Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Диплом жұмысы
Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктері
Орындаған:
4 курс студенті Ж. Агенова
Ғылыми жетекшісі:
ф. ғ. д., Л. О. Асқар
Норма бақылаушы:
ф. ғ. к., доцент Ә. Әмір
Қорғауға жіберілді:
«___» 2010 ж
Кафедра меңгерушісі:
ф. ғ. д., профессор Б. Шалабай
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- «УАҚЫТҚА ҚАТЫСТЫ СЕМАЛАРДЫҢ» ЗЕРТТЕЛУІ1. 1 «Уақытқа» қатысты тіркестер жайлы ғалымдардың көзқарастары . . . 61. 2 Уақыттың циклдік қасиеттері . . . 111. 3 Уақыттың өріс түрінде ұйымдасуы . . . 15
- УАҚЫТҚА ҚАТЫСТЫ СӨЗДЕРДІҢ КОНЦЕПТІЛЕРІ2. 1 Ұғым мен концептінің айырмашылықтары . . . 20
2. 2 Таң, Түс концептілері . . . 23
- 2. 3 Кеш, Түн концептілері . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37
Реферат
Диплом жұмысының тақырыбы: Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктері
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі тіл білімінде мағынаның құрылымдық бөліктері семантикалық белгі, семантикалық компонент(сыңар), сема, ұғым белгілері, мағына элементі, мағына бөлшегі сияқты көптеген атаулармен аталып жүр. Сөз мағынасының ең кіші мағыналық бөлшегі болып табылатын осы семантикалық белгілердің әрқайсысы таңбаланушының түрлі қасиеттері туралы мәлімет береді. Егер сөздің мағыналық құрылымына талдау жасай бастасақ, онда әр семаның сөз арқылы ұғым жөнінде беретін жалпы ақпаратының жеке-жеке бөліктерін құрайтынына көз жеткізе бастаймыз.
Диплом жұмысының нысаны. Бұл жұмыста уақытқа қатысты сөз тіркестерінің айырушы, жалпылауыш және тағы да басқа семаларын айқындап, жеке-жеке тоқталып, тарамдап жазып шықтық. Еңбекті жазу барысында Н. Уәлиевтің, І. Кеңесбаевтың, Ә. Болғанбаевтың, Ә. Қайдар, М. Томанов, Ж. Ахмедова, Р. Сыздық, Р. Жайсақова, Г. Смағұлова, Т. Сайрамбаев, А. Салқынбай, т. б. ғалымдардың мақалалары мен зерттеу еңбектері пайдаланылды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Осымен байланысты белгілі бір аймаққа тән жергілікті тіл ерекшеліктеріндегі этнолингвистикалық сипаттарға талдау жасау қазақ тіл білімінде әлі де болса өз деңгейінде зерттелмей келеді. Негізінен осы уақытқа дейін жергілікті сөзқолданыстардың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық ерекшеліктері қарастырылып, ондағы талдаулар көбінесе құрылымдық грамматика мәселелері тұрғысынан сөз болып келді. Ал соңғы жылдары антропоцентристік бағыттағы зерттеулердің жалпы тіл білімінде қарқынды қолға алуына байланысты жергілікті сөзқолданыстарды да әлемнің тілдік бейнесін адам факторы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырудың қажеттігі анықталып отыр.
Әр семантикалық белгі сөз мағынасы арқылы берілетін тұтас ақпараттың бір-бір бөлігі болып табылады. Сөз мағынасында өзгерістердің болуын, мағынаның кеңеюінің немесе тарылуының негізінен екі түрлі себебі бар. Біріншісі - мағынасының дамуы тілді тұтынушылардың саналы әркетінің негізінде мақсатты түрде жүзеге асуы да, ал екіншісі - олардың еркінен тыс түрлі экстралингвистикалық себептермен байланысты болуы. Соңғысы, яғни тілден тыс факторлар қоғам өміріндегі елеулі өзгерістер, ұғымға деген көзқарастың өзгеруі немесе ғылымның өркендеуі негізінде ұғымның жаңа белгілерінің айқындалуы және тағы басқа да болуы мүмкін. Біз осы дипломдық жұмыста уақытқа қатысты сөз тіркестерінің мағыналық, яғни семантикалық ерекшеліктерін қарастырамыз. Уақытқа байланысты тіркестерді мүмкіндігінше толық қарастырып, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын тілдік тұрғыдан айқындаймыз.
Диплом жұмысының әдістері. Тақырыпты зерттеу барысында баяндау, жүйелеу сипаттама әдістері, тілдік факторларды салыстыра отырып зерттеу әдісі. Құрылымдық, прагматикалық, лексика-семантикалық әдіс, сонымен бірге жалпы танымдық және компоненттік талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушалардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ГЛОССАРИЙ
Сөз - затқа (құбылысқа) тән басты белгілердің жалпыланған жиынтық бейнесі, образы.
Сөз - дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығынан тұратын тілдік бірлік.
Сема - (грек тілінен аударғанда -«белгі» деген мағынада) мағынаның ең кіші бірлігі.
Семантика - (гр. Semantikos -белгілеуші)
Сема дегеніміз - бұл микрокомпонент, құбылысты таңбалай отырып, сөздің нақты белгілерін бейнелейтін бөлшек.
Тіл - әртектес және біртектес бөлшектерден тұратын иерархиялық қатынасқа негізделген құбылыс.
Валенттілік (лат. Valentia -күш) - сөздің басқа сөздермен синтаксистік байланыс жасау қабілеті.
Валенттілік - семантикалық синтаксис саласында қолданылатын құбылыс.
Тіркесімділік - сөздердің бір-бірімен грамматикалық үйлесімділікте тұру қабілеті
Ядро - лексеманың сөздіктегі мағынасы.
Периферия - лексеманың прагматикалық құрамы, коннотациялары, ассоциациялары және жекелеген тәжірибелер.
Уақыт - мезгіл, мерзім.
Цикл дегеніміз - мөлшерлі уақыт ішінде толық бір айналыс жасайтын белгілі бір құбылыстар жүйесіндегі процестер жиынтығы.
Семантикалық өріс - болмыстың белгілі бір бөлігіне сәйкес келетін, лексикалық мағынасында ортақ белгісі бар түрлі сөз таптарына қатысты сөздерді біріктіретін ең ірі лексика-семантикалық парадигма.
Сөйлем - тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі.
Кіріспе
Диплом жұмысының тақырыбы: Уақытқа қатысты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктері
Диплом жұмысының өзектілігі. Сөз мағынасы тіл білімінде ғасырлар бойы сан түрлі елдердің тілші ғалымдары тарапынан зерттеу нысаны болып келе жатқандығына қарамастан, күрделілігіне байланысты оның тілдік табиғаты толық ашылған, түпкілікті зерттеліп болған тілдік бірлік деп кесіп айту қиын. Сөз мағынасының әлі де жан-жақты қарастырылып, тереңірек зерттеуді қажет ететін қырлары жоқ емес. Соның бірі біз сөз еткелі отырған сөз мағынасының уақытпен байланысты қыры. Адамзат баласы аяқ басып отырған осы ХХI ғасырда уақыттың маңызы өте үлкен. Сол өмір сүріп отырған ғасырымыздың негізіне айналып, маңыздылығы кең қанат жайып отырған қазіргі кезеңде осы уақыттың тілдік бірліктердің ішіндегі ең бастысы, негізгісі болып саналытындығын, сөз арқылы қалай берілетіндігін, қалай сақталатындығын зерттеудің маңызы зор.
Диплом жұмысының нысаны. Өзге тілдің жеке тілші ғалымдарының еңбектерінде сөз болғаны болмаса, бұл мәселе тіл білімінде өте аз зерттелген. Ал қазақ тіл білімінде сөз арасында айтылған жеке ой-пікірлер болмаса, арнайы зерттеу нысаны ретінде әлі қарастырыла қоймаған. В. Н. Комиссаров өз еңбегінде «мазмұн», «мағына» терминдерін бірдей мағынада қолданылатындығын айта отырып, сөздердің білдіретін он түрлі мағынасы бар деп көрсетеді. Бірінші мағына - деноттаты теңестіруші мағына. (Мұны М. Оразов заттық мағынаны білдіру деп түсіндіреді) . Мұндай мағына денотаттың атын атай отырып, оның бар екендігін, оны алуан түрлі қоршаған ортадан айрықшалап көрсетеді. Екінші мағына - денотаттың жеке белгісін көрсетеді. Үшінші мағына - денотаттың қандай да бір категорияға жататынын көрсетеді. Ол категориялар үшеу: лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық және грамматикалық. Осылайша жалғаса отырып, тоғызыншы мағына- сөйлесу барысында белгілі бір сөздің басқа сөздермен тіркесу мүмкіндігін көрсетеді. Ал оныншысы - бір сөз арқылы берілетін мағынаға қарсы екінші бір сөздің мағынасының барлығын көрсетеді. Комиссаров көрсеткен осы мағыналардың үшіншісі біздің зерттеуіміздің қарастыратын басты мәселелерінің қатарына жатады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Сөз мағынасы жалпы тілдік жүйенің құрамдас бөлігі, элементі бола тұра, өзіндік дербестігімен ерекшелентін тілдік бірлік. Оның өзіне ғана тән семантикалық қасиеттері бар. Сөз - дыбыстық форма мен мағынаның тұтастығынан тұратын тілдік бірлік. Мағына мен дыбыстар тіркесімінің бірлігінен тұратын сөз заттар мен құбылыстардың адам санасындағы бейнесі. «Сөз дегеніміз - затқа (құбылысқа) тән басты белгілердің жалпыланған жиынтық бейнесі, образы» [2, 12-б. ] - деп атап көрсетеді сөз мағынасын оқытуға арналған оқу құралдарын жазған ғалымдар. Сөздің мағыналық құрылымы түрлі семантикалық компоненттерден, ірілі-уақты мағыналық бөліктерден тұратыны белгілі. Қазіргі тіл білімінде мағынаның құрылымдық бөліктері семантикалық белгі, семантикалық компонент(сыңар), сема, ұғым белгілері, мағына элементі, мағына бөлшегі сияқты көптеген атаулармен аталып жүр. Сөз мағынасының ең кіші мағыналық бөлшегі болып табылатын осы семантикалық белгілердің әрқайсысы таңбаланушының түрлі қасиеттері туралы мәлімет береді. Егер сөздің мағыналық құрылымына талдау жасай бастасақ, онда әр семаның сөз арқылы ұғым жөнінде беретін жалпы ақпаратының жеке-жеке бөліктерін құрайтынына көз жеткізе бастаймыз.
Сема - (грек тілінен аударғанда -«белгі» деген мағынада) мағынаның ең кіші бірлігі. Ал семантика - (гр. Semantikos -белгілеуші)
1) тіл немесе оның бірлігі (сөз, сөздің грамматикалық тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы берілетін мағына, хабар;
2) осы мағынаны, хабарды зерттейтін тіл білімінің саласы;
3) семиотиканың негізгі тарауларының бірі. Бірінші мағынада семантика - мағыналы сөз (мысалыға, зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, т. б. ), ол семантикалық үшбұрышты құрайды.
«Сема дегеніміз - бұл микрокомпонент, құбылысты таңбалай отырып, сөздің нақты белгілерін бейнелейтін бөлшек» - дейді сөз мағынасының құрылымын арнайы зерттеген ғалымдардың бірі И. А. Стернин [3, 44-б. ] Ал осы сөздің нақты белгілерін белгілейтін микрокомпоненттердің ақпаратпен байланысты екендігін атап көрсеткен тілші ғалымдар да бар. Мысалы, М. Оразов былай деп жазады: «семалар обьективті дүниелерден түйсік арқылы қабылдаған информациялармен байланысты болса, семема сол информацияларды қабылдап, адам ойындағы жалпылау, дерексіздену қасиетімен байланысты болады»[4, 178б. ] . Ғалымның тұжырымы көрсетіп отырғандай, сөз мағынасын құрайтын осы микрокомпоненттер арқылы біз сол сөз белгіленген зат, құбылыс немесе әрекет жөнінде ақпараттар аламыз. Әр семантикалық белгі сөз мағынасы арқылы берілетін тұтас ақпараттың бір-бір бөлігі болып табылады. Сөз мағынасында өзгерістердің болуын, мағынаның кеңеюінің немесе тарылуының негізінен екі түрлі себебі бар. Біріншісі - мағынасының дамуы тілді тұтынушылардың саналы әркетінің негізінде мақсатты түрде жүзеге асуы да, ал екіншісі - олардың еркінен тыс түрлі экстралингвистикалық себептермен байланысты болуы. Соңғысы, яғни тілден тыс факторлар қоғам өміріндегі елеулі өзгерістер, ұғымға деген көзқарастың өзгеруі немесе ғылымның өркендеуі негізінде ұғымның жаңа белгілерінің айқындалуы және тағы басқа да болуы мүмкін. Біз осы дипломдық жұмыста уақытқа қатысты сөз тіркестерінің мағыналық, яғни семантикалық ерекшеліктерін қарастырамыз. Уақытқа байланысты тіркестерді мүмкіндігінше толық қарастырып, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын тілдік тұрғыдан айқындаймыз.
Диплом жұмысының әдістері. Тақырыпты зерттеу барысында баяндау, жүйелеу сипаттама әдістері, тілдік факторларды салыстыра отырып зерттеу әдісі. Құрылымдық, прагматикалық, лексика-семантикалық әдіс, сонымен бірге жалпы танымдық және компоненттік талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушалардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. «Уақытқа» қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің зерттелуі
- «Уақытқа» қатысты тіркестер жайлы ғалымдардың көзқарастары
Қазақ тіліндегі уақытты білдіретін атаулар, сөз тіркестері толық түрде жеке зерттеу тақырыбы болған емес. Аталған лексемалар тілші ғалымдардың еңбектерінде жалпы немесе мысал түрінде көрініс табады. Уақытқа қатысты сөз тіркестері терең, толық зерттелген мәселе емес. Уақыттың ішіндегі тәулік кезеңдері біршама зерттелген. Бұл тақырыпқа Н. Уәлиев 2 мақала арнаған. Тәулік кезеңдері атауларын әр түрлі ретпен тізіп жинақтаған Ә. Болғанбаев, М. Томанов, Н. Уәлиев, Г. Смағұлова, Қ. Аронов, сөздіктерде түсініктеме берген І. Кеңесбаев, Ә. Қайдаров, Т. Сайрамбаев, Б. Рысбай, уәжділікке қатысты мысал келтірген Н. Сауранбаев (күн-түн), жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің төркіндеріне талдау жасаған Ә. Қайдар (құлқын сәріде, шаңқай түс, жеті қараңғы түн), Е. Жанпейісов (екінді, бесін), Р. Сыздық (кеш, күн, күн батты), Ә. Құрыщжанов (сәрі, таң сәрі), Л. Рүстемов (бесін), Ә. Нұрмағамбетов (таң сыз беру), А. Салқынбай (тал түс, күн), өзге уақыт өлшемдерімен аралас берген Е. Жанпейісов, Ж. Ахмедова, Р. Авакова, С. Смат, лингвомәдениеттану және аударматану тұрғысынан қарастырған А. Алдашева (түн), синоним ретінде қарастырған І. Кеңесбаев (таң), Ә. Болғанбаев, М. Серғалиев, Г. Смағұлова (таңға, кешке қатысты мағыналас фразеологизмдер), антоним ретінде қарастырған Б. Сағындықұлы (күн-түн), А. Жұмабекованың (он антонимдік қатар) зерттеу еңбектері бар.
Ғалымдар М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Күлкеновалар жатыс септігіндегі жанама толықтауыштар қимылдың, сапаның басқа затқа тәндік, қатыстық, орындық, объектілерін білдіреді десе, « кімде? неде? деген сұрақтарға жауап беріп, ал объектілік қатынастан сөз тіркестерінің мағыналары қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен байланыста болатынын, заттың кімде екенін білдіреді», - дейді М. Балақаев пен Т. Қордабаев. Ал ғалым Р. Әміров жатыс жалғау формасындағы жанама толықтауыштар іс-әрекетке, сапаға тұрақ ретіндегі объектілерді білдіреді деп көрсетеді.
Объектілік қатынаста жұмсалатын сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларында зат есімдер мен есімдіктер қолданылады. Мұндай қатынаста қолданылатын сөз тіркестерінің мағыналық тұрғыдан әр түрлі болып келуі біріншіден, көмектес септікті сөздердің нені білдіретіндігімен байланысты болса, екіншіден, ондай сөздерді талап ететін етістіктердің мағыналық жағынан әр тарапты болуымен тікелей байланысты. Осының негізінде мұндай типті тіркестер әр түрлі мағыналарда қолданылады.
І. Кеңесбаев фразеологизмдер туралы көлемді еңбегінде олардың ерекшеліктерін айқындау мақсатымен бірқатар жерде уақытқа қатысті тәулік кезеңдері атауларын мысалға келтіреді. «Замена одного фразеологического оборота другим могла происходить не в результате приблизительного семантического схождения оборотов внутри определенного ряда. Синонимный ряд таких фразеологических оборотов, как, например, таң атқанда- таң алагеуімде - таң себелеп атқанда - таң сыз бергенде - таң сібірлей - таң қылаңдағанда - таң құлан иектегенде «когда занимается заря, безусловно, образовался на почве семантического сближения, а не обсолютного совпадения» [7. 167б. ] . І. Кеңесбаев фразеологизмдердің кейде қос сөзге, кейде біріккен сөзге айналып кету мүмкіндігін айта келе, оған деген себептердің бірі толық компоненттердің десемантизацияға ұшырауы деп есептейді.
Тіл - әртектес және біртектес бөлшектерден тұратын иерархиялық қатынасқа негізделген құбылыс. Ол өзінің даму сатысында жүйелі қатынастың екі түрін басынан кешіреді.
Қандай да бір тілдің лексика-семантикалық жүйесіндегі негізгі парадигмалық байланыстың бір түрі деп «тек-түр» қатынасында болатын гипер-гипонимиялық байланыс көрсетіледі. Тіл білімінде бұл терминнің орнына кейде таксономиялық байланыс термині қолданылады.
«Тек- түр» қатынасының күрделі құрылымында сөйлеуші ұжым мүшелерінің ойлау мен таным жүйесіндегі жалпылық, бүтіндік, бөлшектік, даралық, жекелік, сияқты философиялық категорияның сипаты бейнеленеді. Өйткені қоршаған дүниедегі кез келген зат немесе құбылыс басқа бір құбылыспен, заттармен қандай да бір байланыста сол затқа атау болып таңбаланған сөздер де бір-бірімен логикалық, себеп-салдарлық, синонимиялық, антонимиялық бүтіннің бөлшегі, бөлшектің бүтіні сиқты сан түрлі қатынаста тұрады.
Тәулік кезеңдері атауларын фразеологизмдер қатарына жатқызатын Ә. Болғанбаевтың пікіріне назар аударайық. Ол фразеологизмдердің шығу арналарын төрт бөлікке бөліп, соның ішінде өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған фразеологизмдерге мысал келтіреді. Ғалым осы мысалдардың өзін үш топқа жіктейді: уақыт-мерзім өлшемдері, көлем өлшемдері және ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері. Уақытқа қатысты атаулар төмендегі ретпен «Уақыт- мерзім өлшемдері» тобында алғашқы болып тұр: күн шыға, сәске түсте, тападай тал түсте, шаңқай түсте, тұс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынға отыра, көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде, іңір қараңғысында, ел жата, түн ортасында, таңға жақын, жылқы жусар кезде, тауық шақырғанда, таң ата, құлқын сәріде, таң аппақ атқанда [8. 119б] . Автор лексикалық варианттардың фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасатынын айта келе, соған дәлел ретінде көптеген мысалдардың қатарына «ала кеуім - ала көлеңке» тіркестерін қосады. Ә. Болғанбаев синонимдердің шығу жолдарын талдай отырып, олардың эвфемизмдердің есесінен молайғандығына, басқа мысалдармен қоса, «күн байыды -күн батты, кешкірді» синонимдерін келтіреді.
Жалпы, тәулік кезеңдері атауларының синонимдік қатар құру қабілетін сөз ететін болсақ та Ә. Болғанбаевтың синонимдер сөздігіне алдымен көңіл бөлеміз. Сөздікте тәулік мезгілдері атауларының 13 атауы бар. Оларды ғалым 4 синонимдік қатарға орналастырған:
1. Ымырт, іңір.
(ымырт түсіп . . . , іңір қараңғысы)
2. Алагөбеде, алагеуімде, таң сәріде, құлқын сәріде, елең-алаңда, ала кһлеңкеде, сәріден.
3. Арай, шапақ
(таңның арайы, қызыл арай)
4. Ертемен, ертеңгісін
(ертемен тұрып . . . , ертеңгісін оянып)
А. Т. Қайдаров, Р. Жайсақованың фразеологизмдерді классифифкациялаған мақаласында жеті түн, тапа тал түсте, күн найза бойы көтеріле бергенде, таң құлан иектегенде тіркестері мысал түрінде берілген.
Академик Ә. Қайдардың «Бір мың әсерлі де, бейнелі оралым» атты этнолингвистикалық түсініктемесі берілген қазақша-орысша фразеологиялық сөздігінде «құлқын сәріде», «шаңқай түс», «жеті қараңғы түн» тұрақты тіркестеріне орыс тіліндегі аудармасы және түсініктемесі берілген:
Құлқын сәріде - раннее утро, чуть свет
Шаңқай түс - ровно в полдень, когда солнце в зените
Жеті қараңғы түн - глубокая ночь, поздняя ночь.
Сондай-ақ Ә. Қайдар «Қоңыр күз» фразеологизміне түсініктеме бере келе, мысалдар қатарында уақытқа қатысты қоңыр кеш тіркесін атайды.
М. Томанов тәулік кезеңіне қатысты фразеологизм сөзін қолданбайды, сөз тіркестері деп көрсетеді. Өзінің «Мезгілдік қатынастағы сөз тіркестері» атты мақаласында сондай тіркестерді төрт топқа жіктейді. Төртінші топ жайлы былай деп жазады:
Сонымен бірге тұрақты тіркестердің бір тобы мезгілді кез, уақытқа тән айырым белгі, қасиет, сын сипат арқылы айқындайды. Таң қараңғысында, іңір қараңғысында, таң ата, күн шыға, жеті қараңғыда, көз байланбаған кезде, таң сәріде, таң сібірлеп атып келе жатқанда, таң аппақ атқанша, күн тұсау бойы көтерілгенде, шаңқай түсте, ала көлеңкеде, алакеуімде, апақ-сапақта, жан тәсілімде, т. б. [ 9. 62б. ] М. Томановтың тізіміне 15 тіркес енген. Өзге зерттеушілердің тізімдерінде кездеспеген «жан тәсілімде» тіркесі берілген. Бұл күн батар кезде болуы керек.
1975 жылы қорғалған Ж. Ахмедованың «Казахские народные наименования понятий об измерениях» атты кандидаттық дисертациясының « лексико-семантический ряд способов определения времени в казахском языке» деген 2-тарауында уақыт өлшемдеріне қатысты тіркестерді береді. Өзге авторлар көрсетпеген «бие байлар кез», «бие ағытар мезгіл» тіркестері сөздікке тіркелген. Ж. Ахмедова тәулікке қатысты сөздердің уақыт жағынан шектеулі екендігін қысқаша ескертпе ретінде атап өтеді. Осы автор мысалға алған сөздер мен сөз тіркестері мыналар: азанда, Шолпан туғанда, елең-алаңда, тауық шақырғанда, сақарда, құлан иектегенде, сәске, кіші сәске, таң сәрі, таң сібірлей, таң сыз бере, түс, тал түс, шаңқай түс, зауал, зауал ауа, бесін, ұлы бесін, кіші бесін, екінді, екінді мен ақшам арасы, намаздыгер, іңір, қызыл іңір, іңір қараңғысы, ымырт, күн батқанша, көз байлана, қас қарая, ел тегіс орынға жата, ел жата.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz