Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері



Кіріспе
Негізгі бөлім
І. ШЫҰ.ның мемлекетаралық ұйым ретіндегі қалыптасуы, құрылымы және мәселелері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың қарқынды өзгерісі мен тұрақсыздығы жағдайында белгілі бір халықаралық ұйымның даму болашағы туралы нақты пікір айту өте қиын. Бұл әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) секілді қалыптасу кезеңінен өтіп, одан кейін толыққанды халықаралық ұйым ретінде танылған бірлестіктің өз ішіндегі кейбір мәселелерін шешпеуіне қатысты одан ары қиындай түспек. Ал қазіргі кездегі ШЫҰ жұмысы көрсетіп отырғандай бұл қиындықтардың ешқайсысы да әлі өз шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдайдың шиеленісуіне өзгерген халықаралық жағдай мен аймақтық мәселелердің қиындықтары қосылуы да әсер етуде. Қазіргі таңда Орталық Азиядағы ықпал үшін геосаяси күш орталықтары арасында «үлкен ойын» басталды. Негізгі геосаяси «ойыншылар» – Ресей, АҚШ және Қытайдың аймаққа қатысты ұстанымдары қатаң түрде байқалуда, өйткені олардың аймаққа және осы территория мен оның сыртында орналасқан мемлекеттерге қатысты ұстанымдарының әртүрлілігі бұл өзара тартыстың аймақтағы энергоресурстармен қатар, саяси ықпалға да қол жеткізу шарасы екендігін көрсетті. Негізгі үштік – АҚШ– Ресей–Қытай арасындағы текетірестің соңғы кездердегі шиеленістігі және олардың арасындағы консенсустың жоқтығы орталықазия аймағындағы геосаяси ойыншы ретіндегі қатынастарында қиындықтар туғызады. АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирак жеріндегі лаңкестікке қарсы операцияларды негізге алып, Орталық Азия аймағына аяқ тіреуі мен кейінгі кездерде аталынған мемлекеттерде тұрақтылықты орната алмауына қатысты беделінің төмендеуі оның ОА аймағындағы қауіпсіздіктің кепілі бола алмайтындығын танытты. Ал ШЫҰ-ның негізін қалаушылар – Ресей мен Қытайдың Ұйым жұмысы мен идеологиясына қатысты көзқарастарының алшақтығы оның тиімділігін төмендетіп отыр. Қытай үшін ШЫҰ өзі басшы болған бірден бір аймақтық ұйым. Сондықтан да, Пекин оны жаһандану үрдісі мен әлемдік экономиканың аймақтану мәселесіне қолдануды мақсат етеді. Ол ШЫҰ-ның екінші «Шығыстық НАТО» кейпіне кіргенін қаламай, оның аймақтық және жаһандық экономиканың жандануының құралы болуын көздейді. Ал Ресей тарапы болса, ШЫҰ-ның басым бағыты ретінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық танылып, ұйымның лаңкестік, экстремизм, сепаратизм мен есірткі саудасына қарсы күрес жолындағы белсенділігін арттыруды мақсат етеді. Міне, Орталық Азиядағы геосаяси тартыстың негізгі факторларының осындай қайшылықтарына қатысты аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі таңда өзекті сұрақтардың бірі болып отыр. Ал осы Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуде ШЫҰ маңызды механизм болуы мүмкін, өйткені, аймақтағы қауіпсіздік негізінен осы ұйымға мүше-мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуы мен қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты. Осы мәселеге байланысты ШЫҰ-ның негізін қалаушылардың бірі – Қытай елінің ұстанған әскери стратегиясы мен оның көршілеріне қатысты жүзеге асырылуы да аймақтық қауіпсіздіктің негізгі факторларының бірі болып отыр.
1. Е.Н. Оразалин. «ШОС: Основы формирования, проблемы и перспективы. Пути совершенствования механизмов сотрудничества». Алматы., 2007 – С. 134
2. С.К. Кушкумбаев. «Центральная Азия на путях интеграции: геополитика, этничность, безопасность». Алматы., 2002 – 200 с.
3. К.Л. Сыроежкин. «Китай: Военная безопасность». Алматы., 2008 – 268 с.
4. К.Л. Сыроежкин. «Проблемы современного Китая и безопасность в Центральной Азии». Алматы., 2006 – 299 с.
5. «ШОС в поисках нового понимания безопасности: мат.междунар.науч.конф. (Алматы. 4 окт. 2007г.). – Алматы., 2008. – 192 с.
6. Ф. Хамраев. «НАТО – ШОС: борьба с терроризмом и/или за влияние в Центральной Азии» // «Центральная Азия и Кавказ» № 2. 2004 г. С.77-82
7. Ф. Талипов «К вопросу о самостоятельной роли организации Центральноазиатского сотрудничества в рамках ШОС» // «Центральная Азия и Кавказ» № 3. 2004 г. С.169-180
8. М. Арунова, В. Горюнков. «ШОС: критерии анализа устойчивости и развития» // «Центральная Азия и Кавказ» № 6. 2004 г. С. 141-145

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Аймақтық қауіпсіздік мәселелері

Жұмыстың жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. ШЫҰ-ның мемлекетаралық ұйым ретіндегі қалыптасуы, құрылымы және
мәселелері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың қарқынды өзгерісі мен
тұрақсыздығы жағдайында белгілі бір халықаралық ұйымның даму болашағы
туралы нақты пікір айту өте қиын. Бұл әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымы
(ШЫҰ) секілді қалыптасу кезеңінен өтіп, одан кейін толыққанды халықаралық
ұйым ретінде танылған бірлестіктің өз ішіндегі кейбір мәселелерін шешпеуіне
қатысты одан ары қиындай түспек. Ал қазіргі кездегі ШЫҰ жұмысы көрсетіп
отырғандай бұл қиындықтардың ешқайсысы да әлі өз шешімін тапқан жоқ. Бұл
жағдайдың шиеленісуіне өзгерген халықаралық жағдай мен аймақтық
мәселелердің қиындықтары қосылуы да әсер етуде. Қазіргі таңда Орталық
Азиядағы ықпал үшін геосаяси күш орталықтары арасында үлкен ойын
басталды. Негізгі геосаяси ойыншылар – Ресей, АҚШ және Қытайдың аймаққа
қатысты ұстанымдары қатаң түрде байқалуда, өйткені олардың аймаққа және осы
территория мен оның сыртында орналасқан мемлекеттерге қатысты
ұстанымдарының әртүрлілігі бұл өзара тартыстың аймақтағы энергоресурстармен
қатар, саяси ықпалға да қол жеткізу шарасы екендігін көрсетті. Негізгі
үштік – АҚШ– Ресей–Қытай арасындағы текетірестің соңғы кездердегі
шиеленістігі және олардың арасындағы консенсустың жоқтығы орталықазия
аймағындағы геосаяси ойыншы ретіндегі қатынастарында қиындықтар туғызады.
АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирак жеріндегі лаңкестікке қарсы операцияларды
негізге алып, Орталық Азия аймағына аяқ тіреуі мен кейінгі кездерде
аталынған мемлекеттерде тұрақтылықты орната алмауына қатысты беделінің
төмендеуі оның ОА аймағындағы қауіпсіздіктің кепілі бола алмайтындығын
танытты. Ал ШЫҰ-ның негізін қалаушылар – Ресей мен Қытайдың Ұйым жұмысы мен
идеологиясына қатысты көзқарастарының алшақтығы оның тиімділігін төмендетіп
отыр. Қытай үшін ШЫҰ өзі басшы болған бірден бір аймақтық ұйым. Сондықтан
да, Пекин оны жаһандану үрдісі мен әлемдік экономиканың аймақтану
мәселесіне қолдануды мақсат етеді. Ол ШЫҰ-ның екінші Шығыстық НАТО
кейпіне кіргенін қаламай, оның аймақтық және жаһандық экономиканың
жандануының құралы болуын көздейді. Ал Ресей тарапы болса, ШЫҰ-ның басым
бағыты ретінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық танылып, ұйымның
лаңкестік, экстремизм, сепаратизм мен есірткі саудасына қарсы күрес
жолындағы белсенділігін арттыруды мақсат етеді. Міне, Орталық Азиядағы
геосаяси тартыстың негізгі факторларының осындай қайшылықтарына қатысты
аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі таңда өзекті
сұрақтардың бірі болып отыр. Ал осы Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік
шараларын қамтамасыз етуде ШЫҰ маңызды механизм болуы мүмкін, өйткені,
аймақтағы қауіпсіздік негізінен осы ұйымға мүше-мемлекеттердің экономикалық
және әлеуметтік дамуы мен қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты.
Осы мәселеге байланысты ШЫҰ-ның негізін қалаушылардың бірі – Қытай елінің
ұстанған әскери стратегиясы мен оның көршілеріне қатысты жүзеге асырылуы да
аймақтық қауіпсіздіктің негізгі факторларының бірі болып отыр.

І-тарау. ШЫҰ-ның мемлекетаралық ұйым ретіндегі қалыптасуы, құрылымы және
мәселелері

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар үрдісі оның аясындағы әрекет
етіп отырған мемлекетаралық ұйымдардың жұмысының белсенділігімен
сипатталады. Соңғы оншақты жылдарда бұл ұйымдардың саны барынша тез өсуімен
қатар, олар халықаралық қатынастардың жүйелі түрде дамуына үлкен әсер етіп
отыр. Олар өздерінің дамуында аймақтық немесе мемлекетаралық деңгейден
жаһандық бірлестіктерге айналу арқылы заманауи әлемдік құрылымның бөлінбес
бөлшегіне айналады. Бұл арнайыландырылған ұйымдар даму барысында көп жақты
бірлестіктер қатарына өтіп, мемлекеттің өмір сүруінің барлық салаларын
қамтып отыр.
Осы үрдістер барысында үкіметаралық ұйымдардың дамуының
жетілмегендігін білдіретін кейбір қайшылықтар да кездесе бастады. Олардың
қатарына шешімдер қабылдауға қатысты механизмдердің күрделілігі (кейбір
жағдайларда мүше-мемлекеттердің мүдделерінің қайшы келуі) мен олардың
жағдайға байланысты жасалуыны барысындағы кемшіліктердің болуын (өзара
қақтығыс жағдайында жасалынуы) жатқызамыз.
Бұндай жағдайдың орын алуы халықаралық қатынастар теориясы мен
саясаттануда мемлекетаралық ұйымдар институттарының табиғатын зерттеуге
қатысты, яғни олардың түсінігін, түрін, мемлекетаралық ұйымның қызметін
және саяси шешімдер қабылдауға қатысты механизмдерді анықтайтын ғылыми
зерттеулердің өмірге келуіне ықпал етті. Міне, сондықтан да ШЫҰ осындай
ұйымдар қатарына жатқызғандықтан аталынған зерттеулерді жұмысымыздың теория-
әдістемелік негізі ретінде аламыз. Осыған байланысты бірінші тарудың
мақсаты ретінде ШЫҰ аясында ынтымақтастықтың дамуының ең тиімді үлгісін
анықтау үшін осы мәселеге қатысты жинақталған ілім қорына талдау жасау
маңызды болып табылады.
Мемлекетаралық ұйымдар институтының табиғатына талдау жасау
қажеттілігі мәселесі халықаралық қатынастар жүйесінің дамуын әлеуметтік-
саяси және экономикалық сипаттау мен болжауға байланысты болып отыр. Бұл
анықтаманың негізінде XX ғасырда классикалық реалистер, либерал-идеалистер
мен марксистер арасындағы орын алған іргелі талас негіз болған. Бұл
таластың негізінде халықаралық қатынастардың қарам-қайшылықты жүйесін жан-
жақты түсіндіру жатыр, өйткені реалистер назарын полярлықтың ауысуына, ал
либералдар жаһандану мәселесіне аударса, марксистер халықаралық
қатынастардағы өзгерістерді капитализмнің дағдарысы арқылы қарастырады [1].
Сонымен бұл таласты қорытындылай келгенде, саяси реалистер мемлекетаралық
ұйымдарды кейбір шиеленісті жағдайларда мемлекеттің ұлттық мүдделерін
жүзеге асыруының қосымша мүмкіндігі ретінде қарастырса, либерал-идеалистер
мемлекетаралық ынтымақтастықтың мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, оны
ұлттық мүддеден жоғары деңгейдегі әрекеттестік пен халықаралық
қатынастардың дамуының жетістігі ретінде таниды.
Көптеген зерттеушілер мемлекетаралық ұйымдардың әмбебап түсінігін
қолданғандықтан, олардың анықтамаларының айырмашылығы шамалы болып келеді.
Мемлекетаралық ұйым дегеніміз – бұл халықаралық сахнадағы ортақ мүддеге
негізделген мемлекеттердің ұйымы. Зерттеушілер мемлекетаралық ұйымдарды
олардың ұстанған критерийлеріне қатысты бәрнеше түрлерге бөледі.
Мемлекетаралық ұйымдардың жиі кездесетін типологиялық жіктелуіне
төмендегілер жатады: субрегионалдық, аймақтық, аймақаралық, жаһандық,
арнайыланған және көп профильді.
Мемлекетаралық ұйымның профиліне қарай оның жалпы қызметі, шешім
қабылдау тетіктері және негізгі бөлімдерінің ішкі ұйымдасу құрылымдары
қалыптасады.
Сонымен, ШЫҰ мемлекетаралық ұйымдар институттарын теория-әдістемелік
талдау барысынан қарастыратын болсақ, оның бірнеше мәселелерін көрсетуге
болады.
Біріншіден, мемлекетаралық ұйым аясында тиімді ынтымақтастық болу
үшін оның мүше-мемлекеттерінің арасындағы өзара әрекеттестіктің негізі мен
мазмұнында тараптардың мүддесі тұру қажет. Келісім арқылы немесе екінші
бір тарапты (ұлттық мемлекетті) тарту үрдісіне күштеу шараларының
қолданылуы келісімдердің тұрақтылығына кепіл бола алмайды. Сондықтан да,
тараптардың қызығушылығынсыз ынтымақтастықтың тиімділігі төмендейтіндігін
қазіргі кездегі ШЫҰ аясындағы кейбір құжаттардың орындалуына байланысты
қиындықтардың туындауы мысал болады.
Екіншіден, мемлекетаралық ұйымдар институттардың халықаралық
қатынастар кеңістігінен айырмашылығы оның рационалдық ұйымдасуында болады.
Бұл мағынада мемлекетаралық ұйымдардың аясындағы тиімді ынтымақтастыққа қол
жеткізу үшін тараптардың мүдделерін сәйкестендіру мен координациялаудың
тиімді әкімшілігін ұйымдастыру маңызды болып табылады. Кейбір жағдайларда
көптеген мемлекетердің мемлекетаралық ұйым пайдасы үшін егемендік шекарасын
бұза алмауына байланысты үкіметаралық келісімдердің орындалуын қадағалудың
тетіктерін анықтау өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселеге қазіргі таңдағы
ТМД ұйымының жағдайы мысал болады, өйткені аталынған ұйымның де-юре түрінде
бар болғанына қарамастан, оның ешқандай бір мемлекетаралық келісімдерінің
нақты шаралары орындалып жатқан жоқ. Бұл ұйыммен салыстырғанда ШЫҰ-ның
кейбір құжаттарына қатысты шаралары өзінің заңды жалғасын тауып келеді.
Үшіншіден, халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық мақсаттылығының
басымдылығына қарамастан мемлекеттердің өзара түсіністігі мен өзара
әрекеттестігі деңгейіне дәстүрлі белгілі-бір аймаққа тәуелділік мәселесі
әсер етіп келеді. Бұл жағынан алғанда ШЫҰ ынтымақтастыққа қажетті тұғырдың
тұрақсыздығын көрсетуде, өйткені ұйымға мүше-мемелекеттер арасындағы
аймақтық әлеуметтік-мәдени ортақ бірліктің, ортақ тарихи өткеннің болмауы
мен олардың экономикалық, саяси және басқа да даму деңгейіне қатысты
айырмашылықтары тиімді ынтымақтасуға өзінің кедергісін келтіреді. Сондықтан
да, аталынған ұйым ынтымақтасудың тұрақты факторларына ие бола алмағанын
айтуға болады.
Төртіншіден, қазіргі таңдағы мемлекетаралық ұйымдар тәжірибесі
көрсетіп отырғанындай, көп профильді бірлестіктердің беріктігі мен өмір
сүру уақыты арнаулы сипаттағы бірлестіктермен салыстырғанда төмен болады.
Көп жағдайда арнаулы сипаттағы бірлестіктер мемлекеттер арасындағы
техникалық көпір қызметін атқарады және олардың қызметтік жүгінің көлемі
мен құрылымы барынша тиімді болып табылады. Осыған байланысты көп профильді
мемлекетаралық ұйымның тиімді жұмысын ЕуроОдақ мысалынан көруге болады.
Сонымен қатар, ШЫҰ аясында арнаулы қалып бойынша ынтымақтастықтың бірнеше
бағытын алып жүру тәжірибесі де назар аударарлықтай мәселе. Бір жағынан
алғанда ШЫҰ қалыптасуы көп профильді ынтымақтастық құру жағдайында
жүргендіктен оның іргетасының сапасына ықпал етсе, екінші жағынан ШЫҰ
аясында әрекет етудің салаларының кеңеюі ұйымның бұдан кейінгі кезде де
дамуы, жаңаруы мен жетілуі мүмкіндігі бар екендігін танытады.
Бесіншіден, көппрофильді ұйымның қиындықтарының бірі ретінде оның
аясындағы ынтымақтастықтың бағыттарын тепе-тең ұстау мәселесін атаймыз.
Мұндағы негізгі себеп – ынтымақтастық салаларының бір-бірімен өзара
байланысы мен өзара тәуелділігінің орын алуы, мұндағы бір буынның істен
шығуы жалпы келісімдер жүйесінің тұрақсыздығына алып келуі мүмкін. Бұл
жағдай ШЫҰ мәселесінде өте маңызды, өйткені ұйым аясында көпжақты
қатынастармен қатар, тараптартың белгілі-бір салалардағы мүдделері
дифференцияланған.
Алтыншыдан, мемлекетаралық ұйымдардың аясында қабылданған шешімдердің
тиімділігін арттыруға ұсыныс ретінде оның құрамына азаматтық институттар
мен экономиканың мемлекеттік емес секторының өкілдерін тарту мәселесі
көтеріледі. Қосымша интеллектуалды ресурстарды транснационалдық
ынтымақтастықтың кестесіне тарту арқылы оның консилиум шеңберін кеңейту
тараптардың экономикасына, қоғам мүдделеріне сай, өзаратиімді жобаларды
дайындауға көмек болады.
Сонымен мемлекетаралық ынтымақтастық қазіргі таңдағы үкіметаралық
ұйымдардың жұмысының негізгі формаларының бірі ретінде танылады. Осы
уақытқа дейін әлемнің аймақтарында әртүрлі форматтағы көптеген ұйымдар
қалыптасты. Олардың әрқайсысының даму мен қалыптасу тарихы әрқилы болып
келеді. Мысалы, БҰҰ әлемдегі ұлттар мен халықтардың (мемлекеттік жүйесіне
қатысынсыз) жағдайын қарастырса, ЕО Еуропа елдерінің экономикалық
интеграциясы негізінде қалыптасып, артынан көп профильді ұйымға айналды, ал
ТМД ұйымы болса, керісінше, бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің жаңа геосаяси
жағдайдағы дамуына қатысты саяси бағыттағы ұйым ретінде орнады.
Осындай үкіметаралық ұйымдардың ішіндегі ШЫҰ қарастырар болсақ,
аталынған ұйым алғашында Өзбекстан елі кірмеген Шанхай бестігі ретінде
құрылғаны белгілі. Бұл ұйымға мүше мемлекеттер алғашқы кезде өздерінің
шекаралық аймақтағы мәселелерін шешуге талпынған еді. Аталынған мәселеге
қатысты келіссөздер КСРО мен Қытай арасында соңғы отыз жыл ішінде ара-тұра
үзіліспен жалғасып келе жатқан болатын. Кеңес-қытай шекаралық аймағында
жаңа тәуелсіз үш мемлекеттің пайда болуына қатысты бұрынғы екіжақты
келіссөз механизмін көпжақтыға ауыстыру қажеттілігі туындады [11].
Сонымен, Қытайдың бұрынғы кеңес республикалары Ресей, Қазақстан, Қырғызстан
және Тәжікстан елдерімен шекаралық мәселелерді шешуі 1992 жылы Минск
қаласындағы (Белоруссия) кездесуден бастау алады. Жоғарыда аталынған
мемлекеттердің делегеттары шекара мәселесіне қатысты (4+1 формуладағы)
жұмыс тобын құрды. Бұл топтың негізінде кейін Шанхай бестігі құрылды.
Осылайша, 1996 жылы 26 сәуірде Шанхай қаласында Кеңес-қытай шекаралық
аймағындағы қарулы күшті өзара тиімді қысқартуда басшылыққа алатын
принциптері мен әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім негізінде
Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің
басшылары Әскери саладағы және шекаралық аймақтағы сенімді нығайту
келісімін бекітті. Келісімнің 1 бабында: Шекаралық аймақта орналасқан
Тараптардың қарулы күштері Тараптардың жалпы қарулы күштерінің құрамдас
бөлігі ретінде басқа Тарапқа шабуыл жасауға, келесі бір Тараптың
қауіпсіздігіне және шекаралық аймақтағы тыныштық пен тұрақтылыққа қауіп
төндіретін басқа да бір әскери әрекет етуге қолданылмайды. Бұдан ары
келісімнің негізгі мәтінінде бұрынғы кеңестік төрт мемлекеттің Қытаймен
шекаралық аймағында 100 шақырымдық болжау мен ашықтық зонаны белгілеуі
көрсетілді [12]. Аталынған келісім тараптар үшін (Қытай мен бұрынғы кеңес
республикалары) шекаралық аймақтағы мәселелерді шешуді көпжақты формат
аясында қарастыруға мүмкіндік берді. Ал жалпы келісімге қол қойылуы
шекараға қатысты даудың шешілетіндігі мен соның негізінде Шанхай бестігі
ұйымы аясындағы мүшелердің қарым-қатынастарын институцияландырудың алғашқы
мүмкіндіктеріне жол ашты.
Осы Шанхайдағы саммитте бекітілген Келісім аясында құрамына
тараптардың дипломаттары мен әскери өкілдер кіретін Біріккен бақылау
тобын құру туралы мемлекет басшыларының шешімі шықты. Бұл ұйымның
міндетіне қабылданған шешімдер мен келісімдердің орындалуын қадағалау
жүктелді. Өзінің алғашқы отырысын Біріккен бақылау тобы 1999 жылы
қарашада Пекинде өткізді және оның нәтижелерін келесі 2001 жылғы отырыста
баяндап, Ресейдің 1997 жылғы Мәскеу келісімінің шарттарын орындауға қатысты
шекаралық аймақтағы өзінің әскери техникасын қысқартқандығы тіркелді.
Біріккен бақылау тобы өзінің бестараптық форматын Өзбекстанның қосылуы
мен ШЫҰ құрылғаннан соң да сақтап отыр. Бұл ереженің сақталуына Ресей мен
Қытайдың ұйым мүшелері санын 1996-1997 жылдардағыдан көбейтпеу және ШЫҰ
аясында осындай форматтағы келісімді қайта жасамауға қатысты ұстанымдары
ықпал етті [11].
Шанхай бестігі аясында қабылданған екінші бір маңызды құжат
жоғарыда аталып өткен 1997 жылдың 24 сәуірінде Мәскеуде қабылданған Шекара
аймағындағы қарулы күштерді өзара қысқарту келісімі болды. Келісім Шанхай
бітіміне сай шекара мәселелерін одан ары реттестіруге бағытталды. Мәтіннің
мазмұнында Қытай тарапынан батыс және шығыс участкілерді, ал Бірлескен
тарап өздерінің аймағындағы 100 шақырымдық болжау мен ашықтық зонасын
белгілеуі қажеттігі көрсетілді. Тараптардың әр қайсысының қаншалықты қару
мен әскер қысқартуы туралы нақты көрсеткіш бізде жоқ. Соған қарамастан
келісімнің 14 бабы, яғни оның әрекет ету мерзімі Бұл келісім 2020 жылдың
31 желтоқсанына дейін белгіленгені қызығушылық танытады [13].
Бұдан кейінгі жылдарда Шанхай бестігі аясында аса маңызды
құжаттарға қол қойылмады. Бірақ, дипломаттар мен әскери сала өкілдерінің
қатысуымен өтетін жоғарғы дәрежедегі кездесулер жиі болып тұрды. Бір
жағынан қарағанда бұндай әр түрлі деңгейдегі кездесулер шекаралық-
территориялық таластарды реттестіру үрдісіне ешқандай бір көмегі болмады,
бұлар негізінен ұйымның өміршеңдігін көрсету мақсатындағы көрнекілік
кездесулер қызметін атқарды. Екінші жағынан алғанда Шанхай бестігінің
отырыстарында әлемдік тәртіпті қалыптастыруға, лаңкестікке, есірткі
саудасы мен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға және энергетика
саласындағы байланыстарға қатысты қосымша (тараптар үшін өзектілігі бар)
халықаралықың мәселелер ұсынылып отырды.
Осындай құжаттардың бірі – 1999 жылдың 25 тамызында Бішкекте
қабылданды. Аталынған құжатқа сай тараптар халықаралық лаңкестікке және
есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы тиімді күрестің қажеттілігі мен
маңыздылығын мойындады. Сондықтан да, арнайы мекемелер арасындағы
тәжірибелік өзара әрекеттестікті дамыту мақсатында 1999-2000 жылдары
барысында кеңестік кездесулер мен іс-шаралар өткізуге қатысты шаралар
қолданылады. Ал келісімнің келесі бір тарауында теңдік пен өзара
тиімділікке негізделген сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығы
мәселесі көтерілді. Осыған байланысты тараптар бес мемлекет арасындағы
оның дамуын екіжақты байланыстар арқылы ынталандырып, бұл саладағы дамуды
көпжақты әрекеттестіктің жолын іздеуге күш салатындығын қарастырды [14].
Ал 2000 жылдың 5 шілдесінде Душанбе қаласында қол қойылған
Декларацияда тараптар қазіргі әлемге қауіп төндіріп тұрған саяси және
басқа да қатерлерді, оның ішіндегі халықаралық және аймақтық мәселелерді
реттестірудегі қалыптасқан тәжірибені өзгертуге талпынысты назарға ала
отырып, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың бірден-бір
әмбебап механизмі ретінде БҰҰ рөлін нығайтуға күш салатындықтарын
білдірді. Бұдан ары тараптар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясынсыз
халықаралық қатынастарда әскери күш қолдану мен оны қолдану қауіпін
туғызуға, кез-келген мемлекет немесе мемлекеттер тобының өз мүдделерін
көздеу мақсатында жаһандық және аймақтық мәселелерге қатысты шешім
қабылдауда монополиялық танытуына қарсы екендіктерін білдірді [15].
Шанхай бестігінің өмір сүруі кезеңіндегі қызметін қорытындылай
келе, төмендегідей позитивті жетістіктерді атауға болады. Бірінші рет
Шанхай бестігін құру мен дамыту арқылы шекаралас мемлекеттердің әртүрлі
деңгейдегі тұрақты кеңестік кездесулері негізіндегі қатынастарын
халықаралық сахнада институциалауға мүмкіндік туды.
Аталынған ұйым аясында қабылданған Шанхай және Мәскеу келісімдері
өзара түсіністік үрдісін және ол арқылы тараптар арасындағы шекара сызығын
делимитация жасау мүмкіндігінің туатындығын көрсетті. Осыған байланысты
Шанхай бестігі аясында келіссөз үрдісінің басталуы оның мүшелерінің одан
ары жан-жақты жақындасуына ықпал етіп, тараптардың мемлекетаралық
ынтымақтастықтың шекарасын кеңейтуге қатысты мәселені қарастыруына себеп
болды.
Ал Шанхай бестігі жұмысының кемшіліктері немесе бұл ұйым аясында
атқаруға шама жетпеген міндеттер қатарына оның мүшелерінің көпжақты
форматтағы келіссөздер аясында шекараны делимитациялауға қатысты
фиксациялық келісімге қол жеткізе алмағандығын келтіруге болады. Егер де,
Біріккен тараптардың Шанхай бестігі ұйымын құрудың мақсаты мен себебі
шекара мәселесі екендігін назарға алар болсақ, бұл мәселе олардың
алаңдаушылығын тудырғанын түсінеміз.
Бұл мәселені Шанхай бестігі ұйымының орнына және соның негізінде
құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) толығымен орындады. Осылайша,
ұйымның ұзақ мерзімді өмір сүруі барысында оның шекаралық мәселеден ауқымды
мәселелер шеңберіне өтуі өзінің логикалық қорытындысы – көппрофильді ұйым
дәрежесіне өтуімен нақтыланды. Шанхай бестігі негізінде ШЫҰ құрылуы
туралы салтанатты мәлімдеме 2001 жылдың 15 маусымында Шанхай қаласында ұйым
мүшелерінің бірлескен Декларацияға қол қоюы негізінде жарияланды.
Деклорацияның мәтіні аса бір қызығушылық танытпайды, өйткені онда негізгі
принциптер тату көршілік пен өзара тиімді ынтымақтастық мәселесіне
бағытталды. Негізгі міндеттер мен мақсаттар өте ауқымды мәселелер:
қауіпсіздік саласы мен сауда-экономикалық қатынастардан бастап мемлекеттер
арасындағы энергетика, мәдениет пен ғылым салаларына дейінгі
ынтымақтастықты қамтып, толыққанды көппрофильді ұйымның бейнесін танытты
[16].
ШЫҰ Шанхай бестігі ұйымының негізінде құрылғанына қарамастан ұйым
аясындағы ынтымақтастықтың мақсаттары мен басым бағыттары анық көрсетілді.
ШЫҰ-ның негізгі мақсаты – бейбітшілікті қамтамасыз ету және қолдау,
аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Осы
мақсаттарға сәйкес төмендегідей міндеттер қояды:
- тараптардың өкілетті органдарының өзара әрекеттестігіне қажетті
жағдайды қамтамасыз ету;
- әскери-саяси және әскери-техникалық ынтымақтастық;
- шекара аймағына қатысты қайшылықтарды түбегейлі шешу;
- шекаралық аймақтағы экологиялық мәселелерді бірігіп шешу.
Сонымен қатар, ШЫҰ құрудың басым мақсаттары ретінде сауда-
экономикалық қатынастарды, энергетикалық ынтымақтастықты және де ұйымға
мүше-мемлекеттер арасындағы көлік-коммуникациялық байланыстарды кеңейтуді
атауға болады. Ал бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер атқару қажет:

- шекара аймақтық экономикалық ынтымақтастық және трансшекаралық
өзендерді пайдалануға қатысты мәселелер;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде
Қазақстан мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері
Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
Қазақстан және халықаралық ұйымдар туралы
Пәндер