Руханият – адам жанының азығы



I. Кіріспе
Тәрбиенің қайнар бұлағы
II. Негізгі бөлім
2.1 Ұлттық рух бар жерде . ұлт бар
2.2 Тәрбие . тілден басталды
2.3 Тәрбиенің тірегі . теледидар
2.4 «Жүректе қайрат болмаса...» (А. Кеңшілікұлымен сұхбат)
III. Қорытынды
Қоғам өмірінде соңғы жылдары орын алған бетбұрыстар өткен тарихымыз бен жылдар көрігінде сомдалған рухани мұраларымызды бүгінгі көзқарас тұрғысынан зерделеп, ой елегінен откізу талабын алға тартып отыр. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан бері қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалык саяси өмірінде жасалған бетбұрыстар мен бірге, ақпарат тарату жүйесінде де елеулі өзгерістер болды.
Бүгінгі күнде еліміз еліміз әлемдік ақпараттық кеңістікке еніп, әлемнің әр түкпірінен жедел хабар алу мүмкіндігіне ие болумен қатар, қоғам өмірінде күнделікті өтіп жатқан әр оқиғаның бір сәттің ішінде жер шарына таралу шапшаңдығына қол жеткізді. Ғылым мен тәжірибеде ақпараттың еркін тасқыны ( свободный поток информации) деген ұғым қалыптасып, орнықты.
Ақпарат көздерінің көп болуы жұртшылықтың кез келген оқиға барысымен тез әрі жан-жақты хабардар болуына ықпал етеді десек те, шет елдің ақпарат агенттіктері болсын, арналары болсын Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарына бәсекелестік туғызатынын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар еліміздің хабар тарату жүйелеріне жан-жақтан құйылып жатқан ақпарат тасқынының қалтарысынды жат пиғылдағы идеологиялардың бұғып жүргенін де естен шығармауымыз керек.
Осынау әлемдік бұқаралық ақпарат кеңістігінде жұтылып кетпей, өз үндерін жоғалтпай, уақытпен үндесе жұмыс істеу еліміздің ақпарат құралдарының бірінші кезектегі міндеті . Ол үшін халықтың көкейінде жүрген сұрауларды, оларды толғандырған мәселелерді таныр қырағы көз бен жеткізе білер өткір тіл, тыңдай білер құлақ керек дер едік. Бұл, әрине, еліміздің ақпарат тарату жүйесінде қуатты құралдардың бірі қазақ телеарналарына да қатысты мәселе.
Қандай да бір мемлекеттің өзіндік ұлттық болмысын, мәдениетін, тыныс-тіршілігін сырт елдерге танытатын өзіндік үні болады. Сол өзіндік үнді танытып, барша жұртшылыққа паш етер негізгі құрал – ұлттық телеарналар десек, артық айтқандық емес.
Ұлттық телеарналар тарихи, танымдық, ағартушылық бағыттағы әдеби хабарларды ұйымдастыра отырып,көрермен қауымның ой-өресінің кеңеюіне, рухани толысыуына жол ашады. Сонымен қатар мәдениетіміз бен рухани өміріміздің сұранысын қанағаттандырып, өзіндік жаңа серпіліс беретін негізгі күш – осы телеарналар екендігі жасырын емес. Ендеше, телеарна – көрермен қауымның рухани сұранысын қанағаттандыратын тәрбиенің бірден бір қайнар бұлағы, күрделі психологиялық құрал.
Ал, бүгінгі ұлттық телеарналар осынау абыройлы да аса жауапты міндетті өз дәрежесінде сезініп, орындап жүр ме? Міне, біздің қолға алып отырған курстық жұмысымыздың мақсаты да осы.
1. Барманкулов.М.К., Весь мир у вас в квартире. А.,
2. Мазғұтов.С., Көгілдір экран құпиясы.
3. Кеңшілікұлы. А., Сөз патшасы. Алматы «Дәуір», 2007.
4. Тұрсын. Қ., Көгілдір экран әлемі. Алматы «Қазақ университеті», 2007.
5. Әбдіжәділқызы. Ж., Тікелей эфир табиғаты. Алматы «Қазақ университеті», 2003.
6.Ошанова.О., Әдеби-драмалық хабарлардың қалыптасуы және даму бағыттары. Алматы «Қазақ университеті», 2004.
7. «Айқын» газеті, Дидар TV., №15(204) 17 сәуір, 2008
8. «Айқын» газеті, Дидар TV., №15(204) 17 сәуір, 2008
9. «Ана тілі» газеті, Көк сандықты ашып қара., №1(942) 8 қаңтар, 2009
10. «Дала мен қала» газеті, 7 күн., № 1(280) 5 қаңтар, 2009
11. «Дала мен қала» газеті, 7 күн., № 2(281) 22 қаңтар, 2009
12. «Дала мен қала» газеті, 7 күн., № 3(282) 29 қаңтар, 2009
13. «Дала мен қала» газеті, 7 күн., № 4(283) 5 ақпан, 2009
14. «Дала мен қала» газеті, 7 күн., № 5(284) 12 ақпан, 2009
15. «Түркістан» газеті, №12(766) 26 наурыз, 2009

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қоғам өмірінде соңғы жылдары орын алған бетбұрыстар өткен тарихымыз
бен жылдар көрігінде сомдалған рухани мұраларымызды бүгінгі көзқарас
тұрғысынан зерделеп, ой елегінен откізу талабын алға тартып отыр. Қазақстан
тәуелсіз мемлекет болғаннан бері қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалык саяси
өмірінде жасалған бетбұрыстар мен бірге, ақпарат тарату жүйесінде де елеулі
өзгерістер болды.
Бүгінгі күнде еліміз еліміз әлемдік ақпараттық кеңістікке еніп,
әлемнің әр түкпірінен жедел хабар алу мүмкіндігіне ие болумен қатар, қоғам
өмірінде күнделікті өтіп жатқан әр оқиғаның бір сәттің ішінде жер шарына
таралу шапшаңдығына қол жеткізді. Ғылым мен тәжірибеде ақпараттың еркін
тасқыны ( свободный поток информации) деген ұғым қалыптасып, орнықты.
Ақпарат көздерінің көп болуы жұртшылықтың кез келген оқиға барысымен
тез әрі жан-жақты хабардар болуына ықпал етеді десек те, шет елдің ақпарат
агенттіктері болсын, арналары болсын Қазақстандық бұқаралық ақпарат
құралдарына бәсекелестік туғызатынын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар
еліміздің хабар тарату жүйелеріне жан-жақтан құйылып жатқан ақпарат
тасқынының қалтарысынды жат пиғылдағы идеологиялардың бұғып жүргенін де
естен шығармауымыз керек.
Осынау әлемдік бұқаралық ақпарат кеңістігінде жұтылып кетпей, өз
үндерін жоғалтпай, уақытпен үндесе жұмыс істеу еліміздің ақпарат
құралдарының бірінші кезектегі міндеті . Ол үшін халықтың көкейінде жүрген
сұрауларды, оларды толғандырған мәселелерді таныр қырағы көз бен жеткізе
білер өткір тіл, тыңдай білер құлақ керек дер едік. Бұл, әрине, еліміздің
ақпарат тарату жүйесінде қуатты құралдардың бірі қазақ телеарналарына да
қатысты мәселе.
Қандай да бір мемлекеттің өзіндік ұлттық болмысын, мәдениетін, тыныс-
тіршілігін сырт елдерге танытатын өзіндік үні болады. Сол өзіндік үнді
танытып, барша жұртшылыққа паш етер негізгі құрал – ұлттық телеарналар
десек, артық айтқандық емес.
Ұлттық телеарналар тарихи, танымдық, ағартушылық бағыттағы әдеби
хабарларды ұйымдастыра отырып,көрермен қауымның ой-өресінің кеңеюіне,
рухани толысыуына жол ашады. Сонымен қатар мәдениетіміз бен рухани
өміріміздің сұранысын қанағаттандырып, өзіндік жаңа серпіліс беретін
негізгі күш – осы телеарналар екендігі жасырын емес. Ендеше, телеарна –
көрермен қауымның рухани сұранысын қанағаттандыратын тәрбиенің бірден бір
қайнар бұлағы, күрделі психологиялық құрал.
Ал, бүгінгі ұлттық телеарналар осынау абыройлы да аса жауапты міндетті
өз дәрежесінде сезініп, орындап жүр ме? Міне, біздің қолға алып отырған
курстық жұмысымыздың мақсаты да осы.
Бірге жауап іздеп, әліміз келгенше талқылап көрелік.

2.1. Ұлттық рух бар жерде – Ұлт бар
Біздің елде ақпарат құралдарына зәрулік байқалмайды. Керісінше, олар
прогрессивтік өлшеммен жауыннан кейінгі саңырауқұлақтардай қаулап өсіп
келеді. Оған заң тұрғысынан ерекше жағдай жасалып, еркіндік берілген.
Біріншіден, бұл еліміздегі демократияның даму қарқынын көрсетсе, екіншіден,
сөз бостандығы іс жүзінде жүзеге асып жатқандығының көрінісі. Мұндай жағдай
Орталық Азия елдерінің бірде –бірінде жоқ десе де болғандай. Демек, қазақ
елінде тәуелсіз телеарналарға өріс кең.
Халықтың санасын, идеясын қалыптастыруда, алға қарай адымдап дамуында
теледидардың алар орны бөлек. Ол –қазақтың өзін-өзі тануына жәрдемдеседі,
ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды
қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйрететін бірден-бір құрал. Ол
ұлттық идеяны қалыптастырудың да негізі болып табылады. Бұл абыройлы да аса
жауапты міндетті еліміздің телеарна журналистері үнемі сезініп,орындап жүр
ме ? – деген орынды сұрақ туады. Бір қарағанда иә деп жауап беруіңіз
мүмкін. Ал ой тоқтатып, тереңірек толғанып, саралап көрсеңіз олай емес
екеніне көзіңіз жеткендей болады.
Бұлай деп ой түюге де негіз жоқ емес сияқты. Ендеше дәлел келтіріп,
нақты деректерге жүгініп көрелік. Өздерін елдегі көрермені ең көп
телеарналардың көшбасшысы санайтын ( мүмкін солай да болар) КТК
телеарнасының апталық көрсетілім кестесіне үңіліп көрейік. Мысалы, дүйсенбі
күні әдеттегідей жаңалықтар топтамасы: Займемся здоровьем, Репортер,
Взрослые отдыхают, Дорога домой, Теңге, Алаң жұрт, Ең күлкілі
сәттер. Телеарнаның түпнұсқа бағдарламаларының бары осы. Бұның озі отандық
телеөнімдер емес. КТК - лықтар төлтума қойылымдар, көрсетілімдер жасауды
мүлдем доғарып,ал елуде елу талабын шетелдік телехикаларды аударып берумен
толтырып отырғанын байқауға болады. Бұған түн ауа беріліп жүрген Темір
тордың ар жағында, Отбасы тауқыметі, Қылмысқа қарсы күресу бөлімі
тәрізді телехикаялар дәлел. Сонда бұларды түнгі сағат үш-төртте кім көреді?
Таңғы сағат 07.00 – де мультсериял, 07.30 – да Алаң жұрт (қайталау),
08.20 – да телехикая Тәттілік құпиясы (қайталау), 09.35 – те Ең күлкілі
сәттер, 12.30 (қайталау), 12.55 – те телехикая Тәттілік құпиясы, 13.55 –
те тағы телехикая Махаббат пен өшпенділік. Міне, осылай хикаялар күн
сайын жалғасып жатады. Ал аптасына, тіпті болмаса айына бір рет отандық
кинофильмдер аталған телеарнадан неге көрсетілмейді?
Тәуелсіз қазақ электронды ақпарат әлемінде өзіндік орны бар беделді
телеарнаның мұнысы несі?
Ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптастыруды шетелдік телехикаялармен жүзеге
асыра ма? Отандық төлтума телеөнімдер қайда? Оны өзіміз жасамасақ кім жасап
береді. Мұндай жағдай НТК, 31, Таң телеарналарында да орын алып
отырғаны баршаға аян. Қашанғы шетелдік көрсетілімдерге, қойылымдарға,
телехикаяларға малданып жүре береміз?
Осы орайда, бүінгі ұлттық телеарналар жастардың рухани
қажеттіліктерін қаншалықты дәрежеде қанағаттандыруда? – деген сауалға
студент жастар қауымының пікірін тыңдап көрген болатынбыз. Жастар ойы
төмендегідей:
Думан: - Өзім теледидарды көп көремін. Шынымды айтсам, Қазақстандық
телеарналарға қарағанда кабельдік арналар көбірек ұнайды. Ол жерден спорт
болсын, басқа болсынқалағаныңды табасың.Қазақстандық арналарды тек кешкі
жаңалықтар беретін кезінде елде болған өзгерістерді білу үшін ғана қосамын.
КТК арнасынан берілетін жаңалықтар топтамасы мен Ел жұрт, Репортер
сынды бағдарламаларды сүйіп көремін. Бүл тек ақпараттық бағдарламалар. Ал,
көңіл көтерерлік сапалы бағдарламалар, меніңше, жоқ. Жалпы шоу жасау әлі де
ақсап тұрған сынды. Келешекте отандық телеарналар төл бағдарламалар жасауға
көбірек машықтанса жақсы болар еді. Себебі, қазіргі көріп жүргендеріміздің
барлығы дерлік шетелдік дүниелер. Біз өзге елдердің өміріне, солардың
болмысына еліктеп өсіп келе жатқан сияқтымыз. Солардың әдет-ғұрпын,
дәстүрін бойымызға сіңіріп жатқандаймыз. Осындайда ойлайсың, өзіміздің
тыныс-тіршілігімізді, ұлттық ерекшелігімізді, ән-күйімізді дәріптейтін,
көрсететін танымдық хабарлар неге жоқ? – деп. Теледидардағы ағалар мен
апалар осы жағын ойласа екен.
Әсем: - Маған Қазақстан Ұлттық арнасынан әр жексенбі сайын эфирге шығып
жүрген Дарабоз бағдарламасы қатты ұнайтын. Меніңше, ол бағдарлама жастар
аудиториясының көбіне ұнайтын сияқты. Себебі бұған дейін дәл осы бағдарлама
сынды жастар өмірін көрсететін бағдарламаны басқа телеарналардан көрмеппін.
Сонымен қатар, Жетісу арнасынан берілетін Шашу, Бойжеткен сынды
бағдарламалар өте ұнайды. Себебі, Шашуда тек қазақша әндер беріледі. Ал,
Бойжеткенде жас қыздарға тәлімі мол мәліметтер беріледі. Осындай
бағдарламаларды КТК, 31 арна, Рахат арналары неге жасамайды?
Олардың шамасы келмей ме? Жоқ, әлде мүмкіндіктері жоқ па? Кешке дейін
шетелдің ток-шоуын, телесериялдарын бере бергенше бір сәт өзіміздің
еліміздің өмірінен түсірілген көркем фильмдерді, деректі киноларды, жастар
шығармашылығын, дәстүрлі ән-күйімізді берсе ғой дейсің. Әсіресе, жастарға,
студенттерге арналған бағдарламалар көп болса екен деймін. Өйткені , біз
еліміздің ертеңіміз ғой.
Мәдениет – адам өмірінде ерекше орынға ие және ойлау мен мінез-
құлықты қалыптастырады десек, бүгінде халықтың жүрегіне құятын бірден-бір
құрал – ол теледидар. Назар аударыңызшы, қазақтың дәстүрлі өнерін
жеткілікті насихаттап жатқан телеарналар бар ма? Оны шам алып іздесеңіз де
таппайсыз. Демек, келешек ұрпағымыз ғасырлар бойы ата-бабамыз жасаған,
тірнектеп жинаған ұлттық мәдениеттен, ұлттық құндылықтардан ада, хабарсыз
өсіп келе жатыр деген сөз бе? Қалай?...

2.2. Тәрбие – тілден басталады

Теледидар – ең алдмен мемлекет мүддесіне қызмет ететін бірден-бір
саясат құралы. Әрине , бизнес ол өмір сүрудің бүгінгі жолы. Бірақ, ақша
қуып, ел мақсатын оның жолына құрбандыққа шалу әсте болмас. Себебі,
теледидар халықтың наным, түсінігін, ойын, көзқарасын қалыптастыратын
бірден –бір құдіретке ие. Біз осы құдіретке толыққанды ие бола алмай
отырғандығымыз баршаға аян. Осының салдарынан тіліміз де, ұлттық идеямыз да
кең өріс ала алмай, тұсаулы аттай алысқа ұзай алмай тұр.
Сонымен, еліміздің электронды бұқаралық ақпарат құралдарында Ата
Заңның ұйғаруы бойынша, мемлекеттік тілдің телеөнімдердегі үлесі кем
дегенде елу пайызға жеткізілсін деп талап қойғанына да бірнеше жылдың жүзі
болды. Ол орындалып жатыр ма? Тек мемлекеттің нанын жартылай жеп отырған
Хабар, Қазақстан,Ел арна, Алматы, Рахат телеарналары болмаса,
Астана, Еуразия, 31 арна, КТК, Таң, НТК телеарналары елуде елу
талабын ішінара орындап, ал енді біреулері оған пысқырмайтын да сияқты.
Мемлекеттік тілде хабар, көркем қойылымдар, кино көргісі келетіндердің
құқын көзге ілмей отырған арна – Еуразия. Осы арнаның 29 қаңтар
көрсетілім кестесіне назар аударайықшы. Асыл арман, Көзкөрген, Қырық
өтірік деген үш-ақ көрсетілімді әзер таптық. Себебі, олар күндіз емес түн
ортасы ауа , адамдар тәтті ұйқының құшағында жатқанда 04.15 – тен бастап
05.35 – ке дейінгі уақыт аралығында беріледі екен. Олардың бар жиынтық
көлемі 1 сағат 20 минуттан аспайтындығын байқауға болады. Ал таңғы 07.00 –
ден келесі таңғы 06.05 – ке дейін хабар тарататын телеарнаның бұл қылығы
бүкіл бір ұлтты қорлау, мазақ ету емес пе? Сонда көрермен көз ілмей таңғы
сағат төртке дейін күтіп отыру керек пе? Әрине, ешкім де олай істемейтіні
түсінікті.
Аталған телеарна қызметкерлерінің ұғымында, мемлекеттік тілді
көрермендер үшін тер төгіп, қып-қызыл шығынға бату – ақылға сыймайтын жайт
сияқты көрінеді. Қоғамда мемлекеттік тілге деген қажеттілік әлі өзінің
мәртебелі дәрежесіне жеткен жоқ. Өзге ұлтты былай қойғанда қазақтың өзі ана
тіліне бір кісідей бет бұра қойды деп айтуға әзір ауыз бармайды.Осындай
жағдайда елу пайыз – есі ауысқандардың ұсынысы деп айтқандармен еріксіз
келіскендей боласыз. Себебі, теледидар бизнес көзі. Олар үшін қазақ
тілділердің өз тілінде ақпарат алу құқығы туралы әңгіме болу мүмкін емес
тәрізді. Бір ойландыратын нәрсе, мұндай мәлімдемелердің барлығы теледидар
тізгінін ұстап отырған өз қандастарымыздың аузынан шығатындығы. Бұл жанға
батады.
Әсіресе, көркем фильмдерге қатысты мына бір мәселені айтпай кетуге
болмас. Ел арна қазір Батыстың киносынан гөрі Шығыстың фильмдеріне
көбірек көңіл аудара бастағаны, әрине, көрермен қауымды қуантары анық.
Себебі, Батыстың атыс –шабысы, анайы дүниелері сананы әбден жалықтырады.
Бірақ аталмыш Шығыстың сериалдары алдымен орыс тілінде көрсетіледі де, бір-
екі ай өткеннен кейін қазақ тілінде көрсетіледі. Орыс тілінде көріп
алғаннан кейін оның қазақ тілінде бәлендей әсері болмай қалады. Сондықтан
да, ауыл тұрғындары және жалпы қазақ тілді көрермендер үшін бірінші ана
тілімізде көрсетіліп, сонан соң орыс тіліндегі баламасы берілсе дұрыс болар
еді.
Телеарна басшыларының айтар тағы бір уәжі, яғни аргументі: қазақ
тілінде тәжірибелі телевизия мамандарының аздығы. Сонда азды-көпті отандық
қазақ тілді хабарларды Ресей тележурналистері даярлап беріп жатыр ма деген
орынды сауалдың тууы заңды. Телеарналарда екі тілде де қызмет етіп жатқан
қыздар мен жігіттер аз ба? Байқап жүрміз, тіпті басқа мамандықтың иелері де
тележүргізушілер болып жүр. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
журналистика факультетінде сонау кеңес заманында да қазақ бөлімі мен орыс
болімінің үлесі тепе-тең болатын. Қазір де солай, енді оған еліміздің басқа
жоғары оқу орындарындағы журналистика бөлімдерін қосыңыз. Иә, сан көп,
бірақ сапа көңіл көншітпей тұрғаны рас. Бұл орайда, әрине, телеарналар да
болашақ мамандарын іріктеп алуға мүдделі болатыны түсінікті. Мәселе, қай
басшының қалай іріктеуінде. Соңғы жылдары қазақ тіліне деген қажеттілік
артып келеді, бірақ ол біздің қалаған деңгейімізден әлі төмен. Тілге деген
жеткілікті сұраныс жоқ. Ол телеарналардың әрекетінен айқын көрінеді. өз
елінде, өз жерінде өмір сүре отырып, ана тіліндегі хабарларды түн ауа
көретін жалғыз халық біз болармыз... Ал, телекөрермендер болса, қызғылықты,
тартымды, ең бастысы рухани жан дүниені байытарлық мағынылы, мәнді
хабарларды ынтыға іздейді.
Тіпті, көгілдір экранды қоссаң жылап жібергің келеді. Арналарды
ауыстырған сайын мүлде өмірден түңіліп кетесің. Әр арнада бірінен бірі
асқан жауыздық пен арсыздық. Жастарды рухани болмыс, қазақи қалыптан
ажыратар батыстық мәдениет насихаты.
Теледидар – ол күрделі психологиялық құрал. Жастар мен балалар, тіпті
үлкендер де содан көргенін қайталайды. Жасы жетпей жас балалар қит етсе
өлтірем деп шыға келеді. Олар өлімнің не екенін қайдан білсін, әйтпесе
бұлай демес еді ғой. Ал қыз-келіншектер қауымы болса сериал сылқымдарының
кейіпіне әбден кіріп алады. Кейінгі кезде ол да насихаттың бір жолы ма,
сол сериалдар қазақ тіліне аударылып берілетін болыпты. Онда да біз бұрын
естімеген тұрпайы қазақ тілінде. Тілдік нормалар мүлде сақталынбайды. Бұлай
жалғаса берсе жаһандану мен ұлтсыздану бізге біз ойлағаннан да ерте
келеді. - деп пікірін білдіріпті Бәйтерек ауылының тұрғыны Гүлбақыт
Құрманбаева есімді көрермен Дала мен қала газетінің 7 күн айдарына
жазған мақаласында. Бұдан не түйеміз?..

2.3. Тәрбиенің тірегі - теледидар

Еліміздің қоғамдық, саяси, мәдени өмірінде теледидардың атқаратын,
алатын орны ерекше екенін көзі қарақты әрбір азамат біледі десем артық
айтқандық емес. Себебі қазіргі дәуір электронды ақпарат құралдарының
дәуірі. Ол жетпеген жер шарының түкпірі бар ма екен десеңізші. Бұл
түсінікті де. Осы әлемдік құдіретті құралдың ауаны халықтар арасындағы
көңіл –күйдің, қарым –қатынастың тетігіне , таразысына айналғаны бәрімізге
белгілі. Сондықтан да бұл күшті құралды өзінің сыртқы саясатына тиімді
пайдалануды мақсат еткен елдер өздерінің телеөнімдерін әр түрлі жолдармен
басқа елдерге жеткізеді. Біріншіден, өзінің насихатын жүргізеді, екіншіден,
өнімдерін өткізеді. Сөйтіп екі жеп биге шығады. Сонда кім ұтылады? Әрине,
шет елдің телеөнімдерін тұтынатын біз сияқты ел ұлттық мүдде жағынан да,
рухани жағынан да ұтылады. Халық ұлттық менталитетінен айырылады. Бұл –
аксиома.
Кезінде отандық, оның ішінде мемлекеттік тілде берілетін телехабарлар
мөлшерін арттырып, шет елдік телеөнімдерді тарату көлемі белгіленген
деңгейге дейін шектеу мәселесі көтеріліп, біраз игі қадамдар жасалғандай
болып еді,Сең сөгілді, теледидардың беті бері қарай бастағандай болып еді.
Бірақ, бері келе сөз бұйдаға салынып, осы бір ел үшін пайдалы шаруа сәл
ұсақталып кеткен сияқты. Бұған Қазақстандағы адам құқын, сөз
бостандығын, сенім бостандығын желеу еткен шетелдік, отандық, қоғамдық
ұйымдардың өре түрегелуі басты себеп болса керек. Қорыққанға қос көрінеді
демекші, бұнымыз орыс тілді көрермендердің ақпарат алу құқын шектеу болып
жүрмесін деп күдіктенгендер бүгінде бұл мәселені жылы жауып қойғандай
көрінеді. Таратып айтсақ, тіпті соңғы жылдары шетелдік телеарналардың
ықпалы да күшейіп, телеөнімдері де көптеп таратыла бастады. Мысалы, 31
телеарна шетелдіктерге сатылғаннан кейін мемлекеттік тілде берілетін
хабарлардың саны да, сапасы да өзгеріске ұшырай бастағанын аңғару қиын
емес. Тізгінді қолға алғаннан кейін қожайын есіктен кіріп, төр менікі
деуге көшкен. Оны көрсетілім уақыттың көбі дерлік шетелдік телеөнімдердің
үлесіне тигенінен көреміз. Ал еліміздегі алғашқы коммерциялық жекеменшік
КТК телеарнасын әлі күнге дейін қай елдің отын оттап, суын ішіп отырғанын
біле алмадық. Бізде анау жоқ, мынау жоқтан ары аса алмай отырған
телеарнаның алға қойған мақсаты қандай? Нені көздейді? Неге жетуге
ұмтылады?
Отандық тәуелсіз телеарналар демократияны бетке ұстап, өз бетімен
кетіп бара жатқан сияқты. Әрине, оның арты неге апарып соғатынын бір құдай
біледі. Сана бірлігі, ой бірлігі, мақсат бірлігі болмаған жерде, ұлттық
мүдде бірлігі де болмайтыны өзінен өзі түсінікті. Қазіргі таңда оны
жасайтын әрі қалыптастыратын бірден- бір қуатты құрал теледидар болып отыр.
Себебі оның аудиториясы өте кең. Сондықтан да оны өздерінің жымысқы
саясатын жүргізуге пайдаланғысы келетіндер елімізде де, шетелде де жоқ
емес, бар,
Мемлекеттік тілдегі хабарды көбіне түн ауа беретін КТК, Еуразия,
Таң, НТК, 31, және Рахат тәрізді еліміздегі телеарналар ендігі
жерде Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға енгізілген түзетулер мен
қосымшаларға сәкес ендігі жерде оларды күні бойы біркелкі тәртіппен берілуі
тиіс көрінеді. Әрине, бұл қуана қабылдайтын дүние. Демек, ендігі кезекте
қазақ тілді көрермендердің, яки азаматтардың ақпарат алудағы құқы кеңейді
деген сөз. Енді қарттарымыз теледидарды күндіз көріп, түнде ұйықтайтын
болады. Егер заңда көрсетілген талап орындалса. Бірақ, бір қыз айтқан екен
мен сенбеймін ойыма, не сояды тойыма - деп, соның кебі келіп жүрмесе
болғаны. Көрерменге осындай күмәнді ой туғызбайтын Заңның талаптарын қатаң
бақылап отыратын елімізде бір орган немесе бір тетік бар ма? Бар
дерсіздер. Ол – Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Әрине, мемлекет халықтың мәдени және рухани талаптарын
қанағаттандыруға айтарлықтай көңіл бөліп, аталған салаларда ірі
бағдарламаларды жүзеге асырып жатқанымен, ескерілмей жүрген мәселелер әлі
де аз емес. Қоғамдық және шығармашылық ұйымдардың зерттеулері елдің рухани
сұранымының қанағаттандырылу деңгейі тиісті министрліктердің тарапынан
жүйелі анықталмайтындығын, соған орай мәдени өмірдің кейбір түйткілдері
назардан тыс қалатынын дәлелдеп отыр.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегіне сүйенсек, отандық
телеарналардың эфирдегі қазақ тілінде берілетін хабарларының үлесі 50
пайыздан кем емес. Ал осы елу пайыздың жетпіс пайызы қазақ тіліне
аударылған сырт елдердің телеөнімдері екенін кім ескереді?
Әзірге бұған рухани шөлдеген қалың кауым ғана алаңдауда.Ал тиісті
министрліктер бұл орайда сөз бола қалса, телеарналардың рейтингін санай
бастайды. Сенетіндері - Гэллап – Медиа деген агенттік. Сол агенттік
жаттап алғандай талдау жүргізген сайын қазақ тілге қырын қарайтын
арналарды алға оздыра жөнеледі екен.
Осы арада қадап айтатын бір мәселе: мұндай агенттіктердің зерттеулері
ұдайы біржақты болып келеді, ұлттық рухани талаптар ескерілмейді,
көрермендердің өздеріне ыңғайлы топтарының талғамдарын негізге алады.
Көшбасында әдетте ресми тілді Еуразия телеарнасы тұрады, қазақ тілді
Қазақстан ұлттық телеарнасы керуен соңында жүреді. Осыдан соң әлгі
агенттіктің сыры ішінде ме дейсің.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тағы бір дерегіне сүйенсек,
Хабар агенттігі қазақ тілінде аптасына -29, Рахат ТВ арнасы – 22, 31-
арна - 21, Астана телеарнасы -14, КТК арнасы болса – 8 хабарды эфирге
шығарады екен. Бұл қазанның түбіндегі қаспақ қана. Сонда республика
халқының 60 пайызынан астамын құрайтын елдің рухани, тілдік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының жан туралы философиясы
Діни наным-сенімдердің бастауы
Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ
Жүсіпбек аймауытов – әдебиет сыншысы
Кітапхана – ғылым, мәдениет және руханият орталығы
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым турасында
Психология ғылымының зерттеу әдістері жайлы
Ахмет Иассауи іліміндегі рухани құндылықтар және қазақ таңымындағы маңызы
Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы
Шәкәрім құдайбердіұлы өмірі мен еңбектері
Пәндер