Жалпы несие туралы түсінік және оның формалары



Кіріспе 3

І Жалпы несие туралы түсінік және оның формалары 4

1.1 Несие туралы ұғым, оның пайда болуы 4

1.2 Несиенің қажеттілігі мен мәні 7

ІІ Ломбард несие туралы жалпы түсінік 9

2.1 Ломбард несие түрі 9

2.2 Ломбардтар шаруашылық серіктестік формасында 24


Қорытынды 29

Қолданылған әдебиеттер 30
Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы да өзгереді.
Сонымен қатар, несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін, жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың
төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.
1. « Ақша, несие, банктер »: оқу құралы/ Сейтқасымов Г.С. – екінші басылым.- Алматы: « Экономика », 1999.- 432 бет.

2. Бикеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. « Кәсіби экономика тілі », оқулық./ - Астана: « Таным », 2003.- 272 бет.

3. « Жас қазақ » ақпаратты – сараптамалық апталық газеті, № 17 (17) 26 – ақпан 2004 ж. 7 - бет, таратылымы - 10000 дана.

4. Қазақстанның « Өмір » атты қоғамдық журналы, № 4 (5), сәуір 2004 , 6 – бет, 2.1., таратылымы 12000 дана.

5. Көшенова Б.А. « Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары »: оқу құралы./ - Алматы: « Экономика », 2000. – 328 бет.

6. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» : оқу құралы./ - Алматы: « Экономика », 2004.- 268 бет.

7. Саниев М.С. «Ақша, несие, банктер» : оқу құралы./ - Алматы, 2001.-324 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны


Кіріспе 3

І Жалпы несие туралы түсінік және оның формалары 4

1.1 Несие туралы ұғым, оның пайда болуы 4

Несиенің қажеттілігі мен мәні 7

ІІ Ломбард несие туралы жалпы түсінік 9

2.1 Ломбард несие түрі 9

2.2 Ломбардтар шаруашылық серіктестік формасында 24


Қорытынды 29

Қолданылған әдебиеттер 30

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай
болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты
капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие,
ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы
қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың
мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы
және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық
жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы
орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге
байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік,
трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен
бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы да өзгереді.
Сонымен қатар, несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары
мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас
ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның
ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен
экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да
бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің
экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы
жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып
табылады. “Несие” деген сөздің өзі, латын тілінен аударғанда “сенім” деген
мағынада, ол белгілі - бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім
көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен
несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының
қойнауының капиталын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Осы жұмысымда несиенің мәні мен қажеттілігін, формалары мен түрлерін,
жеке және заңды тұлғалар үшін несиенің өте қажеттігін, олардың
төлем қабілеттілігін, қайтарымдылығын, тиімділігін қарастырамын. Сондай-ақ
ауыл шаруашылығына берілетін несиенің мемлекет үшін қажеттілігі, мәні мен
маңызы және шет ел тәжірибелері салыстырылып ұсынылып қарастырылған.

І Жалпы несие туралы түсінік және оның формалары

1.1 Несие туралы ұғым, оның пайда болуы

Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылдардың назарын аудартатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезіңде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. өйткені, нарық кезінде несиелік қарым – қатынас ең жоғарғы
рәсімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан түрлі практикалық
және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым – қатынасты жаңартудың және түрлендірідің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілер арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін,
қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның
үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы әр түрлі
түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономисттер, несие өнімсіз шығынды көбейтіп
( әңгіме төленетін процент жөнінде ), өндіргіш күштердің дамуына кедергі
келтіреді, нарықтық экономикаға тән қарама – қайшылықтарды шиеленістіре
түседі, сондықтан экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны
тереңдетіп, оған тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары,
керісінше, несие экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді
дейді. Осындай қарама – қайшы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін
түсіну үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап
беру қажет.[1] Бұл сауалдың жауабын жұмысымның келесі бабында толығымен
талқылаймын.

Ақшадан кейін несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы.
Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке
қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес, қазір алуға мүмкіндік туады. Мен
осы пікірмен толығымен келісемін. Себебі, қол жеткізе алмай жүрген ісіңе
немесе қандай да болмасын тауарларды сатып алуға немесе ісіңді алға басуда,
қазіргі таңда банктер тарапынан үлкен жәрдем көрсетіліп жатыр.
Әзірше, қазақстандықтардың бәрі бірдей несие алып оны өтеуге қол жеткізе
алмайды. Бірақ, жұмыс жасап жүрген әр адам несие көмегімен қажеттіліктерін
қанағаттандыратын уақыт та көп кешікпей келетін болады деген сенімдемін.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүдіктік жіктеліп
ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып
бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,
екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық
несие деп аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер – көпестер,
саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал
қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар
мен кәсіпкенрер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, билеуші
топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім
ақының деңгеінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз
шаруашылығын жабуға мәжбүр етті.
Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында
өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 %- дан 43 %- ға дейін
көтеруге, ал кей жағдайларда 100 - 200 % -ға жеткізуге рұқсат етілді. Ескі
өндіріс әдістері ыдырап, жаңа әдістер пайда болуына негіз дайындалды.
Сөйтіп, несинің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде
пайда болып, капиталисттік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына
жетті. [2] Сонымен,
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементі.
Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те,
сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасыннан іздеу керек.
Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін
білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты
қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған да
негіз бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбінесе ақшалай түрде
берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығармайық. Сонымен қатар, несие
мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай
қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және
уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты
қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде
берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға,
яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады. Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылықтар бар:
Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ
олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды.
Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі – бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір – бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектілері және де халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы.
Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын сөздер болғанымен дағы,
олардың түсініктері екі түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың
коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін,
бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш тек қана
экономикалық қатынасты емес, сондай – ақ адамзаттық қатынастар жағдайын
сипаттайды. Борыш – бұл тек ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша
қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігі,
яғни қарызға берілген құнды білдіреді. [3]

1.2 Несиенің қажеттілігі және мәні

Жоғарыда айтылғандай, несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған
кезінен іздеу керек. Тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан
екінші қолға ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, несиелік қатынастың пайда болып
және өркендетілуінің, нақты экономикалық негізін, капиталдың айналымы мен
ауыспалы айналымы құрайды.
Өндіріс құрал – жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық,
өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен айналым
процесінде, олар бір нысанна екінші нысанға ауысып отырады, яғни үзбей
ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым 3 сатыдан тұрады:
І – саты: құнның ақшалай нысаны өндіргіш күші нысанына ауысады, яғни
ақшаға өндіріс құрал – жабдықтары сатылып алынады.
ІІ – саты: адамның, өндіріс құрал – жабдықтарды пайдаланып істеген
әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді өндіргіш күштің
нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда өндіргіш құралдарының
құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда болған құн қосылады.
ІІІ – саты: дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық
нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны – ақша нысанына ауысады, тек
бұрыңғыдан өскен мөлшерде ( өндірушінің таза пайдасы қосылады ).
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да, айналымды
жеңілдететін немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады.
Мысалы:
- шикізаттар мен материалдардың түсуінің бір қалыпты болмауы;
- тасымалдау жағдайының қиындылығынан дайын өнімді өткізудің
кідіруі;
- өткізілген өнім үшін немесе көрсетілген қызмет үшін, уақытында
төленбеушілік т.с.с.

осы сияқты күштердің салдарынан пайда болатын, өндіру мен өткізу процесінің
әр шаруашылықта бір кезден басталып, бір кезде аяқталмайтындығынан олардың
кебіреуінде уақытша бос қаржы пайда болады, ал кебіреуіне өндірісті
үздіксіз жалғастыру үшін, қосымша қаржы керек болады.
Дәлірек айтқанда, уақытша бос ақша мынадай жағдайлардан шығады:
- әрбір шаруашылық, жұмысшы – қызметкерлерге еңбек ақыны екі рет,
өткен 15(30) күнге төлейді, ал жұмысшы – қызметкерлер
материалды құндылықты күн сайын жасайды. Сондықтан да соңғы
еңбек ақы төлеген күннен бастап, келесі төлем күнге дейін
шаруашылықта 15(30) күн ішінде күн сайын өсіп отыратын қаржы
резерві пайда болады;

- шаруашылық, өткізген өнімнен түскен таза пайдасын бір сәтте
жұмсап жібермейді. Ол керекті кезіне дейін уақытша бос қаржы
болады;

- өткізілген өнімнен түскен түсімнің ішінде өндірістің негізгі
құрал – жабдықтарының тозығының орнын толықтыру үшін жұмсауға
арналған ақша бар – амортизация. Сол ақша да күрделі өңдеу
жұмыстарын жүргізетін кезге дейін бос қаржы болып,
шаруашылықтың есеп шотында қалады;

Сонымен, әрбір шаруашылықта, жоғарыда айтылған себептерге байланысты
уақытша бос ақшаның пайда болу кезі мен оны өндіру мен өткізу процесін
үздіксіз жүргізу мақсатына жұмсау кезінің арасында салыстырмалы қарама –
қайшылықтар туып отырады. Осындай қарама – қайшылықты реттеу үшін
пайдаланатын бірден – бір экономикалық құрал осы несие болып табылады.
Сөйтіп, несие тауарлы өндірістің сөзсіз атрибутына айналды. Кез – келген
қоғам біріншіден, босаған ақшаның бекер, пайда түсірмей өлі капитал
болып жатқанына құмар емес, екінші жақтан, экономикалық ұдайы және
кеңейтілген ауқымда дамуына ынталы.[4]

ІІ Ломбард несие туралы жалпы түсінік

2.1 Ломбард несие түрі

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта
қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын
білдіреді. Несиеге қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге
қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі
сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің
көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы
арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі
мазмұнын білдіреді.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі-бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол
күйінде сақталады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді.
Несиенің формасы- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі
формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін
несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл
екі несие бір – бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі,
динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну,
мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады. Олар
осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады. Слайд 1-2
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы:

- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез – келген заңды тұлға бола
алады
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты
- коммерциялық несиенің орташа қүны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің
заңдық түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы
тауар бағасының құнына қосылады.

Несие қатынасының субъектісіне қарай - банктік, коммерциялық,
халықаралық , тұтынушылық несиелер
Тұтыну несиесі
Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана
болмайды. Ол, сондай-ақ бір жағынан несие жүйе-сінің және екінші жағынан,
халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге
банк жататын қаты-насты тұтыну несиесінің мазмұны құрайды. Айрықша жағдай-
ларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы
мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен
тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады. Тұтыну несиесі
халыққа оның ағымдық сипаттағы қажетті-ліктерін қанағаттандыру үшін
беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс
салуда тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды
заттарды сатып алуға беріледі.
Халықты несиелеу халыктың өмір деңгейін арттыруға ба-ғытталған
мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі
дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының 10-12%-ын
тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем
дамымай қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне,
тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлсмесі айтарлықтай жоғары, жылына 16-18%-
ды құрайды.
Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін.
Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда
қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай форма
банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама
түрде беріледі.
Тұтыну несиесінің косарлы қызметі бар: бір жагынан, тауар ай-налымы
артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұра-нысы несие
сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса,
төлем қабілеті бар сұранысты арттырады.
Несиелеу объектісі бойынша Қазақстанда тұтыну несиесі мы-наларға: кезек
күттірмейтін кажеттілік (шұғыл мұктаж) несиесіне, құрылыс салу және түрғын
үй сатып алу несиесіне, ұзак пайдала-нуға жарамды тауарларды сатып алуға
арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге
бөлі-неді.
Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың
өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың
тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.
Ол ұзақ пайдалануға жарамды тауарлардың салыстырмалы түрде жоғары бағасы
мен халықтың агымдағы табысы арасын-дағы жэне халыктың бір тобындағы акша
корланымы мен оны баска топтың пайдалану кажеттілігі арасындағы екі қарама-
қай-шылықты шешіп береді.
Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз араласып кеткен. Мәселен, сатып
алушылардың ұзақ мерзімді борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары банктен
ссуда алу үшін пайдаланады. Тұтынушыларға несие банктен тікелей берілетін
болса, сауда фирмасы мен банктің арасындағы - несие қатынасының артық буыны
жойылады.
Несиеге сатып алынған тауарларды сауда ұйымдары олардың ссудасын
қамтамасыз етуші ретінде қарастырады.
Сондыктан да соңғы жарна төленгенше тауардың меншік құқығы сауда
ұйымдарында қалады.
Өмеркәсібі дамыған елдерде тұтыну несиесінің бірнеше түрі пайдаланылады.
Алайда, олардың арасында тауарларды төлем мерзімін ұзартумен сатудың үлес
салмағы басым.
Тауарларды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы
жарнамен төлеп қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз
төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзартумен сатуда тауардың
бағасы комиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан
жоғары көтеріледі.
Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды роль атқарады. Осыған орай, ол
мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банктік
және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.
Экономика құлдыраған жағдайда мемлекеттің саясаты халық-тың іскерлік
белсенділігін арттыруға оларды ынталандыруға бағытталады. Бүл үшін тұтыну
несиесін алудың, атап айтқанда қолма-қол ақшамен төленетін тауар бағасын
арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдікті
шарттары енгізілді.
Инфляция жағдайында, керісінше, қолма-қол ақшамен төлеудің үлесі артады,
несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме
жоғарылайды.
Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі
олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады.
Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзак
мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік құрылыс-
жинақ ақша банкісі құрылады. 2004 жы-лы халыкқа берілген тұтыну несиесінің
мөлшерІ 122,1 млрд теңгені құрады, 2003 жылмен салыстарғанда 9,4%-ды
құрады.
Коммерциялық несие- бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен
айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда
нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс
құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін
куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады. Ол оның
иесіне белгілі – бір уақыт өткенне кейін, борышқордан векселде көрсетілген
ақшалай соманы талап етуге құқығы бар. Несиенің бұл формасының объектісі
ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік
капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу әртүрлі уақыт кезеңін және
белгілі – бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар
өндіруші, өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған
басқа өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде
тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің
шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталисттердің
резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген,яғни олардың әрқайсысы
коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген:
оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал – жабдықтарды тұтынатын
салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс
кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады,
ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере
алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал – жабдығы бола
алмайды.
Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялық несие өндіріс
пайызының және таурларды өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып,
несиелік жүйенің негізі болды.
Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын төлемді
кейінге қалдыра отырып, сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта
фирмалардың төлем қабілеттілігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен,
банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық
кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен
міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30 % -ға жетеді, француз фирмаларынікі
20-25 %. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық
компаниялар. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі шектеулі
ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатаркредитор және қарыз алушы
ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі
компаниялар да пайдаланады.
Коммерциялық несиенің сақталуының себептерінің бірі – тауарлардың
ұдайы жеткізілуін талп ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының
үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің
рөлі мен оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып
кетті.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде “коммерциялық несие” терминімен
банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс
істеп жатқан капиталисттердің бір – біріне таурларды төлемді кейінге
қардыру шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. К.
Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист “ бір қолымен
несие береді және екінші қолымен несие алады”. Сондықтан жекелеген
кәсіпорын тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие төлеуді кейінге қалдыру
шартымен, сатып алушыларға қоылған тауарлар және осындай шартпен
жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға
болады. Кейбір экономисттер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін таурларды
жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп
есептейді.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі – аясы тар мақсат
емес, ол сатып алу – сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі
тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі
жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта
анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге
белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа
факторларға ( мысалы, азық – түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде
жүзеге асырылады ) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып
алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының
төлемдерімен салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде
мәнді рөл атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша
мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ анағұрлым
жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің
басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының
байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар
өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы
несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы
жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің
көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі
жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатынын біле отырып, өз клиенттеріне
ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу
механизмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды
ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс
нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы
артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты рөл атқаруда,
өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері
көрінеді.[5]
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар.
Уақыт шектеулігі, өлшемдер, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден
басқа төлемді белгілі – бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие
болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып
алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал
бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі – бір тәуекел туғызады.
Төлемді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді (
атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте вексельді қаншалықты
есептете алатынына байланысты ). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық
несиенің рөлін төмендетеді.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға
- банктерге
- қаржы – несиелік мекемелеріне

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына
- ауыл шаруашылығына
- саудаға
- дайындау ұйымдарына
- жабдықтау – сату ұйымдарына
- кооперативтерге
- жеке кәсіпкерлерге
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

ІІ. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
- орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін )
- ұзақ мерзімді ( 3-5 жылдан жоғары )

ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай
- негізгі қорға жұмсалатын
- айналым қаражатына жұмсалатын

IV. Қамтамасыз дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер
2. Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы
қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес[6], күмәнді
несиелер ішінара бөлінеді: 1 – санатты күмәнді, 2 – санатты
күмәнді, 3 – санатты күмәнді, 4 – санатты күмәнді, 5 – санатты
күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.

V. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен
- шетел валютасымен

VI. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен
- кепілдемемен
- кепілдікпен
Сақтандырылған.
VII. Берілу шартына қарай:

1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып
алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала
отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру,
дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несие формасы
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несие түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие – банктердің бір – біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тз іске асатын бағалы заттарды немесе
бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал – жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен
түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға
арналған несие.

Ипотекалық несие

Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді : жерді, тұрғын үй және
өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Ипотекалық несие беру – тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең
тиімді тәсілдерінің бірі. Дәл осы ипотека, халықтың тұрғын үй жағдайларын
жақсарту, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеу, құрылыс кешенінің
өндірісті ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық несие беруді кең
қолдануға жәрдемдесетін экономикалық өсуге ынталы мемлекеттің мүдделерін
үйлестіруге мүмкіндік береді.
Азаматтарға ипотекалық несиелер беруді екінші деңгейдегі банктер 1998
жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық несиелер бойынша сыйақының
бастапқы ставкасы жылына 20 %, бастапқы жарна мөлшері 40 - 50 %- ға жуықты
құрады, несие 5 – 10 жылдан аспайтын мерзімге берілді.
Алайда, ипотекалық несие беру жүйесінің осындай дамуы кезінің өзінде
қызметтер көрсетудің бұл түрі ҚР азаматтарының аз санатына ғана қол
жетімді болды. Негізгі себептердің бірі халықта сыйақы төлеу мен бастапқы
жарна үшін жеткілікті қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты
Қазақстандық Ипотекалық Компания ЖАҚ ( бұдан әрі – ҚИК ) құрылды.
Қазіргі кезде ҚИК-тің жарғылық капиталы 2,5 млрд. теңгені құрайды.[7]
Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие беру көлемін ұлғайту
үшін ипотекалық несие бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жолымен екінші
деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру ҚИК қызметінің мақсаты болып
табылады.
ҚИК – тің қатысуымен ипотекалық несие беру жүйесінде 8 банк және
банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс
істейді. ҚИК – тің бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру жөніндегі өз
қызметін жүзеге асыратын Каспий , Астана – Қаржы банкі, Центр –
Кредит банкі, АСҚ , БТА – Ипотека банкі, Нұрбанк ,
Қазақстанның Наурыз банкі , Техака банк , Альянс банкі , Цесна
банк сияқты екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдары ҚИК – тің
серіктестері болып табылады. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің
бірқатары тұрғын үй құрылысына ипотекалық несие беруді дербес жүзеге
асырады.
2008 жылғы 1 – наурыздағы жағдай бойынша ҚИК екінші деңгейдегі
банктерден 10 млрд. теңгеден астам сомаға ипотекалық несиелер бойынша талап
ету құқықтарын сатып алды.
Ипотекалық несиелерге кепілдік беру ( сақтандыру ) жүйесі айтарлықтай
рөл атқаратынын атап өткен жөн. Ипотекалық несиелерге кепілдік беру (
сақтандыру ) жүйесі екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық несиелерді
сақтандырушы ұйымдар арасындағы несие бойынша несиелік тәуекелдерді бөлу
жолымен ипотекалық несиелерге қолжетімділікті арттыру үшін қолайлы
жағдайлар жасауға бағытталған.

Осыған байланысты ҚР – да 2003 жылы Қазақстандық ипотекалық несиелерге
кепілдік беру қоры ( ҚИНБҚ ) құрылды. Ипотекалық несиелерге кепілдік беру
( ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша – несие саясатының түрлері
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
Ақша-несие жүйесі
Несие. Несие формалары мен түрлері
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Ақша саясаты
Қаржының экономикалық рөлі мен маңызы
Несиенің мәні мен қажеттілігі
Несие –ақша қатынастарын қалыптастыру
Пәндер