Қазақ тiлiнде iс жүргiзiлгенде азаматтық iс жүргiзу құжаттарының толтырылуында және жүргiзiлуiнде сот бұйрығында қандай проблемалар бар екенiн зерттеу және қазақ тiлiнде бұл құжаттардың заң терминологиясы бойынша дұрыс аталуы және реттiк кезекпен дұрыс жүргiзiлуi



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының
тарихи аспектiлерi
1.1.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының
ұғымы, міндеттері мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2.Азаматтық iс жүргiзудегi сот шешімінің сот
бұйрығынан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ. Сот бұйрығының заңды күші.
2.1. Бiрiншi сатыдағы сот бұйрығының заңды күшi ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2. Сот бұйрығының мәні, жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ. Азаматтық іс жүргізудегі сот ұйғарымдарының сот бұйрығынан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған». Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол «Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар» - деген тұжырыммен айқындалар еді.
Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне үңіліп, оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі ой тамызықтау ниетіндеміз.
Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті әлемде баға жетпейді.
Осындай ролге ие және мемлекеттік қоғамдық құрылымда сот органдарының орнын толық және объективті бекіту үшін біздің елімізде азаматтық істерді жүргізу сатыларының ерекше маңызы бар.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алып, құқықтық мемлекет болуға бет алып жатқан заманда азаматтық іс жүргізу заңдарындағы азаматтық іс жүргізу сатыларының маңыздылығы өте көп болып табылады. Бұның маңыздылығы Қазақстан Республикасының Конституциясында басты қазынасы болып табылатын азамат және оның құқығы мен заңды мүдделері және бостандықтарының соттар алдында қорғалуының негізділігі болып табылады.
Әрбір азамат өз құқығы мен заңды мүддесін, бостандықтарын қорғауға құқылы. Соған азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру біріншіден, конституциямен екіншіден, азаматтық іс жүргізу заңдарымен қорғалуға жатады. Соның ішінде азматтық іс жүргізуде талап өндiрiсiнiң маңызы өте зор.
Азаматтық іс бойынша талап өндiрiсi азаматтың даулы құқықтарын өз шешіміне жетуді негіздей отырып, ол даудың сот сатыларында уақытында дұрыс шешілуін, даудың мәні бойынша қаралып, заңды шешімін табуға негіз болады.
Азаматтық іс жүргізу сатыларының дұрыс және заңды түрде қарай білу құқықтық мемлекет болғалы отырған қазақ Елінің жас заңгерлерінің негізгі міндеті мен халық алдындағы борышы екені сөзсіз.
Азаматтық іс жүргізудегi талап өндiрiсiнiң,азаматтық іс жүргізу сатыларының негізгі міндеттері болып азаматтардың даулы құқықтарын шешу, уақытында және дұрыс айқындау, азаматтық істерді мәні бойынша қарау, сот актілеріне шағым, наразылық білдіру арқылы апелляциялық сатыда және қадағалау сатысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша қорғалуына негіз береді.
1. Қ.Р. Конституция. 30.08.1995ж.
2. Қ.Р. сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы. Қ.Р. заңы 25.12.2000ж 1,24-27 баптар.
3. Н.Б. Зейдер «Судебное решение по гражданскому делу», М., 1966, 5-6 бет.
4. М.М.Агарков. «Обязательство по советскому гражданскому праву» - М., 1940., 58-бет
5. Советский гражданский процесс. Под ред. Юдельсон К.С.- М., 1956., 206-208 бет.
6. Я.Л.Штутин «Предмет доказывания в гражданском процессе»- М., 1963., 39-бет.
7. Д.И.Полумордвинов «Законная сила судебного решения»-Тбилиси, 1964, 19-бет.
8. М.К.Треушников «Особенности рассматрение отделных категории гр. дел», М.- 1995., 30-31-бет
9. Д.И.Полумордвинов «Законная сила судебного решения» -Тбилиси, 1964, 19- бет.
10. А.А.Пиантковский «К методологии изучение действующего права», ученые записп, ВИЮН., М., 1947, 45-бет
11. Азамамттық iс жүргiзу дегi сот бұйрығының тарихи аспектiлерi. Заң газетi 21.12 2001жыл.
12. Зейдер Н.Б. Судебное заседание и судебное решение в советском гражданском процессе. Саратов. 1959.
13. Зейдер Н.Б.Аталған еңбекте, 76, 78,81-беттер.
14. Воронков Г.В. Определение суда первой инчтанции в советском гражданском процессе. Саратов,1967. с-5
15. Юдельсон К.С. Советский гражданский процесс. М.: Госюриздат, 1956. с-270.
16. Абрамов С.Н. Гражданский процесс. М.: Юриздат МинЮст СССР, 1948. с-285.
17. Авдюков М.Г. Судебное решение. М.: Госюриздат, 1959.
18. Гурвич М.А. Советское гражданское процессуальное право. М.: Высшая школа, 1964.
19. Зейдер Н.Б. Судебное заседание и судебное решение в советском гражданском процессе. Саратов.1959.
20. Чечот Д.М. Постановление суда первой инстанции по гражданским делам. М.: Горюриздат, 1958.
21. Юдельсон Н.А. Аталған еңбекте, 270-бет.
22. Абрамов Н.А. Аталған еңбекте, 314-бет.
23. Воронков Г.В. Аталған еңбекте, 26-бет.
24. Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом произхводстве, Томск 1990.
25. Семенов.В.М. Конституционные принципы судопроизводства М 1982.
26. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Том 1 Алматы КазГЮА 2001.
27. Абдулина З.Қ. Азаматтық iс жүргiзу құқығы Дәнекер 2002 жыл.
28. Воронков Г.В. Аталған еңбекте, 39-бет.
29. Воронков Г.В. Аталған еңбекте. 74-бет.
30. Воронков Г.В. Определение суда первой инстанции в советском гражданском процесс. Автореф.дис..канд.юрид.наук. Саратов, 1965.
31. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК: Том-2. Алматы: КазГЮА, 2001.
32. Мухин И.И. Обжалование, опротестование и просмотр определение суда первой инстанции. М. Госрюиздат, 1958.
33. Баймолдина З.Х. Аталған еңбекте, 246-бет.
34. Муравьева А.С., Никитинский Ф.Ф., Чечина Н.А. Участие общественности в рассмотрении судами гражданских дел. М.: Госюриздат, 1963.
35. Авдюков М.Г. Обжалование судебных определений в советском гражданском процессе. // вестник Московского университета, №3, 1960.
36. Пучинский В.К. Особые определения суда первой инстанции. // Социалистичекая законность, №1, 1956. Чечот Д.М. Постановление суда первой инстанции по граждансим делам. М.: Госюриздат. 1958.
37. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының бюллетенi. №3, 2002.
38. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының бюллетенi. №8 2001.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының
тарихи аспектiлерi

1.1.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының
ұғымы, міндеттері мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..6
1.2.Азаматтық iс жүргiзудегi сот шешімінің сот
бұйрығынан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .11

ІІ. Сот бұйрығының заңды күші.

2.1. Бiрiншi сатыдағы сот бұйрығының заңды
күшi ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Сот бұйрығының мәні,
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ. Азаматтық іс жүргізудегі сот ұйғарымдарының сот бұйрығынан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 49

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 52

КІРІСПЕ

Адам құқықтарын қорғау – мемлекеттің мерейлі міндеті ғана емес, саяси-
әлеуметтік, қоғамдық қастерлі борышы. Ол Қазақстан Республикасы
Конституциясының 12-бабындағы 2-тармақта былайша көрініс тапқан; Адам
құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп
танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де құқықтық
нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталған.
Мұны тарата түссек Ата Заңның 18-бабында ол Әркімнің жеке өміріне, өзінің
және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының
қорғалуына құқығы бар - деген тұжырыммен айқындалар еді.
Біз Ата Заңымызбен қорғалған жалпыға белгілі адам құқықтарын
санамалаудан аулақпыз. Кейбір түйінді мәселелердің түпкі мәніне үңіліп,
оның бүгінгі тыныс-тірлігі, алдағы көкжиек кемері туралы кемерлі де келелі
ой тамызықтау ниетіндеміз.
Құқықтық мемлекет құрудағы және сол тектес өмір сүрушілердің құқықтық
қорғалуын қамтамасыз етудегі сот органдарының роліне барлық өркениетті
әлемде баға жетпейді.
Осындай ролге ие және мемлекеттік қоғамдық құрылымда сот органдарының
орнын толық және объективті бекіту үшін біздің елімізде азаматтық істерді
жүргізу сатыларының ерекше маңызы бар.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алып, құқықтық мемлекет болуға
бет алып жатқан заманда азаматтық іс жүргізу заңдарындағы азаматтық іс
жүргізу сатыларының маңыздылығы өте көп болып табылады. Бұның маңыздылығы
Қазақстан Республикасының Конституциясында басты қазынасы болып табылатын
азамат және оның құқығы мен заңды мүдделері және бостандықтарының соттар
алдында қорғалуының негізділігі болып табылады.
Әрбір азамат өз құқығы мен заңды мүддесін, бостандықтарын қорғауға
құқылы. Соған азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру
біріншіден, конституциямен екіншіден, азаматтық іс жүргізу заңдарымен
қорғалуға жатады. Соның ішінде азматтық іс жүргізуде талап өндiрiсiнiң
маңызы өте зор.
Азаматтық іс бойынша талап өндiрiсi азаматтың даулы құқықтарын өз
шешіміне жетуді негіздей отырып, ол даудың сот сатыларында уақытында дұрыс
шешілуін, даудың мәні бойынша қаралып, заңды шешімін табуға негіз болады.
Азаматтық іс жүргізу сатыларының дұрыс және заңды түрде қарай білу
құқықтық мемлекет болғалы отырған қазақ Елінің жас заңгерлерінің негізгі
міндеті мен халық алдындағы борышы екені сөзсіз.
Азаматтық іс жүргізудегi талап өндiрiсiнiң,азаматтық іс жүргізу
сатыларының негізгі міндеттері болып азаматтардың даулы құқықтарын шешу,
уақытында және дұрыс айқындау, азаматтық істерді мәні бойынша қарау, сот
актілеріне шағым, наразылық білдіру арқылы апелляциялық сатыда және
қадағалау сатысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің азаматтық
іс жүргізу заңдары бойынша қорғалуына негіз береді.
Азаматтық іс жүргізудегi талап өндiрiсiнiң және сатыларының басты
маңызы сот актілерінің әділдігі мен азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерінің қорғалу барысындағы мақсаты болып табылады.
Азаматтық iс жүргiзу құқықтық қатынастары – бұл Қазақстан
Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларымен реттелетiн
және осы iс жүргiзудi жүзеге асыратын судья мен тараптар арасындағы
қоғамдық қатынастар.
Бұндай қатынастардың өзiне тән ерекшелiктерi де бар, бұл:
Бiрiншiден – құқықтық қатынастың субъектiлерi.
Екiншiден – құқықтық қатынастың объектiсi.
Үшiншiден- құқықтық қатынастың мазмұны.
Төртiншiден- құқықтық азаматтық iс жүргiзудегi толтырылатын немесе
шығарылатын iс құжаттары.
Құжат- бұл дегенiмiз ресми мазмұны бар, белгiлi бiр қатынас үшiн
толтырылатын қағаз.
Iс құжаттары – бұл белгiлi бiр iс бойынша немесе ерекше маңызы бар
қоғамдық қатынас кезiнде толтырылатын құжат түрi, яғни құжаттың ерекше
арнайы түрi. Азаматтық iс жүргiзу кезiнде толтырылатын құжаттар болып
төмендегiлер танылады:
- Талап арыз, арыз ;
- Ұйғарым;
- Сот бұйрығы;
- Шешiм, қосымша шешiм, сырттай шешiм;
- Сот отырысының хаттамасы;.
Осылар болып табылады. Бұл әрбiр құжаттың мән-мағынасы әр түрлi болып
табылады. Әрбiр құжаттың белгiлi бiр бойынша алатын орны және олардың
түрлерiнiң әр түрлi болуы әбден мүмкiн.
Сондықтан мен бұл дипломдық жұмысымның басты тақырыбы етiп осы мәселенi
ала отырып, азаматтық iс жүргiзу құжатының ішіндегі сот бұйрығына қысқаша
болса да тоқтала отырып, олардың бiр-бiрiнен айырмашылықтарын, өздерiне тән
ерекшелiктерiн және де қай сатыларында қандай құжат керек екенiн бiлдiм.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазақ тiлiнде iс жүргiзiлгенде азаматтық
iс жүргiзу құжаттарының толтырылуында және жүргiзiлуiнде сот бұйрығында
қандай проблемалар бар екенiн зерттеу және қазақ тiлiнде бұл құжаттардың
заң терминологиясы бойынша дұрыс аталуын және реттiк кезекпен дұрыс
жүргiзiлуiн бiлу болды.
Негiзiнде бұл проблемаларды қазақ заңгерлерiнен зерттеген мамандар бар
болғанымен қазақ тiлiнде шыққан әдебиеттер жоқтың қасы.Сондықтан бұл
дипломдық жұмысым бұл мәселенi қазақ тiлiнде шығатын заң әдебиеттерiне
қосқан кiшкентай болса да өз үлесiм деп санаймын.

І.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының тарихи аспектiлерi.

1.1.Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы институтының
ұғымы, міндеттері мен маңызы

Ата заңымыз Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында сот
тәулігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасы
атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың
Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің,
халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды[1].
Әділсоттылықтың табиғаты және сот әділдігін жүзеге асырудағы мемлкет
қызметін ерекшелігін сипаттайтын белгілер сот қаулыларының әсіресе оның
ішінде сот шешімінің маңыздылығын анықтайды[2]. Сот шешімінің маңыздылығы
туралы айтқанда сот шешімі мәні кең, үстемдігі жоғары акті екендігін
ескерген жөн. Белгілі бір тұлға мүддесіне қатысты шығарылған сот шешімі
тұтастай қоғам мен мемлекет үшін маңызы зор.
Жалпы түсінік бойынша, азаматтық әділсоттылық түсінігі мазмұнын құқық
туралы дауды қараудағы соттың іс-әрекеті деп түсінуге болады. Бірақ та тек
құқық туралы даулар ғана әділсоттылықты атқару саласындағы сот іс-
әрекетінің пәні болып табылмайды[3]. Бұл жерде құқық туралы дау мазмұнының
ерекшеліктеріне тоқталып өткен жөн. Құқық туралы дау – бұл азаматтық, неке
және отбасы, еңбек және өзге де құқықтық қатынастардан туындайды. Осындай
дауларды шешуші сот алдымен нақты құқықтық қатынастық бар жоғын және бұл
құқықтық қатынас элементтерінің мазмұны қандай екендігін анықтау керек.
Құқықтық бұзылуы немесе құқыққа нұқсан келтіру нәтежесі азаматтық
құқық туралы дауды тудырады. Сондықтан да соттың азаматтық дауды қарауды,
бұзылған немесе нұқсан келтірілген талапкер құқығын қарауға бағытталады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және
қоғам мүдделерін қорғау үшін қызмет етеді. Сондықтан да еліміздегі сот
орындары сот төрелігін жүзеге асыран кезде азаматтық іс жүргізу құқығы
нормаларын басшылыққа алады.
Сот тек ұсынылған дәлелдемелер мен түсініктемелер мен шектелген
қоймай, істің мән-жайын тараптардың құқықтары мен міндеттерін толық, жан-
жақты және объективті анықтау үшін заңмен рұқсат етілген барлық шараларды
қолдануға тиіс.
Жоғарыда айтып өткендей азаматтық, отбасылық, еңбек қатынастарынан
туындайтын дауларды шешу мен қатар азаматтық іс-жүргізуде соттар әкімшілік
құқықтық қатынастардан туындайтын істер мен ерекше өндіріс істерін де
қарайды. Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою
тәртібі мен жүргізілетін істерге мыналар жатады: әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулларына дау айту туралы
істер; Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық
бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша:
Мемлекеттік өкілет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық
бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік
қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айтуы туралы істер;
Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер;
Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін
заңсыз деп тану туралы жүгінуіне байланысты істер.
Азаматтық іс жүргізу құқығында Талап өндірісі, Ерекше талап өндірісі
және Ерекше өндірістермен қатар Бұйрық арқылы іс жүргізу, яғни бұйрық
өндірісі де ерекше орын алады.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 13-тарау 139-бабы бойынша сот бұйрығы
өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді
немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және
сотта іс қарамай-ақ ,даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы
арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.
Сот бұйрығының атқарушылық күші болады,сондықтан ол атқару үшін
белгіленген тәртіптермен жүзеге асырылады.
Сот бұйрығын сүдья шығару үшін мынандай талаптар міндетті түрде болу
керек.
1.егер талап нотариатта куәландырылған мәмілелерге негізделсе,
2.егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса,
3.егер талап төленбеген векселге, акцептің болмауына, және нотариус жасаған
акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе,
4.егер әкеліктің белгілеуіне немесе үшінші тұлғалардың тартылуына қатысы
жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы
талапқа мәлімделген болса,
5.егер азаматтардан және заңды тұл,алардан салықтар мен басқа да міндетті
төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,
6.егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге
төлемдердіөндіріп алу туралы талап мәлімделген болса,
7.егер жауапкерді немесе борышкерді іздестірген шығындарды өндіріп алу
туралы талаптарды ішкі істер органдары мен қаржы полициясы мәлімдеген болса
шығарылады.
Сот бұйрығының тарихы өте әрiден басталады, ол революцияға дейiн
ресей үдерiсiнде, бұрынғы КСРО-да, сол сияқты ежелгi Рим, Англия, Батыс
Германия, Австрия, Швеция, Венгрия мен Чехославакиядағы шетелдiк сот iсiн
жүргiзу жүйелерiнде ертеден белгiлi.
Рим құқығында сот бұйрығы преторлық қорғау үлгiсiнде болған, претор
(судья) арызданушының өз мүддесiне нұқсан келгенi жөнiндегi өтiнiшi бойынша
қандай да болсын iс-әрекеттi дереу тоқтату туралы өкiм еткен. Мұндай өкiм
интердиктер деп аталып, үзiлдi-кесiлдi және шүбәсiз санатқа ие болған.
Претор ақиқат презумпциясына шартты түрде сүйене отырып, деректердi
тексерместен осындай шешiмге баратын.
Батыс Германияда да сот бұйрығы болды. Император соты тәжiрибесiнде
шартты және шартсыз бұйрықтар қолданылды. Соңғысында борышкердiң iстiң
мәнiсiмен келiспейтiнi туралы мәлiмдеуiне мүмкiндiк жасалып, бұйрық беру
немесе сотқа тыйым салу жүзеге асырылатын. Мұнымен бiрге соттың қатар
жарылғымен қатар бұйрықта айып салынуы себептi қарсылығы жоқ болса,
қығырлығы үшiн айып салу мүмкiндiгi көрсетiлетiн. Осыған орай қарыз алушы
сот бұйрығын сөзсiз орындауға мiндеттi болды және бұйрыққа қарсы қорғау
құқығы шектелдi. Мұндай бұйрықтарды соттар құжат бойынша берешек
мiндеттемесiн атқарумен байланысты беретiн, борышкер болса, несие иесiнiң
сот және сотсыз талап ету құқығына қарсылық көрсетпейтiн.
Азаматтық iс жүргiзудiң құқықтық жүйесiнде қолданылатын сот бұйрығы
жөнiнде алуан пiкiр айтылуда. Батыс Германияда, Австрияда, басқа да
батысевропалық мемлекеттерде пайдаланылып келген шарты бұйрық жауапкердi
сотқа шақырмай-ақ арызбен талап етудi, сондай-ақ оның несиелерге қатысты
мiндеттемесiн орындау қажеттiлiгiн есiне салатын қағаз секiлдi. Бұлардың
айырмашылығы сол, түрлi мақсаттарға жетуге бағытталған және әр түрлi
құқықтық салдарға апарып соқтырады.
Револяциядан бұрынғы Ресейдегi сот бұйрығы тәжiрибесiне қарағанда олар
талассыз iстердi шешуде аса қолайлы және арзан жол ретiнде қолданылған және
егер жауапкер өз мiндеттемесiн еркiн түрде орындамаған жағдайда несиегердiң
қолына талап етер соманы немесе iстi орындату жөнiндегi құжаттарды
беретiн[4].
Кеңестiк заңнама көбiнесе революцияға дейiнгi құқықтық иедяға табан
тiреп, азаматтық сот жүргiзудегi сот бұйрығын жоққа шығармады. 1923 жылғы
Азаматтық iс жүргiзу кодексi (210-219 баптар) бойынша судья сот бұйрығын
беруден бас тартуға және сұраушыға әкелген құжаттарын қайтарып беруге
құқылы болды, тараптардың сотқа қатысуы көзделмедi, жауапкер сот бұйрығы
болғаны жөнiнде сот орындаушысының хабар-қағазынан ғана бiлдi. Ол iстi
қарауға шақырылмайды, өз келiспеушiлiгiн бiлдiру мүмкiншiлiгiнен айрылды,
тiптi сот бұйрығын беру туралы шешiмнен де бейхабар болды. Онда сот
бұйрығын коссациялау тәртiбiне шағым келтiруге тиiстi.
Сот бұйрығы институты негiзiнен нарықтық экономика жағдайында ғана
болғандықтан ол ХХ ғасырдық 30-50 жылдарындағы кеңестiк кезеңiндегi
азаматтық реттеудiң барлық саласында қолданылмай келдi. Осыған орай 1964
жылғы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде де оған лайықты орын берiлмедi,
отандық (кеңестiк) заңнамада ұзақ жылдар бойы негiзсiз ұмытылды. Алайда,
бiрнеше ондаған жылдардан кейiн, яғни 1995 жылғы 27 қазанда РСФСР-дiң
азаматтық iс жүргiзу кодексiнде сот бұйрығы деген жаңа 11-тарау
енгiзiлдi.
Сонымен қатар бұрынғы бiрқатар социалистiк елдердiң заңнамаларында
азаматтық iстер бойынша сот бұйрығын шығару көзделедi, бұл тәжiрибе ерекше
назар аударуға тұрарлық өзiндiк құқықтық жаңалық болды.
Мәселен, Венгрия сот бұйрығы iстi адал ниетпен жүргiзу ұстынын жақсы
жүзеге асыру, тараптардың сотқа көмектесу сезiмiн ойдағыдай ояту және
азаматтық iс жүргiзу тиiмдiлiгiн көтеру үшiн 1972 жылы енгiзiлдi.
Венгер ғалымы Я. Неметтiң пiкiрi бойынша сот бұйрығының тиiмдiлiгi оны
жиi қолдану арқылы емес, жауапкердiң белсендiлiгi мен тәртiбiн жақсартумен
сипатталады. Сот бұйрығының профилақтикалық әсерi анағұрлым елеулi болып
табылады.
Венгрияның азаматтық iс жүргiзуiне сот бұйрығы енгiзiлгенге дейiн
борышкер соттың бiрiншi мәжiлiсiне қатыспайтын, мұның өзi iстi оралымды
шешуге көлеңкесiн түсiретiн. Жауап берушiнiң келмеуiне және көзқарасына
қарамастан азаматтық iстi бiрiншi мәжiлiстiң өзiнде шешу жөнiнде сотқа
құқық берiлгеннен кейiн жауапкердiң сот талқылауына қатыспауының аяғы неге
апарып соғатынына сергек қарап, шақыруға құлақ қоюына мәжбүр еттi.
Кейiнректе Венгриядағы сот бұйрығы жауапкердiң сотқа қатыспағаны үшiн
келiсiмi (санкция) ретiнде саналатын болды. Мiне, венгр ғалымдары осыны
дәйектi түрде қолдауда, сондықтан да ол бұл елдiң азаматтық iс жүргiзу
заңнамасында қолданылуда.
Сот қаулысының осыған ұқсас түрi бұрынғы ЧССР-дiң азаматтық iс
жүргiзуiнде болып, ол төлем бұйрығы деген атпен азаматтық iс жүргiзудiң
белгiлi санаты бойынша қолданылды. Сот жауапкер сөзiн тыңдамай-ақ мүдделi
жақтың талап етуi бойынша төлем бұйрығын шығарды. Сот төлем бұйрғын шығару
үшiн талапкердiң несиенi төлеу жөнiнде алдын ала жауапкерден талап етуi
қажет болды, ал оның көшiрмесi талап арызына тiркелдi.
Чехославакияда төлем бұйрығынан басқа вексельдiк (чектiк) сот бұйрығы
болғаны белгiлi, сот оны арызданушы сотқа вексельдiң түпнұсқасын әкелгенде
шығаратын. Мұндай бұйрықтарға үш күн iшiнде қарсылық мәлiмдемесi вексель
бұйрығын бұзуды емес тек iс қарауды тағайындау үшiн әрекетiн тоқтата тұруды
мегзеген. Бұдан кейiн сот тарапынан вексель бұйрығын күшiнде қалдыру немесе
бұзу жөнiнде шешiм қабылданатын.
Азаматтық сот iсiн жүргiзуде сот бұйрығының тарихи сипатын есепке ала
отырып және сот билiгiн реформалау мақсатымен 1999 жылғы 13 шiлдеде
елiмiздiң заң шығарушылары Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу
кодексiне толықтырулар енгiзудi, соның бiрi 13-тарау Бұйрық арқылы iс
жүргiзу болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң жаңа нормларына
сәйкес сот бұйрығы өндiрiп алушының ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе
жылжымайтын мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп алушыны олардың
түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ, даусыз талаптар бойынша
борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актiсi болып
табылады (ҚР АIЖК 139-бап).
Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 146-бабында
көзделген талаптар бойынша судья сотқа түскен арыз бойынша сот бұйрығын
шығару үшiн арыздың мазмұнымен жеке-дара танысады, егер талап қою арқылы
жүгiнген жағдайда, дауға салынатын сомадан аударымдарды негiзге ала отырып
50 пайыз ставка мөлшерiнде мемлекеттiк баж төленедi.
Сот бұйрығын беру туралы арыз талапқа сай болуы қажет, яғни өндiрiп
алушы сотқа борышкердiң мiндеттемесiн нақты растайтын мiндеттемесiнiң
түпнұсқасын және басқа да құжаттар тапсыруы тиiс. Мәмiленiң жазбаша мәтiнi
сотқа түсiнiктi болғаны жөн, оның шарттары заңмен бекiтiлген талаптарды
куәландыратындай болуы керек.
Судья сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн iшiнде борышкердi, өндiрiп
алушыны олардың түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ мына жағдайларда:
егер талап нотариатта куәландырылған мәмiлеге негiзделсе; егер талап
жазхбаша мәмiлеге негiзделсе және оны жауапкер таныса; егер талап
төленбеген вексельге, акцептiң болмауына және нотариус жасаған акцептiң
күнi белгiленуiне бiлдiрiлген наразылыққа негiзделсе; егер әкелiктiң
белгiленуiне немесе үшiншi тұлғаларды тарту қажеттiлiгiне қатысы жоқ,
кәмелетке толмаған балалар үшiн алименттердi өндiрiп алу туралы талап
мәлiмделген болса; егер қызметкерге есептелген, бiрақ төленбеген жалақы мен
өзге де төлемдердi өндiрiп алу туралы талаптарды iшкi iстер органдары
немесе салық полициясы мәлiмдеген болса; егер елу айлық мөлшердегi сомаға
тұтынушылардың құқықтарын қорғауға талап мәлiмдеген болса, егер лизинг
туралы заңнама кесiмiне сәйкес талап мәлiмдеген болса, сот бұйрығын
шығарады.
Iс жүргiзу әрекетiне тиiсiнше хаттама жасалмайды. Сот бұйрығына соттың
кәдуiлгi шешiмi сияқты талап қойылады, бұлар: заңдылық пен дәлелдiк.
Сот бұйрық шығарғаннан кейiн судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның
көшiрмесiн дереу борышкерге жiбердi.
Егер борышкерден белгiленген мерзiмде сотқа қарсылық келiп түспесе,
судья өндiрiп алушыға оны орындауға көрсету үшiн соттың мөрiмен
куәландырылған сот бұйрығын бередi.
Сотқа жүгiнгенде жоғарыдағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, судья
өтiнiш берушiнiң арызын қабылдамайды, не талапқа сәйкес келмегендiктен
өзiне қайтарады.
Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелдi сот бұйрығы шығарады,
онда егер iс азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қарауға және шешуге
жатпаса, талап қоюшының қандай сотқа жүгiнуi жөн екендiгiн көрсетедi.
Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда өндiрiп алушы енгiзген
мемлекеттiк баж қайтарылады.
Жоғарыда аталған тармақтар бойынша талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты
жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана
туралы және сол негiздер бойынша талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты
жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана
туралы және сол негiздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгiнуiне
кедергi келтiрмейдi.

1.2. Азаматтық iс жүргiзудегi сот шешімінің сот бұйрығынан
айырмашылығы.

Шын мәнiнде, барлық азаматтық iстер бiр-бiрiне ұқсамайтын түрлiше болып
кездеседi. Сондықтан да кейбiр iстердi тез шешуге тура келедi. Талап қою
бойынша iс жүргiзудiң жалпы тәртiбi азаматтық дау-дамай iстерiне арналған,
бұларды тиiстi дәрежеде қарау және шешуде бiрқатар заңды қалыптасқан
тәртiпте жүзеге асыруға тура келедi. Дау-шарасыз iстердi шешуде талап қою
бойынша iс жүргiзуде сайысушылық ереженi сақтау азаматтық құқықты
қорғаудағы сот нысаны тартымдылығын айтарлықтай кемiтедi. Осыған орай
Азаматтық iс жүргiзу кодексiне жаңа тарау – сот бұйрығын енгiзу мiндетi
алға қойылды.
Сот бұйрығының сот шешiмiнен айырмашылығы бар, сот шешiмiн сот кез
келген азаматтық iске шығара алады, онда талапкердiң немесе жауапкердiң
талап қою арызы бойынша соттың билiктiк пiкiрi баяндалуы мүмкiн. Бұйрық
арқылы iс жүргiзуде сот талап қоюдың белгiлi бiр билiгiн ғана шешедi, заңда
көрсетiлмеген талаптар бойынша сот бұйрығы берiлмейдi.
Шешiм – iстiң мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы сот қаулысы. Шешiм
шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға бередi, iс үшiн маңызы бар қандай
мән-жайлардың анықталғанын, тараптардың қанағаттандырылуға жататынын-
жатпайтынын айқындайды. Сот бұйрығының мазмұында ешқандай дәлелдемелер
болмайды. Бұдан біз сот шешімінің маңызын айқындайтын екі элементті
көреміз:
1. Бұйрық элементі
2. Бекіту элементі
Сот шешімінің маңызы туралы мәселені зерттегенде сот шешімінде тек
бұйрық элементі бар деп шектелмеу керек. Сот шешіміндегі бұйрық элементі
тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастың бар жоғын бекітетін сот
бекіту элементінің бар болуынан туындайды. Бұзылған немесе нұқсан
келтірілген құқықты қалпына келтіру үшін әділсоттылық актісі – сот
шешімінде мемлекеттік органның бұйрығы болуы шарт. Ал кері жағдайда
бұзылған құқық қорғалды деп санауға болмайды.
Сот шешімінде декларативтік және императивтік жағдайлардың болуы
әділсоттылық актісі ретінде сот шешімінің ерекшелігін білдіреді.
Сот шешімін бір уақытта бекіту және бұйыру актісі ретінде тану
әділсоттылық табиғатынан туындайды. Сот шешімінің бұл 2 элементі сондықтан
да бір-бірінен ажыратылмайды.
Сот өз шешімінен нақты құқықтық қатынастың, субъективтік азаматтық
құқықтың немесе іс қозғауға себеп болған фактінің болғанын немесе
болмағанын бекітеді. Мұндай бекіту өз мазмұны бойынша болымды және болымсыз
күйде болады. Сот құқықтық қатынастың бар жоғын бекіту арқылы осы құқықтық
қатынастың болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына ықпал ететін белгілі заңды
фактілердің бар жоғын бекітеді. Сот қарайтын талаптың түріне байланысты сот
бекітуінің сипаты да әртүрлі болады. Сондықтан да, осы мәселе бойынша
анамиз жасағанда жекелеген категориядағы істерді қарау ерекшеліктерін
ескеру керек.
Сот шешімімен беру туралы талапты қанағаттандырғанда сот бекітуінің
пәні болып табылады.:
1. Талапкер мен жауапкер арасындағы құқықтық қатынас
2. Талапкердің субъективтік құқығы
3. Талап негізделген фактілер
4. Сот негізіне алынатын өзге де әртүрлі фактілер
Беру туралы талаптың мақсаты жауапкердің талапкер пайдасына белгілі
бір мүлікті немесе ақша сомасына не белгілі бір іс-әрекетті жасауын сот
арқылы бекіткізу болып табылады. Сондықтан да сот талапкердің субъективтік
құқығын білдіретін жауапкер мен талапкер арасындағы қарым-қатынастың бар
жоғын дұрыс анықтау керек.
Ал, тану туралы талапты қанағаттандырғанда сот шешімінің бекіту
объектісі де осы сияқты. Бірақ талапкер тану туралы талап қойғанда
жауапкерден белгілі бір затты немесе ақша сомасын өндіртіп алуды неғ қандай
да бір іс-әрекетті өз пайдасына істеуді талап етпейді. Сондықтан да
талапкер мәжбүрлі түрде орындату немесе мәжбүрлі түрде құқықтарды жүзеге
асыру туралы сот шешімін алуға мүдделі емес. Тану туралы талапты
қанағаттандырғанда сот құқықтық қатынастың бар жоғы туралы даулы мәселені
шешеді.
Сонымен тану туралы талапты қарағанда сот бекітуінің объектісі болып
табылады:
1. тараптар арасындағы құқықтық қатынастыр
2. талап негізделген фактілер
3. арнайы сот пайымдауына негіз болатын өзге де фактілер
Сот өз шешімімен тану туралы талапты қанағаттандырғанда тараптар
арасындағы қатынастар жоғымды және жағымсыз сот бекітуінің объектісі болуы
мүмкін.
Жағымды бекіту сот белгісі құқықтық қатынастың бар екендігін тану
туралы талапты қанағаттандырғанда көрініс табады. Мысалы: Авторлық құқықты
тану туралы жағымды талап жән т.б.
Керісінше жағымсыз бекіту сот белгілі құқықтық қатынастың жқ екендігін
тану туралы талапты қанағаттандырғанда көрініс табады. Мысалы: тараптар
арасындағы шарттың жарамсыздығын тану туралы талап, әкесі еместігін тану
туралы талап және т.б.
Құқықтық қатынасты әрі жағымды әрі жағымсыз бекіту мүмкіндігі тану
туралы талапты қанағаттандырған сот шешімінің ерекшелігін сипаттайтын белгі
деп тану керек.
Ал беру туралы талапты қанағаттандырғанда сот шешімінде тек жағымды
сот бекіту ғана (болуы мүмкін) болады. Кері жағдайда талап
қанағаттандырылмайды.
Шын мәнінде сот кез-келген беру туралы талапты қанағаттандырғанда
талапкердің жауапркеден талап ететіндігі субъективтік құқығы бар екендігін
бекітеді. Егер мұндай субъективтік құқық талапкерде болмаса онда көп
жағдайда талапкер мен жауапкер арасындағы құқықтық қатынаста болмайды.
Алайда, практикада тану туралы талаппен беру туралы талап 1 талап
арызда бірге келетін жағдайлар аз кездеспейді. Мысалы: шартты жарамсыз деп
тану және негіссіз алған заттар мен ақша қаражаттарын өндіріп алу туралы
талап-арыз; заңсыз жұмыстан қуылғанын тану, жұмысқа қайта орналастырып беру
және лажсыз бос жүрген жұмыс күндері үшін жалақысын өндіріп алу туралы
талап арыз.
Мұндай қосылған талаптарды қарағанда, мәселен сот шартты жарамсыз деп
тану және осы шарт бойынша негіссіз алғандарын өндіріп алу туралы талапты
қанағаттандырғанда сот өз шешімімен:
1. шарттың жарамсыз болуына байланысты құқықтық қатынастың жоқ екендігін
2. жарамсыз шарт негізінде заттар мен мүліктік жиналымдарды, ақшы
қаражаттарын алуна байланысты құқықтық қатынастың бар екендігін
3. негізсіз алғандарын қайтару туралы талапкердің талап етуін бекітеді.
Сондай – ақ сот тану туралы талапты қанағаттандырғанда, талап
негізделген фактілерді де бекіту керек. Сот алдымен өз шешімінде қандай
заңды фактілер нақты даулы құқықтық қатынасты туындатқандығын немесе жойып
жібергенін анықтап бекіту керек. Бұл заңды фактілерді анықтамай сот
объективті шынайы құқықтық қатынастың бар жоғы туралы тұжырымға келе
алмайды.
Ақыр соңында сот талап негізінен тыс тұратын фактілерді яғни соттың
арнайы қарауына негіз болатын фактілерді бекітеді. Шешімді орындаудың
белгілі бір тәртібіне және мерзіміне қатысты мәселелер соттың арнайы
қарауына жатады. Бұл мәселерді анықтаудың беру туралы талап бойынша шешім
шығарылғанда маңызы зор. Ал тану туралы талаптарды қарағанда бұл фактілерді
анықтаудың маңызы 2-ші деңгейде тұрады.
Сол арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау олардың арасындағы құқықтық
қатынасты өзгерту немесе тоқтату жолымен де жүзеге асырылады. Сот
талапкердің жауапкер екуінің арасындағы құқықтық қатынасты өзгерту немесе
тоқтату туралы талабын қарағанда сот бекітеді:
1. Талапкер ойынша тоқтатылуға не өзгертілуге жататын нақты қандай
құқықтық қатынас дауласушы тараптар арасында бар екендігін;
2. Заң бойынша осы құқықтық қатынасты тоқтатуға немесе өзгертуге жол
беретін заңды фактілердің бар жоғын.
Ақыр соңында сот шешімінде нақты қай заңды факті негізінде құқықтық
қатынас тоқтатылғанын немесе өзгертілгенін көрсетіп кетуі керек.
Өзгертілген құқықтық қатынас мазмұнын сот анықтайды.
Мысалы: Жалдап алушының басқа жаққа кетіп қалуы және оның жалдап алған
тұрғын үйде 6 айдан көп уақыт болмағандығы көрсетілген тұрғын үйді жалдау
шартын тоқтату туралы талапты қарағанда сот:
1. Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тараптар арасындағы құқықтық
қатынастың бар екендігін;
2. Жауапкердің басқа жаққа кетіп қалуы және жалдаған тұрғын үйде 6
айдан көп уақыт болмағандығы туралы фактіні;
3. Тиісті заңдарға сай тараптар арасындағы құқықтық қатынасты тоқтату
туралы фактіні бекіту.
Енді ерекше жіне ерекше талап өндірісі істері бойынша шығарылған сот
шешімдерін қарастырып өтейік. Жоғарыда айтылып өткендей сот ерекше және
ерекше талап өндірісі істерін қарағанда белгілі құқықтық қатынастың не
фактінің даулылығын жою арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды мақсат етеді. әрине сот осы істер бойынша да белгілі құқықтар мен
фактілерді өз шешімімен бекітеді.
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы ерекше өндіріс істерде сот
өз шешімімен арызданушының жеке не мүліктік құқықтарының пайда болуына,
өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін фактілерді бекітеді.Дәл сондай
заңдық маңызы бар белгілі фактілерді сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп
тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы және өзге де ерекше
өндіріс істерін қарағанда бекітеді.
Жекелеген жағдайларда беру туралы талапты қанағаттандырмағанда сот
тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастың бар екендігін және
талапкердің жауапкерге талап етуінің жоқ екендігін бекітуге мәжбүр болады.
Мысалы: талапты ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қанағаттандырмау. Мұнда
сот тараптар арасындағы белгілі азаматтық құқықтық қатынастар бар
екендігін бекітуге мүмкіндігі бар, бірақ сонымен қатар ескіру мерзімі
өтуіне байланысты талапкердің талап етуінің жоқ екендігін анықтайды[5].
Істі қарау барысында талап пәнін не негізінсот өз бастамашылығымен
өзгерте ала ма деген сауал процессуалдық әдебиеттерде даулы мәселеге
айналды. Іс жүргізудің диспозитивтік қағидасына сәйкес талап пәнін не
негізіг өзгерту құқығы талапкерге берілгені бәрімізге аян. Алайда бір топ
авторлар сот бастамашылығымен талап пәнін не негізін өзгерте алады деп
пайымдайды[6]. Я.Л.Штутин ойынша сот өз бастамашылығымен тек талап
негізін өзгертуге құқылы, ал талап пәнін өзгерте алмайды[7]. Ал,
Д.И.Полумордвинов[8] былай жазған: Сотқа өз бастамашылығымен талап пәнін
не негізін өзгерту құқығын беруге болмайды.
Біздің ойымызша осы мәселе бойынша тек Д.И.Полумордвинов пікірімен
ғана келісуге болады. Себебі, талап қою құқығы тек тараптарға беріледі.
Талапкер өз талабында өзінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған дығы
немесе нұқсан келтірілгендігі туралы фактілерді келтіреді және соттан
өзінің бұзылған не нұқсан келтірілген құқығын қорғауды сұрайды. Егер біз
талап пәнін немесе негізін өзгерту құқығын сотқа берсек онда бұл талапкер
құқығын шектегеніміз болады және іс жүргізудің диспозитивтік қағидасына
қайшы келеді.
Сонымен қатар мұндай әрекет заңға қайша келеді. Іс жүргізу заңдарына
сәйкес соттың өз бастамашылығы бойынша талап қою пәнін немесе негіздемесін
өзгертуге құқығы жоқ. (ҚР АІЖК 49-бап, 2-тармақ.)
Мемлекеттік билік органы актісі ретінде сот шешімі кез-келген жағдайда
және кез-келген іс бойынша сот бұйрығының көрнісі. Сот шешімінің қорытынды
бөлімі шешімнің бұйрықтық сипатын білдіретіндігі бәрімізге аян. Со өз
шешімімен жауапкерден талапкерге белгілі бір ақша сомасын не мүлікті
өндіріп беріп немесе жауапкерге белгілі бір әрекет жасауды міндеттеу
арқылы іс-жүргізуге қатысушы тараптардың әсіресе жауапкердің істеуге тиіс
белгілі бір әрекетін, қатынастарын анықтайды. Мысалы: тұрғын үйді босату
туралы, талапкерді қайтадын жұмысқа орналастыру туралы және т.б.с.с. сот
бұйрықтарын тараптар орындауға міндетті.
Бұйыру элементі кез-келген сипаттағы со шешімінің ажырамас бөлігі.
Сондай-ақ сот шешімінің орындалуы егер ерікті түрде жүзеге асырылмаса онда
мәжбүрлі түрде тиісті мемлекет органдармен орындатылатыны бізге заң жүзінде
әрі практикада мәлім.
Соттың азаматтық істі шешуде объективті шынайы құқық нормаларын
қолдануының, шешімнің орындалуында маңызы ерекше. Сот нақты азаматтық
құқықтық дауды шешкенде заңның еркін білдіреді. Осы тұрғыда сот шешімін
еріктілік акті ретінде қарастырған жөн. Сот шешімі нақты іс бойынша
қолданылған заңда көрініс табатын халықтың еркін білдіреді.
Сот шешімі нақты азаматтық-құқықтық дауды шешкенде тиісті заң
нормаларын қолдану арқылы тараптардың құқықтық қатынастарын және белгілі
фактілерді бекітуді білдіретін мемлекеттік билік органының ерік білдіру
актісі болып табылады.
Құқықтық норма сот шешімінде өзінің нақты қолданысын табады. Осыған
байланысты теория мен практикада жеке сипатқа ие келесі тұжырымдарды
келтірген жөн:
1. кез-келген сот шешімі заңға негізделуі тиіс және бұл туралы шешімде
тікелей көрсетілуі керек. Сот шешімі материалдық құқықтық нормалар
негізінде, процессуалдық құқық нормаларын сай шығарылады. Осыған байланысты
М.К.Треушников былай жазған: Кез-келген азаматтық істерді қарағанда сот
тиісті материалды құқықтық нормалар негізінде процессуалдық нормаларды
қолданады. Сондықтан да сот шешімін материалдық құқық нормаларын қолдану
актісі деп айтамыз[9].
2. Нақты жеке жағдай бойынша мемлекет актісі ретінде сот шешімінің
заңдық күшін заңның күшін көрсетуші белгі ретінде тану керек. Құқықтық
әдебиеттерде осы тұрғыдағы сауалға Д.И.Полумордвинов көзқарасы мынандай:
... Сот шешімі өзінің заңи табиғатынан, заңды жүзеге асырушы акт болуы
шешімінің заңдық күшіне негізделеді. Құқықты көрсету формасы ретінде заң
сот шешімімен жүзеге асырылып сот шешіміне құқыққа тән заңдық күш бере
алмауы мүмкін емес. Құқықтың заңдық күшінің бейнесі сот шешімінің заңдық
күші болыр табылады[10].
Ата-заңымыз конституцияға және ҚР сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы конституциялық заңға сәйкес ҚР-да сот төрелігін тек сот
ғана жүзеге асырады және ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья
өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
(Конституция 75-бап).
Сот шешімі заңды, егер оны шығарған сот және оның құрамы заңға сәйкес
құрылған және әрекет еткен болса. (ҚР АІЖК 37-бап). Заңсыз сот құрамының
процессуалдық құқықтық қатынас субъектісі ретінде әрекет ету қабілеті жоқ
және ол шығарған сот шешімі заңсыз болып табылады.
Соттың 1-ші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет етуші
судья жеке дара қарайды, ал, апелляцияқ немесе қадағалау сатысындағы
істерді соттың алқалы құрамы қарайды. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың
құрамына саны тақ, кем дегенде үш судья кіруге тиіс, олардың біреуі
төрағалық етуші болады. Азаматтық істерді соттың алқалы құрамы қараған және
шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады және іс бойынша
туындаған мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені
шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес.
Төрағалық етуші ұсыныстар енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан дауыс
береді. Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті
және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады. Ол төрағалық етушіге
тапсырылады және конвертке салынып, мөр басылып іске қоса тіркеледі. Ерекше
пікірімен апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот осы істі қарау
кезінде танысуға құқылы Судьяның ерекше пікірі бар екендігі іске қатысушы
тұлғаларға хабарланбайды және ерекше пікір сот отырыс залында
жарияланбайды.
Сондай-ақ, істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре
алмайды. 1-ші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья сол істі
апелляциялық немесе қадағалау сатысында қарауға сондай-ақ оның қатысуымен
қабылданған шешім күшін жойған жағдайда 1-ші сатыдағы сотта істі жаңадан
қарауға қатыса алмайды. Өйткені, судья істң бірінші қараған кезде іс
бойынша бір тұжырымға келген, ол шешімді қайтадан объективті және дұрыс
қарауына кедергі келтіреді.
Сонымен, жоғарыда айтылған процессуалдық тәртіпті бұзу іс бойынша
заңсыз шешім шығарылуға алып келеді. Сондықтан да азаматты істі сотта қарап
шешуде іс-жүргізу нормаларын қатаң сақтаған жөн. Бұл іс-жүргізу нормаларын
қатаң сақтау сотшешімінің заңдылығынқамтамасыз етуде маңызы зор екендігін
білдіреді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе материалдық заңды қолдану
аясындағы сот шешімі заңдылығының шарттары деп танимыз:
а) Даулы құқықтық қатынасты реттейтін құқықтық нормаларды дұрыс
анықтауды;
б)Құқықтық нормаларды дұрыс талқылау, заңдық маңызы бар фактілерді
анықтау мақсатында құқықтық норманың шынайы қолданылу аясын түсіну.
Сот өзінің құқықтық қатынас туралы тұжырымының объективтік
шынайылығына тек осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтық норманы
басшылыққа алғанда ғана жетеді. Талап-арызда көрсетілген істің мән-жайы
сотқа даулы құқықтық қатынас сипаты туралы бағдарлы түсінік және алдын-ала
құқық нормасын анықтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен заңдық маңызы
бар фактілерді және оларды дәлелдейтін дәлелдемелерді анықтаймыз.
Осылардың негізінде даулы құқықтық қатынасты реттейтін материалдық құқық
нормаларын анықтап білеміз.
Ал, бұл құқықтық норманы дұрыс талқыламай, оның мазмұнын түсінбей
орынды қолдану мүмкін емес. Сондықтан да кез-келген құқықтық норманы,
тіпті ол алғашқыда оның түсінікті болып көрінсе де қолданбас бұрын оны
талқылаған жөн. Құқықтық норманы талқылау бұл оның мазмұнын ашуды
білдіреді. Осыған байланысты А.А.Пиантковскийдің келесідей пікірімен
келісуге болады: Қылмыстық заң диспозициясы қаншалықты түсінікті
құрастырылса да, нақты қылмыс құрамының қажетті белгілері қаншалықты анық
көрсетілсе де, қылмыстық заңды дұрыс түсіну процессінің қажетті сатысы
ретінде қылмыстық құқықтық норманы нақтылау қажеттілігі әрқашанда
сақталады[11].
Шешiм шығару тәртiбi заңмен нақты және толық реттеледi. Шешiм кеңесу
бөлмесiнде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi,
ал бұйрықта бұлай емес, заң бұл жағын қатаң талап етпейдi.
Бұйрық пен шешiмнiң субъективтiк құрамында да айырмашылық бар. Бұйрық
арқылы iс жүргiзуде тараптар талап арызбен iс жүргiзудегiдей талапкер және
жауапкер емес, сотқа жүгiнушiнi өндiрiп алушы, ал өндiрiп алушының
берешектi талап ететiн тарабы борышкер деп аталады.
Шағым беру тәртiбiнде де өзгешелiк бар. Мәселен, сот шешiмi
шығарылғаннан кейiн түпкiлiктi нысанда он бес тәулiк iшiнде шағым жасалуы
тиiс.бұйрықта тек борышкер жағы шағым жасай алады. Борышкер сот бұйрығының
көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде байланыстың кез келген
құралдарын пайдалана отырып, мәлiмдеген талапқа келiспеген қарсылығын
бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы. Егер борышкерден белгiленген
мерзiмде мәлiм етiлген талапқа келiспеген қарсылық түссе, судья сот
бұйрығының күшiн жойып, ол туралы сот бұйрығы шығарады. Ал, туындаған дау-
дамай бойынша жалпы ережеге сәйкес талап арызбен сот iсi жүргiзiледi.
Сот бұйрығын (немесе соған ұқсас сот қаулыларын, тiптi бiрқатар елдерде
бұлар басқаша аталса да) соттың мiндеттерi мен қызметi жағынан талдау, сот
билiгiнiң шексiз құқығы сот қаулысының бұл ерекше түрi азаматтық құқықты
қорғаудың тиiмдi құралы болып табылатынын көрсетедi. Мәселен, Қазақстан
Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң осы тарауы қабылданған
сәттен бастап Алматы қаласындағы аудандық соттардың 2006 жылы сот
бұйрықтары арқылы жүргiзген iстерi мынадай: Алматы ауданы бойынша – 364;
Әуезов ауданында – 557; Бостандық ауданында – 558; Жетiсу ауданында – 360;
Медеу ауданында – 340; Түрксiб ауданында – 343.
Сайып келгенде сот бұйрығы енгiзiлгенге дейiн азаматтар көбiне сот
табалдырығын тоздырып, уақыты мен күшiн сарып ететiн. Өйткенi, азаматтық iс
жүргiзу айтарлықтай күрделi болатын. Бұйрық арқылы iс жүргiзiлгелi
азаматтардың өз құқықтарын тез және тиiмдi қорғауына қол жеткiзiлдi.
Азаматтық сот iсiн жүргiзуде жеңiлдетiлген құқықтық iс жосығын
пайдалану, оның iшiнде бұйрық арқылы iс жүргiзу процеске серпiлiс туғызып,
сот қорғауының тиiмдiлiгi мен ықпалын арттыра түсiп отыр.

ІІ. Сот бұйрығының заңды күші.

2.1. Бiрiншi сатыдағы сот бұйрығының заңды күшi.

Бiрiншi сатыдағы соттың бұйрығының заңды күшi ұғымының күрделiлiгiне,
зор теориялық және практикалық маңызына қарамастан, бұл мәселе заң
әдебиетiнде жеткiлiктi зерттелмеген. Iс жұзiнде көп жағдайда сот
шешiмдерiнiң заңды күшi туралы мәселелермен ұқсастырып шешiледi.
Профессор Н.Б. Зейдер сот шешiмiнiң заңды күшiн iс бойынша шығарылған
шешiмнiң ерекше қасиетi ретiнде көрсетедi, және бұл қасиет оның жалпыға
мiндеттiлiгiнен көрiнiс табады[12].
Заңды күш мемлекеттiк билiк органдарынан, оның iшiнде соттан туындайтын
актiлерге ғана тән. Сот актiлерiнiң ғана заңды күшке ие болуын Н.Б. Зейдер
былайша түсiндiредi:
1) сот шешiмi нақты қатынастарға қолданылатын заңның көрiнiсi болып
табылады;
2) сот шешiмiнде объективтiк шындық болады;
3) сот даулы мәселеге соңғы нүкте қояды және өз шешiмiмен белгiлi
тұлғалардың мiнез-құлқын анықтайтын бұйрық шығарады;
4) сот шешiмiне заңды күш беру бүкiл құқықтық тәртiптiң тұрақтылығына,
анықтылығына және бұлжымастығына байланысты.
Профессор Н.Б. Зейдер заңды күшiне енген сот шешiмi бес қасиетке ие
болады деп көрсетедi:
1) шешiмнiң өзгермейтiндiгi;
2) шешiмнiң бұлжымастығы;
3) шешiмнiң мiндеттiлiгi;
4) шешiмнiң айырмашылығы;
5) шешiмнiң орындалатындығы[13 ].
Бұл қасиеттерге М.Г. Авдюков, А.Ф. Клейнман, К.С. Юдельсон ұсынған
шешiмнiң преюдициялығы қасиеттерiн қосу дұрыс тәрiздi.
АIЖК-де бiрiншi сатыдағы соттың шешiмдерiнiң заңды күшiне арнайы
арналған бап көзделген. Бiрақ, сот бұйрығының заңды күшi жөнiнде ештеңе
айтылмайды.
АIЖК-ң 21-бабының 2-бөлiгiнде былай делiнедi: Заңды күшiнен енген сот
шешңмдерi, қаулылары мен бұйрықтары, сондай-ақ сотттар мен судьялардың
заңды өкiмдерi, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да
жолданыстары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды
адамдар мен азаматтар үшiн бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының
аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс. Осы нормадан сот бұйрығының заңды
күшiне енетiндiгi жөнiнде көруге болады.
Процессуалист-ғалымдардың арасында бiрiншi сатыдағы соттың бұйрығының
заңды күшiне енуiне байланысты әр түрлi пiкiрлер айтылды. Г.В. Воронков
бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығының заңды күшiне енетiндiгi жөнiнде
айтады. Ол бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығына заңды күш берудiң
қажеттiлiгi келесi мән-жайлармен түсiндiрiледi деп көрсетедi:
1. Бiрiншi сатыдағы соттың сот бұйрығы заңды, яғни ол заңдылық
талаптарына сәйкес келедi. Сот бұйрығының заңдылығы сот шешiмдерiнiкi
тәрiздi, заңды оның мазмұны мен мақсатына сәйкес бұлжытпай қолданудан
көрiнедi. Заңды қолдану актiсi бола отырып, сот бұйрығы өзi шешетiн
жағдайлар мен мәселелерге қатысты заң талаптарын көрсетедi.
2. Бiрiншi сатыдағы соттың бұйрығы бiрқатар мәселелердi шешедi. Бұл сот
төрелiгiн жүзеге асыру және заңдылықты сақтау үшiн қажет. Сот шешiмдегi
тәрiздегi сот бұйрығында да тұлғалардың белгiлi тобына олардың мiнез-құлқын
белгiлеу (қандайда бiр iс-әрекеттердi жасау немесе жасаудан бас тарту)
мақсатымен бұйрығын жiбередi. Егер соттың осы бұйрығына заңның беделi
қолданылмайтын болса, яғни заңды күшке ие бола алмайтын болса, онда соттың
беделi бос сөзге айналып, сот төрелiгiн iс жүзiне асыру мүмкiн емес болар
едi.
3. Iстiң нақты мәнжайлары көрсетiлетiн, олар талданатын және iске
қатысушытұлғалардың нақты сот бұйрығыда объективтiк шындық болады.
4. Сот бұйрығы құқықтық тәртiптi заңдылықты нығайтуға бағытталады.
Сондай-ақ, Г.В. Воронков былай деп көрсетедi: Бiрiншi сатыдағы соттың
сот бұйрығының заңды күшi сот шешiмдерiнiң заңды күшi тәрiздi мән-жайлармен
пайда болады және жоғарыда аталған шешiмнiң заңды күшiнiң қасиеттерiне ие
болады.
Әрi қарай ол өзi былайша өрбiтедi:Бiрiншi сатыдағы соттың барлық сот
бұйрығы заңды күшiне енгеннен кейiн осы қасиеттердiң бәрiне ие бола ала ма?
Брiншi сатыдағы соттың сот бұйрығының барлық топтарына берiлген талдау
заңды күшiне енген сот бұйрығының барлығының аталған қасиеттерге ие бола
алмайтындығы туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Мысалы, шешiм заңды
күшiне енгеннен кейiн өзгермейтiндiк қасиетiне ие болады. Өйткенi АIЖК-ң
230-бабының 1-бөлiгiне сәйкес iс жүзiнде шешiм жарияланғаннан кейiн шешiм
шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Бұл норма бiрiншi
сатыдағы соттың барлық сот бұйрығына бiрдей қолданылмайды. Сотпен
шығарылған сот бұйрығы (қорытындылаушы, кедергi келтiрушi, шығарылған
шешiмге байланысты және жеке сот бұйрығыды қоспағанда) нақты жағдайдың
өзгеруiне байланысты сотта қарау барысында сол сотпен өзгертiлуi немесе
мәнi бойынша қайта қаралуы мүмкiн. Мысалы, сот алдындақосымша куәнi
шақырудан бас тартып, кейiннен жаңадан өтiнiм берген кезде жаңа сот бұйрығы
шығару арқылы бұрынғы сот бұйрығының күшiн жойып, сол куәнi шақыртуы
мүмкiн. Бiрiншi сатыдағы соттың шағымдануға жатпайтын сот бұйрығы және сот
шешiмiне берiлетiн апелляциялық шағымнан бөлек шағымданыла алатын сот
бұйрығы сол сотпен өзгертiле алмайды, яғни заңды күшiне енiп, олар
өзгермейтiндiк қасиетке ие болады. Соттың шығарған әзiрлеушi сот бұйрығы
бiрден әекет ете бастайды, сөтiп сот үшiн және iске қатысушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріздендіру – терминологиялық қорды қалыптастыру жолы
Қазақ тіліндегі заң терминдерінің ерекшеліктері
ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Ұйымдағы басқару құжаттарының міндеттері
Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізуді, мұрағат қызметін заңдық және нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттеу
Құжат мәтінінің түрлері
Құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеу технологиясы
Құжат шаруашалық операцияларын жүзеге асыруға арналған қаржылық есеп беру туралы заңның уақытылы жасау
Соттағы іс жүргізу
Пәндер