өз алдына жеке мемлекет болғалы бері дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатты. Бұл өз кезегінде экономикамызға, валюта бағамдарына әсер етті. Қазіргі кезде Қазақстанда халықаралық валюталардың барлығы қолданылады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму банкіне (ХҚДБ), Еуропалық қаржылық-кредиттік ұйымдарға мүше болып кіруі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық деңгейде орнықтыруға көмектесті.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әр бір ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып мұқтаж салаларға капитал келтірудің тиімді жол екендігі даусыз.
Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары, капиталдар қозғалысының халықаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл процестен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік экономикамен халықаралық қатынастармен ерекше белгісі ретінде қарастырылады.
Қазақстанға шетелдік капитал ағынының көптеп келуі үшін, оған қолайлы инвестициялық ахуал жасау қажет. Бұл мақсатқа жету барысында бір қатар заңдарда, нормативік-құқықтық келісімдерді (актілерді) айқандап, шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвестициялық жобалар жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен мүмкіндігінше тіл табысуға алғышарттар жасайтын жеңілдіктермен артықшылардың икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру қажет.
1. Международные валютно-кредитные и финансвые отношения/ Под ред. Л.Н.Красавиной. М:Финансы и статистика 2000.

2. Основа международных валютно-финансовых и кредитных отношений/ Под. Ред. В.В. Круглова М..,

3. http://www.krugosvet.ru/articles/63/1006379/1006379a1.htm

4. Байгісиев Майдан-Әли «Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық»: Оқу құралы-Алматы: 2004

5. Б.А. Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» 2000

6. Киреев А. П. Международная экономика. В 2-х ч. – ч II. Международная макроэкономика: открытая экономика и макроэкономикое программирование. Учебное пособие для вузов. – М.: Международные отношения, 1999. – 488с.

7. www.konpax.net

8. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған Р. Е. Елемесов. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 389 б.

9. http: // www.sakhorov.ru

10. http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=151&pub=3932

11. http: // www.top.rbc ru/index./2007/

12. http://usinfo.state.gov/russian

10. Темиргалиев Б. Б. Основы внешнеэкономической деятельности Республики Казахстан (Издание 2-е, переработанное и дополненное) – Алматы, 2003 г. – 504 с.

11. http://www.rucbr.ru/bank1

12. http://rusref.nm.ru/indexpubpakhomov.htm

13. http://www.almaty.marketcenter.ru/News/News.asp?NewsID=3972&View;

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

II.Негізгі бөлім:

1.Халықаралық валюта
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
1.1.Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..7
1.2.Халықаралық валюта жүйесін ұйымдастыру
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3Халықаралық валюта
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..14

2.Валюта бағамының (курсының)
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1.Валюта бағамы, оның экономикаға
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...19
2.2.Валюта бағамының қалыптасуына әсер етуші
факторлар ... ... ... ... ... ... .. 21

3.Қазақстан Республикасының валюталық жүйесінің түсінігі мен
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.1.Қазақстанда валюталық операцияларды жүргізетін
ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.2.Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың негізгі
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...31
IV.Пайдаланған әбебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

Кіріспе

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет.
Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік
алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан
Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл
қазына, халық байлығы. Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте
замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда
жасаған. Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы
12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден
бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды. Ұлттық теңгеміздің
шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ
халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-
өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Теңгенің 16-
ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы
авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды. Теңге – біздің дербес ел
болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды
біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік
деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта
тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы егеменді ел атанып, өз алдына жеке мемлекет
болғалы бері дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас
орнатты. Бұл өз кезегінде экономикамызға, валюта бағамдарына әсер етті.
Қазіргі кезде Қазақстанда халықаралық валюталардың барлығы қолданылады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ), Халықаралық
Қайта Құру және Даму банкіне (ХҚДБ), Еуропалық қаржылық-кредиттік ұйымдарға
мүше болып кіруі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық деңгейде
орнықтыруға көмектесті.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін объективті
қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әр бір ел экономикасын халықаралық
еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып мұқтаж салаларға капитал
келтірудің тиімді жол екендігі даусыз.
Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары, капиталдар
қозғалысының халықаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл
процестен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік
экономикамен халықаралық қатынастармен ерекше белгісі ретінде
қарастырылады.
Қазақстанға шетелдік капитал ағынының көптеп келуі үшін, оған қолайлы
инвестициялық ахуал жасау қажет. Бұл мақсатқа жету барысында бір қатар
заңдарда, нормативік-құқықтық келісімдерді (актілерді) айқандап, шетелдік
инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвестициялық
жобалар жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен мүмкіндігінше тіл
табысуға алғышарттар жасайтын жеңілдіктермен артықшылардың икемді жүйесін
қалыптастырып, орнықтыру қажет.
Халықаралық валюта қатынастары рыноктық шаруашылық сферасының құрамдас
және күрделі бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның ұйымдық-құқықтық
аспектілерін, жаңадан пайда болған құбылыстарын, қолданатын әдіс-амалдарын
оқып, үйрену бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Біз халықаралық валюта
қатынастарының мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, сондай-ақ жүзеге
асыру механизімімен ерекшеліктерін, дамуының негізгі үрдістері мен
өзгешеліктерін қарастырдым.
Курстық жұмыста халықаралық валютаның іс-әрекетін қарастыру
мүмкіншілігінің жоқ болу салдарынан Қазақстанмен ынтымақтастық қарым-
қатынастағы Халықаралық валюталық қызмет аясы мен жалпы мақсаттары жайында
әңгіме қозғалған.
Курстық жұмыстың мақсаты Халықаралық валютаның жүйесінің және
бағамының іс-әрекет механизмдерін зерттеп талқылау.
Жоғарыда аталып өткен мақсаттар мен міндеттерге жауап беру үшін
жұмыстың бірінші тарауында Халықаралық валюта жүйесінің мақсаттары,
міндеттері, механизмі, құрылымы, қызмет ету бағыттары туралы баяндалады.
Одан әрі тарауда валюта бағамының мәні, оның экономикаға әсері механизімі
талқыланып көрестілген. Курстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының
валюталық жүйусінің түсінігі, белгілері, принциптері туралы әңгіме
қозғалған.

1.Халықаралық валюта жүйесі
Тарихқа көз жүгіртсек, ең алдымен халықаралық нормаларға сәйкес ұлттық
заңнамамен бекітілген ұлттық валюта жүйелері пайда болған. Ұлттық валюта
жүйесі елдің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, дегенмен ол
салыстырмалы дербес және ұлттық шеңберден шыға береді. Оның ерекшеліктері
экономиканың дамуы және елдің сыртқы экономикалық байланыстары деңгейімен
анықталады. Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесімен тығыз
байланысты болып келеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі-мемлекетаралық
келісімдерімен бекітілген халықаралық валюта қатынастарды ұйымдастыру
формасы (нысаны). Дүниежүзілік валюта жүйесі XIX ғасырдың орта тұсында
қалыптасты. Дүниежүзілік валюта жүйесінің қызметтерінің сипаты мен
тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылық құрылымы принциптеріне сәйкестігі
деңгейімен, жетекші (дамыған) елдердің арасалмағы және мүдделерімен
өлшенеді.
Аталған шарттар өзгерген жағдайларда дүниежүзілік валюта жүйесі
кезеңдік дағдарыстарға ұшырайды да, оның салдары ескі жүйенің күйреуі және
жаңа валюта жүйесінің жасалуына әкеледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ғаламдық шаруашылықтағы мақсаттары және
қызметі мен реттелуі механизмдерінің ерекшеліктері бола тұра оның өзі
ұлттық валюта жүйелерімен тығыз байланыста болады. Бұл байланыс сыртқы
экономикалық әркеттерге қызмет көрсететін елдердің валюталық саясатын
мемлекетаралық реттеу мен үйлестіру аясында көрініс табады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюта жүйелерінің өзара байланысы олардың
ұқсастығын көрсетпейді, себебі олардың мақсаттары мен міндеттері, қызметі
мен реттелуі, жекелеген елдердің экономикасына және дүниежүзілік
шаруашылыққа әсері әртүрлі.
Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
-Ұлттық валюта;
-Ұлтық валютаның айырбасталу, аударылу (конвертациялау) мүмкіндіктері;
-Ұлттық валютаның паритеті (құны);
-Ұлттық валюта курсының (бағамының) режимі;
-Валюталық шектеулердің бар немесе жоғы, валюталық бақылау;
-Ел валютасының халықаралық өтімділігін ұлттық реттеу;
-Халықаралық кредиттік құралдар айнылымын пайдалану ережелері;
-Елдің халықаралық есептеулер ережелері;
-Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногының режимі (тәртібі);
-Елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші ұлттық органдар.
Ал, дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері болып төменде
көрсетілгендер саналады:
-Резервтік валюталар, халықаралық есептесуге арналған валюталық
бірліктер;
-Валюталардың өзара айырбасталу шарттары;
-Валюталық паритеттердің үйлестірілген тәртібі;
-Валютаны бағамдау тәртібінің ережелері;
-Валюталық шектеулерді мемлекетаралық реттеу;
-Халықаралық валюта өтімділігін мемлекетаралық реттеу;
-Валютаны бағамдау тәртібінің ережелері;
-Валюталық шектеулерді мемлекетаралық реттеу;
-Халықаралық валюта өтімділігін мемлекетаралық реттеу;
-Халықаралық кредитік құралдар айналымын пайдалану ережелерін
үйлестіру;
-Халықаралық есептеулердің негізгі факторларын үйлестіру;
-Дүниежүзілік валюта рыноктары мен алтын рыноктарының режимы;
-Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар;
Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген
ұлтық валюта-ақша бірлігі құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда
пайдаланатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық есептесулерде,
әдетте шетелдік валюта басқа елдердің ақша бірлігі пайдаланылады. Шетелдік
валютадағы кез келген төлем құралы-девиз түсінігінің анықтаушысы болып
табылады.
Шетелдік валюта валюталық рыноктардағы сатып алу-сату обьектісі болып
табылады, халықаралық есептеулерде пайдаланылады, банктік есепшоттарда
сақталады, бірақ осы мемлекет аумағында заңды төлем құралы бола алмайды.
Кез келген үйде күшті инфляция мен дағдарыстық жағдай орын алғанда ұлттық
валютаны одан гөрі тұрақты шетелдік валюта ығыстырады. Қазіргі кезде мұндай
валютаға доллар жатады. Еуроодақ елдерінің ортақ валютасы еуро да соңғы
уақыттарда доллармен тайталаса алу мүмкіндіктерін көрсетіп бағуда. Валюта
категориясы ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтың өзара әрекеті мен
байланысын қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік ақша деп халықаралық экономикалық, саяси, мәдени
қатынастарға қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың
қызметтерінің формалары ұлттық ақшалар түрін өткен-алтын ақшалардан
кредиттік ақшаларға дейінгі жолда қайталайды. Нәтижесінде XX ғасырдың
валюта жүйесі бір немесе брінші ұлттық валютаға негізделеді (мысалы, экю,
ал 1999 жылдан бастап еуро).
Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына
резервтік (негізгі) валюта жатады. Резервтік валюта халықаралық төлем және
резервтік қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық
бағам рөлін атқарады, сондай-ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы
елдердің валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшін
қолданылатын құрал болып табылады. Қазіргі кезде резервтік валюта ретінде
АҚШ-тың доллары, Еуроодақтың еуросы пайдаланылып отыр.
Резервтік валюта мәртебесін алудың обьективті алғышарттары болып
елдің дүниежүзілік өндірістегі, тауарлер мен капиталдар экспортындағы,
алтын-валюта резервтеріндегі жетекші позициясы, кредиттік-банктік
мекемелерінің дамыған жүйесі, қарыз капиталдарының ұйымдастырылған және
сыйымдылығы жоғары рыногы; басқа елдердің сұранысын қамтамасыз ететін еркін
валюталық операциялар жүргізу мүмкіндігі мен валютаның еркін айырбасы
мүмкіндіктері қарастырылады.
Валюта жүйесінің келесі элементі оның шетел валютасына айырбасталу
(конвертациялау) дәрежесі. Еркін айырбасталатын, валюталық сақталған
жартылай айырбасталатын және айырбасталмайтын (тұйықталған) валюталар бар
екендігі белгілі.

1.1.Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде
құрылып, 1867жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында
мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған
валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп
соқтырды. Ол 1922 ж. Генйя халықаралық экономикалық конференциясында
қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуя валюта жүйесі
конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын дивизді
стандартқа негізделіп құралды. Ол дивизді принцип бойынша банкноталар
алтынға емес вексельге және чекке, яғни дивиздерге айырбасталды. Девиз
деген кез келген формадағы шетел валютасы (фунт стерлинг, доллар жіне т.б.)
Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында (I және II) Бреттен-Вудс
конференциясына дейін резервтік валюта статусы (айырбасталатын ерекше атағы
) ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен
американдық доллар осы статусты (атақты) бірінші болып алуға өзара
шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның
Бреттен-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы
бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде
американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет
резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен
Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне
мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндіріснің 54,6%-
ын, тауар экспортының 33%-ын, ресми алтын резервінің 75%-ын шоғырландырған
АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік
соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз етті. Батыс
Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы, сондай-ақ
бұл мемлекеттердің АҚШ-тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық) олардағы
доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни долларлық аштықта көрініс тапты.
Бреттен-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:
• Доллар мен фунт серлингтің резервтік валюта ретіндегі статусы бекітілді;
• ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын арқылы
айырбастайды, онда валютаның басқа валюталарға алтын паритеті және валюта
бағамы бекітілді. Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен ±1%-ке
, Еуропа елдерінде ±0.75 ауытқуы мүмкін.
• Шетел орталық банктерінің долларлық резервтері (қорлары) алтынға
американдық қазынашылық мекемесі арқылы ресми бағамен айырбасталады;
• Алтынның төмендегідей бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары құрамында 31.1 гр
таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді)
• Мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган -Халықаралық валюта
қоры (ХВҚ) құрылды
ХВК-ның негізгі қызметі-осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта
паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айрбасталуын қамтамасыз
ету. Бреттен-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық
еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал
етті.
Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере
алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдерде
есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттен-Вудс
валюта жүйесінің қайшылығы, ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық
сипаты және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолданылуы,
біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның
позициясы күшейді. 1971-1973 ж.ж. валюта дағдарысы Бреттен-Вудс жүйесінің
іс жүзінде күйреуін жеделдетті.
Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жыдың қаңтарында
ХВК-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен
дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық
валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық
принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен ол бұрынғыдай
роль атқармайды. Жаңа жүйе валюталы стандарт болып табылады.
Қорыта айтқанда, Ямайка валюта жүйесі бұрынғы жүйемен саластырғанда
өзінің икемділігімен төлем баланстары мен валюта бағамдарының
тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тез лайықтанды.
Сонымен қатар ол біраз қиындықтарды: мысалы, СДР стандартының тиімсіздігіне
байланысты; алтынды заңды түрде демонитизациялаумен оның іс жүзінде әлемдік
төтенше ақша статусын сақтауы арасындағы қарама-қайшылық; өзгермелі
валюталық бағам ережесінің жетіспестігі және с.с. мәселелерді туғызады.
Қазіргі кезде осы мәселелерді шешу үшін, әлемдік үш орталықтың валюта-
экономикалық саясатын үйлестіруді күшейту үшін Ямайка валюта жүйесін
жетілдіретін жолдар іздестірілуде.
1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа
елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа
валюта жүйесі (ЕВЖ)деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құралды. Бұл жүйеге
кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта
жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай болғанмен
оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.
Екі валюта жүйесін салыстырғанда ЕВЖ-ге валюта бағамы сиректеу
ауытқиды. Ол жетістікке келесі факторлар себепші болады: экономикалық және
валюталық интеграцияның үдемелі дамуы; ұлттық органдардың дербес құқығының
бір бөлігін басқаға беру; нақты бағдарламаға бейімделу; валюта
қатынастарының бағытын және әдісін таңдаудағы икемділік; қаулы қабылдау
және оны орындау механизмін дайындау.
Дегенмен ЕВЖ-ге мүше елдердің өзара қарама-қайшылығынан біраз
қиыншылықтарды басынан кешіруде. Олар сол елдердегі экономиканың,
инфляцияның, жұмыссыздықтың, төлем балансы жағдайының, алтынвалюта
резервтерінің әр түрлі деңгейлілігі мен қарқындылығынан туындайды.
ЕВЖ-дамуындағы маңызды кезең-саяси, экономикалық және валюталық одақ
(ВО) құру жөнінде 1994 ж. Қарашада қол қойылған. Мастрит шарты. ЕО-ты
құрудың бірінші кезеңі 1990 ж. шілдеде басталып (бұл шарт алдыңғы Делор
жоспары негізінде жасалған), мүше елдерге 1992 ж. аяғында валюталық
шектеуді мүлдем жоюды қарастырған. Бұл кезеңде мемлекеттердің экономикалық
дамуынын деңгейін жақындастыруға, инфляция қарқынын төмендетуге, бюджет
кемшілігін қысқартуға зор көңіл бөлінген.
Екінші кезеңде Еуропа валюталық институты (ЕВЫҚ-ның орнына) құрылып,
оның құрамына он екі орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты-
орталық банктердің Еуропалық жүйесін эмиссиялау. Бұнда ЕО-ың министрлер
Кеңесінің директивалары негізінде экономикалық үйлестікке және оған мүше-
елдердің Еуропапарламентке берген есебінен орындалуына басты назар
аудырылады. Экономикалық (әсіресе бюджеттік) тәртіпті бұзушыларға Еропалық
инвистициялық банктің (ЕИБ) несиесін шектеу, айыппұл төлеу бюджет
кемшілігін төмендеткенге дейін ЕО-ның процентсіз депозитін шектеу
формасында жазалаушаралары қолданылады. Экономиканы сауықтыруға бірлескен
қорлар есебінен және ЕИБ несиесінен ЕО-ның көмегі қарастырылған.
Үшінші кезең ЕО-ның бірнеше мемлекеті несие-ақша жүйесінің біріңғай
үлгі шеңберінде бір жақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген XX
ғасырдың аяғында басталды. Жоғарыда айтылғандай, ЕО-ға кірген 15 елдің 11-
і 1999 ж. қаңтарынан ұжымдық валюта-еуроны – алғашқыда колма-қол ақшасыз
есеп айырысу үшін банктік шотқа жазу формасында енгізілді, ал 2002 жылдан
ол ұлттық ақша өлшемдерінің орнына қолма-қол ақша формасында енгізілетін
болатын. Біртіндеп еуро аймағына қосылатын елдер саны ұлғаяды деп күтілуде.
Ақша-несие және валюталық реттеу үшін 1998ж. 1 шілдесінде Еуропа орталық
банкі құрылды.

1.2.Халықаралық валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі
Қазіргі халықаралық валюта-кредиттік қатынастардың дамыған
институционалдық құрылымы бар. Бұл құрылымның құрамдас бөлігі халықаралық
валюта-қаржылық және кредиттік (несиелік) ұйымдар болып табылады. Олар
өздерінің қызмет сипатымен де, орналасқан географиялық аумағымен де
ерекшеленеді. Олардың бір бөлігі тек қана валюта-қаржылық немесе кредиттік
мәселелерді кеңейтілген контексте қарастырылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде халықаралық валюта қоры және Бүкіл
дүниежүзілік банк тобы әрекет етеді. Формалды көзқарасқа сәйкес олар БҰҰ-
ның мамандандырылған мекемелері болып есептелгенімен өздерінің іс-қимылы
мен әрекеттерінде толық дербестікке қол жеткізген.
Валюта кредиттік қатынастар халықаралық сауда қатынастарымен тығыз
байланыста екендігін ескерсек, онда БҰҰ-ның сауда және даму
Конференциясының (ЮНКТАД, 1964 жылы құрылған, 3-4 жылда бір рет шақырылады)
валюта-кредиттік проблемаларды талқылауға қатысатындығына ешқандай
таңырқаудың жөні жоқ. Дегенмен, ЮНКТАД-тың мысалы, Халықаралық валюта қоры
сияқты нақты шешімдер қабылдайтын функциялар жоқ. 80-ші жылдары Солтүстік
пен Оңтүстік елдері арасындағы қайшылықтардың күшеюіне байланысты ЮНКТАД
қызметі өзіне халықаралық қоғамдастықтың назарын аударып, жіті бақылауға
алынды. Кейінірек шұғылдана бастады. Айталық, ЮНКТАД қазір тауарлар мен
қызмет көрсетулердің халықаралық айырбасын кешенді түрде қарастырумен
қатар капиталдардың, технологиялардың, валюталық және қаржылық ресурстардың
дүниежүзілік қозғалысы мәселелерін зерттеуге ауысты. Бұл ұйымның
жетістіктерінің бірі ретінде дамушы елдердің сыртқы берешектерін реттеу
жолдары мен әдістеріне арналған идеяларының өміршеңдігін атауға болады. БҰҰ
шеңберіндегі үйлестіруші орган ролі соңғы онжылдықта ЮНКТАД ұйымының
беделін арттырды және аталған проблемалар төңірегіндегі оның өкілеттігі БҰҰ-
ның Бас ассамблеясының шешімімен бекітілді.
Валюта кредиттік мәселелер БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік
кеңесі шеңберінде құралған аумақтық комиссиясының қызметінде де өз
көрінісін тауып отыр.
1995 жылдан бері ГАТТ-ың орнын басып, ісін жалғастырушы Бүкіл
дүниежүзілік Сауда Ұйымының қызметі басталды. Бұл ұйымның халықаралық сауда
қатынастары еркіндігін өрістетуге қосар үлесі мол болары сөзсіз. Мұның өзі
Б.С.Ұ.-ның валюта-қаржылық қатынастарға да зор әсері болатындығын
көрсетеді.
Бүкіл дүниежүзілік банк тобы бұл топтың бел ортасында Халықаралық
қайта құру және даму банкі (МБРР) тұр. Аталған банк өзінің қызметін 1946
жылы бастаған еді. Ол ең ірі мемлекетаралық инвестициялық институт болып
табылады. Халықаралық даму ассоциациясы (МАР, 1960жылы құрылған) МБРР-дың
филиалы.
МАР-дан бөлек МБРР-дың тағы екі филиалы бар. Олар: Халықаралық қаржы
корпорациясы (МФК) және Көпжақты инвестициялық-кепілдік агенттігі (МИГА,
1998 жылы құрылған). Міне осылар –МБРР, сондай-ақ МАР, МФК және МИГА Бүкіл
дүниежүзілік банк тобын құрап отыр.
Алғашқы құрылған шағында банктің капиталы 10млрд. доллар мөлшерінде
болса, 90-шы жылдарының басында ол 140 млрд.долларға дейін көбейді, ал
1995 жылдың орта шенінде 176 млрд. доллардан асып жығылды. Дегенмен, әрбір
елдің ортақ капиталдағы үлестері бірдей емес, мұның өзі дауыс берудегі
теңдік түсініктерінен алшақ айырмашылықтарға бастайды.
МВФ-те қалыптасқан жағдай 90-шы жылдардың басында Бүкіл дүниежүзілік
банк тобында да қайталанып, АҚШ-тың дауыс саны артық болды (шамамен 17%).
Сондықтан да, дәстүрге сай банк президентінің орны американдық өкілдің
үлесінде болары даусыз еді. Дауыс санына сәйкес екінші орында жапондықтар
(6.24%). Ал, Канада, Сауд Арабиясы, Индия, Италия елдерінің, сондай-ақ
Ресейдің әрқайсысы 2.99% дауысты иемденіп отыр.
МБРР-ді туралы келісім-шартқа сәйкес Банктің басшы органы болып
басқарушылар Кеңесі есептелді. Оның құрамында Банктің мүшелігіндегі әрбір
елдің бір-бірден бақарушысы бар. Басқарушылар Кеңесі өз өкілеттігінің бір
бөлігін Директоратқа (оның құрамында 22 директор бар) берген.
Директорлардың бесеуі банк капиталында неғұрлым көп үлесі бар (АҚШ,
Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания) елдерден тағайындалады да, қалғандары
басқа басқарушылар ортасынан сайланады.
МБРР-ды құрудың ресми мақсаты-банкке мүше-елдердің экономикасын
дамытуға жәрдемдесу. Бұл жәрдем ұзақ мерзімді займдар мен кредиттер, сондай-
ақ жекеменшік инвестицияларға кепілдіктер беру арқылы жүзеге асырылады.
Банктің мүшелігіне тек қана МВФ-қа мүше-мемлекеттер кіре алады.
МБРР қызметі принциптерінің бірі клиенттердің берешегі құрылымын қайта
қарауға жол бермеу мәселесі. Айта керек банк тәжірибесінде берілген қағаз,
қаражаттың қайтарылмаған кезі болған емес. 1948 жылдан бастап жыл сайын
банк таза табысқа жетіп келеді.
90- жылдардың бірінші жартысында МБРР-дың кредиттер мен займдар
(несиелер мен қарыздар) 14-16млрд. доллар деңгейінде болып келеді. Ал, 1995
қаржылық жылында МБРР өз клиенттеріне 16.9 млрд. доллар көлемінде қаржы
ресурстарын бөліп береді.
Қызметтің басталған шағында МБРР өзінің назарын көбінесе Батыс
Еуропа елдеріндегі жекеменшік инвестицияларды ынталандыруға күш салса,
кейінірек 50-ші жылдардың ортасына қарай оны тәуелсіздікке қол жеткізген
елдер қызықтыра бастайды. Банктің бұл елдермен қарым-қатынасы бірқатар
жағдайларда оңайға түспегені белгілі.
90-шы жылдардың басында МБРР мүшелігіне Ресей және басқа да бұрынғы
КСРО-ның республикалары қабылданған соң Банк шын мәнінде бүкіл дүниежүзілік
инвестициялық институтқа айналды.
80-ші жылдардың соңы 90-шы жылдардың бірінші жартысында Банктің назары
негізінен дамушы елдер проблемалары төңірегінде болып келеді.
Банк мамандары кедейшілікпен күресу стратегиясын анықтап, қоршаған
ортаны қорғау шараларын белгілеумен шұғылданды. МБРР-ға Ресейдің және т.б.
КСРО-ның ыдырауы себебінен пайда болған мемлекеттердің мүше болып кіруі
Бүкіл дүниежүзілік банкті аталған мемлекеттерге қатысты саясатын шұғыл
өзгерту қажеттігі кезек күттірмес мәселеге айналды
Бүкіл дүниежүзілік банктің 50 жылдық тарихы мамандардың пікірі бойынша
біркелкі бағаланбайды. Айталық 80-ші жылдары оны экспортер, экономикалық
дамудың стратегиясын жасаушы, іс жүзіндегі ең қуатты монополистік банк
институты деп бағалады. Ал, 90-шы жылдары МБРР-дың қуатты несие және қарыз
беруші институт болып қала бергеніне қарамастан оның кредитор ретіндегі
ролі кәдімгідей кеми түсті. Мұның негізгі себептерінің бірі болып аумақтық
даму банктері тарапынан күшейе түскен бәсеке деп есептеледі.
Бүкіл дүниежүзілік банктің қызметі, оның жобаларының тиімділігі
деңгейі жоғары емес деген ұйғарыммен жиі-жиі сынға алына бастады. Қоршаған
ортаны қорғаушылар да бұл ұйғарымға өз үлестерін қосуға тырысып бақты.
Оларға банктің қоршаған ортаға зиянды жобаларға кредит бере бастауы ұнамады
(мысал ретінде Индиядағы перамида плотинасын салу үшін бөлінген кредитті
атайды). Дамушы елдердің атынан сөйлушілер Банктің экономикада құрылымдық
өзгерістер жасау бағытындағы талаптары мен нұсқаулары бірқатар африкалық
елдердің экономикасын қиыншылықтарға әкеліп соқтырды деп айтушылар да бар.
Ал, өнеркәсіп дамыған елдерде Банк жекеменшік сектордың дамуына жеткілікті
назар аудармайды деген пікір қалыптасты. МБРР қызметінде бюрократиялық
тенденциялар бой алып бара жатыр, сондай-ақ әкімшілік шығындары едәуір
көлем алып деген де әңгімелер туындап отыр.
Банктің жаңа президенті Джеймс Вулфенсон (1995-ші жылдың ортасында)
Бүкіл дүниежүзілік банктің құрылымын реформалау жоспарын ұсынды. Оның
ұсынған жоспары Банк акционерлері-мемлекеттердің үкіметтері тарапынан
толығымен қолдау тапты. Д.Вулфенсонның жоспары 2 жыл мерзімге есептелген.
Бұл жоспарды орындау барысында есеп беру мен көтермелеу (ынталандыру)
талаптарын өзгерту, МБРР-дың жекеменшік компаниялар және институттармен
байланыс жағдайларын жетілдіру мәселелері қарастырылған.
1960 жылы Халықаралық даму ассоцияция (МАР) құрылды. Бұл ассоцияция
дамуы кенжелеп қалған, сондықтан МБРР-дың қатаң талаптарын орындай алмайтын
елдердің экономикалық өсуіне жәрдемдесу ниетінде өмірге келді. Ең кедей
елдердің қатарына ішкі ұлттық өнімді жан басына шаққанда 700 доллардан кем
келетін елдер жатқызылады (1993 жылғы есептеулерге сәйкес). Қазіргі кезде
мұндай елдердің саны 60-қа жетеді немесе олардың үлес салмағы МБРР-дың
мүшелігіндегі мемлекеттердің үштен бірін құрайды деген сөз.
МБРР-ға мүше әрбір мемлекет МАР-дың да мүшесі бола алады. Қазір МАР-
дың мүшелігінде 158 мемлекет бар.
МАР-дың ресурстары дамыған,бай елдердің жарнасынан және МБРР-дың таза
табысының бір бөлігінен құралады. Дамушы елдердің ішіндегі экономикалық
қуаты арта бастаған елдер де МАР-ға өз үлестерін қосты. Соңғы жылдары МАР
қызметін қаржы ресурстармен қамтамасыз ету өткір күйінде қалып отыр, оны
толықтыру жөніндегі жүргізілген келіссөздер қиындықтарға тап болуда, себебі
бірқатар донор-мемлекеттер бюджетке қаражат жинау мәселесінде қолайсыз,
қиын кезеңдерді басынан кешіріп отырған жағдайлары бар. МБРР мамандарының
есептеуінше МАР-дың ресурстарын 11-ші рет толықтыру үшін 23 млрд. –тай
қаржы керек екен. Оның шамамен алғанда 40%-ін Бүкіл дүниежүзілік банк, ал
қалған бөлігін донор-мемлекеттер өтеуі қажет. Қалыптасқан практика
ескірілетін болса, онда АҚШ 2.75 млрд. доллар қаражат бөлуі керек. Бірақ,
АҚШ-тың бюджеттік проблемалары аталған соманы босату мәселесін қиындатып-ақ
отыр. Мәселен, АҚШ конгресіндегі республикалық партияның мүшелері АҚШ-тың
МАР-ға беретін жарнасының көлемін қысқарту қажеттігін алға тартады.
МАР өзінің кредиттерін тек үміттерге ғана береді. Берілген кредиттерді
қайтару мерзімі 35-40жыл, және ол кредиттер үшін проценттер алынады.
Алынатын проценттер көлемі аса үлкен емес, алынған кредиттің 0.5%-ін ғана
құрайды.
1956 жылы дамушы елдердегі жекеменшік секаторды жандандыру үшін және
ішкі сыртқы капитал көздерін шоғырландыру мақсатында, сөйтіп ол елдердегі
экономикалық прогреске жәрдемдесу бағытында халықаралық қаржы корпорациясы
(МФК) құрылған болатын. Қазіргі кезде МВК қатарында 165 мүше елдер бар.
90-шы жылдардың бірінші жартысында МФК қаражаты есебінен жыл сайынғы
қаржыландыру 16%-ке өсіп отырды. 1995 қаржы жылында МФК-ның есебінен
2.9млрд. долларға 212 жоба қаржыландыруда (1994 қаржы жылында сомасы
шамамен 2.5 млрд. доллар құрайтын 231 жоба мақұлданған болатын). Шамамен
осыншама көлемдегі ресурстарды МФК халықаралық капиталдар рыногынан жинаған
болатын.
1995 қаржы жылындағы МФК жобаларының жалпы инвестициялық көлемі
19млрд. АҚШ долларына жетеқабыл болды. Сонымен МФК инвестицияларының әрбір
долларына басқа инвесторлар мен кредиторлардан -5.5 доллар келіп түскен.
МФК ресурстарына сұраныстың едәуір ұлғаюы бірқатар елдерде жүргізілген
жекешелендіру бағдарламасына, сөйтіп жекеменшік сектор маңызының өсе
түсуіне байланысты болды. 90-шы жылдары МФК өз қызметін 70-ке жуық елдерде
жүзеге асырды. Осы уақыт ішінде МФК мүлкінің құны 3.6 млрд. долларға
бағаланып, оның табыстылығы 5.5%-ке тең болды.
1988 жылы Көржақты инвестициялық-кепілдік агенттігінің (МИГА) қызметі
жүзеге асырыла бастады. Агенттіктің негізгі қаржылық күш-қуаты мүше-елдерге
(олардың саны 1995 жылы 128-ге жеткен) инвестициялар келуін ынталандыру
бағытына жұмсалды. Бұл үшін Агенттік шетелдік инвесторларға коммерциялық
емес тәуелділіктен пайда болатын ысыраптарға қарсы кепілділіктер бере
бастады. Сондай-ақ, мүше-елдерге қолайлы инвестициялық ахуал жасау
мақсатында Агенттік оларға консультативтік қызмет көресуті де өз мойнына
алды. Айталық оларға консультативтік қызмет көрсетуді де өз мойнына алды.
Айталық, 1988-1997 қаржылық жылдары Агенттік 160-қа тарта жобаға кепілдік
беруге қол қойды, сөйтіп 9млрд. доллардай шетелдік инвестициялар жинауға
мүмкіншілік алды.
МИГА дамушы елдерге техникалық жәрдем беру арқылы олардың жекеменшік
инвесторларының мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ лайықты ақпараттық
жобаларды тікелей қолдау арқылы (соның ішінде Интернет арқылы да)
инвестицияларды ынталандыру үшін агенттіктерді құру жұмыстарын жүзеге
асырды. Халықаралық конференциялар шақыру сияқты нысандар да кеңінен қолдау
тауып келеді. 90-шы жылдардың ортасында, дәлірек айтсақ 1995 қаржылық
жылында Таяу Шығыстағы туризмді дамыту және тропикалық Африкадағы қазба кен
өндіру өнеркәсібін өркендету жөніндегі конференциялар шақырылды.

1.3Халықаралық валюта қоры
Халықаралық валюта қоры (International Monetary Found, IMF, штаб-
пәтері Вашингтонда) ең маңызды халықаралық валюталық-қаржылық ұйым болып
есептеледі. өзінің анықтамасына сәйкес, ол кооперативті үкіметаралық
валюталық-қаржылық ұйым. Халықаралық валюта қорының мүшелігіне тек қана
мемлекеттер кіре алады. 1994 жылы Бреттон-Вудс конференциясы шешімімен
құрылып, өз қызметін 1997 жылдың 1-ші наурызынан бастады. Қор
дүниежүзілік валюта жүйесінің қызметі мәселелерімен шұғылданады. Мақсаты:
халықаралық валюталық ынтымақтастықтың дамуына, дүниежүзілік сауданың
кеңеюіне, мүше елдердің ұлттық валюталарының тұрақтануына, олардың төлем
балансы мәселелерін қысқа мерзімді несиелер арқылы шешуіне көмектесу.
Қазақстан МВФ-ке 1992 жылы мүше болып кірді. Аталған қаржылық ұйымға
мүше болу мақсатында Қазақстанда 1992 жылдың маусымында Қазақстан
Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму
банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму ассоциациясына
Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көп жақты агенттігі мен
Инвестициялық шиеленістерді реттеуші халықаралық орталыққа мүшелігі туралы
арнайы заң қабылданды.
МВФ өзін кооперативтік ұйым деп атауына қарамастан оны акционерлік
қоғам деген дұрыс болар еді, себебі қорға мүше-елдердің ондағы үлесі қор
капиталындағы квоталары мөлшеріне тәуелді.
Қор мүшелерінің квотасын (үлесін) анықтау өте маңызды мәселе, себебі
оның мөлшеріне елдің Қор капиталына қосатын жарнасының көлемі мемлекеттің
Қордағы дауыстар саны мен қордан алатын қаржысының ең жоғарғы сомасы
тікелей тәуелді, сондай-ақ елдің қарыз алудың арнайы құқығындағы (С.Д.Р.)
және Қор құқығын халықаралық резервтік активтегі үлестері де осы квоталарға
байланыстыра белгіленеді.
СДР бірлігінің құны оның корзинасын құрайтын бес негізгі валюталардың
доллармен есептегендегі рыноктық құнының қосындысынан тұрады. Корзинаның
құрамы әрбір бес жылда қайта қаралады.
Айта кетейік, Валюталық корзина (қоржын) дегеніміз-бір валютаның
орташа бағамын басқа валюталардың белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі.
Төменде корзина құрамының 1996 жылғы 1-ші қаңтардағы көрсеткіштері
келтірілген (процент есебімен, жақшаның ішінде корзинаның 1996 жылға
дейінгі құрамы).

АҚШ доллары 39(40)
Неміс маркасы 21(21)
Жапон иенасы 18(17)
Француз франкі 11(11)
Фунт стерлингов 11(11)

Квота көлемді СДР-мен белгіленеді. Төменде жекелеген елдердің МВФ-
тағы квоталар көрсетілген.
Млн.СДР %
Барлық квоталар 144859,0 100,00
Соның ішінде:
АҚШ 26526,8 18,31
Германия 8241,5 5,69
Жапония 8241,5 5,69
Ұлыбритания 7414,6 5,12
Франция 7414,6 5,12
Сауд Арабия 5130,6 3,54
Италия 4590,7 3,17
Канада 4320,3 2,98
Ресей 4313,2 2,98

Квота көлемі МВФ-тың әрбір мүшесінің иемденетін дауыстары санын
анықтайды. Базалық 250 дауысқа 10000 СДР квотаға бір дауыс қосылып отырады.
250*179+144859 млн. СДР: 10000 СДР=1493340. Сонда АҚШ-тың үлесі 17,78 %
-ке тең болады.
Елдің қордағы дауыс санының маңыздылығы екі жағдаймен анықталады.
Біріншіден, ең маңызды шешімдер мысалы квоталарды қайта қарау мен СДР-ды
бөлуге байланысты шешімдер басым дауыспен (85%-тен кем емес) қабылданады.
Сондықтан, АҚШ теория жүзінде Фонд мүшелеріне қалаған шешімін қабылдата
алмаса да, қандай бір шешім болмасын оның қабылдануына едәуір кедергі жасай
алады, себебі жоғарыда көрсеткендей бір шешімге келу үшін 85%-тен кем дауыс
болмауы керек еді ғой. Екіншіден, квота мөлшері ең мол алғашқы 5
мемлекеттің арқайсысы өзінің атқарушы директорын тағайындауға құқылы. Басқа
атқарушы директорлар бір топ меллекеттер атынан тағайындалады. МВФ-тың
жарғысында қордың жаңа мүшесінің квотасын есептеу әдісі берілмеген, сондай-
ақ тұрақты түрде қайта оралып отыратын квоталардың да есептеу әдісі
көрсетілмейді. Квоталарды соңғы уақыттардағы қайта қарау нәтижелеріне зер
салсақ, онда жиынтық ішкі өнімнің ағымдағы операциялардың, сондай-ақ
ағымдағы түсімдердің тербелісі мен мемлекеттік резервтердің көрсеткіштері
пайдаланылғанын көрер едік.
Әрбір ел өзінің квотасын мынадай тәртіппен төлейді: 25%-ін резевтегі
активтермен (қордың келісуімен СДР және еркін ауысатын валюта түрінде) ал
қалған 75%-ін ұлттық валютамен төлейді. Ұлттық валютаның көпшілігіне сирек,
жоқтың қасы. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай рынокта тек жиырма шақты ұлттық
валюталар ғана тұрақты сұранысқа ие болып отыр.
90-шы жылдардың алғашқы жартысында Қор алдыңғы өздерінің
міндеттемелерін жүйелі түрде орындамайтын елдерге МВФ тарапынан қатаң
шаралар қолдану үшін бірқатар құқықтық ережелер бекітілді. Бұл шаралар
келісім-шарт баптарына үшінші өзгерту деп аталады, ол өз күшіне 1992
жылдың соңына қарай енеді. Қорға берілген бұл құқықтық шаралары алғаш рет
Судан еліне қатысты қолданылды, кейінірек оның әсерін Заир мемлекеті де
басынан кешірді.
1995 жылдың соңына қарай МВФ жаңа бастама көтерді. Ол, Қорға мүше-
елдерді өздерінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін (небәрі 12
көрсеткіш) жедел, оперативті түрде беріп отыруын міндеттеген шаралар еді.
Егер талап етілген көрсеткіштер аталған уақытында жеткізілмеген болса,
ондай елдер Қор көмегінен қол өзетін жағдайға душар болатын болды.
Жалпы алғанда, 90-шы жылдардың, бірінші жартысы МВФ-тың ережелері мен
саясатын белгілі дәрежеде қатаңдатуға алып келді. Мұны Қор өкілдері әлемдік
экономиканың қажеттіктеріне дер кезінде шұғыл құлақ асу деп түсіндіреді.
Халықаралық валюта қоры бірқатар халықаралық ұйымдармен тығыз
қатынастар орнатқан, айталық өзіне қызметі жақын Бүкіл дүниежүзілік банк
тобымен қаржы-қаражат қатынастары ойдағыдай даму үстінде. Бүкіл
дүниежүзілік банк тобының өзі де баршаға аян Бреттон-Вудс конференциясының
шешімдері негізінде құрылғаны белгілі.

2.Валюта бағамының (курсының) мәні
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі экономикалық операцияларды ұлттық
валюталардың бір-біріне айырбасынсыз жүргізу мүмкін емес. Халықаралық
сауданың дамуына байланысты ұлттық валюталардың айырбас құны пайда болады
және мұның өзі дүниежүзілік қауымдастықтың экономикалық қызметінің ажырамас
бір бөлігіне айналып отыр.
Сонымен қатар, ұлттық валюталардың айырбас құнының халықаралық
саудаға әсеріне қоса ұлттық экономиканың өзіне де бірде қолайлы, бірде
тіпті қолайсыз жағдайлар туындататын кездері болады. Мұның басты себебі
ұлттық валютаға ахуалының ұлттық экономика салалары тығыз байланысты
екендігіне; отандық экономикадағы дағдарыстық құбылыстар ұлттық валютаның
айырбас құнының шайқалуына әкеліп соғады.
Валютаның бағамы (курсы) дегеніміз- жекелеген елдердің валюталарының
ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел
валютасының бағасы. Қазақстандағы валюта курсы шетелдік валюта бірлігіне
айырбасталатын теңгенің санымен анықталады.
Валюта бағамы өте құбылмалы, ширек қозғалысты болып келеді. Оған
елдің төлем балансының жағдайы, елдегі инфляция деңгейі еркін ауысатын
валюталарға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатысы, жекелеген елдер
тауарларының дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестігі, саяси және әскери
факторлар, сондай-ақ бірқатар басқа да жанама факторлар әсер етеді. Олардың
валюта бағамының динамикасына әсері уақытша немесе тұрақты түрде болуы
мүмкін. Ал, валюталық операциялардың өздері валюталық құндылықтар
қозғалысымен тікелей байланысты.
Валюталардың айырбас курсы валюталық рыноктағы қажетті валютаға деген
сұраныс пен ұсыныс ара қатысымен анықталады.
Валюталық рынок дегеніміз-сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік
валютаны ұлттық валюта бағамы (курсы) бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге
асыратын орталықтар.
Шетел валюталарының, бағалы қағаздарының немесе биржадағы тауарларының
бағасы дүниежүзілік практикада орныққан заңдық нормалар арқылы баға
белгілеу (котировка) түрінде жүзеге асады.
Дүниежүзілік тәжірибеде баға белгілеудің екі әдісі қолданылады.
Тікелей баға белгілеу әдісіне сәйкес шетелдік валюта бірлігі ұлттық
валютаның белгілі санына теңестіріледі. Мысалы, Қазақстанда АҚШ-тың бір
доллары теңгенің белгілі санына теңестіріледі. Баға кесудің бұл әдісі
дүниежүзілік қауымдастықтың көптеген елдерінде қолданылып отыр.
Жанама баға белгілеу әдісі бойынша ұлттық валюта бірлігі шетелдік
валютаның белгілі санына теңестіріледі. Мысалы, Ұлыбританияның 1 фунт
стерлингі АҚШ долларының белгілі санына теңестіріледі. Бұл жүйе аз ғана
елдердің іс-тәжірибесінде қолданыс тауып отыр.
Халықаралық сауда тәжәрибесінде кейбір көздерде қажетті валютаны
тікелей сатып алу қиыншылықтарға тап болады немесе тікелей сатып алудың өзі
тиімсіз болып кетеді. Мұндай жағдайларда кросс-курс әдісі қолданылады.
Кросс-курс де екі валюта арақатынасын олардың үшінші бір валютаға
курстары бойынша анықтауды айтамыз. Мысалы, ең алдымен үшініш жақтың
(көбінесе АҚШ доллары) валютасы сатып алынады. Содан кейін қажетті
(қызықтырған) валюта долларға айырбасталады.
Көріп отырғанымыздай, кросс-курс әдісін қолдану біраз еңбектенуді
қажет етеді, оған қоса тәуелділікті де талап ететін әдіс екендігі
көрінеді. Дегенмен кросс-курс әдісін қолдану ең кем дегенде екі жағдайда
қажетті және пайдалы:
-сізді қызықтыратын валютасы бар сатушылардың сіздің валютаға деген
сұранысы жоқ (мысалы, француз франкін сатушыларды қазақстандық теңге
қызықтырмайды.);
-рыноктың ағымдығы ахуалы валютаны кросс-курс әдісімен сатып алуды
пайдалы етеді. Мысалы, теңгеге қатысты курсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы
Валюталық операциялардың жіктелімі
Ақша - несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Халықаралық валюта жүйесі
Мемлекеттің монетарлық саясатын қалыптастыру негідері және оны жүзеге асыру тетіктері
Әлемдік валюталық жүйенің дамуы мен валюталық рыноктар
Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлерін жүргізуге талдау жасау
ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Халықаралық валюталық қор
Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын және ҚР екінші денгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау
Пәндер