Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім беру жүйесін жетілдіру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ӘЛ. ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

2.1 әл.Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім
беру жүйесінің қазіргі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Еуропалық оқу әдістерін әл.Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті тәжірибесіне енгізу бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Білім беру деңгейі - экономикалық ғылыми техниканың ең негізгі көрсеткіштерінің бірі екендігі белгілі. Білім беру мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының кепілі болып табылады. Білім беруде кідіріп қалу мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттық болашағына кері ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтанда білім беру және оны заманауи талаптарына сәйкес жүргізу қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселелердің бірінен саналады. Осыған орай Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіз мемлекетке «қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет» екенін атап көрсеткен болатын.
Жаһанданудың етек алуына байланысты әлемдегі өзгеруден, жаңа технологиялардан, білім берудегі соңғы тәсілдерден тысқары болудың мүмкін еместігін уақыттың өзі дәйектеп отыр. Оның үстіне бұрынғысынша білім беру экономиканы тежейтін тетіктердің бірі екендігіне көз жеткізіп келеміз. Мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосылу екендігі баршаға мәлім. Дамыған елдердің қатарына қосылудың басты шарттарының әрі талаптарының бірі- бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау. Елбасы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында дамуымыздың тегершігі «парасатты экономика» негіздерін қалыптастыруды негіздей отырып, әуелі адами капиталымызды жасақтау қажеттілігін баса айтқан еді. «Бәсекеге қабілетті экономика бұл ең алдымен кадрлардың бәсекеге қабілеттігі» деген Президенттің тұжырымы осының дәлелі.
Терең білімді, жоғарғы білікті мамандар дайындауда бірқатар реформалар қажет екендігін республиканың қазіргі білім саласындағы деңгейі көрсетіп берді. Кеңестік кезеңнен қалған білім беру жүйесін түбегейлі өзгертпей ары қарай даму екі талай екендігіне көз жеткізілді. Себебі кеңестік білім беру саласы батыстық білім әлеміндегі үдірістерден оқшау еді. Тіпті тоталитарлық биліктің темір құрсауы сыпырылып тасталғаннан кейін де өзге де ТМД елдері тәрізді постиндустриалды мемлекеттердің білім беру жүйесіне Қазақстан да бірден мән бере қоймады. Тек тоқсаныншы жылдардың соңына қарай білім берудегі сең болып сірескен консервативті әдіс-тәсілдердің орнына оқытудың жаңа технологиялары келе бастады. Германия «2000 жылға дейін білім», АҚШ «ХХІ ғасырдағы американдықтар білімі», Франция «ХХІ ғасырдағы білім моделіне ізденіс» тәрізді реформаларға қол созған уақытта Қазақстан дүниежүзілік интеграциялардан тыс қалмау үшін білім саласына назар аударып, бірқатар реформалар жүргізді. Солардың арасында «еурапаға ашырған терезе» арқылы Болон декларациясына қол қойды. Сол кезде осы шараны жақтаушылардан даттаушылар басым болған еді. Олар оқытудың кредитті жүйесіне енуді еуропалық түрдегі білімге бой ұру, ұлттық нышандардан жұрдай болу, дәстүрлі тәсілдерден бас тарту, жаһанданудың жағымсыз тұстарына жол ашу деп түсінді, осындай пікірді насихаттауға тырысты.
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылы 6-наурыздағы «Дағдарыстан-жаңару тен дамуға халыққа жазылуы, Егемен Қазақстан, ұ.з. 2009 ж.»
2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ХХІХ-ғылыми әдістемелік конференциясының материалдарға ақпан, 2009 ж.
3. Галкина Е.П., Болонские Тайны., АПН, 2005 г.
4. Краткая справка о Болонском процессе., М., 2005 г.
5. Болонская декларация, Болонья, 19.06.1999 г.
6. Потошник М.М. Качество образования: проблемы и технология управления М., 2006 г.
7. Колесов В.П. Ступенчатость высшего образования и Болонский процесс, Экономика образования-2004-№2
8. Колесов В.П. Рынок образовательных услуг и ценности образования (между ВТО и Болонском процессом) Высшее образования в России-2006-№2
9. Полозков С.М. и другие. Исследование различий влияния и знания и информации их развития общества. /Экономист,- 2005 №2/
10. Казахстан сегодня. Агенство статистика РК -2008 г.
11. Человеческое развитие в Казахстане. Учебник /под. Ред. Мамырова Н.К./ Алматы, 2003 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ БІЛІМ
БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

2.1 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім
беру жүйесінің қазіргі жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Еуропалық оқу әдістерін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті тәжірибесіне енгізу
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Білім беру деңгейі - экономикалық ғылыми техниканың ең негізгі
көрсеткіштерінің бірі екендігі белгілі. Білім беру мемлекет пен қоғамның
орнықты дамуының кепілі болып табылады. Білім беруде кідіріп қалу
мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттық болашағына кері ықпалын
тигізері сөзсіз. Сондықтанда білім беру және оны заманауи талаптарына
сәйкес жүргізу қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселелердің бірінен саналады.
Осыған орай Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіз мемлекетке қазіргі заманғы
экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім
беру жүйесі қажет екенін атап көрсеткен болатын.
Жаһанданудың етек алуына байланысты әлемдегі өзгеруден, жаңа
технологиялардан, білім берудегі соңғы тәсілдерден тысқары болудың мүмкін
еместігін уақыттың өзі дәйектеп отыр. Оның үстіне бұрынғысынша білім беру
экономиканы тежейтін тетіктердің бірі екендігіне көз жеткізіп келеміз.
Мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыты мейлінше бәсекелестікке бейім 50
елдің қатарына қосылу екендігі баршаға мәлім. Дамыған елдердің қатарына
қосылудың басты шарттарының әрі талаптарының бірі- бәсекелестікке қабілетті
мамандар даярлау. Елбасы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында
дамуымыздың тегершігі парасатты экономика негіздерін қалыптастыруды
негіздей отырып, әуелі адами капиталымызды жасақтау қажеттілігін баса
айтқан еді. Бәсекеге қабілетті экономика бұл ең алдымен кадрлардың
бәсекеге қабілеттігі деген Президенттің тұжырымы осының дәлелі.
Терең білімді, жоғарғы білікті мамандар дайындауда бірқатар реформалар
қажет екендігін республиканың қазіргі білім саласындағы деңгейі көрсетіп
берді. Кеңестік кезеңнен қалған білім беру жүйесін түбегейлі өзгертпей ары
қарай даму екі талай екендігіне көз жеткізілді. Себебі кеңестік білім беру
саласы батыстық білім әлеміндегі үдірістерден оқшау еді. Тіпті тоталитарлық
биліктің темір құрсауы сыпырылып тасталғаннан кейін де өзге де ТМД елдері
тәрізді постиндустриалды мемлекеттердің білім беру жүйесіне Қазақстан да
бірден мән бере қоймады. Тек тоқсаныншы жылдардың соңына қарай білім
берудегі сең болып сірескен консервативті әдіс-тәсілдердің орнына оқытудың
жаңа технологиялары келе бастады. Германия 2000 жылға дейін білім, АҚШ
ХХІ ғасырдағы американдықтар білімі, Франция ХХІ ғасырдағы білім
моделіне ізденіс тәрізді реформаларға қол созған уақытта Қазақстан
дүниежүзілік интеграциялардан тыс қалмау үшін білім саласына назар аударып,
бірқатар реформалар жүргізді. Солардың арасында еурапаға ашырған терезе
арқылы Болон декларациясына қол қойды. Сол кезде осы шараны жақтаушылардан
даттаушылар басым болған еді. Олар оқытудың кредитті жүйесіне енуді
еуропалық түрдегі білімге бой ұру, ұлттық нышандардан жұрдай болу, дәстүрлі
тәсілдерден бас тарту, жаһанданудың жағымсыз тұстарына жол ашу деп түсінді,
осындай пікірді насихаттауға тырысты.

2.1 ҚазҰУ-нің білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын талдау

Университеттердің Ұлы Болон хартиясы бойынша университет әртүрлі
тарихи-географиялық шарттар нәтижесінде туындап, өзіндік ұйымдық құрылысы
бар қоғамды іс-әрекет жүргізуде және халықтар мәдени құндылықтарды зерттеу
мен оқу үдерісінің заманауи көзқарас негізінде насихаттын институт ретінде
қарастырды. ҚазҰУ-нің білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы біз бұдан он
жыл бұрын өткен тарихи оқиғадан бастаймыз.
1998жылдың 5 қантарында Студенттер сарайының ашылуына Н.Ә
Назарбаев:"Қазақ мемлекеттік университетінің элитарлы екендігіне күмән
жок... дегенді тағы да қайталап айтты. Сол күні, дәл біздің университетте
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан студенттеріне арнаған белгілі үндеуі жария
етілді. Бұл үндеуде Елбасы Қазақстанда қүқықтык мемлекетті нығайтуды елдің
орнықты дамуы туралы айтып өтті: “Қазақстан-2030" Стратегиясы жастар үшін
жасалған, оны жастар жүзеге асыруы тиіс". Президент ҚазҰУ студентгерін
университеттік дәстүрлер рухын қолдап, дамытуға соның ішінде бүкіл әлемге
ашық түрде дәріптеуге шақырды.
1999 ж. 11 маусымында Қазақстан Республикасынын "Білім беру
туралы" заңы шықты. ҚР Президентінің "жекелеген мемлекеттік жоғары оқу
орьндарына ерекше мәртебе беру туралы" 5 шілде 2001 ж. № 648 Жарлыгында
ұлттық және жалпы адамзаттық қүндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері
негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби даярлау және 7
шілде 1999 ж. '' Білім беру туралы" ҚР заңына сәйкес әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университетіне Қазақстан ЖОО-ның ішінде бірінші болып ұлттық
университет ерекше мәртебесі берілді. 2000 ж. 20 шілде №1106 Қазақстан
Республикасаның үкіметінің Қаулысымен "Білім беру туралы" КР заңына сәйкес
және 1993 ж. 9 қаңтардағы "әл-Фараби атындагы Қазақ мемлекеттік ұлттық
университетінің мәртебесі туралы" ҚР Президентінің Қаулысымен "әл-Фараби
атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті" Республикалық мемлекеттік
кәсіпорынның ерекше мәртебесі туралы Ереже бекітілді.
Бұл қаулы университет әлеуетін Қазақстан Республикасының мүддесі
үшін барынша тиімді пайдалануға бағытталған. Онда елдің жетекші ЖОО-ның
жоғары білікті мамандар даярлаудағы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы ерекше
рөлі көрсетіледі, сондай-ақ университетте қалыптасқан, Қазақстанда және
шетелдерде кеңінен, танымал беделді ғылыми мектептерді сақтап қалу
қажеттілігі баса айтылған. Ережеде университеттің автономдық ЖОО ретіндегі
міндеттері, мақсаттары мен құқықтары айқындалған, сондай-ақ оның қаржылық-
щаруашылық, бақару кызметтерінің мәселелері, окушылар контингентін
калыптастыру кағидалары да көрсетілген. Университет ректорын Президент
тағайындайды және қызметінен босатады деп бекіттелген. Қамқоршылар Кеңесі
жұмысының мәртебесі мен қағидалары анықталған.
2003 ж. 26 желтоқсанында бүкілхалықтық талқылау үшін ҚР 2015
жылға дейін білім беру Концепциясы жарияланды. 2004 ж. 19 наурызда-
"Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге
қаблетті ұлт", Президент жолдауына сәйкес 2004жылдың 11 қазанында Қазақстан
Республикасының Президентінің №1459 Жарлығымен "2005-2010 жж. Казақстан
Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы бекітілді.
Бұл Бағдарлама бойынша жаңа экономикалық және социомәдени жағдайларда білім
берудің Қазақстандық жүйесінің алдында тұрған білім беру сапасын
жоғарылатуға, стратегиялық мәселелерді шешуге бағытталған түбегейлі
жаңғыртулар қажеттілігі атап көрсетілген.
2009 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті үшін ерекше
жыл - бұл университеттің 75-жылдығы. Университеттінің мерейтойы ЮНЕСКО
аясында өткізілген "XXI ғасырдағы өркениет дамуындағы университеттер рөлі
ғылыми-практикалық конференцияға жалғасты, үш томдық университет Жылнамасы,
"Қарашаңырак" кітабы, университет ардагерлері туралы, ғалымдар, педагогтар,
тәлімгерлер жинағы, бірқатар жетекші профессорлар, оқытушылар және
қызметкерлердің биографиялық естеліктері жинақталған "Адамдар және
тағдырлар" жинағы, "әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті"
анықтамалық-ақпараттық кітабы баспадан шыкты. БАҚ-та университеттің 70-
жылдығына арналған ең үздік журналистік жұмысқа ашық конкурс жарияланды,
сондай-ақ барлық факультеттерде мерейтойлық ғылыми-практикалық және ғылыми-
әдістемелік конференциялар, дәстүрлі "Менің Қазақстаным" студенттік
фестивалі өткізілді.
Мерейтойдың ең әсерлі оқиғасы "Наурыз" театрландырылған мейрамы
болды. Бұған дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, ЖОО ректорлары, БАҚ
басшылары және әр жылдардағы университет бітірушілер қатысты.
ҚазҰУ-де республика бойынша алғаш рет ғылыми зерттеу институттары мен
ғылыми орталықтар жасақтала бастады. Яғни, оку процесін ғылыми зерттеулер
мен табиғи интеграциларға қол жеткізілді. Ұжымдық еңбек арқылы елде бірінші
болып 100-ден астам мамандықтар бойынша бакалавриат пен магистратура
ашылды. Барлық қажетті нормативті-құқықтық, оқу-әдістемілік құжаттар талдап
жасалынып, Егемен Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі реформалардың
ірге тасы қаланды.
Университеттің ғалымдары мен қызметкерлерінің кәсіпкерлік
бастамасын колдау мақсатында және ғылыми-техникалық жұмыстарды коммерциялық
тұрпатқа келтіру үшін университет 8 шағын ғылыми-өндірістік қәсіпорынның
құрылтайшысы болды. Бұл құрылымдардың қызметі қиын кезеңде кафедралар мен
ғылыми бөлімшелердің кадрлық әлеуетін сақтап қалуға көмектесті.
ҚазҰУ-дің ғылыми бөлімшелері және олармен байланысты шағын
кәсіпорындар өз жұмыстарын қайта кұруға қол жеткізді және университеттік
ғылымның өміршеңдігі мен коммерциялык құндылығын дәлелдеді. Жаңа
экономикалық жағдайларда жемісті қызмет атқарып шаруашылық-экономикалық іc-
әрекеттері тұрақты да оңды әсерлер әкеліп, университеттік ғылыми
бөлімшелердің рыноктық экономикалық қатынастарды игеруіне жәрдемдесті.
Сол бір күрделі кезеңдерде университеттік ғалымда алда болған
жаратылыстану факультеттері, бірінші кезекте - физика және химия
факультеттерінің ғылыми мектептері өздерінің беріктігін тағы да дәлелдеді.
Осы факультеттердің негізінде - экспериментальды және теориялық физика
ғылыми-зерттеу институты және жаңа химиялық технологиялар мен материалдар
ғылыми-зерттеу институты ойдағыдай қызмет аткарды. Жиырма бес жылдан астам
уақыт арасындағы химиялық генетика және жану кафедрасында жану процесінің
іргелі және қолданбалы аспектілерін зерттеу жемісті болды.
Еліміздің жоғары мектебі тарихында алғаш рет биология және
биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институты және ғылыми-зерттеу
және оқу-әдістемелік әл-Фараби Орталығы құрылды.
Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары механика және математика, кибернетика
және ЭВМ салалары, машиналар теориясы, роботтар мен манипуляторлар,
заттардың физикалық және химиялық құрылысы тиімділігі жоғары
катализаторларды талдап жасау, қоршаған орта және табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану, жаңа емдік препараттарды цинтездеу, республика дамуының
әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемалары, құқыктық мемлекетті
қалыптастыру, шығыс философиясы, Қазақстан тарихы, археологиялық зерттеулер
мәселелері және тағы басқа бойынша жүргізілді.
ҚазҰУ-дың жаңа тарихында ғылыми зерттеулерге ИНТАС, НАТО, ДААД,
МАГАТЭ, Сорос Қазақстандық Фонды, Инко - Коперникус және т.б. көптеген
халықаралық ғылыми фондттар, бағдарламалар жэне гранттардың қаржылары
тартылды. Әрине, ғылым дамуының барысында студенттер ешқашан шеттеген жоқ.
Олардың ғылыми зерттеулерінің дәрежесінің көрсеткіші ретінде, мысалы, 1995-
2000 жж кезеңінде ҚР ҰҒА 23 медаліне ие болғанын айтуға болады. 1999 жылы
Білім Министрлігінің түрлі салалар бойынша берген 7 дипломының 4-іне ҚазҰУ
студенттері ие болды.
Университетте бірегей ғылыми студенттік дебат бағдарламасы жүзеге
асырылуда, жас ғалымдар ассоциациясы, магистранттар Клубы, Жаңа ұрпақ
полиглот клубы реформаланып және қайта құрылды, түрлі дәстүрлі жэне жаңа
интеллектуалды ойындар және фестивалдар, ғылыми конференциялар өткізілді.
2000 жылы ҚазҰУ-да жеті ҒЗИ-мен қатар 10 ғылыми орталық жұмыс
істеді. Университет ғалымдары 23 фундаменталды бағдарламалар,7 қолданбалы-
ізденіс және 2 - салалы зерттеулер бойынша зерттеулер жүргізді, соның
ішіндегі 12-сінің бас ұйымдастырушысы ҚазҰУ болды. ҒЗЖ-ға қатысқан 1500
ғалымның ішінде 30 ғылым докторлары, профессорлар, 670-тен астамы ғылым
кандидаттары, доценттер. 1997 жылы университетте 27 диссертациялық кеңес
жұмыс істеді, сонымен қатар 15 докторлық, 28 докторлық және 97 кандидаттық
диссертация.
2000 жылдың 3 сәуірінде ҚазҰУ-де 2003 жылға дейінгі Халықаралық
ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды. 2000 жылы университет 20 шақты
шетелдік оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен келісім шарттарға қол
қойды. Осы шарттардың жалпы саны 1999-2000 оқу жылында 15 мемлекеттің 52
университетімен ғылыми ынтымақтастық туралы келісім шарт жасады.
2002 ж әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің білім және ғылым саласындағы
дамуының маңыздылығын, бүкіл әлем алдындағы мәртебесін ескере отырып,
өнеркәсіпке ықпал ететін Ассоциация (SРI) халықаралық байқаудың нәтижесі
бойынша университетті SPI алтын медалімен марапаттады.
2003ж 16 қыркүйегінде Еуропадағы белгілі Болонья (Италия)
университетінің кабырғасында ҚазҰУ-нің ректоры дүниежүзілік
университеттердің Әйгілі Хартиясына қол қойды. Сөйтіп, ҚазҰУ
Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындарының
ішінде бірінші болып Еуропалық білім кеңістігіне кірді.
2001-2002 оқу жылының басында университет штатында 1715 профессор
мен оқытушылар қызмет атқарды, оның ішінде 250 ғылым докторы, профессорлар
және 800-дей ғылым кандидаты мен доценттер болды.
Осы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, яғни грант пен
кредит негізінде, университетке 1625 студент қабылданды, бұл 2000-2001 оқу
жылындағыдан 300 студентке артық. 1800 студент ақылы оқу негізінде келісім
шарттар жасады, бұл өткен жылдан 250 студентке артық. Бюджеттік негізде
магистратураға 1001 адам қабылданды, бұл өткен жылдан 5 есе артық.
Аспирантураға, докторантураға, біліктілікті арттыруға бюджеттік орын өткен
жылмен салыстырғанда 3 есе артық жоспарланған болатын. Мұның өзі республика
бойынша осы жылда қабылданғандардың 40% құрайды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2001жылдың 15 шілдесінде қабылданған № 470
бұйрығына сәйкес 98 мамандық бойынша білім беруге мемлекеттік лицензия
алды, сoның ішінде 16 жаңа мамандық бар.
2002-2003 оқу жылы барысында елімізде кредиттік технологиямен
оқытуды енгізу процесі басталды. 2002 жылы осы технология өткен әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ ЖОО-тәлімгер қызметін атқарды.
Бұл бағытта оқу-әдістемелік бірлестігі ерекше рөл атқарады.
Университетте оқыту сапасын арттыру мақсатында бірқатар жаңа
практикалық қадамдар мен шаралар қолға алынды. Атап айтатын болсақ, 2002-
2003 оқу жылында 38 гуманитарлық, жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық
мамандықтар бойынша біліктілікті жетілдіру институты ашылды.Сонымен қатар
құқықтану, шет тілдері, қаржы (салалар бойынша) және акпараттық
жүйелер (қолдану салалары бойынша) жаңа Колледжі ашылды.
2003-2004 оқу жылында университетте 156 мамандық бойынша және
бағыттар бойынша мамандар (34 жоғарғы базалық білім, 29 ғылыми
педагогикалық білім және 93 жоғары арнайы білім) дайындалды. Университетте
қуатты магистратура институтын дамыту фундаменті қаланды, негізгі құқықтық
нормативтік құжаттар талдап жасалынды. Бұлар ҚазҰУ және басқа да аймақтық
білім беру орындарында магистрлерді даярлау үшін көп көмегін тигізді.
2001 жылдың күзіне қарай ҚазҰУ Еуропа, АҚШ, Азия мемлекеттерінің
160 университетімен тығыз қатынаста болды. ҚазҰУ халықаралық университеттер
Ассоциациясына қабылданған,және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының
бірден бір құрылтайшысы болып табылады. 2001-2002 оқу жылында Оңтүстік
Корея және Тайвань университеттерімен жаңа 7 келісім— шарт кабылданды.
Ланчжоу унверситетімен бірігіп ҚазҰУ-де Қытай тілі Орталығы ашылды.
Соңғы он жыл ішінде университет дүние жүзі бойынша 20 мемлекеттегі оқу
орындарымен келісім шарттарға қол қойды. Соның ішінде Оклахома
Университеті;Висконсин-Медисон Университеті (АҚШ);Миддлсек Университеті
(Ұлыбритания); Ренн-1; Нанси-2 Уиверситеті; Роберт Шуман атындағы Страсбург
Университеті (Франция); Карлсруэ Университеті; Дармштадт Техникалық
Университеті (Германия); Алкала университеті (Испания); Варшава
Университеті; Адам Мицкевич атындағы Познань Университеті; AGH Ғылыми
Технологиялық Университеті (Польша); Орталық Халықтар Университеті;
Жэньминь Халықтар Университеті; Шанхай Университеті (ҚХР); Тайвань Орталық
Ұттық Университеті; Чоннам Ұлттық Университеті; Ханкук шет тілдер
Университеті; Кангвон Ұлттық Университеті (Корея); Тегеран Университеті
(Иран); Дикара Университеті (Турция); Каир Университеті; Аль-Миния
Университеті Египет); М.В. Ломоносов атындағы МГУ; Томскдағы Мемлекеттік
университет (Ресей); Қырғызстандағы Ұлттық университет; Ташкенттегі Мирзо
Ұлұқбек атындағы Мемлекеттік Университет және т.б бар.
Халықаралық ынтымақтастықтың қызметі қазақ, орыс (ай сайын),
ағылшын (екі айда бір рет), француз, неміс, қытай, корей тілдерінде
ақпараттық бюллетендер шығарады. Бұлар университеттің халықаралық білім
алмасу саласындағы жетістіктер туралы хабарлайды. Жақын арада бюллетендерді
араб тілінде де шығару жоспарлануда.
Әлемдік білім беру кеңістігіне 2002-2003 жж енген ҚазҰУ шетелдік
Университеттерімен Phd ғылым докторларын даярлау жұмыстарын жүргізе
бастады. Бұлар батыс және шығыс Еуропаның, Американың, ҚХР, Корея мен
Жапонияның 34 университеті 2004 ж ақпанында ҚазҰУ да жаңа қазақ-үнді
ақпараттық технология орталығы (КИЦИТ) ашылды. Бұл орталық Азиядағы ең
бірінші NIIT(National Institute of Information Technologies, Үндістан) жоба
бойынша қызмет атқаратын ғылыми орталық болып табылады.
2006 ж бастап университетте қазақ-француз электрондық оқыту
институты құрылды. Бұған Р.Шуман атындағы университеттің ғалымдары ат
салысты.
Егеменді Қазақстанның жаңа тұрақты өзгермелі тарихи жағдайларының
қалыптасуы мен дамуы барысында университеттің тәрбие жұмысы саласында
түбегейлі өзгерістер орын алды, оның жаңа парадигмаларын іздестіру белсенді
жүргізілді. Мұнда адамдардың, әсіресе жастардың мәдени-тарихи санасын
жаңғыртуға бағытталған ұлттық рухани және мәдени дәстүрлерді қайта қалпына
келтіру үдерісі үлкен роль атқарды.
Осы мақсатта университеттегі оқу үдерісінде, сондай-ақ тәрбие
үдерісінде мамандар даярлаудың мазмұны мен сапасын ұйымдастыру мен
басқарудың мақсатты-бағдарламалылық қағидасы мен жүйелілік әдісі белсенді
қолдана бастады. Оқу үдерісінде және оқудан тыс іс-әрекеттерде өзара
байланысты актолар: оқу, тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі қалыптастыру
басшылыққа алынды.
Біздің университеттің студенттер топтарының оқытушылары мен
кураторлары ең бастысы – жастарды өз Отанының нағыз азаматы ретінде
тәрбиелеу екенін ешқашан ұмытпайды. Бұл тәрбиелік "парадигма" қарапайым
және түсінікті, жас ұрпақтың азаматтық позициясын таңдауға жәрдемдесетін,
бай ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген тәрбие өзекті болып
табылады. Университет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
Бастауыш мектепте интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі
Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру
Жоғары білім беруді әлеуметтік институт ретінде қарастыру
Қазіргі заманғы қазақ философиясы
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің иммиджі
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі
Нанотехнология туралы
Пәндер