Монғолия


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Монғолия

Жоспар:

  1. XXғ. бас кезеңіндегі Монғолия
  2. Тәуелсіздік үшін күрес
  3. 1921-1940 жылғы Монғолия
  4. 1941-1945 жылғы Монғолия

1. XXғ. Бас кезеңінде Монғолия біртұтас мемлекет болған емес. Гоби шөлінің оңтүстігіндегі бөлігі ішкі Монғолия деп аталды, ал екінші бөлігі Сыртқы Монғолия деп аталды(Халха) .

Ішкі Монғолия Қытай құрамында болды, ал Халха Қытайда 18 ғасырда Синьхай революциясы кезінде қосылған болатын. Ішкі Монғолия Жапониямен Ресей арасындағы тартыстың негізгі объекті болды. Бұл ел шетелдік державаларды өзінің тиімді географиялық орналасуымен қызықтырды, және тауарларын өткізу рыногы және арзан шикізат көзі ретінде пайдаланды. Европалық үлгі бойынша, Монғолия артта қалған ел болды. Халықтың негізгі айналысатын кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Өнеркәсіп мүлдем болмады, ал сауда қытай капиталының қолында болды. Ең ірі әкімшілік орталығы елдің астанасы Урга қаласы болды. Онда негізінен ламдар, Қытайдықтар және жергілікті Элита өмір сүрді. Халықтың көп бөлігі буддизмнің ламаистік тармағын ұстанды. Діни жетекші богдо - гэгэн. Ер адамдардың көбісі будда монастырларында Монах (Лама) ретінде өмір сүрді. Жоғарғы ламаистік дін басыларының иелігінде көптеген жерлермен тап болды. Және де көптеген шаруалар (арат) оларға бағынышты болды.

Буддизм, әсіресе оның ламаистік тармағы Моңғол қоғамына үлкен әсерін қалдырды. Шығыстың басқа мемлекеттерінен айырмашылығы, Моңғолияда хубилған (түрлену) принципі кезінен таралды. Ламалар өз мүліктері мен билігін мирас қорлыққа қалдырмайды. Олар мәңгі адамдар болып есептелінді және физикалық өлімінен кейін олардың жандары тибет нәрестелеріне қонады деп сенді.

1911ж. богдо -гэгэн Джебзун - Дамба - хутухта 8-ші таққа отырды, яғни тек біни билікке емесе, сонымен қатар, зайырлы біликті де иеленді. Оған дейін дін басы мемлекет басшысына тәуелді болған. Мұндай жағдайдың негізгі себебі 20-шы ғасырдың бас кезеңіндегі ламаистік шіркеудің экономикалық тұрғыдан күшейуі және Будда дінінің беделінің өсуі еді. Алайда мемлекетті басқаруда, әсіресе билікті мирасқорлыққа беруде, көптеген қарама-қайшылықтар пайда болды. Ішкі қайшылықтардан қауіптеніп, богдо-гэгэн өзінің жаңа үкіметіне 5министрлерді тағайындайды. Оған 1911 жылғы белсенді қатысушылар кірмейді. Монғолияның басшылары Қытайдан бөліну туралы шешім қабылдайды және Николай ІІ-ден қолдау сұрайды. Мемлекет басында Шыңғыс ханның ұрпағы болмағанына элита өз наразылығын білдірді. Алайда шыңғысханның қалған ұрпақтар белгісіз жағдайда қаза болады. Жаңа үкіметте богдо-гэгэнның қарамағына жиналған және орталықтанған мемлекетті қолдайтын адамдар маңызды больді иеленді. Сонымен қатар, саяси өмірге шенеуліктер және интеллигенция араласты.

Олар кеңес органын құруды қолдады. 2 палатадан тұратын мұндай орган богдо-гэгэнның жарлығымен 1914ж. құрылды. Жоғарғы палатасының құрамында зайырлы және діни басшылар болды. Ал төменгіде шенеуліктермен әкімшіліктік қызметкерлер болды. 1913ж. Кяхтеде болған орыс-қытай келіссөздердің нәтижесінде, Сыртқы Монғолияның өкілдерінсіз, бұл территория автономия есебінде Қытайдың бір бөлігі деп жарияланған декларацияға қол қойылды. Бұл тек формальность еді. Нақты түрде автономияны Ресей басқарды.

1915ж. Қытай, Ресей және Сыртқы Монғолия арасында үштік келісімге қол қойылды. Ол бойынша, Сыртқы Монғолия Қытайдын вассалды түрде тәуелді ішкі дербес мемлекет болып жарияланды. Сыртқы монғолияның үкіметі өзінде мансжурлық заң шығарушы жүйесін және сословиелік сотынқа отырды. Басқа мемлекеттермен келіссөз жасау правосынан айрылды. Ресей мен Қытай Республикасы Монғолияның статусының гаранты болды.

Жергілікті шаруалардың жағдайы әлеуметтік-экономикалық қиындықтардың нәтижесінде ауырлай түсті. Моңғол мемлекеттілігінің дамуы Ресейдегі 1917 жылғы оқиғаларға байланысты тоқталып қалды. Моңғол қоғамы Ресейден оқиғаларды наразылықпен қарсы алды. 2 мемлекет арасындағы шекара жабылып, сауда тоқталып қалды.

1918ж. Моңғол жетекшілерінің келісімімен, қытай әскерлері елді оккупациялауға көшті. Жапонияда бұл оқиғаларға белсене қатысты. Қытайдың негізгі мақсаты моңғол автономиясын жою болды. Сол жылы қараша айында богдо-гэгэн автономияның жойылғанын жариялайды.

Жергілікті элитаға барлық құқықтарының сақталуына кепілдік берілді.

2. Елде «Моңғолияда тыныштық орнату басқармасы» құрылды. Оның құзырына барлық мемлекеттік істер өтті. Қытай генералы Сюй Шучжэнның басқаруымен әскери диктатура орнатылды. Моңғол әскері таратылып, мемлекеттік басқармалар жойылды. 1919ж. билік Пекиннен тағайындалатын шенеуліктердің басқаруына өтетіні туралы шешім қабылданды. Моңғолия Қытай әскерлерін территориясында ұстауға міндетті болды. Жергілікті халықтың экономикалық жағдайы нашарлай түсті. Наразы болғандай Кеңестік Ресейге жинала бастады. Кеңес үкіметі Сыртқы Моңғолияны өз ықпалына қосу үшін осы жағдайды пайдалану туралы шешім қабылдады. Оппозицияның басшысына моңғол әскерінің командирі Д. Сухэ-Батор тағайындалды. 1920ж. Ресейде болған азаматтық соғыста большевиктер теңе бастаған уақытта, Кеңес Үкіметі Моңғолияға бақылау орнату үшін, өз территориясында 1921ж. Наурыз айында Моңғол халық патриясын құрды. (1925ж. - Моңғол Халық революциялық партияға ауыстырылды) . Осы кезеңде елге моңғол автономиясын қайта құру және қытайлықтарды қуып жіберу үшін барон Унгерннің әскері кірді. 1921ж. ақпан айында ол Ургуды алып, богдо-гэгэнды таққа қайта орнатты. Бұған жауап ретінде Кяхтеде Халықтық Уақытша Үкіметі құрылды. Ол Моңғолияны Унгерннен құтқару және Ұлы Хуралдың халық өкілдерін шақыру ұранын көтерді. Сухэ-Батордың әскерлері Қызыл Әскердің көмегімен 1921ж. Наурыз айына қарай моңғол территориясының біраз бөлігін құтқарып, Унгернге наразылық білдірген жергілікті элитаның қолдауын иеленуге тырысты.

1921ж. Маусым айында Унгерг Сухэ-Баторға қарсы шабуылын бастады. Оған Солтүстік - Шығыс Қытайдың басшысы Чжан Цзолинжәне атаман Семенов қолдау көрсетуі керек болды. 6 маусым 1921ж. Д. Сухэ-Батор және Кеңестік Ресейдің біріккен әскерлері Ургуды алды.

Бұл оқиғалар «халық революциясы» атына ие болды. Сыртқы Моңғолия тәуелсіздігін қайта жариялап, Халық үкіметін құрды. 5 қараша күні Ресей бұл үкіметті «жалғыз заңды» деп мойындады. Бұл жағдай Қытайда әсерін тигізбей қоймады, себебі Қытай Сыртқы Моңғолияны өзінің территориясы деп есептеді. Осы кезеңнен бастап көп жылдарға дейін қытай-кеңес қатынастарында «моңғол мәселесі» көптеген қайшылықтарға алып келді.

3. Бірінші кезекте елде монархиялық режим сақталды, алайда богдо-гэгэн нақты биліктен айрылды. Сондай-ақ, оған мемлекет басшысы ретінде барлық билік большевиктік көзқарастағы қайраткерлерден құралған Халық Үкіметіне өтті. Сөйтіп, Моңғолияның саяси тарихында капиталистік емес дамуға бағытталған жаңа кезең басталды. Бірінші кезеңде (1921 - 1924ж. ) Монархияның билігі шектелді, шаруалардың (араттар) тәуелділігі жойылды, элитаның жеңілдіктері қысқарды. Ресейдегі ВЧК секілді, 1922ж. «контрреволюциямен» күресу үшін арнайы орган - Мемлекеттік Ішкі күзет-құрылды. Кейіннен олікші істер министрлігіне өзгерді. 1923ж. Жергілікті өзіндік басқару органдары құрылды.

1923ж. Ақпан айында белгісіз жағдайларда 30жаста Д. Сухэ-Батор қайтыс болды. Келесі жылы Богдо-гэгэн өмірден қайтты. Бұл жаңа үкіметке ішкі саясатты қатаң жүргізуге сылтау болды.

Алайда Моңғолияның мемлекеттің статусы әлі белгісіз болды. КСРО Қытайды өзінің одақтасы ретінде көріп, 1923ж. Моңғолияны Қытай Республикасының құрамды бөлігі деп мойындады. Бұған жауап ретінде Сунь Ятсен кеңес әскерлерінің Моңғол территориясында орналасуында қарсылық білдірмеді.

Екінші кезеңде (1924-1940ж. ) елде республикалық режим орнатуымен сипатталады. 1924ж. Ұлы Хурал өз жұмысын бастайды. Ол Моңғол халық Республикасының конституциясын бекітті. Урга Улан-Баторға ауыстырылды. Конституцияда жекеменшік жойылды және капиталистік емес сипатта болды. Зайырлы, діни элита, монастырларда өмір сүріп жатқан монахтар сайлау құқығынан айрылды. Дін мемлекеттен бөлінді. 1924ж. КСРО Қытайдың Сыртқы Моңғолияның суверенитетін қайта мойындады. Моңғол Халық Республикасының жарияларуы кеңес-қытай қатынастарының дамуына кедергі болды. Осындай жағдайда 1925ж. Моңғолиядан КСРО-ның әскері шығарылды. Сонда да, Кеңес Одағы Моңғолияның ікші және сыртқы істеріне араласып, экономикалық және саяси қолдау көрсетіп тұрды.

1928ж. Моңғолияны «социализм жолымен» дамуга кедергі жасаған «оңшылдарға» қарсы қуғын-сүргін жүрілді. 1930ж. ауыл шаруашылығын «ұжымдастыру» және аухатты шаруаларды кәйпескелеу әрекеттері жүрілді.

Нәтижесінде 1931-1932ж. Ірі қараның саны 1/3 есеге азайды. Басшылар тез арада шаралар қолдануға мәжбүр болды. Олар «солшыларды» кезінде, ішкі істер министрі Х. Чойболсанның наразылығына тап болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғолия мемлекеті
Моңғолияның тәуелсіздік үшін күресі
ХХ ғасырдын басында Моңғол Халық Республикасы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МОҢҒОЛИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ
МОҢҒОЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
Қазіргі таңдағы Моңғолия
ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯНЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Көкжал Шыңғыстың көне мекеніндегі ел – Моңғолия
Монғолияның конституциялық құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz