Ұлы Жібек жолы мәдени феномен ретінде
КІРІСПЕ
1 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ МӘДЕНИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ
1.1 Ұлы Жібек жолының өркениеттер диалогындағы рөлі
1.2 Шығыс және Батыс өркениеттері арасындағы мәдени диалогтың шектері мен мүмкіндіктері
2 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНЕ ЫҚПАЛЫ
2.1 Ұлы Жібек жолы дәуіріндегі Қазақстан жерінде орналасқан қалалық мәдениеттер
2.2 Ұлы Жібек жолы мәдениеті . әлемдік діндер диалогының бастамасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХІ ғасырда тұрған қазақтың ұлттық мәдениеті үшін өзекті міндетке қазіргі әлемдегі жаһандану үрдісіне дұрыс жауап бере білу қабілеттілігін қалыптастыру жатады. Жаһандану тарапынан адамзатқа қойылған мәжбүрлеудің алдында ұлттық мәдениет өз бойында озық құндылықтарын жасап шығарулары керек. өйткені тек жасампаз мәдениет қана жалғыз өзіндік таңдауға ие болып қоймай, жаһандастырушылардың кез-келген жоғары стратегиялық және тактикалық ұмтылыстарына, айла-шарғылары мен шараларына үйлесімді және дәйекті жауап бере алады.
Адамзат тарихында мәдени өркендеудің көптеген үлгілері кездеседі. Мысалы, Фалестің философиясы, Геродоттың тарихы, Гиппократтың медицинасы, сонымен қатар, мүсін өнері, лирика, поэзия және тағы да басқа салалар басынан сұхбатшыл Жерорта теңізі жағалауында пайда болған эллиндік өркениет жемістері. Ежелгі эллиндік мәдениет өз дамуында Азия, Еуропа және Африка атты әлемнің үш бөлігін аралап өтті, яғни тек Еуропада басталмады және аяқталмады. Дәл сол сияқты Қытай мен Орталық Азия, Араб халифаты мен Византияны қосып тұрған Ұлы Жібек жолы мәдениеті тек сауданың күре тамыры ғана емес, сонымен бірге жоғарғы поэтикалық шығармашылық дәуірі, оның ізін қуған өзіндік шығыстық философиялық ой мен ғылымның дұрыс дамуы ортаазиялық Ұлы Жібек жолы мәдениетіндегі шығармашыл жасаушы күштердің шамамен бес жүз жылдай өзінің сара жолында болғанын дәлелдейді.
Мәселенің қазіргі деңгейі және зерттеу қажеттілігі. Ұлы Жібек жолын мәдени феномен ретінде зерттеу тек батыстық мәдени антропологиядағы шығыстық өркениеттік құбылыстарға деген ХХ ғасырдағы белгілі бір бетбұрыстан басталады. Бұл әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы еуропаорталықтық ұстанымдардан арылу үрдістерімен байланысты өрістеді. Жаңа ғасыр, жаңа уақыт, жаңа кезең жаңа түсініктер мен ұғымдарды талап етті. Енді ғылым шынайы түрде өз назарын шығыстағы мәдени құбылыстарға аудара бастады.
Ұлы Жібек жолы б.з.д. ІІ ғасырда қалыптаса бастағанымен, бұл феномен өз атауына ХІХ ғасырда батыс тарихшылары мен этнографтары арқылы ие болды. 1877 жылы неміс саяхатшысы және тарихшысы К. Рихтгофен өзінің « Қытай » деген еңбегінде Ұлы Жібек жолын сауда мен мәдени ауысулар артериясы ретінде анықтап шығарды.
Ұлы Жібек жолы мәдениеті феноменін түсіндіру, ұғындыру жолында ғылыми және көпшілік әр түрлі ілімдер қолданылады. Осы бағыттағы көптеген ізденістердің нәтижесінде мәдениеттің сұхбаттық концепциясы дүниеге келді. Осының арқасында диалог мәдениеттің қозғаушы күші болып табылатындығы анықталды. Мәдениеттің сұхбаттық табиғатын және оның Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттерге тигізген ықпалын қарастыруда зерттеуші М. Бахтиннің, Б.Библердің, А.Құлсариеваның және т.б. еңбектерін пайдалану бұл феноменді толыққанды түсінуге жол ашады.

1 Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 208 б.
2 Байпақов К. Қазақстанның ежелгі ортағасырлық қалалары. – Алматы: Аруна, 2005. – 316 б.
3 Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники. – Москва: Наука, 1964. – С.287.
4 Марко Поло. Путешествие западных чужеземцев в страны трех Индии. Пер.с латинского. – Москва: Наука, 1968. – С. 237.
5 Байпаков К.М. Талгарское блюде // Изв. АН КазССР. Серия общественных наук. – 1968. - №6. – С. 87 – 91.
6 Саади Мушрифаддин. Гулистан. – Москва: Изд.восточ.лит., 1959. – С. 232.
7 Даркевич В.П. Аргонавты средневековья. – Москва: Наука, 1976. – С. 200.
8 Бируни Абу-Райхан. Собрание сведений для познания драгоценностей / пер. А. Беленицкого. – Л., - АН СССР, 1963. – С.518.
9 Серікқалиев З. Дүниетану даналығы. – Алматы: Білім, 1994. –
224 б.
10 Еврипид. Трагедии. – Москва: Искусство, 1969. – Т.2. – С.719.
11 Мащук Л.П. Историяческая структура социальных организмов средневековых кочевников // Советю. Этнография. – 1967. - №4. – С.25 – 27.
12 Уеллер Ч. Қазақ еліндегі діни жағдайдың ерекшеліктері. Алматы: ОАМЗИ, 2004. – 70 б.
13 Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. – Москва: Изд-во АСТ, 2003. – С.603.
14 Мүтәліпов Ж. Мәдени диалог және өркениеттер тоғысы. – Алматы: Раритет, 2002. – 240 б.
15 Мүтәліпов Ж. Қазақ өркениетінің қайнар бастаулары. – Алматы: Адам әлемі. – 2002. - №3. – 56-60 б.
16 Ғарифолла Есім. Ұлттық өркениет және мәдени бағдар. Қазақстан: сындарлы жылдар және ғаламдық мәселелер. ҚР презиенті Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегі бойынша өткізілген қорытынды ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 338 б.
17 Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. – Алматы: Ғылым, 1996. – 168 б.
18 Запад и Восток. Традиции и современность. – Москва: Наука, 1993. – С. 403.
19 Идрис Шах. Суфизм. – Москва: Мысль, 1994. – С. 342.
20 Құлсариева А.Т. Мәдениеттер мен діндер арасындағы сұхбат // Бейбіт мәдениеті жолында. – Алматы: ҚазМУ – ЮНЕСКО, 2000. – 199 – 207 б.
21 Бахтин М.М. Эстетика словестного творчества. – Москва: Искусство, 1979. – С. 423.
22 Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер,1996. – 272 б.
23 Ғабитов Т.Х. Орнықты даму // Бейбіт мәдениеті жолында /Б.Ғ.Нұржанов ж.т.т. – Алматы: ҚазМУ, 2000. – 271– 277 б.
24 Габитов Т., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология: учеб. – Алматы: Раритет, 2001. – С. 408.
25 Этнографические исследования на Западе. – Томск, Ун-т, 1996. –С.296.
26 Тоффлер Э. Третья волна. – Москва: ООО АСТ, 1999. – С.784.
27 Кенжетай Д. Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні // Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. – Астана: Аударма, 2005. – 71-96 б.
28 Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 1988. – 1т. – 188 б.
29 Горячева В.Д. Город золотого верблюда. – Фрунзе: 1988. – С.62–68.
30 Байпақов К.М. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы орта ғасырлық қалалар мәдениеті. – Алматы: Аруна, 2004. – 48 – 53 б.
31 Волин С.Л. Сведения арабских источников в долине р.Талас и смежных районов //ТИИАЗ АН Каз.ССР Т.8.-1960. –С.75.
32 Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия, Москва:соч.Т.1.-1963. – С.268.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХІ ғасырда тұрған қазақтың ұлттық
мәдениеті үшін өзекті міндетке қазіргі әлемдегі жаһандану үрдісіне дұрыс
жауап бере білу қабілеттілігін қалыптастыру жатады. Жаһандану тарапынан
адамзатқа қойылған мәжбүрлеудің алдында ұлттық мәдениет өз бойында озық
құндылықтарын жасап шығарулары керек. өйткені тек жасампаз мәдениет қана
жалғыз өзіндік таңдауға ие болып қоймай, жаһандастырушылардың кез-келген
жоғары стратегиялық және тактикалық ұмтылыстарына, айла-шарғылары мен
шараларына үйлесімді және дәйекті жауап бере алады.
Адамзат тарихында мәдени өркендеудің көптеген үлгілері кездеседі.
Мысалы, Фалестің философиясы, Геродоттың тарихы, Гиппократтың медицинасы,
сонымен қатар, мүсін өнері, лирика, поэзия және тағы да басқа салалар
басынан сұхбатшыл Жерорта теңізі жағалауында пайда болған эллиндік өркениет
жемістері. Ежелгі эллиндік мәдениет өз дамуында Азия, Еуропа және Африка
атты әлемнің үш бөлігін аралап өтті, яғни тек Еуропада басталмады және
аяқталмады. Дәл сол сияқты Қытай мен Орталық Азия, Араб халифаты мен
Византияны қосып тұрған Ұлы Жібек жолы мәдениеті тек сауданың күре тамыры
ғана емес, сонымен бірге жоғарғы поэтикалық шығармашылық дәуірі, оның ізін
қуған өзіндік шығыстық философиялық ой мен ғылымның дұрыс дамуы ортаазиялық
Ұлы Жібек жолы мәдениетіндегі шығармашыл жасаушы күштердің шамамен бес жүз
жылдай өзінің сара жолында болғанын дәлелдейді.
Мәселенің қазіргі деңгейі және зерттеу қажеттілігі. Ұлы Жібек жолын
мәдени феномен ретінде зерттеу тек батыстық мәдени антропологиядағы
шығыстық өркениеттік құбылыстарға деген ХХ ғасырдағы белгілі бір
бетбұрыстан басталады. Бұл әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы
еуропаорталықтық ұстанымдардан арылу үрдістерімен байланысты өрістеді. Жаңа
ғасыр, жаңа уақыт, жаңа кезең жаңа түсініктер мен ұғымдарды талап етті.
Енді ғылым шынайы түрде өз назарын шығыстағы мәдени құбылыстарға аудара
бастады.
Ұлы Жібек жолы б.з.д. ІІ ғасырда қалыптаса бастағанымен, бұл феномен өз
атауына ХІХ ғасырда батыс тарихшылары мен этнографтары арқылы ие болды.
1877 жылы неміс саяхатшысы және тарихшысы К. Рихтгофен өзінің Қытай
деген еңбегінде Ұлы Жібек жолын сауда мен мәдени ауысулар артериясы ретінде
анықтап шығарды.
Ұлы Жібек жолы мәдениеті феноменін түсіндіру, ұғындыру жолында ғылыми
және көпшілік әр түрлі ілімдер қолданылады. Осы бағыттағы көптеген
ізденістердің нәтижесінде мәдениеттің сұхбаттық концепциясы дүниеге келді.
Осының арқасында диалог мәдениеттің қозғаушы күші болып табылатындығы
анықталды. Мәдениеттің сұхбаттық табиғатын және оның Ұлы Жібек жолы
бойындағы өркениеттерге тигізген ықпалын қарастыруда зерттеуші М.
Бахтиннің, Б.Библердің, А.Құлсариеваның және т.б. еңбектерін пайдалану бұл
феноменді толыққанды түсінуге жол ашады. Сондықтан да Ұлы Жібек жолы
феноменін зерттеу адам болмысының көп қырларын түсінуге септігін тигізетіні
сөзсіз. Ұлы Жібек жолы мәдениетін зерттеген ғалымдардың арасында
К.Байпақовтың, А. Нұржановтың, Ә.Х.Марғұланның, М.Орынбековтың,
Ж.Мүтәліповтың, Ә.Хасеновтың, А.Құлсариеваның еңбектері алатын орны ерекше.
Аталған феноменді аталмыш ғалымдардың ойлары аясында зерттеу біз үшін
құнды, себебі олар Ұлы Жібек жолын жан-жақты зерделеп, оның адамзат
мәдениетіндегі орны мен рөлін, оның қазіргі заман мәдениетіне жасайтын
ықпалын анықтап, береді, мәдени ауысулар құбылысының мәнін философиялық,
тарихи, мәдени жағынан түсінуге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының нысаны мен пәні. Бітіру жұмысының нысаны болып
табылатындар: Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени ауысулар, қазақ мәдениеті
тарихындағы өркениетаралық ықпалдар, діни сұхбат мәселесі, мәдени
құндылықтар, өнімдер алмасуы. Зерттеу пәні: қазақтың ұлттық, әлеуметтік-
мәдени үрдістерін салыстыра отырып, Ұлы Жібек жолы феноменін
мәдениеттанулық талдау арқылы ұлттық өркениеттіліктің қалыптасуындағы осы
құбылыстың маңыздылығын зерделеу.
Бітіру жұмысының мақсаты мен негізгі міндеттері. Батыс пен Шығысты,
отырықшылық пен көшпелілікті үйлесімді қоса алған Ұлы Жібек жолы мәдени
ауысуларын мәдениеттанулық тұрғыдан талдау арқылы халқымыздың қоршаған
табиғи және әлеуметтік ортаны игеру барысында қалыптасқан сұхбатшыл
мәдениетін айқындау, мәдени ауысулардың тетіктерін анықтау, зерттеудің
басты мақсаты болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру жолында мынадай міндеттер туындайды:
- мәдениеттік байланыстардың тарихи типтері мен формаларына тән
заңдылықтарды Ұлы Жібек жолы феномені кең мағынасында ашып көрсету;
диалог құбылысының мәдениетке жасайтын ықпалын анықтау;
- Ұлы Жібек жолына қатысты мәдениеттанулық, тарихи-философиялық және
этнографиялық зерттеулерге мәндік, салыстырмалық және қисындық ьалдау
беру;
- Ұлы Жібек жолы феноменінің мәдени ошақтарын анықтап, оларды мәдени
артефакт ретінде қабылдап, нақтылы өркениеттердің материалды және рухани-
әдептік тұтастығын бойына толық сіңірген мәдени құндылықтарды айқындау;
- Жаһандық мәдениет аясындағы Ұлы Жібек жолы мәдениетін феноменологиялық,
тарихи және мәтіндік талдау арқылы мәдени ауысулардың Қазақстандың
өркениеттің қалыптасуындағы маңыздылығын көрсету, Ұлы Жібек жолы
мәдениеті құндылықтарын бүгінгі күннің шешілмеген әлеуметтік-рухани
мәселелеріне қатысты зерделеу.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Ұлы Жібек жолы ареалындағы
өркениеттік ауысулар алғашқы рет мәдениеттанудың өзекті мәселесі ретінде
қарастырылып отыр. Ізденушінің өзекті мәселені қою кең мәтінінде тарихи,
диахрондық нысандарды көздемей, осы мәдени феномен арқылы қазіргі
қазақстандық қоғам үшін маңызды мәдениеттер арасындағы диалогтың
эвристикалық рөлін көрсетуге талпынуы соны ғылыми ұстынға жатады. Жұмыстың
негізгі ғылыми жаңалығына қазақ мәдениетіне іштей тән диалог пен
өркениеттік үлгілерді үйлесімді қабылдауға дайындықты осының нақтылы тарихи
формасы – Ұлы Жібек жолы бойында қалыптасқан мәдени ауысулар арқылы
дәлелдеу жатады.
Бітіру жұмыстың жаңалығы таңдалып алынған тақырыпты қарастыруда жаңа
әдістемені қолдану және осы мәселеге қатысты философиялық қағидалар мен
тұжырымдарды Ұлы Жібек жолы мәдениеті контекстінде зерттеу арқылы
айқындалды. Жаңа әдістемелік және мазмұндық қағидаларға жататындар:
- өркениеттер арасындағы мәдени ауысуларға шектеу қоятын және олардың
үйлесімділігін бекерге шығаратын партикулярлық ұстындардың орнына мәдени
диалогтың жасампаздығы мен түпнегізділігі идеясы әлемдік және отандық
өркениеттік қатынастардың қазіргі жаңа кең мәтінінде қарастырылады, ол
адам болмысының түбегейлі стратегиясы ретінде алынады;
- Ұлы Жібек жолы ареалында қалыптасқан өркениет ошақтарына алғашқы рет
типологиялық және компаративистикалық талдау беріледі, бұл мәдениет күре
тамырының солуы шығыстық және византиялық өркениеттер дағдарысының басты
себептерінің бірі болды деген тұжырым жасалады;
- Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени ауысуларды өркениеттілік тұрғысынан
талдау көшпелілік пен отырықшылықтың арасындағы мәдени-коммуникациялық
байланыстардың өзара ынтымақтастыққа негізделген жаңа парадигмасын бөліп
көрсетуге мүмкіндік береді;
- Діни диалог рухани жаңғырудың қайнар бұлағы ретінде танылып, Ұлы Жібек
жолы ареалындағы діни қарым-қатынастар арасындағы ауысулар мен
үйлесімділіктің нақтылы типтік көріністеріне мәдениеттанулық талдау
беріледі;
Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы, қолданыс салалары.
Жұмыстың теориялық құндылығы Қазақстан мәдениеттануындағы осы мәселе
бойынша алғашқы еңбек екендігімен айқындалады. Ұлы Жібек жолы бойындағы
өркениеттік ауысуларға мәдениеттанулық түсіндірмелер беру философиялық-
дүниетанымдық зерттеулерді ынталандырып, еліміздегі гуманитарлық ғылымдарды
әлемдік өркениеттілік мәселелеріне бет бұруға себебін тигізеді. Олардың
арасында қазіргі өркениеттер арасындағы диалог формалары алдыңғы қатарға
шығады, ал осы феноменнің алғашқы мәдени жетілген түріне Ұлы Жібек жолы
мәдениеті жатады. Бұл мәдени диалог аймағында қалыптасқан құндылықтар мен
артефактілерді зерттеу құндылық бағдарлары енді қалыптасып келе жатқан
елімізде мәдени тәжірибе үрдістеріне жан-жақты қолданыс таба алады.
Қазақстандық әлеуметтегі этникалық және діни келісімділікті жетілдіруде де
Ұлы Жібек жолы феноменінің сабақтары мен қорытындылары ерекше маңыздылыққа
ие бола алады.
1 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ МӘДЕНИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ
1.1 Ұлы Жібек жолының өркениеттер диалогындағы рөлі
Ұлы Жібек жолы, Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим
империясында аяқталды. Бұл жол Кушан, Соғды және Парфия империяларын басып
өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық
аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған [1, 203 б.].
Ұлы Жібек жолын тек аграрлық империяларды XV ғасырдан артық уақыт
қойып тұрған артерия ретінде құрастыру шекті болады, себебі бұл отырықшы
мемлекеттер өзара түйіспей, мұхиттағы аралдар сияқты оқшау тұрған, ал
оларды түркілердің көшпелі ұлыстары байланыстырып келді. Негізгі мәдени
ауысулар қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бойымен өтті, яғни бұл
ареалды өркениеттердің тоғысқан жері деп қарастыруға болады. Ұлы Жібек жолы
бойында еуразиялық көшпелілер біртіндеп өркениеттенуді бастарынан өткізді,
олар өз ордаларын, қалаларын, керуен сарайларын салып, саудаға бақылау
жүргізді. Бұл кезеңде отырықшы өркениет көшпелілердің қару- жарақ, ат
әбзелдерімен, әр түрлі бұйымдарымен танысып, өздеріне қабылдады. Қазіргі
жаһанданудың алыс үлгісі ретінде Ұлы Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға
дейін өмір сүрген. Ол тек өркениеттің индустриялық толқынына түрлі
себептермен ілесе алмады.
К. Байпақов атап өткендей, Ұлы Жібек жолы 2 мың жыл бойы өмір сүрген.
Ол әлем тарихында дара ерекше құбылыс болды, Тынық мұхит пен Атлант
мұхитының арасындағы көптеген халықтарды біріктірді. Жібек жолы деген ат
толық мағына бермейді. Жібекпен сауда жасау б.з.д. ІІ және б.з.д. І
мыңжылдықта ғана болды. Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және
жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың
даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды [1, 203 б.].
Ұлы Жібек жолы қашанда тек бір маршрутпен өтпеген және оның көптеген
баламалары мен алғы нұсқалары болған. Бастапқы кезде асыл тастарды сатумен
қатысты Лазурит жолы, Нефрит жолы деп аталатындар табысты әрекет еткен.
Олар Солтүстік Ауғанстандағы Бадахшан тауынан лазурит кені және
Қашқариядағы Хотан аймағындағы Жаркент өзенінің маңайынан нефрит кені
ашылуына орай жолға қойылды. Ұлы Жібек жолының алғашқы нұсқалары мен
параллельдері б.д.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған.
Осындай Ұлы Жібек жолының бір сыңарына Қазақстан аумағына қатысты
б.д.д. І мыңжылдықтың орта кезінен әрекет еткен Дала жолы деген жатады.
Көне заман білгірі Геродот бұл жолдың мынадай бағытта болғанын атап өтеді:
Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген
Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін
мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар кең
таралып жатты [2, 53 б.].
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін
б.д.д. І мыңжылдық саналып келеді. Алайда Чжецзян провинциясында, Тайху
көліне таяу маңда қазба жұмысын жүргізген қытай археологтары неолит
дәуіріне жататын жібек маталар, белдіктер мен жібек жіптер тапты. Бұл
маталар жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750ж, оларды талдап анықтау жұмысы
сол кездің өзінде –ақ, яғни бұдан бес мың жыл бұрын дерлік, жібек жасап
шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастан кешіп үлгергенін көрсетіп
берді. Б.д.д. VI-V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, оның ішінде
Батысқа да шығарыла бастады. Алтайдағы Пазырықтың патша қорғандарының
бірінен б.д.д. V ғасырды көрсететін феникстер қолымен өрнектеліп тігілген
жібек жамылғы (ат жабуы) табылды. Сондай-ақ, Оңтүстік және Батыс Еуропа
аудандарынан біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларға жататын қабірлерден
жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар да табылған
[1, 6 б.].
Ұлы Жібек жолы тек Батыс пен Шығысты ғана емес, сонымен бірге үш
шығысты; Үндіні, Қытайды, Араб халифатын да байланыстырған. Мысалы оған
үндінің синапатто - қытай жібегі деген сөзі куә, осы жөнінде деректер
б.д.д. IV ғасырда жазылған Артхашастра (Саясат ғылымы ) трактатында
кездеседі.
Ұлы Жібек жолы қалай танымал бола бастады деген сұрақ қойсақ, онда ол
тек б.д.д. ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты мәдени ауысулардың
артериясына айналғанын көреміз. Бұл атақты Чжан Цзян есімімен байланысты.
Бірақ Ұлы Жібек жолының ашылу және өркендеу құрметін тек қытайлықтармен
шектеу дұрыс емес, көп ұзамай халықаралық сауда тізгіні соғдылықтар,
парсылар, тохарлар, сириялықтар, таңғұттар және т.б. қолына көшті. Шығыс
Түркістанның, Тохардың қалаларында және Қытайдың Ланджоу, Дуньхуан, Чаньан
тәрізді қалаларында соғдылықтардың сауда отарлары болды. Мәселен,
Дуньхуанда мыңға тарта соғдылықтар тұрды. Соғдылар Жібек жолы таусылған
жерден Жапонияға басып кіріп, Жапонның ежелгі астанасы Нараны биледі.
Сондағы храмдардың бірінде соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр [1,
6 б.].
Енді Ұлы Жібек жолын географиялық картасы мен кескіндемесіне
мәдениеттанулық түсіндірме берейін(1 сурет ).
Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы деректер б.д.д. І ғасыр мен б.д.д. VIII
ғасырларының арасында қытай хроникаларында осы атаумен кездесе бастайды, ал
еуропалық әдебиетте оны 1877 жылы К.Рихтгофен Жібек жолы деген атаумен
енгізеді.
Картадан көрініп тұрғандай, Ұлы Жібек жолы, егер Қытайдан
бастасақ,Чаньннан басталып, Дуньхуанда үш тармаққа бөлініп кетеді.
Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені
бойына жетеді; ортаңғы жол тармағы Лоуляннан Қарашарға, Ақсуға және
Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дуньхуан,
Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үнді мен Жерорта теңізіне жетіп,
Оңтүстік жолы аталады. Солтүстік жолы Қашқардан Ферғанаға, ал одан
әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан, Сирияға жетеді [3, 98-101 б.].
К.Байпақовтың сараптауы бойынша, Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен
өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол VI-VII ғасырларда барынша жандана түсті.
Жолдардың бұлайша алмасуының себептерін былайша түсіндіруге болады.
Біріншіден, Жетісуда Орталық Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап
отыратын түрік қағандары отырды. Екншіден, Ферғанадан өтетін жол VII
ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден,
түріктің ауқатты қағандары мен олардың қолдаушылары теңіздің арғы бетінен
әкелінетін тауарларға құштар болды.
Ұлы Жібек жолы Жаңа дәуірге дейін Шығыс пен Батысты түйістіріп тұрған
жол бас жолға айналды, мәдени ауысулар осы артерия бойынша өтті, онымен
елшілер мен сауда керуендері, өнерпаздар мен діни ағымдар ағып жатты.
Алайда Ұлы Жібек жолының маңыздылығы Батыс өркениеті дәуірлеп өсіп шыққанда
толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар бойында ол біртіндеп тарылып
кетті, отарлау саясаты басталды, теңіз жолы ашылды.
Бірақ бұл үрдістер кейін жүзеге асты, орта ғасырларда негізгі Ұлы Жібек
жолы торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы –
Шу алқабы – Ыстықкөл қазаншұңқыры – Шығыс Түркістан арқылы тартылады.
К.Байпақовтың дәлелдеуінше, бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек
айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын
Маңғыстауды, Арал жағалауын, Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда
аталған негізгі жолға келіп қосылады. Батыс түрік қағанаты Византиямен
сауда-дипломатиялық одақ келісімін жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы
Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен ІХ-ХІІ ғасырларда Орта Азия, Орта
және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын
жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды. Алайда, ол жол XIII-XVI
ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды дипломаттар мен
ірі саудагерлердің және басқа саяхатшылардың талаптары реттеп отырды.
Ұлы Жібек жолы туралы айтқанда оның Қазақстан жері үшін аса маңызды
болғанын есет ұстау керек. Өйткені қалыптасқан таптауырын бойынша
еуразиялық Дала аймағы варвар көшпелілерден басқа мәдени үрдістерді
басынан өткізбеген. Бірақ шын мәнісінде бұл жерде көшпелі түрік тайпалары
мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген
болатын. Тарихшылар оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпелілер де,
отырықшы тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық-саяси қауымға
бірлескен тайпалар еді [1, 10 б.].
Ұлы Жібек жолы мәдениетінен шығатын бір қорытынды аграрлық өркениеттегі
қала мен оның маңайындағы жер өңдеушілер мен бақташылардың арақатынасындағы
көптүрліліктің жасампаздық сипатымен байланысты. Кезінде Тойнби атап
өткендей, кез келген мәдени құрылымда шығармашыл немесе басқарушы элита,
ішкі және сыртқы пролетариат бар. Ұлы Жібек жолы мәдениетінің элитасына
отырықшы империялардағы билеуші топтармен қатар, Іле, Шу, Талас жіне
Сырдария алқаптарында қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектері
орналасқан елді мекендердегі көшпелі-отырықшылардың тұлғалары да жатты.
Солардың көпшілігі туралы деректер қазір Тянь-Шань тауы етегінен, Арыс
өзені мен Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы алқаптардан ашылып отыр.
Бұл жерде Ислам Ренессансы өкілдерімен қатар, қолдары алтын зергерлер мен
құмырашыларды, әскербасыларды, діни қайраткерлерді айтсақ та жеткілікті.
Ұлы Жібек жолы осы кезде жанданып, Орталық Азия қалаларындағы жоғары
мәдениеттің өркендеуінде маңызды рөл атқарады. Жетісуда ол талай
қалалардың орталық негізі қалануына мұрындық болып, Қазақстанның
оңтүстігінде тікелей осы жолдың бойында тұрған немесе онымен сауда
сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп, өркендеуіне септігін
тигізді. Бұл жерде осындай қалалардың қаулап өсуінің өзі К.Маркстің керуен
жолы Шығыс қалаларының гүлденуінде айрықша рөл атқарды деген ойын одан әрі
айқындай түседі [1, 10-11 б.].
Ұлы Жібек жолы мәдениетінің бастапқы кезеңінде, І мыңжылдықтың алғашқы
жартысында, Орталық Азияда он шақты қалалардың ғана аттары аталса, Тан
империясы мен Ислам Ренессансы уақытында, VII-XII ғасырларда бұл өңірде
болған саяхатшылар жүздеген мәдениет орталықтары туралы дерек береді,
мысалы Сюань Цзян Жетісудың өзінде осындай ондаған қалалар бар екені
жөнінде хабарлайды. Марко Поло, Ұлы Жібек жолы әрекет етіп тұрғанда Орталық
Азияда болған сирек саяхатшының бірі, моңғолдар шапқыншылығынан кейін бұл
жердегі қалалық мәдениет күйдіруге жеткізгенімен, Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісу арқылы өтетін Ұлы Жібек жолынан керуен арылған жоқ дейді [4, 126-128
б.].
Ұлы Жібек жолы бойында, жоғарыда аталғандай, діни және идеялық
ауысулармен қатар қолөнер бұйымдарының сауда арқылы тарауы аса маңызды рөл
атқарды. Егер Қытайдан жібек ағылса, онда Батыстан Шығысқа шыққан қымбат
бағалы бұйымдар ішінде, К.Байпақов суреттеп берген, Жетісудан,
византиялықтарға еліктеп, крест тәрізді таңба салып шығарылған күміс
құмыраларды атап өтуге болады. Құмыраны жасаған шебер опы айна-қатесіз
византиялық заттай етіп шығаруға күш салған. Күрешкелердің бірінің тұтқасы
иілісінде адам басының ежелгі пішіні бейнеленген. Зерттеушілердің
пікірінше, византиялық үлгілерге еліктеуге бұлайша ұмтылу империялық
жұртшылыққа тән сұлулықты қастерлеуден туса керек. Шетелдік бұйымдар
Сырдарияның орта ғасырлық қалаларының жұртын, әсіресе жиырма жылғажақын
зерттеліп жатқан Отырардың қалдығын қазу кезінде табылуда. Бұл –сақиналана
иіліп жатқан жолбарыс пен барыстың бұдырмақ бейнесі түсірілген нефрит
жапсырма. Оның көлемі 3,2-3,5 см. Жиегінде бекітіп қоятын құлақшалары бар.
Бетіндегі пұтқа табынушылық белгісі оның Қытайда шығарылғанын аңғартады.
Хайуандардың тұлғаларын бейнелеуі көктегі ай айдаһарының және айдаһар
тәрізді қасиетті ақ жолбарыс – байха бейнелерін еске түсіреді [5, 88 б.].
Әрине, Ұлы Жібек жолы дегенде барлық құнды бұйымдар тек Қытайдан келді
деп ойлаған дұрыс емес. Мәдениеттануда сұхбат ұстынымен қатар мәдени
инкультурация деген де бар. Бірақ бұл соңғысы үстем(донор мәдениет) пен
қабылдаушы құрылымдардың арасында өтеді. Ұлы Жібек жолының ерекшелігі оның
орталықтарының басымдық таныта алмауында болды. Оның үстіне ол кезде мәдени
артерияны бақылаушы түркілерде жалғыз үстемдік етуші жүйе әлі қалыптаспады.
Тек кейін бұл функцияны ислам атқара бастады.
Ұлы Жібек жолының қалыптасуына араб саяхатшылары мен исламды
таратушылар үлкен үлес қосты. Мұсылмандар ортағасырларда әлем туралы
еуропалықтардан анағұрлым көп білді. Ислам бойынша, саяхатшылар
ғұламалармен теңестірілді және оларға қонақжайлылық таныту міндетті еді.
Өз өмірінің 30 жылын ғылымдарды үйренуге, 30 жылын саяхатқа және қалған
30 жылын шығармашылық пен толғауларға арнаған ақын Муслихиддин Саади
Қашғардан Магрибке дейінгі бүкіл кеңістікті аралап шыққан. Ол былай дейді:
Көпес ең бақытты адам. Ол әрбір жаңа қалада жаңа өмір ләзаттарына батады
[6, 37 б.]. киш аралының бір көпесі Саадиге былай деген: Мен Қытайға онда
қымбат бағаланатын парсылық пемзаны апарамын, ал Қытайдан Румға фарфорды,
румийлік жібекті – Үндіге, үнділік болатты – Алеппоға, Алепподан әйнекті –
Йеменге, Йеменнен маталарды Парсыға жеткіземін [6, 168 б.].
Ұлы Жібек жолы Еуразияның қан тамырлары тәрізді оның бүкіл бойын қамтып
алған. 1965 жылы Самарқанның маңайындағы Афрасиабтан VII ғасырдың өрнектері
табылды. Патша сарайының ең төрінде үлкен әлем халықтарының көрмесі
тәріздес панно орналасқан. Сурхандария аңғарындағы Чачаниан билеушісінің
елшілігін бейнелеген суретте пілдің үстіндегі ханзада мен түйеге мінген
сарбаздар, ұшып жүрген киелі ақ құстар көзге түседі. Сарайдың батыс
қабырғасында шаштарын түйген түрік жауынгерлері мен қолдарына жібек
маталарын ұстаған қытайлықтар назар аударады, Кореядан келген елшілердің
бас киімдері құс қауырсындарымен безендірілген. Солтүстік қабырғада қытай
ханшасы қайықта серуендеп жүр және жағалауда қабыланға аңшылық қыза түсуде
[7, 42-43 б.]. Әрине, осының бәрін бейнелеу үшін түкпір-түкпірдегі
халықтардың өмірі және әдет-ғұрыптарымен жақсы таныс болуы керек. Бұл тек
Ұлы Жібек жолы сияқты мәдени дәнекерлер арқылы жүзеге аса алады.
ІІ Юстин императорлығы кезінде Соғдыдан түрік қағаны Дизибулдың атынан
Константинопольге елшілік келді. Оны соғдылық бекзат Маниах басқарды және
оның мақсаты Византияға қарай, көпестерге үлкен алым-салық салатын Иранға
соқпайтын, жаңа керуен жолын ашу туралы келісімге келу болды. Византия
императоры жауап ретінде Зимарх басқарған өз елшілігін Солтүстік Кавказ
арқылы аттандырды. Осының нәтижесінде 500 жылғы үзілістен кейін Қытайдан
Румға дейін созылған Ұлы Жібек жолы әрекет ете бастады.
Жібек енді халықаралық валюта қызметін атқара бастады: ақсүйектер үлде
мен бүлдеге бөленді, сарбаздар жалақысын жібекпен алды, шетелдік елшілер
жібектен сый алды және т.б.
Барлық жаугершілердің артынан қашанда көпестер еріп жүреді. Әрине
оларды орындарынан қозғайтын күш – мәдени қызығушылық пен саяхаттан
құштарық алу емес. Бұл көшке толымсыз пайдақұмарлық ілесіп жүреді.
Көпестердің арасында арабтардан басқа еврейлер мен гректер, сириялықтан мен
парсылар, соғдылар кездесіп отырады. Ислам көпестердің дініне аса көңіл
бөлмеген. Ең бастысы – олардың байлығынан түсетін үлес пен тауарлар.
Мысалы, Рамешт деген көпес 20жыл Қытайда болып, одан 500 мың динар
құрастыратын тауарларды алып шыққан. Кейін ол Меккедегі суға түсетін
хауыздың күмісін алтынмен ауыстырған [7, 48 б.].
Ұлы Жібек Жолы бойындағы керуендердің құрамы әр түрлі болған. Мысалы,
халиф Мұқтадирдің Еділдегі Болғар еліне жіберген елшілігіне 5 мың көпес,
қолөнерші, діншілдер қатысқан. Осындай тұрақты әрі ірі құрлымдар керуен
жолдарын жақсы ұстап тұру мен қорғанысты қажет етті, шөлейт жерлерде әрбір
15 шақырымда суы бар бекеттер орналастырылған, көшпелілермен үйе, жылқы,
басқа да мал өнімдері бойынша сауда туралы келісімдер жасалған. Бұл өлкенің
экономикалық дамуына да себебін тигізген.
Ауыр және алыс жолдағы керуеншілер тоқтайтын бекеттер біртіндеп мәдени
орталықтарға айнала бастады. Ұлы Жібек жолындағы бақылау орнатқан түрік
қағандары да көпестер мен елшілердің көңіл көтеруіне ерекше назар аударған.
Шетелдік оркестрлер сарай маңындағы қызметкерлер құрамына кіріп кете береді
[1, 28 б.].
Керуеннің келуі қала рабадтарын әсіресе жандандырып жібереді. Шығыс
базары өзінің көптүсті реңіне енеді, шынында да ол мәдени орталыққа
айналады. Осындай қарым – қатынас пен диалогтың негізінде Жібек жолы этосы
қалыптасты.
Ұлы Жібек жолы мәдениеті түйіндейтін маңызды бір қорытындысы өнердің
сұхбатсыз, ауысусыз шөлейттеніп қалатындығы жатады. Ұлы ойшыл Әбу-Райхан
Бируни мынадай естелігін қалдырған: Мен Исфахан қаласындағы көпес досымның
Рейдегі үйінде болдым. Оның бүкіл ыдыстары фрафордан жасалған [8, 65 б.] .
Қытайдан әкелінген бақыт құсы Феникс бейнеленген әшекейлер ерекше құнды
болып есептелген.
Өнер туындылары адамды ерекше жігерлендіріп отырған. Жалпы даму, жетілу
желісінің бір тізбегі ретіндегі өткен өмір шындығы мен оның болашақ
өрісінің сабақтас, бауырлас жарасымынан терең мән-мағына тауып, шексіз әлем
сырын түбегейлі тануға бірте-бірте жақындай беретін, жер-жаһан, жарық дүние
тынысын бар қозғалыс болмысымен мейлінше кең, жан-жақты қарастыратын
ізгілік өнерінің тарихи сабағы, мәдени маңызы ортақ адамзаттық мұрат
мүддесіне қалтқысыз берілген адалдық, адамгершілік асқақ рухында жатыр. Осы
асқақ адамгершілік өнер өміршеңдігінің ғибадаттық тағылымын біз біркелкі
кеңірек тоқталған тек бүгінгі күн тақырыбымен шектеуге болмайды. Дәуірлер
лебін жеткізіп, тағдыр философиясын қорытқан қазіргі мәдениет үлгілерінен
де табар рухани игілігіміз мол.
Ұлан-ғайыр қырлардың кең төсінен, көне тарих жолының кемерінен қоныс
тепкен әйгілі Тадж-Маһал көркі, сұлулық салтанаты, мысалы, Ұлы Жібек жолы
мәдениетінің бір мұрагері Ә.Әлімжановтың Отырардан келген сыйлық
хикаясында әсерлі жырланған. Өзінің теңдесіз ұлылығымен, қарапайым да
ғажайып мүсінімен табындырып, тамсантып, шалқар өзен жиегінде өлмес өнер
ескерткіші тұр. Айтулы туындының ақ тымық аялы бір сәті, айнадай жарқырап,
іштей тынған су беті, көз жеткісіз көгілдір кең аспан...жазушы қаламымен
байсалды, әсем ырғақ тапқан [9, 68 б.].
Ұлы Жібек жолы мәдениетінде антик өнері мен мифологиясы да кең көрініс
табады. 1932 жылы Кама өзенінің жағасында күмістен жасалған ыдыс табылды.
Онда Орталық Азияға үйреншікті бұғы мен қарақұйрықтан басқа тақырбасты
қария Силеннің бейнесін және оның екі жағындағы екі пілді көруге болады.
Дионистік кейіпкер Силен қашанда масаңдау, көңілді және ойнақы болып
келеді. Бұл антик дәстүрінің тұрақтылығын білдіреді.
Иран мен Орталық Азияда Силенді өнімділіктің және су қайнарларының пірі
деп қадірлеп келген. Антик мифінде Силен Дионис жорығының құрамында бүкіл
Таяу Шығыс, Үнді, Орта Азияны аралап қайтқан. Еврипид Силен Бактрияның
суығына шыдап, варварлармен достасып қайтқан дейді [10, 429-430 б.].
Ұлы Жібек жолы бойында дионисийлік култьттарға қатысты көптеген
айғақтар табылып жатыр. Грек құдайлары өздерінің Шығыстық егіздерімен
қосыла түсуде. Мысалы, Орталық Азия халықтарында дионисийлік ұлттық ойындар
осының куәсі. Солтүстік Тәжікстанда табылған екі сәбиді емізіп жатқан
қасқыр бейнесі салынған табақша атақты итальяндық Ромул мен Рем туралы
мифті еске алады. Түріктердің арғы тотемі көкбөрі туралы аңыз онсыз да
белгілі.
Ұлы Жібек жолы бастап берген мәдениетаралық қарым-қатынастар жүйесінде
мәдени артефактыларды тарату барған сайын маңызды рөл атқарып келеді. Бүгін
біз, онда бұл берілістің көлемі мен жылдамдығына әсер ететін, мәдени
ақпарат берілісінің құралдары, тәсілдері, арналары мен технологиясы күрт
өзгеріп кеткен, техногендік өркениетте өмір сүреміз. Іс жүзінде
мемлекеттік, саяси және басқа да шекаралы мәселені шешкен, ақпаратта кім
жаппай қажетті болған, тек сол өмірде табысты әрекет ете алады.
Өркениеттің негізгі қызметтерінің бірі – қарым- қатынас, яғни, ғылыми
тілдегі коммуникация. Өркениеттер келесі бір өркениеттермен әрдайым түрлі
деңгейлерде қарым-қатынасқа түседі. Бұл өркениет болмысының міндетті
түрдегі шарты, себебі бұл процесс жаңаға еніп, жаңа ішінде пайда болып,
онда мықтап орнығады. Осы процесс жаңаны меңгерудегі айналымды құрайды. Кез-
келген өзгеріс аталмыш процесте толық аяқтамаса да, өркениеттің ішк
қатпарларын игере алады; бірақ бұл өзгеріс мәдениеттің өзегіне айнала
алмайды, оны мәдениет мойындамайды да, себебі өзгеріске ұшырау барысында
белгілі бір үйлесімділік заңдылығы бұзылады. Әртүрлі өркениеттердің қарым-
қатынасы кезіндегі ең керемет, әрі ең қызықты сәт, жаңаға жолсерік болған
жатық механизмдердің өзара ықпалдастығы мен ортадағы делдалдық қызметі.
Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениеттер диалогы поэзия алыптары – Шығыс
ақындарының назарынан тыс қалмаған. Атақты Нәсір Қысырау былай шабыттанды:
Жадыңа тұт, ал арабтай кешегі
Шабандоз жоқ жыр-бәйітке көшелі.
Ал гректің ежелгі есті ұлдары
Жер-жиһанды емшілікпен нұрлады.
Тылсым күшпен тартқыш ел жоқ үндіден,
Рим етті сан-есеп, саз-үнді кен.
Қытай күшті-ақ суретке жырақта...
Бағдаттықтай қыл-қаламнан гүл төккен
Шын шеберді көрмепті әлем бірақ та
Жалпы қазіргі батыс философиясында Азия халықтарына партикуляризм тән
деген жиі қайталанады. Бірақ бұл Азияны түсінбеуден туындайды. Адамдағы
рухани бастауларды аспандатқан, нәпсіқұмарлық пен зорлық-зомбылықты, дүние
қоңыздық пен екі жүзділікті әшкерелеген, кейбір зерттеушілер түркіден
шыққан, басқалары парсының ақыны деп есептейтін, сопы Мауляна Жәлеледдин
Руми, Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениеттер диалогы ықпалымен, мәдени
ауысулар мен ынтымақтастыққа, диалогқа ерекше мән береді: Кейде түрік пен
үнді оңай ортақ тіл табыса кетеді. Кейде екі түрік бірі-бірін жаттай
сезінеді. Ендеше жанмен ұғынысу тілі – дегеніміз – мүлде бір басқа нәрсе;
бір тілдестіктен жанмен ұғынысу тілі қымбат. Дін жүрегі атанған абзал
ақын Конье қаласында қайтыс болған кезде оны ақтық сапарға шығарып салуға
мұсылмандармен қатар христиандар да, иудейлер де, буддаға табынушылар да
бірлесе қатысқаны тектен-тек емес [1, 27 б.].
Неміс ғалымы Р.Гюнтердің 1901 жылы Санкт-Петербург қаласындағы
А.С.Суворин баспасынан шыққан Мәдениет тарихы деген кітабында былай деп
жазылған: Арабтар емхана салып алған кезде Германияда ауруларды ұшықтап
емдеумен ғана айналысқан. Римде Прометей туралы естеліктердің өзі жоғалып
бара жатқан кезде, арабтар обсерватория салып алған. Византияда жазушыларды
от пен оқтың астына алып, қудалап жүргенде, арабтардың кітапхана жүйесі
әбден қалыптасқан дәуір болатын. Еуропа білімге сусап, білімді тек
монастырлерден ғана алып жүрген уақытта, арабтарда толыққанды
университеттер болған. Осынау фактілердің өзінен-ақ, еуропа халифатқа
қарыздар екенін мойындауы керек [11, 48,154-155 б.].
Батыс пен Шығыс нақты деректер бойынша салыстыра отырып ой қозғаған
белгілі ғалым, академик И.Н.Конрад әлемдік әдебиет тарихына шолу жасай
отырып, батыс елдерінде болып өткен әдеби кезеңдердің барлығы шығыс
әдебиеттерінде де болғанын дәлелдейді. И.Н.Конрад әсіресе қытай, жапон
халықтары әдебиетінің биік мәдениеттілігіне тоқталды. Осы тақырыпта
көптеген еңбек жазған және осы елдер әдебиетін көп аударған ол Батыс
ғалымдарының Шығыс жөніндегі кейбір келеңсіз пікірлеріне бетбұрыс жасады.
Енді мәдениеттің рухани саласына көз жүгіртсек, адамның алғашқы көркем
ойлау процесін қалыптастыруға әсер еткен мифология, одан кейін дін болғаны
шындық. Адамзаттың ойлау эволюциясы дами келе діни догмадан ғылымға қарай
ауысты. Ал, көркем шығарма болса, оның поэзия, проза, драматургия жанрлары
да жоғарыда айтылған мифология, дін, ғылыми процестердің ықпалында болып
дамыды. Бұлармен бірге бейнелеу өнерін де айтпай кетуге болмайды. Көркем
шығарма сияқты бейнелеу өнері де жоғарыдағы кезеңдерді бастан өткізді. Осы
айтқандарымыздынақты мысалмен көрсетсек,- египет, шумер, қытай, үнді
халықтарының мифологиялық туындылары ойға оралады. Одан соң зороастр,
будда, христиан, ислам діндерінің канондары – Авеста, Дхаммапада, Упанишад,
Библия, Құран бар. Міне, бұлар адамзаттың ойлау, сонымен бірге көркем ойлау
процестерін қалыптастырып, дамытуға орасан ықпал етті: Махабхарата,
Иллиада, Одиссея, бертін келе Манас, Үлкен Эдда, одан соң Қорқыт
ата кітабы, Көрұғлы...
Батыс-Шығыс жүйесіндегі қазақы мәдениеттің бірегейленуі теориялық қана
емес, практикалық та мәнге ие. Бұл әрине мынадай ауыспалы қоғамда заңды
құбылыс. Аталған процесс әлеуметтік өмірдің барлық саласын қамтиды. Осыған
орай өз құндылықтарымызды зерттеп, талдап, баға беруде мамандардың шешімін
таппаған көптеген мәселелер күтіп тұр.Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени
диалог Орталық Азияның тарихында түрлі діни ағымдардың осындай бейбітшілік-
тыныштықты көп ғасыр бойы сақтап жүрген кезі бар. Бұл әсіресе 1138 жылы
Шығыстағы барлық мұсылмандар мен христиандар арасында жасасқан Қорғау
келісім-шартынан анық көрінеді [12, 10 б. ].
Бір сөзбен айтсақ атқа қонған көшпелі географиялық кеңістікті игерді,
астрономиялық білімге ұмтылды, зат айырбастау, жаудан қорғану мен шабуылға
шығу, металл балқытуды игеру, әскери өнерді жетілдіру, атты әскер мен
арбаларды қолданып, бұрын-соңды болмаған жеңіске жету –көшпелілерді
заманының иесі етті. Ұлы Жібек жолы сауда ғана емес, мәдениеттің тоғысу
жолы еді. Бір ғана Сырдарияның орта және аяқ шенінде 300 жуық қалалар мен
елді мекендер болды. Бір кезде мемлекеттік және аймақтық астана болған
Жанкент, Женд, Баршыкент, Сығанақ, Отырар, Яссы, Жалпақасар, Қабылқала,
Сеңгірқала, Құмқала, Алтыасар, Исфиджап, Тараз, Садырқорған, Құлан, Меркі
т.б. қалалар сол заманның көнекөз куігері. Ендеше еуразиялық сахарадағы
көшпелілік дала мен қаланың қоспа құймасы емес пе?
1.2 Шығыс және Батыс өркениеттері арасындағы мәдени диалогтың
шектері мен мүмкіндіктері
Әлі күнге дейін Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия көптеген адамдар
санасында тарихи жағынан да, географиялық орналасу тұрғысынан да бір-біріне
қарама-қарсы сипат алған. Олар бойынша, үздіксіз алға жылжу мен ұдайы
жетілдіруді ұстанған Батыс және Еуропа әлемнің озық бөлігін құраса, Шығыс
пен Азия – қазіргі заман адамын а риза қылмайтын тоқырау аумағын құрады.
Бұларды ешкімге күмән туғызбайтын тарихи-географиялық аксиомалар деп
Батыста қабылдайды. Егер Батыс болмаса онда дамыған Шығыс, егер Еуропа
болмаса онда өркениетті Азия жоқ, демек мұнда белорта жоқ делінеді.
Бірақ Ұлы Жібек жолы дәлелдегендей, Еуропа-Азия, Батыс-Шығыс деген ойша
жорылған құрылымдар. Тіпті егер бұлар болған жағдайда да, ол тым қатаң
болмас еді. Тоғысу мен жанасудың әрбір қосындысы өзімен бірге нақтылы
тарихи талдау қажеттілігін алып келеді. Біз санамыздағы жақсыға ұмтылудан,
үлгі алудан, адамзаттық өркениет жетістіктерінен ешқашан ба тарта алмаймыз,
өзін құрметтеу, табыстылық, бақыт біз үшін өлімнің алдында да тайсынбайтын,
күнделікті тіршіліктен де артық құнды, тіпті одан тыс өркениеттің болуы
мүмкін емес, себебі одан тыс прогресс жоқ, олай болса, біз, біздің өлкені
құтты деп ашық айта аламыз. Алыс кеткен тарих сахнасына қайта оралған, өз
ісін тамамдаған, нәрі таусылған немесе қарапайым тіршілікке ұмтылған
халыққа ешнәрсе де көмектеспейді, Шығыста ма, Батыста ма, тіпті оның қайда
тұратыны да ешкімге қатыссыз.
Өркениеттің нақты белгіленген шекарасы және анық бастамасы мен аяғы
жоқ. Адамдар өздерін әртүрлі бірегейлендіре алуы мүмкін және осылайша
істейді. Нәтижесінде өркениеттің құрамы мен формасы уақыт келе өзгереді.
Халықтардың мәдениеті өзара әсерлеседі және бірін-бірі қатарласа басып
отырады [13, 51 б.]. С.Хантингтонның бұл пікіріне толығымен қосылуға
болады. Себебі, орта ғасырларда күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси
қатынастардың өзгеоуіне байланысты Ұлы Жібек жолы бойында сауда да,
мәдениет те, қоғамдық ой да тез қарқынмен дамып, бүкіл Шығыс пен Батысқа,
Еуропа мен Азияға өзінің зор ықпалын тигізді. Ұлы Жібек жолы бойында,
Мұсылман Ренессансы да болды. Шығыстық ғұлама ойшылдар дамытқан мәдениет
пен философия, нақты ғылымдар мен ғылыми жаңалықтар нағыз өркендеу,
өркениет бейнесін берді. Шығыстың болмыс-бітіміне тән баяулық Ренессанстан
соң тіпті басым болды, осы сәтте ортағасырлық дін шырмауынан енді құтылған
батыстықтар үшін шығыстық жаңалықтар үлкен қор, таусылмас қазына болды.
Олар өздеріне тән шапшаңдықтарымен шығыстық ілім-білімді өз сүзгілерінен
өткізіп, өздері үшін жаңа философия жасады. Жаңа философия – жаңа заман
философиясы. Жаңа философия шығыстық ойды батысқа айналдырып жаңашаландыру.
Бұл жердегі мақсат Батыс пен Шығысты бір-біріне қарсы қою емес, керісінше
осындай пікірлерден арашалап алу. Мәдениеттанушы ғалым Ж.Мүтәліпов: Шығыс
пен Батыс мәдениеттерін бір-бірімен қатар қоюға, салысыруға да болар, бірақ
оларды бір-біріне қарама-қарсы қою дұрыс емес, олай болатын себебі Шығыс
пен Батыс - әлемдік екі бастама, екі рух, екі дене, екі жаратылыс дүниесі.
Сондықтан өзімдікі мен өзгенікі пиғылына бас ұра бермей, мәдениеттің
өрісін кеңейте түскенге не жетсін. Ең бастысы мәдениеттің ең алғашқы ошағы
Шығыс болғандығын, дәлірек айтқанда мәдениеттің Шығыста пайда болғандығын
естен шығармауымыз керек сияқты,- [14, 80 б.] дей келе, Шығыстың
мәртебесін көтеретін Ұлы Жібек жолы туралы былай дейді: Екі мың жылдық
тарихы бар Ұлы Жібек жолы өзінің ғұмырының ұзақтығымен ғана емес, сонымен
қатар адамзат баласының мәдени дамуына қосқан үлесімен даралық қасиеттерге
ие болған, енді қайтып қайталана қоймайтын мәдени құбылыс және өркениет
жолы болды[15, 6 б.].
Көптеген зерттеушілер Ұлы Жібек жолы пайда болуын б.з.д. II ғ.
байланыстырады және бұл кезең еуразиялық көшпелілердің өркендеп тұрғанының
айғағы бола алады. Олар тіпті дуниежүзілік үдерістерге де өз әсерін тигізіп
отырды.
Ұлы Жібек жолы шын мәнісінде көшпелі және отырықшы мәдениеттер
тоғысуының адамзат тарихында ең маңызды тәжірибесі болғандығы жөнінде
айғақтар жеткілікті. Бұл, мысалы, 1991 жылы Алматы қаласында ЮНЕСКО
өткізген халықаралық семинардың басты тақырыбы болды. Халықаралық
қауымдастық Ұлы Жібек жолына тек тарихи-мәдениет артефакт ретінде қарап
қоймай, оның қазіргі шиеленіскен, жанжалдарға толы әлем үшін де
маңыздылығын атап өтті. Сол себепті ЮНЕСКО Ұлы Жібек жолы туралы арнаулы
екі ірі бағдарлама қабылдады: Адамды қоршаған орта және Мәдениет пен
болашақ. Оның үстіне қазіргі ақпараттық қоғамдағы көшпелілікі жаңа
рәміздерін ескерсек (тамырсыз ризома, орталықсыз жүйе, үйлесімділік, т.т.),
онда талқыланған тақырыптың маңыздылығы күдік туғызбайды.
Ұлы Жібек жолы мәдениеті тәжірибесінен туындайтын тарихи сабақтың бірі
– еуропоцентризмдегі номадизмді қалалық мәдениетке қарсы қою ұстындарының
жалаңдығы. Бұл жерде басты ұсынылатын тезис – көшпелілер қалалық мәдениетке
қарсы қиратушы күш болды.
Осы мәселені нақтылы талдау мақсатында ортағасырларда көшпелілердің
арасында болып қайтқан мұсылман және еуропалық саяхатшылар мен
зерттеушілердің кейбір айғақтарын келтірейік.
Әл-Мұхтадир халифтің Бұлғар патшалығына жіберген елшісі Ахмад Ибн-
Фадлан естеліктерінде отырықшы славяндар, бұлғарлар, хазарлар мен көшпелі
түркілік ұлыстардың арасында тығыз байланыс болғандығы анық айтылды: әрине,
Ибн-Фадлан, араларында өзі болған оғыздардың мәдениетін, арабтікінен мүлдем
басқаша бағалайды: Оларды Ғұз елі деп атайды екен. Өздері көшпелі,
үйлеріне жапқандары жүннен басылған киіз, жайлаудан-жайлауға көшіп-қонып
жүреді. Үйлерінің бірі анда, бірі мұнда, шашыранқы. Көшпенділердің тірлігі
осындай, ешбір сүйсінетін жері жоқ. Өздері жолынан көз жазып, адасқан, ...
аллаға сияқты сыйынатындары - өздерінің ата-бабалары мен қарт-қариялары.
Егер олардың біреуі өз руының көсемінен кеңес сұраса, ол: Ой, тәңірі-ай,
менің қалымда не тұр? дейді. Барлық істі олар өзара кеңесіп шешеді. Егер
бір нәрсеге мойын қойып кіріскен болса, олардың жаман-жәутігіне дейін сол
жоспарды қайта бұзып жібере алады.
Тарих мәдениеттер диалогының өзіндік мәдени түрлер тудыруға тигізген
жағымды әсерлерін көптеп мысал ете алады. Мысалы, көне грек мәдениеті. Ол
мәдениет басқа мәдениеттермен салыстырғанда басқаларға үлкен ықпал ете
білген мәдениет. Көне грек өмір салтының, ойлау стилінің ерекшелік сипаты
оның агоналдылығына , яғни жарысушылық, бәсекелестік рухында. Полистік
демократия сұхбаттылық ойлау тәсілін қалыптастыруға көп әсер етеді. Көне
гректердің басқа елдермен сауда-саттық, кеме жолылық байланыстары
гректердің танымдық көкжиегін кеңейтті. Финикиялықтардан алфавиттік жазу
өнерін қабылдап, халдей-вавилондық астральды дүниетанымды игеріп, Мысырдың
өнері мен бай мифологиясын мұра етіп, Иранның этикалық ойына тәнті болып,
көне Шығыстың эзотерикалық ілімінің даналығын мойындап, көне Грекия соның
бәрін жинақтай келе, өз алдына болашақ еуропалық мәдениеттің қара шаңырағы
бола білді. Адамдардың ғана емес, сонымен қатар халықтардың да тарихи жады
таңдаудан тұрады. Керек дегенді есте сақтап, қаламағанын,ұятсынғанын,
ұмытуға тырысады. Сондықтан болар қазіргі еуропалық халықтар мұсылмандарды
өздерінің алғашқы тарихи ұстаздары ретінде қарастырғысы келмейтіндігі.
Еуропаорталықтық деп тек қана грек-римдік және оның мұрагері –
батысеуропалық мәдениетті ғана адамзаттың жалпыға ортақ әмбебап жолы деп
танитын көзқарастар жиынтығын айтамыз. Нәтижесінде, Батыстан Шығысқа мәдени
ықпал ету аймағы жылжыды делінеді де, Шығыстың Батысқа тигізген әсері
туралы тыс үстірт айтылады. Ал шындығына келетін болсақ, алдында айтып
кеткен Ренессанс мәдениетінің түп-тамыры тек антикалық әлемде ғана жатпаса
керек, шығыстық, соның ішінде араб-мұсылмандық мәдениетке де байланысты
екені аян. Олай деуімізге бірден-бір себеп Батыстың өзінің грек-римдік
мұрасын, соның ішінде әсіресе еуропалық ортағасырлық шіркеу әлемі
тәркілеген философияны, ондағы ұлы тұлғалар шығармашылығын араб-иран
әлемінің аман сақтап қалу арқасында иеленгендігін ешкім жоққа шығара
алмайды.
Ұлы Жібек жолы көшпелі түркі халықтарының да мәдени қатынастарының
қайнар бастауы. Ол Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын, батыс пен шығыс
өркениеттерінің мәдени дәстүрлерін, діни сенімдерін, ғылыми-техникалық
жетістіктерін түйістіретін ежелгі керуен жолына айналды. Бұл жолдың едәуір
бөлігі Орталық Азия территориясын қамтығандықтан, сол кезеңдегі Шығыс
мәдениетінің беделі барынша жоғары болды. XV ғасырға дейін жалғыз сауда
магистралі ретінде қызмет еткен Ұлы Жібек жолы әлемдік өркениеттердің
қомақты жетістігі ретінде дәріптеледі. Қазіргі кезеңде Ұлы Жібек жолының
ізін жалғастырған жаңа еуразиялық континенталдық көпір Қытайдың шығыс
аймақтарын Орталық Азия мемлекеттері арқылы Батыс Еуропа аймақтарымен
байланыстыратын трансконтиненталдық теміржол магистралі жүзеге асты. Дружба
және Алашанькоу станциялары арасында 1990 жылдың қыркүйегінде іске
асырылған түйісу Қытай және басқа да Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің
Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне шығуға мүмкіндік берді [16, 22,67 б.].
Қазіргі заманда Қазақстанның ерекше мәдени орны, ұстанған саясаты арқылы
Ұлы Жібек жолының қайтадан бой көтеріп келе жатқанын аңғарамыз.
Жалпы қазақ даласында ғылымдар таратылуының бой алуы ежелде Шығыстың
Араб, Иран,Қытай ойшылдарының көзқарастарынан байқалса, кейінірек ресейлік
ықпалдың күшеюімен бірге еуропалық ойлар жалғасты. І Петр Қазақстанды
Азияға шығар қақпаның кілті десе, хакім Абай Ресейді Еуропаға көзқарасты
кеңейтер үлкен терезе деп үлкен мәдени диалог көпірін мегзеді. Жоғарыдағы
ойымызды өрбіте келе, мәдениет тарихына енген дәуірлер қатарының тізбектеле
бірін-бірі жалғастыруы тарихи реттілік, ал тарих дегеніміз – адамдар
тағдыры, өркениеттер тағдыры.
Соңғы кезеңдердегі дүние жүзінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге
байланысты Батыс елдерінің рухани байлықтарына тәнті болып, оны асыра
бағалаудан арылып, тек қана шығыстық мәдениетке ғана емес, сонымен қатар
ұлттық мәдениетке де жаңаша көзқараспен қараудың уақыты туды. Соның
нәтижесінде мәдениеттердің ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлықтарын
замана ағымына байланысты туындаған жаңа жағдайларға сай өзара үйлестіру
мәселесі күн тәртібіне батыл қойылып отыр. Осы орайда, тарихи-әлеуметтік
және мәдени процестерді зерттеуде еуроцентристік көзқарастардан, әдістерден
үзілді-кесілді бас тартудың қажеттігін өмірдің өзі-ақ көрсетіп бергендігін
ерекше атап өткен жөн және бұл Ұлы Жібек мәдениетінің басты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz