Оқыту принциптері
Кіріспе
І тарау. Оқыту принциптері тарихының негізі
1.1. Оқыту теориясы мәселелерінің жалпы педагогикалық негізі
1.2. Ұжым және ұжымдық оқыту теориялары
1.3. Оқыту теориясы мен әдістемелерінің қазіргі заманғы жағдайы.
ІІ тарау. Ұжым және ұжымда оқыту принциптері
2.1. Жалпы оқыту принциптерінің нақтыландырылуы
2.2. Ұжым арқылы оқыту принциптерін іске асыру
2.3. Эксперимент және оның нәтижелері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Педагогика - әлеуметтік үрдістері ауқымды қызықты әлеуметтік пәннің бірі. Бұл процестер балалардың дабыр-дұбырымен, олардың іс-әрекеттерімен, өмірді тануға деген қызығушылықтарымен ерекшеленеді.
Процес барысында жеке тұлғалар ғана емес, ұжымдар, әр ұрақ өкілдері араласады, танысып, білседі. Тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілер ұрпақтары сырласады.
Қазіргі заманғы педагогика – жалпыхалықтық іс. Қазіргі педагогика халықтық дәстүрлерге негізделіп, халықтың, мемлекеттің мүддесі үшін жүзеге асырылуы керек.
Қазіргі тәрбие - адам туралы ғылыми білімдердің, адам мәдениеті туралы тәжірибенің, халық даналығының жиынтығы. Осы құрамдас бөліктердің біреуі жетімсіздеу болып тұрса, тәрбие жұмысы да ақсап, бала тәрбиесінде қиыншылықтар туындайды, педагогикалық қателіктерге жол жіберіледі.
Егер, мұғалім өз жұмысында қателік жіберер болса, онда қалыпты баланың өзі тәрбиесі қиын балаға айналуы мүмкін.
Қазіргі тәрбие идеологиясының негізінде жатқан бірегей қағидат - тәрбие мақсаттарының реализмі. Бүгінгі нақты мақсаты - адамды жан-жақты дамыту. Ал, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін - адам мәдениеттің базалық негіздерін: экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениетін, саяси демократиялық және құқықтық мәдениеттерді, отбасының мәдени қатынастарын игеру керек.
Ересектер мен балалар бірлесіп жұмыс істеу барысында олар рухани мәдениеттің, қызметтің үздік үлгілерін бірге танып, біліп, осылардың негізінде балалар өз құндылықтарын, өмірдің нормалары мен заңдарын қалыптастырады.
Қазақстандағы білім беру жағдайы бүгінде біраз игіліктерге қол жеткізіп отыр. Ауылдарда мектептер салынуда, білікті, білімді ұстаздар қатары көбеюде. Олар өз кезектерінде білім беру мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін зерттеп жасап, балаларды біліммен сусындандыруда.
Өткен жылы қазанның 12-сі күні Астанада Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еркін елдің ертеңі –кемел білім мен кенен ғылымда» деп айтқан болатын [www.inform.kz веб-сайты «Елбасының сөздері» айдары]
Білім беру саласында бүгінде қол жеткізілген табыстар аз емес. Осы саланың реформасы уақыт талабына сай жүріп жатыр.
Алайда, әлі де ойластыратын, басталған өзгерістердің мән-мазмұнын одан әрі талдап, тарататын тұстар да жоқ емес.
Алғы күндердің ортақ міндеттерін шешу жолындағы бірлік пен ынтымақтастықтың дәстүрлі сүрлеуін одан әрі кеңейте түсу керек.

1. Бим-Бад Б.М. Обучение и воспитание через непосредственную среду // Труды кафедры педагогики, истории образования и педагогической антропологии Университета РАО. Вып. 3. М., 2001. С. 29,
2. Монтессори М. Значение среды в воспитании // Частная школа. 1995. № 4. С. 125.
3. Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика», А, «Рауан», 1992 ж.
4. Сухомлинский В.А. Коллективтің құдіретті күші, Алматы, «Мектеп», 1979 ж.
5. Педагогика. Дәріс курсы. Абай ат. Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. Алматы, 2003 жыл
6. Макаренко А.С. «О воспитании» Москва,1988
7. Макаренко А.С. «Художественная литература о воспитании детей» // Соч.: В7 т. М., 1958 г. Т.5.
8. Виноградовой Н.Ф.Воспитателю о работе с семьей.. М.: «Просвещение», 1989г.
9. Лигачев Б.Т. «Педагогика. Курс лекций» Москва,1996
10. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Учеб.пособие для студентов пед. институтов и слушателей ИПК и ФПК. – М.: Прометей, 1992г
11. Подласый И.П. «Педагогика» Москва,1996
12. Поташник М.М. «Как оптимизировать процесс воспитания» М., 1984 г.
13. Ушинский К.А. «Человек как предмет воспитания» // Собр. Соч.: в11т.М., 1950 г. Т.8.
14. Харламов И.Ф. Основные вопросы организации воспитательной работы в школе. Мн., 1967 г.
15. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. М.,1992.
16. Подласый И.П. Педагогика./Учебное пособие для студентов пед. учеб. заведений.- М., 1996.
17. Монтессори М. Разум ребенка // Монтессори. М., 1999. С. 72 (Антология гуманной педагогики).
18. www.pedagogika.ru: Мейман Э, Возникновение и цели экспериментальной педагогики, "Пед сборник", 1901, июнь,
19. www.pedagogika.ru: Ксения Радина, Педагогика и психология: исторический аспект. Учение о коллективе: прошлое и настоящее
20. www.inform.kz веб-сайты, «Елбасы сөздері» айдары.

Жоспар
Кіріспе
І тарау. Оқыту принциптері тарихының негізі
1.1. Оқыту теориясы мәселелерінің жалпы педагогикалық негізі
1.2. Ұжым және ұжымдық оқыту теориялары
1.3. Оқыту теориясы мен әдістемелерінің қазіргі заманғы жағдайы.
ІІ тарау. Ұжым және ұжымда оқыту принциптері
2.1. Жалпы оқыту принциптерінің нақтыландырылуы
2.2. Ұжым арқылы оқыту принциптерін іске асыру
2.3. Эксперимент және оның нәтижелері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Нұрсұлтан Назарбаев: Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда
Педагогика - әлеуметтік үрдістері ауқымды қызықты әлеуметтік
пәннің бірі. Бұл процестер балалардың дабыр-дұбырымен, олардың іс-
әрекеттерімен, өмірді тануға деген қызығушылықтарымен ерекшеленеді.
Процес барысында жеке тұлғалар ғана емес, ұжымдар, әр ұрақ
өкілдері араласады, танысып, білседі. Тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілер
ұрпақтары сырласады.
Қазіргі заманғы педагогика – жалпыхалықтық іс. Қазіргі педагогика
халықтық дәстүрлерге негізделіп, халықтың, мемлекеттің мүддесі үшін
жүзеге асырылуы керек.
Қазіргі тәрбие - адам туралы ғылыми білімдердің, адам
мәдениеті туралы тәжірибенің, халық даналығының жиынтығы. Осы
құрамдас бөліктердің біреуі жетімсіздеу болып тұрса, тәрбие жұмысы
да ақсап, бала тәрбиесінде қиыншылықтар туындайды, педагогикалық
қателіктерге жол жіберіледі.
Егер, мұғалім өз жұмысында қателік жіберер болса, онда қалыпты
баланың өзі тәрбиесі қиын балаға айналуы мүмкін.
Қазіргі тәрбие идеологиясының негізінде жатқан бірегей қағидат -
тәрбие мақсаттарының реализмі. Бүгінгі нақты мақсаты - адамды
жан-жақты дамыту. Ал, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін - адам
мәдениеттің базалық негіздерін: экономикалық мәдениет пен еңбек
мәдениетін, саяси демократиялық және құқықтық мәдениеттерді,
отбасының мәдени қатынастарын игеру керек.
Ересектер мен балалар бірлесіп жұмыс істеу барысында олар рухани
мәдениеттің, қызметтің үздік үлгілерін бірге танып, біліп, осылардың
негізінде балалар өз құндылықтарын, өмірдің нормалары мен заңдарын
қалыптастырады.
Қазақстандағы білім беру жағдайы бүгінде біраз игіліктерге қол
жеткізіп отыр. Ауылдарда мектептер салынуда, білікті, білімді ұстаздар
қатары көбеюде. Олар өз кезектерінде білім беру мен тәрбиелеудің
жаңа әдіс-тәсілдерін зерттеп жасап, балаларды біліммен
сусындандыруда.
Өткен жылы қазанның 12-сі күні Астанада Білім және ғылым
қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Еркін елдің ертеңі –кемел білім мен кенен ғылымда деп айтқан
болатын [www.inform.kz веб-сайты Елбасының сөздері айдары]
Білім беру саласында бүгінде қол жеткізілген табыстар аз емес. Осы
саланың реформасы уақыт талабына сай жүріп жатыр.
Алайда, әлі де ойластыратын, басталған өзгерістердің мән-мазмұнын одан әрі
талдап, тарататын тұстар да жоқ емес.
Алғы күндердің ортақ міндеттерін шешу жолындағы бірлік пен ынтымақтастықтың
дәстүрлі сүрлеуін одан әрі кеңейте түсу керек.
Ең бастысы, реформалар тек қана даңғаза тірлік үшін емес, ол біздін
қоғамның алға басуының негізгі тұтқасы болуы тиіс. Тек қана тәжірибе жасап
көру үшін өзгеріс жасаудың қажеті жоқ. Ол өзгерістер ақыл мен парасаттың
көрінісі болсын, деген болатын Елбасы.
Диплом жұмысының өзектілігі. Бала педагогикасында ұжымның және ұжым
тәрбиесінің ролі ерекше.
Ұжым және ұжым арқылы тәрбие процесіне арналған педагогикалық
еңбектер баршылық. Солардың ішінде, А.С.Макаренконың, Н.Крупскаяның,
я.А.Коменскийдің, Ушинскийдің еңбектері педагогика саласына қосылған
үлкен үлес болып табылады. Дегенмен әр тарихи кезеңнің өз педагогикалық
ілімі болғандықтан, әр кезеңнің тәрбие әдістемелері, педагогикалық
теориялары мен тәжәрибелері, оқыту принциптері жеке-жеке еңбектерге
арқау болған.
Бірақ, соның ішінде біз зерттеп отырған ұжым тәрбиесіне кеңінен
тоқталған А.С.Макаренко. Педагогтың ұжым тақырыбына жазған
еңбектері әлі күнге дейін өз өзектілігін жоя қойған жоқ.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті.
Педагогика саласындағы ұжым арқылы тәрбиенің ролі зор екенін
жоғарыдай айтып өттік. Осы ғылыми жұмысқа ұжым және ұжым арқылы
тәрбиелеу процестерін негіздегелі отырмыз. Оның үстіне, әр тарихи
кезеңдердегі педагогикалық оқыту әдіс-тәсілдердің бүгінгі күндегі
қолданысына тоқталып, олардың қыр-сырларына тоқталамыз.
Сондықтан да бұл жұмысымызда аса көрнекті педагогтардың тәлім-
әдістемелерін, олардың қызметі мен түрлі белгілерін, олардың бүгінгі
күндегі өзектілігін, бала тәрбиесіндегі оқыту принциптерінің кеңінен
ашылуын саралау - осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Зерттеудің әдістері.
Дипломдық жұмысқа талдау, сипаттама, салыстырма, қорыту әдістері
қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиет тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны. Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы,
тақырып өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеті сөз болады.
Оқыту принциптері тарихының негіздері деп аталатын І тарауда
оқыту теориясы мәселелерінің жалпы педагогикалық негізі, ұжым және
ұжымдық оқыту теориялары, оқыту теориясы мен әдістемелерінің қазіргі
заманғы жағдайы қарастырылса, ІІ тарауда Ұжым және ұжымда оқыту
принциптерінің тәжірибедегі қолданысы талданады.
Жалпы оқыту принциптері нақтыланып, ұжым арқылы оқыту принциптерін
іске асыру барысы, ұжымда жүргізілген эксперимент пен оның нәтижелері
қарастырылады.
Қорытынды бөлімде диплом жұмысының жалпы ерекшеліктері, ғылымилығы,
қол жеткізген тұжырымдары сөз болады.
Соңында әдебиеттер тізімі көрсетілді.

Ж.С.Руссоның пікірінше, ұстаз білім беру үрдісінде әрқашан өзінің
жетекшілік ролін жасырып отыруға тырысуы керек. Баланың тәрбиесі мен
дамуын мұғалім басқарғанымен, бала өзін жетекші санаған жағдайда ғана,
еркіндікті сақтап, тәрбиеленушіні еркін бағындыру мүмкін. Ж.Ж.Руссоның
пайымдауынша, өз тәжірибесінен алынған сабақтар ғана оқушы үшін
маңызды және пайдалы.
Қоршаған ортаның барлығы бала үшін кітап болып табылады. Бала өзі
байқамай, сол кітапты оқып, өз жады мен санасын байыта түседі. Ал,
баланың өзін танып-біле алатын пәнді таңдату - нағыз шеберлік.
Мұғалімнің міндеті бала үшін қызықты да, пайдалы орта ұйымдастыра
білу, дейді ғалым [1. 29].
Сократ пен Ж.Ж.Руссоның педагогикалық тәжірибелерін салыстырар
болса, Сократтың тәлімі – мұғалімнің айтқанына, диалогқа, вербальды
қарым-қатынасқа негізделетінін көруге болады. Ал, Ж.Ж.Руссо вербалды
педагогиканы барынша азайтып, баланың өз талпынысын ұйымдастыруға
тырысуы байқалады [1. 29].
Бірақ бұл, екі ғалымның тәлімдері бірін-бірі жоққа шығарады
деген сөз емес, керісінше, екеуінің де ілімі бір-бірін толықтырып
отырады.
Ж.Ж. Руссоның ілімін дамыту негізінде ХХ ғасырдың бас кезінде
итальяндық педагог М.Монтессори (1870-1952) өзіндік бір табысты жүйе
ұсынды.
М.Монтессоридің тұжырымдауынша, білім баланы қалыптастырмайды, ол
тек балаға өз денесі мен рухын өз қызметінің көмегімен дамыту
мүмкіндігін береді.
Кез-келген өмір еркін белсенділік, яғни, әрбір дамушы бала
еркіндікке және өзін-өзі дамытудың туа біткен сұранысына ие.
Ғалым М.Монтессори талдап жасаған оқыту теориясының мазмұны,
баланың өмірін ерекше ұйымдастыра отырып, оған өзінің табиғи
бейімділіктеріне байланысты еркін әрекет ету мүмкіндігін беру дегенге
саяды. Ғалым өзінің Бала санасы (Разум ребенка) еңбегінде, бала
тіршілік етіп отырған кеңістік оны әрекетке, өзіндік тәжірибе алуға
итермелейтін мол таңдаулар ұсынады дейді [2. 125]
Ұжымды басқару педагогикасының элементтері бұдан басқа да түрлі
білім беру технологияларында байқалады. Егер, М.Монтессоридің теориясы
жоғарыдан жетекшілік етуге негізделсе, ал, Д.Б.Элконин мен В.В.Давыдовтың
теориясы баланы өз сауалына жауап іздету жолымен баланың ролін
арттыруға негізделеді [5].
А.С.Макаренко ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жасауда,
манипулятивтік бағыт элементтерін кеңінен қолданды. Өзінің көпжылдық
тәжірибесіне сүйенген педагог, ұжымды баланы дамытудың ерекше ортасы
ретінде қарастырды. Жетекші тәрбие жұмысы барысында жеке тұлғамен емес,
ұжыммен өзара әрекет ете отырып, ұжымның әр мүшесіне тікелей әсер
ете алады. Осылайша, тәрбиеші ұжым арқылы балаға жасырын, арағайындық
қызмет көрсетеді, дейді ғалым [6.].
Осы тұрғыда тағы бір ғалымның теориясын айта кеткен жөн. Ол
М.А.Балабанның Мектеп-парк тәлімі. Бұл жүйенің негізін студия-
шеберханалар құрайды, ондағы мұғалім аға –шебер міндетін атқарады.
Яғни, ол, балалар керек жағдайда ғана ақыл-кеңес сұрайтын сарапшы-
жетекші ролін атқарады.
Қарап отырсақ, қай дәуірдің педагогикасын алсақ та, баланы дамытуда
авторитет педагогикасына қарағанда манипулятивтік педагогикаға, баланың
өзіндік дамуына, тәрбие жұмыстарының индивидуализациясына басым роль
берілгенін байқаймыз. Соған қарамастан, ұжымдық тәрбиенің де маңызы
жоғала қоймағанын байқауға болады.
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы
оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі -- бұл мұғалім мен
оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге
білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі — тұтас педагогикалық процестің
бір бөлігі.
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық
іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін дұрыс басқару үшің оның
жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын
жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің
белгілі кұрылымы және компоненттерімен сипатталады. Олар:
1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру
мазмұны).
2. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және окушылармен қарым-
қатынасы (сабақ беру).
3. Оқушылар — класс ұжымы .
4. Оқыту әдістері.
5. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың
техникалық құралдары.
6. Оқыту нәтижелері [3.167]
Білім — адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды,
табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне
айналдыру үшін, оны ойлау операциясы — талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу
және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп,
өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни
оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей
білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалык әрекеті іске
асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес.
Дағды — бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру.
Мысалы, тез оқу дағдысы — жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, іскерліктік және дағдының өзара
байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес,
қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.
Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық, іс-
әрекеттері жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларды білім алу әдістері мен
тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі.
Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың
ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі.
Оқыту процесінің козғаушы күштері оқытудың барысында койылатын таным
және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік
дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған
міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және
дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде
пайда болу үшін өте қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне
сәйкес келуі қажет.
Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру,
оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары [6. 167].
Оқытудың білім беру функциясы-- бұл адам баласын білім байлығымен
қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге
даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды еске
алған жөн. Олар:
- білімнің толықтығы — негізгі идеяларға түсіну үшін оқыту процесінің
негізгі звеноларын, яғни, танымдық іс-әрекеттердің кезеңдерін іске асыруды
қамтамасыз ету;
- білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;
- білімнің ұғымдылығы — оқушылардың өз бетімен ізденіп білімді меңгеруі
үшін, олардың ойын дамыту;
- білімнің әрекеттілігі — жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді
шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін,
іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауда әлеуметтік
міндетті шешуге бағытталуы қажет.
Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея
Я. А. Коменскийдің, И. Ф. Гербарттың, К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде
мазмұндалған.
И. Ф. Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз кұрал деп
тұжырымдады.
Н. И. Пирогов пен К. Д. Ушинский алғаш рет педагогика тарихында
оқытудың тәрбиелік сипатын оның ғылыми мазмұнына тәуелді деді.
К. Д. Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу тәрбиенің
құдіретті құралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып оқыту, Ушинскийдің айтуы
бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ойын, есін, қиялын
дамыту, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау [3.168].
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің оқушылардың
дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-
құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу,
оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады,
адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Сонымен, оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми
көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.
Енді оқыту процесінің тармақтарына тоқталайық. Таным міндеті түсінікті
болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің
әрбір звеносына жеке-жеке дайындалады.
Қабылдау — адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам
санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен
танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік сананың сыртқы
әлеммен байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуін
түйсік деп атайды.
Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент,
практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы немесе жанама түрде
мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді
жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал
терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Бекіту — бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі. Сабақта
жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске
түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Оқу бағдарламасы бойынша нақты тарауларды, оқу курсын толық бітіргеннен
кейін жинақтап қайталау басталады. Мұндай қайталау окушылардың білімін
бекіту және жүйеге келтіру үшін жүргізіледі.
Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада колдану оқушылардың өзіндік
қасиетін дамытады. Окушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар,
практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша
жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын
тексеру, бағалау - бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекетінің
бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша
білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың
барлық жетістіктерін — білім сапасын, байымдау сауаттылығын, жалпы ой-
өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның негізінде
білім мазмұны анықталады, объективті баға беріледі.
Оқыту практикасында оқудың әр түрлі мотивтері болады. Олардың бірі —
тікелей талаптандыру мотивтері — бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған
сүйіспеншілігі. Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді,
түрлі көрнекі және техникалық құралдарды, үйрету машиналарын шеберлікпен
қолданады, лингафон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізеді.
Осылардың бәрі оқушыларды терең білім алуға қызықтырады, талпындырады.
Перспективті талаптандыру мотивтері оқушының өзінің көздеген мақсатына
ұмтылушылығына, оның іс-әрекетін болашаққа бағыштауына байланысты. Бұған
жататын мотивтер:
а) мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы;
ә) келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-әрекеттеріне қызығушылық
(ән, сурет, әдебиет, спорт т. б.). Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі бір
мақсатқа ынталандыруы қажет.
ӘлеуметтІк мотивтер — бұл дүние танымның қалыптасуына, идеялық сенімге
негізделген борыш, қажеттілік, жауапкершілік сезімі. Осы мотивтерді іске
асыру және оқу жұмысының әлеуметтік мәнін көтеру мақсатында мұғалім
оқушыларға класс және мектеп бойынша істеген еңбектерінің нәтижелерін,
келешек мамандықты игерудің, еңбек іс-әрекетіндегі белсенділіктің
қажеттігін жете түсіндіре білуі керек.
Мотивтер жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, кіші
жастағы балалар үшін тікелей талаптандыру мотивтері, жоғары жастағы балалар
үшін перепективті талаптандыру және әлеуметтік мотивтер үлкен роль
атқарады. Ал ойдың талаптандыру мотивтері оқытудың барлық сатысында болуы
қажет.
Дидактика — бұл ежелгі грек сөзі – үйретуші, мұғалім деген ұғымды
білдіреді. Дидактика — білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін
зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту прициптерін, оқытуды
ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактика негізінде жеке
пәндерді оқыту ерекшеліктері зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский
(1592—1670). Оның Великая дидактика кітабында (1632) оқытудың мақсаты,
әдістері мен принциптері және классикалық сабақ жүйесі баяндалған.
XVII ғ. швейцар педагогы Иогаин Генрих Песталоцци (1746— 1827) дамытып
оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің
негізін жасады.
XIX ғ. -неміс педагогы Фридрих Вилыельм Адольф Диетервек (1790—1966)
дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді
қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктіргіштік, жігерлілік,
оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан
күрделілікке көшу т. б.
К. Д. Ушинский, Н. К. Крупская, П. П. Блонкий, С. Т. Шацкий т. б.
Ғалымдар да дидактиканың дамуына игі әсерін тигізіп, үлкен үлестер қосты.
Дидактика нені оқыту, қалай оқыту, не үшін оқыту керек деген сұрақтарға
жауап береді.
Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың
бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру
мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру концепциясы талаптарына және
жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске
асыру қажет.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің
қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін,
активті формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.
Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды
белсенді қатысуға даярлау.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу,
оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері-міндеттері,
мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге,
педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие
процесіне енгізуге байланысты.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған
оқу бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру
мазмұнында оқылатын пәндердің үш негізгі циклдері кіреді: ғылыми-жаратылыс,
гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
Оқыту процесінің табысты болуы, біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен
теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және
басқара білуіне; екіншіден, білімдарлығына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым
мен техника жетістіктерін пайдалана білуіне; үшіншіден, мұғалім мен
оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты,
деп жазады педагог Ж.Б.Қоянбаев өзінің Педагогика кітабында [3.].
Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты творчестволықпен өткізу жайлы
жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана
білген жөн. Бұл жөнінде И. П. Волковтың Творчествоға баулимыз, В. Ф.
Шаталовтың Баршаны да, әркімді де оқыта білейік еңбектерінде сабақты
өткізу принциптері мен әдістері көрсетілген.
Жаңашыл-экспериментшіл мұғалімдердің идеяларын сабақ үстінде
творчестволық тиімді пайдалану — оқыту процесін жақсартудың шешуші
жолдарының бірі.
Оқыту әдІстерін классификациялаудың әр түрлі тәсілдері
Кеңес мектебінде оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар. 20-жылдары
белгілі педагог-ғалымдар Б. Е. Райков, Қ. И. Ягодовский, М. М. Пистрак т.
б. оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу,
лабораториялық әдістерІн жасады.
30-жылдары М. М. Пистрак, П. Н. Шимбирев, И. Т. Огородников оқытудың
жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация,
лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50-жылдардан бастап оқыту әдістерін классификациялау проблемасына
айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін
топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім кезін
негізге алады. Д.0.Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөлді: сөздік
әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістерІ, оқыту-.практикалық сабақтар
әдістері.
50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында совет дидактары Н.Я.Голант, С.
Г. Шаповаленко, Н. М. Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің
жаңа классификациясын үш топқа: сөздІк әдістер тобы, әңгімелеу, түсіндіру
деп бөлді.
Ал, енді, оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы ұғымға келейік.
Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары
пайда болды. Оқыту формаларының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың
іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және ғылыми-техникалық
прогрестің өзгеруіне байланысты, дейді педагог Ж.Б.Қоянбаев
Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі
ғасырға дейін дворяндар семьясында сақталды.
Ертедегі құл иеленуші мемлекеттерде, мысалы, Вавилонияда, Египетте,
Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде
сабақтардың тұрақты кестесі, окытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар
мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.
Мұнан былай қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды.
Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасы туралы сүрақтар туды.
Оқытудың мұндай формасы XVI ғ-да Ресейдің оңтүстік батысындағы туысқан
мектептердің (Львов, Луцкая және басқа облыстар) тәжірибесінде пайда болды.
Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы оқушыларға класс ұйымдастырылды,
оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір оқу сабақ деп аталды.
XVII ғ. Я. А. Коменский туысқан мектептердің тәжірибесін жинақтап,
өзінің Великая дидактика кітабында класс-сабақ жүйесін дәлелдеді, оның
этаптарын түсіндірді: оқу материалдарын баяндау; жеке және барлық
оқушылардың жұмысын бақылау; оқушылардан оқу материалын сұрау. Сабақта әр
түрлі дидактикалық принциптер (оқытудың көрнекілік, жүйелілік, тиянақтылык
принциптері) пайдаланылды. Оқу сабақ формасында класта оқушылардың белгілі
құрамымен кесте бойынша жүргізілді. Бұл жүйе оқытудың класс-сабақ формасы
деп аталды.
Я. А. Коменский класс-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды
оқытудың мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде класты әрбір он балаға
бөледі, оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.
Сол сияқты жүйе XVII ғ. аяғында — XIX ғ. басында Англияда пайда болды,
оны оқытудың белль-ланкастер жүйесі деп атады. Бұл жүйені жасаған дін
қызметкері А. Белль және мұғалім Д. Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім
оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен залда өткізеді. Содан кейін
оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы оқушылармен оқуды мониторлар —
топ басқарушылары жүргізеді.
Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдың прогрессивті
педагогтары А. Дистервектің, К.Д.Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар
сабақта ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді.
Демек, оқытудың дамыту тәсілдерін қорғайды.
XX ғасырдың бірінші жартысында совет педагогтары АҚШ-тағы, Германиядағы
оқытудың әр түрлі формаларымен (дальтон-план, лабораториялық-бригадалық
форма, винетка-план, Трамп-планы, иена-план т. б.) танысты, олардық
бірсыпырасы совет мектептерінде пайдаланылады. Мысалы, дальтон-план (АҚШ,
Дальтон қаласы) сабақты болдырмауды, жүйелі курстардың оқытылмауын талап
етеді. Сонымен бірге дальтон-план нәсіліне қарай қабілетті, дарынды
балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон-планның мәні: оқушы өз бетімен жұмыс
істейді, тапсырманы орындайды, зачет тапсырады, келесі тапсырманы
дайындайды. Демек, консультанттар балалармен дербес оқытуды жүргізеді.
Дальтон-планның негізгі мақсаты — ұжымнан жекеленетін адамдардың
психологиясын тәрбиелеу.
1.2. Ұжым және ұжымдық оқыту теориялары
Байқап отырсақ, қай дәуірдің педагогикасын алсақ та, оқыту
процесінің ұжымға негізделетінін көреміз. Бірді-екілі әдістемелер ғана
өздерін ұжымнан алшақ ұстайтын балаларды тәрбиелеуге арналған. Ал, ұжымдық
тәрбие – біздің бүгінгі педагогикамызға негіз болған кеңес дәуірі
педагогикасының тұғырнамасы. Кеңестік педагогтардың теориялары мен
тәжірибелері ұжымға, ұжым арқылы тәрбиелеуге негізделген. Енді, осы
мәселеге кеңінен тоқталайық.
Ұжым — тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адамның дамуы үшін ұжымда қолайлы
жағдай болуы қажет. Жеке адам өзінің нышанын жан-жақты дамыту үшін құралды,
яғни мүмкіншілікті тек кана ұжымнан алады, сондықтан ұжымда ғана жеке бас
бостандығы болуы тиіс делінген Ж.Б.Қоянбаевтың педагогикасында [3.].
Ұжымдарды іс-әрекеттердің түрлеріне қарай ажыратады: кәсіпшіл ұжымдар
(өндіріс, творчестволық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар, ерікті
коғамдар (ғылыми, ғылыми-насихат, әскери-спорт), өз әрекетімен істеуші
ұжымдар (көркемөнерпаз, коллекционерлер коғамы) т. б.
Ұжым проблемасына педагогикалық ғылымның қайраткерлері және халық
ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н.К.Крупская, А. С.
Макаренко, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл
аударды.
А. Б. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым
болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол адам біздің
заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары
санайтын болуы тиіс. Жеке адам ұжым негізінде ғана дамиды.
Н.К.Крупская жеке адамның, дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады.
Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына
үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп
тәрбиелеудің қажет екенін ескертті.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық
теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылырын сақтауда және
іс-әрекетІ, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде
творчестволық дамудың негізі болды.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің коғамдық бағыттылығын
ерекше атады [6.].
Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым
контактылы және негізгІ болып екіге бөлінедІ. Контактылы ұжым - бұл ұжымдық
белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым — бұл контактылы ұжымдардың
бірлестІгІ. Мысалы, контактылы ұжым — сынып, негізгі ұжым - мектеп. т.б.
Сонымен ұжым — бұл көзделген максатқа жетудегі ұйымшылдық пен
мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде: Мудрая власть
коллектива, Ұжымның құдіретті күші т. б. баяндалды [4.].
В. А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі
тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-
қатынас ұжымдық катынастың даму үрдісі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының
типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн топтары,
клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т. б. Бұлардың барлығын
бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы.
Коллективизм адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас
байланыстылығын керсетеді, делінген Б.Т.Лигачевтің Педагогика оқулығында
[9].
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан
оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және
тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты.
Оқушылар ұжымы үш даму кезеңінен өтеді. Ұжымды даму кезеңіне бөлген А.
С. Макаренко [6].
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды. Талап іс-әрекет процесінде орындалуға тиісті нақты міндеттер.
Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге
тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай
бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары
сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, инициативалы
оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс
істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты
бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелердІ еске алған жөн:
— ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
— ұжым іс-әрекетінің дамуы;
—жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын болсенділер тобының бөлінуі.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни класс жетекшісінің
ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл
кезеңде активпен жұмыс істеудің маңызы өте зор. Мысалы, жұмысты бірігіп
жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым
мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т. б.
Мұғалімнің қызметі — коммуникативтІ, яғни балалармен байланыс жасау,
ұжымның жалпы өмірі үшін оқушылардың инициативасын, ынтасын қуаттау, жалпы
міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-куатын біріктіріп нығайту.
Коллективтің бұл даму кезеңінде параллельді ыкпал жасау принципі
қолданылады, яғни жеке адамға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең — бұдан былай активтік және ұжымдық (сынып) іс-әрекетінің
дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі фактілерді, құбылыстарды
бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу
кезеңі деп аталады.
Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың
арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік,
бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға
дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды
касиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен силатталады. Қоғамдық пікір — бұл ұжым
мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікте ұжым
кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе
кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік —
коғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің
бірІ - ұжым алдындағы мақсатты — перспективаны таңдау.
Жақын перспектива — бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр
түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. А.С.Макаренко адам өмірін шын
ынталандыруды ертеңгі қуаныш, деп атады.
Жақын перспективаға жарыс, экскурсия, жексенбілік серуен, цирк, мұражай
және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т. б. жатады.
Орта перспектива — бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын
өткізілетін сурет конкурстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық
тақырыптарға диспут өткізу т. б. жатады.
Қашық перспектива — бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ
мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек
мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін жұмыс істеу немесе
оқу орындарына түсу жатады.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың
сөзімен айтқанда, дәстүр коллективті бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және
тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін
байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, конкурстар, олимпиядалар, соңғы
қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, т. б. Барлық дәстүрлер үшін
жалпы мәселе - ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге
үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Дәстүр — бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп
отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін
нормалар мен принциптер.
Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара
ықпалдастығы және өзара байланысына тоқталайық.
Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. Жеке тұлға және ұжым
проблемаларымен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар,
педагогтар айналысуда. Бұл аталған проблеманың педагогикалық ғылым мен
практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Үжымның
педагогикалық теориясын дамытуға П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская,
П.Н.Лепешинский, В.И.Сорока-Росинский, С.Т.Шацкий және т.б. өз үлестерін
қосты.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-
тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-
жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді
жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты
қызметін оқушының құлықтық дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов,
А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға
үлкен мән береді.
Оқушы ұжымы деп мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет
негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы деп түсініледі.
Мұндай іс-әрекет оқушылар үшін ең алдымен оку іс-әрекеті болып табылады.
Сондай-ақ, сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттердің алуан түрлілігінің де
маңызы бар.
Ұжымның барлық даму сатыларында мүғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу
міндеттері түрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен
оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz