Нарықтық экономика жайлы мәлімет


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. Нарықтық экономиканың мәні, мазмұны және қағидалары . . . 4
  2. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшудегі ерекшеліктері . . . 7

3 . Нарықтық экономикаға көшудегі шетелдік тәжірбие . . . 23

Қорытынды . . . 29

КІРІСПЕ

Нарық - бұл жүйелер мен ортаны өгертуге қабілетті қозғаушы күш дегенге саяды. Біз «нарық» ұғымының көп қырлы және қатынастардың тұтас гаммасын бейнелейтіні жөнінде қорытынды шығарамыз. Нарық ережелері, оның атқарымдық көптеген аспектілері жеткіліксіз зерттелген. Алайда шетелдердің даму тәжірбиесі нарық өзінен өзі әлі адамдардың тұрмыс деңгейін, қоғамның материалдық-техникалық дамуын анықтайтынын; нарықтық экономикасы бар елдердің барлығы да тұрмыстың жоғарғы деңгейі мен тұрақтылығын қамтамассыз етілген мемелекеттердің қатарына шын мәнінде жатпайтындығын көрсетеді. Нарықтың пайда болу шарттары болып қоғамдық еңбек бөлінісуі мен тауар өндірушілердің мамандануы, сондай-ақ нарық шаруашылығы субъектілерінің экономикалық оқшауланушылығы есептеледі. Экономикалық оқшауланушылық пен айырбастау еркіндігі тек өндірушінің өзі ғана не өндіру керек екендігін, қалай өндіру керек екендігін, өндірілген өнімді кімге және қайда сату керек екендігін шешетінін білдіреді. Нарықты қалыптастырған кезде тағам өнімдерін өндіру мен тұтыну сипатына байланысты болатын, оның сұраныс пен ұсыныстарын шарттастыратын заңдарын ескерген жөн. Молығу шегіне жақындаған сайын сұранымның өсуі тіпті халықтың табысы өскен кезде баяулайды және де керсінше, табыстың төмендеуімен тағам өнімдеріне сұраныс салыстырмалы түрде өседі (Энгель заңы) . Нарықтық экономикаға көшу - ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, қалыптасып қалған шаруышылық жүесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемдік тәжірибе мен республикамызға тән ерекшеліктерді ескере ортырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр. Қазақстан Республикасының ұлан-ғайыр жері, оның ерекше бай қазыналары, табиғи-экономикалық қолайлы жағдайлары бар. Қазақстанның осыншама байлыққа ие болуы оның экономикасының дербестігінің негізі болып табылады. Саналы нарыққа көшу жағдайларындағы ең маңызды міндет - республиканың өндірістік ахуалына экономикалық дұрыс баға беру, қолда барды ұтымды пайдаланудың нақтылы бағдарламасын жасап, «технологиясын» талдау. Республика экономика мен бизнес салаларында осы заманғы жоғары маманданған кадрлар даярлау студенттер тарапынан Қазақстан экономикасының нақтылы жағдайын «өткені - қазіргісі - болашағы», «сала - регион - бүтіндей халық шаруашылығы» тарауларына бөле, нарықтық құрылым жүйесін дамыта қалыптастыру жолдарын неғұрлым тереңірек зерттеп білуді талап етеді. Экономиканы қайта құру бағдарламасындағы және оларды іс жүзіндегі асырудағы тиімсіздіктер білмеушіліктен ғана емес, адамдардың отан шаруашылығының шын мәнін, ерекшеліктерін, кездесетін қайшылықтарды болжай алмайтындықтарынан болып отыр.


Нарықтық экономиканың мәні, мазмұны және қағидалары
.

Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.

Сонымен бірге нарықтың мезанизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа отырғандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады.

Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етепейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру хұқын реттеп отыратын шараларды іске асыруы қажет.

Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді турде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлеткет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканы қысымын жұмсартады. Бұнадай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.

Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктернің, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісті терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес. Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жуйесі нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеолгогиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.

Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым экономистерінің арасында нарық туралы бірңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анақтамасын келтірейік.

Нарықтың ел экономикасындағы рөлі мен мәні ең алдымен бұл нарықтың атқарымы мен мақсаттарына, сондай-ақ атқарымдылық жағдайларына байланысты. Нарықтың рөлі мен мәні оның шаруашылықтағы жүзеге асыруға тиісті атқарымдары және мақсаттарымен анықталады. Нарық - күрделі әлеуметтік-экономикалық санат, егер нарық қатынастарының түрлі аспектілерінде қарастыратын болсақ оның мәні толығырақ ашыла түседі. Қоғамдық ұдайы өндірісте нарық ең алдымен тауар-ақша қатынасының саласы ретінде көрінеді. Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егер мына жағдайлар айқын болжалып және анықталса:

  1. Товарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Қолда бардың қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндіріс барысында пайдалану керек.
  2. Не өндіру керек, яғни қоғамның материялдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін товарлар мен атқаратын қызметті анықтау.
  3. Қоғамға қажетті товарлар қалай өндіріліп, қандай технологияны қолдануды анықтау.
  4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны қалай алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.
  5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол жеткізу, яғни тұтынушылар тарапынан сұраным өзгере қалса экономика тез соған бейімделіп, қолдағы алым-берім мен өндіріс технолгиясы жасалуы керек.

Нарықтық қатынас дегеніміз - аталған бес шарттың міндеттерін шешкен күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы бітістік болып табылады.

Нарықтық қатынас кемеліне келгенде иелік ететін екі жақ та маманданып, өндіріс технологиясы мен оның өнімін өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін және олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара келісімімен нарық белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды.

Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде шектеледі. Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді . Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық прогесс пен озат тәжірбиеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады. Ал егер өнім пайда бермесе сұраным жоқ болса немесе азайса, өндіруші өнім шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы рететелінеді.

Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған және өндірушілердің баға көтерушілік ниеттерін тежеу, өнімді сатуға байланысты мәселелермен маркетинг саласы айналысады.

Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады. Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінің де сіңірген еңбегі қоғамға қажет, ал өндірген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады.

Нарықтық қатынас сұраным мен ұсынысқа негізделеді. Сұраныс тұтынушылардың қаражатына қарай нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың басты жетекшісі өнімнің бағасы - өнімнің бағасы өссе сұраным төмендейді, баға арзандаса сұраным арта береді. Алайда, нақтылы өмірде болып жатқанындай, өнімге деген сұраныстың көлемі, сатып алушының орташа кірісі, нарықтық көлемі, басқа өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына басқадай өнім алу сияқты сатып алушының қалауына байланысты болады.

Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарған товарының санынан-ақ белгі бермек. Товар неғұрлым тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, товар өндіру көбейтіле түседі немесе керісінше болады. Өйткені бәсеке дегеніміз біреуге жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан ұсынысқа әсер ететін басты себеп-пайда. Алайда пайда қуалап бағаны өсіре беруге тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылар ықпал жасайды. Демек, өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе өндіріс шығындарын азайтады.

Тұтынушының сатып алғысы келген товарының саны өндірушінің сатамын деген товарының санына дәлел келсе, сұраным мен ұсыныстың тең болғаны. Нарық адамдар арасындағы сан-саналы экономикалық қарым - қатынас жүйесі болғандықтан өндіріс барысында, таратуда, айырбас пен тұтынуда мынадай қағидаларға тіреледі:

1. Жеке адамнан бастап мекеме, бірлестіктерге дейін олардың экономикалық, шаруашылық және кәсіпкерлік іс-әректтеріндегі еркінділік заңдылықты сақтаса ғана еркіне жіберілмек. Мұның өзінде еркіндіктің екі жағы бар. Біріншіден, әрбір адамға меншіктену мен кәсіпкерлік құқығы беріледі, яғни ол кәсіпке кіріседі, өз ойындағысын іске асырады. Сөйте жүріп шаруашылық іс-әрекеттерге байланысты қабылданған ережелер мен нормаларды сақтаса, экономикалық еркіндік алады. Екіншіден, мекмелермен азаматтардың кәсіптерінің түрі, сипаты және көлеміне қатаң тежеушілік жасау жойлады.

2. Мұның өзінде кәсіпкерге деген жоқтаусыз еркіндік болмайтындығын есте сақтау керек. Нарықтық экономиканың қай-қайсысы болмасын өркениетті мемлекеттерде реттеліп отырады . Нарықты және қатынастарды мемлекет тарапынан реттеп отыру осындайдан туындайды. Мәселе тек мемлекет қандай амалдар қолдануында. Нарықтың мемлекеттік реттеушісі ретінде бағдарамалар, салық салу, несие қаржы жүйесі, банк жұмысы, еңбек жайлы заңдар монополиялыққа қарсы шаралар, халықты әлеуметтік қорғау сияқтылар араласады. Нарық еркіндігі экономикалық жауапкершілікпен, кәсіпкердің тәуекелімен қатар жүреді. Теңдік құқығы енгізіліп, меншіктеудің қанша бір түрлеріне еркіндік туғызған нарық шағында кәсіпкерші шаруа иесі толығынан экономикалық жаупкершілікте болады.

3. Тұтынушының үстемдігі, яғни тұтынушының өндірушіге өктемдігі. Жеткіліксіз дүниеде өндіруші тұтынушыға өз шартын қояды. Өндіріс өнімі сол қалпында қалса да немесе тіпті өнім беру азайса да баға дегеніміз көтеріле береді, өндіруші еш нәрседен қаймықпай-ақ өнім сапасын төмендетіп, пайда табады. Көлденең араласқа шығысымен шаруа иелерінің экономикалық еркіндігі кеңейе түседі, ал мұның өзі әрқайсысынан өз жолын тауып, іс-қимылын қайта қарау, бағаны еркін қою, кіріс пен пайданы бөлісу, қайтадан бөлісу, бәсеке механизімінің көмегімен қаражат-несие жолдарын пайдаланып, өз білгенін істеу әректін туғызады.

4. Экономиканың ашықтығы. Мұның мәні мекемелердің белгілі шарттарды сақтай отырып, экономикадан тыс байланыстарда еркін кәсіперлікті кеңейте түсу. Шетел фирмаларына жергілікті мекемелермен бірдей құқықта ішкі нарықта товар өндіруші ғана емес меншік иесі ретінде кірісуге мүмкіндік берілген.

5. Бәсеке бабы. Бәсеке дегеніміз іскерлікті қоздырудыңықпалды да тиімді құралы, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдаланып өнім сапасын арттыру, тұтынушылардың құбылып отыратын мүдделерін қанағатттандыру. Әрине, бәсеке ең алдымен ұқсас өнімдер шығаратын кәсіпкерле арасында туындайды.

6. Финанс және қаражат айналымында әсері. Егер орталықтанған экономика материялдық-заттық орындарды басқаруды қорлар дасау, өндірер заттың көлемін белгілеу арқылы жүргісе, нарықтық экономика басқару жұмысын баға механизмі, ақша, несие, банк, салық арқылы жүргізеді.

7. Нарқтық баға қою жолдары. Нарықта баға деген сатушы мен алушы арасында саудаласу, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасып, ауызша немесе жазбаша келісім жасасады. Нарықтық бағаны еркін баға деген түсінік бар. Оның тіркелуі бағадан өзгешелігі - ол ұдайы өсе береді. Біріншіден, әсіресе өтпелі кезеңде, мемлект өзін-өзі ақтаудың орташа көрсеткішіне сәйкестендіріп бағаның жоғарғы шегін бақылайды. Екіншіден, тұрақтандырылған экономикада әлдебір товардың жоғары табыс бере қалса бәсекелестер ол ол товарды жарыса өндіріп сатады да бағаны құлдыратып жібереді. Сөйтіп қалыпты нарықта баға заттың өзіндік құнынан емес, бірақ өзіндік құнның сомасы мен табыс өндірісті кеңейте беруден аспайды.

8. Шарт және конракт қатынастардың талаптарын сақтау нәтижесінде жоғарыдан басқару көлденеңнен басқару мен ауысады, яғни тең құқықты шруа иелері өзара келіседі. Нәтижесінде негізінен серіктестік қарым-қатынас қалыптасады, Жалпы заңдылықты, ережелерді сақтау үшін бағыныштылық қатынасқа онша мән бермейді. Толық мағыналы нарықта товар өндіру мен сату ғана емес қызметкерлер алу, босату, еңбек төлеу, мекемелерге несие беру де контракталық жағдайға көшіріледі.

Қазақстан Республикасының нарықтық экномикаға көшудегі ерекшеліктері.

Экономистердің назарын аудартуға тиісті ең маңызды проблемалардың бірі - бұл Қазақстан Республикасында нарық дамуының кейбір стратегиялық ерекшеліктерін қайта қарауды талап ететін шаруашылық жүргізудің нарық жағдайына көшу арқылы ел экономикасын дағдарыстан шығару. Атап айтқанда, экономиканың дамуындағы қателіктер мен күрделенген шиеленістердің болуы жаңа жағдайлардағы нарықты басқару істерінің жолға қойылмауынан деп түсінуге болады.

Қазір уақыт экономистерге жаңа, ең жоғары талаптарды қояды. Нарықты дұрыс басқару үшін не қажет екенін анықтау қажет. Біздің пікірімізше, бұл үшін проблемалардың үш блогын шешу керек.

  • ел нарығының тұжырымдамасын жасау;
  • нарықты басқарудың негізгі бағыттары мен экономикалық теориясын таңдап алу;
  • нарықтың ұйымдық - экономикалық тетігін, оның критерийін анықтау.

Проблемалардың үш тобының барлығы да бір - бірімен өзара байланысты. Өзінің өткені туралы барлық шындықты білмей, пайдалы тәжірибе алуға және сенімді алға жылжу мүмкін емес. Кеше ғана бізге марксизм ғылым рөлін атқарса, бүгін біз одан өзгеше басқа ғылымды іздеудеміз. Соңғы кездерде социализм идеясының өзі мен оның өткендегі жетістіктері негізсіз түрде теріске шығарылуда.

Осыған байланысты орынды сұрақ туындайды: бізге жалпы айтқанда капитализмді қалпына келтіру қажет пе? Біздің елде капитализмнің дамуының табиғи үдерісі үзілді. Белгілі жағдайлар оның дамуына мүмкіндік бермеді. Біз шын мәнінде феодалдық елде социализм құруды шештік. Мұның салдарынан қоғамдық - экономикалық және саяси формация жіберіліп алынды, ал бұл белгілі нәтижелерге әкелді. Қазақстан Республикасы қазір қоғамдық дамудың қандай сатысында орналасқан? Алдымен капиталистерді, байларды, феодалдарды жойдық, олар К. Маркстің теориясы бойынша өндірісті ұйымдастырушылар болуға тиіс еді. Сөйтіп, біздің елде ЖЭС кезеңінен 1992 жылға дейін жалдамалы еңбек қағидалары қолданылды. Алайда бұл шындығында болмаған социализм пердесімен бүркемеленді.

КСРО - да экономикалық дағдарыс М. С. Горбачев айтқандай 70 - жылдары емес, одан әлдеқайда бұрын басталды. Объективті түрде дағдарыстық жағдай тіпті 50 - жылдары байқалды, өйткені социалистік құрылыс емес, мемлекеттік капитализм болды. Біз феодализмнен капитализмге өтудің орнына 70 жыл мемлекеттік капитализмде өмір сүрдік. Бұл жүйе Қазақстанның дамуын тежеді.

Болашақта прогрессивтік қоғам құру үшін не істеу керек?

Ең алдымен өзгерістердің теориялық тұғырнамасын әзірлеу қажет. Егемендікке қол жеткізуге байланысты экономикалық жағдайдың өзгеруі, жаңа нарықтық жүйелердің қалыптасуын талап етеді, олар өздерінің кеңею және экономикалық құрылымдарының қалыптасу есебінен көптеген қайшылықтарды шешу тәсілдерін табады. Мұның салдарынан «мемлекет - нарық» жүйесінде қатынастардың эволюциясы болады, мемлекеттің нарық атқарымын мемлекеттік реттеу үлгілері өзгереді.

Нарық экономикалық реформалар жағдайында пайда болды және дамиды, сондықтан экономикада пайда болғанның барлығы да нарық диалектикасының әсер етуімен пайда болады және дамиды. Алайда оның даму деггейі, мазмұны мен теориялық - әдіснамалық қағидалары нақты сәтпен анықталады, мысалы, 1992 - 2002 жылдарындағы сияқты нарықтың экономикалық өсуі мен қарқынды дамуын атап өтуге болады.

Республикада нарық жүйесін қалыптастырған кезде өзіндік ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Қазақстан нарығының дамуы үш кезеңге бөлінеді.

1. 1991 - 1993 жылдары. Нарық жүйесінің негізгі құралдарын қалыптастыру.

Ең күшті соққы халыққа нарықтық баға бірнеше есе өсіп, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы бірнеше айға кешіктірілгенде тиді; ақша реформасы өтті - қаржы қарыздары, есепке алу, баспа - бас айырбастар енгізілді, төленбеген төлемдер пайда болды, жеткізушілер тек өзінің меншікті өнімдерімен есеп айырысты. Мұның нәтижесінде республикада баспа - бас айырбастау үлесі 45% - ға жетті.

2 . 1994 - 1998 жылдары. Үкімет нарық механизмдерінің элементтеріне қатысты тіркелген бағам енгізді, меншіктің дамуының жаңа нысандарын құрды. Нарық нысандарының қарқынды дамуы меншік иелерінің жаңа таптарының құрылуына, жеке меншіктің нығаюына әкелді. Мұнда баға өсуінің қарқыны айтарлықтай төмендеді.

3. 1998 - 2006 жылдары. Нарық жеке меншіктің кеңею жағдайында дамыды. Мемлекеттік және жеке меншіктің арақатынасы республика бойынша 1:5, ал ТМД елдері бойынша тұтас алғанда 1:3. Нарықтың қалыптасуында шешуші рөлді шетелдік инвестициялар атқарды. Нарықтың молықтырылған кезеңі болды, нарықта іс жүзінде наннан бастап автомобильге дейін бәрін сатып алуға болатындай мүмкіндік туды. Алайда нәтижесінде ауыл шаруашылығының құлдырауы болып өтті.

Қазақстанның азық - түлік нарығының даму ерекшеліктері:

  • «талықсытпалы ем» жүргізу;
  • өнімді қайта өңдеу үшін жеткілікті қуаттардың болмауы: нәтижесінде өнімнің 50% - ы қайта өңдеуге шетелге тасылады;
  • баланстандыруды күрделендіретін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бір жақты мамандануы - нарық жағдайларында болатын мұндай жағдай нарық үдерісіндегі тежейтін факторлардың бірі;
  • аграрлық нарықтың дамуына мүмкіндік жасайтын шетелдік инвестицияларды жүргізу. Елдің инвестициялық нарық жағдайы оның экономикалық дамуының, бірлескен кәсіпорындардың теңдігі мен өзара тиімділігінің ең маңызды индикаторы болып табылады. Республикада нарық элементтерін енгізу шетел капиталын пайдалану тиімділігін арттырды және шетелдік инвестициялар үшін Қазақстанды бұрынғыдан да тартымды ете түсті;
  • нарық жағдайында шаруашылық жүргізудің осы заманғы технология әдістерін жақсы меңгерген жоғары білікті мамандардың болмауы; 1991 жылға дейін мамандарды даярлау тек бір мамандықтың шеңберінде жүргенін атап өтейік. Бүгінгі күні нарық нарықтық ойлау қабілеті бар әмбебап мамандарды талап етеді. Көптеген жас мамандар нарыққа даяр болмай шықты, олардың нарықтық тәжірибесі жоқ, олар нарық үдерісінен шет қалған;
  • коммунициалдық модернизм элементтерінің болуы;
  • мүлдем жаңа нарықтық қатынастарды тудыратын ТМД елдерімен бірігу. Қазақстан Республикасы бірігу (интеграциялық) арқылы нарықты бағындыруға тырысады. Бұл қазақстандық нарықта шетелдік компаниялардың (Түркия, АҚШ, Қытай, Жапония) өнімдерін қайта өңдеу үшін жағдай жасайды және бәсекелестік есебінен нарық қызметтерінің тек құнын төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге азық - түліктік жағынан қауіпсіздік тудырады.

Аймақтық ерекшеліктері:

  • шетелден әкелінген азық - түліктің молығуы;
  • арзан еңбек ресурстарының артылуы (қазіргі кезде өндіріс үдерісінде қызмет істемейтін еңбек етуге қабілеттілердің саны 655 мың адамды құрайды) ;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастры жайлы жалпы мәліметтер
Аудиттің мәні
Қаржылық жағдайсыздықты реттеу
Терең жойылмайтын жағдайсыздық кезеңі
ПР және маркетингтік коммуникация
Құрылыс нарығын қаржыландырудың теориялық-әдістемелік негізі
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Маркетингтің туризм индустриясында маңыздылығы
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІН ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІН БАҒАЛАУДЫН МАҚСАТТАРЫ
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz