Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары (принциптері)
2. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайы
3. Республиканың нарыққа өтуінің концептуальды жағдайлары
4. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы
5. Нарықтың атқаратын басты қызметтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Ең алдымен мынаны анықтап алайық. Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдар нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы біріңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасында тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу-сату мен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сату мен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, оның экономикалық құрылымы қиындаған сайын нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған қоғамда нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп, келісім жасайтын орын емес.

1. «Аралас экономика негіздері». Е.Жатқанбаев, Алматы, 2001ж.
2. «Экономикалық теория» В.Крымова, Алматы 2004 ж. /”Ақиқат” 1996ж-№1/
3. Уоттс. М “Нарық экономика әліппесі” /”Ақиқат” 2003 ж-№9/
4. Әміров.Т “Нарықтық қатынастардағы кикілжіңдер” /”Ақиқат” 2003ж-№4/
5. Адасбаев. А “Нарықтық экономиканың маңызды буыны” /”Егемен Қазақстан” 2004–19 наурыз/
6. Жүнісов.Б, Мәмбетов.Ү, Байжомаров.Қ “Нарықтық экономика негіздері” /Оқу-методикалық құралы 1-бөлім. Ақтөбе 2005 ж/
7. Нұрғалиев. Қ “Қазақстан экономикасы” /Оқу-құрлалы. Алматы 2005ж/

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары (принциптері)
2. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және
әлеуметтік жағдайы
3. Республиканың нарыққа өтуінің концептуальды жағдайлары
4. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы
5. Нарықтың атқаратын басты қызметтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ең алдымен мынаны анықтап алайық. Нарық бұрын-соңды біздің елде терең
зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі
кездеседі. Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі
жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ
жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген
экономикалық ғылымдар нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас
басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында
алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан
ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы біріңғай пікір жоқ. Осыған
байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасында тауар және қызмет
көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу-сату мен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы.
Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сату мен байланысты жұртқа
жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, оның экономикалық
құрылымы қиындаған сайын нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған
қоғамда нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп,
келісім жасайтын орын емес. Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы
жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-ақ алыс-беріс
жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен жинап және тауарларды почта арқылы
жібере алады. Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған
өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі
ретінде көрінеді.
Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді,
бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе –
ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың
субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып
алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-
сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс
саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы
керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын
сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын
көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
1. Нарықтық экономиканың мәні және қағидалары принциптері
Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егер де мына жағдайлар айқын
болжалып және анықталса:
1. Товарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет
атқару керек. Қолда бардың қаншасын немесе қандай белігін жұмсау керек
немесе өндіріс барысында иайдалану керек.
2. Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын
толығырақ қамтамасыз ететін товарлар мен атқаратын қызметті
анықтау.
3. Қоғамға қажет товарлар қалай өндіріліп, қандай қызмет
атқарылуы керек, яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті
ұйымдастыруда қандай технологияны қолдануды анықтау.
4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген
өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.
5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе білуіне
қол жеткізу, яғни тұтынушылар тарапынан сұраным өзгере қалса экономика
тез соған бейімделіп, қолдағы алым-берім мен өндіріс технологиясы
жасалуы керек.
Нарықтық қатынас дегеніміз - аталған бес шарттың міндеттерін шешкен
күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы
арасындағы бітістік болып табылады.
Нарықтық қатынас кемеліне келгенде иелік ететін екі жақ та маманданып,
өндіріс технологиясы мен оның өнімін өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін
және олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара келісімімен нарық
белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды.
Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер
тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу
үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде
шектеледі. Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу
үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік
туады. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік экономикалық тиімділігіне де
әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық
прогресс пен өзат тәжірибеге сүйене отырып, оны көптеп шығаруға тырысады.
Ал егер өнім пайда бермесе сұраным жоқ болса немесе азайса, өндіруші өнім
шығаруды азайтады. Сөйтіп өндіріс құрылымы реттелінеді.
Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған және өндірушілердің
баға көтерушілік ниеттерін тежеу, өнімді сатуға байланысты мәселслермен
маркетинг саласы айналысады.
Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан
бліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады.
Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінің де сіңірген еңбегі қоғамға
қажет, ал өндірілген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады,
Нарықтық қатынас сұраным мен ұсынысқа негізделеді. Сұраныс
тұтынушылардың қаражатына қарай нені алатындығын білдіреді. Сұраныстың
басты жетекшісі өнімнің бағасы - өнімнің бағасы өссе сұраным төмендейді,
баға арзандаса сұраным арта береді. Алайда, нақтылы өмірде болып
жатқанындай, өнімге деген сұраныстың көлемі сатып алушының орташа кірісі,
нарықтық көлемі басқа өнімдердің бағасы мен пайдалылығы, бұл өнім орнына
басқадай өнім алу сияқты сатып алушының қалауына байланысты болады.
Ұсыныс өндірушінің сатуға шығарылған товарының санынан-ақ білгі бермек.
Товар неғұрлым -тиімді болып, оның бағасы өсіңкі болса, товар өңдіру
көбейтіле түседі немесе керісінше болады. Өйткені бәсеке дегеніміз біреуге
жаны ашығандықтан емес, өндірісті пайда табу үшін ұйымдастырады. Сондықтан
ұсынысқа әсер ететін басты себеп - пайда. Алайда пайда қуалап бағаны өсіре
беруге тежеу жоқ емес, оған сұраным, салық сияқтылар ықпал жасайды. Демек,
өндіруші технологияны жетілдіре отырып өнімнің сапасын жақсартады немесе
өндіріс шығындарын азайтады.
Тұтынушының сатып алғысы келген товарының саны өндірушінің сатамын
деген товарының санына дәл келсе, сұраным мен ұсыныстың тең болғаны.
Нарық адамдар арасындағы сан-салалы экономикалық қарым-қатынас жүйесі
болғандықтан өндіріс барысында, таратуда, айырбас пен тұтынуда мынадай
қағидаларға тіреледі:
1. Жеке адамнан бастап мекеме, бірлестіктерге дейін олардың
экономикалық, шаруашылық және кесіпкерлік іс-әрекеттеріндегі еркінділік
заңдылықты сақтаса ғана еркіне жіберілмек. Мұның өзінде
еркіндіктің екі жағы бар. Біріншіден, әрбір адамға меншіктену мен
кәсіпкерлік құқығы беріледі, яғни ол кәсіпке кіріседі, өз
ойындағысын іске асырады. Сөйте жүріп шаруашылық іс-әрекеттерге
байланысты қабылданған ережелер мен нормаларды сақтаса, экономикалық
еркіндік алады. Екіншіден, мекемелер мен азаматтардың кәсіптерінің түрі,
сипаты және көлеміне қатаң тежеушілік жасау жойылады.
2. Мұның өзінде кәсіпкерге деген жоқтаусыз еркіндік болмайтындығын
есте сақтау керек. Нарықтық экономиканың қай-қайсысы болмасын
өркениетті мемлекеттерде реттеліп отырады. Нарықты және қатынастарды
мемлекет тарапынан реттеп отыру осындайдан туындайды. Мәселе тек
мемлекет қандай амалдар қолдануылда. Нарықтың мемлекеттік реттеушісі
ретінде мемлекеттік бағдарламалар, салық салу, несие қаржы жүйесі, банк
жұмысы, еңбск жайлы зандар монополиялыққа қарсы шаралар, халықты әлеуметтік
қорғау сияқтылар араласады.
Нарық еркіндігі экономикалық жауапкершілікпен, косінкердің тәуекелімен
қатар жүреді. Тендік құқығы енгізіліп, меншіктеудің қанша бір түрлеріне
еркіндік туғызған нарық шағында кәсіпкерші шаруа иесі толығынан
экономикалық жауапксршіліктс болады.
3. Тұтынушының үстемдігі, яғни тұтынушының өндірушіге өктемдігі.
Жеткіліксіз дүниеде өндіруші тұтынушыға өз шартын қояды. Өндіріс өнімі сол
қалпымда қалса да немесе тіпті өнім беру азайса да баға дегеніміз көтеріле
береді, өндіруші ешнәрседен қаймықпай-ақ өнім сапасын төмендетіп, пайда
табады.
Көлденең араласқа шығысымен шаруа иелерінің экономикалық еркіндігі
кеңейе түседі, ал мұның өзі әрқайсысынан өз жолын тауып, іс-қимылын қайта
қарау, бағаны еркін қою, кіріс пен пайданы бөлісу, қайтадан бөлісу, бәсеке
механизмінің көмегімен қаражат-несие жолдарын пайдаланып, өз
білгенің істеу әрекетін туғызады,
4. Экономиканың ашықтығы. Мұның мекемелердің белгілі
шарттарды сақтай отырып, эконмикадан тыс байланыстарда еркін кәсіпкерлікті
кенейте түсу. Шетел фирмаларына жергілікті мекемелермен бірдей құқықта
ішкі нарықта товар өндіруші ғана емес меншік иесі ретінде кірісуге
мүмкіндік берілген.
5. Бәсеке бабы. Бәсеке дегеніміз іскерлікті қөздыруды ықпалды да
тиімді құралы, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдаланып
өнім сапасын артыру, тұтынушылардың құбылып отыратын мүдделерін
қанағаттандыру. Әрине бәсеке ең алдымен ұқсас өнімдер шығаратын
кәсіпкерлер арасында туындайды.
6. Финанс және қаражат айналымына әсері. Егер
орталықтанған экономика материалдық-заттық орындарды басқаруды
қорлар жасау, өндірер заттың көлемін белгілеу арқылы жүргізсе, нарықтық
экономика басқару жұмысын баға механизмі, ақша, несие, банк, салық
жүйелері арқылы жүргізеді.
7. Нарықтық баға қою жолдары. Нарықта баға деген сатушы мен алушы
арасында саудаласу, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас нәтиесінде
қалыптасып, ауызша келісім немесе шарт жасасады.
Нарықтық бағаны еркін баға деген түсінік бар. Оның тіркеулі бағадан
өзгешелігі - ол ұдайы өсе береді. Біріншіден, есіресе өтпелі кезеңде,
мемлекет өзін-өзі ақтаудың орташа көрсеткішіне сәйкестендіріп бағанын
жоғарғы шегін бақылайды. Екіншіден, тұрақтандырылған экономикада әлдебір
товардың жоғары табыс бсрс қалса, бәсекелестер ол товарды жоғарғы өндіріп
сатады да бағаны қүлдыратып жібсрсді. Сөйтіп қалыпты нарықта баға заттың
өзіндік құнынан төмен емес, бірақ өзіндік құнның сомасы мен табыс өндірісті
кеңейте беруден аспайды.
8.Шарт және контракт қатынастардың талаптарын сақтау нөтижесінде
жоғарыдан басқару көлденеңңен басқарумен ауысады, яғни тең құқықты
шаруа иелері өзара келіседі. Нәтижесінде негізінен серіктестік қарым-
қатынас қалыптасады. Жалпы заңдылықты, ережелерді сақтау үшін бағыныштылық
қатынасқа онша мән бсрілмейді. Толық мағыналы нарықта товар өндіру
мен сату ғана емес қызметкерлер алу, босату, еңбек толсу,
мекемелерге несие беру де контракталық жағдайга кешірілсді.
2. Нарыққа өту кезеңіндегі қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік
жағдай
Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған
қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде
республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар
ерекшеліктер бар еді.
Олар ең алдымен Қазақстан экономикасының құрылымындағы қайшылықтар да
болды. Мұнда терілмеген мол мүмкіншіліктер бола тұра өнеркәсіптің дәрежесі
өте төмен болды. Реформаға кірісерде 1987ж республиканың қоғамдық
табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен
61% болса, Қазақстанда 46% қана болды. Қор және капиталды көп жұмсайтын
салалардың үлесі өте жоғары еді, КСРО да ОЭК, ТМК, химия жәнс мұнай-химия
ендірудің үлесіне орташа 9% келсе, Қазақстанда 15% 1987ж еді. Ал машина
жасау өнеркәсібінің үлесі ҚСРО бойынша 27% болса, Қазақстанда 17%-ке ғана
жетті 1987ж.
Республикада КСРО халқының 6 проценттей тұрғанмен, Одақ бойынша
өндірілетін қоғамдық өнімнің 4,5 проценті өндірілді. Республика
экономикасында шикізат өндіру және оның бағасы төмен болғандықтың
салдарынан адам басына шағатын өнім өте төмен болды.
Халық тұтынатын товарлар өндіретін салалардың үлесі Қазақстанда кем
сді. Ол өнімдердің 60 проценте дейін республикаға сырттан бөлініп тұрды.
Қазақстаннан жуылған жүннің 70%, жиналған астықтың жартысынан астамы,
мақтаныд, мал терісінің, аң терісінің 50% өңделмеген күйінде сыртқа
жіберіліп отырды. Шикізат және жартылай өңделген күйінде сыртқа жіберілген
өнім құны 6-7 млрд. рубль болса, оны республикадан тыс жерлерде өңделгеннен
кейін қайта өкелгенде өлгілердің құны 13,8 млрд. болып шықты. Республика
бюджетіндегі кірісте салық айналымының үлесі небәрі 9% еді, ал Эстонияда
осындай үлес - 45% болатын. Қазақстан одақтық қорға республикада
дайындалған барлық еттің 33%-ін басқа республикалар 17-19% жіберіп
отырды. Осының нәтижесінде нарықтық қор есебінен бүкіл КСРО бойынша адам
басына шаққанда келетіп ет көлемі 42 кг. болса, ол Қазақстанда 32 кг ғана
болды. Республикадан өңделмеген астық пен жүннің салық айналымынан бюджетке
түспеген ақша 1,1 млрд. рубльге кеміп отырды.
Орталықтан басқару қатаң жүргізіліп тұрғанда Қазақстанның экономикасы
иемдене басқарылып, өндіріс пен мекемелерді алыптандыру бағытында
жүргізілді. Мысалы, Қазақстан өнеркәсібінің 93%-ін одақтық министрліктер
мен түрлі иеліктер басқарды. Күрделі қаржынын 70 процентке дейіні "А"
тобындағы өнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалды. Мұның өзі экономиканы қайта
құру барысында шаруашылықты мемлекет меншігінен ал алуды және
жекешелендіруді припатизациялауды қиындата түсті.
Қазақстанның нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен болды.
Республикада адам басына шаққанда кіріс төмен болды. Экономиканы қайта құра
бастағанда, мамандардың тұжырымы бойынша, тұрмыс дәрежесі төмен 5-6 млн.
адам болды, ал мұның өзі Қазақстан халқының 13-ден астамы.
Республикадағы 214 селолық аудандардың 180-і жәрдем қаржымен
дотациямен күнелтті, 70 аудан экономикалық даму жағынан өте артта қалды,
ал 30 аудан кедейліктің күйін кешті. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын
жердің 20 млн. гектардан астамы әскери - өнеркәсіп кешенінің ӘӨК
пайдалануында болды.
Республикадан толып жатқан байлық көздері алынып, ал мұнда қоршаған
ортаның экологиялық былғанышы ғана қалдырылды, экологиялық жүдеулік жер-
жерде қоюлана түсті. Қазақстанның барлық өнеркәсіп орталықтарында да
ауадағы зиянды заттар тиісті мөлшерден артып кетті. Арал теңізінің ернеуі
13 метр төмендеді, су бетінің деңгейінің 13 суалып қалды, су қорының 60%
солды. Осылардың салдарынан теңіз суының тұздануы 2,5 есе өсті де ауаға
тарайтын зиянды заттар 5,4 млн. тоннаға жетті.
Ұзақ жылдар бойы товар-ақша қатынасын елемеу, экономиканың
монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі қор және товарлардың
жеткіліктігіне қарамастан тапшылыққа, товар-ақша тепе-теңінің бұзылуына,
қайта-қайта бөле берудің тууына, мемлекетке арқа сүйеушілікке әкеп соқты.
Нарыққа кешудің қиындығы да, күрделілігі де, ұзаққа созылатындығы да
осы себептерден болып отыр. Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере
отырып, нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды. Нарықты қалыптастырып
орнықтыру соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, күрделі де қайшылықты
жағдайларға соқтырды.
1990 ж. желтоқсанның аяғында Қазақ КСР-ның экономикасын тұрақтандыру
және нарыққа көшу бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада нарықтық
құрылымдар құруды жедел экономиканы нарыққа сәйкес реттеу республиканың
әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, нарық тарапын қалыптастыру,
шаруашылық әрекеттерді белсендіру қаралған.
"Дағдарыстарға қарсы және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды
тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы" екінші
бағдарламада экономиканы тұрақтандырып, нарыққа өту кезеңіне 1992-1995
жж. алғашқы кезеңге мынадай міндеттер қойылды:
- мемлекет меншігінен алып, меншікті жекешелендіруді белсене жүргізу;
- тұтыну нарқын товарлармен қанықтыру;
- республиканың әлем шаруашылығына енуі.
Мұнда күштің басым жағын ұлт мүддесінің тәуелсіздігіне деген
экономикалық саясатты белсене жүргізуге, инфляцияны мүмкін болғанынша
төмендету, өндірістің құлдырай беруін тоқтату, оны өркендете беруге жағдай
жасау, халықтың әлеуметтік нәзік жағына нарық кеселінің салдарын жеңілдету
мәселелері топтастырылған.
1996-2005 жж. барысындағы екінші кезеңде көзделген міндеттер:
- республиканың шикізат қана өндіруге бағыт ұстауын жойып, нарықтың
толық механизмін құру, транспорт тараптарын тезірек дамыту жене нарықтың
барлық түрлерін де қалыптастыру;
- экономиканы монополизацияға соқтырмай, дұрыс бәсеке атаулыны
кеңінен қолдау арқылы барлық товар өндірушілерге шын мәніңде
еркіндік жасау;
- жаңа технологияны игеріп „Экология,, жайында жан-жақты жасалған
бағдарламаны іс жүзіне асыру арқылы табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамісыз
ету;
отандық және халықаралық бизнес саласын қадрлармен толықтыру.
5-7 жылға арналған үшінші кезеңде ашық экономиканың дамыту негізінде
Қазақстанның әлемдік саудада алатын орнын нығайту, бюджет тапшылығы
мәселелерін шешу, ұлттық валютаға толық жол ашу, республиканың әлемдегі
өнеркәсібі өзық елдер қатарына қосылуы көзделген.
Қазақстан экономикасының нарыққа көшуі экономикалық және әлеуметтік
салаларда дағдарысқа ұшырау жағдайында жүргізілуде, мұның өзі көптеген
тысқы және ішкі себептерге байланысты болып отыр.
Біріншіден, Қазақстанда бұрынғы КСРО-ға кірген республикалармен және
оның аймақтарымен шаруашылық байланыстардың бұзылуынан өндірістің
құлдырауы. Ғалымдардың тұжырымы бойынша, өндірістің 60%-ке төмендеуі КСРО-
да бірыңғай халық шаруашылығына енген алыптардың шаруашылық байланыстарының
үзілуінен болып отыр.
Қазақстан республикасында 1993 ж. 1992 жылмен салыстырғанда өндірілген
ұлттық табыс - 14,8%, өндіріс құралдарын өндіру - 15,2%, тұтыну заттарын
өндіру 12% төмендеді.
Екіншіден, өнімдерді сату тығырыққа тірелді, мемлекетте де, мекемелерде
де, халықта да ақша болмай қалды. Осының салдарынан мемлекеттік
кәсіпорындары өндірісті қысқартты, өнімдерін ақы алмай үлестірді. Сөйте
тұра көптеген қаржыны несиеге алды, бюджеттен қаржы сұрады. Мұның өзі
қарыздарын өтей алмауға әкеліп соқты, ал қарыз болса өсе берді.
Үшіншіден, ескермеген шығындар туды - олар әскери-өндіріс кешенінің,
армияның, өндіріс емес салалардың республика меншігіне көшуі. Ал мұның өзі
мемлекеттік бюджеттің шығыс жағын көбейте түсті.
Төртіншіден, экономиканы қайта құра бастаған алғашқы кезеңіне ТМД
елдерімен экономикалық байланысты реттеу болмағандығынан, шекараларымыздың
ашық болуы қаржы-несие саясатымызда, салық төлемінде, еңбек төлемінде, баға
қоюда, лицензиялық ереже ендіруде т.б. қателіктер жіберілді. Осы
себептер ақша эмиссиясының өсуіне әкеп соқты.
Бесіншіден, инфляцияның және тапшылықтың өсе беруі тұтыну нарқындағы
жағдайды қиындатып, халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді.
Экономикалық өсудің тежелуі еңбек өнімділігін әлсіретіп, еңбекті
пәтуәсіздікке айналдырды т. б.
3. Республиканың нарыққа өтуінің концептуалды жағдайлары
Қазақстан республикасында экономиканы нақтылы қайта құру нарықтық
қатынастарды әлеуметтік бағыттың мүдделеріне қарай сенімді түрде халықтың
тұрмыс дәрежесін жеткілікті қамтамасыз ететіндей, республиканың табиғи және
экономикалық байлықтарына сай келетіндей етіп құру. Бұның өзінде
Қазақстанның нақтылы жағдайлары - табиғи мүмкіндіктері, экономикалық,
ғылыми-техникалық және салауатты салмақтары, экономикалық-географиялық
тиімді орналасуы нарыққа жетістікпен көшуге әсер етті. Сыртқы экономикалық
байланыстарды да дамыта жүргізуге жайлы жағдайлар бар.
Қазақстанның нарыққа еркін өту үшін негізгі концептуалдық бағыттарының
мынандай міндеттерін шешу қажет:
1. Экономикалық дербестікке қол жеткізу. Ол республиканың жерге деген
бірегей меншігі, оның қазба байлықтары, ішкі және аймақтардағы сулары, әуе
кеңістігі, өсімдік және жануарлар дүниесі, мәдени және тарихи қазыналары,
материалдық және финанс қаржы мүмкіндіктері, өндірістік және өндірістік
емес орындары экономикалық дербес саясат жүргізе алатындығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1991 ж. жарлығы бойынша
одаққа бағынған Қазақстанның жеріндегі халық шаруашылығының барлық
салаларындағы меқемелер мен ұйымдар, олардың белімдері мен филиалдары
Қазақстан мемлекетінің басқару органдарына беріледі және олардың мүліктері
республиканың меншігі болып табылады.
2. Меншікті қайта қарауда жекешелендіру жолымен мемлекеттік
мүлік, инвестиция комитеті, Қазақстан республикасының қаржы министрлігі
және олардың аймақтық органдары жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен
жүргізеді.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мақсаты - жанды және таза
бәсекеге қол жеткізу үшін, өндірістің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасау
үшін шаруашылыққа иелік жасаудың сан-салалы түрлерін ұйымдастыру. Мұның
өзінде бір-біріне қайпіы келетін, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты екі
міндетті шешу керек. Біріншіден, Қазақстан азаматтарын мемлекеттік меншікке
иелендіріп, әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асыру; екіншіден, нарық сипатын
сай келетін осы заманғы шаруашылыққа тиімді иелік жасай алатын жеке меншік
топтарын құру.
Жекешелендіру дегеніміз көп шығын жұмсауды керек ететін, ұзақ та
күрделі жұмыс екенін атап көрсеткен жөн.
Республикада мемлекеттік меншікті жекешелендіру мемлекет меншігінен
айыру және жекешелендіру ұлттық бағдарламасына сай мынандай бағыттарда
жүргізіледі:
- ірі және бірегей мүлік кешендерін дара жобалар
бойынша жекешелендіру;
- орташа кәсіпорындарын жаппай жекешелендіру;
- шағын кәсіпорындарын 200 адамға дейін қамтитын міндетті түрде
жекешелендіру жүргізу.
Негізінен 1993 ж. аяқталған бірінші кезеңде сауда және қызмет
көрсететін ұсақ кәсіпорындары жекешелендірілді. Шағын кәсіпорындары жұмыс
істейтіндер саны 200 адамға дейін алдын ала акционерлік қоғамдарға
айналдырылмай тұрып жекешелендіріледі. Қазақстанда 1993 жылдың соңында
экономиканың түрлі салаларындағы 9 мыңдай кәсіпорындары жекешелендірілді,
олардың 21% жеке меншікке берілді де, ал 57% акционерлік қоғамдарға
айналдырылды.
Орташа кәсіпорындарын жаппай жекешелендіру жұмыс істейтіндер саны 200-
ден 5000 адамга дсйін мынандай жолдармен жүргізілді:
Республика халқына жекешелендіру және жекешелендіру инвестициялық
купондар ЖИК беру;
- инвестиңиялық жекешелендіру қорлардың жүйесің ИПФ жасау, оларды
құратындар мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен занды жақтар.
ЖИК-терді есептеу, айналдыру және пайдалану тәртібі Қазақстан
Президенті бекіткен арнаулы ережеде белгіленген.
Ірі және бірегей мүлік кешендері жұмыс істеушілер саны 5000 адамнан
асса өнім шығаратын немесе ерекше маңызды жұмыстар атқарса, сол сияқты
мемлекеттік табиғи монополиясы болса Қазақстан республикасының Мемлекеттік
инвестиция мен Қаржы министрлігінің басшылығымен жасалған дара жобасымен
жекешелендіріледі. Олар белгілі инвесторларға келісілген шарт бойынша сату,
аукциондарда немесе бәсекелерде басқаруға контракт жасау жолымен, сол
сияқты акцияларды ашық саудаларда жекешелендіріледі.
Шетелдік құқықтық және жеке тұлғалар жекешелендіру әрекеттерге ҚР-ның
қолданып жүрген зандылықтарына, үкіметаралық келісімдерге және шарттарға
сәйкес шетелдік инвестициялар жөніңдегі ұлттық агентство тиісті лицензия
бергеннен кейін қатысады. Мұндайда сатылатын кәсіпорындарының бағасы ұлттық
жене шетелдік валютада әлемдегі ұқсас кәсіпорындарының бағасы мен жұмыс
дәрежесіне сәйкес бағаланады. Шстелдік құқықтық жене жеке тұлғалар
жекешелендіруге Қазақстан мемлекеттік инвестиция комитеті мен Қаржы
министрлігі белгілеген дара жобалармен, қатысу тәртібі мен ережелері
бойынша қатысады.
Жекешелендіруден түскен қаражат мемлекет меншігіне алынады да, арнаулы
есепте болады және мынадай шығындарға жұмсалады:
- мемлекеттің ішкі несиелерін қарыздарын төлеуге;
- халықтың жете қамтамасыз етілмеген және әлеуметтік жағынан
қолданылмаған тобына жәрдем беруге;
жұмыссыздарға жәрдем беруге және кадрлар даярлауға, қайта даярлауға
т.б. мақсаттарға жұмсалады.
3. Банк жүйесін қайта құру Республикада банк және банк қызметі туралы
заңға сәйкес жүргізіледі. Қазақстанда екі сатылы банк жүйесі құрылған.
Жоғары сатыда ҚР Ұлттық Банкісі тұр, барлық қалғандары, олардың
меншіктігінің ұйымдасу-құқық түрлеріне қарамастан банкі жүйесінің екінімі
төменгі деңгейіне жатады.
1996 ж. басында республикада 170 астам банк жұмыс істеді, оның үшеуі
толық мемлекеттік.
"Эксимбанк" ірі экспорт-импорт операцияларымен және әдетте үкімет
кепілдемесі бойынша үкімет бағдарламаларын орындауға инвестициялық несие
береді.
Жилстройбанк - Тұрғынүй құрылыс банкісі - құрылыс компанияларына қаржы
қорын бөледі және республика халқына тұрғын үй салу үшін жеңілдік несие
бөледі.
Халық банкісі негізінен республика халқына қызмет етеді, мұның 4 мыңнан
астам агенттігі бар.
Ұлттық банк лицензия беру, нормативтер және басқа міндетті талаптар
белгілеуі екінші деңгейдегі банктердің қызметін инспекторлық ету және
жазалау шараларын салу арқылы барлық қалған банкілердің жұмыстарын қатаң
бақылайды және реттейді. ҚР Ұлттық банкісі түгел банк жүйесін жақсарту
мақсатымен және клиенттерін қажетті кепіл деңгейінде қамтамасыз ете
алмайтын, сапалы қызмет атқара алмайтын, банк менеджментті дамытпайтын осал
банкілерді ығыстыру үшін қатаң саясат жүргізеді. ҚР Ұлттық банкісі
Республика валюта қорын қалыптастыру міндетім атқарады. Қазақстан жерінде
барлық төлеу ұлттық валютада -теңгеде жүргізіледі.
Негізінде жекеменшік капиталы бар коммерциялық банктердің ішінде
ірілері: ТұранӘлем Банк, Орталық банк, Қазкоммерцбанк. Бұлардың барлық қоры
(01.01.95.) 1 млрд, теңгеден астамға жетіп, олар қаржы нарығының 70% дейіп
қамтыды.
ҚР банкаралық валюта биржасын, окіл банкілерді және айырбас пунктерін
біріктіретін валюттік нарық қалыптасып қызмет істеуде. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz