Түркістан аймағындағы орыс әкімшілігінің құрылуы және оның орнығуы


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда қазақ ұлтының жаңаруы мен мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасу процесі жүріп, Қазақстан Республикасының дүниежүзілік тарихи дамудағы орны анықталып жатқан кезде, қоғам өміріндегі күрделі құбылыстармен тығыз байланыста қаралатын өткен тарихи шындықтарды қалпына келтірудің проблемалық маңызы артып отыр.
Үш ғасырға жуық уақыт бойы патшалық Ресейдің отарлық езгісі мен қызыл империяның қол астында болған қазақтардың қаншама қайғы қасірет көріп, ауыр азап шеккені және мәдениетімен қоса дербес ұлт ретінде жойылып кете жаздағаны зиялы қауымға мәлім. Қазір отаршылдықтың қамытын сыпырып тастап, еркін өркениетті даму жолына түскен шағымызда тарихымыздың өткеніне тағы бір көз жүгіртіп, халқымыздың басынан кешкен небір ауыртпалықтар мен қиыншылықтарды зерттеп білмейінше, өзіміздің бүкіл ұлттық рухани байлығымызды қайта жандандырып, одан әрі дамыта алмаймыз.
Академик Қозыбаевтың сөзімен айтар болсақ: «Егер біз ертеңімізді ойласақ, орыс империясы елімізді қалай жаулап алды, орыстандырды, шоқындырды, әскери отарлады деген сияқты өзекті проблемаларды зерттеуіміз абзал». Міне, сондықтан да, патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын обьективті түрде, ғылыми тұрғыдан зерттеу кезек күттірмес маңызды мәселелердің бірі.
Осы тұрғыдан алғанда менің тақырыбымның бүгінгі таңда өзекті болып отырғанын көреміз.
Орта Азия Ресейге қосылу барысында бұрын хандық билік негізінде өмір сүріп келген халықтың отаршыл саясатына бірден үйреніп демып кетті-деу қисынсыз. Себебі, қоғамның экономикалық өмірінде әсіресе еңбекші диқан және көшпелі мал өсіруші халықтарға ең басты жер керек еді. Ал жер мен малынан айырылған халықтың өркендеп дамуы прогресті болмағаны өзінен-өзі белгілі.
Күні бүгінге дейін Орта Азия мен Қазақ жерінің Ресейге қосылуын оның дамуына жол ашты деп келді. «Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының тарихи тағдырын өзгертті, дамуына прогресті әсер етті», - деп, бұл мәселе бүкіл оқулық беттерінде орнықты.
ХІХ ғасырдың ортасына дейін Орта Азия жерінің географиялық жағдайы ғана зерттелген еді. Қазақстан мен Орта Азия Ресейге түпкілікті күшпен қаратылып қосылғаннан кейін қазақтардың және аймақтағы басқа көптеген халықтардың салт-дәстүрі, шаруашылығы кеңінен алынып отаршыл мүддесіне алымдық жерлері мен шұрайлы суы мол орманды кеңістік жерлердің экономикалық жағынан тиімділігі зерттеліп, оны қоныстану басқармасы қорына беру, оны нақты іске асыру, жаппай жерді қазақтар пайдалануынан күшпен алумен жалғасты.
Қазақ халқының 98, 8% 20-ғасырдың басына дейін ауыл шаруашылығымен әсіресе көшпелі мал шаруашылығы басым болды.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақстандағы әкімшілік және аграрлық өзгерістер төңірегінде бүкіл ХІХ ғасыр бойы көптеген еңбектер жинақталған. Қазақстандағы аграрлық өзгерістер З. И. Кастельская, П. Г. Галузо зерттеулерінде көрініс тапты.
П. Г. Галузо өзінің Қазақстан және Орта Азияның Ресейге қосылуы прогресті маңызы болды дегені мен келіспейді.
Бұл кезде болып жатқан процесстер мына зерттеушілер еңбектерінде жазылды, ол И. А. Добросмыслов, К. Г. Гинс, Г. Н. Потанин және т. б.
З. И. Кастельская «История Туркистанского края» еңбегінде Түркістан аумағының әкімшілік және аграрлық қатынастарын жан-жақты зерттеп, жазған. Г. Кунов, Л. Шукуров еңбектеріде осы мәселеге арналды.
П. Г. Галузо Түркістан аймағына байланысты еңбектер жазып, орыс шаруаларының қаруланып қоныс аударуы, аграрлық мәселелерге арнаған.
Қазақстанның аграрлық мәселелеріне арналған Б. Сүлейменовті айта кеткен жөн. Ғ. Маймақов құқық саласында жазып Түркістан аймағының әкімшілік жағдайын зерттеген.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. 1865-1886 жылдары күрделі аграрлық мәселелер ауқымды жазылып, жарияланған еңбектердегі қағидалары, бүгінгі көз-қараспен талдап, оларды жаңаша зерделеу қажет. Болашақ зерттеулерді қателіктерден сақтандырып, объективті баға беруге бағыттау. ХІХ ғасырдың қарастырып отырған кезеңде патша өкіметінің отарлау саясатының, әкімшілік және аграрлық шараларының нәтижесінде дәстүрлі шаруашылықтағы өзгерістерді, қоныстандыру және жер мәселесі төңірегінде жарияланған еңбектерді қайта зерделеу және талдау.
Диплом жұмысының деректік негізі. Бітіру жұмысын жазу барысында «Материалы по истории политического строя Казакстана», «Казахское-Русские отношение в ХІХ в», дерек ретінде қолдандым. Бұнда Жетісу және Сырдария жерлерінің саяси құрылымы туралы деректер алынды.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. 1865-1886 жылдарың қамтиды.
Ғылыми зерттеудің методологиялық негізі. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген тарихи шындықты бағалаудың өркениетті әдістері негізге алынды. Зерттеу методологиялық маңызды құрамдар бөлігі рухани қайта өрлеудегі ұлттық идеология болды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұл тақырып бұған дейін көптеген авторлардың еңбектерінде жалпы немесе ат үсті сөз етіліп кеткені болмаса, ғылыми тұрғыда өз алдына жеке қарастырылып зерттелген жоқ. Сондықтан да аталған мәселе бұрын пайдаланылмаған деректер негізінде тарихи шындықпен, объективті түрде жан жақты талданып көрсетілді. Нақтылап айтқанда, зерттеу жұмысында төмендегідей жаңалықтар бар:
Біріншіден, жаңа басқару жүйесін енгізудің патша үкіметі үшін қажеттілігі мен себептері анықталды.
Екіншіден, осы кезеңде Түркістан өлкесіне «еркін қоныстануды» желеу етіп, орыс шаруаларын отарлық әкімшіліктің өзі жаппай орналастырғаны дәлелденіп, қазақ жерлерін тартып алудың әр түрлі айла тәсілдері айқындалды.
Үшіншіден, патша үкіметінің отарлық саясатының түпкі мақсаты қазақ қоғамын жіктеп бөлшектеу және ұлттық тұтастыққа жол бермеу екені жаңа әкімшілік басқару реформасы мен әкімшіліктің оны жүзеге асыру үшін қолданған түрлі амал шаралары арқылы дәлелденді.
Диплом жұмысының құрылымы: екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ОРЫС ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРНЫҒУЫ
1. 1 Жергілікті әскери және азаматтық билік
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Еуропа елдері отарлау саясатын жүргізе бастады, сөйтіп әлемді бөлісуді бастады, әлсіз елдерді жаулап бағындырды. Патшалық Ресей де Орта Азияға бет бұрды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Орта Азияда ішкі шиеленістің күшейген кезі еді, осыған байланысты отарлау саясатын жүргізу үшін үкіметке қолайлы кезең туды. Үкімет «Крепостной правоны» жойып, патшаға тиімді реформа (1961ж) дайындады.
Патшалық Ресей жаңа аймақты отарлауға үлкен сақтықпен, абайлықпен қарады. Ол жергілікті халықтың қарсылық көрсетуінен қорықты.
1866 жылы Түркістан аймағын әскери-әкімшіліктерге бөлді, оны басқаруға патша офицерлерін жіберді. Аймақты бөлу Азия халқының ұлттық экономикасына зиян келтірді. Алғашқы кезде әскери губерния Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Ол әскери министірге қарады. Азиялық бөліктің ролі жоғары болды, бас штаттың құрамына Камчатка, Сахарин, Сібір, Таяу Шығыс, Закавказия, Орта Азия, Қазақстан және Өзбек АССР-дың бүкіл территориясы кірді. Бұл жерлерде генерал-губернатор болып облыстың ең сенімді адамдары тағайындалды. Олар патшалыққа қызмет етушілер, оның бұйрығын бұлжытпай орындап отырушылар.
Алғашында Түркістан аймағының әскери-губернаторы генерал Черняев болды. Бірақ билік толық оның қолында болмады, себебі ол Орынборға қарады.
1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды, ол Сырдария және Жетісу облыстарын қамтыды. 1868 жылы оған Зеравшан округі, 1873 жылы Амудария, 1876 жылы Ферғана, 1899 жылы бүкіл Кавказ елдері қосылды. Түркістан генерал-губернаторлығының әскери және азаматтық билігі шексіз болды. Генерал-губернатор әскери басқарушыда болды.
Түркістан аймағының бірінші генерал-губернаторы П. К. Кауфман болды. Оны патша жайдан-жай тағайындаған жоқ. 60-жылдардың басында Кауфмен Петербургта әскери министірліктің канцеляр директоры болған. Кейін оны Вилендік генерал-губернаторлығына сайлаған еді.
Орта Азия орыстың отарлау иелігіне айналуы 60-жылдардың басы 80-жылдардың аяғын қамтитын кезең болған, ол расына келсек орыстардың қырғыз даласына келуі бұданда ерте басталған.
1854 жылы І Николай кезінде жиналыс өтеді, онда сол кезде жылжымалы болған Сібір сызығын Сырдария сызығымен қосу мәселесі қаралған. Әулие-ата, Шымкент және Түркістан қалалары алынғаннан соң ғана 1864 жылы іске асты. Орыстардың жаулаушылығы бұнымен аяқталмайды, олар ары жылжиды. 1865 жылы жаз кезінде Ташкентті жаулап алды. 1868 жылы Бұхар хандығымен жорығында Самарқант және Зеравшан алынды, ал 1873 жылы Хиуаға қарсы жорыққа Амударияның бірінші төменгі жағасын алды, кейін ол Амудария бөліміне айналды.
Қоқан, Бұқар және Хиуа хандары олардыорыс әскерімен қорлайтын келіс сөздер жүргізуге мәжбүрледі, олар сөйтіп орыс вассалдарына айналды.
1867 жылы Кауфман Ташкентке келеді, бұл қала кейін бүкіл Орта Азияның астанасына айналды. Буржуазиялық патша үкіметі Түркістан аумағын «түзеуші» деген. Бұл берілген баға Кауфманның оларға деген ілтипатын, оларды қорғап, көз қарастарын қорғап, 15 жыл көлеміне адал қызмет үшін берілген баға. Мемлекетке адал қызмет үшін Кауфманға «Алтын грамота» беріледі. Ресей отаршылары Кауфман «тұземдіктердің» ярым падишасы деп мақтан еткен. Ал расында оны «Джульбарыс аччики» деп атаған немесе «ашулы жолбарыс» деген сөз. Барлық отарлаушы сияқты Кауфман құрушы емес, халықты езуші еді. Оны қанша мақтап, мадақтаса да ол бостандыққа ұмтылған халықты қатігездікпен басушы. Ол сотсыз және тергеусіз халықты жер аударып жіберген Кауфман шаруалар көтерілісінен өте қорыққан. 1867 жылы министр Милютинге былай жазған: «Мұсылмандар немқұрайлық, сұлықтық білдіреді, бізді патшаны сыйламайды, менің келген қорытындым бойынша олар орыс билігіне қарсы ынғай болса тәуелсіздік алып құтылуын ойлайтынын баайқаймын»-деді. Олардың әрқайсысының басында әскери губернатор тұрды. Кейбір қалаларда әскери басшылар сайланып отырды. [2. 29 б. ]
Патша үкіметінің бес миллиондық халықты өз күшімен басқаруы мүмкін емес еді. Бөтен елге келіп және оны жаулап алып, енді осы елден тіреу іздеді. Орта Азияны Ресейге қосқаннан кейін патшалық билеуші таптан одақтас іздеді. Олар хан, би, бек, саудагер және басқа да өзбектің, қазақтың, тәжіктін, қанаушы табы патшалық генералға қалаларды, қамалдарды алуға көмектесіп, есесіне өз халқына қарсы соғысуға көмектескендер болды. Билік үшін, мәртебе, марапат үшін елін сатқан. Қоқандық мырза Хакім (Мион Фазыл мұрагері) сияқты саудагерлер, феодалдар губернаторға мәлімет жинағаны үшін сый-сияпат алып отырды. Үкімет кімнің дос, кімнің қас екнін жақсы түсінді. [2. 30-31 бб. ]
Патшалық, өзіне түркістан ішінен қолдаушылар тауып «әкімшілікті жөнге салуды» ары қарай жөндеуге кірісті. Кауфман жергілікті басқарушы таптын көмегін бағалай білді. 1867 жылы 22-қаңтар айында Кауфман Ташкенттің сыйлы қонақтарын жинап былай сөз сөйледі: «Аймақтың ішкі жағдайын қатайту үшін, орыс, сарт қырғыздарды патшаның қалауынша Түркістан генерал-губернаторлығына арнайы жазылған заңды біз іске асыруымыз керек. Бұл заң сіздерге бақыт береді, тек қана оны қажет етсеніз болды»-деді. Осылай үкімет Ташкенттіктерге және басқа сарттарға, ақсақалдарға, қазыларға және басқаларына дұрыс шешім қабылдауға, көмектесуін өтінді.
Бұл «таңдау» құқы сияқты болып көрінді. Расында патшалық биліктің сұрқиялы қылығы еді. Жергілікті әкімшіліктен губернатор немесе уездік басшылық ұсынысымен тағайындалып отырды. 1867 жылы «Түркістан аумағын уақытша басқару» туралы проэкт енгізілді. Сол бойнша әскери-полицейлер арқылы отарлау аппараты құрылды. Генерал-губернаторларынан бастап қалалық, ол болыстық басқарушыларымен ақсақалдардан аяқталды, миллиондаған жергілікті еңбекшілерге патша әкімшілігі тарапынан зорлық-зомбылық көрсетіліп отырды. Қарапайым халық жергілікті халық сотына бара алмады: қазылардаң (отырықшылық), билерден (Положенияға) жатпайтын сот ұйымдарын да заңдастырып алды. Ресей империясының заңы бойынша сот шенеуліктері міндетті түрде білім алуы тиіс еді, бірақ Түркістан судияларына бұнын қатысы болмады. Ташкентте зерттеу жұмысын атқарған И. А. Добромыслов былай жазды: «Судья қалаларда юристік білімі жоқ, ал облыстық сот облысты басқаруды бейнелейді, оның мүшелері жәй ғана канцеляриялық толық білімсіздер болды. Орыс орысты сот көбіне әкімшіліктің орнына алды». Абақтыларға, сотсыз тергеусіз бірғана бұйрыққа сүйеніп жатты жәнеде осындай тәртіппен абақтылардан босатты. Бұнда біреулері шариғатпен, кейбіреуі адат пен соттады. Өзімен-өзі анық би мен қазыларға кең құқық берілген. Ауыр сипаттағы қанаушылық категориясы туралы 1873 жылдары-ақ «Русский Туркестан» журналы беттерінен көруге болады: «Қазылар судан таза сүттен ақ емес еді, пендешілік бұл заңға да тән еді, қазылардың шешіміне басшылықтағылар мәңгі және өзгермейтін әсер тигізді» делінген. Бұндай қазылар халық мүддесін қорғамағаны анық. Жергілікті биліктің жоғарғы және төменгі өкілдері осындай болды. Өзбек халқы болыстық ақсақалдарды «елик баши» немесе «патшаның құйрығы» деп айтуы тегін емес екенін дәлелдейді. [4. 95 б. ]
Патшалықтың елу жыл билік құрған кезенінде, парақорлық орын алып келді. Мысалы, Сырдария облысының әскери губернаторы Галовачев (1867-1877) халықты шексіз тонады, сол үшін патшаның өзі оны сотқа бермек болды, бірақ оның әскери қызметіне қарап қатан жаза беруден бас тартты. [2 32-33 бб. ]
Патшалық заң шығарушылар парақорлыққа тірек болды, ал кедейлер мыс тиын ұрлаған үшін абақтыға жабылды.
Түркістанда патша билігін нығайту барысында және бағындыру үшін орыс отаршылдары төтенше ұлттық ақтандақтар тиімді мұрасын өте орынды пайдаланды. Түркістанда уезд және облыстарға шет аймақтардан орналасқан халықтарды бір-бірімен шағыстырып отырды. Бұл жасанды ұлттық бытыраңқылық патшалық Ресейге өте қолайлы еді, ол ұлттың жеке дамуына кедергі жасап отырды. Патшалық халықтар арасындағы қайшылық, олардың күшінің әлсіреуін көздеді, бұл жасанды бытыраңқылық патшалыққа қарсы көтеріліс болмауы үшін жасалынған.
Заңдар бойынша өзбек халқына бәсендік арнайы тәртіппен басқарылатын болды, ол бойынша азаматтық құқығынан айырылған еді. Бүкіл Түркістан тұрғындары жек көрінішті «инародцы» немесе «бұратана халықтыр деп аталды». [4. 7 б. ]
Расында Орта Азия оның ішінде өзбек-қазақ халқы жоғарғы дәрежедегі мәдениет иесі болған, олар көптеген ғасырларбойы сол заманға сай білім, тәлім беріп, көптеген ақын жазушылар шығарған. Олар Ибн-Сина, Наваи, Ұлықбек, Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Беруни, Қашқари, Әл-Жалаири, Баласағұн сияқты өте білімді ата-бабаларымызды айтсақ болады.
Ресей үстем таптары қалай болғанында да өзіндік өркениеті бар Сахара тұрғындарын жабайы, білімсіз етіп көрсетуге тырысқан, әр бір сөзімен ісі, заңдарынан көрініп тұр. Мысалы, қазақ халқын «қырғыз-қайсақ, түземдік бұратана» халықтар деп кемсітуге осының дәлелі емес пе?
1867 жылы 11-ші шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ереже» бекітілді. Түркістан генерал-губернаторлығына Жетісу және Сырдария облыстары кірді.
Генерал-губернаторлықты патша үкіметі тағайындаған генерал-губернатор басқарды. Облысты әскери губернатор басқарды, ал генерал-губернатордың қолында губернаторлықтағы бүкіл әскери басшылық ету және азаматтық билік шоғырланды.
Әскери губернаторға өте кең өкілеттілік берілді. Олардың қолында бүкіл әскери, азаматтық, әкімшілік және сот билігі жинақталды.
Облыстық уездерге бөлінді: Жетісу облысы алты уезден Сырдария облысы сегіз уезден тұрды. Уезді уезд басшысы басқарды, уезд бастығын әскери губернатордың ұсынумен генерал-губернатор тағайындалды. Уезд бастығы әскери, полициялық, азаматтық билікті қолына шоғырландырды. Уезд бастығы әскеи адам болды.
Уезд бастығы болыстық съезді өткізудің орнымен уақытын белгіледі, болысты сайлағаннан соң оның кандидатурасын бекіту үшін әскери губернаторға ұсынды. Ауыл старшындарын бекітті, орнынан алды, болысты уақытша қызметінен шектете алды. Әскери губернаторға болысты орнынан босату туралы мәселе қойды. Төменгі лауазым иелеріне әкімшілік жаза қолданды.
Генерал-губернатор, облыстық әскери губернаторлықтың аппатындағы және уездік бастықтармен оның төнірегіндегі шенеуліктер түгелдей орыстардан тұрды.
Реформа бойынша басқарудың төменгі жүйесі болыстық және ауылдық жүйе болды. Болысты болыс, ауылды старшын басқарды. Бұлар сайланбалы түрде болып, болысты әскери губернатор, старшынды уезд басшылығы бекітті.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарының ортасына қарай Қазақстанның территориясы түгелдей Ресей құрамына қосылып бітті. 1864жылы Шымкент, Әулие-ата, Түркістан қалаларын орыс әскерлерінін басып алуымен Ұлы жүздің жерінің Ресейге қосылуы аяқталды.
ХХ-ғасырдың 60-жылдары Ресейдің де мемлекеттік құрлысында ауқымды реформалар жүргізілді. Ол реформалардың негізінде қарыштап дами түскен жаңа капиталистік қатынастар жатты.
Қазақстанның Ресейге қосылуын заңды түрде бекіту және отар аймақты одан әрі игеру мақсатында 1867-1868 жж. Қазақстанды әкімшілік басқару жүйесінде ірі реформалар жасалды. Реформалардың мақсаты отарға айналған қазақ даласының байлығын тереңірек ыңғайлы әкімшілік және құқықтық негіз қалау болды. [4. 93-95 бб. ]
Жергілікті билік басқармасы қандай екенін байқап көрейік.
Лауазым артынан қуалағандар: Сайлау кезінде әдеттегідей партиялар күресті, әркайсысы өзінін кандидатынын өтуін қалады. Ол әсіресе сайлау кезінде болыстық қызметке таласуда байқалды. Әр жақ қарсыласын тайдыру мақсатында қаржысын аямады, арыз жазуға жүгінді, ол көбіне жалған арыздар болды, ең бастысы сайлаушыны сатып алды. Сайлау кезінде тәртіпсіздікке дейін жетті, Мысалы, Ферғана облысында сайлаушылар санын көбейту орын алды. Облыста жоқ жалған киіз үй санын көбейтіп көрсетті.
Лауазымға жету үшін осындай жолға түсті. Қаржының көбі сайлаушыларды сатып алуға жұмсалды «облыстық басқармаға» 7 мың сомға дейін қаржы жұмсалды, ХХ-ғасырдың сонындағы бір офицердің документінде осылай жазылған екен.
Бұл қызметке не итермеледі? Неге сонша үлкен гонорар төлеуге мәжбүрледі?
Гирс ревизиясы бұл сұраққа былай жауап береді: ілінуге тырысуы . . . бір жағынан болыстық мәтебеме қызығуы, ал екінші жағынан бүкіл болыстық салық жиналуы, жеңіл жолмен салықты жинау ақшаны тығып алуға мүмкіндік болғаны, сайлауда болыстық басқармаға ақшалай 3 сом штраф мүмкіндігі болды. Көшпелі өмір салтына байланысты оларды қадағалау мүмкін емес еді. Бұл мәлімет Гирстің цитированный есебінде жазылған.
Ақша тығу мүмкіндігі, штрафты өз пайдасына шешу, салық жинауға жол ашты. Әкімшілік орнына күрес күшейтті. «Бұндай жағдайда кімнің ақшасы көп сол жеңіске жететін болды». [3. 32 б. ] . Парақорлыққа кең жол ашылды. Қыстақ және қалалық әкімшілік сайлаушыларды бірнеше мың сомға сатып алатын болды.
Ақсақалдар, болыстық басқарушылар, ауыл басы, қазы және билер болуға кімнін құқығы болды? Тек қана жергілікті басқарушы топ өкілдері ақшасы бар және патша шенеуліктеріне таңымал болғандар ғана сайланып отырды. [2. 31б]
Билікке келе салып, осы адамдардың бәрі шығының өтеуге тырысты губернаторлар өз мінездемесін жайдан-жай берген жоқ. Губернаторлар жергілікті әкімшілік құрамына әрқашанда өзіне керек адамдарды қойды. Осылай сайлау басы жергілікті халыққа берілген сияқты көрінді, бұл бірақ алдамшы еді. Шын мәнінде оларда сайлау құқығы болмады. Чайрикелер (сыбағалас), мардикерлер (малай), кедейлер кішкене ғана қыстау басқармасындағы «Илик баши» сайлауға қатыса алмады, өйткені оған қатысу үшін 3-сом табулары қажет еді. Қыстаудың кедейлерінін ортанғы ақысы 20-45 тиыннан аспаған еді.
Қазақстандағы отаршылдық әкімшілік органдарымен «қазақтардың өзін-өзі басқару» деп аталатын болыстық-старшындық басқарудың осындай жүйесі 1918 жылға дейін өмір сүріп келді. Әскери полицейлік болып табылатын бұл жүйенін басты міндеті жергілікті халықты күшпен басқарып, оның байлығын сарқа сора, үкіметке қарсы кез-келген қозғалысты басып жаншу еді.
Отаршылдық жүйе арқылы Ресей империясының заңдарын Қазақстанда қолдана бастады. Патша үкіметі Қазақстанды басқару үшін бірнеше үлкен актілерді қабылдады. Ең алдымен жерге қатысты меншік құқығы өзгертілді. Бұрын жер рулық-тайпалық қауымның немесе қоғамның меншігі болып есептелсе, енді патша үкіметі 1968 жылғы «Уақытша ереженін» 210-шы параграфы бойынша қазақ жерлері мемлекет меншігі ретінде бекітілді. Қазақ жерлері тартып алынып, казак әскерлеріне бекіністер салуға келімсек орыс шаруаларына шетел капиталистеріне, шіркеуге беріле бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz