Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы туралы



КІРІСПЕ

1 тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
БИРЖАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ.
1.2 Қазақстан Республикасында биржаларды” құрылуы

2 Тарау. ТАУАРЛЫҚ БИРЖА ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
2.1 Тауарлық биржасы — тауар нарығындағы орны
2.2 Тауарлық нарықтағы тауар биржасыны” мәні
2.3 Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Биржа нарықтық және нарықтық қатынастардың даму азығы сияқты ұзақ даму жолынан өтті. Биржалық сауда нысандары бірқатар жалпы ұйымдық ерекшеліктері бола отырып, әр кезегінде өзгеріп отырды және нарық экономикасының қажеттіліктерінде өз үйлесімін тапты.
Ең алғашқы биржалар Еуропа елдерінде пайда болған. Олардың пайда болуын ХVІ-ХVІІ ғғ. жатқызады, Бұл уақытта пайда болған биржалар сауданың бастапқы шапшан өсу уақытына және капиталистік өндірістің қалыптасу қатынастары кезегімен сипатталады.
Ең алдымен, көтерме сауда нысанындағы нақты тауар биржасы пайда болды. Оның өзіне тән тән айрықша белгілері ретінде: сауданың белгілі жерге бейімділігі және алдын-ала белгіленген тәртіпке бағыныштылығы болады. Бұл аталған ерекшеліктер кейіннен пайда болған биржаларда да болды. Биржалық операциялардың көбіне тән сипаттаушы үлгісі, қолма-қол тауармен мәміле жасау болып табылады. Бұл кезде биржалық сауда тек экспорттар мен импорттар, сатып алушы мен өндіруші немесе тұтынушы араларында байланыс орнатты. Биржаларды бекіту жай жүргізілді және халықаралық сауда жүргізуші порттармен шектелді. Өндірістік революция өнімге және шикізатқа сұранымды ұлғайтты, сауда номенклатурасының және көлемінің ұлғаюына әкелді, тауар сапасының біртектілігіне және жеткізілімнің жиілігіне талабын күшейті.
Биржалар біртіндеп халықаралық сауда орталықтарына айналды. XІX ғасырда Германия, АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Ресей, Италия елдерінде шешуші ролді мерзімін жасаган мәмілелер алатын нақгы тауар биржаларының саны онға жетті.
1. Бороздин П.Ю. Ценные бумаги и фондовый рынок. М., МГОУЛ, 1999.
2. Каменева Л.А. Биржы Казахстана (справочник для деловых людей) Алматы, 1999 г.
3. Васильев Г.А., Каменева Н.П. Товарные биржы., М., 1995№.
4. Дефоссе Ч. Фондовая биржа и биржевые операции. М., 1995
5. Жуманова Б.К., Основы биржевой деятельности. Костанайский госуниверситет. 1994.
6. Карагусова Г. Что нужно знать о ценных бумагах. Алматы, 1996
6. Киперман П.Е. Рыночная экономика. 200 терминов. М., 1991.
7. Лапидус М.К. Биржи и биржевые операции.К., 1990.
8. Левшин. Мировые товарные рынки. М., 1998.
9. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок. М., 2006.
10. Овчинников О.Г. Игры на рынке валютных фьючерсов. М., 1995.
11. Галанова В.А., Басова А.Н., Рынок ценных бумаг. М., 1995
12. Сейтов К.С. Рынок и биржа. Алма-Ата. 1997
13. Химинина И.А., Чистякова Товарные биржы (справочное издание). М., 1998.
15. Аяпова Ж., Арынов Е. Іскер адамны” орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. А. 1995
16. Нарықтық экономикадан орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. А, 1997.
17. Каменева Г.Н. Организационная деятельность биржевой торговли. М. 1998

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 тарау. ҚазаҚстан РеспубликасындаҒы
биржаныҢ жаҒдайы.
1.2 Қазақстан Республикасында биржаларды” құрылуы

2 Тарау. ТАУАРЛЫҚ БИРЖА ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
2.1 Тауарлық биржасы — тауар нарығындағы орны
2.2 Тауарлық нарықтағы тауар биржасыны” мәні
2.3 Тауар биржасының Қазақстан экономикасындағы орны

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Биржа нарықтық және нарықтық қатынастардың даму азығы сияқты ұзақ даму
жолынан өтті. Биржалық сауда нысандары бірқатар жалпы ұйымдық ерекшеліктері
бола отырып, әр кезегінде өзгеріп отырды және нарық экономикасының
қажеттіліктерінде өз үйлесімін тапты.
Ең алғашқы биржалар Еуропа елдерінде пайда болған. Олардың пайда
болуын ХVІ-ХVІІ ғғ. жатқызады, Бұл уақытта пайда болған биржалар сауданың
бастапқы шапшан өсу уақытына және капиталистік өндірістің қалыптасу
қатынастары кезегімен сипатталады.
Ең алдымен, көтерме сауда нысанындағы нақты тауар биржасы пайда болды.
Оның өзіне тән тән айрықша белгілері ретінде: сауданың белгілі жерге
бейімділігі және алдын-ала белгіленген тәртіпке бағыныштылығы болады. Бұл
аталған ерекшеліктер кейіннен пайда болған биржаларда да болды. Биржалық
операциялардың көбіне тән сипаттаушы үлгісі, қолма-қол тауармен мәміле
жасау болып табылады. Бұл кезде биржалық сауда тек экспорттар мен
импорттар, сатып алушы мен өндіруші немесе тұтынушы араларында байланыс
орнатты. Биржаларды бекіту жай жүргізілді және халықаралық сауда жүргізуші
порттармен шектелді. Өндірістік революция өнімге және шикізатқа сұранымды
ұлғайтты, сауда номенклатурасының және көлемінің ұлғаюына әкелді, тауар
сапасының біртектілігіне және жеткізілімнің жиілігіне талабын күшейті.
Биржалар біртіндеп халықаралық сауда орталықтарына айналды. XІX
ғасырда Германия, АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Ресей, Италия елдерінде
шешуші ролді мерзімін жасаган мәмілелер алатын нақгы тауар биржаларының
саны онға жетті. Нарықты монополизациялау шегіне қарай нақты тауар
биржалардың маңызы төмендеді. Содан соң тауар биржаларының мүлдем басқа
типі пайда болып, тез дамыды, яғни фьючерлік биржа қалыптасты. Қазіргі
кезде нақты тауар биржалары тек кей мемлекеттерде ғана сақталып калды.
Алғашқы кезде мұндай биржалар бұрынғы ССРО мемлекетінде, сонымен қатар
Қазақстанда да кең тараған. Олар жергілікті маңызды тауармен көтерме
сауданың бірде-бір нысаны болып табылды немесе бұл мемлекеттерге маңызды
тауарды экспорттау кезінде ұлттық мүддені қорғау үшін құрылады.
Дамыған капиталистік мемлекеттерде нақты тауар биржалары қалмады деуге
де болады. Биржалар институты биржаның нақты тауар нарығынан тауарға құқық
нарығына немесе фьючерлік биржаға айналуына байланысты халықаралық саудада
өз маңызын жоғалтпады. Қазіргі жағдайда осы фьючерлік сауда барлық сауданың
негізгі нысаны болып табылады.

1.2 Қазақстан Республикасында биржалардың құрылуы
Біртіндеп, мемлекеттік меншіктің қайта құрылу процесі, биржалық меншік
түрін де өзгертті. Биржалардың өзі мемлекеттік меншіктен пайда болып, оның
жекеге қайта құрылу процесінің катализаторына айналды. Биржалардың баға
белгілеу жарғылық капиталы бұрынғы меншік құрылымның қаржылық ресурсынан
және заңды тұлға ақша қаражатгарынан тұруына байланысты ол биржалар өз
тәуекелімен әрекет ететін және мемлекеттік органдармен басқарылмайтын
типтік нарықтың құрылымы болғандықтан мемлекеттік меншік сипатында болмады.

Биржалық қызметті реттеуде мемлекеттік ролі елеулі. Экономика жағынан
дамыған елдердің тәжірибесі мемлекет және нарықтық жүйе өзара тығыз
байланысты екендігін көрсетеді, яғни олар өзара әрекет етеді. Сонымен
қатар, нарықтық экономиканың қолайлы қызмет етуін қолдайтын құқықтық
базамен қамтамасыз ету жүктелген. Мемлекет тараппынан биржалық қызметке
бақылау — жалпы экономиканы басқару аспектілерінің бірі болып табылады.
Биржалық қызметті мемлекеттік реттеу тиым салушылық сипатта болмауы
керек. Оның негізгі мақсаты биржаның саудаға қатысушы мүшелерінің барлығын
тең құқықпен қамтамасыз ету, олардың биржалық саудаға қатысуына жағдай
жасау, барлық қызметті реттейтін бекітілген ереже, талап, тәртіптердің
сақталуын қатаң бақылау.[1]
Қазақстанда биржалық қызметті реттеудің құқықтық негіздерін өндеу
нарықтық экономикаға көшуде көмек еткен заңдар, ережелер, жарлықтар,
қаулылар негізінде базасы қалыптасып тіркелді. 1991 жылы 13 — маусымда
қабылданған Қазақ ССР-дің Тауар биржалары туралың заңы күшіне енгеннен
бастап тауарлық биржаны ұйымдастырудың құқықтық базасы пайда болды.
Сол кездерде ССРО құрамына кірген республикалар ішінен бірінші болып
Қазақстанда осы заң қабылданды. Бұл заң 3 жыл шамасында әрекет етті.
Қазақстан Республикасының 20.03.94 ж. Тауар биржалары туралың жарлығымен
күші жойылған деп танылды.[2] Оның маңызын асыра бағалау өте қиын. Еркін
нарық қатынастарын қалыптастыру және Қазақстан Республикасында биржалық
нарықты дамыту және орнату ісінде алғашқы басталуы тәжірибе жинау жағынан
да қиын. Заңда биржаның құқықтық жағдайы, мәртебесі тауарлық биржалардың
түрлері, мекеме нысаны, биржалық операция түрлері, тауарлық биржаның
негізгі басқару органдарының жұмыс регламенті туралы анықтамалар берілген.
Қысқаша айтқанда, бұл қабылданған заңды либералды деп сипатгауымызға
болады. Ол заңда тауарлық биржаларды кез келген нысанда құруға рұқсат
етілген. Биржалар ашық, жабық, әмбебап, арнайы және мамандандырылған бола
алады. Заңда биржа акционерлік қоғамның нысанында да құрылуы мүмкіндігі
айтылған, бірақ еш жерде биржаларды құрылтайшылары жеке тұлғалар болатын
жеке шағын кәсіпорын нысанында құруға тиым салынбаған. Сондай-ақ, жарғының
қор мөлшеріне де ешқандай шектеу қойылмаған. Бұл жағдай өз кезегінде
бастапқы кезенде көптеген тауарлық биржалардың құрылуына мүмкіндік туғызды.
Бастапқы сатыдағы биржалық заңдылықтардың жұмсақтығын атап өтсек, 13.06.91
ж. Қазақ ССР-нің Тауар биржалары туралың заңы бірқатар жағымсыз нәтижеге,
салдарға әкелді. Қандай да болмасын мемлекеттік бақылаудың болмауы
биржалармен жеке меншік коммерциялық қызметпен айналысуына құқық беру мәні
биржалық болып табылмайтын көтерме нарықта бақылаусыз жаңа сауда-делдалдық
құрылымдардың құрылуына әкеп соқтырды.[3]
Биржалық зандылықтардың өзгеруіне және жаңа Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) қабылдануына байланысты көптеген
тауарлық биржалар өзінің құқықтық мәртебесін өзгертті.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жаңа 07.05.95 ж.
Тауар биржалары туралың Жарлығы бойынша биржа -қызметтер көрсетуден алған
табыстары оның шығындарын өтеуге, биржа мен биржаның инфрақұрылымдық
ақпараттық-техникалық және әлеуметтік дамытуға пайдаланатын субъект.[4]
Бірақ, заңда тауар биржаларының мекемінің ұйымдық құқықтық нысанының нақты
регламенті жоқ және анықталмаған.[5]
11.06.1991 жылы қабылданған Қаз.ССР-нің Қазақ ССР-ғы қор биржасы және
бағалы қағаздардың айналымы туралы заңында бағалы қағаздардың анықтамасы
берілген, оны шығару және айналдыру тәртібі бекітілген, бағалы қағаздар
нарығының қатысушылары сипатталған. Қор биржаларының негізгі қызметтік
принциптері мен функциялары анықталған.
Бұл заң 13.06.91 ж. Қазақ ССР-інің Тауар биржалары туралы заңына
қарағанда қор биржасын акционерлік қоғам ретінде ұйымдастыру нысанын
бекітеді және жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін — 10 миллион сом деп
анықтайтындығымен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жаңа 21.04.1995
жылғы Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы Жарлығы бойынша биржаның
жарғылық қорының ең төменгі мөлшері, Қазақстан Республикасында биржаның
бекітілу уақытында 10 мың төменгі есептік көрсеткіштен төмен болмауы керек
және акционерлік қоғам нысанында қалыптасуы тиісті. Кәсіпорындар мен
коммерциялық банктерге валюталық операциялар және халықаралық есеп жүргізу
құқығын беру ішкі банкаралық валюталық нарықты құруды талап етті. Осыған
байланысты 11.06.91 ж. Қазақ ССР-інің Валюталық реттеу туралы заңы
қабылданды. Бұл заңмен валюталық ресурстарды басқару және валюталық реттеу
саласындағы республикалық мемлекеттік органдарының негізгі құзыреттері мен
функциялары анықталды, сонымен қатар, валюталық бағамдарға билік ету және
пайдалану тәртібі ең алғаш рет республикалық валюталық биржаның Қазақстан
территориясында шетел валютасының сатылу және сатылып алынуы бойынша
операция жүргізу орталығы ретінде анықтамасы берілген (14 апрель 1993 жылы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қаулысымен заң күшін жоғалтты деп
танылған).
Қазақ ССР-нің Мемлекеттік банкімен бекітілген валюталық биржа туралы
Ережесінде Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасын сату және
сатып алу бойынша операция жүргізу орталығы болып табылатын Республикалық
валюталық биржада операция жүргізу тәртібі регламенттелген. Қазақ ССР-нің
Мемлекеттік банк бөлімшесінен ол өз алдына заңды тұлғаға Қазақстандық
Валюта-Қорлық Биржаға (ҚВҚБ) айналды.
Қазіргі әрекет ететін заңға сәйкес ҚВҚБ жабық типтегі акционерлік
қоғам мәртебесіне ие. ҚВҚБ-ның негізгі мақсаты табыс табу болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының 16 мамыр 2003 жылғы ”Акционерлік қоғам” туралы
жаңа заңына сәйкес, жабық үлгідегі екі жылдың көлемінде ұйымдық- құқықтық
нысанын өзгертуі керек. Тариққа әрі қарай көз жүгіртсек, 1993 ж. 14 сәуірде
ҚР –ның Валюталық реттеу туралы жаңа заңы қабылданған болатын. Бұл заңда
валюталық қатынасқа қатысушылардың Қазақ ССР мемлекеттік банкілеріне
Қазақстандық сыртқы экономикалық банкісіне екі жақты бағынушылық және
валюталық қатынас субъектілерінің кұқықтары мен міндеттері анықталған,
Қазақстан Республикасының валюталық реттеудегі функциялары анықталған. Бұл
заңды қабылдау қажет болды, себебі Республикада валюталық нарық
субъектілерінің шеңбері кеңіді, жеке банктер құрыла бастады, сонымен қатар,
Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу үшін алғы шарттар құру
және ұлттық валютада есептесу үшін белгілі тәртіпті ұстану үшін де маңызды
болды.
Қазақстан Республикасының 24.12.1996 жылы жаңадан қабылданған
Валюталық реттеу туралы заңында валюталық реттеудің негізге алынатын
валюталық реттеу органдары, валюталық бақылау шетелдік валюталық
операцияларды жүзеге асыру негіздері, валюталық заңдылықты бұзғаны үшін
жауаптылық анықталған.
Бұл заңның 1-бабы бойынша Валюта дегеніміз — мемлекеттің заңды төлем
құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазынашылық
билеттер мен тиындар, соның ішінде бағалы металлдардан жасалған (айналымнан
алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақшалар мен айырбастауға
жататын қоса есептегенде) түріндегі, қолма-қол және аудару нысанындағы
күндарды” ресми стандарттары, сондай-ақ есеп-шаттардағы, соның ішінде
халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттар.
Қазақстан Республикасының Президентінің 20.03.94 ж. Бағалы қағаздар
нарығын қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығында Қазақстан
Республикасында бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиялар туралы Ереже
бекітілді. Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің негізгі қарастыратып
мәселелері анықталған, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесінің қарауына Бағалы қағаздардың айналымы және қор биржа туралы Заңына
жаңа жобасын енгізуді Министрлер кабинетіне 7-бабында тапсырылған. Бұл
Жарлықтың 6-тармағына сәйкес Бағалы қағаздардың айналымы мен қор биржасы
туралың 11.06.91 жылғы Қазақ ССР-нің заңының күші жойылды деп танылды.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 27.02.1992 ж. №705
Қазақстан Республикасындағы тауар биржаларының қызметі туралың қаулыда
биржаның тауар нарығын дамыту мақсатында жергілікті басқару органдарына бір
ай мерзімде өнімдер мен тауарларды ішкі республикалық жеткізілімге
шектеулер туралы шешімдерді жою нұсқауы және Қазақстан Республикасының
монополияға қарсы комитетіне тауарлық биржа қызметіне бақылау жасау және
тәжірибелік көмек көрсету мақсатында биржалық сауда бойынша, сараптамалық
кеңес құру ұсынысы жасалды.
Қазақстан Президентінің 20.03.94 жылғы Тауар биржалары туралың жарлығы
биржалық қатынастарды реттеудің жаңа (субъект ретіндегі биржа түсінігін)
мүшелеріне табыс төлеу пайда алуды мақсат етпей қоймайтын биржалық қызметті
лицензиялауды енгізу анықталды. Сонымен қатар, жарлықпен бірқатар тиым
салулар енгізілген. Мысалы:
- биржада жылжымайтын мүлікпен сауда жасауға;
- биржаға өз брокерлік фирмаларымен брокерлік кеңселерін
ұйымдастыруға;
- биржаның лауазымды тұлғаларының тәуелсіз брокерлер ретінде
қатысуына;
- биржа мүшелігіне осы және т.б. өзге биржа қызметкерлерін
қабылдауға тиым салынады.
15-бөлімде осыған байланысты келесідей делінген:
- осы немесе өзге бір тауар биржаларының қызметкерлері: егер басшы
қызметкерлері, оның ішінде олардың филиалдарының және басқа да
дараланған бөлімшелерінің басшылары осы биржаның қызметшілері
болса, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар;
- қоғамдық, діни, қайырымдылық бірлестіктер мен қорлары;
- қолданылып жүрген заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналыса
алмайтын жеке тұлғалар.
1993 және 1994 жж. дейінгі аралықга биржалық қызмет саласында бірқатар
басынушылық, нашарлық байқалды. Бірақ, үкіметтегі қолдауы биржалық нарықтың
жаңадан дамуына түрткі болды.
Үкіметтің бірқатар қаулылары арқасында тауарлық биржалар қайтадан
белсенді қызмет ете бастады. Бұған бастама болып Қазақстан Республикасы
Үкіметінің келесідей қаулылары табылды: заң күші бар Тауар биржалары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 07.04.1995 жылғы жарлығы және Бағалы
қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы
заңы. Бұларда бағалы қағаздарға байланысты қарастырылған.
Тауар биржасы туралы заңының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында
тауар биржаларын құрудың, олардың жұмыс істеуінің, биржалық сауда
жүргізудің және тауар биржалары қызметін мемлекеттік реттеудің ортақ
құқықтық негіздерін белгілеу.
Ал, бағалы қағаздар рыногына байланысты қабылданған заң- бағалы
қағаздардың шығарылуы мен айналыста болуы, бағалы қағаздар рыногі
субъектілерінің қызметін жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік
реттеу процесінде туындайтын қатынастарды реттеу.
№89 25.01.95 ж. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің
Өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерді биржалық сатуды кеңейту жөніндегі
шаралары туралың қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының тауарлық
биржасында биржалық тауарды ішкі және сыртқы нарықга сату тәртібі
бекітілген; Тауар биржаларында биржалық тауарлар тізімі бойынша мәмілелерді
тіркеу міндеттілігі енгізілген.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің №1190, 26.08.95 ж.
Экспорттық контрактыларды тіркеу тәртібін бекіту туралың қауылысмен
енгізілген тәртіп Министрлер Кабинетіні” N 1002, 20.07.95 ж. ңҚазақстан
Республикасыны” территориясында тауарды (жұмыс, қызмет) экспортгау және
импорттау тәртібі туралың қаулысына сәйкес жасалып және осы қаулы
қосымшасында көрсетілген тауарларға ғана таралады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 07.04.95 ж. Тауар биржалары
туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес Министрлер Кабинеті 28.07.95 ж. №1035
Биржалық тауардың тізбесін бекіту туралың қаулы қабылдады. Осы қаулыда тек
Қазақстанның ашық тауар биржалары арқылы ғана өткізілетін биржалық
тауарлардың тізбесі анықталған.
Бұл тауарларды экспортқа өткізумен қатар республиканың ішінде де
өткізуге де қатысты. Қазақстан Республикасының құрамындағы экономикалық
саясат бөлімінің меңгерушісі Г.Гамарник Панорама газетіне берген
комментарийінде келесідей деді: Үкіметтің бұл қаулыны қабылдауына
Қазақстанда өркениетті нарықты құру кажеттілігмен туындайды. Бұл өркениетті
нарықтың қолайлы механизмі болып, ұсыныс пен сұраным қатынастары адекватты
көрініс табатын биржалық сауда табылады.
Қор биржасы инвестор ретінде орын алуға құқығы жоқ, яғни биржалық
заңдарда орын алмаған қызметтерге қаражат салуға, бағалы қағаздар шығаруға
(өз акцияларынан басқа) құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
17.05.96 ж. №608 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамыту
Бағдарламасын бекіту туралы каулысында бағалы қағаздар нарығын дамытуда
көзделген қадамдарды жүзеге асыру бойынша 3 кезең белгіленген. Бірінші
кезең 1996 жылдың сәуірінен 1997 жылдың наурызына қарастырды. Мұнда бағалы
қағаздар нарығының заң базасын қалыптастыру, институциональдық инвесторлық
жүйесін құру, бағалы қағаздар нарығыны” инфроқұрылымын және орталық
депозитарийін кұру, бағалы кағаздар нарығында мәмілелер жасау жүйесін
калыптастыру жоспарланған. Екінші кезең, яғни 1997 жылдың сәуірінен 1998
жылдың наурызы аралығында бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттеуі,
бағалы қағаздар нарығын дамыту ақпаратты қамтамасыздығының жүйесін құру
көзделген. Және соңғы үшінші кезең 1998 жылдың сәуірінен 1998 жылдың
желтоқсаны аралығында қарастырылған. Бұл уақыт аралығында бағалы қағаздар
нарығында қызметті реттеу жүйесін толық жетілдіру бойынша және бағалы
қағаздардың отандық нарығын қаржы нарықтарының халықаралық жүйесіне
интеграциялау үшін жағдайлар мен алғышарттар жасау жөніндегі шаралар
кешенін іске асырды.
2 Тарау. ТАУАРЛЫҚ БИРЖА ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

2.1 Тауарлық биржасы — тауар нарығындағы орны
Тауарлық биржалар — тауар нарығы инфрақұрылымының орталық буыны:
тауарларды үлгілермен стандарт бойынша алдын-ала биржалық сарап негізінде
сатып алу, сату жөнінде көтерме сауда мәмілесі жүзеге асырылатын мекеме.
Тауарлық биржа қызметінің негізгі мазмұны - әрқашан әрекет ететін
тауралық нарықтық ұйымы және биржалық саудаға қатысушыларға ұйымдық және
делдалдық қызмет көрсету болып табылады. Биржа занды тұлға құқығындағы
ұйымдар сияқгы сату және сатып алу мәмілесінде тарап ретінде бола алмайды,
яғни сауда делдалдық қызметті жүзеге асырмайды. Барлық тауарлық нарық
мемлекетгі” экономикалық және саяси даму ерекшеліктеріне байланысты
бірқатар өзіне тән ерекше белгілері бар. Нарықтық экономикасы дамыған
елдердегі тауарлық нарық дамыған өркениетті елдерге тән өндірістің жоғарғы
ғылыми-техникалық деңгейімен ажыратылады.
Жекелеп алынған елдердің тауарлық нарығының ерекшелігі, өнеркәсіптік
және ауылшаруашылық өндірістің даму деңгейімен, тауарлық нарықтың салалық
сипатын анықтайтын нарықта көрсетілген тауарлар түрлерін үлес салмағымен
анықталады. Әр жеке тауар нарығына негізінен тікелей тауар өндірушілер жеке
және ұжымдық инвесторлар, сатып алушы-делдалдар, сатушы-экспортерлар больш
табылатын белгілі функцияларды орындаушы қатысушылардың үлкен маңызы бар,
Қазақстан Республикасында басқа салаларға қарағанда, ауылшаруашылық
экспортгау нарығы кең дамыған. Мұның дамуы үшін Үкімет тарапынан көптеген
бірқатар шаралар қолданылған, жекелегенде ауылшаруашылық тауар
өндірушілерге тауар биржалары арқылы өз өнімдерін экспортқа еркін сату үшін
барлық шектеулерді альш тастауды айтуымызға болады. Біздің елімізде үлкен
мөлшерде астық экспортталады, сонымен қатар соңғы кезде бір жылда 6-8 млн.
тонна көлемін құрайтын бидай экспортталады.

2.2 Тауарлық нарықтағы тауар биржасының№ мәні
Тауарлық нарық үшін сонымен қатар, нарықтың географиясы деген ұғымның
үлкен маңыздылығы бар, яғни бір немесе бірнеше пункттарда берілген
тауарларды сатуды шоғырландыру, бүгінгі бәсекелестік қазіргі кездегі
технологияны қолданудың, пайдаланудың жаңа мүмкіндіктері, сауданың дәстүрлі
орталығының ролін төмендетеді. Бірақ осы уақытқа дейін, мысалы, түсті
металлдармен сауда - Лондондық металл биржасына, астықпен сауда - Чикаго
Борд оф Трейд биржасына бейімделді. Биржада не сатуға боладының, яғни
биржалық тауар туралы кез келген биржа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы биржаның жағдайы
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі ретінде
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Валюталық биржа
Қазақстан Республикасының қор нарығының даму ерекшеліктері
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Ресей және Қазақстан Республикасындағы қаржылық тәуекелдерді сақтандыру ерекшеліктері
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қалыптасуы
Пәндер