Ішкі нарықтағы тауар мен қызметтің бәсекелікке қабілеті


Мазмұны
Бет
Кіріспе 3
1 Ішкі нарықтағы тауар мен қызметтің бәсекелікке
қабілетін зерделеудің әдістемелік негізі
1. 1 Бәсеке түрлерінің жалпы сипаттамасы 6
1. 2 Бәсекелестік қабілетінің ұғымы мен мәні 8
1. 3 Тауар мен қызметтің бәсекелес қабілетін анықтайтын
факторлар 19
1. 4 Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі 27
2. «№1 Алматы сыра зауыты» АҚ кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін бағалау
2. 1 «№1 Алматы сыра зауыты» АҚ қызметінің қызметінің
қысқаша сипаттамасы 32
2. 2 Өнім сапасына әсер ететін факторларды
талдау және сапаны бағалау көрсеткіштері 33
2. 3 Алматы қаласындағы сыра нарығын талдау 46
3. Кәсіпорындарда өнім сапасын көтеретін шаралар жобасы
3. 1 Ұсынылатын шараларды сипаттау және олардың
экономикалық негіздемесі 52
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі 62
Кіріспе
Қазақстан Республикасының президенді Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылы наурыз айының 24 жұлдызында Республика кәсіпкерлерінің (бәсеке қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру) конгресінде сөйлеген сөзі: “Бірінші - ол отандық кәсіпкерліктің бәсеке қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру деп атап қөрсетті”. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру еліміздің экономикасы үшін үлкен маңызға ие болып отыр. Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларына бәсеке бола алатын деңгейге жеткізу алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бәсеке қабілеттілікті арттырудың жаңа үрдістеріне бағыт береді. Егер бұрын бәсекеге қабілеттілік ең аз шығынмен тауар өндіру қабілетімен анықталған болса, қазір бәсекеге қабілеттілік ұлттық өндірушілердің халқаралық интеграцияға қатысу қабілетіне байланысты. Бүгін де соңғы бәсекеге қабілетті өнімде нақты бір ұлттық фирманың сауда маркасы болса, ол көбінесе халқаралық болып табылады. Ұлттық шекараларда қалмай, өз күшіне сүйену, халқаралық интеграцияның күшті жақтарын мақсатты түрде пайдалану бәсекеге қабілетті ұлттық экономикаға жетуге мүмкіндік береді [1] .
Ол үшін инновациялық жүйеде мемлекет белсенді қатысуы қажет. Ондай қатысушы экономика жүзеге асыруды реттеуге әрекет ретінде қабылдау және инновациялық қызметте мемлекеттің тікелей қолдауын едәуір кеңейту қажет. Әңгіме инновацияға стимул болатын бизнес жолын құруы тиіс мемлекеттік инновацияға қатысу жайында болып отыр. Осымен байланысты жаңа өндірістік елдердің тәжірибесіне қызығушылықтың туындауы мен саясатты құруда инновациямен бәсекелесе алатын экономиканың күшеюі көрініс тапқан. Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекетке айналды, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Сол ұғымдар арсында "Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі" ұғымы қазіргі таңда кең қолданысқа түскенін аңғаруға болады. Өнімнің сапа және бәсекеге қабілеттілігі мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде.
Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің стратегиясына сәйкес «ішкі локоматив» пайдалануды бағдарлап; әлемде құрылып жатқан барлық жаңа және алдағы мақсатты меңгеру қажеттілігі әлемнің экономикалық тез дамуын көрсетеді.
Бұл ғылым мен технология саласына сәйкес инновациясының ішкі дерек көзін толық пайдалану қажеттілігін көрсетеді. Қазіргі таңда барлық елде бәсекеге қабілеттілік күшейіп, халқаралық білім мен технология процесінсіз жүзеге асады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі бағдарламасының басым бағыттары ел Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» (Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы) және 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауларының, Қазақстан Республикасының 2007 - 2024жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасының негізінде қалыптастырылды.
Халықаралық бәсекелестік жағдайында елімізде өндірілген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте тұр. Ал халықаралық нарыққа шығу үшін сапалы өнім қажет және жоғары сапалы өнім өндіретін салалар білікті мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда ғана белгілі нәтижелерге қол жеткізгенімізге сенім артуға болады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық - инновациялық даму стратегиясы да дәл осы мақсаттарды көздейді. Алайда бұл бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін әлі де аздық етеді. Сондықтан да, қол жеткізген табыстарға тоқмейілісіп, бір орында тұрып қалуға болмайды, сонымен қатар алдымызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Осы өскелең міндетті жүзеге асыру жолында қыруар істер тындыру қажет. Шындығына келгенде, бұл - осыған дейінгі табыстардан да күрделі мәселе [2] .
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша, өнімнің сапалық қасиеттерін жақсарту, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды болып табылатын, маркетинг жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындап отырғандықтан, дипломдық жұмысымның тақырыбын «Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары» деп таңдауға себеп болды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты -өнімінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін талдау және оны жетілдіруі бойынша іс-шаралар ұсыну. Анықталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер шешілуі тиіс:
1 Ішкі нарықтағы тауар мен қызметтің бәсекелікке қабілетін зерделеудің әдістемелік негізі.
2 Бәсекелестік қабілетінің ұғымы мен мәні
3 Тауар мен қызметтің бәсекелес қабілетін анықтайтын факторлар
4 Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі
Зерттелу пәні негізінде теориялық жүзінде болады. Кәсіпорын аспектілерін теориялық және практикалық әсерін материалдық ресурстарын пайдалану арқылы іске асыру.
Зерттелу объектісі негізінен АҚ «№1 Алматы сыра зауыты» (Caspian Bevarage Holding) компаниясы болып табылады. Осы АҚ «№1 Алматы сыра зауыты» (Caspian Bevarage Holding) компаниясың өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын зерттеу.
Зерттелу пәні негізінде теориялық жүзінде болады. Кәсіпорын аспектілерін теориялық және практикалық әсерін материалдық ресурстарын пайдалану арқылы іске асыру.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізіне Қазақстан Республикасының Заңдары, Үкіметтің Қаулылары, Президент Жолдаулары, АҚ «№1 Алматы сыра зауыты» (Caspian Bevarage Holding) ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері мен деректері құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні мен маңыздылығы және бағалау көрсеткіштерін анықтаудың теориялық мәселелері қарастырылады.
Екінші бөлімде АҚ «№1 Алматы сыра зауыты» (Caspian Bevarage Holding) ұйымдық - экономикалық сипаттамасы қарастырылады және өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасалынады.
Үшінші бөлімде кәсіпорынның сапа, баға саясатын және маркетингтік жүйесін жетілдіру мен қатар АҚ «№1 Алматы сыра зауыты» (Caspian Bevarage Holding) өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары қарастырылады. Қорытындыда зерттеу тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.
1 Ішкі нарықтағы тауар мен қызметтің бәсекелікке қабілетін зерттелеудің әдістемелік негізі
1. 1 Бәсеке түрлерінің жалпы сипаттамасы
Бәсеке аударғанда - (латын тілінен сoncurrence) кездесу экономикалық ресурстарды шектеу үшін тәуелсіз экономикалық субьектілердің күресі. Бұл өзара іс-қимылдың, өзара байланыстың экономикалық процессі және сатып алушының әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыра отырып, өз өнімін өткізу мүмкіншілігін қамтамасыз ету мақсатында, нарықтағы кәсіпорындардың арасындағы күрес. Әлемдік нарықта әрдайым тауар өндірушілер арасында жіті бәсекелестік болып тұрады.
Экономикалық әдебиетте бәсекеге деген бірқатар көзқарас пен тұрпаттамаларды атап айтуға болады. Жіктелу белгілеріне қарай бәсекеліктің келесі түрлерін ажыратамыз:
Нарықтың жай-күйі бойынша: жетілген (еркін), жетілмеген, реттеуші. Жетілген (еркін) бәсеке, жеке меншік және шаруашылық оқшауланушылықпен негізделген. Ол, нені және қандай мөлшерде құру керектігін дербес шешетін, нарықта көптеген тәуелсіз фирмалар бар деп болжайды, сонымен қатар:
1 Әрбір өндіруші сататын тауар біртекті болып табылады;
2 Жеке фирманың өндіріс көлемі болмашы болып табылады және осы фирма сататын тауар бағасына ықпал етпейді;
3 Сатып алушылар бағалар туралы хабардар етілген және егер де біреу өз өніміне бағаны көтерген болса, сатып алушыларды жоғалтады;
4 Сатушылар бір-біріне тәуелсіз іс-әрекет жасайды;
5 Нарыққа қол жетімділік ешнәрсемен және ешкіммен де шектелмейді.
Әрбір азаматқа еркін кәсіпкер болуға және оны қызықтыратын шаруашылық саласына өз еңбегі мен материалдық қаражаттарын қолдану мүмкіндігі туады. Ал сатып алушылар небір кемсітушіліктен босатылуы және кез келген базардан тауарды сатып алуға мүмкіндіктері болуы тиіс. Барлық жағдайларды сақтау, тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы еркін байланысты қамтамасыз етеді. Жеке адамдардың өз экономикалық пайдасын алудағы өзімшілдігі барлық қоғам игілігіне айналғанда, жетілген бәсеке нарықтық механизмді, бағаның пайда болуын және тепе-теңдік жағдайына жету арқылы экономикалық жүйені икемдеуді қалыптастыратын шарт болып табылады. Бұдан нақты нарықтың барлық аталып өткен жағдайларды қанағаттандырмайтынын көруге болады. Сондықтан жетілген бәсеке тәсімінің, негізінен теориялық мәні бар. Бірақ, ол аса нақты нарықтық құрылымды түсінудің кілті болмақ және оның құндылығы осында [3] .
Жетілмеген бәсеке әрқашанда болды, бірақ ол әсіресе монополияның пайда болуымен байланысты XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында шиелене түсті. Осы кезеңде капитал шоғырланды, акционерлік қоғамдар пайда болды, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарына бақылау күшейтілді. «Монополия» термині тауарды жалғыз сатушы деген ұғымды білдіреді, бірақ қазіргі жағдайда ол жетілмеген бәсеке үшін тән әртүрлі нарықтық жағдай түрлерін белгілеу үшін пайдаланылады. Монополия бір тұлғаға, нақты топ тұлғаларына немесе мемлекетке тиісті өндіріс, кәсіп, сауда және басқа қызмет түрлеріне құқықты ұйғарады. Бұл өз табиғатына қарай монополия-жетілген бәсекеге тікелей қарама-қарсы келетінін білдіреді. Ғылыми-техникалық үдерістің әсер етуімен, өнеркәсіптік өндіріс шоғырлануындағы үлкен секірмелік, экономика монополизациясының заңды салдары болып табылады. Профессор П. Самуэльсон бұл мән-жайды былай деп түсіндіреді: «Ірі өндіріс экономикасына, мүмкін, бизнесті ұйымдастырудың монополистік мазмұнына әкелетін нақты факторларға тән шығар. Бұл әсіресе тез өзгеріп отыратын технологиялық даму саласында айқын көрінеді. Бәсеке ұзақ уақыт бойы сақталмас еді және сансыз көп өндірушілер аясында тиімді болмас еді.
Реттеуші бәсеке. Бәсеке күресінде табандылық көрсету үшін, кәсіпкер тұтынушы ұнататын (тұтынушының егемендігі) бұйымдарды ұсыну қажет. Баға ықпалының әсерінен өндіріс факторлары аса қажеттілігі бар салаларға бағытталады. Бақталастық тәсілдері бойынша: баға және бағаға жатпайтын. Баға бәсекелігі, негізінен берілген өнімге бағаны жасанды түсіру жолдарымен болады. Мұнда бағаны кеміту ауқымды қолданылады, ол, берілген өнім әртүрлі бағамен сатылғанда және осы баға айырмашылығы шығындардағы айырмашылықпен өтелмеген жағдайда орын алады. Бағаны кеміту үш жағдайда мүмкін болады:
1 Сатушы, монополист немесе кейбір монопольдық биліктің дәрежесіне икем болу керек;
2 Сатушының әртүрлі сатып алу бейімділігі бар сатып алушыларды, топтарға бөлу қабілеті болуы керек;
3 Бастапқы сатып алушы тауарды немесе қызметті қайта сатуға құқығы жоқ.
Баға кемсіту өнімді тасымалдау бойынша (дәрігерлер, адвокаттар, қонақ үй және т. б. ) көрсетілетін қызмет саласында; бір базардан екінші базарға қайта бөлуге жатпайтын тауарды (тез бүлінетін азық-түлік өнімі) сатуда жиі қолданылады. Бағаға жатпайтын бәсеке негізінен, өнім сапасын және оны сату жағдайларын жетілдіру, яғни өнім өткізудің «сервисі». Сапаны көтеру екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: бірінші-тауарлардың техникалық сипаттамасын жетілдіру; екіншісі-тұтынушылар қажеттілігіне тауардың бейімділігін жақсарту. Бағаға жатпайтын бәсеке, өнім сапасын жақсарту арқылы өнім бойынша бәсеке деген атқа ие болды. Бәсекенің бұл түрі жаңа тауарларды шығару арқылы салалық нарықтың бір бөлігін басып алу ұмтылысымен негізделеді, олар өздерінің ізашарларынан ерекшеленеді не болмаса ескі модельдің жаңғыртылған түрін ұсынады. Сапаны көтеруге негізделген бәсеке, қарама-қарсы сипатқа ие болады. Бір жағынан, сапаны көтеру, бағаны жасырын түсіру және өткізуді кеңейту тәсілі; екінші жағынан жарнама мен әдемі орау жолы арқылы сапаны бұрмалау мүмкіндігін туғызатын субьективтік бағалау болып табылады.
Өнімді өткізу жолымен болған, бағаға жатпайтын бәсеке сату шарты бойынша бәсеке атауына ие болды. Бәсекенің бұл түрі сатып алушыға көрсетілген қызмет сервисін жақсартуға негізделген. Бұған жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, тауарды сатып алғаннан кейін сатып алушыларға қызмет көрсету бойынша жеңілдік жасау кіреді, яғни оны пайдалану процессінде.
Бағаға жатпайтын бәсекенің аса мықты құралы жарнама, бүгінде оның ролі айтарлықтай көтерілді. Жарнаманың көмегі арқылы фирмалар сатып алушыларға өз тауарларын тұтынудың өзіндік ерекшелігі туралы ақпарат берумен шектелмейді, сонымен қатар өзінің тауарлық, бағалық және өткізу саясатына деген сенімді қалыптастырады және кәсіпкер ішкі сауда нарығында сол елдің «жақсы азаматы» сияқты фирманың тұрпатын құруға ұмтылады.
Бағаға жатпайтын бәсекенің заңсыз әдістеріне өнеркәсіптік тыңшылық, өндірістік құпияны білетін мамандарды өздеріне тарту, сапасы жағынан нашарлау, бірақ түпнұсқа-бұйымдардан ешқандай өзгешелігі жоқ тауарларды шығару жатады, сондықтан түпнұсқаны көшіріп алу мақсатымен 50% арзан тауарларды сатып алады [4] .
Біздің ойымызша баға және бағаға жатпайтын бәсекенің негізгі факторы тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі болып табылады, өйткені бәсеке қабілеттілігіне негізінен тауар мен қызмет сапасы және олардың бағасы сияқты факторлар ықпал етеді. Оны біз берілген жұмыстың келесі параграфында қарастырамыз.
1. 2 Бәсекелестік қабілетінің ұғымы мен мәні
Әрбір фирманың түпкі мақсаты- бәсеке күресіндегі жеңіс. Ол біржолғы не болмаса, кездейсоқ жеңіс емес, фирманың тұрақты және сауатты күшімен жасалған заңды қорытындысы. Жеңіске жете ме, жоқ па- ол фирманың тауары мен қызметінің бәсекелестік қабілетіне байланысты, яғни, басқа фирмалардың ұқсас өнімі мен қызмет түрлерімен салыстырғанда қаншалықты олар жақсырақ екендігінде. Нарықтық экономиканың осы санатының мәні неде және ол әртүрлі фирманың тырысуына қарамастан нақты кепілдік бола алмайды. Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойды. Бәсекелестік отанның дамуы шығарған өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Өнімнің бәсекелестік қабілетінің мазмұны "бәсеке" терминімен тікелей байланысты. Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күн көруге тырысады. Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді, яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза монополия. Монополиялық бәсеке - бұл олигополия. Таза монополия өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:
1 Сатушы тек қана бірфирма;
2 Сатылатын тауарлардың орнын басатын тауар жоқ;
3 Монополист нарықты билейді және бағаны бақылайды;
4 Нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.
Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі "көрінбейтін қол" қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі [6] .
Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына өз үлестерін қосуда.
Ресейлік ғалым А. Ю. Юдановтың пікірінше "нарықтық бәсеке - нарық сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушының шектеулі көлемдегі төлем қабілеті бар сұранысы үшін фирмалар арасындағы тартыс".
Бәсеке - белгілі бір мақсатқа жету үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасында болатын тартысты бейнелейді дейді Г. Л. Азоев пен А. П. Челенкоев.
Бәсеке - бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін бәсекелестерімен тартыс барысында жеңіске немесе басқа да мақсаттарға жетуде өзінің бәсекелестік артықшылықтарымен басқару үрдісі. Бәсеке қандай да бір қызмет аясында жақсы нәтижелерге жету үшін болатын экономикалық жарыс, тауар өндірушілердің тиімді шаруашылық жағдайы үшін, мол пайда алуға бағытталған күрес деп айтса да болады.
"Нарықтық экономиканың анықтамалығында" бәсеке дегеніміз - жеке өнім өндірушілер, жұмыс істеушілер, қызмет көрсетушілер арасында өз мүддесі жолындағы бәсекені айтады. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі реттеуші қызмет атқарады. Оның күш-қуаты стихиялы сипатқа ие, егер ол басқа мехенизмдермен түзетіліп отырмаса экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да қажетсіз зардаптарға ұрындыруы мүмкін.
Тауардың бәсекелестік қабілеті деп, бәсеке-тауарынан айырмашылығы бар небір қатысы бар интегралдық сипаттамасын түсінуге болады, тиісінше, ол тұтынушы алдында оның тартымдылығын анықтайды. Бірақ барлық мәселе осы сипаттама мазмұнын анықтауда жатыр. Барлық қателесулер осыдан басталады.
Көптеген жаңадан келгендер тауар параметріне зейін бөледі және соңыра бәскелестік қабілетін бағалау үшін, әртүрлі бәсекеге түскен тауар үшін өз арасында кейбір интегралдық сипаттаманы салыстырады. Бұл бағалау көбіне сапа көрсеткішін қамтиды және (көп жағдайда) бәсекелестік қабілетін бағалау бәсекеге түскен ұқсас тауарлар сапасын салыстырып бағаланады. Әлемдік нарық тәжірибесі, мұндай тәсілдің дұрыс еместігін дәлелдейді. Және де көптеген тауар нарығын зерттеу, сатып алу туралы соңғы шешім тек қана тауар сапасының көрсеткіштерінің үштен бір бөлігіменбайланысты екендігін көрсетеді. Ал басқа үштен екі бөлігі ше? Олар тауарды сатып алу мен келешекте пайдалану жағдайларымен байланысты. Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кеткен шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік қабілеті тұтынушылардың бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы анықтайтынын ескермейді. Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті - оның ұқсас басқа өніммен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы ерекшелігінің де болуында [7] .
Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін құндылығымен анықталады. Әр бір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігінескереді. Егер, өнім тұтынушылардың қажеттілігіне сай болып тұрса, онда оның бәсекелестік қабілетін бағалау құнына қарай ауысады. Яғни, тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кеткен шығынды ойлайды.
Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл өнімнің бәсекелес өндірушілерінің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.
Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кеткен шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік қабілеті тұтынушылардың бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы анықтайтынын ескермейді. Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті - оның ұқсас басқа өніммен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы ерекшелігінің де болуында.
Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін құндылығымен анықталады. Әр бір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігінескереді. Егер, өнім тұтынушылардың қажеттілігіне сай болып тұрса, онда оның бәсекелестік қабілетін бағалау құнына қарай ауысады. Яғни, тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кеткен шығынды ойлайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz