Рента шартының түсінігі мен түрлері



Кіріспе
1. Рента шартының түсінігі мен ерекшеліктері
2. Рента шартының мазмұны мен нысаны
3. Рента шартының түрлері
Қорытынды
Пайдалнған әдебиет
Рента міндеттемесі нарықтық экономикалы мемлекеттердің құқығына тән. Бірақ та Қазақстанның заңнамасында нарықтық қатынастарға түспей отырып ондай міндеттеменің түрі болған жоқ, өйткені КСРО-да оған ешқандай экономикалық жағдайлар жасалған жоқ болатын. Бұл міндеттеменің бастамасы ретінде ҚазКСР Азаматтық кодексіндегі үйді өмір бойы асырау шартымен беру туралы тарау болды.
Рентаның АК-тің нормалар жүйесінде ерекшеленуін бұл міндеттеменің мүліктік қатынастарды реттеудегі үлкен маңызды ролімен түсіндіруге болады.
Нарықтық қатынастарда меншік құқығының мәні өте жоғары екенін өзіміз анық білеміз. Рента шарты Қазақстан заңнамасына енгеніне біршама уақыт болып қалды. Сонымен қоса, бүгінгі күні экономикалық қатынастардың дамуына байланысты рента шарты мүліктік айналымда жиі қолданылып келеді. Осы кезде рента шартының құқықтық табиғатын зерттеу өте маңызды мәселе деп санай отырып, төмегні курстық жұмыста рента шартына, оның ерекшеліктері мен түрлеріне түсінік беріп кетуді жөн санадым.
Курстық жұмыстың мақсаты жоспар бөлімінде көрсетіліп кеткендей: рента шартының түсінігі мен ерекшеліктерін көрсету, рента шартының мазмұны мен нысаны анықтау, рента шартының түрлерін белгілеу.
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. 1995ж
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 жыл 27 желтоқсан.
3. Гражданский Кодекс РК. (Особенная часть). Комментарий. Отв. Ред. М.К.Сулеймнов, Ю.Г.Басин. Алматы:2003.
4. Гражданское право. (Отв. ред. Ю.К.Толстой, А.П.Сергеев) Спб., 1996, Т1.1998, Т2 1999.
5. Гражданское право. Том I. Под ред. М.К.Сулейменова, Ю.Г.Басина. Алматы 2002.
6. Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. и др. Гражданское право.(учебное пособие). Алматы 1999.
7. Гражданское право Республики Казахстан, Толеугалиев Г.Н., Академический курс, А., 2001.380 с.
8. Гражданское права Республики Казахстан, Толеугалиев Г.Н., Мауленов Г.С., Сарсембаев М.А., Часть общая. А., 1999г
9. Гражданское право том 1-й, 2-е издание, Под ред. доктора юридических наук, професора Е. А. Суханова. М., 1998 г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Рента шартының түсінігі мен түрлері

Жоспар

Кіріспе

1. Рента шартының түсінігі мен ерекшеліктері

2. Рента шартының мазмұны мен нысаны

3. Рента шартының түрлері

Қорытынды

Пайдалнған әдебиет

Кіріспе

Рента міндеттемесі нарықтық экономикалы мемлекеттердің құқығына тән.
Бірақ та Қазақстанның заңнамасында нарықтық қатынастарға түспей отырып
ондай міндеттеменің түрі болған жоқ, өйткені КСРО-да оған ешқандай
экономикалық жағдайлар жасалған жоқ болатын. Бұл міндеттеменің бастамасы
ретінде ҚазКСР Азаматтық кодексіндегі үйді өмір бойы асырау шартымен
беру туралы тарау болды.
Рентаның АК-тің нормалар жүйесінде ерекшеленуін бұл міндеттеменің
мүліктік қатынастарды реттеудегі үлкен маңызды ролімен түсіндіруге болады.

Нарықтық қатынастарда меншік құқығының мәні өте жоғары екенін өзіміз
анық білеміз. Рента шарты Қазақстан заңнамасына енгеніне біршама уақыт
болып қалды. Сонымен қоса, бүгінгі күні экономикалық қатынастардың дамуына
байланысты рента шарты мүліктік айналымда жиі қолданылып келеді. Осы кезде
рента шартының құқықтық табиғатын зерттеу өте маңызды мәселе деп санай
отырып, төмегні курстық жұмыста рента шартына, оның ерекшеліктері мен
түрлеріне түсінік беріп кетуді жөн санадым.
Курстық жұмыстың мақсаты жоспар бөлімінде көрсетіліп кеткендей: рента
шартының түсінігі мен ерекшеліктерін көрсету, рента шартының мазмұны мен
нысаны анықтау, рента шартының түрлерін белгілеу.

Рента шартының түсінігі мен ерекшеліктері

“Рента” терминінің мағынасы көп. Экономисттер рентаны меншік иесінің
ақша қаражаттарын заемға беруден, мүлікті немесе өзге меншікті басқа
тұлғаларға беруден тұрақты алып отыратын табыс деп түсінеді. Рентаның
негізгі белгісі меншікті рентаға берген адамның кәсіпкерлік қызметін
білдірмейді.
Азаматтық кодекстің 28-тарауында рентаны құқықтық мағынада рента
төлеуші деп аталатын тұлғаның рента алушы деп аталатын адамның мүлкі үшін
рента алушығы тұрақты төленетін төлем айтылған.
Сонымен, құқықтық мағынада ренталық қатынастар эконмикалық мағынаға
қарағанда тар болып келеді. Экономикалық қатынастарда рента қатынастары
аренда қатынастары деп те аталуы мүмкін.
Нарықтық қатынастар дамыған мемлекеттерде рента қатынастары кең
тараған. Қазақстанда рента Азаматтық кодекске жаңа институт болып
кіргеннен бастап тарай бастады. Ретнта міндеттемесі қазаргі АК-те
белгілеген күйінде тек нарықтық қатынастар қалыптасу жағдайында пайда
болуы мүмкін еді. Қазақстанда рента міндеттемесі бүгін өте кең тарады деп
айту қиын, әсіресе тұрақты рента.
Рента міндеттемесі, Ак-тің 517-бабынан көрініп тұрғандай, тек қана
тиісті шарт негізінде ғана пайда болады.
Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента
төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлікке айырбас
ретінде рента алушығы белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау
үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп
отыруға міндеттенеді. Рета шартының құқықтық анықтамасынан көретініміз
рента алушы екінші тарапқа мүлікті береді (бұл жерде беруге міндетті
деген конструкция жоқ). Содықтан АК-тің 393-бабының, 2-тармағын ескере
отырып, ал ол бойынша шарт мүлікті бергеннен бастап жасалды деп есептеледі,
рента шартын реалды шарт деп айта аламыз. Сонымен рента алушының рента
төлеушіге мүлікті беруі соның негізінде шарт пайда болатын фактілік құрамды
білдіреді.
АК-тің 238-бабы бойынша тұтынушыда мүлікке деген құқық затты бергеннен
бастап пайда болады, егер заңда өзгеше белгіленбесе. Ал егер мүлікті беру
туралы шарт мемлекеттік тіркеуден немесе натариалды куәландіруден өту
керек болса, тұтынушыда мүлікке деген меншік құқығы шартты тек
мемлекеттік тіркеуден немесе натариалды куәландіргеннен кейін пайда болады.

Рента шартының бір ерекшелігі ол біржақты шарт болып табылады.
Өйткені рента шарты бойынша рента төлеуші ғана рента алушыға рента
шартында көзделген мерзімдер мен көлемде ақша төлеп тұруға міндеттенеді.
Рента шартының реалды сипаты туралы айта отырып, әрекет етуші заңнама
бойынша қазіргі жағдайларда шарттың реалды немесе консенсуалды болуының
практикалық маңызы төмен, өйткені бүгін консенсуалды шарттар реалды
шарттарға қарағанда тараптардың құқықтарын толық көлемде қарғайды. Дамыған
экономикасы нарықтық қатынастарға негізделген мемлекеттерде реалды
шарттардың саны аз және көбі қысқартылуда.[1] Сонымен қоса Азаматтық
кодекс бойынша тараптарға шарттың реалды немесе консенсуалдылығын таңдау
еркі берілген.
Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзімсіз (тұрақты рента)
немесе өмір бойы төлеу (ғұмырлық рента) міндетін бекітуге жол береді.
Ғұмырлық рента азаматты өмір бойы асырап отыру жағдайларында белгіленуі
мүмкін.
Рента шартының ерекшелігін оның субъективті қатысушылар құрамынан
көруге болады, оны келесі бөлімде қарастырып кетеміз.
Сөйтіп рента шартын құқықтық түрде былай сипаттауға болады: рента
шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушіге)
меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлікке айырбас ретінде
рента алушығы белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге
де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға
міндеттенеді.
Рента шартының ерекшеліктерінің бір қатары жоғарыда аталып кетті.
Рента шартының өзге спецификалық ерекшеліктері курстық жұмыстың келесі
бөлімінде шартты тоқтатуға, шарттың қатысушылары, рента шартының
түрлері туралы айтылғанда ашылады.

Рента шартының мазмұны мен нысаны
Рента шартының мазмұнын оның қатысушаларның құқықтары мен міндеттері,
шарттың пәні құрайды. Рента шартының қатысушылары рента төлеуші мен рента
алушы.
Рента төлеушілерге қатысты Азаматтық кодекстің 28-тарауында ешқандай
арнаулы нормалар жоқ. Егер олардың құқық қабілеттігі кедергі жасамаса
азаматтар да, заңды тұлғалар да рента шартының төлеушісі бола алады.
Мысалы, мекеме мүлік иесінің келісімінсіз оған смета бойынша берілген
мүлікке билік ете алмайды.
Рента алушының кім болатынын анықтау үшін, рента шартының түрлерін
білу керек. АК-тің 28-тарауы рента шартының екі түрін белгілейді: тұрақты
рента және ғұмырлық рента. Рента шартының түрлеріне байланысты рента
алушы азаматттар мен коммерциялық емес ұйымдар (тұрақты рента шартында)
және кейде тек азаматтар (ғұмырлық рента шартында) болады.
Коммерциялық емес заңды тұлғалар егер бұл оның құрылтай құжаттарында
көрсетілген мақсаттарына сай болса ғана рента шарты бойынша рента алушы
бола алады. Сондық- тан оның коммерциялық емес ұйым болуы ғана жеткіліксіз.

Сонымен заңнама тұрақты рента алушының қатарын шектейді, ол
олардың қатарына біріншіден, заңды тұлғалар – коммерциялық ұйым,
екіншіден, заңды тұлғалар коммерциялық емес ұйым, егер рента шартын жасау
ұйының құрылтай шартындағы мақсаттарына қайшы келмесе. Заңның рента лаушы
заңды тұлғаларға байланысты нормалары императивті сипатта болады және
тараптардың келісімімен өзгертуге жатпайды.
Рента алушы азаматтарға байланысты заң олардың рента шартына қатысуына
байланысты ешқандай арнайы шектеулер белгілемейді. Олар еңбек қабілеті
бар немесе жоқ, табыс көзі бар немесе табыс көзі жоқ болуына қарамастан
олар рента шартының қатысушысы бола береді.[2]
Рента шартының пәнін рента және рента төлеуге берілген мүлік
құрайды. Рента шартының пәні туралы жағдай шарттың ерекше жағдайына
жатады. Бұл дегеніміз тараптар рента шартының пәніне қатысты келісімге
келмейінше рента шарты жасалды деп саналмайды.
Рента шартының ерекшелігі ол бойынша төлем ұзақ мерзімде және
белгіленген мерзімдер ішінде төленіп отырады. Тұрақты рентада рента
төлеуші рентаны шексіз мерзімде төлейді, яғни рента шартының тоқтау
мерзімі белгіленбейді, ал ғұмырлық рента шартында рента рента алушының
қайтыс болғанынша төленеді. Рентаны төлеу туралы рента түрлері үшінші
бөлімде толығырақ айтамыз.
Рента шартының пәнінің екінші элементі рента алушының рента
төлеушіге беретін мүлікі. Бұл мүлік рента төлеушінің меншігіне берілуі
керек. Айналым қабілеті жоқ немесе айналым қабілеті шелген мүліктен басқа
мүліктің барлығын рента төлеушіге беруге болады. Бұл дегеніміз рента шарты
бойынша жылжитын және жылжымайтын мүлікті де беруге болады. Бірақ мемлекет
меншігіндегі мүлікті рента төлемі ретінде беруге болмайды, мысалы,
ормандар, сулар.
Жер учаскелерін рента төлеуге айырбас ретінде беруді ерекше айта кету
керек. Әрине, жер учаскелері рента төлеушіге беріледі, бірақ ол жер
учаскесі рента төлеушінің меншігіне өтетін жерлер қатарына кіру керек.
Өйткені кейбір жерлер адамдарға қосалқы шаруашылық жүргізу үшін пайдалнуға
берілуі мүмкін.
Рента төлеу үшін иеліктен айырылатын мүлікті рента алушы рента
төлешінің меншігіне ақы төлетіп немесе тегін беруі мүмкін. Рента шартында
мүлікті ақы төлетіп беру көзделген жағдайларда тараптардың беру және төлеу
жөніндегі қатынастарына сатып алу-сату шарты туралы ережелер, ал мүлікті
тегін берген жағдайда егер заңнамада өзгеше көзделмесе және шарттың мәніне
қайшы келмесе сыйға тарту шарты туралы ережелер қолданылады.
Рента шартының мерзімінің ұзақтылығын және оның тараптарға
экономикалық маңыздылығын ескере отырып, заң шарттың нысанына ерекше
талаптар қойды. Ак-тің 518-бабына сәйкес рента шартын нотариат
куәландыруга тиіс, ал рентаны төлеу үшін қозғалмайтын мүлікті иеліктен
айыру көзделетін шартта мемлекеттік тірекуден өтуі тиіс.
Рента шартының нысаны туралы императивті талапты орындамау салдары
АК-тің 154-155-баптарында көрсетілген. Заңның рента шартын нотариалды
куәландыру талабын орынмау шарттың жарамсыздығына әкеледі, өйткені ол
нотариалды куәландырылғаннан кейін ғана жасалды деп есептеледі.
Шарт нысанын сақтамауға байланысты шартты жарамсыз деп тану АК-тің
157,3-бабындағы салдарға әкеледі: екі тарап шарт бойынша бір-бірінен
алған мүлікті қайтарып беруге міндетті. Егер ол натуралды түрде қайтару
мүмкін болмаса, ол ақшалай қайтарылады.
Азаматтық кодекстің 519,1-бабында көрсетілгендей рента төлеуге
айырбасқа берілетін мүлік рента төлеушінің меншігіне беріледі. Бүл
дегеніміз рента төлеушіге ол мүлікке билік ету құқығы да өтеді, сонымен
қоса оған мүлікті өз иелігінен айыру құқығы да өтеді. Бірақ рента
төлеушінің ол мүлікті өз иелігінен айыруы рента алушының мүдделеріне қайшы
болады. Сондық тан Азаматтық кодекс рента алушының құқықтарын қорғаудың
әдістерін белгілеген. Ол әдістер бұл мүлік жылжымалы немесе жылмайтын
болуына байланысты.
Рента жер учаскесіне, сондай-ақ оны төлетін етіп берілген
кәсіпорынға, үйге, ғимаратқа немесе басқа да қозғалмайтын мүлікке құқық
жүктейді. Рента төлеу осында мүлікті иеліктен айырған жағдайда оның рента
шарты бойынша міндеттемелері мүлікті сатып алушыға өтеді. Бірақ АК-тің
520 бабында рента алушының рента төлеуші рента шарты бойынша алған
мүлікті иеліктен айыруға байланысты келісімі керек пе немесе керек жоқ
екендігі туралы ештеңе айтпаған.
Жер учаскесі немесе басқа қозғалмайтын мүлік құқығы рента төлейтін
етіп берілген берілген екзде рента алаушы рента төлеушінің міндеттемесін
қамтамасыз ету үшін осы мүлікті кепілге беру құқығын алады.
Рента төлеушінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету не осы
міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін
жауапкершілік тәуекелі рента алушының пайдасына сақтандыру міндетін
белгілейтін таоап ақша сомасын немесе өзге қозғалатын мүлікті рента
төлейтін етіп беруді көздейтін шарттың елеулі талабы болып табылады.

Рента шартының түрлері

Азматтық кодекс рентаның дербес екі түрін бөліп көрсетеді: тұрақты
және ғұмырлық рента, сәйкесінше рента шартының да екі түрі бар. Өз
кезегінде ғұмырлық рентдан оның ерекше түрі ретінде өмір бойы асырауда
ұстау шартын бөліп шығаруға болады.[3]
Тұрақты рента шарты.
Тұрақты рента рента түрлерінің бірі болып табылады. Басқа ренталар
сияқты рента алушының берген мүлкіне айырбас рентінде рента төлеуші арқылы
төленіп отырады. Бұл рента шартының тұрақты деп аталатын себебі шартпен
немесе заңнамамен рента төлемін төлеу мерзімінің аяқталу мерзімі
белгіленбейді, ал рента шарты шексіз мерзімдік сипатқа ие болады.
Жоғарыда айтылғандай тек қана азаматтар мен коммерциялық емесе заңды
тұлғалар, егер бұл оладың қызмет мақсатына сәйкес келсе, тұрақты рентаның
алушылары бола алады. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушының
құқықтары, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе,
қойылатын талапқа жол беру және мұрагерлік немесе құқық мирасқорлық
тәртібімен заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы заңда көрсетілген
тұлғаларға берілуі мүмкін.
Жалпы ереже бойынша тұрақты рента рента шартында белгіленген
мөлшерде ақшалаай төленіп отырады. АК-тің 127- бабына сәйкес ол
Қазақстанның ұлттық валютасы теңгемен төленеді. Рентаны шетел валютасымен
төлеу валюталық реттеу заңдарымен рұқсат берілген жағдайларда мүмкін.
Рента шартында рентаны төлеу рентаның ақшалай сомасының құнына
сәйкес келетін заттар беру, жұмыстар атқару немесе қызметтер көрсету
жолымен қарастырылуы мүмкін. Рентаны төлеу мөлшері шартпен көзделуі тиіс.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетін рента мөлшері заң актілерінде
белгілеген бір айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне бара-бар өзгертіледі.
ҚР АК-нің 525-бабына сәйкес, шартта өзгеше белгіленбесе, тұрақты
рента әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғанна кейін төленіп отырады. Бұл
норманың диспозитивті екенін көре аламыз. Сондықтан шартпен басқа
мерзімдер де көрсетілуі мүмкін.
Шарпен рента төлеудің нақты мерзімдері көрсетілуі мүмкін, мысалы,
тоқсан біткеннен кейін келесі айдың 10-на дейін.
Рента шарты бойынша рента төлеудің жалпы сомасы белгіленбейді және
оны төледің жалпы мерзімі де (мысалы 10 жыл, 30 жыл деп) белгіленбейді.
Тек қана төлеудің кезеңді мерзімдері ғана бекітіледі. Сондықтан
уақыттың өтуіне байланысты тараптардың экономикалық жағдайлары өзгеріп,
рента төлеушінің шартты орындау мүмкіндігі мүлдем өзгеруі мүмкін. Осыған
байланысты тараптардың мүдделерін қорғау мақсатында шарт рента
міндеттемесі тараптардың бірінің бастамасы бойынша тоқтатылуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рента шартының басқа шарттардан айырмашылығы
Жалға алу шарты
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
РЕНТА ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Тауар жеткізілімі шарты
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Шарттың азаматтық құқықтық реттелуі
Пәндер