Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінде мәселелілері



Кіріспе:
А Көшпелі елдің мәдеиетінің бастамалары ... ... ...

Негізгі бөлім:
А Қазақ халықтын рухани және материалдық
мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Ә Көшпелі мәдениетің таным мәселесі ... ... .

Б Көшпеділер философиясы ... ... ... ... ... ... ... ...

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар - Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мусылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының кыпшақ топтамасына жатады. Бұл мөдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік ерісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайык. Қазақ мәдениеті Еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі жөне көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен тебелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңызәпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінде мәселелілері

Жоспар

Кіріспе:
А Көшпелі елдің мәдеиетінің бастамалары ... ... ...

Негізгі бөлім:
А Қазақ халықтын рухани және материалдық
мәдениеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Ә Көшпелі мәдениетің таным мәселесі ... ... .

Б Көшпеділер философиясы ... ... ... ... ... ... .. ... .

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..

Көшпелі елдің мәдеиетінің бастамалары

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне
тоқталайық. Қазақтар - Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары,
әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің
солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы
мусылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының кыпшақ
топтамасына жатады. Бұл мөдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік
ерісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік
ерекшеліктерін айқындайык. Қазақ мәдениеті Еуразиялық Ұлы дала
көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті
талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір
ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет
етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның
өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық
сипаты. Мысалы, ата қоныс ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің
тұтастығының кепілі жөне көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға
болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады.
Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп
есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар
мен тебелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың
қасиеттілігі аңызәпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға
мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары
қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке
үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында қытай қорғаны тұрған
жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нөзік үндестікті (гармонияны)
білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық
мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген үғымдармен тікелей
байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатыпсеміп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін
пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз
қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып
қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық
заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс
негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты
өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған.
Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына
тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше
бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы
адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады.
К. Ясперстің пікірі бойынша, тағылыктан өркениетке өтуде жер суару
жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар
жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. (Смысл и назначение
истории. — М., 1991. — С. 71, 72). Жылқыны пайдалана білу шектелген
кеңістіктен бүкіл әлемді игерүге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі
мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу
көптеген жағдайда зорлықзомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа
қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің
Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының
оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының
Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге көшпенді
түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі ғүлама А. Вебердің
пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі халықтардың Ұлы
қоныс аударуы атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениеттердің
қалыптасуына үлкен себебін тигізді.
Көшпенділер философиясы...
Қазақ және басқа да көшпенді халықтардың мәдениетін зерттеушілер оның
ғарыш-тык сипатына басты назар аударады. Ғарыш деген не? Оның қүрылымы
қандай? Ол қалай пайда болды? — сияқты сүрақ-тарды қойғалы отырғанымыз жоқ.
Біздің мақсатымыз ғарыш пен табиғат туындыларының нақтылы бір мәдениеттегі
көрінісін бейнелеумен байланысты. Яғни, мәдени кеңістікті іштен қарастырып
өтейік.
Қазақтың ата тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, — деп
жазады М. Орынбеков, — олардың бақылайтын, кабылданатын дүниеге сезімдік
түрғыдан жақын болуы ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын
түсінуінен өз көрінісін тапты. (Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. — Алма-ты,
1996. — 87-бет).
Егер батыстық өркениет үшін ғарыш пен табиғат адамдық мақсатқа сәйкес
әрекеттің объектісі және сол себептен тұлғадан тыс тұрса, онда ол
көшпелілер үшін әрекеттенуші тұлға болып табылады. Ғарыш суық әрі шексіз
кеңістік емес, адамдык дүниенің мәңгілік кепілі ретінде түсіндіріледі. Адам
ғарыштың бір бөлігі болғандықтан, ол қоршаған ортаның түрлі қасиеттері,
кескін келбеті, болмысы туралы ой толғамай, бейтарап қала алмайды. Ғасырлар
бойы сұрыпталған халық даналығында барша ғалам біреу ғана деп есептеледі,
ал адамдар тұтас табиғаттың құрамдас бөлігі деп танылады.
Шексіздікті жеңу мәселесі сонау шумерлік өркениеттегі Гильгамеш туралы
жырдан келе жатқан мотив. Шексіз далаға көз салған номандар ең алдымен
үлкен шеңбер — көкжиекті көрген. Оның өзі аспандық күмбезбен көмкеріліп
тұрған. Шексіздікті ақылға сыйымды парасатпен қабылдау мүмкін емес. Ол —
тылсым дүние, белгісіздіктің, караңғылықтың, қаратүнектің таңбасы.
Шексіздікті игеру үшін тұрақты бағдар қажет. Сахара тұрғыны бағдар іздеп
аспанға көз салады, Темірқазықты тауып, ол арқылы Жетіқарақшы жұлдыздарының
орналасуынан, Шолпан мен Үркерге назар салуынан, алыс аспанды жақындатады.
Жорыққа шыққан әскер, сапардағы жолаушы, мал баққан бақташы түндегі
бағдарын жұлдыздарға карап айыратын болғанын білдіреді. Осы биік
бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған.
Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниені
үшінші әлем — төменгі дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен
кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын үзбейді.
Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш
күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады.Сонымен, қазақтың рухани
мәдениетінде аспанды тәңірі-құдай ретінде қадірлеу осы мәдениеттің маңызды
бір қасиетіне жатады. Аспанды кұдай деңгейіне көтеру, одан қорқу емес, бұл
көне мифтер мен ежелгі діндердің дүниетанымдык, ерекшелігі екені ғылымға
белгілі.
Қазақтардың ататегі түріктердің басты құдайы — Көк Тәңірі. Оның
рақымымен елді билеген қағандар Аспанда туған және Күнмен, Аймен
безендірілген деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық
жеңістері Көк Тәңірімен байланысты-рылған. Аспанды және оның шырақтарын
қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының
маңызды белгісі. Мысалы, Оғызнаме эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын
Көк, Күн, Ай, Жүлдыз, Тау, Теңіз деп қой-ғаны мәлім.
Табиғи күштерді пір тұтудан тәңірілік дін көп құдайылык деген түсінік
тумауы керек. Исламға дейін қазақтарда нақтылы құдай ұғымы болған жоқ
деген пікір шындыққа онша жанаса коймайды. Себебі Көк Тәңірін көшпенділер
жалғыз жаратушы деп түсінген, кейін қазақтарда Тәңірі мен Алла синонимге
айналған.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырда қазақ мәдениеті
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ мәдениетінің бастаулары жайлы
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Салттан тыс фольклор туындылары
Этика оқу-әдістемелік нұсқаулар мен дәрістер мәтіні
Халықтың саз өнерінің тағлымы
Әлемдік мәдениет тарихы
Массалық, элитарлық мәдениеттің қазіргі мәдениеттегі көрінісі
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)
Пәндер