Шикізаттарды жіктеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Шикізаттарды жіктеу

Кен жентектерін өңделген өнім немесе оны бәрі бір шикізат деп санаймыз ба? Тіпті, қазақстандық экспорттың ресми статистикасы, төмен шектегі немесе шикізат сипатындағы өнімдердің анық артықшылығын көрсетеді. 2007 жылы экспорттың жалпы көлемінің 2 % тек аппарат пен аспаптар, көлік құралдары, құрал-жабдық, машина үлесі құрады, химия саласындағы өнімдер 4 %, өйткені бұлар ең жоғары құн салығы бар тауарлардың нақ өзі.

Халықаралық тәжірибеде БҰҰ дайындаған, кең экономикалық санат бойынша Жіктеу (КЭС) деген қолданылады. Ол шикізат тауарлары мен өңделген экспорт көлемі, сондай-ақ жекелей тұтынатын тауарлар мен құрал-жабдықтар бойынша жеке мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Қазақстанда КЭС Жіктеу белгілі, алайда ресми қолданылмайды. Осы жерден экспортты талдау мен есептеу кезіңде әр түрлі оқылым, осының салдарынан бір-біріне қарама-қарсы келетін байламдар туындап, экспортқа бағытталған салаларды қолдау бойынша мақсатты бағытталған мемлекет саясатына жағымсыз әсерін тигізуде.

Біз өз корпорациямызбен 2002-2007 жылдардың экспорттың тауарлық құрылымын талдау үшін КЭС Жіктеуді қолдандық. Өңделген өнім экспортының өсу қарқыны осы аралықта 37, 5% құрады. Бұл ретте экспорт серпіні тұрақсыз болды. Өңделген өнім экспортының айтарлықтай құлдырауы, көбінесе өнеркәсіптік өнім мен өңделген тағам өндірісінің екпіні бәсеңдеуі есебінен 2005 жылы болды. Салыстыру үшін: осыған ұқсас аралықта шикізат тауарларына экспорт өсімі динамикалы болып және 49 % өсті. 2007 жылы Қазақстан экспортындағы шикізат үлесі КЭС Жіктеуі бойынша 32, 7 млрд., $ немесе жалпы экспорттан 68, 6 % құрайды.

- Корпорация тек ақпан айында құрылды, сол себепті есеп беруге әлі тым ерте. Атап өтейін, корпорацияны құруға жарты жыл уақыт кетті. Біз басқа елдердің тәжірибесін игеруден бастадық, өйткені олар экспортқа басымдық беріп, белгілі бір нәтижеге жетті. Біз ең алдымен, экспортты қолдаудың институционалды жүйесі құрылуы қажеттігі жөніндегі тоқтамға келдік. Арнайы заңнамасы, басқа да элементі, экспорттың өзге және басқа да мәселелерімен айналысатын институттары бар, бірақ осының барлығы келісіліп және үйлестірілгенде ғана жүйелік қолдауға қол жеткізу мүмкін болады. Біздің корпорация, мемлекет пен билік, осы қатысушы екі жүйенің арасына үйлестіруші болып табылады.

Экспорттың қазіргі өзгешелігі, оның көлемі жеке факторлерге байланысты, себебі әр түрлі министрліктер мен мекемелерде құрылған болатын. Мысалы, кәсіпорын бір нәрсе экспорттағысы келеді. Ол несие алады, қымбат импортты құрал-жабдық сатып алады. Алайда, тағы да саны жеткілікті шикізатты алу қажет болады. Ал бұл шикізат Қазақстанда жоқ болуы мүмкін, демек өндіруші тағы да оны импорттауы қажет. Және мұндай түйіспеушілік өте көп. Мысалы, құрал-жабдық бізден бажсыз жөнелтіледі, дегенмен қосалқы бөлшектер мен материалдар шығынына баж бар, әрі олар өте жоғары. Мемлекеттің жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарынан ҚҚС алып тастаған кезі болды. Сонымен бірге шикізат импорты, сол тоқымаға баждар салығы өте жоғары. Нәтижесінде дамуға тиісті кәсіпорындар бұған жете алмады. Егер біздің өндірушілер экспорт үшін өнім құрғылары келсе, онда олар міндетті түрде бір нәрсе импорттаулары қажет болады. Олар: құрал-жабдық, шикізат, қосалқы бөлшектер, көбінде осының барлығын қосып алғанда. Сондықтан да біздің ұйымның ең негізгі мақсаттарының бірі - экспорттау жүйесін құруда қозғаушы күш болып табылу.

- Барлық кәсіпорындар кездесетін ең өзекті мәселелердің бірі - ол зерттеу жүргізу. Сыртқы нарыққа шығу үшін, ең алдымен немен шығу, қандай нарыққа, ол нарықта қандай талаптар барын білу қажет. Бұл өте қымбат тұратын іс, мұндай маркетингтік қызметке тапсырысты 500 мың $ жуық бағаға беруге болады. Мұндай ақшаны консалтингтік компанияларға біздің бизнес төлеуге әлі дайын емес. Осыдан тұйық шеңбер шығады, оны күш жетерлік материалды қолдау арқылы, тек мемлекет қана шеше алады. Мысалы, қандай да бір ауқымды зерттеу ұйымдастырып және шығындарын сауда-өнеркәсіп палатасы мен компанияның осы зерттеуіне қызығушылық танытқан топтарға, мемлекет арасына бөлу қажет. Қорытындысында зерттеу нәтижесі осы компаниялардың әр қайсысына барынша қол жетімді болады. Сондай-ақ мемлекет өнегелі қолдау көрсеткен болар еді. Мысалы, ISO стандартын билік өте басыңқы деп хабарлаған кезде, біздің көптеген компанияларда осындай стандарттар пайда болды. Бұл бағытқа басымдылық беру керек деген кейде мемлекет жағынан мәлімдеме айтылса, оның өзі өнегелі ынталандыруға жеткілікті болар еді. Дегенмен, бұл салада жасалып жатқан қадамдар жеткіліксіз.

- Бізге ұқсас әлемде 97 % корпорация мемлекеттен қаржыландырады. Тек қана құрылым ғана емес, оның қызметі де қаржыландырылады. Біз корпорацияны құруға дайындықтың бірінші кезеңінде, бүгінде экспортшылар қандай ортада жұмыс істеп жүргендері туралы және не себептен қайта өңделген өнім экспорты өспейтіндігін зерттеп талдау жүргіздік. Ішкі нарықтағы жұмыспен салыстырып қарағанда, экспортты дамыту қиын, қымбат және тиімді еместігі анықталды. Сонымен қатар біз инвестициялық заңнаманың артықшылықтарын зерделеп көріп, мұның бәрі ірі инвесторларға арналғаны, ал бізде мұндай инвесторлар шикізат секторында ғана жұмыс істейтіні белгілі болып шықты. Орта бизнес ойыншыларына жеңілдік алу үшін рұқсат қағаз бен барлық құжаттарды жинап, айлар бойы жүгіруі қажет. Біздің сауда заңнамалары да ішкі саудаға топталған. Экспорттың дамуына көмектесу үшін, ең алдымен, дәл қандай экспортқа және қандай ойыншыға көмек беретінімізді анықтап алу қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның кедендік заң актілерінде экспортшыға анықтама берілмеген, сол себепті кім республикадан тыс тауар тасымалдайды, сол экспортшы болып санала береді. Тек қана Қазақстан резиденті экспортшы бола алады деген айқын анықтама қажет. Шет елдік өндірушілер экспортшы болып саналмаулары тиіс. Біздің экспорт - секірмелі, жыл өсу байқалса, жыл - құлдырау және бұл үнемі. Бұл дерек үкіметтің дұрыс саясаты жоқтығын куәландырады, сондай-ақ Қазақстанда экспорттық келісімдер тұрақты емес, керісінше кездейсоқ сипат алады.

- Қазақстандық өнімнің негізгі нарық өтімі - бұл Еуроодақ, Қытай мен Ресей. Егер ТМД елдерінде 90 жылдары біздің экспорттың жалпы көлемі 50 % көбірек орын алса, қазіргі уақытта алыс шетелдерге экспорт көлемі 80 % жоғары. Соңғылары дәл шикізатты сатып алады (біздің шикізат экспортының 80 % жоғары) . Өңделген өнім экспортының көп бөлігі (60 % жоғары) ТМД елдері бойынша көршілерге өтеді, әсіресе Ресей мен Орталық Азия елдеріне. Бұлар біздің өңделген өнімге тұрақты басымдық беретін импортшылар, алайда бұл нарық неғұрлым төмен сатып алушылықпен сипатталады және ғаламдық нарықпен салыстырғанда кем талапшылдық, сол себепті шығарылатын өнім өз бағасында болуы керек.

Қазақстаннан Ресейге не қалайсың, соның бәрін экспорттауға болады деген пікір өрбіп жүр және Ресей біздің өндірушілер үшін жәннәт тәрізді деп те айтады. Бұл адасушылық. Ресейлік нарық өте серпінді дамуды, онда тек жергілікті ойыншылармен ғана емес, басқа елдермен де бәсекелесуге тура келеді. Біздің өнім берушілерді Ресейден Өзбекстан мен Тәжікстан қысып шығарады, яғни қолайлы ортасы, ақшасы жоқ мемлекеттер, соған қарамай Ресейде экспорттауға амалдайды. Бұдан басқа, Қазақстанда көптеген технология, бренд, өндіріс типтері ресейліктерден көшірілген. Ал мұндай технологиялармен қалайша қайтадан ресейлік нарыққа шығуға болады?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрама жемдерді байыту технологиясы
Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Азық - түлік тауарларынын сапасын кадағалау
МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТАРДЫҢ АНАЛИЗІ
Жұмыс орны және оны жабдықтау. Жұмыс орнына қызмет көрсету,түрлері,ұйымдастыру әдістері. Жұмыс уақыты шығындарын жіктеу
НАУБАЙХАНА ӨНЕРКӘСІБІ
Былғары және үлбір шикізаттары
Шикізаттарды дайындау
Қантты печенье өндірісіндегі технологиялық жүйе
Басқару есебіндегі шығындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz