Қазақстан қорықтары - еліміздің ұлттық мұрасы


Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімҚазақстан қорықтары - еліміздің ұлттық мұрасыБарсакелмас қорығы

а) Тарихи деректер

б) Қазіргі таңдағы Барсакелмес

в) Ұйымдастырылып жатқан шаралар

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1. 1. Қазақстан қорықтары - еліміздің ұлттық мұрасы

Қорықты жерлерді арнайы ұйымдастыру- адамның өте ерте кезден басталған игілікті іс-әрекеттерінің бірі. Әрбір қоғамның өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес қорық ұйымдастырудың міндеттері мен ондағы істелінетін жұмыс шаралары да үнемі өзгеріп отырған. «Қорық» деген сөздің түбірі «қор», «қорғау» деген сөздерден алынып, белгілі бір өңірдегі табиғаттың адам өмірі үшін айырықша маңызы бар алқабын қорғау және сақтап қалу деген ұғымды білдіреді.

«Қорық» сөзіне алғаш анықтама берген деректерді біз орта азиялық ғұлама ғалым Махмуд Қашқаридің (1029-1039) XI ғасырда жазылған «Диуани луғат-ат-түрік» («Түрік сөздігі») атты энциклопедиялық еңбегінен көреміз. Онда «дәулетті адамдардың иелігіндегі ерекше қорғалатын жайылымдық жерлер және арнайы қорғауға алынып қоршауға алынып қорғалатын аумақтар» деп түсініктеме берілген.

Тарихи дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы қорықты жерлер негізінен аң-құс аулауға немесе шүйгінді жайылымдар мал жаюға арналған, жеке дәулетті адамдардың (көбіне хандардың) қарамағында болып, қатаң тәртіпте қорғалатын болған. Мұндай қорықты аумақтар көбіне орманды қойнауларда, кейбір өзені мен бұлақтары көп шырайлы өңірлерде немесе аң-құсы мол алқаптарда ұйымдастырылған. Мұндай қорықты аумақтар арнайы қатаң қорғалып, кез келген адамның аң аулауына рұқсат етілмеген. Тіпті мұндай қорық деп белгіленген алқаптарда руқсатсыз аң аулағандарды өлім жзасына дейін жазалау ережесі бекірілген. (Бартольд В. В. 1996) .

Қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашлығының түрлі саласында табиғат байлықтарын әсіресе мал жайылымдарының жыл маусымдарына байланысты дұрыс әрі тиімді пайдаланған. Сондықтан да жазда жайлауға, қыста қыстауға, көктемде көктеуге, күзде күзеуге қарай қоныс аударып, бір алқаптың немесе аумақтың табиғатын тоздырмай дұрыс пайдалану қажеттігі қатаң ескерілмеген. Ақын Абайдың да «ерте барсам жерімді жеп қоямын деп, ықтырмамен күзеуде отырар бай» деген жыр жолдары да халқымыздың табиғат үйлесіміндегін бұзбай пайдалана білгендеріне нақты мысал бола алады. Халқымыздың көрнекті этногроф, археолог ғалымығалымы Халел Арғынбаев «Қазақтың мал шаруашлығы жайында этнографиялық очерк»(1969) деген еңбегінде мал шаруашлығын табиғат жағдайларымен үйлестіре жүгізудің табиғат қорғау саласындағы құнды жақтарын атап көрсеткен. Ғалым бұл еңбегінде барлық қазақ руларының өздеріне тән жылдың әр мезгілдерінде қоныстанатын белгілі жайылымдары болғандығы жайлы жазады. Ру ішіндегі ірі байлар мен ықпалды билер жайылымдардың көбін меншіктеген. Әсіресе қар түспейтін қыстың күні қара бауыр болып жататын шөпті күнгейлерге олар бейсуат малдың аяғын бастырмаған. Олар қорыған қара бауыр бұйраттардың не жоталардың жазық бауырында қалың бидайық, көкорай шалғын мол шығатын кең алқаптар болған. Мұндай жерлерді «қорық» деп атаған.

Қазақстан аумағында тікелей «ҚОРЫҚ» сөзімен тіркесіп айтылатын бұрыннан сақталып қалған жер-су атаулары көптеп кездеседі. Осыған байланысты белгілі шығыстанушы ғалым А. Н. Бернштам(1910-1959) Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көне тарихына қатысты әрі маңызды, әрі құнды көп мәліметтер жинады. Осындай зерттеулердің нәтижесінде Тянь-Шань аумақтарында көне дәуірлерде (қола дәуірінде яғни б. з. б. 2 ғ-дан бастап), ХҮ ғ. дейінгі аралықта мекендеген тайпалардың арнайы қорықты жерлері туралы қызықты деректер келтірген (А. Н. Бернштам. Историческая географияч Тяны-Шаня Памиро-Алая-Изв, ВГО, 1955т. 87вып. 1с. 42-43) . Осы тарихшы ғалымның келтірген ғылым деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан аумағында қоныстанған көшпенді андронов тайпаларының кейбір шаруашлық маңызы бар аймақтарында арнайы тыйым салынған қорықты жерлері болғаны және ондай алқаптар жылдың белгілі бір мерзімдерінде ғана пайдаланатыны жөнінде деректер келтірілген. Осындай «қорық» деп белгіленген табиғат байлықтарын ондағы тайпалардың барлық мүшелерінің пайдалануға құқылы екендігі де атап көрсетілген. А. Н. Бернштам Оңт. Қазақстан мен Солт. Қырғызстанды мекендеген тайпалардың қоныстануға таңдап алынған халықтар көбіне Қаратаудың солтүстік беткейлерінде (оңт. беткейіне қарағанда) жиі қоныстанғаны байқалатынын жазады. Ал осы өлкелердің кей аумақтары арнайы «қорықты жерлер» деп бос қалдырылған. Мұнда арнайы қорықты жерлер сол дәуірлерде ғалымның пікірінше Шу және Іле өзендерінің аңғарларында да болғандығын арнайы атап көрсетілген.

Қазақстанда қола дәуірінде арнайы қорықты жерлер негізінен аң аулау үшін және мал жайылымдары үшін бөлінгендігі тарихи деректерден белгілі. Бұл дәуірде мал шаруашлығы дамығанымен әлі де болса көшпелі тайпалар үшін аңшылықпен айналысудың да маңызды орын алғандығын аңғартады. Көрнекті шығыстанушы Н. Я. Бичурин-Иакинф өз еңбектеріне б. з. б. 3-2 ғасырларда Жетісу өңірінде мал шаруашлығымен шұғылданатын көшпелі үйсін тайпаларының мекен еткендігін және олардың арасындағы дәулетті адамдардың табиғаты бай, әрі көрікті жерлерді «қорық » деп белгілеп, ондай жерлерге рұқсатсыз мал жаюға және аң аулауға болмайтыны, яғни жылдың белгілі бір мезгілдерінде ондай іс әрекеттерге мүлде тыйым салынатыны туралы деректерді келтірген (Бичурин-Иакинф Н. Я Собрание сведеней Азии в древние времена М-Л 1953) .

Қазақстанның Оңтүстік Шығысы мен Оңтустік Өңіріне саяхат жасап, бұл аймақтарды мекендеген тайпалардың өмір тіршілігі және шаруашлығы туралы ҮІІ ғ. еңбек жазған Қытай жиһанкезі Сюань Цзянь Жетісу алқабы туралы қол жазбаларда қазіргі Тараз өзенінің таулы аңғарындағы Мыңбұлақ Қойнауында орналасқан «Қорықты жер» туралы қызықты деректер жазып қалдырған. Оның мәліметтері бойынша бұл қорықты алқапта мойнына қоңырау тағылған жабайы бұзаулардың көп болғаны және оларды ешкімнің атуына руқсат етілмегені тұралы деректер келтірілген.

Мұнда арнайы «қорықты жерде»хандардың табиғат аясына шығып, емін еркін серуендеп, көркі көз тартатын бұғыларды көріп тамашалағаны айтылады. Сондай-ақ Талас алқабында ерте кездерде жабайы жылқының бір түрі құландардың көптеп кездесетіні туралы және олардың қорық ұйымдастырып қорғалғандығы жөнінде де қызықты деректер бар. Бұл өңірде «Құланқорық » деп аталатын жер атауының болуы да бұл мәліметтерді нақтылай түседі. Сонымен бірге тарихшы ғалым М. Е. Массонның еңбектерінде де талас өзенінің жоғарғы ағысының аңғарында ҮІІ-ІХ ғ-да арнайы аң аулауға арналған қорықты алқаптың болғандығы тұралы деректер келтірілген.

(Умурзаков с. Очери по истории геогрофических открытии исследований Киргизии Фрунзе, 1959) .

Орта Азия мен Қазақстанда құланның көптеп таралғандығы және олардың арнайы қорықты жерлерде еркін жүріп тіршілік еткендігі туралы деректер ертегі «Огузнаме» эпосында да кездеседі. (Шербак А. М. Огузнаме. Мұхаббат-неме. 1959) .

ҮІІІ ғ-дың бас кезінде Талас өзенінің аңғарында түркі ханы Абу-Мухазимнің қарамағына қарайтын ауқымды жерді алып жатқан таулы алқап пен шабындық жер Қорық деп белгіленгені және ол жерде ешкім де аң ауламайтыны туралы деректер сақталған. Мұндай қорықты жердің шұрайлы шалғындары мен шөбі шүйгін жайылымдары және ондағы қаптап жүрген аң-құстар соғыс бола қалған қиын кездерде ғана пайдалануға рұқсат етілетін болған.

Орталық Азия мен Қазақстанда арнайы бағалы аң-құстардың таралған жерлерін Қорықты жер деп белгілегендігі тұралы да тарихи деректер көптеп сақталған. Мысалы, ХҮ ғасырда Самарканд қаласының маңында ауқымды далалы жер бөдене құсын қорғауға алынып «Бөденеқорық» деп атап кеткен. Өйткені өзбек халқының бөдене құсын шоқыстырып, жарыс ұйымдастыруға ерекше қызығушылық танытатыны белгілі. Сондықтан да бөдене құсы кездесетін жерлер қатаң қорғалатын болған.

Қазақстан жеріндегі ертедегі қорықтар негізінен суы мол, шөбі шүйгін, Аң-құсы қой талаған Сырдария, Шу, Талас, Іле, Аягөз, Ертіс ертіс өзендерінің бойында, Сары--арқа өңірі мен Жайық алқабында болған. Мысалы, Сыр бойындағы әйгілі «Кенқорық», Сарыарқадағы «Басқорық», «Ерейментау», «Ханқорық», «Кйікті қорық», «Алтынқорық», Шыңғыстаудағы «Жидебай қорығы», Зайсан өңіріндегі «Сарышоқы қорығы» деген жер атаулары сол алқаптар ертеде қорықты жерлер болғандығынан хабар береді. (ІҮ-ХҮІ в. в О долине реки Талас и смеженых районах. Тр. ин-та кет. Археол. и этнограф. Қаз. ССР, 1960т-8, стр72-92)

Уақыт өте келе Қазақстанда табиғи қорықтар ұйымдастырыла бастаған. Мысалы, Қазақстан аумағындағы ғылыми негізде ұйымдастырған. Ал, 1935ж10ақпанда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комисарлар Кеңесінің №744\8 «Жалпы мемлекеттік маңызы бар толық қорықтар жүйесін бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

А) Тарихи деректер

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық статусқа ие. Сол уақытта Қаз ССР Халық Комисарлары кеңесінің №973 қаулысы негізінде қаз тұрған бұл құрылымның тұрақ тепкен жері өте қолайлы мекен болатын. Оның ең биік бөлігі теңіз деңгейінен 100 метрге дейін барады.

Өткен ғасырдың 60 жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал Теңізіне келіп құйатын судың мөлшері күрт азаюына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді.

Барсакелмеске ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеу ХІХ ғ-дың орта тұсына қарай басталады. Алғаш 1831 жылы орыс ғылымы Р. Левшин Арал теңізінде осындай арал бар екенін анықтап, картаға сызбасын түсіреді. Патша үкіметі 1848 жылы арал теңізінің аумағын зерттеуге бірінші экспедиция шығарып отырған басшы етіп әскери теңізші Алексей Бутаковты тағайындайды. Сол жылғы мамырдың ортасында Ор бекінісінен шыққан керуен айдан аса мерзімде Арал теңізінің жағасына жетеді. Жаз ортасында теңізге бет қойған саяхатшылар әуелі Көкаралға аялдап, содан соң оның арғы жағындағы Барсакелмеске жүзіп барады. Осыдан кейін бұл жерге зерттеуші Л. Бергтің табаны тиеді. Міне, Барсакелместің ашылу тарихы осындай. Айдынды арал зерттеушілердің өзінің керемет табиғаты мен таңғалдырады. Оның табанын түгел жасыл желек жапқан. Тұщы суы бар көлдер көп. Мұндағы өсімдіктердің көпшілігі басқа жерде мүлдем кездеспейді. Экспедиция жетекшісі аралда құстардың 200 түрі бар екенін жазады. Жыландар мен кесірткелер, шаяндар ман бүйілер өріп жүрген. Сексеуілді паналаған жайрандар мен ақбөкендер тіпті адамнан үрікпейтін болған. Сол кездегі бұл жер шынында таңғажайып қойнау болғанға ұқсайды.

Бүгінде құрылғанына 70 жылға жуық уақыт болған Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы осындай жаратқанның өзі жарқыратып жасап берген жалпақ жайуаттан жай тапқан . Қорықта бүгін де өсімдіктің 165 түрі өседі. Олардың арасында бұйырғын, жусан, адыраспан, рауғаш, итсирек, сексеуіл секілді сортаң шөптер бар. Жануарлар әлемінен құлан ақбөкен қарақұйрық орқоян сынды арал табиғатына бейім хайуанаттар түрлері кездеседі. Заманында еліміздің жазық даласында зыр қағып жүрген «қазақ құланы» деп аталған аң да болыпты. Оның ең соңғы тұяғы 1936 жылы оспадар оқтың құрбаны болған. Сосын 1953 жылдың қысында Түркіменстанның Бадхыз мемлекеттік қорығынан 14 құлан жеткізілді. Әкелінген жануарлар жаңа мекенді бірден жерсініп, ұрпақ жая бастады. Қорықта ұлы көш басталған 1982 жылға дейін олардың саны 300-ге жақын екен. Өкінішке қарай, 1997-1999 жылдары Барсакелместің арал болудан қалып, тұщы су көздерінің жоғалуы бұл жануарлардың жарамдылығын түгел басқа жаққа жөнелтүге мәжбүр етті. Сол ұақыттан бастап бұл жерден ұзын саны 250 қаралы құлан қөшіріліп әкетіліп. Негізгі бөлігі Алматы маңындағы Алтынемел ұлттық паркіне жіберілсе. Тағы бір тобы Маңғыстау маңындағы Үстірт жоталарына аттандырылды. Ал қорықтың өз басында алыс жолға шығаруға жарамайтын, кәрі-құртаң елу шақты құлан алып қалынған еді. Аралдың шығыс бөлігінің үлкен материкпен жалғасып жатуы бір жағынан жазықсыз жануарлардың аман қалуына себепші болды. Ащы судың аранында қалған олар осы арқылы үлкен жерге шығып, өз нәпақаларын теріп жей алатын жағдайға жетті. Осы кезге дейін біраз киік пен қарақұйрық ішетін таза судың жоқтығынан қырылып қалды. Екі араға өткел түскесін барып, бұл жерден 1500 киік пен 350 қарақұйрық сыртқа аман шығып үлгерді. Оқшау аралдағы ауыз судың тапшылығы, міне, аң-құстарды осындай халге дейін дұшар етті .

Б) Қазіргі таңдағы Барсакелмес

Казіргі таңда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорық ретінде сақтап қалудың барлық амалдары жасалуда. Атап айтқанда, еліміз үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Арал аймағына қолдау көрсету және жамыту шаралары туралы» №1121 қаулысы арқылы бекітілген іс-шараларға сәйкес құрғаған табанға өсімдіктен сүзгі орнатылуда. Мұнда құжаттың Барсакелмес қорығындағы өсімдіктер жан жануарлар әлемін сақтауды қамтамассыз ету жөніндегі шараларды зерттеу және талдау деген 7-бабы негізге алынып, соған сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Барсакелмес қорығының бүгінгі бет-бейнесіне келсек, соңғы 2 жылдан бері оның көлемі бұрынғысынан 10 есеге артты. Сөйтіп, осы кезге дейін 16795 гектар жерді алып келген аумақ 160795 гектарға ұлғайды. Бұл ұкіметтің 2005 жылғы 25 қарашадағы №1162 қаулысы негізінде мүмкін болды. Жайылымның кеңейе түсүі өз кезегінде Барсакелмес аралында тұралап қалған жануарлардың көбею үдерісін жеделдетті. Қорықта 2005 жылғы қазан айында жүргізілген санақ аң-кұстар дүниесінің динамикалық табиғи өсуін қанағаттандырарлық деп тапты. Мекеменің штаттық кестесі ұлғайып, жаңадан көп жабдық техника алынды.

Жабайы аң-кұстарды сақтау үшін олардың еркін өсуіне қолайлы кеңістік қажет. Дамыған өркениетті елдерде ерекше қорғалатын аймаққа мемлекеттің жалпы жер көлемінің 12-14 % кіреді. Әзірге Қазақстанның 2, 7 млн. шаршы шақырым жерінің ерекше қорғалатын аумағын 7, 7% көлем ғана құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Рекреациялық ресурстар жайлы түсінік
Қарқаралы ұлттық саябағының көрінісі
Туристік ресурстарды игерудегі шетелдік тәжірибе
Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Саябақ - елдiң сәнi
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz