Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлерінің теориялық.әдістемелік негіздері
1.1. Мемлекеттік территориялық құрылым үлгілерінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Мемлекеттік құрылымның басқару нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ Қ.Р.ның мемлекеттік территориялық құрылымының ағымдық жағжайы және оны жетілдіру бағыттары
2.1. Қ.Р.ның мемлекеттік құрылымының унитарлығы мен оның территориялық бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. Қ.Р.ның әкімшілік территориялық құрылымы мен дамыту бағыттары...20
2.3. Қ.Р.ның мемлекеттік құрылымы аясындағы аймақтың даму барысындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Кіріспеге тоқталар болсақ Қазақстандағы мемлекеттік территориялық құрылымын басқару нысаны, яғни жалпы мемлекеттік билікті ұйымдастыру бойынша президенттік және парламенттік республика болып бөлінеді. Сонымен бірге аралас нысандары да кездеседі: жартылай президенттік республика және парламенттік монархия. Ол билікті болу қағидасын мойындау мен оны жүзеге асыру механизмдерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Парламенттік республикада сайланбалы заң шығарушы орган белгілі басымдыққа ие. Үкімет парламент арқылы құрылады және соның алдында есеп береді (Италия, Германия). Премьер-министрдің лауазымы бар парламенттік монархиядағы заң шығарушы және атқарушы биліктің құрылу механизмі мен арақатынасы да осындай.
Қазіргі заманғы мемлекеттер бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар өзіндік мәнге ие бола отырып, мемлекетті басқаруда көрініс табады.Сондықтан мемлекеттерді бір-бірінен ажырататын негізгі белгілерді қарастыру қажет. Аристотельдің жіктемесі бойынша мемлекеттер билік күшінің бастауы мен егеменді иесі (яғни дербес, тәуелсіз және жоғары) бойынша монархиялық, аристократиялық және демократиялық болып бөлі-неді. Монархиялық мемлекетте жоғары билік мұрагерлік жолмен немесе туысқандық кұқығымен, кейде сайлау жолымен алатын бір адамның—монархтың қолында шоғырланады. Қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде монархялардың екі түрі қалыптасқан: дуамистік және парламенттік. Олар белгілі бір деңгейде мемлекеттердің тұрпатына, олардың пайда болуы мен қызмет ету жағдайларына тәуелді. Дуамистік монархияға тән ерекшелік Әрбір жоғары билік тұрпатына сәйкес мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру логикасы анықталағынын ескерген жөн. Басқару нысаны жоғары және жергілікті мемлекеттік органдардың кұрылу және олардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін қамтитын мемлекетті ұйымдастыру ретінде қарастырылады. Биліктің бір адаммен жүзеге асырылуына болмаса оның ұжымдық органның қолында шоғырлануына қарай басқару нысандарының айырмашылықтары бар. Мемлекеттік биліктің тік бірыңғай жүйесі арқылы басқарылатын әкімшілік-аумақтық бөліністерге ғана бөлінеді. Оларда автономдық кұрылымдар құрылуы және дамыған жергілікті өзін-өзі басқару болуы да мүмкін. Мұндай мемлекетке бүкіл елге ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының, бірыңғай сот жүйесі мен конституцияның болуы тән. Ұлыбритания, Франция, Италия, Венгрия, Монғолия және тағы басқа мемлекеттер унитарлық мемлекеттердің қатарына жатады. Федерация мемлекеттік құрылымның күрделі нысанын құрайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы, "Жеті жарғы", - 2001ж.
2. "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдау / Егемен Қазақстан, 19.03.2004ж.
3. Көшім Д., "Жергілікті өзін-өзі басқару - азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы", - Алматы, 2000ж.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы., Алматы, 1995 ж. 89, 95 баптар.
5. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. №23 желтоқсан, 2003 ж.
6. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңы., "Заң", №3, 2001ж. 9-26 бет.
7. Мәдинов Р. "Сағым" идеядан сақтанған абзал немесе билікті орталық пен аймақтар арасында бөлуді жеделдеткісі келетіндердің көксегені не?/ "Егемен Қазақстан", 16.04.2002ж.
8. Медведева Н.П. "Местное самоуправление в зарубежных странах" (Информационный обзор) М., 1994г.
9. Никифорова Н. Предпосылки новой стратегии государственного управления национальной экономикой/ АльПари, №3, 2001ж.
10. Нүкенов А.: "Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері". "Саясат" №7., 2003ж., 26-31 бет.
11. Танкиева А.: "Жергілікті басқаруда экономикалық механизмдерді қолдану жолдары". "Саясат" №4, 2004ж, 62-67 бет.
12. Тоқтыбеков Ә.: "Мемлекеттік басқарудың жетілдірудің жолдары: тұжырымдамалар мен әдістер". "Ақиқат", №1 қаңтар, 2003 ж. 30 - 36 бет.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлері

Қабылдаған:

Орындаған

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлерінің теориялық-әдістемелік
негіздері
1.1. Мемлекеттік территориялық құрылым үлгілерінің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Мемлекеттік құрылымның басқару
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 12
ІІ Қ.Р-ның мемлекеттік территориялық құрылымының ағымдық жағжайы және оны
жетілдіру бағыттары
2.1. Қ.Р-ның мемлекеттік құрылымының унитарлығы мен оның территориялық
бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .18
2.2. Қ.Р-ның әкімшілік территориялық құрылымы мен дамыту бағыттары...20
2.3. Қ.Р-ның мемлекеттік құрылымы аясындағы аймақтың даму барысындағы
мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .30

Кіріспе
Кіріспеге тоқталар болсақ Қазақстандағы мемлекеттік территориялық
құрылымын басқару нысаны, яғни жалпы мемлекеттік билікті ұйымдастыру
бойынша президенттік және парламенттік республика болып бөлінеді. Сонымен
бірге аралас нысандары да кездеседі: жартылай президенттік республика және
парламенттік монархия. Ол билікті болу қағидасын мойындау мен оны жүзеге
асыру механизмдерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Парламенттік
республикада сайланбалы заң шығарушы орган белгілі басымдыққа ие. Үкімет
парламент арқылы құрылады және соның алдында есеп береді (Италия,
Германия). Премьер-министрдің лауазымы бар парламенттік монархиядағы заң
шығарушы және атқарушы биліктің құрылу механизмі мен арақатынасы да
осындай.
Қазіргі заманғы мемлекеттер бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл
айырмашылықтар өзіндік мәнге ие бола отырып, мемлекетті басқаруда көрініс
табады.Сондықтан мемлекеттерді бір-бірінен ажырататын негізгі белгілерді
қарастыру қажет. Аристотельдің жіктемесі бойынша мемлекеттер билік күшінің
бастауы мен егеменді иесі (яғни дербес, тәуелсіз және жоғары) бойынша
монархиялық, аристократиялық және демократиялық болып бөлі-неді.
Монархиялық мемлекетте жоғары билік мұрагерлік жолмен немесе туысқандық
кұқығымен, кейде сайлау жолымен алатын бір адамның—монархтың қолында
шоғырланады. Қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде монархялардың
екі түрі қалыптасқан: дуамистік және парламенттік. Олар белгілі бір
деңгейде мемлекеттердің тұрпатына, олардың пайда болуы мен қызмет ету
жағдайларына тәуелді. Дуамистік монархияға тән ерекшелік Әрбір
жоғары билік тұрпатына сәйкес мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге
асыру логикасы анықталағынын ескерген жөн. Басқару нысаны жоғары және
жергілікті мемлекеттік органдардың кұрылу және олардың арасындағы өзара
қарым-қатынас тәртібін қамтитын мемлекетті ұйымдастыру ретінде
қарастырылады. Биліктің бір адаммен жүзеге асырылуына болмаса оның ұжымдық
органның қолында шоғырлануына қарай басқару нысандарының айырмашылықтары
бар. Мемлекеттік биліктің тік бірыңғай жүйесі арқылы басқарылатын
әкімшілік-аумақтық бөліністерге ғана бөлінеді. Оларда автономдық
кұрылымдар құрылуы және дамыған жергілікті өзін-өзі басқару болуы да
мүмкін. Мұндай мемлекетке бүкіл елге ортақ мемлекеттік билік пен
басқарудың жоғары органдарының, бірыңғай сот жүйесі мен конституцияның
болуы тән. Ұлыбритания, Франция, Италия, Венгрия, Монғолия және тағы басқа
мемлекеттер унитарлық мемлекеттердің қатарына жатады. Федерация
мемлекеттік құрылымның күрделі нысанын құрайды.

І Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлерінің теориялық-әдістемелік
негіздері

1.1. Мемлекеттік территориялық құрылым үлгілерінің теориялық негіздері

Менің курстық жұмысымның теориялық негізі қазіргі заманғы
мемлекеттердің территориялық құрылымынан бір-бірінен айтарлықтай
ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар өзіндік мәнге ие бола отырып, мемлекетті
басқаруда көрініс табады.Сондықтан мемлекеттерді бір-бірінен ажырататын
негізгі белгілерді қарастыру қажет. Аристотельдің жіктемесі бойынша
мемлекеттер билік күшінің бастауы мен егеменді иесі (яғни дербес, тәуелсіз
және жоғары) бойынша монархиялық, аристокрагиялық және демократиялық болып
бөлі-неді. Монархиялық мемлекетте жоғары билік мұрагерлік жолмен немесе
туысқандық кұқығымен, кейде сайлау жолымен алатын бір адамның—монархтың
қолында шоғырланады. Қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде
монархялардың екі түрі қалыптасқан: дуамистік және парламепттік. Олар
белгілі бір деңгейде мемлекеттердің тұрпатына, олардың пайда болуы мен
қызмет ету жағдайларына тәуелді. Дуамистік монархияға тән
ерекшелік
— бұл монарх пен парламенттің арасында мемлекеттік биліктің
ресми-құқықтық бөлінуі. Атқарушы билікті тікелей монархтың
өзі жүзеге асырса, заң шығарушы билік іс жүзінде монархқа
бағынатын парламенттің қолында шоғырланады. Сәйкесінше
аристократиялық мемлекетте жоғары билік коғамның элитасына,
оның білімді, тәжірибелі және парасатты өкілдеріне тиесілі деп
саналады. Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы
- халық төменнен жоғары қарай қағидасы бойынша тікелей өз
еркін білдіру арқылы мемлекеттік билікті қалыптастырады. Бүгінгі
күні сақталған монархиялар әр түрлі нұсқада және қатынаста
монархиялық, аристократиялық және демократиялық белгілерді
үйлестірген конституциялық (заңмен шектелген) монархияларға
айналған.
Элитаның ұйымдастырушылық бірігуінің (консолидациясының) күрделілігіне
байланысты таза аристократиялық мемлекеттерді анықтау қиындық тудырады.
Көбіне элита монархияның болмаса демократияның ағын басқарды және
басқарады. Біз, халық, бекітеміз және қабылдаймыз деп 1787 жылы АҚПІ
Конституциясында жазылғанмен де демократиялық мемлекеттің қадір-қасиеті
мен болашағын мойындау өткен XX ғасырда жүзеге асты.
Әрбір жоғары билік тұрпатына сәйкес мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен
жүзеге асыру логикасы анықталағынын ескерген жөн. Басқару нысаны жоғары
және жергілікті мемлекеттік органдардың кұрылу және олардың арасындағы
өзара қарым-қатынас тәртібін қамтитын мемлекетті ұйымдастыру ретінде
қарастырылады. Биліктің бір адаммен жүзеге асырылуына болмаса оның ұжымдық
органның қолында шоғырлануына қарай басқару нысандарының айырмашылықтары
бар. Осыған сәйкес бірінші жағдайда монархиялык басқару нысаны қалыптасса,
екіншісіне-республикалық басқару нысаны тән.
Басқару нысаны, яғни жалпы мемлекеттік билікті ұйымдастыру бойынша
парламенттік және президенттік республикалар болып бөлінеді. Сонымен бірге
аралас нысандары да кездеседі: жартылай президенттік республика және
парламенттік монархия. Ол билікті болу қағидасын мойындау мен оны жүзеге
асыру механизмдерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Парламенттік
республикада сайланбалы заң шығарушы орган белгілі басымдыққа ие. Үкімет
парламент арқылы құрылады және соның алдында есеп береді (Италия,
Германия). Премьер-министрдің лауазымы бар парламенттік монархиядағы заң
шығарушы және атқарушы биліктің құрылу механизмі мен арақатынасы да
осындай.
Парламенттік монархия мемлекеттік билікті жүзеге асырудың барлық саласында
монархтың мәртебесінің ресми және нақты шектелуімен ерекшеленеді. Заң
шығарушы билік толықтай парламентке тиесілі, ал атқарушы билік өз қызметі
үшін парламенттің алдында жауапты үкіметтің қолында шоғырланады. Үкіметтің
кұрылуына монарх қалыптасқан дәстүрді сақтау мақсатында ғана қатысады.
Ұлыбританя, Жапония, Дания, Голландия, Швеция сынды алдыңғы қатарлы елдер
монархиялық мемлекеттер қата-рында саналады.
Президенттік республикада заң шығарушы орган (конгресс немесе басқа
атауы бар орган) және атқарушы биліктің басшысы ( мемлекеттің де басшысы)
халықпен сайланады, олар өз кызметтерінде тәуелсіз, бірақ бір-бірін тежей
отырып, қоғамды өмір сүрудегі тепе-теңдікті қамтамасыз етеді (АҚШ,
Аргентина, Мексика және т.б. елдер). Бөлінген мемлекеттік билік
органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін тереші және кеиілтер ретінде
қамтамасыз ететін Ресейдегі, Франциядағы және басқа да елдердегі мемлекет
басшылары- президенттер ерекше мәртебеге ие. Мұндай елдерде үкімет
негізінен президент алдында жауап береді.
Жалпы мемлекеттік биліктің басқару нысанын, құрылымын, функцияларын
және басқа да параметрлерін таңдау мемлекеттік басқаруға ықпалын
тигізеді.
Мемлекеттік құрылым нысаны мемлекеттің ішкі құрылымын, оның құрамдас
бөліктерге әкімшілік-аумақтық бірліктерге, автономдық саяси құрылымдарға
немесе егеменді мемлекеттерге бөлінуін білдіреді. Ол сонымен қатар жалпы
мемлекет пен оның жеке бөліктерінің арақатынасын сипаттайды. Мемлекеттік
құрылым нысандары бойынша мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және
федеративтік болып бөлінеді. Унитарлық мемлекет — біртұтас мемлекеттік
құрылым. Мемлекет бұл жағдайда мемлекеттік биліктің тік бірыңғай жүйесі
арқылы басқарылатын әкімшілік-аумақтық бөліністерге ғана бөлінеді. Оларда
автономдық кұрылымдар құрылуы және дамыған жергілікті өзін-өзі басқару
болуы да мүмкін. Мұндай мемлекетке бүкіл елге ортақ мемлекеттік билік пен
басқарудың жоғары органдарының, бірыңғай сот жүйесі мен конституцияның
болуы тән. Ұлыбритания, Франция, Италия, Венгрия, Монғолия және тағы басқа
мемлекеттер унитарлық мемлекеттердің қатарына жатады.
Федерация мемлекеттік құрылымның күрделі нысанын құрайды. Федеративті
мемлекет — басқа мемлекеттерден немесе мемлекеттік құрылымдардан —
федерация мүшелерінен (штаттардан, кантондардан, одақтас немесе автономдық
республикалардан) тұрады. Мемлекеттік құрылымдардың әрқайсысының әкімшілік-
аумақтық бөлімдері болады. Барлық федерацияға ортақ мемлекеттік билік пен
басқарудың жоғарғы органдарының болуы және қызмет етуімен қатар олардың
аумағында өздеріне тиесілі мемлекеттік басқарудың жогарғы және жергілікті
органдары әрекет етеді. Осыған сәйкес конституциясы, басқа федералдық
заңдары, сот, прокуратура және өзге де органдары болады. Жоғарыда айтылған
анықтамаларға сәйкес Қазақстан — біртұтас, ал Ресей федеративті мемлекет
болып табылады.
Мемлекеттік кұрылымның басқа нысандарымен салыстырғанда конфедерация
сирек кездессе де, маңыздылардың бірі болып табылады. Ол толығымен өз
дербестігін сақтайтын, жеке билік, басқару және әділ сот органдары бар
мемлекеттердің бірлестігін немесе одағын білдіреді. Бірлескен іс-
әрекеттерін үйлестіру үшін конфедерация мүшелері біріккен органдар құрады.
Бұл органдар міндетті түрде белгілі бір сфераларда қізмет атқарады және
нақты саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды кездейді. Конфедерация
көбіне мемлекеттердің федерация құру жолындағы аралық буын ретінде
қарастырылады. Мысалы, Швейцария - 1818-1848 жж. конфедерация болды, кейін
ол конфедерация атауымен федерацияға айналды. Конфедерация белгілері
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында да кездеседі.
Мемлекеттерді қолданыстағы саяси режимі — мемлекеттік билікті жүзеге асыру
әдістері мен тәсілдерінің, құралдарының мазмұны бойынша ажырата білудің
маңызы зор. Саяси режим мемлекеттік биліктің бүкіл бітім болмысын қамтып
көрсетеді.
Мемлекеттік режим билік басындағы топтардың, таптардың, жіктердің
мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысында қолданатын әдістері мен
тәсілдерінің жиынтығын білдіреді. Ол қоршаған экономикалық және әлеуметтік
— саяси ортада болатын маңызды процестер мен өзгерістерге жылдам
икемделетін мемлекет нысанының құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік
режим мемлекет нысанына жеке сипат береді. Ол саяси режимнің маңызды
құрамдас бөлігі ретінде тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар қоғамның
саяси жүйесінің барлық басқа элементтерін қамтиды.
Кез келген елдегі режимнің сипатына әр түрлі факторлар әсер етеді.
Олардың ішінде маңызды болып табылатындар: мемлекеттік билік, басқару,
әділ сот органдарын қалыптастыру тәсілдері мен тәртібі, әр түрлі
мемлекеттік органдар арасында құзіреттерді бөлу тәртібі және олардың өзара
қарым-қатынас орнату сипаты; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
нақты дәрежесі, коғам өміріндегі және мемлекеттік істерді шешудегі
құқықтың ролі; армияның, полицияның, барлаудың және осыларға ұқсас
құрылымдардың орны және ролі; азаматтардың жөн олардың бірлестіктерінің
мемлекеттік баскаруға, мемлекеттік және қоғамдық - саяси өмірге нақты
қатысу дәрежесі; қоғамда пайда болатын әлеуметтік және саяси жанжалдарды
шешудің негізгі тәсілдері.
Билік басындағы жіктердің немесе таптардың, атап айтқанда
буржуазияның барлық елдерде басқарудың екі жүйесін, өз мүддесі үшін
күресудің және өз үстемдігін қорғаудың екі әдісін өзгеріссіз
туындататындығы туралы тезистің әділдігін саяси режим толықтай растап
отыр, сонымен бірге осы екі әдіс бірін-бірі ауыстыра, кейде әртүрлі
үйлесімде ұштасып кетеді. Бұл біріншіден, зорлық көрсету әдісі, жұмысшы
қозғалысына жол беруден бас тарту әдісі, барлық елдерді және ескі
мекемелерді қолдау әдісі, реформаларды мойындамау әдісі. Екінші әдіс -
либерализм әдісі, саяси құкықтарды дамытуға, реформаларға қадам басу және
т.с.с Әр түрлі елдерде мемлекеттік билікті жүзеге асырудың осы
әдістерінің қайсысы қолданыста болатындығына байланысты саяси режимдердің
тарихта бірнеше түрі белгілі, атап айтқанда, авторитарлық, тотаритарлық,
демократиялық.
Авторитарлық режимде мемлекеттік билік күш көрсету, басу, әр адамның
жүріс-тұрысын қатаң бақылауға алу, азаматтардың бостандығына шек қою
әдістері арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш режим азаматтардың құқықтары мен
саяси бостандықтарын жою немесе шек қоюмен, оппозициялық партиялардың және
басқа ұйымдардың кызметіне тыйым салумен, сайланбалы мемлекеттік органдар
рөлін шектеумен және атқарушы-өкілді органдардың құзіретін мейлінше
кеңейтумен, мемлекет басшысының немесе үкіметтің қолында үлкен билік
өкілеттігінің шоғырлануымен, парламенттің және басқа да мемлекеттік билік
органдарының рөлін тек формалдық институттар жағдайына жеткізумен
сипатталады.
Авторитарлык режимнің аса қауіпті нысанына фашизмді жатқызуға болады.
Фашистік режим авторитарлық режимнің соңғы нысаны ретінде XX ғасырдың 30-
40 жж. бірқатар батыс елдерінде буржуазиялык-демократиялық құқықтар мен
бостандықтарды толықтай жойып, барлық оппозициялық ұйымдар мен мекемелерді
құртып жіберді, басқарудың террористік әдістерін алдыңғы орынға қойып, оны
кеңінен қолданды. Мемлекеттік биліктің әлеуметтік негізін билік пен
байлықты аңсаған буржуазия. орта буржуазия және жұмысшы табыан шаруалардың
алданған тобы құрады. Фашистік режимнің пайда болуы когамда әлеуметтік-
таптық қайшылықтардың шиеленісуінің, ұстап таптың саяси билігінің
дағдарысқа ұшырауының, басқарушы элитаның өз үстемдігін тек либералды-
дебуржуазиялық әдістермен қамтамасыз ете алмауының айқын бет-бесі болып
табылады. Ол мемлекеттік биліктен айырылу қаупі туындағандықтан
террористік әдістерді кеңінен қолдануға мәжбүр болды. Бұған мысалі ретінде
соғысқа дейінгі кезеңде Германия мен Италияда болған фашистік режимдерді
атауға болады.
Бұл елдердегі фашистік режимдерге тән белгілер: басқарудың
репрессивті әдістерін кедей топтардың құқықтарын қорғау жөніндегі
әлеуметтік және саяси демакотиямен ұштастыру; бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы антикоммунизм мен антисемитизмді орнату;халыққа қарсы жүргізіліп
жатқан саясатты оларға қам-қорлық жасау ұрандарымен бүркемелеу. фашистік
лидерлердің жүргізіп жатқан саясатын қолдамайтындарды қуғынға ұшырату.
Топтың әскерге, полицияға және басқа да жазалау органдарына үнемі арқа
сүйеуі, фашистік Германиямен Италияның көсемі болған - Фюрердің, Дученің
сөзсіз билігі.
Аталмыш режимнің келесі ерекшеліктеріне атқарушы биліктің заң
шыгарушы билік алдындағы абсолютті басымдығын жатқызуға болады. Атқарушы
билікгтің диктатурасы барлық жерде түбегейлі реформаларды жүргізу,
ұлттың бірлігі үшін, шынайы демократияны орнату үшін, заңдылық пен
әділеті биліктің үстемдігі үшін күрес жүргізу сылтауымен орнатылады. Бұл
жағдайда парламенттік құрылымның ешбір іс-әрекет жасауға мүмкіндігі болмай
саяси оқшау күйде қалады. Халықтың өкілетті билігімен ауыстырылады.
Парламент өзінің дәстүрлі заң шығару ісінен айрылады. Мысалы, 1933 жылғы
23 наурызда Германияда қабылданған халықтың және мемлекеттің кедейшілік
жағдайын жою туралы заңға сәйкес барлық заң шығару ісі үкіметке
бекітілді. Ол парламенттің қандай да бірі акциясынсыз кез келген заң
қабылдау өкілеттігіне ие болды. Бұл
Кандайда осы қабылданған заңдардың конституциясынасәйкес келмеуі
мүмкін еді. Халықаралық келісімдер парламенітің
бекітулерін(ратификациясын) қажетсінбеді. Канцлер заң жобаларын әзірлеу
мен оны үкіметгін қарауына ұсынудың айрықша құқыгына ие болды. Ал заң
жобалары оларды бекіткеннен кейін келесі күні күшіне енді.
Либералды режимде мемлекеттік билік жеке адамның құқығы мен
бостандығын жариялаумен қатар оны жүзеге асыру үшін өзінің барлық
мүмкіншілігін қолданады. Бұл режим тек мемлекетке ғана байланысты емес
себептерден көбінесе нақтылықтан гөрі саяси ұран ретінде көрініс табады.
Осы режим жағдайында биліктің қызметі бостандықты қамтамасыз етуге
бағытталған десе де болады.
Демократиялық - құқықтық режимнің мәнісі қатаң материалдық және
процессуалды заң шеңберінде халықтың қалыптасқан демократиялық еркін
жүзеге асыру.
Буржуазиялық-демократиялық режимге тән белгілер: азаматтар мен
олардың ұйымдарының әлеуметтік-экономикалык және саяси құқықтарының
конституциялық жариялануы және ішінара жүзеге асырылуы, бірқатар саяси
(оның ішінде партиялардың болуы, мемлекеттік биліктің орталық және
жергілікті органдарының сайлануы мен алмастырылуы, буржуазиялық-де-
мократиялық заңдылық пен конституциялық қағидасының, билік бөлінісі
қағидасының ресми мойындалуы және т.б.

1.2. Мемлекеттік құрылымның басқару нысандары

"Мемлекеттік басқару нысаны" түсінігі (не 0арапайым "басқару нысаны")
мынандай сұрақтарға жауап береді, кім "басқарады" мемлекетте, яғни ондағы
жоғарғы билікті кім жүргізеді. Басқару нысанын сипаттау мынандай кездерге
көңіл аударуды талап етеді:
мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын құруды (олардың кұрамы, міндеті,
қарым-қатынас жасау принциптері);
жоғарғы мемлекеттік билік органдарының басқа мемлекеттік органдар мен және
тұрғындар мен карым-қатынасының сипаты;
кұрылу тәртібі;
құрылудағы тұрғындардың қатынас деңгейі.
Мемлекеттік басқарудың екі негізгі нысаны бар - монархия және республика.
Монархия - жеке адамның билігі, жалғыз ұстаушысы (грек сөзінен "монос" -
біреу және "архе" - билік, яғни "монархия") басқару нысаны барлық жоғарғы
билік, өмір бойы бір адамда болады -монархта (фаронда, корольде, патшада,
шахта, сұлтанда т.с.с.) ол мұрагер, басқарушы династияның өкілі ретінде,
жалғыз өзі мемлекеттің басы және тұрғындар алдында өзінің билік әрекетіне
жауап бермейді.
Монархиялық нысанның кейіптік белгілері мемлекеттік басқару:
а) жоғарғы мемлекеттік билікті алып жүрушінің болуы;
б) жоғарғы билікті династиялық жолмен алуы;
в) өмір бойы биліктің монархқа қатыстылығы: монархия зандары
монархты биліктен қандай жағдайда болмасын алыптастау көзделмеген;
г) монархтың билігі халық билігінен емес,(билік" құдай кұдіретімен
беріледі");
д) монарх өзінің әрекеті үшін мемлекет басшысы ретінде занды
жауапкершілікке тартылмайды (Петр 1-нің Әскери уставында -
"самовластный монарх, который никому на свете о своих делах ответу
дать не должен").
Басқару нысаны ең алдымен қоғамның кейпіне (типіне) тәуелді. Монархия
құл иелену қоғамының жағдайында пайда болды. Феодализм дәуірінде ол
мемлекеттік басқарудың негізгі нысаны болды. Буржуазиялық типтегі
(кейіптегі) мемлекеттерде монархиялық биліктің белгілері ғана сақталды.
Сонымен бірге монархия бейімделген және өміршең мемлекеттік басқару нысаны
болды, сенуге тұратын көптеген позитивті сапасы болды және осы уақытқа
дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Мысалы, 1975 жылы Испания халқы
плебисцитте монархияның орнауын қолдаған. Қазіргі Ресейде де монархиялық
көңіл жоғалған жоқ.
Тарихи бағытта монархияны ескі шығыс - шығыс деспотиясына, азиялық
өндіріс жолына негізделген (Вавилон, Индия, Египет), кұлиеленуші антикалык
(мысалы, көне рим монархиясы), феодалдық (ертефеодалдық, сословия-
өкілеттілік, абсолюттікке) бөлуге болады.
Монархтың билігінің толықтығы көзқарасына байланысты, монархияның
мынандай түрлеріне бөлуге болады: абсолюттік (шексіз) жэне конституциялық
(тежеулі).
Абсолюттік монархия мемлекеттік басқарудың нысаны ретінде заң бойынша
барлық жоғарғы мемлекеттік билікті қабылдайды - заң шығару, атқару, сот.
Ондай мемлекетте - парламент жоқ, заң халықпен сайланатын шығарушы орган
жоқ; монархтың билігін тежейтін конституциялық актылар жоқ. Абсолютті
монархияның қазіргі кездегі мысалына Сауд Аравиясын айтуға болады.
Россиялық Империя да сондай монархияны көп жылдар басынан кешірген
(патшамен 1906 жылғы шығарылған заңға дейін). Абсолюттік монархияға
авторитарлық режим тән.
Конституциялық монархияға мынандай белгілер тән:
а) монархтың билігі мемлекеттік биліктің барлық аясында тежелген, қалай
болса да оның дуализмі жоқ;
б) атқарушы билік үкіметпен орындалады, конституцияға сай парламент
алдында жауапты, яғни монархтық емес;
в) үкімет сайлауда жеңген партияның өкілдерінен құрылады.
г) партияның бастаушысы (лидері) мемлекеттің басшысы болады,
парламентте кебірек депутаттық орынға ие болады.
д) занды парламент қабылдайды, ал оған монархпен қол қою
формальді акт.
Парламенттік монархияның мысалы ретінде Ұлыбританияны айтуға
болады.Монархияға қарағанда, қазіргі кезде республикалық басқару нысаны
кең тараған.
Республика (латын тілінен "гез риса" қоғамдык іс, барлық халықтық) -
мемлекеттік басқару нысаны, онда жоғарғы мемлекеттік билік тұрғындармен
белгілі уақытқа сайланған органдармен коллегиальды іске асырылады.
Республикалык мемлекеттік басқару нысанына мынандай белгілер тән:
а) жоғарғы мемлекеттік биліктің сайлануы және олардың коллегиальды
(ұжымдық) сипаты;
б) мемлекет басшысының сайлануы;
в) жоғарғы мемлекеттік биліктің органдарын белгіліу ақытқа сайлау;
г) мемлекеттік биліктің халықтың егемендігінен шығуы: "гезриса
езі гез рорил" ("мемлекет – бүкіл халықтық іс");
д) мемлекет басшысының заңды жауапкершілігі.
Қазіргі республика президенттік және парламенттік болуы мүмкін.
Президенттік республикаға мыналар тән:
а) президенттің қолына мемлекеттің басшылығын және үкімет
билігін қоса шоғырландыру (АҚШ, Аргентина, Бразилия, Мексика);
б) президент тұрғындармен, не оның өкілдерімен сайлау арқылы
(сайлаушылармен) сайланады;
в) президент тек өзі (парламенттің бақылауына қосылмаған) еркін түрде
үкіметті
кұрады, және ол парламентке емес, резидентке жауап береді;
г) президентке берілген өкілдік, көп жағдайда жоғарғы заң шығару
органдарының жұмысын бақылауға мүмкіндік береді (парлементті
тарату кұқығы, вето кұқығы т.б.) шұғыл жағдайда парламенттің
функциясын өз мойнына алады.
Президенттік республиканың кейіпті мысалына- АҚШ жатады. Парламенттік
республиканың басты айырмашылық ерекшелігіне үкіметтің парламент алдындағы
саяси жауапкершілік принципі жатады. Тұтасымен ол мынандай белгілермен
сипатталады:
а) жоғарғы билік халық сайлаған парламентке жатады;
б) президент мемлекеттің басы болады, бірақ үкіметтің басы емес;
в) үкімет тек парламенттік жолмен жеңген партияның Делегаттарынан құрылады
(олар парламентте көпшілік дауысқа ие)
не партиялық коалициядан;
г) үкімет парламент алдында жауапты;
д) президент парламентпен не болмаса парламент кұрған арнайы
коллегиямен сайланады.
е) премьер-министр қызметінің болуы, ол үкімет басшысы және
басқарушы партияның не партиялық коалицияның жетекшісі;
ж)үкімет билікте сол уақытқа дейін болады, егер парламенттегі көпшілік
қолдағанға дейін (екі палаталы парламентте көбісі төменгі
палатадан),алондай қолдауды жоғалтса олар не отставкаға кетеді,олдеген
үкіметтік кризис, не мемлекет басшысы арқылы парламенттітаратуды талап
етіп, кезектен тыс парламент сайлауын белгілеуді ұйымдастырады.
з) президент мемлекеттің басы ретінде заңдар таратады, декреттер
шығарады, парламентті таратуға құқығы бар, үкімет басшысын тағайындайды,
қарулы күштердің бас қолбасшысы т.с.с.Парламенттік республикаларға Италия,
ФРГ, Греция, Исландия, Индия т.б. жатады.
Кейбір елдерде "жарты президенттікке" (президенттік -парламенттікке)
республикаға (Францияны, Финляндияны, Россияны) жатқызады.
Тоталитарлық мемлекеттің басқару нысанын "республиканың бұзылған нысаны"
деп атайды не "партократиялық" республика, оған барлық тоталитарлық
ұйымдардың белгісі тән.
Республикалық басқару нысанының қалыптасу тарихы оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Федеративтік мемлекет күрделі мемлекет
Муниципалды шаруашылықты қалыптастыру мен жүргізу ерешеліктері
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық негіздері
Мемлекет нысаны жайлы
Мемлекетті басқарудың унитарлы нысаны
Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі, мақсаты, ұйымдастырылуы
Аймақтық басқарудың концепциялық негіздері
Мемлекет нысанының түсінігі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Пәндер