Отбасы психологиясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4-7

І Отбасы психологиясының теориялық мәселелері

2. 1 Отбасы және отбасы қызметінің негізі түсініктері . . . 8-17

2. 2 Неке - ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін

формасы . . . 18-23

2. 3 Ерлі - зайыптылар қатынасының психологиялық сипаты . . . 24-48

ІІ Үйлесімді отбасын қалыптастыруда ерлі-зайыптылардың

психологиялық даярлығын зерттеу жолдары

  1. Ерлі-зайыптылардың отбасы өміріне психологиялық даярлығын

диагностикалау . . . 49-51

  1. Ерлі - зайыптылардың үйлесімді отбасын қалыптастыруына бағытталған жетілдіру жолдары . . . 52-59
  2. Зерттеу нәтижелерін жинақтау . . . 60-61

Қорытынды . . . 62-63

Қолданылған әдебиеттер . . . 64-66

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі.

Отбасы - әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы - қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қары-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы.

Қазірігі таңда қоғамда отбасы психологиясы өзекті мәселелердің бірі. Оның дәлелі Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында ата-ана, бала, қарттар мәселесіне ерекше мән беріп тоқталған [43] . Отбасы әлемі әр алуан. Ол ата-аналарға адам өмірінің кереметін сезінуге, оны түсінуге, өз бар болмысын балалар үшін ұзартуға мүмкіндік береді. Бірақ отбасы өмірі - көңіл көтеретін серуен емес, қиындықсыз, мәселесіз болмайды. Отбасы тәрбиелеу көзі. Отбасы мәселелері - бүкіл қоғам мәселелері. Дәстүрлі отбасының дағдарыстық жағдайы кең құбылыс. Ерлі-зайыптылардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас тарихы отбасы тарихымен тығыз байланысты.

Отбасы туралы В. Сатир барлық әлемнің микрокосмосы, яғни әлемді түсіну үшін отбасы қатынасын, ерлі - зайыптылардың психологиялық сәйкестігін толық тану қажеттігін тұжырымдаған. Ал Л. Ковар болса, отбасы қатынасының жалпы үлгісін қалай бағалайды және оларға қатынас жасау арқылы бағаланады деп көрсетеді.

Бүгінгі жастарға әлемдік деңгейге сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлауын, іскерлігін арттыру қоғамның міндеті. Отбасын құруда болашақ ерлі - зайыптылардың бір - бірін толық танып, бір - бірімен жақсы түсіністік қарым - қатынаста болу өте маңызды. Отбасының берік болуына - болашақ ерлі - зайыптылардың отбасында болатын қиыншылықтарды алдын - ала біліп, саналы түрде сол қадамды нық басып, отбасының жақсы және берік болуына үлесін қосуға бел буу қажет. Кез - келген отбасында, ерлі - зайыптылар арасында түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мәселелер болады. Сол мәселе салдарынан отбасында ұрыс - керіс, қақтығыс, дау - жанжал болып, оның аяғы отбасының ыдырауына әкеп соғады [6] .

Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Оның ішінде негізгілері: бүгінгі ғана бағдар емес, сонымен қатар оның дамуының ертеңгі күнгі болашағын, үйренуші іс-әрекетінің әртүрлілігіне тірек болатын (оқу, оқудан тыс, ойын, еңбек, отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық-саясаттық, көркем өнер, спорт), тұлғаралық қатынастың ерекшеліктері, қоғамның Отбасыға деген талады; оны тудыру процесінің күрделілігі Отбасыдағы шаруашылық-экономикалық қатынастың күрделенуі; отбасында тәрбиелеу потенциялы негізге алынады. Сондықтан, түрлі отбасылық қақтығыстарды шешу жолы, ерлі - зайыптылар арасындағы жағымды қарым - қатынас құруы және жалпы отбасылық қарым - қатынастың психологиялық ерекшеліктерін қарастыру біздің ғылыми жұмысымыздың негізгі мақсаты.

Жастар отбасын құрғанда, әрине материалды және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген зерттеулер бойынша, материалды ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасы өміріне мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасына жауапкершілік сезімі, нәрестелі болуға және баланы тәрбиелеуге дайындық. Отбасындағы қиындықтар, жағымсыз жағдайлар мен дағдарыстар бүгінгі психология саласында көкейтесті мәселелер. Өмірлік циклда кездесетін дағдарыс түрлеріне психологиялық білім мен мәдениеттің төмендігінен көптеген отбасы бөгеттерден шыға алмай, кері кетіп отбасы ажырауына немесе отбасындағы жағдайға күш-жігер салуға жауапкершілік алмау кеңінен етек жайып барады. Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Отбасын құрудың маңызды факторларының бірі - жастардың өнегелі санасының деңгейі. Дамыған өнегелі сана, жастардың отбасының әлеуметтік маңыздылығын түсінуде, некеге байсалды қарауында, жолдасты ойланып таңдағанында құрылатын Отбасыға сабырлықпен қарағанында, Отбасының барлық мүшелерін және олармен қатынасты құрметтегенінде білінеді.

Жастарды отбасы өміріне психологиялық тұрғыда даярлау, олардың жаңа өмірдегі қуаныштарымен қиындықтарына бірге төзе білуге, ерлі-зайыптылық қызметтерін орындауына, ұрпақ тәрбиелеуге және тб. жағдайларға бейімділігі. Сондықтан диплом жұмысымыздың тақырыбын «Үйлесімді отбасын қалыптастыруда ерлі-зайыптылардың психологиялық даярлығын диагностикалау» деп алдық.

Зерттеу мақсаты - отбасы және неке мәселесі туралы әдебиеттерге талдау жасап, ерлі - зайыптылардың үйлесімді отбасын қалыптасыруына психологиялық даярлығын анықтау.

Зерттеу нысаны - ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы.

Зерттеу пәні - үйлесімді отбасын қалыптастыру ерекшелігі.

Зерттеу жұмысының болжамы - отбасын құру алдын-ала ерлі - зайыптылардың әрқайсысымен жеке психологиялық дайындау жұмысы жүргізілсе, яғни түрлі психологиялық кеңес беру, психотерапия жүргізу түзету-дамыту жұмыстары қолданылса, онда болашақ отбасының берік және үйлесімді қалыптасуына ықпал етер еді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Отбасы қатынасы және ерлі-зйыптылар психологиясы туралы әдебиеттерге теориялық талдау жасау
  1. Отбасы және ерлі - зайыптылар қатынасының маңыздылығын анықтап, үйлесімді психологиялық ықпал ету арқылы зерттеу.
  2. Отбасының жағымды дамуына қоршаған орта - қатынасының

маңызды жүйелілігін қарастыру.

4. Зерттеу жұмысының нәтижелерін сараптау.

Зеттеу әдістері - ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасау әдісі, психодиагностикалық әдістемелер, бақылау, эксперимент, зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау әдісі.

Зерттеудің әдіснамалық негізі - Зерттеу жұмысының теориялық - әдіснамалық негізіне отбасы мәселесі туралы А. С. Макаренко, В. Сатир, Л, Ковар, Т. М. Афанасьева, С. И. Голод, В. А. Сысенко зерттеулеріндегі теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік еңбектері.

Зерттеудің теориялық мәнділігі - зерттеудің ғылыми әдістерін мақсатты түрде қолдану және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибе жүргізуге бағытталған теориялық деректер жинағы сапалық жағынан талданып өңделді, ұсыныстар енгізілді.

Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі - үйлесімді отбасын қалыптастыруда ерлі-зайыптылардың психологиялық даярлығына мақсатталған мәселені терең ұғынып, соның негізінде тәжірибе арқылы дамытуға мүмкіндік туғызады.

Зерттеу базасы - Тараз қаласы . АХАЖ бөлімі

Диплом жұмысының құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Зерттеу кезеңдері:

Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің ғылыми-ізденістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бөлімдері анықталынды. Пайдаланылатын әдебиеттер жинақталынып, талданды.

Зерттеудің екінші кезеңінде ерлі - зайыптыларға арналған диагностикалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Психокоррекциялық жаттығулар ұсынылды.

Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.

І Отбасы психологиясының теориялық мәселелері

2. 1 Отбасы және отбасы қызметінің негізі түсініктері

Отбасының психологиялық сәттілігі мен тұрақтылығына негізделе отырып, болашақ ұрпақтың тәрбиесі, мәдени және рухани мұраларын қалдыру, олардың қылмысқа бармауымен күреседі. Отбасы «қоғам» жүйесінің бөлігі ретінда айырықша психологиялық жүйе ретінде қалыптасады, қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының қайнар көзі болған және болып қала береді. Отбасын жүйелік ықпал көзқарастарында қарастыра отырып, ол жерде өтіп жатқандарды бір мезетте оның ерекшелігі, шағын топ және әлеуметтік институт ретінде талдауға мүмкіншілік береді. Дәл осы жерде «отбасы» сияқты құбылысты талдауға тура келеді. Отбасы қатынастары саласындағы әлеуметтік қозғалыстар отбасылық өмірлік іс-әрекетінің барлық сферасына әсерін тигізеді. Отбасы қалыптасу үшін некенің қалыптасуы қажет. Олай болса, неке және отбасы дегеніміз не?

Отбасы психологиясы мен тұлға аралық әрекеттестік саласындағы психологтар көптеген тенденциялармен, тұлға аралық қатынастардың модельдерін тудыратын көптеген теориялық талдауларды Отбасы қатынастарының психологиясын ұғыну өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Отбасы қатынастарының психологиялық мәселесі адамның өмірлік және тұлғалық идеологиясының жүзеге асырылу, Отбасы құрылымының пайда болу және отбасы өмірінің маңызы мен мақсатын жүзеге асыру тұрғысында пайда болды. Отбасы өмірі адамнан алуан түрлі білім мен икемділікті талап етеді.

Отбасы - адамның өте маңызды, аса жауапты ісі. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс -тіршілік әкеледі және әр Отбасы мемлекеттік мәні бар, зор іс болып табылатындығын А. С. Макаренко отбасы туралы өз анықтамасын берген.

Отбасы ортақ тұрмыспен өзара моральды жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысқан адамдардың бірігуі болып табылады. Көптеген әлеуметтік функцияларды атқарушы, қоғамдағы әлеуметтік құрылымның қажетті құраушысы ретінде отбасы қоғамдық дамуда маңызды орын алуда. Отбасы арқылы ұрпақтар ауысып, адам тегінің жалғауы жүзеге асады, алғашқы әлеуметтену процесі және баланы тәрбиелеп өсіру жүзеге асады. Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады. Махаббат - екінші адамға бағытталған сезімдер мен әрекеттердің қоспасы. Махаббат сөзін адамдар әр түрлі түсінеді. Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай. Адам бір жағынан махаббатқа тартылады, екінші жағынан одан қашады. Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, көмекке келуге қабілеттікке, бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді. Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады.

Отбасын құрудың маңызды факторларының бір - жастардың өнегелі санасының деңгейі. Дамыған өнегелі сана, жастардың отбасының әлеуметтік маңыздылығын түсінуде, некеге байсалды қарауында, жолдасты ойланып таңдағанында құрылатын Отбасыға сабырлықпен қарағанында, Отбасының барлық мүшелерін және олармен қатынасты құрметтегенінде білінеді [21] .

С. И. Голод зерттеулерінде, қазіргі кездегі жастар, махаббат сезімін жоғары бағаласада, көп жағдайда жақсы көретін адамдардан болашақ жұбайы ретінде көрмейді. Отбасы құруда денсаулық жағдайы соңғы орын алмайды. Денсаулық сақтау адамның рухани мәдениетін дамытуда, Отбасы ішілік қатынастарды күшейтуде, айналадағы адамдармен достық және жоғары өнегелі қарым-қатынасты қолдауды және отбасылық өмірді кездесетін психоэмоционалды қиындықтарды жеңуді үлкен үлес қосады.

Жастар отбасын құрғанда, әрине материалды және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген зерттеулер бойынша, материалды ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигызбейді. Отбасылық өмірге мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасыға жауапкершілік сезімі, баалларды туу мен тәрбиелеуге дайындықты көрсетеді.

Болашық ерлі-зайыптылар өскен отбасылардың атмосферасы, құрылудағы отбасының дамуына елеулі әсерін тигіеді, ол не сәтті не көптеген қйыншылықтармен кездесіп мүлде күзеліске ұшырауы мүмкін. Отбасын құруға психологиялық дайындық бұл - жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасты тез орната білу, отбасылық өмірге және қоршаған ортаға бірдей немесе ұқсас көзқарас, отбасыда сау рухани - психологиялық ахуалды орната білу қабілеті, мінез-құлықтың және сезімдердің тұрақтылығы, дамыған ерік қасиеттері.

Отбасы ортақ тұрмыспен өзара моральды жауапкершіліпен және өзара көмекпен байланысқан адамдардың бірігуі болып табылады. Көптеген әлеуметтік функцияларды атқарушы, қоғамдағы әлеуметтік құрылымның қажетті құраушысы ретінде отбасы қоғамдық дамуда маңызды орын алуда. Отбасы арқылы ұрпақтар ауысып, адам тегінің жалғауы жүзеге асады, алғашқы әлеуметтену процесі және баланы тәрбиелеп өсіру жүзеге асады. Отбасының негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды.

Т. М. Афанасьеваның пікірінше және әлеуметтік зерттеулер бойынша, қазіргі кездегі жарлар, болашық жолдастарының бойында ең біріншіден интеллигенттікті таңдайды, ал бұл өте жоғары адамгершілік қасиеттерінің кешені, бұған ақылдылық, сезімталдылық, такт, сыртқы және ішкі мәдениет кіреді. Екіншіден әйеліне дос ретінде қарау, отбасы мен балаларына қамқорлықпен қарау. Үшіншіден, ерік-жігер, еңбекқорлық, әзіл-сықақ сезімі, жан-жақты жетілуге тырысу, физикалық әдемілік. Ал егер адамдар өз жарларында мейірімділікті, жұмсақтықты, қайсарлықты, нәзіктікті таңдайды, бірақ, ақылдылық және іскерлік қасиеттер де ескеріледі.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде қоғамның қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелеі байланысты. Отбасы - шағын әлеуметтік топ. Оның мүшелері некемен, бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік, жауаупкершілік байланыспен өмір сүреді.

Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы. Ол - әлеуметтік, қоғамдық дамуда маңызды рөл атқаратын құрылымының негізі. Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар ерекше тиісті міндеттерге негізделеді. Бұларды тәртіп бойынша орындағандар - қоғамның жалғасуына, гығаюына қызмет еткендер, ал орындамағандар болса, олар - қоғамның тәртібін бұзған, әлеуметтік тәрбиеден үлгі ала алмаған бақытсыз жандар.

Адам баласы қасиетті борыштарын, үлкендерге құрмет, кішілерге мейірімділік, сондай-ақ адамгершілік және отансүйгіштік сезімдерін отбасында үйренеді. Отбасы сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың бастауы болды.

Еркек пен әйел - отбасының екі іргетасы. Адам баласы мұқтаж болған рахатты, шын сүйіспеншілікті, мейірбандық смезімдерін ананың құшағында, әкенің қара шаңырағында табады. Олай болса отбасының мәні зор. Оның екі іргетасы болған ерлі-зайыптылар құқықтары мен міндеттерін түсіне біліп, дұрыс әрекет етсе, отбасында шаттық пен бақыт орнайды. Отбасы - тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың алғашқы ұясы. Ол - тарихи өзгеріп отыратын құбылыс. Некелік қатынастардың алғашқы формасы - полигамия, ал өндіріс құралдарына жеке меншіктің орнығуына байланысты моногамиялық - бір некелік отбасы пайда болды. Отбасы - некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын жақындатып, біріктіреді.

Отбасы - тұрақты жүйе, оның тұрақтылығы мен беріктігі әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін - құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, экономикалық ынта. Отбасының негізін қалайтын неке ерікті, тең құқықты болып, күштеп қосудан, материалдық ынтадан тыс қалыптасуы қажет. Сонымен қатар ол ерлі-зайыптылардың құқығы мен адамгершілігіне, екеуіне де тең кәсіби және рухани даму процестеріне негізделеді. Еркектер мен әйелдер арасындағы жұбайлық қатынас - олардың жыныстық сүйіспеншілікпен қанағат алуы материалдық есерке емес, табиғи шынайы, таза эстетикалық қатынасқа негізделуі керек. Отбасының қоғамдық құндылығы меншікке, мұрагерлікке байланысты емес, жеке адамдардың қалыптасуына, дамуына байланысты. Сондықтан да қоғам некелік-отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы, оған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-ананың жуаупкершілігінің нәтижесінде дамып, нығая түсуі тиіс [6] .

Қазіргі таңда отбасы мәселесімен айналысаты бірнеше мектептер бар. ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап, психиатрлар мен клиникалық психологтар, әлеуметтік психологтар және социологтар отбасына үздіксіз зерттеулер жүргізуде, ол тек бала тәрбиесіне ғана емес, отбасы құрылымына, отбасы тұлғааралық қатынасына, бір мүшесінің көшбасшылық жасауына, ата-ана арасындағы қарым-қатынасқа қақтығыстың көріну, оны шешу жолдарын қарастыруы, отбасы коммуникациясы қоршаған ортамен, мәдениет және рухани құндылықпен, материалды беделмен қарастырылуы.

Жұбайлардың өзара билік бөлінісіне сәйкес отбасының екі түрі болады:

  1. демократиялық;
  2. дәстүрлі немесе авторитарлы.

Баланың санына байланысты төрт түрлі отбасы болады:

  1. көп балалы (3 баладан жоғары) ;
  2. орташа (2 баладан жоғары) ;
  3. бір баласы бар;
  4. баласы жоқтар.

Отбасы әрқилы жағдайға байланысты топқа, түрге бөлінеді. Олардың өзіндік сипаты бар. Мысалы, баланы тәрбиелеу жағдайына қарай жайлы және жайсыз отбасылар бар. Материалдық жағдайына, табысына сәйкес, жоғары ауқатты, орташа тұрмысты және тұрмысы төмен отбасылар болып бөлінеді [48] .

Өмір сүру салтына қарай жас отбасының үш түрі болады. Дәстүрлі отбасындағы жағдай ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылықтарына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытын бірігіп өткізеді, теледидарды бірге отырып қарайды, отбасы басшысы - формалды болса да, ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді. Ер мен әйелдіңқатынасы кәсіби жетістікке, жеке бастарының дамуына бағытталады. Бұларда негізінен, бір бала болады, үй жұмысын бірге атқарады, мүмкіндігінше бір бірінің көмегін пайдаланады. Театрға, концертке, киноға, спорт үйірмелеріне бірге барады. Басшылық, демократиялық сипатта болады. Жас отбасы бос уақытты бірге де, бөлекте өткізеді, мақсаты екі бала өсіру. Шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктер екеуіне бірге іске асырады.

Отбасылық мәселелер көбіне қақтығыстық жағдайда болады. Оның себептері өте көп. Өмірге деген түрлі көзқарас, ақталмаған үміт, сыйластығы жоқ қарым - қатынас, некелік адалдылықтың болмауы, қаржылық қиындықтар және тағы басқа.

В. А. Сысенко (1881ж) отбасылық қақтығыс себептерінің үш негізгі категориясын көрсетті:

  1. Әділетсіз бөлу (түрлі түсініктер, құқықтар мен міндеттерді сәйкес келмеуі) ;
  2. Қанағаттандырылмаған қажеттілік себебінен туындаған қақтығыс;
  3. Тәрбиедегі жетіспеушіліктің салдарынан болатын ұрыс;

В. А. Сысенко тұрмыс - жағдайы төмен отбасылардың келесі үш типін анықтады: қақтығыстық, дағдарыстық және мәселелік [35] .

Отбасылық қосылудың қақтығыстық типіне мынадай жағдай жатады: Ерлі - зайыптылардың қызығушылығы, қажеттіліктері, бағыттылығы үнемі қарама - қарсы болып, күшті және ұзақ жағымсыз эмоцияларды тудырады. Кризитікке мынадай отбасы жағдайы жатады. Ерлі - зайыптылардың қызығушылығы мен қажеттіліктері өте жиі кездесетін сипатта болады. Отбасылық қосылудың мәселелік жағдайындағы жұптар өмірлік қиын жағдайларға душар болған болады. (Мысалы: түрмеде отырған) .

Ерлі - зайыптылардың қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауы салдарынан болатын қақтығыс классификациясы :

  • Өзінің қажеттілігінің өтелмеуі салдарынан және өзіндік «менін»

жоғары бағалауына болатын қақтығыстар, ажырасулар;

  • Ерлі - зайыптылардың жыныстық қажетттілігінің қанағаттанбауы

салдарынан болатын қақтығыстар мен ажырасулар;

  • Психикалық қысым, депрессия, қақтығыс, бір - біріне деген

жылулықтың болмауы, түсінбеушілік, әзіл, және сыйлықтардың

болмауы;

  • Ерлі - зайыптылардың біреуінің ішімдікке, құмар ойындарға және

басқа да гиппертрофикалық қажеттіліктерге құмарлығымен байланысты

ұрыстар;

  • Қаржылықтың сай келмеуі, отбасы бюджетін бөлудегі қақтығыстар;
  • Киінуде, тамақтанудағы қажеттіліктердің өтелмеуі салдарынан

болатын ұрыс;

  • Бір - бірін түсінушілік, қолдаушылық, саласындағы қажеттіліктердің

өтелмеуімен байланысты қақтығыстар;

  • Бір - бірінің қызығушылықтарна қарама - қарсы келу салдарынан

болатын жанжал.

Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаттар, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білімі мен мәдени нәтижесі, ұстанатын әдет-ғұрыптары, экономикалық негігі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетіне, адамгершілігіне, жауапкершілікті сезіне білуіне байланысты.

Отбасының құрамы мен оның мүшелерінің жиынтығына, туыстық қатынастан басқа рухани, азаматтық билік, беделдік қатынастар жатады. Отбасының туыстық құрылымы, біріншіден, балалар мен жұбайлардан, екіншіден балалы жұбайлардан және әйелдің немесе күйеудің бірге тұратын туыстарынан, балалы болған балалардан құралады. Отбасының өмір стилі отбасының мүшесінің тұлғалық қалыптасуына үлкен із қалдырады. Психологтар мен педагогтар бір ауыздан «отбасының өмір атмосферасы» ұғымына отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау мен меңгеру, ерлі-зайыптылардың біріккен еңбек және эстетикалық іс-әрекетінің әртүрлі формалары сияқты факторларды енгізді. «Отбасы қарым-қатынасы» сөзінің де терең мәні бар. Олардан тұлғаның қалыптасуы туралы жылылық пен мейірімділік, рухани жақындық, ақкөңілділік пен қарапайымдылықты көруге болады. Дұрыс қарым-қатынас жасау жақсы көңіл күйжің, психологиялық саулық, шығармашылық іс-әрекеттің негізі болып табылады. Сонымен қатар отбасында қақтығысты жағдайлардың да жиі кездеседі.

Американ психологы М. Дойч келесі қақтығыс типтерін қарастырған:

  1. Шынайы қақтығыс
  2. Кездейсоқ немесе шартты
  3. Аралас
  4. Дұрыс емес құрылған
  5. Латентті (тұйық)
  6. Алдамшы

Қақтығыстың болуына байланысты келесі төрт негізгі деңгейі бар: (Витек, 1988, Новайтис 1995)

- Обьективті қақтығысты жағдайдың туындауы

- Оьбективті қақтығыстық жағдайжың игерілуі

- Қақтығыстық мінез - құлыққа ауысу

- Қақтығысты шешу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология
Отбасылық қарым - қатынас
Психология менің өмірімде және кәсібімде тақырыбында
Колониядағы психологтың міндеті
Отбасы психологиясының міндеттері
Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі ұсынымдамасы
Бастауыш сыныптағы қиын балалар психологиясы
Клиент проблемасының деңгейлері
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Қазақстандағы балалар психологиясы және оған үлес қосқан ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz