Талдықорған облысының ландшафтық, геоэкологиялық жағдайлары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫҚ, ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Дипломдық жұмысының негізі: Талдықорған облысы территориясының табиғи жағдайлары, ландгиафтарының түзілу жолдары мен олардың құрылымы, халық шаруашылығындағы орны мен экологиялық жағдайларының өзгерістері баяндалады. Бұл жұмыстағы көтерілген мәселелер нанымды факторлармен дәлелденіп тұжырымдалған.
Диплом жұмысы 4 тараудан, 4-кестеден, 3-суреттен және 79 беттен тұрады.
Қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен пайдалану арқылы өндіретін өнімнің өзіндік құнын кемітіп алып жүреміз. Ландшафтарды халық шаруашылығында пайдалану үшін, алдымен экономикалық баға берілуі тиіс.
Облыста жерді, суды дұрыс пайдаланбағандықтан экологиялық зардаптарға шектіріп отыр. Сондай-ақ облыста өнеркәсіптікөндіріске қала салуға жарамды жерлер мен рекрациялық обътектілерді пайдаланғанда ландшафты зат алмасу процесінің нәтижесінде жиналған шаруашылықтың қалдықтарын кәдеге жаратып, оның зиянды әсеріне қарсы экологиялық табиғатының азғындағанын сипаттаған. Бұл жұмыстың ерекшелігі өзінің өндірістік практика кезінде облыстағы әрбір аудандардың экологиялық жағдайлармен танысып, оларды қорыта келе экологиялық карта-схема жасауы. Өз жұмысын қорыта келе облыстағы экономикалық еркін аймақ құрудағы негізгі мақсаттарды қамтыған. Жалпы дипломдық жұмыс заман талабына сай жазылған деп, есептеп «жоғары»бағамен бағалауға болады.
Экономика және
әлеуметтік география
кафедрасының доценті
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ЛАНДШАФТЫҢ ТҮЗІЛУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖОЛДАРЫ
1. 1. Географиялық орны, шекарасы
1. 2. Ландшафт түзуші факторлар
1. 2. 1. Тектоника
1. 2. 2. Геология
1. 2. 3. Климат
1. 2. 4. Ішкі сулары
1. 2. 5. Топырағы
ІІ. ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ЛАНДШАФТТАРДЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ БІРІЛІКТЕР ЖҮЙЕСІ
2. 1. Таулы аймақтар ландшафтысы
2. 2. Жазық жерлер ландшафтысы
ІІІ. ОБЛЫС ТЕРРИТОРИЯСЫ ЛАНДШАФТЫҢ ХАЛЫҚ ШАРАУШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ОРНЫ
ІҮ. ОБЛЫС ТЕРРИТОРИЯСЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫҚ, ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ӨЗГЕРІСТЕРІ.
ІҮ. 1. Ауаның ластануы
ІҮ. 2 Жер экологиясы
ІҮ. 3. Су ресустарының экологиясы
ІҮ. 4. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысы «Талдықорған облысысының ландшафтық, геологиялық жағдайлары» деген тақырыпта жазылған. Талдықорған облысы территориясының табиғи жағдайлары ландшафтарының түзілу жолдары, құрылымы олардың халық шаруашылығындағы орны, экологиялық жағдайларының өзгерістері баяндалады. Диплом жұмысындағы көтерілген мәселелер нанымдағы ғылыми факторлармен дәлелденіп мақасаты: Талдықорған обылысының ландшафтық геоэкологиялық жағдайларына байланысты жазылған. Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен 4 тараудан, 4- кестеден, 3- суреттен, қорытынды бөлімене және 79 беттен тұрады. Пайдаланылғын әдебиеттер саны 20. Қорытынды сөздер: экология, топырақ, жер бедері, геолоия, тектоника, эрозия, мелиорация, атмосфеғра, ландшафт, фауна, флора.
КІРІСПЕ
Жетісу өңірі бұрынан зерттеушілерді қызықтырған. Табиғаты ерекше аймақ. Оңтүстігін және оңтүстік - шығысын биік таулар көмкеріп, жазық жерлері құммен ұласқан, терриоторияның табиғат жағдайы ерекше. Менің тақырыпты таңдап алғандағы мақсатым облысты толық географиялық жағынан меңгеру, яғни оның табиғатын, табиғат ресустарын толығымен анықтау. Қазіргі таңда экология Қазақстанның барлық обылыстарында көтерілуде. Сол сияқты Талдықорған облысының да ландшафтық- экологиялық табиғатының азғындағанын көруге болады. Табиғаттың әсем көріністерінің құрып жойылуына, атмосфера, гидросфераның ластануына, адам әрекеті зор. Сол себепті облыстың ландшафтық, экологиялық жағдайымен танысып, толығымен зерттеу.
Жетісу жері ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің назарынан тыс қалып келді. ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында Жетісу өңірін физикалық-географиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу қолға алынды.
А. Ф. Голубев экспедияциясы Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань аралығындағы кейбір географиялық пункттерді анықтауды мақсат етіп қойды зерттеді.
1877 жылы Ор ыс археологы және зоологы И. С. Поляков Жоңғар Алатауының сілемдерін - Ала көл және Балқаш көлін зерттеді. Саяхатшы Ала көл - Балқаш бассейінімен балықтар мен бауырмен жоғарлаушылардың көп түрлерін жинап, бұл екі көлдің ертеректегі геологиялық уақытта тұтас бір су бассейіні болғанын, ал бертін келе екі дербес су қоймасына бөлініп, жылдан- жылға олардың аумағының кішірейіп келе жатқандығын анықтады. [1] .
А. И. Никольский он жылдан аса жүргізген бақылауында Балқаш- Алакөл бассейінің төңірегіндегі барған сайын жауын-шашын азайып, құрғақшылық белең алып келе жатқандығын айқындауға мүмкіндік берді.
П. П. Семенов Жоңғар Алатауында болып Лепсі, Ақсу, Басқан, Қаратал, Бүйен, Көксу және басқа өзендерді сипаттап жазды. Ол Қапал мен Арасан маңындағы Жоңғар Алатауына шықты, Қажу тауына, Алакөлге сапар шекті. Әрқашан сәл- пәл мұнартып тұратын Қажу жотасынан ол мүсәтір мен күкірт тауып, өте мол тас көмір қабаттарының жер астында жанып жатқанын мәлімдеді. Бірақ П. П. Семенов бұл жерлерге жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізгенжоқ.
1902-1904 жылдары В. В. Сапожниковтың зерттеуі маңызы болды. Ол Баян көл өзенінің алқабы арқылы Жаркент қаласына барды. Одан шекарадағы Қорғас өзеніңі алқабына өтіп, Көаксу өзенінің аңғары арқылы Қапалға шықты экспедиция жаса й Қора, Ақсу, Биен өзендерінің және олардың мұздықтарында болды. [2] .
Сондай-ақ, Жетісу өңіріне Ш. Уәлиханов, Н. А. Северцов, В. Н. Обру че в тағы басқа зерттеушілер саяхат жасады.
- ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНДА ЛАНДШАФТЫҢ ТҮЗІЛУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖОЛДАРЫ. Географиялық орны, шекарасы.
Талдықорған облысы Қазақстанның оңтүстік - шығысында орналасқан. Солтүстіктен- оңтүстікке дейін 375 км, батыстан- шығысқа дейін 480 км, созылып жатыр.
Солтүстігінде Балқаш бойының шөлді даласы созылып, оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында Жоңғар Алатауының жоталары көмерген, шығысында Балқаш- Алакөл ойпаты орнласқан. Территория оңтүстік және оңтүстік - батысында Алматы облысымен, солтүстігінде, солтүстік- шығыснда Семей облысымен шектеседі. [3]
Әкімшілік жағынан 12 ауданға, 6 қала, 10 қала типтес коселкаға бөлінеді.
І. 2. Ландшафт түзуші факторлар.
I. 2. 1. Тектоника.
Полеозой эрасына дейін территорияда геосинклинальды зона болады. Кембрий мен төменгі силур кезеңінде ұсақ көлдер пайда болды. Жоғарғы силурда көлдің көлемі ұлғайып, девонның бас кезінде Жоңғар Алатауының біраз бөлігін, карбонда түгелімен теңіз суы басты. Герцин қатпарлығында Жоңғар Алатауы көтеріліп, кермеде интенсивті вулкандық атқылаулар болды. Коледон мен герцин қатпарлығында көтерілген тау, мезозой эрасының басында кененленденді. Триас кезеңінде территорияда сулартартылады. Юра мен Бор кезеңдерінде территорияда аса көп өзгерістер болмады. Мезозой эрасында территория құрғақ тегіс жазық аймаққа айналды.
Кайназой эрасында қазіргі рельеф қалыптаса бастады. Жалпы территорияның бүгінгі ландшафтық-климаттық ерекшеліктері басым болды.
Полеоген кезеңінде тектоникалық қозғалыс өте баяу болды.
Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болғанмен, рельеф сиптында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Жоңғар Алатауында осы кезде әлсіз көтерілулер мен төмен түсулер байқалады. Неогеннің екінші жартысында тау массивтері қарқынды көтеріледі. Тау бөктерлері төмен түсіп, тау аралық ойпаттар пайда болды. Қарқынды көтерілу мен төмендеу нәтижесінде жер қыртысында жарылыстар болды, бұған Жоңғар Алатауының баспалдақты құрылымдары мысал бола алады.
Неогеннің аяғында таулы массив биіктеп, Жоңғар Алатауында барлық бағытта арналар қалыптасты. Төрттік дәуірде тау көтеріліп жаңпарлы-қатпарлы таулы өлке қалыптасты. [4]
І. 2. 2. Геология
Талдықорған облысы территориясын төменгі протрезий мен полезой жыныстары Жоңғар Алатауында кездеседі. Олар: ізбес тастар, құм тастар, сазды тақта тастар. Кембрий дәуірі кезінде территорияны таулы аймақтарды тайыз теңіз суы басты. Силур дәуіріндегі Жоңғар - Балқаш геосинклиналы тайыз сулы теңіздің шөгінділерімен, кейін қызыл түкті молассамен, азын-аулақ риф әк тастарымен толды.
Девон кезеңінің басы теңіз алаптарының мейлінше кішіреюімен сипатталады. Теңіздің эвгеосинклинальдық режим Жоңғар-Балқаш жүйелерінде сақталды. Жоңғар-Балқаш геосинклиналында бүкіл девон ішінде және төменгі карбонның ортасына дейін кесекті жыныстардың аса қалың (10 км) қат-қабатты қалыптасты.
Төменгі және ортаңғы карбонның негіздік шөгінділері Жоңғар-Алакөл сияқты жіңішке ойпандарда ғана оқшауланды.
Пермьде Жоңғар - Балқаш аймағындағы жоғарғы полезойдың вулкандық-плутондық формацияларымен туынды кварциттер деп аталатын метасоматикалық түзілімдер байланысқан. Бұл жыныстардан полиметалл кендері орын алады.
Триас, юра кезеңдерінде негізінен үгілу қыртысы түзілген денудация процестері басым болды.
Бор және палеоген кезеңдерінде Қазақстанның шығыс бөлігінің көпшілік жері континенттік массив болған Балқаш-Алакөл ойыстары мен бөлінді.
Ноегенде тау алды және тау аралық аудандарда ірі кесекті, құмды-малта тасты, сазды-мергельді неоген жыныстарынан тұрды.
Плиоценнің ақырында және антропогеннің басында тау бөктерінің ысырынды конустарының шөгінділерінен лесс тәрізді саздақтардан құралды. Көлдерінде сульфат, сода, тас тұзы доламиттер тұнған. /5/
Пайдалы қазбалары
Территорияда қорғасын, мырыш (Оңтүстік Жоңғар полиметалл белдеуі, Текелі полиметалл кені), тас көмір, жанғыш тақта тас, вольфрам, молибден рудалары, аллюминий шикізаттары, ас тұзы, бетонитті саз балшық т. б. кездеседі.
І. 2. 3. Климат
Климат құрушы факторларға төсеніш беті, атмосфералық циркуляция және күн радиациясы жатады.
Облыстың климаты шұғыл континентальды. Мұндай жағдай географиялық орнымен анықталады. Материктің ортасында орналасуы, мұхиттардан мыңдаған км қашықта жатады.
Күн сәулесінің түсу ұзақтығы жазық бөлігінде 2890 сағат, таулы 2689 сағат, бұл биіктік белдеулікке байланысты.
Жаз айларында континеттік, тропиктік (туран) ауа массасы, қыста арктикалық және полярлық ауа массасы әсерін тигізеді.
Қысы қоңыра жай салқын қаңтар айының орташа температурасы - 8-10 0 С, Лепсі Қазан - шұңқырында қаңтар айының температурасы 19 0 С. Шілде айының орташа температурасы +25 -27 0 С. Лепсі-Қазан шұңқырында +17 0 С. Жауын-шашын жазық өңірде 110-250 мм, тау бөктерінде 400-500 мм, биік таулы аудандарда 800-900 мм.
Вегентациялық маусымның ұзақтығы тау алдымен жазықта 210-250 тәулік. Қар жамылғысының қалыңдығы және жату ұзақтығы жазық өңірде қардың қалыңдығы 10-20 м. Жату ұзақтығы - 140 күн. Таулы бөлігінде Жоңғар Алатауының етегінде қар жамылғысы 100-150 км. Е. Е. Өтемағанбетовтың климаттық аудандастыруы бойынша, облыстың жазық территориясы полярлықтан субторпиктік клитматқа, өтпелі климат және таулы бөлігі Жоңғар климаты, облысы таулы Сібірден, Түркістан климатына өтпелі климат тән. /3/
Агроклиматтық аудандастыру бойынша төртке бөлеміз:
1. Өте құрғақ ГТК=0, 2 - 0, 3
2. Құрғақ ГТК = 0, 3-0, 5
3. Өте құрғақ тауалды ГТК = 0, 5-0, 7
4. Жоңғар алатауының таулы облысы ГТК >0, 7.
Талдықорған облысын физикалық - географиялық аудандастыру бойынша: Тұран жазығы өлкесі, шөл облысы Балқаш маңы - Алакөл провинциясына бөлеміз. /6/
І. 2. 4. Ішкі сулары
Мұздықтар
Қазақстанның биік тауларында мұздықтардың таралуы әр түрлі. Территорияда мұздықтар Жоңғар алатауының биік шыңдарында кездеседі.
Жоңғар Алатауындағы мұздықтардың саны - 136, 9. Қазіргі мұз басу ауданы - 813, 9 км 2 . Морена астындағы мұздану ауданы - 186, 1 км 2 . Мұздықтардың көлемі - 45, 9 км 3 . Жоңғар алатауының кіші басқан өзен алабындағы Шумеки мұзы, ірі мұздардың қатарына кіреді. /4/ Бұл мұздық жете зерттелмеген.
Өзен торы
Талдықорған облысы өзендері Евразияның тұйық бассейн облысы, соның ішінде Балқаш көлі бассейніне жатқызылады. Басты өзендер: Ақсу, Қаратал, Лепсі, Текелі, Көксу т. б. өзендер таулардан басталып, территорияның жазық аймағымен ағып, Балқаш, Алакөл, Сасықкөл көлдеріне құяды. /7/
Өзендердің орташа көпжылдық ағынын зерттегенде, мынандай қорытында берді.
Кесте 1
судың жеткілік
тілігі 97%
орташа
жылдық
судың жеткілік
тілгі 97%
Көлдері
Облыс территориясының 0, 86% көлдер алып жатыр.
Талдықорған облысында 1450 көл бар, олардың ішінде көлемі 1 га-дан жоғарылары 1023 км 3 жерді алып жатыр. Көлемі 100 гектардан жоғары 18 көл кездеседі. Олардың көлемі 956 км 2 , ал суының көлемі - 3, 36 млрд текше метр.
Облыс территориясында ауданы 1 км 2 аз 1432 көл кездеседі.
Осы көлдердің ішіндегі ең ірі көлдері: Алакөл, Сасықкөл, Ұялы және Балқаш көлінің шығысы кіреді. /8/
Алакөл - Талдықорған, Семей облыстарының шекарасында жатыр.
Көл ағынсыз, солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Теңіз деңгейінен 347, 3 метр биікте жатыр. Көлдің көлемі аралдарымен қоса есептегенде 2696 шаршы км. Ұзындығы 104 км, ені 52 км. Жағалауының ұзындығы 384 км. Орташа тереңдігі 22, 1 м (ең терең жері 54 м) . Су қоры 58, 56 млрд текше метр. Судың жиналатын алабы 47859 км 2 . Алакөл түбінің рельфі әр түрлі, көптеген аралдар, шығанақтар кездеседі. Көл жағалаулары төоттік дәуірдегі әр түрлі топырақтан, балшық, құмды топырақтан және құмтастардан, ал солтүстік-шығыс жағалауы күлді құмнан құралған. Бірнеше өзен құяды, жер асты суының да елеулі әсері бар. Минералдану дәрежесі 1, 2-11, 6 г/кг аралығында жылдық орташа минералдануы 6, 39-7, 42 кг/г. Суы сілтілі (20-30 мг экв/л), фтор және бромнан басқа микроэлементтер түрі аз кездеседі.
Планктоны: Фитопланктоны 58 балдырдың түрі бар, 300 планктонның 80 түрі кездеседі.
Бентосы: Су өсімдіктері көлдің солтүстік және солтүстік-шығысындағы таяз, өзендердің құяр жерінде өседі. Негізгі өсімдіктері: қамыс, шалғын шөптер, қоға, жебе жапырақ, мүйіз жапырақ және т. б. өседі.
Нектоны: Көлде 8 түрлі балық кездеседі. Бұлардан ауланатыны: сазан, көксерке, ала - бұға, шармат. Көлден 2500 тонна балық ауланады. /7/
Ірі көлдердің морфологиялық сипаттамасы
Кесте 2
І. 2. 5. Топырақ
Жазық жер топырағы
1. Сұр қоңыр топырақ - шөл зонасындағы жусанды - баялышты өсімдік жамылғысы астында қалыптасқан зоналық типіне жатады. Беткі қабаты қалыңдығы 3-5 см-лік кезекті қабыршақтан, оның астында қалыңдығы 5-7 см-лік қабатты горизонттан, одан төменірек карбонатты дақтары бар тығыздалған қабаттан тұрады. Гипстің және оңай еритін тұздардың бөлінуі 40-50 см тереңдікте байқалады. Қоңыр топырақтан айырмашылығы карбонаттарының максимум мөлшері ең жоғары қабатқа келеді. Гумустылығы 1-1, 2%-тен артпайды. Сұр қоңыр топырақ зонасы ылғалға тапшы келеді.
2. Тақыр тектес топырақ құрғақ алювийлрік жазықтарда дамыған Гуммустылығы 1% кем, карбонаттылығы жоғары қабаттан байқалады.
Тақыр тектес топырақ шөлдің жайылымға пайдалануға жарамды жерінің құрамына енеді, сондай-ақ суармалы жердің келешекте игеруге жарайтын резерві.
3. Құм және құмды топырақ
Топырақ құралу процесі тым баяу жүреді. Өсімдік жамылғысының таралу ерекшелігіне қарай бекілген және әлсіз бекілген түрлері болады. Тұрақты өсімдік жамылғысы бар құмды топырақтың генетикалық горизонттары нашар ажыратылады. Топырақтың бұл түрлерінің гуммустылығы төмен (0, 5%) карбонатты, сорсыз келеді, ылғалды тез сіңіріп, бойымда ұзақ сақтайды. Соған байланысты саздақ және саз топыраққа қарағанда өсімдік түрлеріне өте бай. Мұнда сүректі бұталар (сексеуіл, қылша) көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер өседі. Мал жайылымдық аудан. /9/
Таулы өңір топырағы
Жоңғар Алатауында кездесетін топырақ типтері
Сұр қоңыр топырақ, таулы белдеулеріндегі вертикальдық зоналық сипатты бар табиғи жағдайларда қалыптасады. Мөлшері 1-3, 5%-ке дейін ауытқып отырады. Абсолюттік биіктігі артқан сайын, топырақтың гуммустылығы мен тұщылығы артады. Осы аталған белгілерге қарай сұр топырақ бірнешеге бөлінеді.
Жоңғар Алатауында кездесетін сұр топырақтың түрлері:
- Карбонаттылығы шамалы бозғылт сұр топырақ.
Тау алды жазықтарының теңіз деңгейінен бастап 200-350 биіктік аралығындағы шағын өңірді қамтиды. 170-300 мм жылдық атмосфералық жауын-шашын түсетін аймақтарда қалыптасады. А горизонты бозғылт сұр түсті. Гуммустылығы 1, 0%-1, 5%. Бозғылт сұр топырақты аймақ суармалы егіншілікке пайдаланады.
- Карбонаттылығы шамалы кәдімгі сұр топырақ.
Тау бөктерінің 650 м биіктігінде, жылдық жауын-шашын мөлшері 250-400 мм белдеуде қалыптасады. Табиғи өсімдіктерінен жусан, ебілек, өлеу шөп және көде өседі. Мөлшері 1-2%-тен аспайды. Карбонаттар аз кездеседі. Негізінен тәлімі және суармалы егіншілікке пайдаланылады.
- Таудың күңгірт қызыл қоңыр топырағы.
Жоңғар Алатауының орталық бөлігінде ысырынды конус бойымен 800 м биіктікке дейін төмендейді. Гуммусты горизонттың қалыңдығы 45-50 см, гуммустылығы 3, 5%-ке, кейде 6%-ке дейін жетеді. Топырақтың құнарлығы тым жоғары болуына байланысты бұл белдеуде негізінен суармалы және тәлімді егіншілік дамыған.
- Таудың қара топырағы.
Аласа таулы далалық белдеудің жоғарғы бөлігінде (1000-2000 м биіктік аралығында, кей жерде субальпі зонасына дейін жетеді) базды, әр түрлі шөпті және бұталы өсімдік жамылғылары астында қалыптасады. Қара және қара топырақ текті топырақ түрлері Жоңғар Алатауының тау бөктерлерінде кеңірек тараған. Гуммусты горизонты тым қалың (50-70 см) гуммустылығы 6-8% топырақ құрылымы ұсақ түйірлі не түйірлі-кесекті, карбонаттарының қойнауы 50-60 см-лік тереңдікте байқалады, реакциясы бейтарапталған.
Егіншілік пен жайылымға пайдаланылады.
- Таудың сұр орман топырағы.
Биіктігі орташа таулық шалғындық-орманды белдеуде қалыптасқан.
Негізінен жалпақ жапырақты орман астында қалыптасқан.
Гуммусты горизонттың жұқалығвна қарамастан (40-50 см) гумус мөлшері тым жоғары (16%-ке дейін) жабайы жеміс ағаштарынан тұратын ормандардың шаруашылық маңызы зор.
Көктеректі орман су топырақтың табиғи қалпын сақталуына септігін тигізеді.
- Таудың күңгірт орманды топырағы.
Жалпақ жапырақты түрлер араласқан қылқан жапырақты орман және шөптесін өсімдіктер астында қалыптасқан. Гуммустылығы 3-6%.
- Таудың шалғындық субальпі топырағы.
Жоңғар Алатауында 1600-2800 м биіктік аралығындағы субальпі шалғыны астында қалыптасқан. Гуммусты горизонт қалың (20-80 см) . Барлық қабатының ылғалдылығы жоғары реакциясы әлсіз қышқылды. Гуммустылығы жоғары қабаттарда 12-13%. Гумусы төмен қабаттарда 7-8%.
- Тау щалғындық альпі топырағы Жоңғар Алатауының 1800-3500 биіктік аралығындағы кобрезия басымырақ өсетін альпі шалғыны астында қалыптасқан. Гуммусты горизонты тау шалғындық субальпі топырағына қарағанда жұқарақ (35-5 см-ге дейін) . Гуммустылығы 10-14% реакциясы қышқылды. /10/
ІІ. ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ЛАНДШАФТТАРДЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР ЖҮЙЕСІ
Ландщафттардың таксономиялық бірліктері жер бетіндегі табиғи территориялық комплекстерді физикалық-географиялық аудандарға топтастыру немесе бөлшектеу нәтиждесінде жүйелестіріледі. Физикалық - географиялық аудандастыру деп әр өңірдің өзіндік табиғи жағдайының ерекшеліктері ескеріліп, жер бетін жеке аймақтарға және олардың бөліктеріне бөлуді айтады. Физикалық-географиялық аудандастыру процесінде әр түрлі сатыдағы ландшафт бірліктері жоғарыдан төмен қарай да, төменнен жоғары қарай да жүйелестіріледі. Басқаша айтқанда ландшафттардың әрбір ірі бөліктеріне зоналық және азоналық факторлар әсер етеді, бұлардың физикалық-географиялық бөлшектелу заңдылықтары физикалық-географиялық аудандастырудың негізі болып табылады. Бөлшектеу мен топтастырушы процестер төменгі сатыдағы ландшафт бірліуктерінде қарқынды дамиды да, іріленген сайын әлсірей түседі. Сондықтан физикалық-географиялық ауданхдардың көп сатылы жүйесі қолданылады. Яғни физикалық-географиялық аймақтар жеке шағын бөліктерге бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz