«АТФБанк» АҚ


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны:
Бет.
Мазмұны: Кіріспе
2
Мазмұны: 1. «АТФ» АҚ жалпы сипаттамасы.
3
Мазмұны: 1. 1 «АТФ» АҚ-ның қалыптасуы және құрылу тарихы
3
Мазмұны: 1. 2 «АТФБанк» АҚ-ның басқарудың ұйымдастыру құрылымы
7
Мазмұны: 2. «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қызметтерін ұйымдастыру
11
Мазмұны: 2. 1. Банктің несие қызметін талдау
11
Мазмұны: 2. 2. Депозит саясатын талдау
22
Мазмұны: 3. «АТФБанк» АҚ жалпы қаржылық жағдайын талдау
29
Мазмұны: 3. 1. Банктің актив және пассив бөлімін талдау
29
Мазмұны: 3. 2 Несие қызметін талдау
32
Мазмұны: 3. 3. Банктің кіріс және шығыс бөлімін талдау
33
Мазмұны: 4. «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қызметтерін жетілдіру жағдайын жақсарту бойынша шаралар енгізу
36
Мазмұны:
Мазмұны: Қорытынды
39
Мазмұны:
Мазмұны: Қолданылыған әдебиеттер тізімі
41


АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Өндірістік тәжірибесін өту туралы

ЕСЕП БЕРУ

(«АТФБанк»АҚ -ның материалдары негізінде)

«050506-Экономика» мамандығы

Орындаған:

4 курс, 06-05 тобының студенті

(студент қолы)

Серікбаев Б. Б
Орындаған:4 курс, 06-05 тобының студенті: Кафедрадан тәжірибе жетекшісі
(студент қолы):

(жетекшінің қолы)

Серікбаев Б. Б: э. ғ. д., професор Сейфуллин Ж. Т
Орындаған:4 курс, 06-05 тобының студенті: Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі
(студент қолы):

(жетекшінің қолы)

Серікбаев Б. Б: Шалатаев Е. А

Алматы, 2010

Кіріспе

Елімізде нарықтық экономикалық реформаның жаңадан ашылған алғашқы деңгейдегі банктер. Өте маңызды жағдайда біздің елімізде банктердің биікке дамуы және үлкен нәтижеге жетуі басқа да несие институттары оның тәжірибелік ретінде тарауы жетілдірілген. Қазақстанда тәжірибелік ретінде шешілу мақсаты ол білімділікте және де шетелдік банктермен бірге тәжірибелік жұмыстар жүргізіле бастағаны. Соңғы жылдары банктің дамуы қаржы және капитал жағынан өте жоғары нығаюда. Оның себебі ол банктің ресурстары және елге несие беру жағынан, сонымен ақша салымы және ақша аудару арқылы жоғары деңгейге көтерілді. Банктік операциялық жұмыстары ол клиенттермен көп жұмыс істеп ақша аудару жағынан тағыда басқа шетелмен де қарым - қатынас жасайды. Барлығына белгілі, коммерциялық банктер әрқайсысы өздерін жоғары деңгейде екенін көрсетіп банктер арасында бәсекелестік болады, сол үшін әр банк өзінің сондай маңызды жұмыс істей алатындығын көрсетеді. Бәсекелестік ол клиенттер алдында өте маңызды жағдай, себебі банк қызметкерлері клиенттер алдында өте зор үлесін қосып мінездеме бере алады. Банктің мақсаты ол елдің алдында өзіндік құнын жоғалтпай жұмыс деңгейі жоғары екенін білдіреді.

Менің өндірістік тәжірибе өткен жерім «АТФБанк» Акцинерлік Қоғамы. Осы төмендегі ұсынылған өндірістік тәжірибеде «АТФ Банкі» АҚ-ның бүгінгі күннің ҚР-ның қаржы жүйедегі орнын көрсетуге, ұйымдастыру құрылымын ашып 2008-2009 жылғы банк қызметін талдай отырып және осы талдау негізінде банк қызметінің тиімділігін жақсарту үшін тәжірибелік кепілдемелер ұсынылған мақсаттар бар.

Қандай да бір қаржылық институттың мақсаты- пайда табу, сонымен қатар ол экономикалық талдаудың ең негізгі объектісі. Пайда нарықтық экономика қатынастарының жалпы құндылық жүйесінде маңызды орынға ие және экономикалық механизм қоғамдық өндірісті басқарудың негізгі элементі болып есептеледі. Бұл құндылық форманың көмегімен экономиканың барлық кәсіпорындарының қызметі бағаланады. Пайданың экономикалық табиғатының дұрыс түсінігі экономикада бұл категорияның тәжірибелік қолданылуының механизмінің жақсаруына негіз болып келеді.

Қаржылық мекеменің қаржылық жағдайын анықтаудың маңызы - оның уақытылы және сапалы қаржылық шаруашылық қызметін талдауында. Қазақстандағы банк саласының жағдайын дұрыс бағалау арқылы және оның ары қарай дамуын болжау арқылы банк меңгерушісі жұмыстың бөлшектелінген бағытын ең басымды дамудың бағыты деп жариялады. Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты - зерттеу объектісінің болашақ талдауына қажетті мәліметтерді жинау, пайданы қалыптастыру мен бөлуде теориялық және тәжірибелік дағдыларды алу, пайдаға әсер ететін факторларды табу, банктің ақша табысы және қаржылық - шаруашылық қызметі нәтижесін зерттеу, банктің құқықтық- ұйымдастыру нысанымен танысу болып келеді.

1 «АТФ» АҚ - ның жалпы сипаттамасы

1. 1 «АТФ» АҚ-ның қалыптасуы және құрылу тарихы

1995жыл

  • маусымда «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ болып тіркелді.
  • қарашада «Алматы сауда-қаржы банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей, ұлттық және шетел валютасында операцияларды жүргізуге ҚР ҰБ-нің № 59 басты лицензиясын алды;

1996жыл

  • қарашада - Visa, EuroCard MasterCard, DinersClub, JCB, American Express- қызмет көрсетуде.

1997жыл

  • ақпанда «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Қарағанды қаласында филиал ашылуы; наурызда Атырау облысы, Көлсары елді мекенінде «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның есеп айырысу бөлімінің ашылуы; мамырда ҚР ҰБ-мен «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ халықаралық стандарт бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына қосылуы; қазанда «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Өскемен қаласында филиалы ашылуы;

1998жыл

  • қаңтарда «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Шымкент қаласында филиалы ашылуы; сәуірде «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Қостанай қаласында филиалы ашылуы; мамырда «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Алматы қаласында есеп айырысу бөлімінің ашылуы; маусымда «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Астана қаласында филиалы ашылуы; шілдеде «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ы Европалық Реконструкция және Даму Банкімен бірігіп шағын және орта бизнесті несиелендіре бастады; тамызда «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Атырау қаласында филиалы ашылуы; қарашада өз логотиптерімен, салмағы 10-20 гр. алтын құймалар алғашқы рет Қазақстанда шығарыла бастады; желтоқсанда ЕҚБД-мен ынтымақтастық шеңберінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарын несиелеуде және Германия несие желісінің (KFM) қаржы операторы ретінде жұмысын бастады.

1999жыл

  • наурызда өз логотиптерімен халықаралық төлем карточкаларын: VISA-Classic, VISA-Gold, VISA-Business карточкаларының шығарылуы; мамырда «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Павлодар қаласында филиалы ашылуы; шілдеде «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Тараз қаласында есеп айырысу бөлімінің ашылуы; қыркүйекте Wester Union (АҚШ) компаниясының құрамына кіретін 170 мемлекетте банктік шот ашпай, жеке тұлғалардың ұсынысы бойынша жылдам ақша аударымдары жүргізіле бастады; желтоқсанда Visa және Altyn халықаралық карточкаларын өз логотипімен шығара бастады; «АТФ Полис» сақтандыру компаниясы құрылды.

2000жыл

  • шілдеде «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ-ның Алматы қаласында филиалдарының ашылуы; қазанда 5 млн АҚШ доллар көлеміндегі алғашқы шығарылған атаулы купондық облигациялар орналастырылды; «АТФ Лизинг» лизингтік компаниясы құрылды.

2001жыл

  • наурызда қоғам түрі өзгеріп, «Алматы сауда-қаржы банкі» Ашық Акционерлік Қоғамға айналды; сәуірде «Алматы сауда-қаржы банкі» ААҚ-ның Тараз қаласындағы есеп айырысу бөлімінің филиалға айналуы; мамырда «Алматы сауда-қаржы банкі» ААҚ-ның Ақсай қаласында (Батыс Қазақстан облысы) филиалы ашылуы; маусымда 400 млн. Теңге алтыншы эмиссияның артықшылығы бар акцияның орналасуы; тамызда Алматы қаласында №2 есеп айырысу бөлімінің ашылуы; қыркүйекте 20 млн АҚШ доллары мөлшерінде синдикатталған қарыз тартылды; қыркүйекте «Казпромбанк» АҚ-ның «Алматы сауда-қаржы банкі» ААҚ- на қосылуының мемлекеттік тіркеуден өтуі; қазанда 5 млн АҚШ доллары көлемінде 2000 жылы қазанда шығарылған атаулы купондық облигациялар бойынша сыйақы төленуі және негізгі соманың жабылуы; қарашада 1088 млн. теңге сомасында жетінші эмиссиялық акциялардың тіркелуі; желтоқсанда 10 млн. АҚШ доллары көлеміндегі екінші ішкі облигациялардың тіркелуі;

2002жыл

  • қаңтарда Астана қаласында №2 есеп айырысу бөлімінің ашылуы; ақпанда «Алматы сауда-қаржы банкі» ААҚ-ы Қазақстанның Ұлттық Жинақтаушы Банкінің акционерлерінің бірі болды; наурызда «Апогей» Банкінің 88, 15% сатып алынды; сәуірде реттелген екінші эмиссия облигацияларын орналастыру есебінен меншікті капитал 5, 9 млрд теңгеге өсті; мамырда VISA Virtuon виртуалды карточкаларының шығарылуы; маусымда банктің атауы «Алматы сауда-қаржы банкі» ААҚ-нан «АТФ Банк» АҚ-ға өзгертілді. шілдеде осы жылдың бірінші тоқсаны бойынша 231, 7 млн. теңге таза пайда алды; тамызда жалпы сомасы 40 млн АҚШ доллары болатын синдикатталған қарыз тартылды. қазанда «АТФ Банк» АҚ-ы 2001 жылы тартылған 26, 5 млн. АҚШ доллар сомасындағы синдицирленген заемды түгелдей және уақытында жапты;

2003жыл

  • ақпанда «АТФ Банк» АҚ-ы ҚРҰБ-тен Ақтөбе қаласында филиал ашуға рұқсат алды; наурызда «АТФ Банк» АҚ- ның еншілес банкі «Апогей» «АТФ Банк» АҚ-ға қосылды. сәуірде сомасы 142 млн АҚШ доллары болатын 3 синдикатталған қарыз тартылды. мамырда «АТФ Банк» АҚ-ы жарғылық капиталдың 2, 4 есе ұлғайғандығын жариялады. 3, 1 млрд. теңгеден 7, 6 млрд теңгеге дейін; маусымда «АТФ Банк» АҚ-ы 30 млн. АҚШ доллар көлеміндегі синдицирленген заемды тартты. Заем 1 жылға беріліп, LIBOR+2, 7%. Заем алуға 18 әлемнің үлкен банктер мен инвестициялық компаниялар қатысты; қыркүйекте «АТФ Банк» АҚ-ы 50 млн. АҚШ доллары сомасында синдицирленген заем тартты. Ұйымдастырушы ретінде голандттық ABN AMRO BANK болды; «АТФ Банк» АҚ-ның мемлекеттік қайта тіркелуден өтуі; ҚР-ның Әділет Министрлігі «АТФ Банк» АҚ-ның жарғылық капиталы 11. 590. 761. 000, 00 теңгеге дейін ұлғайғандығы толықтырулар мен өзгертулер енгізді;

2004жыл

  • қаңтарда СК «АТФ-Полис» пен ЖҚ«Отан» бірігіп жүргізетін «Партнер» бағдарламасын «АТФ Банк» АҚ-ы енгізгені туралы жариялауы; ақпанда Атырау қаласындағы «АТФ Банк» АҚ-ның филиалы әділдік органдарында қайта тіркеуден өтті; наурызда Moody&apos's рейтингтік агенттік «АТФ Банк» АҚ-ның ұзақ мерзімді депозиттік ретингісін Ва1 «тұрақты» бағасын берді; мамырда «АТФ Банк» АҚ-ы «Отан» АЖЗҚ-ның негізгі акционерінің бірі болды; шілдеде халықаралық капитал нарығында жалпы сомасы 1, 150 млн АҚШ долллары болатын дебюттік еурооблигациялар шығарылымы орналастырылды.
  • қыркүйекте «Энергобанк» АҚ-ның (Қырғызстан) акциялар пакеті сатып алынды. қазанда «АТФ Банк» АҚ-ның активтері 1 млрд АҚШ долларынан асты. қарашада Банктің жаңа мақсаты - жаңа логотипі мен «Сенімді Өркендеу Банкі» слоганы көпшілікке жария етілді.

2005ж . - ЕҚДБ- мен ынтымақтастық кеңейтілді:

  • қаңтарда ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге несие беру үшін

сомасы 10 млн АҚШ доллары болатын несиелік келісімге қол қойылды;

  • ақпанда «Арнайы техникалық бағдарламаны іске асыру шеңберінде

шағын және орта бизнес кәсіпорындарын несиелеу процесін өзі жүзеге

асыру өкілеттігін АТФ Банкке беру туралы» меморандумға қол қойылды.

  • наурызда «Сибирь» Коммерциялық банкі (Ресей Федерациясы) сатып алынды; сәуірде EUROMONEY АТФ Банкті корпоративті басқаруда Қазақстан

Республикасының жетекші қаржы институты және Қазақстаннның

шағын және орта бизнесі үшін ең қолайлы банк деп таныды.

  • маусымда «АТФ Банк» АҚ мен «Қазақстанның Экономикалық Университеті» арасындағы қарым қатынас туралы Меморандумға қол қойылды; шілдеде «АТФ Банк» АҚ мен «TEMNOS GROUP» компаниясы арасында қол қойылды. Контракт бойынша «АТФ Банк» АҚның бас офисі, 18 филиалы мен 13 есеп айырысу бөлімдері TEMNOS Т24 және флагман модуліндегі бағдарламалармен қамтамасыздандырылды; қыркүйекте Қырғыз Республикасының заңдарына сәкес «АТФ Банк» АҚ «Энергобанк» ААҚ-ның 72, 92% акциясын сатып алғаны туралы келісім шартқа қол қойылды; қарашада «АТФ Банк» АҚ купон ставквсы 8, 125% жылына, мерзімі 5 жылға, сомасы 200 млн. АҚШ доллары еврооблигацияларды шығару туралы келісім шартты тиімді орналастырылды.

2006жыл

  • наурызда«EUROMONEY» Халықаралық агенсттігі АТФ Банкті корпоративті басқаруда Дамушы Европа елдерінің арасындағы жетекші банк деп таныды. маусымда «АТФ Банк» АҚ 2016 жылғы жобаланумен өтелуі тиіс 350млн№ АҚШ доллары сомасындағы шығарылған еврооблигациялар тиімді орналастырылды; қазанда «АТФ Банк» АҚ бір қатар халықаралық қаржылық институттармен 550 млн. АҚШ доллары сомасындағы синдицирленген займ алу туралы келісімге отырды;

2009ж . - «АТФ Банк» АҚ-ның акция пакетінің басым бөлігі бүкіләлемге танымал «UNI CREDIT» банк тобымен сатып алынды.

Банк қызметінің табысты кепілі Қазақстандық және халықаралық ұйымдастырушыларының халықаралық стандарттар мен банк қызметкерлерінің жоғары біліктілігінде. АТФ Банк банктік қызметтердің барлық түрін шапшаң дамытып жатқан универсалды банк.

Банк клиенттері Республиканың әр аймағында орналасқан, әрі ірі өндірістік және сауда кәсіпорындар болып келеді. Сонымен қатар банк ерекше назарды кіші және орта бизнес кәсіпорындарына бөледі, оларға арналған арнайы несиелік бағдарлама құрастырылған. Банк кіші және орта бизнесті қаржыландыруға байланысты Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі(EBRD), Германия Несие Желісі(KfW), Азия Даму Банкі(ADB), Әлем банкімен(WB) арнайы бірлескен жобаларға қатысады.

Ашылған жаңа филиалдар банктен қосымша техникалық қаруландыруды, персоналдарды оқытуды, құрылымдық бөлімдердің өзара әрекетінің тиімді жүйесін құруды талап етеді.

Банктің орталық офисінің басты мақсаты - персоналдарының профессионалдық деңгейін жоғарлату, оның барлық филиалдары мен есеп - касса бөлімдерінің деңгейін жетілдіру, командамен жұмыс дағдыларын жетілдіру, даму тапсырмасын шешу мүмкіншілігі және бизнесті нығайту.

Банктік, соның ішінде көтерме бизнестің халықаралық стандарттарына сәйкестігін, жаңа қаржы өнімдерін дер кезінде енгізу.

Банктің бөлімшелерінің дамуындағы экономикалық мақсаттылық позициясын сақтау арқылы жаңа филиалдар ашу.

АТФ бактің негізгі приоритеті - клиенттерге жоғары сапалы банктік қызметті көрсету. АТФ банк клиенттері 11 жыл бойы тұрақты табыс өсімін алуда. Он бір жыл ішінде банк барлық банктік қызмет салаларында үлкен жетістіктерге қол жеткізді және компанияның ірі қаржылық тобына айналды.

АТФ Банк Қазақстанның қаржы институттарының актив көлемі жағынан ең үздік үштікке кіреді. Банктің активтері 2008 жылы 9млрд 918млн АҚШ долларын құрады- бұл көрсеткіш ұзақ мерзімді келісім шарттың кепілі бола алалы. Меншік капиталы - 722млн 160 мың АҚШ долларын құрады, ал табыс көлемі ұлғайып - 8млн 187 мың АҚШ долларын құрады.

Жедел қызмет көрсету, біліктілік және банк қызметкерлерінің тілектестік қарым қатынасы көрсететін қызметтерді жылдам және жеңіл етеді. АТФ банк қазіргі заманға технологияларды қолданады және клиенттерді көптеген қағаздық жүгірулерден босатады.

«АТФБанк» АҚ - бұл әділ бизнес тұрғысында банкті лидерге апаратын 2500 адамнан тұратын профессионалдар командасы.

АТФБанкі әмбебап комерциялық банк болып келеді, яғни банкаралық нарықта белсенді жұмыс істеуші және ірі корпоративтік клиенттеріне орта және кіші бизнес кәсіпорындарына және халыққа жоғары технологиялық комплекстік қызметті толық ұсынушы банк болып келеді.

1. 2 «АТФБанк» АҚ-ның басқарудың ұйымдастыру құрылымы

Банк - бұл кәсіпорын ретінде қарастырылады және басқа кәсіпорындар сияқты мұның өзінің басқару аппараттары болады. Банттердің де басқа кәсіпорындардағыдай өз дирекциясы, бухгалтериясы, кассасы, кадрлар бөлімі және тағы сол сияқты бөлімшелері болады.

Дегенмен банк - бұл ерекше кәсіпорын болғандықтан оның тауарлары немесе өндірілген өнімі ретінде, оның депозиттері, несиелері және басқа да көрсетілетін қызметтері қарастырылады. Ал дәл осындай қызмет түрлері болған жерде әрине тәуелділік деңгейі өте жоғары болады. Ал ол өз кезегінде қалыптасқан ұйымдастырылу қызметімен тікелей байланыста болады.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы дегеніміз - алдына қойған мақсатты жету үшін, оның әртүрлі бөліктері арасында жүзеге асырылатын байланыстарды білдіреді. Басқаша айтқанда банктегі орындалатын қызметтерді және міндеттерді бөлістіру, сонымен қатар әртүрлі бөлімшелердің бір-бірімен байланыстылығы.

Банктың ұйымдастырылу құрылымы қарастыра отырып, оның басты функцияларын қарастырған да жөн болар. Сонымен банктың басты функциялары келесі жағдайларды анықтайды:

  • Банктің даму стратегиясын анықтайды;
  • Негізгі шешімдерді қабылдайды және филиалдар үшін нормативті құжаттар мен жұмыстың методологиясын жасайды;
  • Филллиалдар байланысының масштабын анықтайды;
  • Даму жоспарына сай филиалдардың жұмысын ұйымдастырып, қызметін қадағалайды;
  • Банктің басты ұйымдастыру құрылымын анықтайды.

Жарғыға сәйкес, банктің Директорлар Кеңесі - банктің басқару органы, басқармасы, банктің атқарушы органы, және Аудиторы бар. Директорлар Кеңесінің мүшесін акционерлер сайлайды. Ал Директорлар Кеңесі, өз кезегінде, Басқарманы сайлайды, сондай-ақ, акционерлердің мүддесін қорғайды. Кеңес банктің жалпы басқармасы үшін жауапты, және оның стратегиялық, әрі шұғыл жоспарын бекітеді. Басқарма Банктің ағымдағы жұмысы үшін толық жауап береді.

Акционерлердің жалпы жиналысы.

Акционерлердің жалпы жиналысы банктің жоғарғы органы болып табылады. Банктің жарғысына сай Акционерлердің жалпы жиналысының құзырына мыналар жатады :

  • Банктің Жарғысына өзгерістер мен толықтурылар еңгізу. Банктің Жарғысын жаңа баспада бекіту;
  • Банктің нысаның өзгерту;
  • Банкті тарату және қайта құру туралы шешім қабылдау;
  • Директорлар Кеңесінің сандық құрамын анықтау және Директорлар Кеңесінің мүшелерін таңдау;
  • Банктің сыртқы аудиторын анықтау; Банктің жылдық есеп беру қорытындысын анықтау;
  • Акцияларды жұмылдыру;
  • Банктің таза табысын бөлу тәртібін анықтау;
  • Банктің мақсатты құру және тарату туралы шешім қабылдау;
  • Жылдың қорытындысы бойынша дивиденттер мөлшерін анықтау;
  • Ірі мәмілерді анықтау; Басқа да мәселелер.

Диеркторлар Кеңесі.

Директорлар Кеңесі банктің қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді.

Директорлар Кеңесінің құзырына келесі мәселелер жатады :

  • Банк қызметінің басты бағыттарын анықтау;
  • Банк дамуының стратегиялық және операциондық жоспарларын анықтау;
  • Банк акционерлерінің Жылдық Жалпы жиналыысын шақыру туралы шешім қабылдау;
  • Жалпы Акционерлер жиналысын дайындау мен жүргізуге қатысты басқа да мәселелерді шешу;
  • Банктің төленген капиталының мөлшерін азайту және Банкпен шығарылған акцияларды, облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау;
  • Тоқсан немесе жарты жылдың қорытындысы бойынша дивиденттерді төлеудің мөлшерін, көздерін және тәртібін анықтау;
  • Банк қызметінің тәртібін анықтайтын ішкі құжаттарды бекіту;
  • Банктің филиалдары мен өкілеттіліктерін құру туралы шешім қабылдау;
  • Коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттар мен мәліметтерді анықтау;
  • Басқарма мүшелерін таңдау және олардың құқықтарын тоқтату;
  • Басқа да мәселелер.

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі «АТФ Банк» АҚ-ның қызметін басқарумен айналысады. Директорлар кеңесі 5 адамнан тұрады

Директорлар кеңесінің төрағасы - Исатаев Тимур Ризабекович

Директорлар кеңесінің мүшелері:

  • Қуанышов Талғат Жуманович
  • Смагулов Нурлан Эркебуланович
  • Утемуратло Алидар Булатович
  • Хуберт А. Пандза - тәуелсіз директор

Басшылық

«АТФ Банк» АҚ-ның басқармасы «АТФ Банк» АҚ-ның оперативтік басқаруын және стратегиялық жоспарын жүзеге асырумен айналысады. 10 адамнан құрылып, 5 жылға сайланады.

Пикер Александр Алоизвич: 2007 жылдың қараша айынан бастап «АТФ Банк» АҚ-ның басқарма төрағасы орнына тағайындалды. Ол Зальцбургте туылып, біраз уақыттан кейін Австрияда орнығып, сол жерде мектепті, университетті бітірді. Банк саласында 18 жыл бойы еңбектенуде. Алғашқы сынақ мерзімін Венадағы Австрия банкінде өтуден бастды. 5 жыл бойы Халықаралық Мәскеу банкінде жұмыс істеген. Жұмыс атқару барысында әртүрлі салаларды меңгеріп, корпоративті банкинг департаментін басқарды. 1997 жылдан бастап басқарма мүшесі болып, дағдарыс кезінде несиелік тәукелдердің алдын алу шараларымен айналысты. 1998 жылы дағдарыс кезінде казначейлік қаражатты басқарды.

директор. 1999 жылдан бастап басқарма мүшесі. 1989 жылы Алматы шет тілдер педагогикалық институтын, 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік 1993 - 1997 жылдар аралығында «Alem Bank Kazakhstan» АҚ-да халықаралық сауда бөлімінің басшысы операциондық қызмет көрсету департаментінің директорының орынбасары және директоры ретінде жұмыс істеді. 2002 - 2004 жылдар аралығында халық банктің басқарушы директоры болды. 2004 жылдан бүгінгі күнге дейін «АТФ Банк» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары және басқарушы директоры болып тағайындалды.

1997 жылдан бастап бас бухгалтер. 1980 жылы Алматы есеп - несие техникумын, 1987 жылы НАРХОЗ-ды бітіріп, экономист мамандығын меңгерді. 1989 - 1993 жылдар аралығында «Промстройбанк», «Каздорбанк», «Торгбанк» мекемелерінде бас бухгалтер болды. 1993 - 1996 жылдар аралығында «Alem Bank Kazakhstan» бас бухгалтерінің орынбасары болды.

Шайдаров Надим Зейнуллович 2002 жылдан бастап басқарушы директор. 1990 жылы Мәскеу халықтар достастық университетін экономика мен бизнесті жоспарлау мамандығын бітірді. 1997 жылдан 2000 жылға дейін Ұлттық Жинақтаушы Банктің Алматы және Ақмола қалалар филиалдарында жұмыс істеді. Алматы қаласының филиалында директор орынбасары, Ақмола қаласының филиалында директордың бірінші орынбасары лауазымдарына ие болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы мамандығы бойынша диплом алдындағы өндірістік практика
АТФБанк АҚ жайлы
Ипотекалық операциялардың есебі мен аудиті
Банк ресурстары мен кредиттік потенциалын зерттеу
Каспий банк
ҚБТУ тарапынан өндірістік тәжірибе жетекшісі
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Каскелен қаласының «АТФБанк» филиалы
Коммерциялық банктердегі валюталық операциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz